Дене мәдениеті



КІРІСПЕ 2
1. Дене мәдениеті 3
1.1 Дене мәдениетінің даму тарихы 5
2.Дүние жүзі елдерінде дене мәдениеті 8
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дене шынықтыру және спорт, шет елдерде және Құрама штаттар 8
2.2 Дене мәдениетінің түрлері және ерекшеліктері 10
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14
Адамның дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек және қоғамның іс – әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Адамзаттың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
1. Әбділдаев Ә.К., Оңалбаев Ж. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» «Тұран» 2004
2. Худияров Ғ.Б. «Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау» Алматы 2010
3. Мухамеджанов Б.Қ. «Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми – педагогикалық негіздері» 2008ж
4. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ 2
1. Дене мәдениеті 3
1.1 Дене мәдениетінің даму тарихы 5
2.Дүние жүзі елдерінде дене мәдениеті 8
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дене шынықтыру және спорт, шет елдерде және Құрама штаттар 8
2.2 Дене мәдениетінің түрлері және ерекшеліктері 10
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

КІРІСПЕ

Адамның дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс - әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Адамзаттың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

1. Дене мәдениеті

Дене мәдениеті денсаулықты сақтау мен қорғауда дене қабілетін жетілдірудің жинақталған қоғамдық түрі, жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Ахмет Байтұрсынов мұны тән тәрбиесі деп атады.
1. Адамдардың денсаулығын жақсарту, қалыптастыру және дене мәдениеті жөніндегі білімін арттыру.
2. Қалың бұқараны саяси - идеялық жағынан тәрбиелеу құралы.
Дене мәдениеті әрқайсысының өз алдына атқаратын міндеттері бар бірнеше салалардан тұрады.
Дене мәдениеті туралы білім жүйесіндегі негізгі және барынша іргелі ұғым, бұл, өзінен өзі түсінікті дене мәдениеті болып табылады. Бұл сөз ұғымының осылай аталу себебі адам қоғамы дамуымен астасып жатқан тарихи кезеңдермен байланысты. Алайда, дене мәдениеті сөз тіркесі ХІХ ғасырдың соңында пайда болды.
Дене мәдениетінің ақпараттық саласы. Тарихи дамудың барысында дене тәрбиесінің тәжірибесі рухани және қоғамдық байлық ретінде жинақталып, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Адам туралы білім мен ғылым, оның мүмкіншіліктерін жетілдірудің жолдары мен тәсілдері оның табиғи сапасын үнемі жетілдіріп жаңа мүмкіндіктерді түсінуге жол ашады. Адамдардың дене тәрбиесімен айналысуында үгіт - насихат құралдары, радио мен теледидар, газеттер мен журналдар үлкен міндет атқарады. Ақпарат құралдары арқылы берілген дене мәдениеті жайлы хабарлар адамдардың ол жайлы білімін ұлғайтады, дене мәдениетін көтеруге ықпал жасайды.
Дене мәдениетінің нормативтік өлшемдері. Дене тәрбиесі адамдардың мүмкіншілік көрсеткіштерін анықтап, оны үнемі жақсарту, мүмкіншілігінің шегін көтеруді қалыптастырады. Осы жұмыстың барысында мүмкіншіліктердің шегі анықталып, оның әртүрлі дайындықтарын қалыпқа келтіреді. Әсіресе, бұл дене тәрбиесінің маңызды бір саласы болып есептелінетін спортта айқын көрінеді. Спортқа адамның мүмкіншілігі сынға түсіп, оның шегі мен ең жоғарғы деңгейі айқындалады. Жарыстар кезінде жасалған әрбір рекорд тек қана бір адам емес, ол тәрбиеленген қауымның, ұжымның, қоғам мен адамзаттың ортақ жетістігі болып табылады.
Дене мідениетінің пайдалылығы. Тәннің демала білуі, соның арқасында сау қалпында ұсталуы және салауатты өмір салты адам өміріне үлкен пайда әкелетін факторлар. Жаяу, атпен, велосипетпен, шаңғымен, сумен, т.б. туристік жорықтар, дене тәрбиесі және спортпен айналысу адамдардың көңіл - күйлерін көтеріп, өмірге пайдалы ықпал жасайды.
Дене мәдениетінің жүйесі. Оның дамуы жаттығулары мен спортпен айналысу барысында қалыпқа түскен, ілімі мен тәсілі жетілген және күнделікті тәжірибеде іске асырылып келе жатқан салаларының бірі. Бұл жүйе қоғамдық құрылысқа, қоршаған ортаға, табиғи жағдайларға, мемлекеттің күш - қуатына, мүмкіншілігіне, ғылыми - техникалық прогреске, халықтың экономикалық жағдайына, салт - дәстүріне т.б. жайғдайларға қарай қалыптасады.

Отандық және шетел ғалымдарының барынша негізделіп дәлелденген еңбектерінде мәдениетті адамның шығармашылық даму жолдары мен қайта құрылу нәтижелерінің жиынтығы ретіндегі табиғат және қоғамдық құбылыстарды материалдық және рухани құндылықтарды әсіресе оған қызмет ететін факторларды тұтас қарастыру мақсатқа лайықты болады.

Гимнастика
Ойындар
Туризм
Спорт
Табиғи күштер
Күн, ауа, су
Жаттығу орны. сантиарлық
норма
Гигиеналық факторлар

Киім

Тамақтану

Еңбек және демалыс режимі
Дене жаттығулары
Құралдары

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ

ӘДІСТЕР

МІНДЕТТЕР
І
1.Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
Нұсқау беру

Жаттығу

Түсіндіру, баяндау
2.Сауықтыру міндеті- дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.

Үлгі
Формалары
3.Тәрбиелік міндеттер- адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйретуге негізделген.
Жарыстар

* Дене тәрбиесі сабақтары
* ОБЖ (өмір қауіпсіздігі және салауатты өмір салтын қалыптастыру)
* Факультативті сабақтар
* Медициналық сауықтыру шаралары
* Арнайы сауықтыру орталықтары
* Дене шынықтыру сауықтыру шаралары
* Қосымша білім беру жүйесі



Дене мәдениеті материалдық қарым - қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды. Дене мәдениеті деген ұғым жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс. Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында және тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.

1.1 Дене мәдениетінің даму тарихы

Алғашқы қауымдық кезең. Денені шынықтыру еңбек етуден пайда болған. Ол шамамен 80-8 мың. жылдары дами бастады. Адамзаттың ағзасын өзіндік қажеттілікпен қамтамасыз ету дене мәдениетінің негізгі міндеті болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ денені қозғалысқа келтіру арқылы еңбек етуде, аңшылыққа шығуда, соғыс кезінде орасан зор ықпал ететін- ол, дененің физикалық жетістігі екенін арғы аталарымыз жете түсінген. Осыдан дене мәдениетінің қалыптасуы басталды. Алғашқы адамдар сол кездері орындаған әртүрлі сиқырлы церемонияларында, дәстүрлі билерінде, ойындарында, соғыста және басқа да іс-әрекеттерінде дене жаттығуларын қолданған. Яғни, қазіргі таңдағы жаттығулар сол алғашқы қауымдық қоғам кезінде пайда болған.
5-4 ғасыр. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда осы Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз сақтар кезінде өз заманына сай дене тәрбие жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбие жүйесінің негізгі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып негізгі кәсіптері мал өсіру мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан от басын, елін, жерін қорғау үшін сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болу керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті дене жаттығуларына үйреніп, меңгере бастаған. Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің спартандық, афиндық дене тәрбиесі жүйелері блғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан.
Б. д. д. II ғасырда Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Ғұндардың ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп қайта отыру, аттың бауырынан өтіп қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу,жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген.
Монғолдар билік жүргізген кеде әскери-дене тәрбиесі жүцесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам атымен, қару жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде Ерлердің үш ойыны дене тәрбие жүйесі болды. Ол күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.
Әмір Темір билігі кезінде жеке сайыс, шахмат, өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.
XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбие жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Қазақтың ұлттық ойындары ат бәйгесі-аламан бәйге, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары-көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті жаттығуларын орындау өнерлері дамыды.
Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап-құлын ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырды, батырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі, дене қуаты қасиетін жетілдірді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.
Ежелгі Грецияда дене мәдениеті құлиеленушілік қоғамда дамыды. Оның көркеюі б. з. д. VI-V ғ. ғ. болды. Сондықтан да дене мәдениетінің ерекшеліктерін көбінесе ежелгі грек елдерінде, яғни Афины мен Спартадан көруге болады.
Ежелгі грек мәдениетінде, әсіресе, б. з. д. V-VI ғ. ғ. адамзат денесінің физикалық және табиғи сұлулығын рухани және интеллектуалдық қасиетін біріктірген. Ең бірінші сың атлетикалық жарыстың жеңімпазын мадақтаудан басталды. VI ғасыр философы Ксенофан айтуы бойынша, қала және мемлекетке көп пайда әкелетін ақыл және байқампаздық барлық атлетикалық күштер мен жылдамдықтан гөрі бағалануы қажет. Осы дене және рухани мәдениетінің өзара күресі Ежелгі Грецияда өте ертеден басталды. Гректердің пайымдауынша, Илиада, Одиссей поэмаларының пайда болуы осыған негіз болды деді.
Ежелгі Грецияда атлетикалық ойындардан басқа Панэллиндық ойындар да болған. Мысалы, Аполлон құдайының қарамағындағы Пифиялық ойындар б. з. д. 582 жылы өткен. Рухани және дене мәдениетін байланыстыратын атлетикалық және музыкалық бағдарламаны қамтыған Пасейдон құдайдың қарамағындағы Немиялық, Истмиялық ойындар өтті. Олимпия тек қана атлетикалық сайыс өтетін жер ғана емес, сонымен қатар поэттар, жазушылар және философтар өнер көрсететін орын.
Спартадағы дене мәдениеті б. з. VI ғасырда үлкен мағынаға ие болды. Шамамен 9 мың спартандықтар, 30 мың жартылай бостандықтағы азаматтар, 200 мың құлдар осы мекенде тіршілік етті. Осыған орай Спартадағы әскери лагерь пайда болды. Спартандықтар жастайынан денені шынықтырып, тек қана әскери істермен айналысқан.
Сонымен, спартандықтар бала тәрбиесінде міндетті түрде әскери-физикалық жағынан үлкен мән берген. Және де олар әскерлерін шыдамдылық пен қайраттылыққа тәрбиелеген. Ал Афиндықтар физикалық қасиетін және ақылдылығын өзара үйлесімділікте ұстауға тырысқан.
Ежелгі Рим. Ежелгі Римдағы дене тәрбие тек тәжірибелік мақсатта жүрді, және ол спартандықтарға ұқсас болды.
Балалар он екі жасқа дейін отбасында тәрбиеленген. Әкесі ұлын үй шаруашылығын жүргізуге, қару қолдануға қолданған, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеген. Денені шынықтыруда дәстүрлі ойындар мен жаттығуларды қолданған. Үйінде тәрбие алған римдық жасөспірімдер 16-17 жасқа келгенде әскерге алынған. Әскери дайындық өзінің кереметтілігімен ерекшеленген. Войско атауы жаттығу, ал легион термині таңдап алу деген сөздерден шыққан. Римлиндықтар әскер құрамына жастарды таңдап алған. Жас әскербасылар таңертеңнен қару-жарақ қолданумен жаттыққан және де көптеген дене жаттығуларын да жасап өткен. Ал үлкен дәрежедегілер күніне бір рет қана жаттыққан. Әскердегілер ағаш жарып, көптеген ауыр жүктерді көтерген, суда жүзген, бөгеттерден өткен.

2.Дүние жүзі елдерінде дене мәдениеті

Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Дене мәдениетінің жүйесі
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Дене мәдениеті-коғам мәдениеті
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
Дене тәрбиесі жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың маңыздылығы
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жүйесі
Пәндер