Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру



Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 14
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15
4.4 Маркетинг стратегиясы 16
5. Техникалық жоспарлау 17
5.1 Технологиялық процесс 17
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 18
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 21
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 22
7. Жобаны іске асыру 23
7.1 Іске асыру жоспары 23
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 23
8. Пайдалану шығыстары 24
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 25
10. Қаржыландыру қажеттілігі 27
11. Жобаның тиімділігі 28
11.1 Cash.flow проекциясы 28
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28
11.3 Баланс проекциясы 28
11.4 Қаржы индикаторлары 28
12. Әлеуметтік.экономикалық және экологиялық әсер 30
12.1 Жобаның әлеуметтік.экономикалық мәні 30
12.2 Қоршаған ортаға әсер 30
Қосымшалар 31
Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.
Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады. 

Бизнес-жоспар
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру

2011 жыл
Содержание
Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингтік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 14
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15
4.4 Маркетинг стратегиясы 16
5. Техникалық жоспарлау 17
5.1 Технологиялық процесс 17
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 18
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 19
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 21
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 22
7. Жобаны іске асыру 23
7.1 Іске асыру жоспары 23
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 23
8. Пайдалану шығыстары 24
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 25
10. Қаржыландыру қажеттілігі 27
11. Жобаның тиімділігі 28
11.1 Cash-flow проекциясы 28
11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28
11.3 Баланс проекциясы 28
11.4 Қаржы индикаторлары 28
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 30
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 30
12.2 Қоршаған ортаға әсер 30
Қосымшалар 31

Кестелер тізімі
1-кесте - Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
2 - кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
3-кесте - Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
4-кесте - Өнімге жоспарланған баға
5-кесте - 2011 жылғы қазандағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кептірілген нан мен печенье өндіретін кәсіпорындар бағасының индексі, %
6-кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі
7-кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі
8-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі
9-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
10-кесте - 2012 жылға арналған инвестициялық шығындар
11-кесте - 1 байдағы ауыспалы шығыстар
12-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг.
13-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.
14-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге
15-кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге
16-кесте - Кредиттеу шарттары
17-кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың тг.
18-кесте - Өнімділік көрсеткіштері, мың тг
19-кесте - Баланстық есеп коэффициенттері
20-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері
21-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.
22-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

Суреттер тізімі
1-сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.
2-сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна
3-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында металл кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге
2 012
Негізгі капиталға инвестициялар
2 360
Айналым капиталы
716
Барлығы
3 076

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Негізгі капиталға инвестициялар
716
03.2012
23%
Айналым капиталы
2 360
03.2012
77%
Барлығы
3 076

100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
тенңе
Пайыздық ставка, жылдық
7%
Өтеу мерзімі, жыл
6,0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
6
Өтеу түрлері
тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге
509
Активтердің рентабельділігі
23%

10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 267 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
13%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
267
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
4,8
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
5,8

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын құруға;
- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын ауданның бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кіріспе
Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.
Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:
- сары майдан жасалған кептірілген нан;
- ірімшік қосылған печенье;
- Марго кепкен тоқаштары.
Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылатын болады.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген.Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1-ден 2 айға дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері - . нәзіктігі мен суда бұқтырылуы. Кептірілген нан нәзік болуы тиіс. Олардың суда толық бұқтырылуы 60 оС кезінде 1-2 минут болуы қажет.
Печенье. Пече́нье -- қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады.
Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар. Бұдан басқа осы топқа нан қиықшалар мен нан таяқшалар да кіреді.
Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен жасалады. .
Бір бубликтің салмағы 50-100 г, шығыршығының диаметрі 7-10 см, шығыршықтың қалыңдығы 3,3 см, ылғалдығы 25-27 %.
Баранкалар диаметрі 7-9 см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің салмағы 25-40 г, ылғалдығы 14-19 %.
Сушкилердің баранкалардан айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4-6 см)мен шығыршығының қалыңдығы (1,0-1,7 см). Бір өнімнің салмағы 6,5-12 г, ылғалдығы 9-13 %.
Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100-280 мм болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның түріне байланысты 7-ден 11% дейін.
Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.
1-кесте - Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
Атауы
Түрі
Печенье
Ірімшікпен
Кептірілген нан
Сары май қосылған
Сушкалар
Марго

3. Өндірістер бағдарламасы
Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады.
2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
2 - кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Көрсеткіш
2 012
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Қуаты, %
77%
93%
95%
100%
100%
100%
100%
Ірімшік қосылған печенье, кг.
2 760
4 440
4 560
4 800
4 800
4 800
4 800
Май қосылған кептірілген нан, кг.
2 553
4 107
4 218
4 440
4 440
4 440
4 440
Марго сушкалары, кг.
2 553
4 107
4 218
4 440
4 440
4 440
4 440

Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.
3-кесте - Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
Көрсеткіш
2 012
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Ірімшік қосылған печенье, кг.
1 270
2 042
2 098
2 208
2 208
2 208
2 208
Май қосылған кептірілген нан, кг.
1 200
1 930
1 982
2 087
2 087
2 087
2 087
Марго сушкалары, кг.
1 277
2 054
2 109
2 220
2 220
2 220
2 220
Барлығы
3 746
6 026
6 189
6 515
6 515
6 515
6 515

Бағаны қалыптастыру кезінде халықтың орташа табыс деңгейі ескерілді
Түсімдерді есептеген кезде цех өнімінің мынадай құны назарға алынды:
4-кесте - Өнімге жоспарланған баға
Атауы
Мәні, тгкг.
Ірімшік қосылған печенье
460
Май қосылған кептірілген нан
470
Марго сушкалары
500

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық және өндірістік әлеует бар.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55,3 млрд. теңгенің тамақ өнімі, 1,5 млрд. теңгенің сусыны өндірілді. Тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты көлем индексі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 120,2%, сусындар өндірісінде - 95,5% құрады.
Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің деректері бойынша облыстың республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8,2%-ға, сусындар - 1,1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінде салалар үлесі тиісінше 8,9 және 0,2% құрады.
Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің көбінде өндіріс көлемінің өскені байқалады.
Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінде, өзге де тамақ өнімдерінде өнім көлемінің төмендегені байқалды.
Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын кәсіпорындарда 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 5891 адам немесе барлық өнеркәсіп өндірісінде жұмыс істейтіндер санының әрбір он үшінші адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Тамақ өнімдері өндірісінде орташа айлық жалақы 39268 теңге немесе 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111,2% мөлшерінде қалыптасты.

1-сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.

Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 230,5 млн. теңгеге төмендеді.
2-сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна

Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен тәтті нандар өндірісі бойынша аздап төмендеу байқалады. Мысалы, 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 158 тонна кептірілген нан мен печенье шығарылды, бұл 2009 жылғыдан 396 тоннаға кем.

5-кесте - 2011 жылғы қазандағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кептірілген нан мен печенье өндіретін кәсіпорындар бағасының индексі, %

2011 жылғы қазан

2011 жылғы қыркүйек
2010 жылғы желтоқсан
Кептірілген нан және печенье өндірісі, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісі
102,3
114,0
Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті

5-кестеде Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі келтірілген.

6-кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі
Өнімнің атауы
Өндірушінің атауы
Орау, грамм
Бағасы, 1 қорабына теңгемен
Бағасы, 1 кг үшін теңгемен
Кептірілген нан

Караганда Нан
300
119 - 139
397 - 463

Приправыч
200
119 - 125
595 - 625

Цесна
800
185-190
231 - 238
Сушкалар

Караганда Нан
400
129-155
323 - 388

500
389-395
778 - 790

Аксай Нан
400
165-169
413 - 423

Цесна
400
165-167
413 - 418
Қоспасыз печенье

Уральские кондитеры
1 000
395-619
395-619

Баян - Сулу
1 000
279-325
279-325

Фламинго
1 000
469-470
469-470

Золотой ключик

650
665-669
1 023 - 1 029

750
665-669
887 - 892

400
105 - 119
263 - 298

700
215
307

Рахат
185
65-67
351 - 362

270
139-140
515 - 519

350
139-155
397 - 443

1 000
320-349
320-349

Бидай Нан
300
199-200
663 - 667

Конти
1 000
355-357
355-357

Ламзурь
1 000
359-362
359-362

Сладкая сказка
1 000
599-604
599-604

Султан
80
39-40
488 - 500

175
79-80
451 - 457

240
239-242
996 - 1 008

300
135-145
40 - 483

Roshen
1 000
579-580
579-580

Twix
200
399-402
1 995 - 2 010

Twixels
125
285-290
2 280 - 2 320

250
530-535
2 120 - 2 140
Қоспасы бар печенье
Choco Boy
100
345-347
3 450 - 3 470

Choco - Pie
168
269-270
1 601 - 1 607

336
499-500
1 485 - 1488

Wolf
500
545-547
1 090 - 1 094

АВК
1 000
519-579
519-579

Саратов
1 000
599-600
599-600

Сладкая сказка
1 000
425-428
425-428

Сладко
135
75-78
555 - 578

Хамле
85
55-57
647 - 671

170
95-98
559 - 576

190
85-86
447 - 453

200
95-98
475 - 490

Ақпарат көзі: Компаниялар сайты
Кесте қорытындылары бойынша мынадай қорытынды шығаруға болады:
- Кептірілген нанның бағасы (әр түрлі қалталау) мынадай диапазонда ұсынылған 119 - 190 теңге;
- Сушкалардың бағасы (әр түрлі қалталау) - 129 - 395 теңге;
- Қоспасы жоқ печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) - 39 - 669 теңге;
- Қоспасы бар печеньенің бағасы (әр түрлі қалталау) - 55 - 428 теңге.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындар болып табылады.

7-кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі
Компаниялардың атауы
Қала, кент
Белоусовка нан зауыты
Белоусовка кенті
Шығыс Қазақстан ұн тарту-жемазық комбинаты АҚАО Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат
Семей қаласы
'БАРС' компаниясы
Өскемен қаласы
Колос
Өскемен қаласы
Бейкер ЖШС
Өскемен қаласы
Бек ЖШС
Семей қаласы
Брик ЖШС
Өскемен қаласы
Вегас ЖШС
Өскемен қаласы
Рамко Трейдинг Компани ЖШС
Семей қаласы
Саламин ЖШС
Өскемен қаласы
'Жолдас' ЖШС
Семейқаласы
Common Market
Өскемен қаласы
"АЙДАР" №2 НАН ЗАУЫТЫ
Семей қаласы
"АККОРД-ВКО" ЖШС
Өскемен қаласы
"АЛТЫН-ДЭН и Ко" ЖШС
Семей қаласы
"АРНА" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ ФИРМАСЫ
Өскемен қаласы
"БУХТАРМА" КӘСІПОРНЫ
Өскемен қаласы
"ДЮКАС" ААҚ
Өскемен қаласы
"КУРМАН" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ (ЖШС)
Өскемен қаласы
ЖШС
Өскемен қаласы
№3 НАН ЗАУЫТЫ (ЖШС)
Өскемен қаласы
Аккорд
Өскемен қаласы
Ладога и К
Өскемен қаласы
Мельзавод Защита
Өскемен қаласы

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:
- Сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;
- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;
- Шағын өндіріс, өзгеріп отыратын жағдайға тез икемделу тәсілі;
- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
Кондитер өнімдері Кеден одағының Сезімтал тауарлар тізбесіне енгізілген. Әкелу кеден бажының ставкасын Кеден одағының комиссиясы кейіннен консенсуммен қабылдайтын болады. Баждың орташа ставкасы әріптес елдердің нөлдік ставкасы есебінен төмен болады, бұл импорттың, әсіресе Ресейден келетін импорттың ұлғаюына әкеледі. Бірақ бұл ішінара Қазақстанның өндіріс қуатын ұлғайтуына және сапаны сақтауына байланысты болады.
Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы инфляция диапазонында өсу үрдісін сақтайды деп күтілуде.
ATFBank Research сарапшыларының бағалауы бойынша нақты ақша кірісінің 1%-ға өсуі заттай мәніндегі тұтыну көлемінің 0,6%-ға ұлғаюына әкеледі. Болашақта кондитер өнімдерін тұтыну көлемін одан әрі ұлғайту күтілуде.

4.4 Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда:
Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы;
Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;
Құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Технологиялық процесс
Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы
* Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасы төмендегі операциялардан тұрады.:
* шикізатты өндіріске дайындау;
* ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту;
* қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар);
* көтерілуге қою;
* дайын қалыптарды пісіру;
* салқындату және қалыпты дайындау;
* қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;
* табақтарды пештің асына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу;
* салқындату;
* іріктеу, кептірілген нанды ыдыстарға салу немесе оларды қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау.
* Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісінің технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен және технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соның базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды опара тәсілімен дайындау кеңінен тараған:
* қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезеңмен нан илейтін машиналарда илеу, оған көтерілуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылымдық бөлімдердің бизнес - жоспары
Нан-тоқаш бұйымдарын өндіруге арналған цехты жөндеу
Нан өңдіру технологиясы
Кондитерлік тағамдарды дайындау технологиясы
Кондитер өндірісінің жаңа инновациялық технологиясы
Кондитерлік өнімдер өндіру
Қамыр дайындау
Шикізаттарды дайындау
Қара бидай наны
Астықты Жармада өңдеудің арнайы технологиялары
Пәндер