Микроэкономика пәні,әдістемесі



Қазіргі кезеңде экономиканы зертеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономиканың басты ерекшелігі - бұл пән негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған. Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге, микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының, ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы^егізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттан-дьфуға бағытталады және бүларды қүрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты.. Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан – сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады..Микроэкономика пәні деп экономикалық субьектілердің экономикалық шешім қабылдауын айтамыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
By LADY MooN
Микроэкономика
1.Микроэкономика пәні,әдістемесі
Қазіргі кезеңде экономиканы зертеуде микроэкономика және макроэкономика деп екі бөлімге бөлу қалыптасқан, бірақ олар өзара тығыз байланысты болады. Микроэкономиканың басты ерекшелігі - бұл пән негізгі экономикалық бірліктердің (фирмалар, үй шаруашылықтары) жұмыс істетудің ауқымы, олардың нарықтағы мінез-құлқын зерттейтін бөлімі. Микроэкономика фирмалар мен үй шаруашылықтарының рыноктағы мінез-құлқын, іс-әрекетін, олардың шешім қабылдауының экономикалық негіздерін және өзара байланыстарын зерттейді. Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған. Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге, микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының, ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы^егізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттан-дьфуға бағытталады және бүларды қүрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты.. Микроэкономиканың зерделеу пәні - жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан - сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады..Микроэкономика пәні деп экономикалық субьектілердің экономикалық шешім қабылдауын айтамыз.
Микродеңгейдегі экономикалық талдау оң немесе нормативті тәсілді үйғарады. Оң талдаудың мәні мынада: ол сипаттайтын болып келеді, яғни нақты болып жатқан экономикалық құбылыстардың зерделеуін, олардың себеп-салдар байланыстарын жобалайды.
Нормативті талдау - бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек екені жөніндегі бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар береді.Шекті талдау - маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. Шекті деген терминді экономика теориясына маржинализм мектебінің өкілдері еңгізді. Олардың түсінігі бойынша шекті - қосымша, келесі деген ұғымдарды білдіреді.Функционалды талдаудың мақсаты - бір шамалардың екінші (басқа) шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу. Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады. Шамалардың бір бағытта өзгеруін көрсететін тура (оң) тәуелді графикта ұлғаймалы қисық сызық түрінде суреттеледі. Кері (теріс) - сәйкес төмен түсетін сызық бойынша.Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген. Экономикалық модельдеу мысалдары: сұраныс және ұсыныс моделі, кіріс (табыс) пен шығыс айналымының моделі, мультипликатор моделі, олигополия моделі және т.б.

2.Сұраныс,сұраныс заңы және бағалық емес факторлар
Р А

Сұраныс - сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті - тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі.
Р
D
Q
Сұраныс заңы бөша тауарлардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді нөсе керісінше. Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:1сатып алушының психологиясымен - сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.2кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен - оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады (керегі аздау қажеттілікті қанағаттандырады), демек, оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады. 3кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс (табыс) әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында (жағдайында) тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы - тауарларды алуын ұнатады. Кіріс (табыс) және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда тыңғылықты (толық) қаралады.
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан - Д1 ге дейін), ал азаюы - төмен және солға (Ддан - Д2 ге дейін

D1 D D2
Сонымен қатар тұтынушылардың талғамы мен қалауы да әсер етеді. Талғам-сатвп алушы үшін әрбір тауарда болотын өзіне тартымдылық көрсеткіші және бұл моданың өзгеруінен н-се жаңа ақпараттың пацда болуынан өзгеруі мүмкін. Талғам өзгеруі - бұл сұранасты өзгертетін себептердің бірі..Ал бағаның өзгеруін күту-бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді.Егер адамдар тауардың бағасы өседі деп күтсе онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп қисық оңға жылжиды.

3.Ұсыныс,ұсыныс заңы және бағалық емес факторлар
Ұсыныс деп тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.
Ұсыныс қисығы - тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің арасындағы тэуелділіктің график түріндегі көрінісі.
Үсыныс қисығының бойымен жылжу - баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.

Ұсыныс заңы- тауардың багасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.
Ұсыныстың бага өзгеруіне реакциясы төмендегілермен түсіндіріледі:
өндіріс саласындагы фирмалар бага жоғарылаған кез-де резервтегі жэне тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады;
бағаның тұрақты түрде жогарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін жэне оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады.
Үсыныстың өзгеруі - багалық емес фактордың эсерінен ұсыныс қисығының не жогары солга, не төмен оңға жылжуын білдіреді
. Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады - өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді.

Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Мыс,малға беретін жемнің бағасының төмендеуі шұжық ұсынысының өсуіне әкееледі.Егер баға өзгермесеоңда
ұсыныс қисығы оңға жылжилы.

4.Нарықтағы тепе-теңдік
Сүраныс пен ұсыныстың өзара эрекеттесуі және олардың үйлесімі бага механизмі мен бэсеке негізінде іске асады. Бұлар цпрықтағы тепе-теңдік пен теңдестік бағаның құрылуына зор ықналын тигізеді.
ІІарықтық тепе-теңдік - бұл нарықтагы гиупрларга сұраныс пен олардың ұсынысы тең болатын жағдай.
Тепе-теңдік бага (РPound) - бэсекелестік күштердің эсер етуі нэ-тижссінде сұраныс пен ұсынысты теңестіретін баға.
. Нарыктык тепе-тендік
Егер тепе-теңдік бағадан немесе саннан ауытқу байқалса, нарық тепе-теңдік жайынан (күйінен) шығады. Тепе-теңдікке жетудің 2 балама жолдары - Вальрас бойынша тепе-теңдік және Маршалл бойынша тепе-теңдік деп аталады. Швейцар экономисті Л.Вальрас әзірлеген моделінде (үлгісінде) тепе-теңдіктен ауытқу нақты нарық бағасының тепе-тең бағасынан ауытқу нәтижесінде болады (9 сурет). Нақты нарық бағасы (Р1) теңсалмақты баға (РЕ) деңгейінен төмен белгіленді дейік. Бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан асып (QD QS), сұраныс артылып қалады, ол сатып алушылар арасында бәсекелестік туғызып, нарық бағасын теңсалмақты баға деңгейіне дейін жоғары итермелейді. Егер нарық бағасы (Р2) теңсалмақтыдан (РЕ) жоғары болса, ұсыныс молшылығы (артылып қалуы) орын алып, сатушылардың бәсекелестігі нарық бағасын теңсалмақты деңгейге дейін төмендетеді. Вальрас бойынша сұраныс пен ұсыныс функцияларының түрі: QD = f (P); QS = f (P); тепе-теңдік шарты QD = QS

Вальрас Маршалл
Нарықтағы тепе-теңдікті Е нүктесі десек,сұраныс көбейгеннен Д-Д2ге тепе-теңдік Е2 жылжиды

Р
5. Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтысы.D нарықтық сұранысының қисығы барлық тұтынушылардың калауы мен мүмкіндіктерінаныктайды.Сатып алушылардың бір бөлігі аталган бағамен тауардың белгілі санын алуга келіседі,баскалары аталган багамен тауардың одан аз санын млуга мүмкіншіліктері бар немесе мүлдем алмайды.[Q 1Qe] интервалын өзара тең кесінділерге Q1,Q2,..., Q =Q нүктелермен бөліп тастайық.Тұтынушылардың бір бөлігі Q=Q-0 тауар бірлігін кем дегенде p бағаға сатып алуға келіседі,бірақ шындығында олар p бағамен алатын болады.(график мухам.і бет)Олардың ұтысы (p-p)Q,яғни 0Q негіздемесі бар же графиктегі p биіктігі сол жақтағы бірінші тік бұрыштың ауданына тең.Осыған ұқсас ,p2 бағасымен ∆Q2=Q2-Q1 тауар бірліктері қосымша алынатын болады,ал тұтынушылардың қосымша ұтысы (p2-pe)∆Q2 бды.Бұл - сол жақтағы 2-ші тік бұрыштың ауданы.Бұл пайымдаманы қайталасақ барлық тұтынушылапдың жалпы ұтысы мына қосындыға ∑(pi-pe)∆Qi i=1
жуықтау,яғни,жоғарыдан D қисық сұрасына же төменнен - p=pe деңгейлес тіке сызықпен шектелген сатылы фигура алаңына тең екендігін көреміз.Егер біз [0,Qe] интервал бөлінуін майдаласақ онда графиктегі сатылы фигуралардың жоғары шекарасы D сұраныс қисығына жақындай береді. Ұсыныс қисығы өндірушілердің сатуға келісетін белгілі тауар мөлшерінің ең төменгі бағасын көрсетіп тұр.Өндірушілнрдің бәр бөлігі аз мөлшерде ғана сатады,ал кейбіреулері өндірісті мүлде тоқтатады.Бірақ,бәсекелік нарықта өндірушілер аз тауарларын біркелкі бағамен сатып жатады.pe-p aйырмашылығы тауар бірлігін сатудан тапқан өндірушілердің ұтысын анықтайды.А ауданы-тұтынушылар ұтысы,В ауданы- өндірушілер ұтысы ,А+В ауданы қоғам ұтысы.(График Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстары).Көргендей, ppe бағасында pe біркелкі бағасына дейін құнды көтеру талпынысы бар,бірақ оны pu деңгейінен жоғары көтеруге тыйым салынған.Сондықтан рынокта тауар pu бағамен сатылатын болады. Qs Ұсыныс мөлшеріне қарағанда, QD сұраныс мөлшері жоғары болып келеді,бұл тапшылыққа апарады.Тауар тапшылығы тұтынушылардың теңсіздігіне әкеледі.Тұтынушылардың бір бөлігі тауарды pu бағасымен ала алады.Қалғандары pu-дан гөрі артық баға төлеуге келісуге мәжбүр болады."Бейресми базар" пайда болады. Қоғамның ұтысы қысқарады: А'+B'A+B,бұл жағдайда өндірушілнр BB'болғандықтан ұтыста қалады. (график Бағаның жоғары деңгейі)Үкімет бағаның төменгі деңгейін де енгізе алады,мәселен еңбек нарығын. (график Бағаның төменгі деңгейі)жұмыска түргандар ұтымды жағдайда болады.Жұмыссыздык артады.Қоғамдық ұтыс төмендейді: А'+B'A+B.анығы ,А!A болғандықтан түтынушылар ұтылыста болады.

6.Баға бойынша сұраныс икемділігі.. Сұраныстың бағалық икемділігі - баға 1%-ке өзгергенде,сұраныс мөлшері неше %-ке өзгеретінін сипаттайтын шама. Сұраныстың баға икемділігі сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. 1) Нүктелі икемділік коэффициенті - бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды: Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р0 Q0], мұнда Р0 және Р1 - өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.Q0 және Q1 - базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.2) Доға тәрізді икемділік коэффициенті - орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі: Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) 2] [(Q0 + Q1) 2]] = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р Q].Икемділіктің сандық параметрі ретінде ,сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті қолд.сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы теріс сан болады Ер(D)0себебі тауар бағасы жоғарылағанда сұраныс көлемі төмендейді.Бірақ икемділікті бағалаған кезде көбінесе бұл көрсеткіштің абсолюттік мәні колданылады.егер ׀Epd׀1 болса,онда тауарға сұраныс икемді болады.егер ׀Epd׀1болса,онда тауарға сұраныс икемсіз болады.егер ׀Epd׀=1болса,онда тауарға сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.Егер ׀Epd׀=0болса,онда сұраныс оте икемсіз.егер ׀Epd׀--infinity болса,сұраныс оте икемді. ׀Epd׀0 болса,онда зерттеп отырган тауар Гиффен тауары болады.Сұраныстың бағалық икемділігінің графиктері:1. ׀Epd׀1 сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы жоғары.Бағаның р1 ден р2 ге төмендеуі сұраныс көлемін Q1 ден Q2ге дейін бірталай өсіреді,ал жалпы түсім жогарылайды.2. ׀Epd׀1 сұраныстың баға өзгеруіне сезімталдығы томен немесе әлсіз.Бағаның томендеуі сұраныс колемін азгантай шамага осіреді,сондыктан жалпы түсім томендейді.3. ׀Epd׀=1 сұраныстың бірлік икемділігі.баганың томендеуі сұраныс колемін діл сондай шамаға осіреді,сондыктан жалпы түсім озгермейді.(график икемсіз,икемді,икемділігі бірге тен сұраныстың)

7. Бағалық икемділік және жалпы табыс.Сұраныстың бағалық икемділігі - баға 1%-ке өзгергенде,сұраныс мөлшері неше %-ке өзгеретінін сипаттайтын шама. Сұраныстың баға икемділігі сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. 1) Нүктелі икемділік коэффициенті - бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды: Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р0 Q0], мұнда Р0 және Р1 - өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.Q0 және Q1 - базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.2) Доға тәрізді икемділік коэффициенті - орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі: Еd = [ ∆Q ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) 2] [(Q0 + Q1) 2]] = [ ∆Q ∆Р] ∙ [Р Q].Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:1. Сұраныс баға бойынша икемді:бағаның 1%-ға өсуі сұраныстың 1%-дан астам төмендеуіне әкелсе. -infinity РE (D) =-1 .Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. 2. Сұраныс баға бойынша икемсіз: бағаның 1%-ға өсуі сұранысты 1%-дан аз төмендеуіне әкелсе, -1 РE (D) 0 . 3. Мүлде икемсіз сұраныс: бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз), РE (D)=0. Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады .4. Анық икемді сұраныс - бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін), РE (D) =-infinity. 5. Бірлікті икемді сұраныс - бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, РE (D) =1.Жалпы табыс:TR=pQ(р-баға, Q-сатылатын тауар көлемі). р+∆р баға өзгеруінде сұраныс қисығына сәйкес сату көлемі Q+∆Q-ға дейін өзгереді. Мынадай жағдайлар болуы мүмкін:1.Сұраныс икемді болса, 1формуладағы жақшадағы өрнек сол бды,онда: ∆р0-да ∆TR-дің жалпы табыстарының өзгеруі сол,ал баға төмендеуіне ∆TR-дің өзгеруі оң.2. Сұраныс икемсіз болса, -1 РE (D) 0, 1формулада жақша ішіндегі өрнек оң бды:бағаның өсуі ∆р0 ∆TR-дің өсуіне,баға төмендеуі ∆TR-дің төмендеуіне әкеледі.3.Сұраныс 1-лік икемді,онда ∆TR=0 бағаның елеусіз өзгерісінде TR өзгермейді.

8. Табыс бойынша және қиылысқан икемділік. Микроэкономикада тауарлар бірін бірі ауыстыратын және толыұтыратын болңандықтан, бір тауардың ба және толыұтыратын болңандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгергенін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:
EPY Dlx=dQxdPy∙PyQx ,Мұнда, EPyDx- қиылысқан икемділік коэффициенті;
dQxdPy-сұраныс функциясының Ру арқылы алынған алғашқы туындысы;
Ру - у тауарының бағасы;Qx - x тауарына деген сұраныс көлемі; Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына деген сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгерсе, онда EPY Dx- былай анықталады:EPyDx=Qx2-Qx1PY2-PY1∙PY1 +PY2Qx1+Qx2
Qx1 , Qx2- 1және2 кезеңдегі Х тауарына деген сұраныс көлемі;PY1 , PY2- 1 және 2 кезеңдегі У тауарының бағасы;EPyDx0 , яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауалары бірін бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер EPyDx0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін бірі толықтыратын тауарлар болады. EPyDx=0, онда х және у тауарлары бір біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі: ЕXY =( Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі Y тауар бағасының пайыздық өзгеруі) = [ ∆QХ ∆РY] ∙ [РY QХ].3 жағдай бар:1)Epу(Dx)0 - Х тауары У тауарын ауыстырушы; 2) Epу(Dx)0 - У тауары Х тауарын толықтырушы;3) Epу(Dx)=0-Х және У бір-біріне тәуелсіз тауарлар. Сұраныстың табыстық икемділігі Еі тұтынушы табысының көлемі 1% ке өзгерген уақытта қарыстып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді.Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Еі оң сан,теріс сан және нольге тең болады.Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс өсетін та болса, онда Еі О. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні Еі О болса, онда бұл тауарлар - сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:Е = [(∆Q Q) ∙ 100%] [(∆І) ∙ 100%] = (∆Q ∆І) ∙ ІQ, мұнда І - табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті - оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады.Еі (D)=0 -жай тауарлар. Тұтынушы табысы өскенде, осы тауарлардың тұтынылуы артады.Еі (D)0- төмен сапалы тауарлар.Табыс өскен сайын, олардың тұтынылуы кеми түседі.Сән-салтанат, әдемілік тауарлары - оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E11. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.

3.6- суреш. Өте икемсіз үсыныс.

3.7-сурет. Икемсіз үсыныс.

9. Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс икемділігі - бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі. Ұсыныс икемділігі:Еp(S)= (∆QQ (∆РР)) = (∆Q ∆Р) ∙ (РQ). Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы - тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді(Еp(S)1), икемсіз(1Еp(S)0), мүлде икемді, мүлде икемсіз(Еp(S)=0) немесе бірлік икемді(Еp(S)=1). Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін. ( график Икемді және икемсіз ұсыныс)

Икемді сұраныс

10. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді.1)Сатушыларға салынатын салық: Әрбір сатылатын тауар бірлігіне сатушы t ақша бірлігінде салық төлеулері керек.S ұсыныс қисығы өндірушілердің көрсетілген тауар көлемін сатуға келісетін минималды бағасын көрсетеді.Салықты енгізген соң олар мемлекетке t тг не$ төлеулері қажет, енді олар сол көлемдегі тауарды t бірліктен асатын минималды баға бойынша, бастапқыда келіскенге сатуға келісетін бды. S t бірлікке жоғары көтеріледі.е'жаңа тепе-теңдігін е бастапқы тепе-теңдігімен салыстырсақ,: бастапқыдағы ре бағасын төлейді, ал ре'-t салық төленген соң сатушыға ре'-t қалады.Яғни, ре'- ре бөлігін сатып алушы, ре-( ре'-t)-ге тең бөлікті сатушы төлейді.2)Сатып алушыға төленетін салық:Мемлекет сатып алушылардың алған әр тауар бірлігінен t мөлшерде салық ұстайды.D сұраныс қисығы белгілі бір тауар көлемін алу үшін сатып алушылардың беруге келісетін максималды бағасын көрсетеді.Егер олар қосымша салық төлейтін болса, онда бұл тауар көлемін тек t бірліктен төмен бағаға алуға келісетін болады,яғни D төменге t бірлікке жылжиды. Жаңа тепе-теңдікте салықты енгізгеннен кейін сатушылар ре' бірлік алатын б.са,ал сатып алушылар салықпен бірге ре'+t бірлік төлейді.Демек, t салығы келесі түрде бөлінеді: (ре+t)- ре сатып алушылар төлейді және ре - ре' сатушылар төлейді.Салық кімге салынатынына қарамастан, ол сатушылар мен сатып алушылар арасында бөлінеді.график

11)Икемділіктің экономикадағы рөлі Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық.(график Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік)суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық - тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады - ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік - сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда - сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут - тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда - сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.

12.Салық салудың нормативтік талдауы.Салықтың енгізілуі тұтынушылар мен өндірушілер ұтыстарына қалай әер ететінін байқайық. Заң бойынша салық сатушыларға салынсын. А - тұтынушылар ұтысы. В -өндірушілер ұтысы, С-мемлекет ұтысы, G- салықты енгізгеннен кейінгі шығындар. Қоғамнын ұтысы қысқарады; А+В+СА+В. Осыған ұқсатып, сатып алушыларға салық салғанда, тұтынушылардың, өндірушілердің жане қоғамның ұтыстарының өзгерілуіне талдау жасауға болады.(график мухам.50бет)

У
ІРу
ІРх
4.8-сурет. Түтынушы тандауы.

13Тұтынушы тандауы.Түтынушылар талға.мы дүрыс қалыптасуы үшін, олар бюджеттерінің шектеулі екендігін ескертіп, ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар қүрамын анық-таулары қажет. Бүдан ең үтымды тауарлар қүрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық қисықтарының жа-нама нүктесінде екенін білеміз. Суретте ең коп пай-далылық әперетін тауарлар күрамы, түтынушының тендестік жағдайы бейнеленген.Тендестік жағдай-ында алмастьірудың шекті нормасы МЯSХУ - пен бюджет сызығы-ның бүрыштық коэф-фиценттері тең бола-ды. Сондықтан түты-нушы өзінің теңдестік жағдайына қол жеткі-зуі үшін X және Ү тауарларының көле-мін келесі шарт орын-далатындай етіп таң-дауы қажет:МЯSХУ = МUХ МUУ = - PХ PУ
Бүл тендестік түтынушьгньің теңдесгік шарты деп аталады

14.Талғамсыздық қисықтары.Сұранысты талдаудағы ординалистік (реттік) эдістеме карди-налистік (сандық) эдістемеге қараганда осы заманғы деп айтыла-ды. Бұл жағдайда пайдалылық реттік өлшемге ие болады.
Сандық эдістемеде сұранысты зерттеу үшін талғамсыздық қисықтары мен бюджет сызықтары қолданылады.Талғамсыздық қисығы -тұтынушыға бірдей пайдалылық экелетін екі тауардың түрлі тіркестерін көрсетеді.
Талғамсыздық қисықтарының жиыны талғамсыздық картасын құрайды, мұндағы басқалардан гөрі жоғарырақ орналасқан қисық салыстырмалы түрдегі жоғары пайдалылық әкеледі.

Талғамсыздық қисықтары төмен қарай бағытталады жэне ойыс болады, бұл ауыстырудың шекті нормасының азаюымен түсіндіріледі. Ауыстырудың шекті нормасы (МКS)-хтауарын 1 бірлікке көбейткенде у тауарының қанша бірлігінен бас тарту керек екендігін көрсетеді жэне бұл кезде осы тауарлар жиынтығының жалпы пайдалылыгы тұракты күйде қалуы керек:MRS= - del'ta X del'ta Y .
Талғамсыздық қисықтарының жалпы қасиеттері:
1. Талғамсыздық қисығы неғүрлым координаттар осінен алыс орналасса, солғүрлым осы қисықтың бойында жатқан жиьштьіқтар түтынушыға көп пайда өпереді. 4.2суреттен төмендегі шарттың дүрыстығы
х
көрінеді.и,и2и3и4
2.Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиы-лыспайды.
Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы - тұтынушы талғаусыздығы қисық сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып, ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық қисық сызығының телімі (участок) ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының сондай телімі).Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді - ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін: 1. Х және Y тауарлары - мүлде өзара ауыстырылатын: MRSXY = сonst, ал талғаусыздықтың қисық сызықтары тура сызықтарға айналады (28-а суреті);2. Х және Y тауарлары - бір-бірін мүлде өзара толықтыратын: талғаусыздықтың қисық сызығы 2 өзара перпендикуляр кесінді болып келеді (28-б суреті);3. 28-в суретінде тұтынушы неғұрлым көп тауарға ие болған сайын, соғұрлым көпке ие болғысы келетін ахуал көрсетілген - талғаусыздықтың қисық сызығы координаталар - дың басында ойыс, батыңқы.
4.2-сурет. Талғамсыздық қисықтарының картасы.

15.Бюджеттік шектеу.Тұтынушылар таңдау мәселелерінің басқа бір жағы- ол алтернативаларынң шектлуі. х, у тауарларының колемі х,у бағалары рх ,ру сәйкес, ал І- белгілі бір уакыт мерзіміндегі тұтынушының табысы болсын. Тұтынушының шығындарының табысына теңдңк шартына келесі түрде берілді.(график бюджетт3к шектеу\сызык)Бұл теңдеу бюджеттік сызық деп аталатын жазықтықтағы түзу сызықты анықтайды. Іpx мәнінде бюджеттік сызық ОХ осінен өтеді, ал ОУ осьті - Іру мәнінде. Бюджеттік сызықтың ылдилығын анықтау үшін уге б теңдеуді у қатысты шешуге болады, яғни У=-pxpy*x+Ipy.Онда k=-pxpy бұрыштық коэффициент, яғни бюджеттік сызықтың ылдиы. І табысының көбеюі немесе рх, ру бағасының пропорционалды азаюы бюджеттік сызықты өзіне параллельді оңға-жоғары жылжытады. Рх бағаның өсуі бюджеттік сызықты ОУ осімен қиылысатын нүктесіне қатысты сағаттың тілі жүруіне сай бұрады. Жалпы айтқанда, бюджеттік сызық міндетті түрде түзу сызық емес. Мысалы, ол сынық сызық та болуы мүмкін...

16.Тұтынушының оңтайлы таңдауы.Бір диаграммада тұтынушылардсың бюджеттік сызығы мен оның талғаусыздық қисықтарының картасын салайық.(график Тұтынушылардың тепе-теңдігі)Берілген нүктелердің ішінен с нүкесі ең қалаулысы, бірақ ол бюджеттік сызықтан жоғары жатқандықтан, ол анықтайтын тауарлар жиынтығына тұтынушылардың қолы жетпейді. d нүктесінде тұтынушылардың І табыстары толық пайдаланылмайды. Молықтырусыздық туралы топшылама орындалған деп есептелгендіктен, тұтынушы өзінің табыстарын толығымен пайдаланады, ал оның таңдауы бюджеттік сызықта орналасады, а нүктесінде талғаусыздық қисығы бюджеттік сызықты қиып өтеді. Бұл жағдайда бюджеттік сызықтың бойымен жоғары талғаусыздық қисығына ауысу мүмкіндігі бар. Мұнай ауыстыру бюджеттік сызықтың жане кейбір талғаусыздық қисығы мен жанасу е нүктесіне түспегенше тұтынушыларды қанағаттандыру дарежесін көтеруге мүмкіндік жасайды. Бюджеттік сызық бойынша осы нүктедегі кез-келген өзгеріс тұтынушыларды талғаусыздық қисығының төменгі дәрежесіне ауыстырады, яғни оның қанағаттандыру деңгейін төмендетеді. Демек, е жанасу нүктесі тұтынушынң тепе-теңдігі болады да оның оңтайлы таңдауын анықтайды. Жанама нүктесінде талғаусыздық қисығының ылдиы - MRS бюджеттік сызық ылдиына тең болғандықтан MRS=pxру теңдік орындалуы керек. Бұл теңдік бюджеттік шектеумен бірге х жане у тауарларының тепе-теңдік жиынтығын анықтайды.(график Бұрыштық шешім)Суретте көрсетілген жағдайда е тепе-теңдігі Х жане У екі таурдың да нөлдік емес санын қамтитын жиынтықты береді. Бұл ішкі шешім болып табылады. Талғаусыздық қисығының картасы мен тауарлардың бағаларына байланысты бюджеттік сызықтың қандай болмасын бір талғаусыздық қисығымен жанамасы болуы мүмкін. Мысалы, тұтынушы алмадан гөрі апельсин жегенді қалайды жане апельсин бағаы да онша жоғары емес. Онда ол бар табысын апельсин алуға жұмсайды.

17.Пайдалылық функциясы - игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U - игіліктің пайдалылығы, Qi - игіліктің келесі сандары. 25 суретте пайдалылық функциясының графигі көрсетілген. Шекті пайдалылық функциясының 0 (нөлге) тең нүктесінде ең жоғары жалпы пайдалылыққа жетіп тұр - игілік қажеттілікті толық қамтамасыз етуде. Игілікті әрі қарай тұтыну жалпы пайдалылықтың төмендеуіне әкеледі де, шекті пайдалылық теріс болып кетеді. Сонымен, мына түйін жасауға болады: жеке адамда игіліктің неғұрлым көп саны бар, оның әр қосымша бірлігі соғұрлым аз құндылыққа ие. Демек, игіліктің бағасы жалпы емес, шекті құндылықпен анықталады. Тұтыну теориясының осы қағидаларын түйіндей келе, су мен гаухар парадоксын (қайшылығын) түсіндіруге болады. Оның мәні мынада: гаухармен салыстырғанда, су адам үшін ең үлкен жалпы пайдалылыққа ие. Сонымен қатар, гаухардың бағасы судың бағасына қарағанда, өлшемсіз көп. Бұнын себебі су мен гаухар қорларының әр түрлілігінде: судың қоры шексіз мол, ал гаухардың қоры аз. Сондықтан, гаухардың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан әжептәуір көп, соған сәйкес бағалары да. Азаятын шекті пайдалылық заңы тұтынушының мінез-құлқында қалай көрінеді? Бұл сауалға жауап беру үшін мына мысалды қарайық, келесі алғышарттарды назарға ала тұра: - нарықта әр түрлі тауарлардың көптеген саны (көлемі) бар.
әр қайсысының бағасы бар
тұтынушының бюджеті шектелген (ол барлық тауарлар мен қызмет көрсетулерге ие бола алмайды), сондықтан, оның алдында таңдау мәселесі тұрады.
тұтынушы өзінің сатып алған нәрселерінен ең жоғары жалпы пайдалылықты алуға ұмтылады - басқаша айтқанда, жалпы пайдалылықты көбейтуге тырысады. Жеке бюджеттің шектелген жағдайында тұтынушы көптеген баламалардан таңдау жасауға мәжбүр. Баға - пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді. Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.(график Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері)
ТИ

Q Жалпы пайдалылық
МИ

Qшекті пайдалылық

18."Табыс-тұтыну" қисығы же Энгель қисығы. "Табыс-тұтыну" қисығы (income-consumotion) табыс артқанда,ал тауарлар бағасы қалыпты жағдайда тұтынушының тепе-теңдік жағдайының жиынтығын көрсетеді.Ақшалай табыстың артуы бюджеттік сызықты оңға қарай жылжытып,тұтынушының сатып алу қабілетін арттырады.Осыған сәйкес талғамсыздық қисығының оңға қарай жылжуы пайдалылықтың артуын білдіреді.Әрбір бюджеттік сызыққа талғамсыздық қисығы сәйкес келетін тепе-теңдігін анықтаса,белгілі бір нүктелер тізбегін аламыз.Осы нүктелерді қосу арқылы тұтынушы табысының же таңдауының өзгерісін сипаттайтын "табыс-тұтыну" қисығын аламыз.(график табыс тутыну) "Табыс-тұтыну" қисығының орналасуына байланысты негізгі үш жағдайды қарастыруға болады.1.Табыс өсуіне байланысты екі тауарды да тұтыну артты делік,онда олар қалыпты тауарлар же табыс бойынша икемділігі оң болады.2.Х тауарының тұтыну көлемі артып,У тауарыныкы кемісе,онда Х қалыпты,ал У сапасы төмен тауар болады.3.Х тауарының сұраныс көлемі кеміп,У тауарына артса,У қалыпты,ал Х сапасы төмен тауар болады. "Табыс-тұтыну" қисығы тұтынатын тауар саны мен жеке табыс арасындағы сәйкестікті көрсететін Энгель қисығын салуға қолданылады.(график Энгель кисыгы)Ол үшін табыстың әрбір мәніне тұтыну мен баға көбейтіндісіне тең болатын шығындарды сәйкес қойса жеткілікті.Табыс өсуіне байланысты тауарларды тұтыну көлемі артса,ондай тауарлар қалыпты тауарлар д. ады.Табыс өсуімен тұтыну кемісе,ондай тауарлар сапасы төмен тауарлар д. ады. Табыс өссе тұтынудың артуы,сонымен қатар бағаның жоғары болуы сән-салтанат бұйымына тән.

19."Баға-тұтыну" қисығы. "Баға-тұтыну" қисығы (price-concumotion) баға өзгерісінің бір игілікті екіншісімен салыстырмалы ауыстыруына әсері.Бір тауар бағасы кеміп,басқа тауар бағасы мен табыс өзгеріссіз қалған жағдайда тұтынушы тауарң тепе-теңдік құрамының жиынтығын көрсетеді.Х тауарының бағасы төмендеген кезде бюжеттік сызық вертикаль осьпен қиылысу нүктесіне қарағанда сағат тңлңне қарсы бұрылады.Тепе-теңдік тауарлар құрамы баға өзгерісіне дейін Е1 же баға өзгерісінен кейін Е2 арқылы белгілеп,оларды қоссақ, "баға-тұтыну" қисығын аламыз. (график мамыров 121 бет)"Баға-тұтыну" қисығының орналасуына байланысты үш негізгі жағдайды қарастыруға болады:1.Тауардың тұтыну көлемң артты,онда олар бірін-бірі толықтырушы тауарлар,яғни тауарлардың біреуінің бағасы төмендесе,екіншісінің сұранысы артады же сұраныстың қиылысу икемділігі теріс болады.2.Х тауарын тұтыну көлемі көбейеді,У тауарыныкы азайады,мұнда бұл тауарлар бірін-бірі алмастырушы тауарлар болады. 3.Хтауарын тұтыну көлемі азайып,У тауарын тұтыну көбейеді,онда Х тауары үшін сұраныс заңы бұзылады,яғни олар Гиффен не Реблен тауарлары болады.Тауарлар бірін-бірі толықтырушы. Баға-тұтыну қисығы көмегімен жеке сұраныс қисығын алуға болады,ол үшін Х тауарының әрбір бағасын оның тұтыну көлеміне сәйкес қойсақжеткілікті.Осылайша тұтынушы қалауымен мүмкіндігінің өзара әсерлесуі нәтижесінде Х тауарына сұраныстың пайда болғанын көреміз.

20.Орын алмастыру және табыс әсері. Егер Х тауарының бағасы РХ арзандап, ал табыс пен У тауарларының бағалары өзгермесе,онда бұл жағдай тұтынушының талғамына екі түрлі әсер етеді.Біріншіден,оның табысы өзгермесе де сатып алу қабілеті өседі.Екіншіден,ол арзандаған затты көбірек алып,бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтады.Тұтынушының сұранысын арттыратын бірінші жағдайды табыс әсері, ал екіншісін - алмастыру әсері деп атайды.Бұл өзгерістер бір мезгілде болатындықтан оларды ажыратып зерттеген орынды.Суретте осы екі түрлі әсерлерді зерттеу жолдарын келтірейік.(график мамыров 124 бет)I және II бюджет сызықтарында баға бірдей.Ал С нүктесінде Х тауарына деген сұраныс А нүктесімен салыстырғанда жоғары.Бұл тек қана заттың арзандауының арқасында болып отырған өзгеріс.Сондықтан SS2 алмастыру әсерін көрсетеді.Жалпы сұраныстың өзгеруі SS1- ге тең,ал оның ішінде SS2 алмастыру әсерін көрсетеді.Демек, S2S1 нақты табыстың өзгеруі нәтижесінде өскен сұранысты бейнелейді.Сондықтан бұл табыс әсері деп аталады.

21.Жеке адамның бюджеттік шектеуі,талғамы және таңдауы. Бюджеттік шектеу - қолда бар ақша саласына қандай да бір тұтынатын тауарлар құрамын көрсетеді.Бюджеттік сызықтың келесідей қасиеттері бар: 1.Бюджеттік сызықтың объцисса осімен қиылысуы тек қана Х тауарын тұтынуды білдірсе,ордината осімен қиылысуы У тауарын тұтынуды көрсетеді. 2.Бюджеттік сызықтың коордната осімен көлбеуі тауарлар бағасының қатынасымен анықталады.Бюджеттік сызықтың коордната осімен көлбеуі тауарлар бағасының қатынасымен анықталады.3.Тұтынушы табысы артқан кезде,бюджеттік сызық оңға қарай өз - өзіне параллель жылжиды жкерісінше.4.Х тауарының бағасы артқанда бюджеттік сызық ордината осімен қиылысу нүктесінің айналасында сағат тілі бойымен бұрылады ж\е көлбеуірек орналасады. (график бджеттік сызык)I=PXX+PУУ Мұндағы I-тұтынушы табысы, PX-Х игілігінің бағасы, PУ-У игілігінің бағасы, Х же У сәйкесінше игіліктердің саны. Y=IPy-PxPy∙X Y=0 болса,онда X=IPx . X=0 болса,онда Y=IPy. Жеке адам бюджеттік сызықтағы кез келген нүктені таңдап алады.Бірақ әрбір адамның жұмыс пен демалыс үшін үлестіретін өз қалаулары болады.Сонымен қатар сәйкес келетін шарттар жағдайында тұтынушылардың талғаусыздық қисығы сияқты осында да талғаусыздық қисығын салуға болады.Әрбір талғамсыздық қисығында жеке адамның қалауына сәйкес бір біріне балама (t;I) жиынтықтар орналасқан.(график талгаусыздык кисыгы МУХАМ.)Суретте талғаусыздық қисығындағы а же в нүктесі бір біріне эквивалентті екі жиынтықты (ta ;Ia ) же (tb;Ib) анықтайды. MRS=-ΔI\Δt орнын басудың шекті мөлшері бос уақытын бір бірлікке көбейту үшін ғана келісе алатын жеке адам табысының азаюына тең.Ол минус белгісімен алынған талғаусыздық қисығының ылдиына тең.Әр түрлі талғаусыздық қисықтарының жиынтығы жеке адамның талғамсыздық қисығының картасын береді.Ол еңбекқорлығына байланысты. U1 қисығы бюджеттік сызықты А же В нүктесінде қиып өтеді.Сондықтан тұтынушы шешімі тиімсіз.Бюджеттік сызық бойымен қозғала отырып Д нүктесін табамыз.Осы нүктеде бюджеттңк сызықпен талғамсыздық қисығы жанасады.Демек,тұтынушы өз бюджетіне сәйкес әл-аухатын барынша арттырады.Бұл оңтайлы таңдау.U2-ге қарағанда U3 жоғарғы ретті талғамсыздық қисығы тұтынушы бюджетінің шегінен шығып тұрғандықтан,оған қол жетпейді.Тепе-теңдік жағдайда алмастырудың шектік нормасы MRS пен бюджет сызығының бұрыштық коэфті тең болады.Д нүктесі тұтынушы тепе-ңдігін көрсетеді.Олай болса,тұтынушы тепе-теңдік жағдайына қол жеткізу үшін Х же У тауарларын келесі шарттар орындалатындай етіп таңдау керек. MRS=MUxMUy=PxPy ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Фирма мәні, түсінігі
Макроэкономикалық көрсеткiштер
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН. Бизнесті бағалау
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Қазіргі микроэкономика пәні
Пәндер