Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім жайлы



• І Кіріспе
• ІІ Негізгі бөлім
1) Онкология термині
2) Сүт безі обыры, кезеңдері
3) Сүт безі обырының алдын алу және емі
• ІІІ Қорытынды
• ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты.

Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті.

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртүрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. заттармен ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенін, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде.
Гуго Глязер «Медицина жаңалықтары», Алматы «Қазақстан», 1971. 3-тарау 63-78 бет
2.
Қазақстан ұлттық энциклопедия 5-том, 669-670 бет
3.
Жалпы білім беретін орта мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған оқулық.Т. Қасымбаева, Л. Аманжолова, Ж. Әкімов, Р. Сәтімбекұлы.

4. «Ол кім ? Бұл не?» 1-2 том

5. «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті. www.aikyn.kz

6. «Замана» қоғамдық-саяси газеті

7. «О заболеваниях молочных желез»

8. «Экология» Бейсеева Г.Б

9. «Денсаулық» журналының анықтамасы

10. «Экология негіздері» С.Сағынбаев

11. «Салауаттылық негіздері» Нурдин Олжабайұлы.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Анестезиология және реаниматология курсы мен
мейірбике ісі кафедрасы

Тақырыбы: Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім.

Орындаған: Жұмаш Б.С.
Тобы: 402 Б МІҚ
Қабылдаған: Искакова М.А.

Шымкент 2015

Жоспары:
* І Кіріспе
* ІІ Негізгі бөлім
1) Онкология термині
2) Сүт безі обыры, кезеңдері
3) Сүт безі обырының алдын алу және емі
* ІІІ Қорытынды
* ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты.

Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті.

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртүрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. заттармен ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, Байқоңыр ғарыш кешенін, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде.

Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің жаппай таралуы анықталған және қалаларда өзін-өзі өлтіру фактілері көптеп тіркеле бастаған. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Су объектілеріне антропогендік салмақ пен оларды қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су объектілерінің барынша ластануына әкелді. Қазақстан халқының 70% санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдаланып отыр, ол судың көп бөлігі тіпті шаруашылық мақсаттар ішін пайдалануға келмейді. Суға тасталатын өндірістік қалдықтардың мөлшері аса үлкен масштабтарға жетті. Оған Ертіс өзені мысал бола алады, ондағы кейбір улы заттардың мөлшері нормадан 100-150 есе артық. Қазіргі кезде Қазақстан халқының біраз бөлігі тіпті жануарлар ішпейтін суды ауыз-су ретінде пайдаланып отыр. Қанша десек те сол суларды ластап отырған өндіріс орыңдарының саны азаюдың орнына,
керісінше, одан әрі өсіп келе жатыр. Оның себебін жауапкершіліктің жоқ болуымен сипаттауға болады, олардың көбісі аз мөлшердегі айыпты төлеу арқылы және басқа да жолдармен кұтылып жатады.

Онкология (греч. onkos -- масса, ісік + logos -- білім) -- ісіктердің пайда болу себептерін, даму тетіктерін зертейтін және оларды диагностау, емдеу және алдын алудың медицина аумағы. Дербес медико-биологиялық пән ретінде онкология XX ғасырда ғана қалыптасты, ал ісіктер адамзатқа көне дәуірден бері белгілі. Онкология аумағындағы зерттеулер казіргі заманғы өзекті және елеулі проблемалар қатарына жатады.

Әлемде жыл сайын қатерлі ісіктердің 10 млн. жаңа жағдайы тіркеліп, шамамен 8 млн. науқас көз жұмады. Дүниедегі барлық өлімнің 13% қатерлі ісік ауруларына тиесілі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының болжамы бойынша 2020 жылға дейін бүкіл әлемде қатерлі ісікке қатысты ауру-сырқаушылық пен өлім-жітім 1,5-2 есеге артады. Ауру-сырқаушылықтың өсуі ерлерде өкпе мен тоқішек-тікішек қатерлі ісігі, ал әйелдерде сүт безі және жатыр денесі қатерлі ісігі есебінен өрбиді.

Халықаралық қатерлі ісікке қарсы Одақтың ұйтқы болуымен, қоғамдастықтың назарын қатерлі ісік ауруларының жаһандық мәселелеріне аудару мақсатында жыл сайын бүкіл әлемде Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күн аталып өтеді.

4-ақпан -- Дүниежүзілік қатерлі ісікке (рак) қарсы күрес күні (World Cancer Day). Басты мақсаты әлем жұртшылығының назарын қатерлі ісік ауруының қауіп-қатеріне аудару болып табылады. Бұл атаулы күн 2005 жылдан бастап Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (International Union Against Cancer, UICC) ұйытқы болуымен ұйымдастырылып келеді. 2008 жылдан бастап қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күнінде арнайы тақырып төңірегінде іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: 2008 - 2009 жж. атаулы күннің тақырыптары "Балалар мен жастарға темекі түтінінен таза орта қалыптастыру" және "Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік негізінде энергетикалық үйлестірілген өмір салтын кеңінен насихаттау" болды. Ал 2010 жылы "Қатерлі ісік вирустарына қарсы екпе (вакцинация) туралы мағлұмат алу" деген тақырыпта арнайы іс-шаралар болып өтті. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні 2011 жылы "Балалар мен жасөспірімдерді күннің ультракүлгін сәулесімен сәулеленуден қорғануға үйрету" тақырыбы аясында өтпек.

Бүгінгі күні әрбір бесінші қазақстандықта алдағы өмір бойына ракпен ауыру қауіп-қатері бар. ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, тиімді тамақтану, белсенді өмір салты және темекішегушіліктен бас тарту арқасында онкологиялық дерттердің 40% алдын алуға болады.

Жалпы, кейінгі кезде қатерлі ісік ауруларының белең алып бара жат - қаны дәрігерлердің орынды алаңдаушылығын туғызуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда 2007 жылы 8785 адам аты құлаққа жаман есті - летін ауруға шалдықса, 2008 жылы 9402, ал өткен жылы 9751 адам тіркелген. Дер кезінде дәрігерге тек - серілмеу, денсаулыққа мән бер - меу - дің соңы кейде қайғылы жағдайлар - ға апарып соғады.

Сүт безінің қатерлі ісігі қандай ауру?

Қазақстанда жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Ал дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлiм соңғы 20 жылда 22% көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осы - ған орай әр жыл сайын 21 қазан - Дүние - жүзi әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi деп жариялануы да тегін емес. Барлық жерде сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Қазіргі уақытта АҚШ-та аурушаңдық көрсеткіші 100 000 халық санына шаққанда 91 науқасты құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 19,1 құрайды. Қазақстан Республикасында 15 жыл бұрын жыл сайын 2 мыңға жуық науқас жаңадан есепке алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш жылына 3 мыңнан аса науқас жаңадан есепке алынып отыр. Осыған орай, аурушаңдық көрсеткішінің интенсивті өсуіне байланысты үшінші мың жылдықта сүт безінің қатерлі ісігі онкологияның өзекті мәселеі болып отыр.

Бұл проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын (2009 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республи - када 2008 жылы қатерлi iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2009 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім
ЖМО - Жатыр мойны обыры
Химиотерапияның жанама әсерлері
Қуықтың қатерлі ісігі
Өңештің қатерлі ісігі
Қатерлі сүт безінің эпидемиологиясы
Ісіктердің жіктелуі
Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері
Сүт безінің анатомиялық ерекшеліктері
Эпилепсия ауруының теориялық негіздері
Пәндер