«Қазақ тілі бойынша онлайн тестілеудің мобильді қосымшасын құру»



Кіріспе 7
1. Ұялы телефон тарихы 9
1.1 Ұялы телефондардың түрлері
1.2 Операциялық жүйелер
1.3 Амалдық жүйе (АЖ)
1.4 Ықшамды (желілі) операциялық жүйелер 9
10
11
12
1.5 Андроид операциялық жүйесі 14
1.6 Андроид операциялық жүйесінің шығу тарихы 14
2. Андроид операиялық жүйеде бағдарлама жасау 16
2.1 Неге андроид операциялық жүйесі таңдалды? 16
2.2 Андроид операиялық жүйесіне бағдарлама жасаудың негіздері 16
2.3 Core қабаты 16
2.4 Кітапханалар деңгейі 18
2.5 Бағдарламаның негізгі деңгейі(Application Framework) 19
2.6 Бағдарламалар қабаты(Application Layer) 19
3.1 Бағдарламаның құрылымы 21
3.2 Бағдарламаның компоненттерінің сипаттамасы 21
3.3 Негізгі әрекет (Main Activity) 22
3.4 Бағдарламалық жолмен жүзеге асыру процесі 27
3.5 Java (бағдарламалау тілі 28
3.6 Android Manifest.xml файл құрылымы 34
3.7 Ресурс каталогі
3.8 Пішіндер(layout) файлдар.
3.9 Әрекет(activity) файлдары 37
37
40
Қорытынды 47
Қолданылған әдебиеттер тізімі 48
XXI ғасыр техниканың даму, өркендеу, жалпы айтқанда техника ғасыры. Қазіргі кезде тек компьютерлер дамып қана қоймай , сонымен қатар ұялы телефондар да қарқынды даму жолында. Технологиялар адамдардың өмірін жеңілдетіп , жаңалықтар әкелуде. Технология қазіргі уақытта өркениет пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін «технология» ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым «информациямен» бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.
Бүгінгі күндері ұялы телефондар нарығы қарқынды дамуда. Егер бұрын ұялы телефонның міндеті қоңырау шалу,sms жіберу болса,қазіргі кезде ол кішігірім компьютерге айналды.Оған интернетпен байланыс,фотосурет және бейнефильм түсіру , GPS, әндерді тыңдау , түрлі ойындар ,бағдарламалар орнату және т.б функциялар қосылды.Күнде жаңа бір бағдарламалар шығып, қолданушыларды қуантуда.Осындай факорларға сүйене отырып, ұялы телефондардың болашағы зор екендігіне көз жеткізуге болады.
1. Android Application Development / Rick Rogers, John Lombardo, Zigurd Mednieks, and Blake Meike.
2. Chris Haseman Android Essentials
3. Reto Meier Professional Android™ 2 Application development.
4. Hart S.D., Maskaly G.R., Temelkuran B., Prideaux P.H., Joannopoulos J. D.,
Fink Y.M. External Reflection from Omnidirectional Dielectric Mirror Fibers. -Science, 296. 2012. - 513 p.
5. Варакин, М.В. Разработка мобильных приложений под Android: учебное пособие / М.В. Варакин; Центр компьютерного обучение "Специалист" при МГТУ им. Н.Э. Баумана – Москва, 2012 – 128с.
6. Голощапов, А.Л. Google Android. Программирование для мобильных устройств.
7. Android бағдарламаушының ресми анықтамасы [Электрондық ресурс]
http://developer.android.com/index.html
8. Коматинэни С., Маклин Д., Хэшими С. Google Android: программирование для мобильных устройств = Pro Android 2. — 1-е изд. — СПб.: Питер, 2011. — 736 с. — ISBN 978-5-459-00530-1.
9. Сатия Коматинени, Дэйв Маклин. Android 4 для профессионалов. Создание приложений для планшетных компьютеров и смартфонов = Pro Android 4. — М.: Вильямс. — 880 с. — ISBN 978-5-8459-1801-7.
10. Роджерс Р., Ломбардо Д. Android. Разработка приложений. — М.: ЭКОМ Паблишерз, 2010. — 400 с. — ISBN 978-5-9790-0113-5.
11. Донн Фелкер. Android: разработка приложений для чайников = Android Application Development For Dummies. — М.: Диалектика, 2011. — 336 с. — ISBN 978-5-8459-1748-5.
12. Android ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет [Электрондық ресурс] https://kk.wikipedia.org/wiki/Android
13. Смартфоны Android без напряга. Руководство пользователя / Андрей Жвалевский . - СПб.: Санкт-Петербург, 2012. - 224 с.
Программирование для Android. Самоучитель / Денис Колиснеченко . - СПб.: Санкт-Петербург, 2011. - 272 с.

Қaзaқстaн Рeспубликaсының Бiлiм жәнe ғылым министрлiгi

Әл - Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрситeтi

Жұматаев О.Б.

ҚАЗАҚ ТІЛІ БОЙЫНША ОНЛАЙН ТЕСТІЛЕУДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ҚҰРУ

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС

5B070300 - Ақпараттық жүйелер

Aлмaты 2015

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Қазақ тілі бойынша онлайн тестілеудің мобильді қосымшасын құру

Орындаған
____________________
(қолы)
Жұматаев О.Б.

Ғылыми жетекші,
Ф.-м.ғ.д.доцент
____________________
(қолы)
Кабдрахова С.С.

Норма бақылаушы
____________________
(қолы)
Жуманов Ж.М.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңг.қ.а, PhD доктор

____________________
(қолы)

Есенгеалиева Ж.С.

Алматы, 2015
РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 3 тараудан, 52 беттен, 22 суреттен, 2 кестеден, 16 әдебиет көздерінен тұрады. Кілттік сөздер:.
Жұмыстың мақсаты: андроид операциялық жүйесіне қазақ тілінен тест бағдарламасын жасау және оның пайдасы.
Зерттеу нысаны: андроид операциялық жүйесі. Жұмыс барысында Java бағдарламалық тілі және Eclipse(ADT өңдеу ортасы) бағдарламасы қолданылды.
XXI ғасыр техниканың даму, өркендеу жалпы айтқанда техника ғасыры.
Барлық адамдарда тіпті мектеп оқушылары ұялы телефондарды үзбей қолдануда.Егер екі-үш жыл бұрын бір ақпарат алу үшін компьютер керек болса , қазір ұялы телефондар арқылы тез арада ақпарат алмаса алады.Статистакаға қарасақ ұялы телефондар қолданушыларының саны артуда.Сондықтан ұялы телефондарға арналған бағдарламаларының болашағы үлкен.Менің мақсатым андроид операциялық жүйесіне тест бағдарламасын жасау ғана емес және оның қолданушыларға тиетін пайдасы.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 3 глав, 51 страниц, 22 рисунков, 2 таблиц и 16 использованных источников. Ключевые слова:.
Цель работы: разработка мобильного приложения для теста по казахскому языку и его польза для пользователей .
Объект исследования: Мобильная операционная система андроид . Во время работы использовались язык программирования Java и среда разработки Eclipse(ADT).
XXI век - век информационных технологий.У каждого человека даже
среди учащихся школ есть мобильные телефоны.Если два - три года назад тобы посмотреть какую нибудь информацию нужен был компьютер , то сейчас все можно сделать при помощи мобильных телефонов. Если посмотреть на статистику, то пользователи мобильных приложений увеличиваются.Моя цель не только разработка мобильного приложения но и польза пользователям мобильных телефонов работающей под платформой Андроид.

ABSTRACT

The thesis consists 3 chapters, 51 pages, 22 pictures, 3 table and 16 books.
Aim: develop a mobile application for testing in kazakh language and its benefits to the users.
Keywords:android, smartpone, molbile developling , eclipse.
During operation used Java programming language and development environment Eclipse (ADT).
XXI century - the century of information technology. It's no secret that smartphones are everywhere these days. It seems like nearly everyone has one, even if they're not sporting some fancy new model. If two - three years ago to get
Some information from internet we used computers, nowadays everything can be done with the help of smartphones. Statistics says that users of mobile applications are growing up.My goal is not only the development of mobile applications for Android platform also its be to users.


АНЫҚТАМАЛАР

Ұялы телефон -- радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Eclipse (iˈklɪps, ағылш. Тұтылу) -- модульдік және кроссплатформалық еркін бағдарламалық қамтамасыз ету қосымшасы біріктірілген өңдеу ортасы.



МАЗМҰНЫ

Кіріспе
7
1. Ұялы телефон тарихы
9
1.1 Ұялы телефондардың түрлері
1.2 Операциялық жүйелер
1.3 Амалдық жүйе (АЖ)
1.4 Ықшамды (желілі) операциялық жүйелер
9
10
11
12
1.5 Андроид операциялық жүйесі
14
1.6 Андроид операциялық жүйесінің шығу тарихы
14
2. Андроид операиялық жүйеде бағдарлама жасау
16
2.1 Неге андроид операциялық жүйесі таңдалды?
16
2.2 Андроид операиялық жүйесіне бағдарлама жасаудың негіздері
16
2.3 Core қабаты
16
2.4 Кітапханалар деңгейі
18
2.5 Бағдарламаның негізгі деңгейі(Application Framework)
19
2.6 Бағдарламалар қабаты(Application Layer)
19
3.1 Бағдарламаның құрылымы
21
3.2 Бағдарламаның компоненттерінің сипаттамасы
21
3.3 Негізгі әрекет (Main Activity)
22
3.4 Бағдарламалық жолмен жүзеге асыру процесі
27
3.5 Java (бағдарламалау тілі
28
3.6 Android Manifest.xml файл құрылымы
34
3.7 Ресурс каталогі
3.8 Пішіндер(layout) файлдар.
3.9 Әрекет(activity) файлдары
37
37
40
Қорытынды
47
Қолданылған әдебиеттер тізімі
48

КІРІСПЕ

XXI ғасыр техниканың даму, өркендеу, жалпы айтқанда техника ғасыры. Қазіргі кезде тек компьютерлер дамып қана қоймай , сонымен қатар ұялы телефондар да қарқынды даму жолында. Технологиялар адамдардың өмірін жеңілдетіп , жаңалықтар әкелуде. Технология қазіргі уақытта өркениет пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін технология ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым информациямен бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.
Бүгінгі күндері ұялы телефондар нарығы қарқынды дамуда. Егер бұрын ұялы телефонның міндеті қоңырау шалу,sms жіберу болса,қазіргі кезде ол кішігірім компьютерге айналды.Оған интернетпен байланыс,фотосурет және бейнефильм түсіру , GPS, әндерді тыңдау , түрлі ойындар ,бағдарламалар орнату және т.б функциялар қосылды.Күнде жаңа бір бағдарламалар шығып, қолданушыларды қуантуда.Осындай факорларға сүйене отырып, ұялы телефондардың болашағы зор екендігіне көз жеткізуге болады.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтанда ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет - өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу.
Қазақстандағы смартфондарға арналған бағдарламалардың санын көбейту және қолданушылардың қазақ тілінің деңгейін көтеру мақсатында мен андроид операциялық жүйесіне арналған бағдарлама жасадым.
Менің бағдарламамның аты-"Қазақ тілінен тест".Ол қолданушыға қазақ тілінен тест өту мүмкіндігін береді. Құрамында 100 сұрақ бар бағдарлама қолданушыға он сұрақтан беріп отырады.Себебі,психологиялық жағынан адам 20-30 сұрақтан кейін жалығады, соны ескере отырып мен 10 сұраққа бөлдім.Бағдарламаны қайта бастағанда жаңа сұрақтар шығып отырады және қайталанбайды.Сұрақтар 9-11 сынып оқушыларына арналған кітаптардан алынған.Бағдарлама сәтті тестілеулерден өткен.
Бұл тестің пайдасы қолданушының қазақ тілінен сауаттылыгын арту болып табылады және мектеп оқушыларына ҰБТ-ға дайындалу құралы болып табылады. Себебі бүгін көптеген адам өзінің ана тілін білмейді , ал осындай ойын негізінде жасалған бағдарламалар арқылы біз балалар мен үлкендер арасында сауаттылықты арта аламыз.Тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы деген болатын. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.

1 ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР ТАРИХЫ

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, қоңырау деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

1.1 Ұялы телефондардың түрлері.

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефонсмартфон.
Ұялы бейнетелефон.
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалуқабылдау, SMS, соңғы кездері фотобейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон
Смартфон (ағылш. smart -- білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Сурет 1. Әр түрлі компаниялар өндіретін смартфондар

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
Ұялы телофондардың компьютерден артықшылығы ол әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзінізбен ұстай аласыз.
Смартфон -- өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің Интернетке шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады.
Смартфонның ұялы телефоннан айырмашылығы -- оның амалдық жүйесі болады.
Планшет -- смартфонның үлкейтңлген түрі, пайдаланушы оның бейнебетінде арнайы қаламұштың көмегімен жазу жаза алады.
Смартфон, планшеттер операциялық жүйе негізінде жұмыс жасайтын болғандықтан, төменде олардың операциялық жүйелеріне, олардың айырмашылығына тоқтала өтейік.

1.2 Операциялық жүйе

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) -- компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.

Сурет 2.Операциялық жүйелердің түрлері

Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар -- тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

1.3 Амалдық жүйе

Амалдық жүйе (АЖ) - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.
Амалдық жүйе бомаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық апараттық , сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі - пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

1.4
Ықшамды (желілі) операциялық жүйелер

iOS (бұрынырақ iPhone OS)
iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) -- Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады.

Сурет 3. Сурет 4. iOS логотипі

iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған.
iOS MacOS-тің негізінде құрылып, оның POSIX (орыс.)қазақ.-үйлесімді Darwin (орыс.)қазақ.-нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады.
iOS-та төрт абстракциялау қабаты (орыс.)қазақ. бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты.
iOS-тың қазіргі таңдағы версиясында (iOS 6.0) жүйелік бөлімге құрылғының 1,5 -- 2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді).2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде iOS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.
Windows Phone -- 2010 жылдың 11 қазанында жарық көрген Microsoft компаниясымен құрастырылған мобильді операциялық жүйе. 21 қазаннан бастап жаңа платформаға құралған алғашқы құрылғылар сатылуға түсе бастады.Windows Phone сәйкес болмаса да Windows Mobile операциялық жүйесінің толығымен жаңартылған интерфейсі бар және алғашқы рет Microsoft-тың Xbox Live және Zune медиаплеері қызметі интеграцияланған ізбасары саналады. Жүйенің тұсаукесері Барселонада өткен Mobile World Congress 2010 шарасына байланыстырылды.

Сурет 4. Windows Phone логотипі

Windows Phone 7 - 2010 жылдың 15 ақпаныңда Барселонаның Mobile World Congress көрмесінде бірінші рет елге таңыстырылды.Ал мобильді жүйенің алғаш нұсқасы 2010 жылдың 11 қазаныңда жырық көрді.21 қазаннан бастап тұңғыш Windows Phone-смартфондары сатылымға түсті.Windows Phone 7.5 - 2011 жылы Mobile World Congress көрмесінде жарық көрген бұл операциялық жүйенің тұңғыш 7.5 санымен бекітілген жаңартылуы.Windows Phone 7.8 - 2012 жылдың екінші үлкен жаңартылу.Windows Phone 8 - Мобильді жүйенің келесі 8 санымен бекітілген нұсқасы. Басты өзгешеліктері: - Internet Explorer Mobile 10 - Көп ядролы процессорларын қолдау - NFC технологиясын қолдауы - 1280x768 және 1280x720 пиксельді экрандар - Интерфейстегі плиткалардың жаңа өлшемдері (кішкентай, орташа және кең) - Flash card қолдауы.Windows Phone 8.1 - 2014 жылдың осы мобильді операциялық жүйенің ең үлкен жаңартылымы. Бұл жаңартылымның толық тізімді өзгертулерін Уикипедияның ағылшынша немесе орысша беттерінде таба аласыз.

1.5 Android операциялық жүйесі

Android операциялық жүйесі Android -- ықшамды (желілі) операциялық жүйе.Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған.Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Сурет 5. Android логотипі

1.6 Андроид операциялық жүйесінің шығу тарихы

2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды.Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады.Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.Қазіргі таңда операциялық жүйенің 10 нұсқасы шығып үлгерді және біреуі әзірлену үстінде. Соңғы нұсқасы -- 5.0 Ice Lollipop.
Даму тарихы 2005 жыл шілдеде -- Google компаниясы Android Inc. компаниясын сатып алды.2007 жыл 5 қыркүйек -- мобилді құрылғыларға арналған ашық стандарттар жасау мақсатында құрылатын Open Handset Alliance (OHA) компания тобының құрылуы жөнінде ресми хабарлады.12 қараша -- Android Early Look SDK жасаушыларына арналған алғашқы нұсқаның пакеті көрсетілді әрі жүктеуге ұсынылды.2008 жыл 18 тамыз -- OHA SDK 0.9 beta жаңа нұсқасы шыққаны туралы хабарлады.23 қыркүйек -- Google компаниясы T-Mobile мобилді оператормен және тайваньдық HTC компаниясымен бірге жаңа Android 1.0 платформасының базасында жұмыс жасайтын T-Mobile G1 (HTC Dream) смартфоны шығатыны туралы құлақтандырды.SDK 1.0, Release 1 жасаушысының алғашқы толыққанды пакетті шықты.2009 жыл 30 сәуір -- жаңаланған Android 1.5 (Cupcake) нұсқасы ресми түрде шықты.15 қыркүйек -- Android 1.6 (Donut) нұсқасы шықты.26 қазан -- Android 2.0 (Eclair) нұсқасы шықты.3 желтоқсан -- Android 2.0.1 нұсқасы шықты.2010 жыл 12 қаңтар -- Android 2.1 нұсқасы шықты. Кейбір деректер бойынша оны Flan деп атаған, бірақта бұл Eclair релизінің бір бөлігі болған.2010 жыл мамыр -- Android 2.2 (FroYo) нұсқасы шықты.2010 жыл жетоқсан -- Android 2.3 (Gingerbread) нұсқасы шықты.
2011 жыл 22 ақпан -- Android 3.0 (Honeycomb) нұсқасы шықты.2011 жыл 15 тамыз -- Google компания Motorola Mobility директорлар кеңесімен телекоммуникациялық корпорацияны 12,5 млрд долларға сату жөніндегі келісімге отыра алды.2011 жыл 9 қыркүйек -- Android 4.0 Jelly Bean туралы алғашқы сыбыстар естіле бастады.2011 жыл 19 қазан -- Android 4.0 Ice Cream Sandwich нұсқасы шықты.2015 жыл - Android 5.0 Lollipop нұсқасы шықты.Android-тың 1.6 нұсқасында жасаушылар Native Development Kit комплектін қосты.Онымен linux-кітапхананың стандарттарына қарайласа отырып, CС++ тілдік жүйесіне арнап төменгі дәрежелі модулдер жазуға болады.Java қолданба жәй жылдамдықпен жұмыс жасайды, сонымен қатар оперативтік жадты үлкен көлемде қажет етеді (соңғы жетіспеушіліктің орны толтырылуы мүмкін).Google Play және де Google-дің басқа қызмет түрлеріне ену үшін телефон жасаушы компания міндетті түрде Google-мен мақұлданған келісім-шартқа отыру керек.Кейбір шолушылардың айтуы бойынша, Android өзінің бәсекелесі Apple iOS-тан бірнеше қызмет түрлерінен алда болып тұр екен, мысалға: уеб-серфинг, Google Inc. қызмет түрлерімен бірлесіп жұмыс жасау және т.б.. Android жүйесі iOS жүйесіне қарағанда ашық түрдегі платформа болып табылады, сондықтан онда көп функцияларды қолдануға болады.iOS пен Windows Phone 7-ке қарағанда Android-та Bluetooth-дің бір мезетте файлды жіберіп және алуға мүмкіндік беретін толыққанды жасалған торшасы бар.Android аппараттарда дәстүр бойынша құжаттарды компьютерден телефонға тез арада тасымалдай алатын MicroSD-кардридері болады.PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операциялық жүйесін Редакция қалауы аты жүлдемен марапаттады, олардың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айырмашылықты кетірген.2012 жылдың маусым айында Ведомости газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті компьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрылығыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.

2. АНДРОИД ОПЕРАИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ

2.1 Неге андроид операциялық жүйесі таңдалды?

Сурет 6. IDC компаниясының зерттеуі графигі

Суретке қарасақ 2014 жылы Android ұялы телефондар нарығының 81,5% (3,5% өскен) алған , ал iOS 14,8%( 2% түскен), Windows Phone 2,7%, BlackBerry -- 0,4%.Зерттеу барысында Android платформасында жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға арналған бағдарлама жасау шешімі қабылданды, себебі статистика бойынша және эксперттер пікірінше андроид платформасы смартфондар нарығында үлкен орын алуда.

2.2 Андроид операиялық жүйесіне бағдарлама жасаудың негіздері

Android системасы - linux ядросында жасалған open source операциялық жүйесі.

2.3 Core қабаты

Негізгі аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету стегінің арасындағы абстракциялық қабат болып табылады. Бұл қабатта процесс басқару, жад бөлу, және файл жүйесін басқару қызметтері жұмыс атқарады.
Негізгі андроид ядросы Linux 2.6 нұсқасында негізделген, бірақ Android жүйесі таза түріндегі Linux-жүйесі емес, оның кейбір айырмашылықтар бар және Android жүйесінің өзінің қосымша ядролары үшін арнайы жад бөлу және оның механизмдері, процестер арасындағы өзара байланыс және басқа да ядро деңгейінде негізгі компоненттер сияқты кеңейтімдері бар.Ядро деңгейінде негізгі компоненттері::: Процесстер арасындағы байланыс драйвері (IPC драйвері);:: Android қуат басқару драйвері (Power Management Driver).
Мобильді құрылғының бөлігі болып табылады құрылғылар үшін драйверлердің жиынтығы.

Сурет 7. - Android системасының архитектурасы

Енді қысқаша негізгі Android негізгі компоненттерін қарастырайық:IPC драйвері Бағдарламалар мен қызметтердің бір-бірімен ортақ деректерге қауіпсіз қосылу үшін керек жеке процестердің қарым-қатынасын реттейді. Android платформасы процестердің арасындағы өзара байланысын реттеу үшін IPC (inter-process communication) драйверін қолданады,Қуатты басқару Қуатты басқару жүйесі (Power Management Driver) Linux қуат басқару стандартты драйверінің негізінде жасалған драйвер, бірақ мобильді құрылғылардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.Қуатты басқарудың негізгі функциясы - мобильді құрылғының батареясын үнемді пайдалану. Мобилді құрылғының жабдық драйвері Мобильді құрылғыгың бөлігі болып табылатын құрылғылар (сенсорлық экран, камера, GPS, акселерометр және т.б) үшін драйверлердің жиынтығы.

2.4 Кітапханалар деңгейі

Кітапханалар деңгейі Linux ядросынан кейін келесі қабат CC++ OpenGL, Webkit, FreeType, SSL, libc кітапханасы, SQLite деректер базасы және мультимедиа кітапханасы (media framework) сияқты кітапханалардың жиынтығынан тұрады. Жүйелік кітапхана Berkeley Software Distribution (BSD) Linux негізіндегі мобильді құрылғыларға арналған кітапханадан тұрады.
libc жүйелік кітапханасы Google C- кітапханасы (libc) негізінде - Bionic кітапханасын жасады. Ол төменгі себептерге байланысты пайда болды:
Кітапхана әрбір процеске қосылғандықтан оның мөлшері кіші болуы тиіс. Bionic кітапханасының мөлшері 200 килобайт болды, ол glibc кіарханасыныың жартысы мөлшеріне тең;:: мобильді құрылғының орталық процессерінің шектеулі қуатын ескере отырып, бұл кітапхана жылдам жұмыс істеуге бағытталған.Bionic кітапханасы андроидтың маңызды жүйелік қызметтерімен жұмыс істей алады. Сыртқы бет(графика) менеджері Андроид жүйесі Compiz сияқты андроид сыртқы бет(графика) менеджерін (3d-графикасын OpenGL-ді қолданып жеделдету үшін пайдаланылады) пайдаланады. Ол суретті тікелей көрсетпей биттерге бөліп, кейін бәрін қосып көрсетеді. Бұл жүйе қызықты әсерлерлер жасауға мүмкіндік береді.

Сурет 8. Графиканы өңдеу процесі

Функционалдық кітапханасы Android CC++ тілдерінің түрлі кітапханаларын қолданады. Олар : Мультимедиа (media framework). Бұл кітапханал аудио және бейне форматтардың жазу және ойнату үшін жауапты болып табылады.Ол Packetvideo opencore негізінде жасалған және танымал аудио және бейне форматтарды (mpeg4, H.264, mp3 және т.б.) қолдау үшін әзірленген.SQLite - барлық бағдарламалар қолдана алатын дерекқор, деректер базасы (Database Engine). Sqlite құрылғының жадында орындалатын бағдарламаның стандартты файлында (анықтамалар, кестелер, индекстер, және деректерді қоса алғанда) тұтас деректер базасын құрайды. OpenGL ES - 3d-графикамен жұмыс істеу үшін қолданатын қозғалтқыш.OpenGL ES - мобильді құрылғылар үшін жасалған.Ол ауыр графикамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін OpenGL-дің оңайлатылған нұсқасы.FreeType - растрлық және векторлық қаріптермен жұмыс істеуге арналған қаріп кітапханасы.Webkit - Android веб-браузерінің жұмыс істеу үшін арналған кітапхана. Webkit CSS, JavaScript, DOM, AJAX технологияларымен жұмыс істей алады.SGL - 2D-графикамен жұмыс істеу үшін қолданатын қозғалтқыш. Android жүйесінде сондай-ақ өзінің skia 2D графикалық қозғалтқышы бар.SSL - sslv3.0 және tslv1.2 протоколдарының негізінде жасалған сокеттермен(интернет интерфейс) жұмыс істеу үшін арналған кітапхана.
Бағдарламаның орындалу ортасы:Бағдарламаның орындалу ортасы Dalvík виртуалды машинасы (VM Dalvík) болып табылады. Core кітапханалар Ол Java бағдарламалары үшін функционалды қамтамасыз ететін, негізгі кітапханалар жиынтығын қамтиды.

2.5 Бағдарламаның негізгі қаңқа(каркас) деңгейі(Application Framework)

Бағдарламаның негізгі қаңқа(каркас) деңгейі жүйелік кітапханаларының, функцияналдық кітапханалар мен Dalvík виртуалды машинасының үстінде орналасқан. Бұл деңгейде Android жүйесінің бағдарламаларының өмірлік циклін басқару, пакеттер мен ресурстарды басқаратын және т.б қызметтері орналасқан. Бағдарламашының жүйенің барлық API инерфейстерімен толық жұмыс істеуге рұқсаты бар.Android қызметтері - құрылғыда іске қосылған барлық қосымшалар үшін маңызды болып табылады қызметтер болып табылады. Оларға мыналар жатады:қызмет менеджері (activity manager) - бағдарламалардың өмірлік циклін басқарады және жұмыс тарихы бойынша навигация жүйесін қамтамасыз етеді;пакет менеджері (package manager) - құрылғыға бағдарламаларды орнату үшін және олардың ашылуын басқарады;
- терезе менеджері (window manager) - бағдарламалардың терезелерін сақтайды.Егер қолданушы бір бағдарламадан басқа экранға ауысса, бірінші бағдарламаның экраны операциялық жүйеде сақталады және күту режимінде болады. Бұл, өз кезегінде back пернеcін қолдануға мүмкіндік береді;
- ресурс менеджері (resource manager) - графикалық және басқа да ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді; контент провайдері (content providers) - басқа бағдарламалардың деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;көрсету жүйесі (view system) - бағдарламалардың сыртқы көрінісін (тізімдер, кестелер, түймелер, веб-терезелер және т.б) жасау үшін қажет;телефон менеджері (phone manager) - желіге байланыс және телефон нөмірлерін басқаруын қамтамасыз етеді;орналасқан жер менеджері(location manager) - құрылғының географиялық орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін навигациялық қызметтер;
- хабар менеджері (notification manager) - құрылғыға келген хабарландыруларды көрсетуге мүмкіндік береді.

2.6 Бағдарламалар қабаты(Application Layer)

Бағдарламалар қабаты(Application Layer)Android мобильді құрылғығы дайын SMS, күнтізбе, навигациялық карталар, браузер, контактілер және басқа бағдарламалардың жиынтығымен жеткізіледі.Ең негізгісі олардың сырттан орнатылған бағдарламалармен ешбір айырмашылығы болмайды
Бағдарламалау процесінде бағдарламашы жүйенің толық функционалдарымен жұмыс істей алады.

3. Жобаның сипаттамасы

3.1Бағдарламаның құрылымы

Бағдарлама компоненттерінің бірі Android-әрекет (activity) болып табылады. Әрекет (activity) қолданушы үшін графикалық интерфейс болып табылатын - терезе(window) ұсынады. Әдетте, терезе құрылғының экранының мөлшерімен тең немесе аздау мөлшерлі болуы мүмкін. Әрекет (activity) хабарландыру терезесі, диалогтық терезе сияқты қосымша терезелер пайдалана алады.Бағдарлама бірнеше әрекеттерден (activity) құралуы мүмкін. Әрбір әрекет (activity) басқаларға тәуелсіз болып табылады. Сіз жаңы әрекет (activity) ашқанда, алдыңғы әрекет (activity) уақытша тоқтатылады және әрекеттер стекгінде сақталады.Әрекеттер (activity) бір-бірімен байланыс жасай алады.Сіз бағдарламаны іске қосқан уақытта, бірінші ашылатын терезе басты әрекет ( main activity) деп аталады.Осы басты әрекетте ( main activity) сіз ол басқа әрекеттермен (activity) немесе басқа бағдарламалардың әрекеттерімен (activity) жұмыс жасауға болады.Суретте "Kazakh tili test" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мобильдік қосымшалар
Үлестірілген ақпараттық жүйелер
Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі
Телеграм бот
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Мобильді қосымшалардың жіктелуі
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Busfor автобусқа билет брондау мобильді қосымшасы
Мобильді қолданбаларды құру технологиялары
Заманауи мобильді қосымшалар
Пәндер