1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3б

І тарау. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.
1.1 Көтерілістің шығу себебі, уақытша ереженің енгізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..5б
1.2 Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12б
1.3 Маңғыстау көтерілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25б

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар бойы Патша үкіметіне, Кеңес одағына қарсы халық толқуларының бәрін біз ұлт – азаттық қозғалыс деп баға беруге әбден лайық. Зерттеушілердің айтуы бойынша соңғы үш ғасыр бойы осындай көтерілістердің саны 372 – ге жетіпті. Бұдан біз еліміздің тәуелсіздік жолында арман еткен әрекетін көруге болады. Ірілі ұсақты сол қозғалыстардың басқарған ірі – ірі тарихи тұлғаларының біздің азаматтық саяси тарихымыздан алатын орнын сол қозғалыстардың себептері мен салдарын айқындайтын зертеулердің қажеттілігі өмір сұранысы екені аян. Сондықтанда отандық тарихымыздағы ұлтымыздың бостандық алу жолындағы бірі 1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс. Қазақ халқының күрескерлік тарихын тұтас зерделеуде маңызды орын алады.
Тақырыптың өзектілігі.
Бүгінде бүкіл даму үрдістерінің жалпыға бірдей жаһандану және модернизацияның заманында кез келген мемлекет, қоғам, халық үшін ұлттық өрлеудің жандануына бағытталған өзінің шынайы ашық мәдени саясатын тиімді түрде іске асыру әрі құрастыру - бірінші кезектегі мәселе. Сонымен қатар ол жаһандану мен модернизацияның ең маңызды элементтерін өз бойына сіңіре білу қажет. өркениеттің гуманитарлық диалогтық қарыштап дамып жатқан ғаламдық үрдістердің арасында Қазақстан өзінің мәдениетінің негізін, мәдени мұраларымен алмаса білетін тең дәрежесі әріптес ретінде де өз орнын алуы қажет.Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміздің уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек жеңімізді қымтап жоғалған салт – дәстүрімізді, мәдениетінімізді, ұлттық меншігімізді, тарихымызыд қалпына келтіруді қолға алдық. Егемендік алғаннан бері 70 жыл бойы бұрмаланған тарихымызды қайта қарастыру ұлт – азаттық көтерілістерді ондағы халқымыздың ерлігін келешек жас ұрпаққа баян ету. Сол арқылы парасаттық сезімдерді ояату көкейтесті мәселе.
Жұмыстың мақсат – міндеттері.
- мақсат тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі Маңғыстаудағы көтерілістің шығу себептерін айқындау жалпы табиғатын зерттеу.
4
- Ғылыми әдебиеттер негізінде көтерілістің барысына ғылыми негізде сипаттама жасау.
Сонымен бірге төмендегідей міндеттер көзделді.
- 1870 жылы Маңғыстау көтерілісінің өтілген аймақтарын, қозғалыстың тұрпатын тарихи тұрғыдан зерттеу.
- көтерілістің алдыңғы және соңғы тарихи оқиғаларға әсерін айқындау.
- және де көтерілістің нәтижесін зерделеу.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты мәселелер ХХ ғасырдың соңғы жартысында қарқынды зертелінді. Торғай, Орал облыстарындағы
көтерілістер 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістерге қарағанда 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс өте аз зерттелген деуге болады. Көбіне орыс ғалымдарның жазбалары В. В. Радлов, В. В. Бартоль, Г. Н. Потанин, П. С. Паллас еңбектерін айтуға болады. Және де Қазақстан тарихының зерттеуіндегі ең бір биік тұлға Е. Бекмахановтың «Қазақстан – ХІХ ғасырдың 30 – 40 жылғы тарихы » деуге болады. Қазіргі кезде Чапай Мусиннің еңбектерін айтуға болады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3б
І тарау. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс.
1.1 Көтерілістің шығу себебі, уақытша ереженің
енгізілуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5б
1.2 Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12б
1.3 Маңғыстау
көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..18б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25б
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

3

Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар бойы Патша үкіметіне, Кеңес одағына
қарсы халық толқуларының бәрін біз ұлт – азаттық қозғалыс деп баға
беруге әбден лайық. Зерттеушілердің айтуы бойынша соңғы үш ғасыр
бойы осындай көтерілістердің саны 372 – ге жетіпті. Бұдан біз
еліміздің тәуелсіздік жолында арман еткен әрекетін көруге болады.
Ірілі ұсақты сол қозғалыстардың басқарған ірі – ірі тарихи
тұлғаларының біздің азаматтық саяси тарихымыздан алатын орнын сол
қозғалыстардың себептері мен салдарын айқындайтын зертеулердің
қажеттілігі өмір сұранысы екені аян. Сондықтанда отандық
тарихымыздағы ұлтымыздың бостандық алу жолындағы бірі 1870 жылы
Маңғыстаудағы көтеріліс. Қазақ халқының күрескерлік тарихын тұтас
зерделеуде маңызды орын алады.
Тақырыптың өзектілігі.
Бүгінде бүкіл даму үрдістерінің жалпыға бірдей жаһандану және
модернизацияның заманында кез келген мемлекет, қоғам, халық үшін
ұлттық өрлеудің жандануына бағытталған өзінің шынайы ашық мәдени
саясатын тиімді түрде іске асыру әрі құрастыру - бірінші кезектегі
мәселе. Сонымен қатар ол жаһандану мен модернизацияның ең маңызды
элементтерін өз бойына сіңіре білу қажет. өркениеттің гуманитарлық
диалогтық қарыштап дамып жатқан ғаламдық үрдістердің арасында
Қазақстан өзінің мәдениетінің негізін, мәдени мұраларымен алмаса
білетін тең дәрежесі әріптес ретінде де өз орнын алуы
қажет.Егемендікке қолымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміздің
уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек жеңімізді
қымтап жоғалған салт – дәстүрімізді, мәдениетінімізді, ұлттық
меншігімізді, тарихымызыд қалпына келтіруді қолға алдық. Егемендік
алғаннан бері 70 жыл бойы бұрмаланған тарихымызды қайта қарастыру
ұлт – азаттық көтерілістерді ондағы халқымыздың ерлігін келешек жас
ұрпаққа баян ету. Сол арқылы парасаттық сезімдерді ояату көкейтесті
мәселе.
Жұмыстың мақсат – міндеттері.
- мақсат тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі Маңғыстаудағы
көтерілістің шығу себептерін айқындау жалпы табиғатын зерттеу.
4

- Ғылыми әдебиеттер негізінде көтерілістің барысына ғылыми
негізде сипаттама жасау.
Сонымен бірге төмендегідей міндеттер көзделді.
- 1870 жылы Маңғыстау көтерілісінің өтілген аймақтарын,
қозғалыстың тұрпатын тарихи тұрғыдан зерттеу.
- көтерілістің алдыңғы және соңғы тарихи оқиғаларға әсерін
айқындау.

- және де көтерілістің нәтижесін зерделеу.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты мәселелер ХХ ғасырдың
соңғы жартысында қарқынды зертелінді. Торғай, Орал облыстарындағы

көтерілістер 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістерге қарағанда 1870
жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс өте аз зерттелген деуге болады.
Көбіне орыс ғалымдарның жазбалары В. В. Радлов, В. В. Бартоль, Г. Н.
Потанин, П. С. Паллас еңбектерін айтуға болады. Және де Қазақстан
тарихының зерттеуіндегі ең бір биік тұлға Е. Бекмахановтың
Қазақстан – ХІХ ғасырдың 30 – 40 жылғы тарихы деуге болады.
Қазіргі кезде Чапай Мусиннің еңбектерін айтуға болады.

5

1. Көтерілістің шығу себебі, уақытша ереженің енгізілуі
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі
жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Патша өкіметінің
мақсатына отаршыл империя тарапынан көп күш қолданылмай қол
жеткізілді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алып, патша
өкіметі әскери – отаршылдық әрекеттеерімен ортаазиялық алғы шепке
шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып шығарды. Қолайлы
халықаралық жағдайды пайдаланған Ресей империясы өзінің алысты
көздейтін негізіне бөліп ал да, билей бер принципі алынған
саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып және қазақтардың өз
мемлекеттілігін қалпына келтіруге ұмтылыстын аяусыз жаныштап,
Қазақстанда отаршылдық режим орнатты. Ресейдің Орталық Азиядағы және
шектес аудандардағы жағдайы нығайды. Патша әскерлерінің Оңтүстік
Қазақстандағы қан төгісті ұрыстары, М. Черняев пен М.Веревкин
отрядтарының іс – қимылы кең – байтақ Қазақ жерін Ресейге қосып
алуды аяқтады. Шымкент қаласының шабуыл жастап алынуы дулат руы
және басқа да кейбір рулар қазақтарының едәуір бөлігін Ресей
билігін тануға мәжбүр етті. Шымкенттің алынумен Орынбор және Батыс
Сібір генерал – губернаторлықтарының шекарасын жалғастыруға қол
жеткізілді. \1\
Патша өкіметінің Қазақстанның Оңтүстігіндегі және Орталық
Азиядағы жалпы саяси жағдайды өз пайдасына өзгерту жөніндегі әскери
- әкімшілк әрекеттерінің зартаптарын Шыңжандағы Ресей консулы Н.
Петровский дұрыс анықтап берді. Орыстардың Қоқан хандығын жаулап
алуы, - деп атап өтті дипломат, - істің жайын едәуір өзгертті. Әлсіз
хандардың орнына Ресей мемлекетінің күшті билігі келді, ол
көшпелілерді өз қаруының жеңімпаздығымен қорқытып, оларды өзіне бір
жолата бағындырып алды, оларға тәртіп орнатып, олардың өздерін
ерікті, тәуелсіз деп санау мүмкіндігінен бір жола айырды... . Кең
- байтақ Қазақстан аумағына орналастырылған әскер бөлімдерімен
шектелмей, жаңадан жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті
нығайтуға ниеттенген Ресей оңтүстік – шығыс Қазақстанға қосымша жаңа
әскери бөлімдерді, көбінесе Сібір шебі казак әскерлері құрамының
бөлімдерін әкелді. \2\
6

Орасан үлкен елді басқаруда бүкіл Қазақстан бойынша
қалыптасқан әкімшілік – саяси және заңдық жүйенің болмауы
жағдайында байырғы халықты бағынышты ұстауда армияға сүйену
Солтүстік Кавказды біржола бағындыру кезінде өзінің артықшылығын
көрсеткен, сынақтан өткен құрал болды. Біз күшті болсақ, Қазақтар
бізге бағынады. Бірақ біздің даладағы билігіміз сәл әлсіреген
жағдайда, керісінше... болады - қазақтар жөніндегі қатаң саясатты
белсене жақтаушылардың бірі Орынбор генерал – губернаторы А. О.
Дюгамель Ресейдің Қазақстанда күшті әсекери қатысуының дұрыстығын
осылайша негіздеді.
Өлкені жергілікті мекендеушілердің бағындырылған көпшілігіне
империялық құрылымның билігін сөзсіз енгізу жөнінде барған сайын
нығая түскен идеология шенеуніктер мен әскерилер қатарында ғана
емес, сонымен қатар келімсек азшылықтың жергілікті халық
көпшілігінен артықшылығын белсене насихаттаған дін басыларынан да
қолдау тапты. 1864 жылы Шмкентті шабуылмен алу кезінде қаза тапқан
жауынгерлерге ескерткіш ашу кезінде, ескерткішке қасиетті су
бүрку кезінде священник Александр Тихомиров бүлк етпестен тура
былау деді: ... державалық орыс патшасының даңқы үшін, ат
төбеліндей орыс жауынгерлері жартылай жабайы азияттардың патшалығы
шексіз – шетсіз даласына келді... Біз жеңдік, оны өзіміздің жаңа
отандасымыз еттік, біз қаруымызбен тізе бүктірген халықтардың
талайын қазірдің өзінде осылай еттік . Дала өңіріне Ресей билігін
одан әрі енгізуді жұмыс істеп тұрған жергілікті басқару
құрылымдарының бай өлкені Ресей экономикасының мүдделері үшін
кеңінен игеру жөніндегі патша өкіметінің жоспарларымен сәйкес
келмеуі қиындата түсті. Митрополияның қауырт дамыған өнеркәсібі
барған сайын жаңа арзан шикізат көздерін, жұмыс күшін қажет етті.
Табиғи ресурстары, мал шаруашылық шикізаты аса бай Қазақстан орыс
кәсіпкерлерінің назарын көптен аударып келген еді. Осы ғажайып
және қазыналарға бай бүкіл ел әлі күнге дейін өзінің тұмса
табиғаты құшағында, әлде біреудің келіп оятуын күтіп жатыр; балта
қаршылы, теңге сыңғыры естілмейді, бос жатқан төңіректе шалғы
жалтылы байқалмайды... ал таулардағы байлық қаншама... -
7

сол кездегі Қазақстанды белгілі зерттеушілердің бірі Ресей
өнеркәсіпшілерін өлкенің табиғи байлықтарын тездете игеруге шақырып
өз пікірін міне осылай білдірген еді. Ертіс, Есіл, Іле өзендері
мен басқа да өзендердің жағасына жақын жерлерге көптеген казак
және басқа да шаруалар қоныстарын салу Қазақстанның өсімдіктер және
жануарлар дүниесіне орны толмас зиян келтірді – отарлаушылардың
алғашқы легі жергілікті алқаптарды аяусыз талқандап, тұрғын үйлер
мен қора – қопсылар, тіпті қамбалар салу үшін жүз жылдық
алыптарды құлатты . 1867 – 1868 жылдардағы реформаларды дайындауға
қатысып, Жетісуда ол шетінен бұл шетіне дейін аралап өткен А.
Гейнс казак қоныстанушыларының бейбастақ әрекеттерінің салдарын
былай деп өкінішпен баяндаған: Жақын маңдағы ағаш атаулыны түп
тамырымен қазып алып, тып – типыл еткені сондай, адам бұрын орман
өсіп тұрған жерге келген кезде бір шыбықты да көрмейді... .
Сонымен бірге казактар жаңа қоныстар үшін орын таңдаған кезде
қазақтардан жердің тартып алу жағдайларын реттейтін заң нормаларының
болмауы себепті егіншілік үшін ең шұрайлы аудандарды басып
алып, аборигендерді құнарсыз, қуаңшылықты жерлерге ығыстырып
шығарып, жергілікті бастықтарға дән ризашылығын білдіріп отырды .
Толық жазасыздық жағдайында қазақтардың жүгенсіздігі олардың
кейде қазақтар малын аулауға шығып оны тартып
алатын, ал құрбандығына ұшырап қалатын жағдайға дейін жетті,
- деп Жетісу да болған саяхатшы П. П. Семенов – Тянь – Шаньский ашу
– ызамен жазған.
Болашақтағы Уақытша ережені патша өкіметі үкімет
шенеуніктерінің ұсыныстары негізінде әзірледі.
Мұндай жағдайда бекіністі шептер бойындағы әскери бөлімдерге
сүйенген казактардың озбырлығын көрер көзге болса да шектеу,
нормадтардың жер алаптарын басып алудағы олардың жүгенсіздіктерін
қандай да болсын ауыздықтау жаңа заң ережелерінде заң негізін
табуға мүмкіндігі бар еді. Оның үстіне 1822 – 1825 жылдардағы Сібір
және Орынбор қазақтары туралы Орта жүз бен Кіші жүзге тиісті
өзгерістер енгізген, тұтас алғанда хандық басқару жүйесін шын
мәнінде жойған (Бөкей
8

Ордасын немесе Ішкі Орданы қоспағанда ) жарғылар үкіметтік және
жеке шаруалар отарлауы үшін кең жол ашып, дала феодалдары -
Шыңғыс хан ұрапақтарының дәстүрлі жергілкті басқарудың ғасырлар бойы
сақталып келген нысанын түпкілікті жоя алмады. Қазақ қоғамының
рулық – тайпалық ерекшелігі – билер сотының шектеулі болса да жұмыс
істеуі, сұлтандардың ықпалы түрінде бұрынғы маңызын одан әрі сақтап
қалды. Алайда жаңа басқару органдарының – ауыл старшындарының, болыс
сұлтандарының, округтік приказдар төрағаларының міндетін де
кемітуге болмайды, олардың ролі көшпелі ақсүйектердің позицияларын
әлсірету үрдісіне, жергілікті тұрғындардың саяси жүйесі мен
шаруашылық қалпы негіздерін бұзуда барған сайын күшейе түсті.
Ішкі Орданы уақытша басқару жөніндегі кеңес, 1854 жылы
жойылған Сібір қазақтарын шекаралық басқарудың, Семей облысының
орнына Сібір қазақтары облысының, кейінен Ақмола облысының құрылуы
кең – байтақ ауданды капиталистік қатынастар аясына тарта отырып,
жаңа әкімшілк өзгерістер енгізді. Сібір қазақтарының облысы өз
окруктерімен қос алғанда, 7 580 000 шаршы шақырым кеңістікті алып
жатты. Шығыс Қазақстанның едәуір бөлігі бұрынғысынша Ресей
әкімшілігінің ықпалынан тыс қалды. Батыс Сібір генерал –
губернаторының ойы бойынша, Железинск бекінісінен, Кіші Нарынды
қоса алғанда, қаларымен және басқа да қыстақтарымен бірге Ертістің
оң жағасындағы жерлер Семей облысының құрамына кіріп, бұл аумақтар
Ресей билігінің ықпалын сезінуге тиіс болатын. 1917 жылға дейін
Бұқтырма Томск губерниясы Змеиногорск уезінің құрамында қалды: Аягөз
(Сергиополь) 1866 жылдан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысына
берілді. Бұл орайда патша өкіметі шекара маң аймағңының әскери –
отаршылдық бекеттері арқылы басқару жүйесін өзгертудің ықтимал
нұқаларын өз назарының аясында ұстады. Қазақстанды Ресейге қосудың
аяқталуы жапғдайында мұндай жолды таңдауды Орта Азия елдерімен
қақтығыстар туған жағдайда тылдағы әскери тірек бекеттерінің болу
қажеттігі талап етті. Сонымен бірге орыс әскерлерінің оңтүстік
аудандарға жылжуына қарай Англия өз назарын
аударған аймақтарда Ресей
9

таңдауын нығайтуға арналған жаңа әскери – саяси орталықтар құрылды.
Әскери – саяси факторларға қоса патша үкіметінің шекаралық
бекіністерге баса көңіл бөлуі бай өлкені игеруді жеделдету
жөніндегі экономикалық факторларға да байланысты болды.
Қазақ даласын басқаруды жеңілдету үшін отаршылдық әкімшілктің
ықпалды шенеуліктері ХІХ ғасырдың 60 жылдарының басында Қазақ
даласы мен Орал, Орынбор және Сібір округтері казак әскерлернің
аумағы үшін бір жалпы басқарма белгілеуді, Тобыл, Томск және
Енисей губернияларынан азаматтықұ Батыс Сібір генерал –
губернаторлығын құруды ұсынды. Осы мақсатпен құрамында барон К.
Врангель, Имшеник – Кондратович, П. Солнцев, А. Орлов, Г. Ловицкий,
К. Селевестрович, Н. Довеновский бар ерекше комитет құрылды. Ерекше
комитет Қазақстанда бүкіл Қазақ даласы үшін жалпы басқаруды енгізу
мүмкіндігін зерттеп, 1865 жылдың ақпанында бұл шараны орындау
едәуір шығындарды қажет етеді, әкімшілік және әскери қатынастарда
елеулі қолайсыздықтар туғызады деген сенімге келді.
Қазақ өлкесін біріншісінің орталығы Торғайда, екіншісінң
орталығы Қарқаралыда болатын екі әкімшілік басқармаға бөлу
жөніндегі патша шенеуніктернің ұсынысы да әр түрлі жобаларды
әзірлеушілерден қолдау таппады.
Нұсқалар таңдаудың қиындығы Қазақстанның түрлі аймақтарның
солтүстік – шығыс далалық, орталық аудандарда экономиканың басым түрі
көшпелі мал шаруашылығы болып, соның салдарынан өндіргіш күштердің
өсуін экстенсивті мал шаруашылығы баяулатқан және әкімшілік басқару
жүйесі аталған мән – жайларды ескере отырып құрылуға тиіс екендігі
табиғи – географиялық ерекшеліктері жағдайының өзгеше болуымен ғана
байланысты болып қойған жоқ. Керісінше Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу аудандарында Шу, Талас, Іле, Сырдария өзенднрінің
жайылмаларында суармалы егіншілікті қалыптасқан экономикалық
дәстүрлері және Орта Азияның түрік халықтарының егіншілік
мәдениетімен өзара байланыста болған отырықшы өмірдің кең таралуы
салдарынан қуаңшылықты шет аймақтарға тән өмірлік қалып
пен біршама ерекше әлеуметтік –
10

экономикалық қалыптарды ұштастыруды қажет етті. Ал жорамалданып
отырған реформа Қазақстанды оның табиғи – климаттық жағдайларының
алуан түрлі екенін ескере отырып, өз шекарасында кеңейе түскен
империяның отарына айналдыру үрдісін тездетуге тиіс болатын.
Осындай жағдайларда бұратана шет аймақтарға ие болумен,
нашар игерілген өлкені сарқылмас өнім өткізу рыногына, арзан
шикізат көзіне біртіндеп айналдырумен қатар, Ресей бұрынғы әкімшілік
– аумақтық басқару жүйесін түп – тамырымен қирату міндетін ұсынды,
мұның өзі айтар болсақ, ХІХ ғасырдың 20 жылдарындағы сыпайы
жасалған реформалардан кейін елеулі өзгерістерге ұшырамаған өлке
халқының демографиялық құрылымына, әлеуметтік топтардың құқықтық
жағдайларында өзгеріс туғызуға тиіс болды.
Оның үстіне Қазақстанды әкімшілік қайта құру жоспарлары
жөнінде жұмыс істеген патша шенеуніктерінің жаңа, енді қалыптасып
келе жатқан шаруашылық үрдістер мен ескі басқару жүйесі арасындағы
қайшылықтарды сақтап қалуды ұйғаруы негізсіз емес еді. Қазақстанда
жүзеге асыру көзделген жаңалықтар капиталистік рыноктық қатынастар
үшін қолайлы кең өріс жасауға тиіс болатын.
Крепостниктік құқықтың жойылуы, осыдан кейін Ресейдің өзінде
жасалған басқа да өзгерісетер, олардың басқа ұлттық шет аймақтарды
басып алуы қайткен күнде де алыстаға Қазақстанды қамтуға тиіс
болды. Бұл реформалардың буржуазиялық мазмұны ең алдымен ипмпериның
орталық губернияларында капитализмің үнемі тереңдей , ұлттық шет
аймақтарда кеңейе дамытылуында ерекше айқын көрінді.
Алайда Қазақстан сияқты орасан кең елде үкімет жергілікті
жағдайларды елемей отыра алмады, оларды елемей 20 – 30 жылдарда
өкіметке қарсы күшті оппазиция туғызып, оның зардаптары ХІХ
ғасырдың 60 жылдарындағы ұрпақтың есінен әлі шыға қоймаған еді.
Әлеуметтік – экономикалық өмірде қалыптасқан өзгерістерді ескере
отырып, қазақтардың дәстүрлі, дағдылы заңдарын қолданудың заң
жүзіндегі негіздерін көздеу керек болды. 1865 жылы ІІ Александр
патшалық жеке өкімі арқылы толық құпия кеңесші Гирстің
басшылығымен Түркістан өлкесі мен қазақ даласына
11

жіберілген комиссия басқа қырларымен қоса номадтарда қолданылып
келген әдет және исламдық заң ілімінің заңдық нормалары туралы да
көп материал жинады. \3\ Реформаны дайындау кезінде қалың бұқараның
ой – ниеті ескерілмеді. Ислам канондарына негізделген дәстүрлер мен
ғұрыптар империяның билеуші топтарының саяси және экономикалық
мүдделеріне сай келетін дәрежеде ғана ескерілді.
Болашақтағы Уақытша ережені патшалық өкімет орындары М.
Сейдалин, полковник Ш. Уәлиханов, ірі мал иесі М. Шорманов және
басқалар сияқты, тұтас алғанда үкіметтік өзгерістерге адал пиғылдағы
жергілікті феодалдық топтардың көрнекті өкілдерін белсенді түрде
тарту жағдайында үкіметтік шенеуніктердің ұсыныстары негізінде
дайындады.
1867 жылғы 11 шілдеде ІІ Александр патша Сырдария және
Жетісу облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы жобаны, 1868
жылғы 21 қазанда екінші жоба – Орал, Торғай, Ақмола және Семей
облыстарын басқару туралы Уақытша ережені бекіту туралы жарлыққа
қол қойды. Уақытша ережелердің екі жобасы да 1869 жылғы 1
мамырдан бастап енгізілетін болып ұйғарылды. Уақытша ережелер
бойынша басқару жобаларын бекіте отырып Петербург патша сарайы
төңірегіндегілер Қазақстанды империяның өскелең өнеркәсібі мүдделерін
көздеп отарлау мен игенруді тездетуге үміт артты.

12

2. Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың басталуы.
Капиталистік Ресей ұлттық аудандардың, соның ішінде Қазақстанның
әлеуметтік экономикалық және саяси дамуына барған сайын өсе түскен
ықпалоын жасамай отыра алмады. Әрине қазақ ауылының экономикасына
капиталистік қатынастар енуінің өзі де прогрестік құбылыс болды.
Алайда бұл кең – байтақ өлкенің жаңа әлеуметтік – экономикалық
үрдістер жүйесіне біртіндеп тартылуына байланысты отаршылдық езгінің
күшейюіне әкеп соқты.
Негізіне соған дейін қазақ қоғамының өмірінде берік сақталып
қалған рулықт қатынастардың орнына аумақтық принцип алынған Уақытша
ереже жергілікті халық өміріне рыноктық элементтердің енуін
жеделдетумен бірге, 1868 – 1870 жылдарындағы көтерілісті туғызған
өткір қайшылықтарды да тереңдетті.
Жер пайдаланудың бұрынғы жүйесін күйретіп, шаңырақ алдымының
көбеюін туғызған Уақытша ереженің негізгі баптары осы реформа
нысанаға алғандарды назарынан тыс қалдыра алмады. Жалпы Уақытша
ереженің енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп
көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші В. Ф. Шахматов
мұны Орта жүзде осындай әкімшілік басқарудың хан билігі жойылған
20 – 40 жылдардың өзінде – ақ негізінен жүзеге асырылғанымен
түсіндірді. \4\ Зерттеуші Н. А. Середа Орал облысындағы ашу – ызаның
себебі халық пен реформаларда емес, қазақтарды сұлтандар арқылы
басқару әдісінде деп білді. Ол Уақытша ережені дайындау
үрдісінің өзін сынға алды. Барлық жұмыстар, - деп жазды тарихшы, -
әуелі Петербургте, статс – хатшы Бутаковтың комиссиясында, ықпалды
және бізге адал қазақтардың өмірді жаңа жолға қайта құрмақшы болған
халықтың депутаты түрінде болса да, қайсы біреулердің бұл
жұмыстарға қандай да болсын қатысуынсыз, тыныш кабинеттерде
жүргізілді .
Көшпелі халықтың ашу – ызасын туғызған факторлардың бірі
үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы болды. Оның
үстіне қатардағы
13

көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның
өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықты топтары жөніндегі
қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да
міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында және
Маңғыстауда халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды,
сірә, халықтың жаңалықтарды тыныш қабылдауынан үміт етсе керек,
облыстар геубернаторларының әкімшіліктері Уақытша ережеге
бұқараның саралап қараған көзқарасының көрінеу фактілерін теріске
шығарды. Бұл болыстардағы қазақтар өздеріне асқан мейірбандықпен
берілген құқықтарды жақсы түсінді, ережемен құрылған тәртіпке
ықыласпен жәіне алғыс сезімімен бағынады... , ... құдайдың
арқасында қазақ халқы тарапынан қандай да бір тәртіпсіздік
ғана емес, тіпті істердің жайғастырылмауына ықтимал күдікте болған
жоқ... - ойындағысын шындық деп көрсеткен Орал облыстық
басқармасының шенеуніктері жазған бірнеше құжаттың жиынтығы міне
осындай.
Солай бола тұрса да, патша Уақытша ережені мақұлдағаннан
кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық
саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай
қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын
тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын казак
шолғыншылары олардың тегеуірінін әлсірете алмады.
Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың
көктемінен басталады. Наурыз айының басында Орынборда Жем ауданына
екі жүздік казак отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан
кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай
отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген “
қазақтар қарақшыларының ” шабуылына ұшырады. \5\
Кіші жүздің қазақтары 1868 жылы Ережені қабылдаудан үзілді –
кесілді бас тартты, соған сәйкес жер және оның қойнауы генерал –
губернатордың Орал және Орынбор казак әскерлері меншігіне толықтай
көшті. Түтін салығы жылына 12 рубльге дейін жетті. Көп
жағдайда оны жинаған кезде
14

әскери күш, тұтас руларды Орынбор даласынан тыс жерлерге қуып
тастауға дейін шаралар қолданылды. 40 – 50 жылдары қазақ кедейлері
жұмыс іздей үшін жаппай казак линиясының станицаларына шұбырды.
Казак төбе тобы саудагерлерінің балық және тұз өндіру
кәсіпшіліктеріндегі жалдаған жұмысшылар саны 40 мың адамнан астам
болды.
Салық заңнамасы салық төлеудің пропорционалды жүйесін енгізді,
бұл жағдайда халықтың әртүрлі топтарының материялдық игілігінің
тіпті формальды есебі де ескірілмеген. Оның айқын көрінетін саяси
сипаты болды. Жаңа әкімшілік бөліністер жайлымдарды пайдаланудың
ғасырлар бойы қалыптасқан тәртібіне сай келмеді. Бір рудың жаз
жайлау мен қыстауы әртүрлі әкімшілік – аумақтық аудандарда болды,
мұның өзі жерді пайдалануды қиындатып жіберді. Осының бәрі 1868
жылы Торғай және Орал қазақтары көтерілісінің себебі болды, оны
Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Бұл көтеріліс 1868
жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазанына дейін созылды және айқын
көрінген отаршылдыққа қарсы, феодалдыққа қарсы сипаты болды.
Жиналған деректер бойынша көтерілісшілердің бұл тобы біріне
Ханғали Арысланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен
екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды. Генерал – адьютант Н.
А. Крыжановскийдің “ ізгі ойдағы халық жыртқыштарға мүлде тілектес
емес ” деген пайымдауы өзі рапорт жазып отырған әскери министрге
жаңа реформаның жүргізілуі барысы туралы жақсы әсер туғызуға деген
тілегінен туды. Оның әскери министрге 1869 жылғы 17 сәуірде
жолдаған келесі рапортында көтерілістің шектес жерлерге таралу
фактісі айтылады. 1869 жылғы 8 мамырда Илецк уездік басқармасының
бастығы Орынбор генерал – губернаторына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауылының жағдайы
1869 жылғы көтеріліс
Қазақстанда XIX ғ. 60-70 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар және қазақ шаруаларының тағдыры
1850-70 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс
Маңғыстау көтерілісі
80-жылдардағы саяси реформалардың басталуы
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
Қазақстанның 19ғ.екінші жартысындағы -20ғ.басындағы мәдениеті
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы құқықтық жүйесі
Азаттықты аңсаған Исатай Тайманұлы
Пәндер