Құрылыстық шешімдер



Жоба бойынша құрылыстық шешімдер жобаның технологиялық бөліміне сәйкес негізделген.
Бастапқы және есептелген мәліметтер:
- қардың нормативті мөлшері – 0,5 кПа (СНиП 2.01.07-85);
- жер бетінен 10 метр биіктіктегі желдің қозғалыс қысымы – 0,38 к Па (38 кг/м2);
- есептелген қысқы ауа тепмературасы - минус 24 ºС, тәулік-минус 30 ºС, ортажартыжылдық + 9,2ºС (СНиП 2.01.01-82);
- жер бедерінің нормативті қату тереңдігі:
- топырақ – 109см;
- құмдар – 133см;
- сейсмикалық активтігі – 6 балл;
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қарамұрын» кен орнында инженерлі- геотехнологиялық зерттеулер ТОО ГИИЗ №3091 тапсырысы бойынша есеп берді.
Имараттар мен ғимараттарды жобалаудағы конструкциялық шешімдер
Сәулет және құрылыстық шешімдер ретінде технологиялық үрдіске сәйкес технологиялық құралдардың рационалды орналасуы, эксплуатация кезінде тиімділігі, конструкциялық элементтердің жиналуы принциптері негізделген.
Имараттар мен ғимараттардың габаритті сызбалары мен геометриялық көрсеткіштері ГОСТ 23838-89 сәйкес жасалынған.
Барлық өндірістік ғимараттар қарапайым құрылыстық формулалармен есептелінген.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
6 ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР

Бастапқы мәліметтер

Жоба бойынша құрылыстық шешімдер жобаның технологиялық бөліміне сәйкес негізделген.
Бастапқы және есептелген мәліметтер:
- қардың нормативті мөлшері - 0,5 кПа (СНиП 2.01.07-85);
- жер бетінен 10 метр биіктіктегі желдің қозғалыс қысымы - 0,38 к Па (38 кгм2);
- есептелген қысқы ауа тепмературасы - минус 24 ºС, тәулік-минус 30 ºС, ортажартыжылдық + 9,2ºС (СНиП 2.01.01-82);
- жер бедерінің нормативті қату тереңдігі:
- топырақ - 109см;
- құмдар - 133см;
- сейсмикалық активтігі - 6 балл;
- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарамұрын кен орнында инженерлі- геотехнологиялық зерттеулер ТОО ГИИЗ №3091 тапсырысы бойынша есеп берді.
Имараттар мен ғимараттарды жобалаудағы конструкциялық шешімдер
Сәулет және құрылыстық шешімдер ретінде технологиялық үрдіске сәйкес технологиялық құралдардың рационалды орналасуы, эксплуатация кезінде тиімділігі, конструкциялық элементтердің жиналуы принциптері негізделген.
Имараттар мен ғимараттардың габаритті сызбалары мен геометриялық көрсеткіштері ГОСТ 23838-89 сәйкес жасалынған.
Барлық өндірістік ғимараттар қарапайым құрылыстық формулалармен есептелінген.
Ғимараттың конфигурациясы - ішінен бекітілген алаңы жоқ, тікбұрышты
Қарқынды ерітінділермен жұмыс жасалынатын технологиялық аппараттардың өндірістік жұмыс орнын жобалағанда, төтенше жағдайға арналған екі жақты шығу жолы қарастырылады.
Барлық өндірістік ғимараттар мен имараттар СНиП 2.09.02-85 Производственные здания сәйкес жобаланған,
Өндірістік ғимараттардың жұмыс орнының ішкі жұмыстары
Ғимараттардың ішкі жұмыстары оның жұмыс мақсаты мен жұмыс орнында қарқынды орта болуына байланысты қарастырылады. Барлық зиянды зат бөлінетін жұмыс орнының қабырғалары кірпіштен болса, сырты ылғалды сыланып, сіңіргіш қасиеті бар материалдармен ( химиялық тұрақты эмальдармен, майлы бояулармен, көпіршікті плиткалармен) қапталынады.
Қарқынды қышқыл, негіз буларымен әрекеттесетін ғимараттар қабырғалары, колонналар,темір конструкциялар мықты химиялық қорғансқа ие.Химиялық қорғанысты таңдағанда ортаның қарқындылығы мен жұмыс орнының ылғалдылығы есепке алынады.
Өндірістік ғимараттардың интерьерлері өндірістік төтенше жағдай кезінде дезактивация жасауға есептелінген.
Ылғалды тазаланатын өндірістік ғимараттардың едені ылғалға тұрақты, әлсіз сіңіргішті материал (керамикалық плиткалар, қышқылға тұрақты кірпіш) және жуудан кейінгі судың ағуына арналған ойықтарымен жасалынады.
Тұрмыстық қызмет көрсету
Әкімшілік - тұрмыстық қызмет көрсететін үш ғимарат жобаланған, олар бір - біріне өтетін жолдармен біріккен.
Тұрмыстық қызмет көрсету үшін СНиП РК 3.02-04-2002 негізделген үй және жұмыс киімдерге арналған жеке орындар, жуыну орнынан тұратын бөлім қарастырылған.
Үй және жұмыс киімдері тұратын және жуыну орны арқылы және дозиметрлік бақылау кедені арқылы жалғасқан.Жуыну орнымен киім тұратын орын жұмыс жасаушылардың максималды кезекшіліктеріне есептелінген.
Тұрмыстық ғимаратта тапсырыс берушінің тапсырмасына қарай ыстық булы монша қарастырылған.
Ыстық булы моншада өткізетін уақыт аралығында адам ағзасының физикалық және психологиялық функциялары тез қалыпқа келеді.
Ыстық булы моншаның аумағындағы температура жоғарғы жағында - 95130 ºС,ал төменгі жағында 60ºС құрайды.
Тұрмыстық ғимаратта арнайы кір жуу орны жобаланған.
Кір жуу орны жұмыс киімдері тұратын орынмен технологиялық байланысты.
Кір жуу орны:
- болуына байланысты жұмыс киімдерін күнделікті және ауысымды жууды қамтамасыз етуді;
- күнделікті төсек жабдықтарын,орамалдарды жууды.
Көлемдік жоспарлық және конструктивтік есептеулер
Негізгі өндірістік алаңы 15,0*60,0 м өлшемі жоспары бойынша жасалған .
Ғимараттың қабырғалары стальды каркас сияқты үш қабаттық металдық панельмен қапталған.
Бас ғимараттың ішінде екі қабатты бөлім 6,0*60,0 м , оның ішінде: басқару жүйелері , компрессорлы кіші қазандық , трансформаторлы
станция қуаттылығы 1000 кВт , химлобаратория , қызметтік бөлмелер ,
дәретхана және ӨҚБ бөлімі, диспетчерлік бөлімдер ӨҚБ.Өндіріс алаңының ішінде ілінген көтергіш кран, жүк көтергіштігі 5 тонна. Өндіріс едендері агресивті әсер ететін тауарлы регенерат ерітінділеріне төзімді .
Имараттар санаты - II.
Отқа төзімділігі - IIIa

Өнімді және айдама ерітінділердің тұндырғышы
Өнімді және айдама ерітінділердің тұндырғышы көлемі 3000 м3 бетонды бассейннен жасалынған .
Өнімді және айдама ерітіндіні айдайтын технологиялық сораптар
Конструкциялық орналасуы жағынан екі сорап станциясыда орнықты және тиімді орналасқан.
Сорап станциясы жоспар бойынша 9,0*18,0 м көлемді, ішінде жүк көтерімділігі 5 тонна болатын және жоғарыдан төмен қарай 5 метр жылжиьын қозғалмалы кран құрылғы.
Ғимарат іші бір қабатты, құрылыммен басқару панельдері бар және бір кезекші персонольға арналған бөлме бар.Ғимарат құрылысы каркасты темір конструкциядан жасалынып, қабырғалары жеңіл материалдарменбекітілген.
Ғимарат іші толық жарықпен қамтамасыз етілген, сонымен қатар жылу температура - 5 ºС ауытқып отырады.
Өрт сөндіру үшін сорапты станциясы
Бір қабатты өндірістік ғимарат көлемі 6,0*12,0 м болатын, жүк көтерімділігі 1 тонна құрылғы сораптарға қызмет ету үшін -2.400 белгіде орналасқан.
Ғимараттың биіктігі 4,2 м, қабырғалары кірпіштен, едендері темір бетоннан жасалынған. Жинағыш көлемі 2*100м3 су қоры сақталынады.
Дайын өнім қоймасы және дезактивация пункті
Бір қабатты өндіріс ғимараты, жоспар бойынша көлемі 18,0 *30,0 м болатын, ғимарат құрылысы аркасты темірден жасалынып, қабырғалары үш қабатты материалмен қапталған, сэндвич типті конструкция. Колонналар айырымы 6 м көлбеу бағытта. Қапталған үш қабатты панельдің жоғарыдан төмен арақашықтығы -7,2 м.
Ғимарат жылу, жарық және техникалық сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар дайын өнім контейнерлері мен дезактивация үрдісі үшін қажетті құрылғылар және жүк көтерімділігі 2 тонна болатын құрылғы.
Аммиакты силитра қоймасы және және көміртек - аммоний тұзы, ерітінді жасайтын торап
Бір қабатты өндірістік ғимарат өлшемі 12,0*30,0 м болатын ерітінді жасайтын торап және көмекші ғимарат. Ғимарат құрылысы темір бетонды каркас биіктігі 7,2 м болатын. Еден және қабырғасы темір бетонды монолит болып табылады .
Күкірт қышқылының қоймасы
Күкірт қышқылының қоймасы екі жинағышты көлемі (2*100 м3) тұрады, сорап арқылы ағызумен айдауға болады, төтенше жағдайға қажетті құрал жабдықтар.
Автокөлікке арналған гараж шеберханасы
Бір қабатты ғимарат көлемі 24 *42 м, биіктігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жасыл» құрылыс
Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
Ғимараттардың түрлері
Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Құрылыстық конструкцияларын пайдалану
Текелі кен орны
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал
Қоймалардың жобалау негіздері
Құрылыс қызметінінң объектілері
Пәндер