Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері



КІРІСПЕ 2
1.Телекоммуникациялық орта туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Компьютерлік телекоммуникациялық ортаның информатика сабағындағы дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.1 Веб.технологиялардың педагогикалық үрдістегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.2 Интернет пен оқыту тенденциясының педагогикалық мүмкіндіктері...11
1.2.3Телекоммуникациялық ортаның технологиялық жүйесі ... ... ... ... ... 13
2. Информатика сабағында телекоммуникациялық ортаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім сапасын көтеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Мектепте және сыныптан тыс жұмыстарда интернетті қолданудың негізгі формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Видеоконференциялық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.Практикалық бөлім . Чат сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Мұғалім жалғыз ақпарат көзі болуын тоқтатады, ал телекоммуникациялық ортаның дидакикалық мүмкіндіктері білім беруде және компьютерлік технологияларда бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне айналады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, телекоммуникациялық ортаның мүмкіндіктері арқасында оқушылар өз бетімен білім алумен жиі және қуана - қуана шұғылданады, өз құрбыларыммен қатынасады.
Желілі білім алатын жобалар арасында ерекшелеуге болады: конкурстық, оқытушылық және аралас білім алатын жобалар. Нақ осы жобалардың яғни конкурстық, оқытушылық және аралас білім алатын жобалардың информатика сабағында білім сапасының жоғарлауына телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері әсер етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту жаңа телекоммуникациялық ортаның мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда білім беру саласында телекоммуникациялық ортаның кеңінен қолданылуы осы үрдістің нәтижесі деп қарастыруға болады. Сол себепті, білім сапасын жоғарлату негізінде телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін информатика сабағында белсенді қолдану мәселесі маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәжірибеде телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіншіліктерінің қолдану деңгейлерін зерттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Курстық жұмысымның тақырыбына байланысты әдебиеттерді қарастырып, мәліметтер жинақтау;
2. Телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеу;
3. Телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін информатика сабағында қолдану деңгейін қарастыру;
4. Курстық жұмыстың практикалық бөлімінде чат-сабақты сабақты жүргізу барысында қолданудың тиімділігін зерттеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Қарастырылатын негізгі бөлім тақырыптары:
• Компьютерлік телекоммуникациялық ортаның информатика сабағындағы дидактикалық мүмкіндіктері
• Информатика сабағында білім сапасын көтеру әдістері.
1 Околесов О. П. Системный подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика. -1999. -№ 6. -С. 50-56.
2 Полат Е. С. Петров А.Е. Дистанционное обучение: каким ему быть? // Педагогика. - 1999. -№7. -С. 29-34.
3 Пидкасистый П.И. Тыщенко О.Б. Компьютерные технологии в системе дистанционного обучения // Педагогика. -2000. -№5. -С. 7-12.
4 Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». Алматы, 2006 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
МҮжКТ кафедрасының
меңгерушісі, т.ғ.к.
________Ж.З.Жантасова
"__"_________20__ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі
телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері

Мамандығы Информатика-050111

Орындаған
______________20__ж.
Ғылыми жетекші
оқытушы ______________20__ж.

Өскемен 2011
Кіріспе
Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық
кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті
білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.
Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың
бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар
үшін компьютерлік сауаттылық дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза
білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.
Мұғалім жалғыз ақпарат көзі болуын тоқтатады, ал телекоммуникациялық
ортаның дидакикалық мүмкіндіктері білім беруде және компьютерлік
технологияларда бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне айналады. Тәжірибе
көрсетіп отырғандай, телекоммуникациялық ортаның мүмкіндіктері арқасында
оқушылар өз бетімен білім алумен жиі және қуана - қуана шұғылданады, өз
құрбыларыммен қатынасады.
Желілі білім алатын жобалар арасында ерекшелеуге болады: конкурстық,
оқытушылық және аралас білім алатын жобалар. Нақ осы жобалардың яғни
конкурстық, оқытушылық және аралас білім алатын жобалардың информатика
сабағында білім сапасының жоғарлауына телекоммуникациялық ортаның
дидактикалық мүмкіндіктері әсер етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде
оқушылардың ой-өрісін кеңейту жаңа телекоммуникациялық ортаның
мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда білім беру саласында
телекоммуникациялық ортаның кеңінен қолданылуы осы үрдістің нәтижесі деп
қарастыруға болады. Сол себепті, білім сапасын жоғарлату негізінде
телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін информатика
сабағында белсенді қолдану мәселесі маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тәжірибеде телекоммуникациялық ортаның
дидактикалық мүмкіншіліктерінің қолдану деңгейлерін зерттеу
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Курстық жұмысымның тақырыбына байланысты әдебиеттерді қарастырып,
мәліметтер жинақтау;
2. Телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін зерттеу;
3. Телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктерін информатика
сабағында қолдану деңгейін қарастыру;
4. Курстық жұмыстың практикалық бөлімінде чат-сабақты сабақты жүргізу
барысында қолданудың тиімділігін зерттеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Қарастырылатын негізгі бөлім тақырыптары:
• Компьютерлік телекоммуникациялық ортаның информатика сабағындағы
дидактикалық мүмкіндіктері
• Информатика сабағында білім сапасын көтеру әдістері.
• Білім сапасын көтеру мақсатында телекоммуникациялық оратның
дидактикалық мүмкіндіктерін информатика сабақтарына енгізу.

Мазмұны
Кіріспе 2
1.Телекоммуникациялық орта туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Компьютерлік телекоммуникациялық ортаның информатика сабағындағы
дидактикалық мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.1 Веб-технологиялардың педагогикалық үрдістегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.2 Интернет пен оқыту тенденциясының педагогикалық мүмкіндіктері...11
1.2.3Телекоммуникациялық ортаның технологиялық жүйесі ... ... ... ... ... 13
2. Информатика сабағында телекоммуникациялық ортаның мүмкіндіктерін
пайдалана отырып білім сапасын
көтеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 Мектепте және сыныптан тыс жұмыстарда интернетті қолданудың негізгі
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Видеоконференциялық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.Практикалық бөлім – Чат сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25

1.Телекоммуникациялық орта туралы түсінік.

Телекоммуникация (грек тілінен ауд. tele - алысқа, қашық және латынша
communication - қарым-қатынас) телефон, телеграф, радио, компьютер тағы сол
сияқты техникалық құралдар көмегiмен қашықтыққа кез келген мәлiметтiң
берiлуi .
Телекоммуникациялық жүйелермен әр-түрлі телекоммуникациялық құралдар
біріктіріледі: ЭЕМ және телефакстер, видеомонитор және тағы сол сияқтылар.
Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз
ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы
болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді
қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Компьютерден компьютерге мәлiметтiң берiлуi iлеспе байланыспен деп
аталады, ал, аралық ЭЕМ арқылы қатынасты жинақтауға және қолданушыны сұрау
салуды шара бойынша олардың дербес компьютерлерге алып беруі - асинхрондық
деп аталады.
Компьютерлік телекоммуникациялар білім беру үрдісіне кеңініен ендіріле
бастады. Олар жоғарғы мектептерде қашықтықтағы ғылыми жобаларды үйрену,
өткiзу, қатысушылардың арасындағы зерттеулер мен жедел ақпарат алмасуды
үйлестiру үшiн қолданады.
Мектепішілік бiлiм беру жүйесiнде - оқушылардың әр-түрлі творчестволық
жұмыстарға және білімге деген өзіндік дербес қызығушылықтарын жоғарылату
үшiн, білім берудегі зерттеу әдістерінің кеңінен қолдану негізінде
оқушылардың мемлекет ішіндегі серіктестерімен және өзге де мемлекет арасыда
мәлiметтер мен деректер қорына еркін қатынауына мүмкіндік тудырып отыр.
Телекоммуникациялық технологиялар қашықтан оқытуда туындайтын көптеген
мәселелерді шешіп бере алады. Телекоммуникациялық технологиялар бүкіл
Қазақстан бойынша алыс, шалғай орналасқан мектепткермен қатар, аз
қамтылған ауылдарда ғана емес және де мүмкіндігі шектеулі балалардың білім
алуына шектеусіз көптеген мүмкіндіктер бере алады.
Баршаға белгiлi және ең ауқымды телекоммуникациялық желі - (Internet
) интернет болып табылады. Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі
тұтымушьтларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар
жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Қазіргі кезде
Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен
мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе
зерттеушілердін бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен күнге қуатты екпін алып оған көптеген оқу мекемелері
мен мектептер және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Оқу
мекемелерімен олардың орталықарымен және оқушылар арасындағы байланыс
дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде
оқыту мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту
жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді,
бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы
жүзеге асырылады.

1.1Информатика сабағындағы телекоммуникациялық ортаның дидактикалық
мүмкіндіктері.

Өзінің потенциалдық мүмкіндіктері мен дидактикалық қасиеттері бойынша
компьютерлік телекоммуникацияны білім беру саласында қолдану өзекті болып
табылады.
Мектеп оқушылары ендi қазiргi интеграцияланған қоғамда шектелген
ортамен, яғни мұғалiм, жора-жолдастар, жанұясы сияқты тұйық ортамен
жеткiлiктi оқи алмайды. Телекоммуникация үлкен әлемге терезенi айқара
ашады. Оқушылар желiлердiң ең бай ақпараттық қорларына және басқа елдердің
оқушыларымен бiрге бір жоба бойынша жұмыс iстеу мүмкiндiктерiне рұқсат
алады, телеконференциялар шеңберiнде - iс жүзiнде дүние жүзiмен бірге
белгілі бір мәселенi талқылауға мүмкіндік алады. Мұндай істестiк пен
кооперацияның алдыға койылған мақсаты сол сияқты топтардағы олардың дербес
танымдық қызметiнің жалпылай және жеке-жеке дамуының негізгі себебі болып
табылады.
Бiрлескен жұмыс оқушыларды оқылытын мәселеге әртүрлi көзқарастармен
қарап танысуға, алатын өз нәтижелерiнің бағасына қосымша мәлiметтiң
iздестiруiне жағдай жасайды. Мұғалiм жетекшi, сарапшы ретінде қалыптасады
да, оқушылар мұғалімге қызметі бойынша емес мәлiметтердің беделдi көзi,
эксперт ретінде қатнасады. Аралықтағы талқылау нәтижелері, пікірталастар,
баяндама, рефераттар жаңа сапамен жазылады. Себебі баяндама, рефераттардың
мазмұнына мәліметтер оқулықтармен және ресми анықтамалардың материалынан
ғана емес, әлемнiң басқа да өлкелерiнен айғақтар, құбылыстар, жаңа ақпарат
көздерінен кіреді.
Телекоммуникация (электронды пошта, телеконфереция) әлемде болып
жатқан көптен оқиғалар мен құбылыстарға, оқушылардың өзіндік көзқарастарын
қалыптастырып, және де кейбір мәселелерді тек қана бірлескен күшпен шешуге
болатындығын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл - глобалдi ойлаудың элементтерi
болып табылады. Оқушыларға оқу материалдары мен анықтамаларға қосымша,
интернет - мәлiметтердің үлкен қорын ашады.
Компьютерлік телекоммуникацияны қарастыра отырып біз жоғарыда айтылған
тенденциялардың мектеп бiлiмiн дамытуда телекоммуникациялық ортаның
дидактикалық мүмкіндіктері арқылы қандай педагогикалық мәселелерді шешуге
болатындығын анықтайық.
Дидактикалық функция дегеніміз – белгілі бір мқсаттағы оқу тәрбие
үрдісінде қолданылатын оқу құралдарының сыртқы көрсетілімі. Бұл олардың оқу
процесіндегі белгіленген орны мен рөлі.
Сонымен, жоғарыда қойылған педагогикалық мәселелердiң шешу үшiн
телекоммуникациялар не береді? Олардың дидактикалық функциялары қандай?
Әрине, қандай да қашықтықта қарапайым екі копьютер арасында байланыс
орнату(техникалық шарттар болған жағдайда еш қиындық туындамайды )
педагогикалық мәселенiң шешiмi болып табылмайды. Мұндай тәжiрибе АҚШ-та
болды, бiрақ ол сәттi аяқталмады.
Телекоммуникацияның техникалық мүмкiндiктерi тек iс iздестiру,
зерттеушi әдiске негiзделген жобалық қызметпен қосудың сәтi түскенде ғана
тиiмдi жақтарын көрсете бастады.
Телеконференцияларды студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе
бағдарламаларына ықпалдандырып (әсіресе бейнеконференциялар), мұғалімдердің
біліктілігін жоғарлатуда қолдану оданда табыстырақ бола бастады. Тәжiрибе
көрсетiп отырғандай әр түрлi білім салаларда, телекоммуникациялардың
қолданылуы мынандай мүмкіндіктерді береді:
• әр түрлi мектептердегі, басқа өлкелердiегі ғылыми және оқу
орталықтарындағы, немесе тiптi әртүрлi елдердегі оқушылар, мұғалiмдер,
студенттер мен ғылыми қызметкерлердiң бiрлескен зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру мүмкіндігі;
• Ғылыми-әдiстемелiк орталықтардың кең шеңберiне оқитын оқушыларға жедел
консультациялық көмек қамтамасыз ету мүмкіндігі;
• Жедел мәлімет алмасу мүмкіндігі: қызықты тақырыптар бойынша, бiрлескен
жобаларға байланысты қатысушылар құнды жоспарларымен, мәлiметтерімен,
өз идеяларыменалмасады. Сайып келгенде, өз ой өрiсi кеңейіп, өз мәдени
деңгейi жоғарылайды;
• Пайдаланушылар арсында әр түрлі каналдар арқылы біріктірілген әр қилы
сызбалар арқылы (біреудің біреуге, біреудің көпке т.б) ақпарат алмасу
мүмкіндігі.
• оқу тағайындауының программалық өнiмдерiнiң қолдануының мүмкiндiгi

1.2.1 Веб-технологиялардың педагогикалық үрдістегі рөлі

Телекоммуникациялық технологиялардың құралдарымен педагогикалық өзара
әрекеттесуі студент пен оқытушының өзара бірлескен қызметін болып табылады,
ал ол өз кезегінде электронды желілік бiлiм беретiн қорлар мен
телекоммуникациялық ортада қарым-қатынас нормасы болып қалыптасуда.
Білім беру үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолдану
коммуникациялық үлгiлерiнiң негiзiнде жасалған педагогикалық әдiстердiң
қолдануларын талап етедi. Мысалға: көптің-көнке - бiлiм беретiн
процессте барлық қатысушылардың арасында белсендi өзара әрекеттесу
мүмкіндігі үшін. Мұндай педагогикалық әдiстердiң қолданылуы, білім берудегі
телекоммуникациялық технологиялардың дамытуын айтарлықтай өсіреді. Ал
педагогикалық өзара әрекеттесу тек оқытушы мен оқушы арасында ғана емес,
сонымен қатар оқушылар арасында да бiлiм алуының маңызды көзі болып
қалыптасады.
Иновациялық білім беруде интернет-технологиялар компьютерлік
конференция сияқты әдістерді белсенді дамытуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік конференцияда барлық қатысушылар бір-бірімен жазбаша ақпарат
алмасудың арқасында үлкен дидактикалық құндылықты иеленетін асинхронды
және синхронды тәртіпте білім қорлары құрылады.
Компьютер мен желілерді қолдану технологиясының жаңа үлгідегі даму
концепциясы, тек ғана ақпаратты өңдеу, сақтау, кіріктіру және ақпарат
алмасу ресурстары үшін ғана емес, сонымен қатар өзара байланысу ортасы
ретінде бірінші бастаманы компьютерлік желіден алады. Компьютерлік
желідегі өзара байланысты, интернет-технология көмегімен хабар алмасу
түрінде көрсетіп, төмендегідей өзара байланыс үлгіліріне жатқызуға болады:
• электронды почта арқылы хаттармен алмасу;
• пошталық хаттармен сілтеме тізімдері ретінде алмасу;
• Қолданушылар мен веб-сайт авторлары арасындағы хат алмасулар (көптің
бірге және бірдің көпке). Мұнда ғылыми және ғылыми-методикалық
ресурстармен алмасатын портал технологиясын жатқызуға болады. Портал
білім беру үрдісінің барлық деңгейлерінде корпоративті ресурстардан
бастап, аймақтық ресурстардың интеграциясы ретінде қызмет ете алады.
(И.Н. Розина, 2005)
Отандық зерттеулерде педагогикалық өзара байланыс (коммуникативті,
интерактивті және перцептивті құрауыштар) , педагогикалық технология
дәстүрлі оқыту ортасы тұрғысынан қарастырылады. Мұндай тұрғы шеңберіне
білімдік, ақпараттық, іскерлікті жатқызуға болады. Телекоммуникациялық
ортада интерактивті коммуникативті тұрғыны зерттеу маңызды. ( педагогика
негізінде В.В. Анненков, Е.С. Полат, психологияда С.К. Бондырева, А.Е.
Войскунский).
Ашық білім беру иілмелі (көпжақты), қатаң периодикалық
регламентацияларды қажет етпейтін және жеке курстарды оқыту ұзақтығын
ескермейтін қолжетімді жүйе ретінде, формализация негізінде даму,
құрылымдау, оқыту ақпараттарын алгоритмдеу және оның берілуін
автоматтандыру мен білімді бақылау үрдісі түрінде сипатталады. Бұл
үздіксіз, модульдік, толық немесе жеке анықталған, өздік жұмыстарды
доминантты басқаратын оқытушы мен студент арасындағы өзара байланыс. Бұл
үрдісте оқытушы консультант (кеңес беруші) ретінде болады.
Ақпараттық білім беру ортасының жүйесін құрайтын элементтерге мыналар
жатады: бағдарламалық кешені мен жинақтау қорын қамтамасыз ету мүмкіндігі
бар және телекоммуникациялық желі арқылы қолданушымен ұсынылған оқу
материалдарының электронды кітапханалары, сонымен қатар, толық мәлімет
беретін ақпараттық оқу-методикалық ресурстары, анықтамалық немесе басқа
мақсаттағы, құжаттар мен қауіпсіздік жүйелері.
Білім беру ортасында педагогикалық өзара әрекеттің барлық түрлері
жүзеге асады, педагогикалық қарым – қатынас интерфейсі нейтралды емес,
яғни дидактикалық кешендерді қажет етпейді. Эффекті педагогикалық өзара
байланыс, оқытуды басқаруда оптимизациялау үрдісі ретінде қолданылады. Ол
ақпараттық толықтырулар мен коммуникативті, локальды, корпоративті және
глобальды желі мүмкіндіктерінен және оқуорындарының физикалық
кеңістіктерінен тұрады. Технологияның интегративті бүтіндігі , көпжақтылығы
мен көп жоспарлауының өзара байланысы, ақпараттың қажеттілігі, оқу
құрылымының ашық болуы және технологиялық бағытталуы, сондай –ақ
ақпараттық және білім беру орталарының өзара байланысы мен өзара енуі ,
оған ,қолданушы объект болып табылатын технология мен методология,
ақпараттық-білім ресурстарын орта үлгілеріне объектілі –бағытталған тұрғы
негізінде қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл ортада оқыту - технологияның функционалдық эффективтілігіне, жаңа
өзара байланысты педагогикалық негізге сүйене отырып, интерактивті режимде
оқытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық кеңiстiкке объектілер мен субъектілер арасындағы өзара
педагогикалық байланысы болатын, білім беру ортасы кіреді. Білім беру
проблемалары мен мамандарды дайындау басқа педагогикалық жүйелер мен
қоғамдағы әлеуметтік құбылыстармен өзара байланысты. Жүйе термині бір
бүтін жүйені құратын, бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жиынынан
тұрады.
Ғылыми зерттеулерде соңғы он жылдықта кеңістік, білім беру
кеңістігі, ақпараттық кеңістік, e-learning терминдері жиi кездеседі.
Бірақ білім беру кеңістігі белгілі бір әлеуметтік ортадағы тұйықталған
жүйе болғандықтан, оның функционалдылығы мен дамуын, сонымен қатар,білім
беру жүйесін анықтауға болады.
Сондықтан да, адамның білім беру ортасын негізгі дамытатын шарттардың
бірі - даму цивилизациясы мен жүйесі. Білім беру кеңістігі - бұл
әрқайсысы белгілі бір орынмен, шарттармен, міндеттермен және т.б.
себептермен анықталатын білім беру жүйесінің тұтастығы мен бүтіндігі
ретінде құрастырылады.

1-шi сурет. Ақпараттық - телекоммуникациялық технологиялар көмегімен
педагогикалық өзара әрекеттесудің сызбасы.

Ақпараттық ресурстардың қарқынды дамуына білім беру ұйымдары мен жеке
тұлғалардың, аналогтық регионалды ақпараттық жүйелерді интернет көмегімен
табуында негіз болып отыр. Ғылым мен білім үрдісінің дамуындағы прогресс -
ақпараттық жүйелерді құруға қабілетті және осы саланы қолдайтын
мамандандырылған мамандардың дамуы болып табылады.
Бұл қызығушылықты анықтайтын негізгі себеп, желілік ресурстарды қолдану
керектігі мен білім беру бірлестігін ақпараттық қамтамасыз ету.
Білім беру ресурстарының перспективті дамуы көп жағдайда федералдық
және аймақтық бағыттағы білім беру технология порталының дамуымен ғана
емес, сонымен қатар, білім және ғылым ресурстарының осы ресурстармен өзара
байланысы негізінде жүзеге асады. Бұл уақытта: авторлық ресусртарға
қатысты сұрақтар; авторлық құқық мәселелері; жеке бағытталған өзара әрекет;
сонымен қатар уақыт мәселесі, арақашықтық пен басқа да қолайсыз жағдайлар
шешімін табады.
Соңғы уақыттарда білім беру ортасына ақпараттық технологияларды ендіру
мен әзірлеу келесі бағыттар түрінде кездеседі: жаңа ақпараттық
технологиялар базасы негізінде оқыту үрдісін қамтамасыз ету, методикалық-
ұйымдастыру арқылы оқыту үрдісін қамсыздандыру, компьютерлік оқыту
құралдарын қолдану методологиясы, ақпараттық қамсыздандырудың компьютерлік
ортасы, компьютерлік жүйелерді құратын аппараттық жүйелер ортасы.
Телекоммуникациялық технологиялардың потенциалы педагогикалық өзара
әрекеттесудiң құралдары ретінде, телекоммуникациялық ортаның технологиялық
мiнездемелерiмен анықталады.
Ақпараттық портал ресурсын құрастыру мен оның басқа интернет
ресурстармен байланысын сипаттау маңызды жайттардың біріболып табылады.
Ақпараттық білм берк порталы қатысушылардың (оқушылардың) оқуға деген
қызығушылығы мен кәсіби ынтасын арттыратын деңгейдегі ақпарттарға толы
болуы керек.
Бiлiмдегi телекоммуникациялық технологияларды қолдануда жинақталған
тәжiрибе мына көрсетеді: дәстүрлі және коммуникативті оқыту дағдысынан
бірден электронды оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Қашықтық оқыту технологиялары
Ақпараттық мәдениет
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
Білім беру
Кіріспені оқыту әдістемесі
Пәндер