Түрік қағанаттарындағы мемлекеттілікті нығайту үшін күрес



Түрік қағанаттарындағы мемлекеттілікті нығайту үшін күрес
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып , бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен , Тіпті Үндістанмен , ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды.
«Түрік мемлекетінің құрылып өмір сүруі тұтас адамзат тарихында біршама деңгейде бетбұрыс кезең болды . ... Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері таңқылдыра-ды : ел , меншіктің сатылық жүйесі , шендер иерархиясы, әскери тәртіп , елшілік дәстүрі , сондай –ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдыратынын» , - тюрколог Гумилев айтып кетеді [ 55 , 83 б. ] .
Жужандарды (аварларды) ысырып тастағаннан кейін, түркіттер өздеріне жақын орналасқан көшпелі көршілеріне қарсылықтар бастайды. 554 ж. жеке бектерден империя құрылған жыл болып табылды. Теріскейде Цигу (кейбір зерттеулерде қырғыздар деп жазылып жүр ) басып алынады. Сол уақыттан бастап Мұқан (Іркін) қаған өзіне тиісті солтүстік шекарасын қауыпсіз етеді.
Қытай жылнамасында Іркін яғни Мұқан қағанның заманында ұлысы мықтап күшейеді. Ол елшісін жіберіп , Теңчүкістің көзін жоюды сұрапты. Тәйзу деген біреу оған мақұл етіп , Теңчүкістен құл түрінде үш мың адамды жиып алып оның елшісіне тапсырыпты. Оларды Чиңмын қақпасының сырт жағында қырып жіберіпті. 3 жылы (556) Іркін (Мұқан) Тұйғұндарға тұтқиыл шабуылдап оны талқандайды. Бұл жайт Тұйғұн баянында айтылыпты. Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елшісін жіберіп жергілікті бұйымдарынан сый ұсыныпты. Баудиңның 1 жылы (561) тағы да үш мәрте елші жіберіп жергілікті өнімдерін тарту етіпті.
Мұқанның алғашқы билік еткен жылдарында шығыс жақты үш халық : қытайлар хи деп атайтын татаптар , қидандар мен қытай саяхатшылары Шивэй депте айтылатын отыз тайпалы татарлар мекендеген. Осы бір үш халық барлығы дерлік монғол тілінің диалектісінде сөйлейтін және тұрмысы , мәдениеті жақын болыпты, бірақ бір – бірімен соғысып өтіпті. Татаптар хинганның батыс жоталарында тұрып Бэй – цимен одақтас болып жүріпті. Қидандар (қарақытайлар) Маньчжурияның далалық аймағында , Ляохо өзенінің теріскей бетінен әрі қарай көсіліп жатады екен. Олар татаптармен жиі соғысқандықтан , Бэй- Цимен де қақтығысып қалатын болыпты. 553 ж. Бэй- Ци императоры Вэнь – ди қидандарды талқандап , оның елінің біршама бөлігін өзіне қаратыпты. Біраз қалған құтқаны Когуриоға (Корея) немесе сол кезде Сары теңіз аймағына барған түркіттерге бағыныпты [ 64 , 29 б. ] .
Қидандарды (қарақытайларды) жеңгеннен кейін , Бэй- Ци мемлекеті өзінің сыртқы саяси жағдайын реттей алмай, біраз нашарлатып алыпты. Түркіттердің қаумалай бастауы әсер еткенді. Сәнбилердің қалған құтқанын аяусыздықпен жазалағаны және мол қаражатты жұтып жатқан будда дініне ашық түрде қамқорлық етуі мемлекеттің сыртқы жауларына қарсылық жасау икемін әлсірете беріпті. Сол уақыттарда Бэй – Чжоу , түркітермен келісілген одағының арқасында , сол сияқты оның билеушілері қызметшілер құрамына жақындауы және будда , даос сопыларына қаражатты шашпауының арқасында күшейді. 579 ж. император У- ди буддизм мен даосизмге тиым салу жөнінде жарлық беріп, қытайдың сонау Генрих VIII- сі «Әуелі – құдай» делінетін алып , Будда мен Лао-Цзыдің мүсіндерін тағының екі шетіне қоюға бұйрық беріп , олардың арасына отырып , дінді кемсіту үшін, елдің көзінше оған тағзым еткенсіпті. Чжоу империясы тіпті Батыс Азия жақта да белгілі бола бастапты, шар тараптың патшалары онымен байланыс орнатуға тырысыпты. Олар өз елшілерін жөнелтіп отырды. 553 ж. эфталиттер, 555 ж. – Ираннан , 559 ж. – Гаочан ( Тұрфан) , 561 ж. – Куча және 564 ж. - Қарашардан елшілер келіпті [ 64 , 30 б. ] .

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Түрік қағанаттарындағы мемлекеттілікті нығайту үшін күрес
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып , бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық ежелгі түркілер болды. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен , Тіпті Үндістанмен , ал шығысында Қытаймен шектесіп жататын орасан үлкен мемлекет құрды.
Түрік мемлекетінің құрылып өмір сүруі тұтас адамзат тарихында біршама деңгейде бетбұрыс кезең болды . ... Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері таңқылдыра-ды : ел , меншіктің сатылық жүйесі , шендер иерархиясы, әскери тәртіп , елшілік дәстүрі , сондай - ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдыратынын , - тюрколог Гумилев айтып кетеді [ 55 , 83 б. ] .
Жужандарды (аварларды) ысырып тастағаннан кейін, түркіттер өздеріне жақын орналасқан көшпелі көршілеріне қарсылықтар бастайды. 554 ж. жеке бектерден империя құрылған жыл болып табылды. Теріскейде Цигу (кейбір зерттеулерде қырғыздар деп жазылып жүр ) басып алынады. Сол уақыттан бастап Мұқан (Іркін) қаған өзіне тиісті солтүстік шекарасын қауыпсіз етеді.
Қытай жылнамасында Іркін яғни Мұқан қағанның заманында ұлысы мықтап күшейеді. Ол елшісін жіберіп , Теңчүкістің көзін жоюды сұрапты. Тәйзу деген біреу оған мақұл етіп , Теңчүкістен құл түрінде үш мың адамды жиып алып оның елшісіне тапсырыпты. Оларды Чиңмын қақпасының сырт жағында қырып жіберіпті. 3 жылы (556) Іркін (Мұқан) Тұйғұндарға тұтқиыл шабуылдап оны талқандайды. Бұл жайт Тұйғұн баянында айтылыпты. Миңдидың 2 жылы (558) Іркін елшісін жіберіп жергілікті бұйымдарынан сый ұсыныпты. Баудиңның 1 жылы (561) тағы да үш мәрте елші жіберіп жергілікті өнімдерін тарту етіпті.
Мұқанның алғашқы билік еткен жылдарында шығыс жақты үш халық : қытайлар хи деп атайтын татаптар , қидандар мен қытай саяхатшылары Шивэй депте айтылатын отыз тайпалы татарлар мекендеген. Осы бір үш халық барлығы дерлік монғол тілінің диалектісінде сөйлейтін және тұрмысы , мәдениеті жақын болыпты, бірақ бір - бірімен соғысып өтіпті. Татаптар хинганның батыс жоталарында тұрып Бэй - цимен одақтас болып жүріпті. Қидандар (қарақытайлар) Маньчжурияның далалық аймағында , Ляохо өзенінің теріскей бетінен әрі қарай көсіліп жатады екен. Олар татаптармен жиі соғысқандықтан , Бэй- Цимен де қақтығысып қалатын болыпты. 553 ж. Бэй- Ци императоры Вэнь - ди қидандарды талқандап , оның елінің біршама бөлігін өзіне қаратыпты. Біраз қалған құтқаны Когуриоға (Корея) немесе сол кезде Сары теңіз аймағына барған түркіттерге бағыныпты [ 64 , 29 б. ] .
Қидандарды (қарақытайларды) жеңгеннен кейін , Бэй- Ци мемлекеті өзінің сыртқы саяси жағдайын реттей алмай, біраз нашарлатып алыпты. Түркіттердің қаумалай бастауы әсер еткенді. Сәнбилердің қалған құтқанын аяусыздықпен жазалағаны және мол қаражатты жұтып жатқан будда дініне ашық түрде қамқорлық етуі мемлекеттің сыртқы жауларына қарсылық жасау икемін әлсірете беріпті. Сол уақыттарда Бэй - Чжоу , түркітермен келісілген одағының арқасында , сол сияқты оның билеушілері қызметшілер құрамына жақындауы және будда , даос сопыларына қаражатты шашпауының арқасында күшейді. 579 ж. император У- ди буддизм мен даосизмге тиым салу жөнінде жарлық беріп, қытайдың сонау Генрих VIII- сі Әуелі - құдай делінетін алып , Будда мен Лао-Цзыдің мүсіндерін тағының екі шетіне қоюға бұйрық беріп , олардың арасына отырып , дінді кемсіту үшін, елдің көзінше оған тағзым еткенсіпті. Чжоу империясы тіпті Батыс Азия жақта да белгілі бола бастапты, шар тараптың патшалары онымен байланыс орнатуға тырысыпты. Олар өз елшілерін жөнелтіп отырды. 553 ж. эфталиттер, 555 ж. - Ираннан , 559 ж. - Гаочан ( Тұрфан) , 561 ж. - Куча және 564 ж. - Қарашардан елшілер келіпті [ 64 , 30 б. ] .
Сол уақыттағы Бэй - Чжоу империясының басты міндеті - Шығыс империясы - Бэй - Циді құрту болып табылды, алайда ептілікпен жөнге салып пайдаланылса, соңғының , империяның тұтастығын сақтап қалатындай ішкі резервтері бар болатын. Мұның түйіні - түркіт қағанының қай жақты қолдауында болатындығы маңызды еді. Бұл туралы өздерінің Жоунама жылнамасының 50 бумасында толық былай баяндалады : Ол кезде (Жоу әулеті ) Чи патшалығымен арада соғыс болып жатыр еді. Арада қақтығыс толастамаған соң , сырттан көмекші болуы үшін олармен одақтасуға тура келді. Іркін (Мұқан) Уй әулеті Гұңдидың заманында- ақ өзінің қызын Тәйзуға атастырған еді. Бірақ некелік шарт бекімей жатып Тәйзу қайтыс болып кетті. Ұзамай Іркін басқа қызын Гаузуға атастыруға келісім берді. Алайда қалың алып үлгермей Чи патшалығы да оның қызына құдалық сөйлесіп елші жіберді. Іркін олардың тартуына қызығып бұрынғы сөзден айнығысы келді. Дәл осы кезде , патшам Ляңжоу дуанбасы Яң Жян мен бөрібасы Уаң Чиңдерді құдалықты бекітуге жіберді. Уаң Чиңдер уәдеге опа , іске әділдік керек екенін ұғындырды. Осылайша Іркін Чи патшалығының елшісінің талабынан бас тартып, құдалық шартын бекітті. Осылайша ол шығысқа жорық жасау тілегін қайталай білдірді. Бұл іс Яң Жяндардың ғұмырнамасында айтылған.
3 жылы патша Сүй сұлтаны Яң Жұңға он мың әскерді бастап Түріктермен бірге Чи елінің үстіне аттануға жарлық шығарды. Яң Жұңның әскері Шиңлиңнен асқанда Іркін өзінің жүз мың атты сарбазымен келіп бұларға қосылды. Келесі жылы басқы айда Жиняңда Чидың билеушісін қоршауға алды. Бірақ жеңе алмады. Сонан Іркін сарбаздарын еркіне жіберіп мейлінше тонатып кері қайтты. ( Жорықтан оралған) Яң Жұң Гаузуға былай деді : Түріктердің жасағы жалпы нашар, сыйлығы мардымсыз, жазасы да тым жеңіл. Қолаға көп болғанымен , бұйрықтарының тиянағы жоқ. Мұндай елді бойсындыру қиын деуге қайтіп болады ? Бұрынғы барған елшілеріміздің оларды өте құдіретті етіп көрсетуіндегі мақсат- олардың елшісіне мол сыйлық бергіздіру, сөйтіп өздері барғанда да соның есесіне көп сыйлық алу. Сарай олардың өтірігін малданған соң , қолбасыларымыз да , әскерлеріміз де олардан шынымен именетін болып жүр. Лулар былай қарағанда мықты сияқтанғанымен , оларды жөнге салу өте оңай. Қазір, меніңше, бұрынды - соңды барған елшілердің барлығының басын алған жөн . Гаузу оның бұл ұсынысын қабылдамады. Сол жылы Іркін тағы да тарту - таралғымен елшісін жіберіп, шығысқа екінші рет жорық жасауға өтініш білдірді. Патша Яң Жұңды әскерімен Оқиядан аттануға , ал Жин сұлтаны ( Юйуын) Худы Лояңға барып онымен тізе қосуға бұйырды. Кезегінде (Юйуын) Ху шайқаста жеңіліс тапты да Іркін кері қайтып кетті. ( Баудиңның) 5 жылы (565) патша Чын сұлтаны (Юйуын) Чүн , бас уәзір Юйуын Гүй , Шыну сұлтаны Доу - и және Нән - ән сұлтаны Яң Жяндарды қалыңдықты алып келуге жіберді. Тянхының 2 жылы (567) Іркін тарту - таралғымен тағы да елші аттандырды. Чын сұлтан (Юйуын) Чүндер келгенде Іркін Чи патшалығынан әлі де үмітін үзе қоймап еді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып күн күркіреді. Сосын ғана қызын (Юйуын) Чүндерге қосып жіберуге келісімін берді. Бұл туралы деректер Патшайым ғұмырнамасында айтылған. (Тянхынның) 4 жылы тағы да елші аттандырып , тартуға жылқы айдатты.
Іркін өлгеннен кейін , орнына інісі Табар қаған деген лауазыммен таққа отырды. Іркін кезінен бастап , мемлекеті күшейген соң, олардың хуашялықтардың келемеж ету ойы болған еді. Сарай олармен құда- андалық қатынасты сақтауға тырысып, жылына оларға жүз мың топ торғын - торқа , асыл кездемелер беріп тұрды. Түріктердің астанада тұрғандарын аса сый - құрметпен күтті. Олардың сарай есебінен киім киіп, ет жейтіндерінің өзі үнемі мыңға жетіп отырды. Чилықтар де олардың шабуыл жасауынан жасқанып, қазыналарын сарқап бітті. Табар бұған насаттанып , қасындағы нөкерлеріне : Күнгейдегі екі ұлым маған деген адалдығынан айнымаса еш нәрседен шолпы тартпаймын дейтін еді. (Уди - Юйуын Юң заманы) жяндының 2 жылы (573) Табар елші жіберіп сайгүлік сыйлады.
Чи патшалығы жойылғаннан кейін, оның Диңжоу дуанбасы, Фәняң ханы Гау Шау - и Ма - идан Түріктерге қашып барды. Табар Гау Шау - иды Чи патшасы етіп көтерді, кек аламыз деп оның бұрынғы адамдарын да шақыртты. Шюанжыңның 1 жылы (578) сәуірде Табар Южоу дуанын шауып халқын қырды. Баған Лю Шюң әскерімен қарсы соғысты. Бірақ жеңіліс тауып қаза болды. Гаузудың өзі алты алайды бастап солтүстікке жорық жасады. Бірақ ол жолда қайтыс болды да , әскері кері оралды. Сол жылы қыста Табар шекара аймаққа шабуыл жасап, Жючюанды қоршап аямай тонап кетті. Дашяңның 1 жылы (579) Табар құда- андалық қатынасты қалпына келтіруді өтінді. Патша Жау ханы (Юйуын) Жаудың қызын Мың ділда ханша деген атпен оған атастырды және елші жіберіп Гау Шау - иды астанаға айдатып әкелуді тапсырды. Табар жарлықты қабылдамай , баяғысынша Биңжоу дуанына шабуыл жасады. Дашяңның 2 жылы (580) тарту - таралғысымен елшісін жіберіп ханшаны алдырды. Бірақ Гау Шау - иды тапсырмай алып қалды. Патша осы мәселеде өз лебізін жеткізуді Хы Ро - иға бұйырды. Осыдан кейін Гау Шау - и (астанаға) апарылды [ 65 , 38 б.] .
Бұл көне қытай жылнамасынан бөлек Сүйнама жылнамасының 84 бумасында Теріскей тиек- Түрік деп аталатын мәліметте Табар қаған яғни зерттеушілердің еңбегінде жазылып жүрген Тобохан туралы қызықты да шытырман оқиғалар баяндалады. Сонымен деректегі оқиға былай басталатын : Мұқан (қаған) жиырма жыл ел биледі. Ол өлгеннен кейін орнына баласы Төремен емес, інісі Табар қаған деген лауазыммен таққа отырды. Табар қаған Шатуға Нибар қаған деген атақ беріп, мұқым шығыс жақты билетті. Өзінің інісі Нұқтан қағанның ұлын Бөрі қаған етіп, батыс жаққа қоныстандырды. Сол кезде Табардың қол астында бірнеше жүз мың оқшысы бар еді. Кіндік қағанат олардан шынымен именуші еді. Сондықтан Жоу, Чи әулеттері олармен құда - андалық қатынасты сақтау жағында бірінен - бірі кейін қалғысы келмей , өздерінің қазынасын сарқып бітті. Табар бұған насаттанып, қол астындағыларға: Күнгейдегі екі ұлым маған деген адалдығынан айнымаса еш нәрседен кемдік көрмеймін деп мақтанушы еді. Чи патшалығында Хүй Лин дейтін шырамана (сопы) бар еді. Түріктер оны тұтқын ретінде елдеріне алып барды. Ол Табарға : Чи мемлекетінің бай әрі күшті болуы олардың будданың жолын ұстануынан деді. Оның үстіне ебеп - себеп , випака сияқты адамгершілік қағидаларына саятын діни тағылымдарды ұғындырды. Табар оның уағызына иланды да сангхарама ( ғибадатхана) салғызды әрі Чи патшалығына елші жіберіп , Жиңмиң , Нирвана , Хуаян сияқты дестірлер мен Ондық тиымдарды сұратты. Табар ауыз бекітіп, тиымдарды орындады, сангхараманы айналып тауап етті, тіпті кейде ішкергі өлкеде тумағанына өкінді. Он жыл елін сұраған Табар ауруы асқынып өлер шағы болғанда , баласы Әміреге : Туыстық жақындықта әке мен баладан артығы болмайды деп естуші едім. Ал менің ағам жақыным деп өзінің баласына тартпай тағын маған беріп кетті. Мен өлсем, сен Төременге жол бер деді. Табар өлген соң, орда біліктілері тақты Төременге ыңғайлады. Бірақ оның шешесінің тегі қара халықтан болғандықтан ел - жұрты оған мойынсал болмай , шешесінің ақсүйектен шыққанын ескеріп , Әміреге көбірек ықылас танытты. Шату бәрінің соңынан келіп , орда ұлықтарына : Егер Әмірені таққа отырғызсаңдар , онда аға - бауырларыммен бірге қызмет етемін. Ал егер Төременді таққа таққа отырғызсаңдар , онда мен өз шекарамды сақтап, қымы өткір найзаммен оған төтеп беремін деді. Шату өте абыройлы әрі батыр адам еді. Ұлықтар оған қарсы келе алмай , ақырында Әмірені таққа отырғызды. Таққа қолы жетпеген Төремен Әміреге мойынсал болмай, әр кез оған адам жіберіп, тіл тигізіп, қарадай соқтығып тұрды. Оны бағындыра алмаған әміре тақты Шатуға берді. Орда біліктілері : Қағанның төрт ұлының ішіндегі ақылдысы - осы Шату деп, оны Ел Күлік шад Баға Ышбара қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Ышбара қаған деп те атады. Ол Түкен тауды мекендеді. Әміре мәртебесі төмендетіліп , екінші қаған деп аталды да Тоғла суының бойын қоныстанды. Төремен Ышбараға : Мен өзіңдей қағанның баласымын. Әр екеуіміз де әке мұрасына ие болуға хақылымыз. Ал қазір сен шексіз құрметке ие болдың, мен ғана мәртебе ала алмадым. Бұл қалай? деді. Ышбара онан қауіптеніп, оны Аба қаған етіп тағайындады да , қарасты елін өзіне қайтарып берді.
Түркілер үшін немесе түркіттер 580 ж. құдіретінің шырқау шегі болып табылады. 581 ж. Тобохан (Таспар) қаған дүние салады. Бұл кезде Қытайдағы түркіттердің қас дұшпаны , сондайақ Сүй әулетінің негізін салушы , жауынгер генерал Ян Цзян, Чжоу әулетін құлатып, бұл саяси жағдайды толығынан өзгертіп жібереді. Гао Бао - нин өз жауларынан көбірек өмір сүріп, түркіт қағандарының одақтасы ретінде , Чахарда дербес кінәз болып қала беріпті .
Сөйтіп, түркілер, шырғалаңы мол оқиғалар арқылы өз биліктерін шығыста қана жүргізіп қоймай , батыс өңірлерде де жүргізіп отырды. Аталмыш өңірде Бумын (Түмен) қағанның інісі Істеми кейбір еңбектерде және деректерде оны Дизабул депте атайды 100 мың әскерден тұратын әрқайсысында 10 мыңнан әскері бар он қолбасшыны басқарып, өзін қаған деп жариялапты. Ол Алтай жақтың теріскейіндегі түріктенген угор құрман, қу тағы басқа он тайпаны бағындырады [ 54, 122 б. ].
Қытайлар әскер санын 100 мың адам деп шамалауы нақты сарбаздар санын көрсетпейді , оның деңгей - дәрежесін , яғни ең үлкен дәрежені көрсетуінде болып тұр, ол оның баһадүр - жабғу деген шенге тұспа -тұс келеді [ 64 , 32 б. ].
Істеми (Дизабул) қаған батыс өңірлерге қарай жорығын 552 жылы бастайды. 553 ж . жужандарды (аварларды) біржола жеңіп шықты. 555 ж. Истеми қағанның әскері Батыс теңізіне жетеді , ол теңіз бүгінгі кездегі Арал теңізі болуы мүмкін, сөйтіп Ташкенттің теріскейімен өтіп отырып , Сырдария Солтүстікке қарай бұрылатын жерде оны кесіп өтеді де , ендік бағыты бойынша жылжып , Амудария өзенінің төменгі жағы мен Арал теңізінің оңтүстік жағасы арқылы өтеді. Соғдиана мен Бұқар сол уақыттарда эфталиттерге қарасты болатын, жүргінші жолаушылар солармен қағтығысқа баратын еді. Одан ары түркіттер 1,5 жыл ішінде тұтас Орталық Қазақстанды , Жетісу аймағын және Хорезмді қаратады.
Алайда алдағы жоспардағы істеріне кедергілер тап болады. Сол кездегі Арал теңізінің теріскей жағында хуни (хионаттер) , уар мен огорлар деп атлатын тайпалардың қарсылығына кезігеді. Бірақ қаған үшін толық жеңіс 558 ж. болып табылды. Аталынған тайпалар жеңіледі де , қарсыласа бергендерін алдына салып, қой сияқты айдап
Еділден бірақ шығарады. Олар уарлар мен хунилардың жұрнағы - тек бар жоғы 20 мыңдай адам болыпты. Хиониттер - сармат - алан тайпаларының ұрпағы болыпты. Уар немесе вар - хиониттердің көршісі , угор тобының тайпасы екендігін Феофилакт Симокатта өз еңбегінде келтіреді. Огорлар немесе угорлар - қазіргі венгрлердің арғы тегі болып шығады. VI ғ. олар Башқұрт жерін Еділ мен Жайық арасындағы даланы мекендепті.
Істеми әскері Еділден ары өтпей, Жайық маңайындағы даланы бағындырумен аяқтайды. Сөйтіп Істеми батысқа жүргізілген соғысы бітіпті. Небәрі төрт жылдың ішінде жеткен жеңістері қағанаттың жаңа саяси міндеттерін қойыпты.
Орасан зор азиялық жерлерді алып жатқан бір мелекеттің өмір сүруі, Қытай, Византия мен Иран елінің елшіліктері қызметіне үлкен маңызды факторға айналады. Бұл Істемидің мемлекеті еді [ 64, 34 б. ].
Істемидің батысқа жүргізген соғысына кедергі келтірген және соған байланысты соғыстың уақытша тоқтауына әсер еткен эфталиттер ол кезде оңай жау болмапты. Эфталиттер Каспий теңізінен Солтүстік Үндістаннан Шығыс Түркістанға дейінгі жерлерді алып жатқан мемлекеттің бірі болды. Сол себепті де ондай күшті мемлекетті түріктердің бірден жаулап алуға қауқары бармады. Түріктер бұл жауды жеңуі үшін ең алдымен бұларға тәуелді болып тұрған Парсы елімен одақ құруға 563 ж. келісім жасасады. Осыдан барып парсылар түріктердің қолдауының арқасында Эфталиттен Тоқарыстан өңірін тартып алады. Сосын түріктерге эфталиттерді жеңіп алу көп қиындық болмаған еді. 563- 567 жж. аралығында түріктер эфталиттерді біржола жеңеді. Фердаусидің Шахнамасында сипатталғанындай соңғы шайқаста сол уақыттағы Бұхара қаласының түбінде эфталит билеушісі Ғатыфардың әскері мүлде талқандалыпты. Бірақта достық қарым - қатынаста отырған екі елдің арасында басты екі мәселенің айналасында келіспеушілік туындайды. Бірінші мәселе ол, жеңілген эфталиттердің жерін , қазынасын бөліске салуда келіспеушілік болса, екінші мәселеде , Батыс пен Шығыс арасындағы керуен жолы бойындағы жерлерді бөлісуге келгенде, өзара наразы-лықтар болған еді. Себебі керуен жолы бойындағы жерлерді иелену көп пайда әкелетін болған. Осы бір келіспеушілік жағдай екі жақтың дипломатиялық қарым - қатынасын ушықтыра берген болатын. Бұл жағдайды мынадан толық байқауға болатын. Түрік қағаны Хұсрау шаһққа Парсы жері арқылы Византияға жібек және өзге де тауарлар өткізуге рұқсат сұратып елшілік жіберген болатын. Сол елшілікті соғды көпесі, есімі Маниах , бастап барған. Бірақта осы елшіліктің жолы болмай қайтады. Өйткені егер жібек Иран жері арқылы Византияға жеткізілетін болғанда , парсылар үшін қыруар зиян болатын еді . Сөйтіп бұл мәселеге бірден дөрекі жауап берсе түрік билеушісінің ашуына тиетінін түсініп, оны болдырмау үшін жеткен жібек маталарының түгелін ақысын төлеп, елшінің көз алдында жібек маталарын түк қалдырмай өртетіп жіберген еді. Елші Маниах бар жағдайды қағанға айтып береді. Қаған бұл мәселені түзеу үшін енді түріктердің өзінен құрылған елшілік жібереді. Бұл елшіліктің де жұмысы дұрыс болмай келген болатын. Болған жағдайлардың ішінде сапарға шыққан біраз елшілер қазаға ұшырап , үш елші аман келеді. Қаған парсылар елшілерге у берді деген сылтаумен оларға қарсы жорыққа дайындала бастайды. Соғысқа көмектесер одағы ретінде парсылықтардың батыстағы жауығып отырған мемлекеті Византия болатын. Онымен одақ құру үшін Маниах бастаған елшілікті Кавказ жері арқылы Константинопольге жібереді. Византия императоры Юстин - II парсымен соғыстың қайта басталмай қалуы мүмкін емес деген оймен Түрік қағанаты сияқты күшті беделді елдің салмағын да есіне түсіріп , келген елшілікті зор ынта- ықыласпен күтіп алады. Келісім бергендіктің айғағы ретінде Маниахпен бірге шығыстағы қалаларының қолбасшысы есімі Земарх деп аталатын адамын бірге жібереді. Түрік қағаны Істеми Византия елшілігін шын көңілімен қарсы алып, өз ұсынысының растығын дәлелдеу үшін елшілікті Иранға қарсы әскерімен бірге еріп баруға шақырған болатын. Дәл сол уақытта Ираннан да елшілік келіп түрік қағанына соғысудың қажетсіздігін мәселені реттеуге келгендіктерін айтады. Істеми қаған Византия елшілігінің келгеніне салтанатты қабылдау жасайды. Кейбір дерек-тердің мәліметінде елшілер Талас өзені жанында қабылданады. Қабылдау барысында Земархты Иран елшілігінен жоғары отырғызып оның көзінше парсы елшілігін айыптайды. Содан Иран елшілері өз елдеріне түрік қағаны атынан мойындарына ауыр соғыс жағдайының жүгін арқалап кетеді. Ал Византиия елшілеріне достық қарым - қатынастың сый - сыяпатын беріп, Маниахтың баласын және өкілетті елшіліктің өкілі Тагма - Тарханмен бірге Константинопольға аттандырады. Бұл уақытта соғды Маниах өмірде жоқ болатын [54 , 123 б .]. Алайда Византия мен қағанат одағы өзін жасаушыдан кейін де өмір сүріп , Иран мен жауласу ісі сияқты, мұра ретінде хазар хандарына ауысып , ал Иранға деген жаулық сезімі , парсы патшаларын араб халифтары алмастырғанға дейін жалғаса беріпті [ 64 , 45 б. ] .
Ұлы түркіт мемлекетінің ішінде де , оның айналасында болып жатқан өзгерістерден мүлдем кем түсе қоймайтын дереу өзгерістер болып тұрыпты. Бастапқы тәртібі болып тәж - тақтың мұрагерлігі еді.
Бумын Ильхан (Елхан) лауазымын алғаны бізге белгілі . Ол 552 ж. өмірден өткеннен кейін оның ұлы Қара Ыссық хан деп аталған лауазыммен билікке келеді. Алайда Қара Ыссықхан да әкесінен кейін жарты жылдан соң - 553 ж. тым жас шағында дүниеден өтеді. Оның баласы Шету деректерде Ышбара тақтан алынады. Мемлекет билігі Қара Ыссықханның інісі Мұқан атағын алған Кушудің еншісіне тиеді . Мұқанның тұсында түрік қағанатының сыртқы саяси жағдайындағы күшінің алғашқы қадамдары жасалып қоймай , сондайақ еншілі - таспиқтық жүйе де құрылып , соның негізінде түркі мемлекеті бір ғасырдан аса Азия құрлығының мықты мемлекеттерінің біріне айналып , VI- VII ғғ. ұлы мемлекеттермен терезесін тең ұстайтындай халде болыпты.
Аталмыш жүйенің мәнісі былай болатын: Түркіттер өз мемлекетін үлкен ерліктерге толы жорықтармен құратын. Он жыл уақыт аралығында яғни (550- 560) сол кездегі Сары теңізден бастап , Еділге дейінгі көшпелі тайпаларды тұтасымен өздеріне бағындырып, тағы да жиырма жылдай жаугершілік әрекетін өрбітіп отырады. Маңыздысы тек жаулап ала бермей , оны сақтап қалу да керек болатын. Түркілердің аяусыз басқыншы мемлекеті өзінің жаңа бағыныштыларының көңілін таба қоюы қиын тұғын , осы орайда оқшауланып бөлінуге ұмтылу тіпті де бітпек емес екен. Ашин әулетіне қарсы бас көтерулер , қашан мемлекетті құлатқанша , толассыз бола береді.
Мұқанның бас қатырған мәселелерінің бірі болып ол, тысқары аймақтардың бөлінуіне жол бермеу болатын. Туларына бөрі басы бейнеленген , көк сауытты атты әскер жақын - жуықта тұрғанда ғана бағынышты тайпалар адалдықтан айнымапты. Бірақ қолында күшті әскері бар бек қана жат жұрттың көтерілуі мен бөлінуін басып тастай алатын . Тек бек уысында өкімет пен әскер болып тұрғанда және оны хан қосынынан орасан зор қашықтық бөліп жатқанда , соның өзінің ханға адалдығын сақтап қалуға итермелейтін нендей нәрсе болуы мүмкін еді деген сұраққа ? Ия, өз орнына туысқан бауырын тағайындап кетуге , бірақ сол жағдайды бәрібір түзете алмайтын , себебі туысқандар арасында тартыс - талас әрқашан болып тұратын. Сөйтіп осыдан барып еншілік - таспиқтық жүйе қабылданып: егер мейірімділік сезімі мен жеке басының ізгі қасиеттері адалдықтың кепілдемесі бола алмаса, онда оны орталық өкіметке тәуелді қылып қоятын ынталандыру тәсілін табу болатын. Еншілік - таспиқтық жүйе тәж - тақты мұра ретінде алу кезегін реттеп, жөнге қоятын болды. Заңға сәйкес , Мұқан қағанның мұрагері болып баласы емес, інісі саналды, одан кейін немере інілерінің үлкені ағасының мұрагері аталды. Тақты тосатын ханзадалар басқаруға енші етіп аймақтар алатын болды.
568 ж. Түркіт мемлекеті төрт еншілік аймаққа , ал 576 ж. сегіз еншілік аймаққа бөлінеді. Осы бір еншіліктерді Батыс Европадағы феодтарға ұқсайды деу жөн болмапты . Мұнда бәрінен бұрын әскери күшті бөліп , белгілі бір ауданмен қоса әскери бастыққа бағындыру ісі жүзеге асырылыпты. Жоғарғы ханды Менандр Арсила деп өз еңбегінде жазған еді . Мұндағы Арыслан деген түрік аты екенін білу қиындық етпепті. Мұқан қағанның 572 ж. дүниеден өткені белгілі , сөйтіп шығарылған заңға сәйкес таққа оның інісі Тобахан (деректе Таспар деп те аталады) отырады. Онда Арыслан Тобаханның өз аты (теңеу аты) болған деп болжауымыз керек шығар деп келтіреді [ 64 , 56- 57 бб . ] .
572 ж. Тобахан шығыстан немере інісі Шетуге , батыстан - інісіне еншіліктер бөледі де , ол ұзамай қайтыс болғаннан кейін ол жер Бөріхан атанған туған баласына қалыпты. Мұқанның баласы Төременнің теріскейде , шамасы , қырғыздар мен шіктердің жерінде қосыны болыпты. Істеми қағанның балаларының еншіліктері болыпты: Қара Шұрын (сор) еншілігі , Түріксанф еншілігі Еділ мен Жайық бойында болыпты. Ұлы ханның қосыны байырғы түрік жері - Алтай өңірінде болса керек , ал қалған екі еншілік , мүмкін оның екі ұлына : Әмір мен Тегіншат меншігінде болған көрінеді.
Еншіліктердің тап осындай күрделі шырмалған жүйесі жағдайында тәж - тақ мұрагерлері жайындағы таспиқтық заң әуелгі кезде аса жағымды роль атқарыпты. Жасы толмаған ханзаданың екі рет таққа отыруына кедергі жасалады, әйтпесе ол мемлекетті мүшкіл халге түсірер ме еді , оны ешкім ерте біліп айтпапты. Өкімет әр уақыт тәжрибелі кісілер қолынан шықпайды екен. Енші аймақ бектері ерте ме , кеш пе , жоғары билікті әйтеуір бір алатынынан үміттеніп , бүлік шығарып , алауыздық тудырмайды, сондықтан да мемлекет әр тарап - әр бағытта кеңейе береді. Бірақ осы жүйенің нәтижесі түркілер тарихында , оң және сол жағынан да көрініпті.
Шығыс түріктің Мұқан қағаны өлгенде оның тағына ұлы Төремен емес, інісі Табар қаған отырды. Табар өлерінде ұлы Әміреге Төременді қаған етуді ескерткен еді. Бірақ ел Төременді емес , Әмірені таққа отырғызды. Әміреден кейін таққа Мұқанның ағасының ұлы Шату отырды. Ол тарихта Ышбара қаған деген атпен белгілі. Ал Төремен болса өз алдына Аба қаған деген атпен өзінің ұлысында билік жүргізіп жатты. Ышбара мен Аба қағанның арасы өте қатты шиеленісіп кетті. Түрік қағандарының осындай өзара таққа таласқан ұрпақтары кезек - кезек қытай билеушілеріне жүгініп отырды. Мұндайда қытай императорлары түрік билеушілерін өздерінің тарапынан ынталандыруды да ұмытқан жоқ.
Қытай деректерінде Ышбара мен Аба қағандардың арасындағы күрделі қарым - қатынас жан - жақты сипатталған . Онда мынадай жолдар бар: Ышбара батырлығы мен қырбаттығы үшін Абаны қызғанышпен жек көрді. Сол себепті бұрынырақ қайтып, оның ел - жұртын тұтқиылдан шауып , тас - талқанын шығарды да , анасын өлтірді. Қайтып оралған Аба өзіне тұрақ таба алмай, батыстағы Тарду қағанды паналады. Тарду есімі бойынша Темкіт , әкесі жағынан Ышбараның немере ағасы болып келуші еді. Ол батыс ұлыстарының қағаны болатын. Ол бұл іске қатты ашуланып , Абаға әскер беріп, оны шығысқа аттандырды. Абаға бұрынғы өз ұлысынан жүз мыңдай атты әскер келіп қосылды. Осылайша бұлар Ышбара-мен арадағы соғысты бастап жіберді. Мұнан тыс, Тамған қаған Абамен тату еді. Ышбара оның ұлысын тартып алып , лауазымын жойғанда, ол да Тарду қағанға қашып барды. Ышбараның немере інісі Тегін шад жеке ұлысты басқаратын. Ол да Ышбарамен араздасып , өз ел - жұртымен Абаға барып қосылды. Осылайша , тараптар ара соғыс толассыз жүріп жатты. Екі жақ та сарайға елші жіберіп, бітім және көмек сұраумен болды. Патша оларды әр екі тарапының да тілегін қабыл алмады.
Көріп отырмыз, қытай деректері Бес түрік дулу мен нүшебені басқарған Түрік қағандарының өзара айтыс - тартыстарын , таққа таласқан жанжалдарын қалт жібермей қадағалап отырған және мүмкіндігінше олардың өзара тартысып , әлсірей түсуін қалаған. Ара ағайын болып оларды татуластыруға ешбір күш салмаған , керісінше қай жеңгенің менікі деген саясатты жандандырып отырған. Осындай жағдайда өзара тартыстан әлсіреген түркі қағандары Қытай билеушілеріне кезек - кезек жүгініп , ақырында оларға өздерінің қалай бодан болғандарын да білмей қалған. Осыған байланысты әрқашан еркіндікте өскен түрік , яғни дулу билеушілерінің бодан деген сөздің өзін де жақсы түсінбегенін байқаймыз. Қытайлықтар Ышбараға елші жіберіп , Ұлы сүй патшасына , яғни Қытай билеушісіне бодан болуды ұсынғанда , ол тіптен осы сөздің мәнін де түсінбейтін болып шыққан. Осыған байланысты қытай деректерінде төмендегідей мәліметтер сақталған : Ышбара маңындағы дүбірлерінен Бодан деген сөз не мағынаны білдіреді деп сұрады. Олар Сүй патшалығына бодан болу деген сөз , біздегі құл болу дегенмен бірдей деп жауап берді. Ышбара Ұлы сүйдің Көк ұлына Юй атарманның арқасында ғана құл бола алдым деді. Сонан Юй Чиңзыға мың жылқы сыйлады, әрі өзінің немере қарындасын қосты.
Бұл кезде Ышбараны бір жағынан Тарду қыспаққа алса, екінші жағынан оған Қытандар қауіп төндірді. Сондықтан ол арнайы елші жіберіп , өз жағдайының күрт қиындап кеткенін патшаға хабарлап , қарауындағы елдің Дешті құмның күнгейіне табан аударып Ақбелдеу аңғарына барып қоныстануына рұқсат сұрады. Рұқсат етілгені жөнінде жарлық шықты. Жин ханы (Яң) Гуаң әскерін бастап оған көмек берді. Оларды азық - түлік , киім - кешекпен қамады, күйме, дабыл және сырнай сыйлады. Бұдан кейін Ышбара батысқа жорық жасап , Абаны күйрете жеңіп, оның өзін тұтқынға алды. Осының арқасында Абаның адамдары Ышбараның ордасы иен қалған орайда , оның бүкіл үй ішін тұтқынға түсірді. Шахналық қосын Абаның жасағын талқандап, соғыс олжасын түгелімен Ышбараға сыйлады. Бұған Ышбараның бөркі қара қазандай болды. Осылайша келісім шартта шөлді шекара деп белгіледі. Ол өзінің датнамасында былай деді : Ұлы Түрік Ел Күлік шад Ышбара Баға қаған боданыңыз Шату дат айтады : бас елші санаттың оң қол атарманы Юй Чинзы бізге келді. Жарлықнамаңызды табыс етіп , шарапатты пәрменіңізді жеткізді. Ұлы ағзамның шапағаты мен инабатының уақыт өткен сайын айқындала түскенін ой көзімен аңғарып отырмын . Бар жақсылығыңызды көңілмен біле тұра , оны толық ақтай алмай жатырмын. Жүгіне ой жүгіртсем , Ұлы сүй патшалығы төңіректің төрт бұрышын иелепті, бұның өзі аспанда тәңірдің қалауына , жерде халықтың тілегіне сайма - сай келеді. Қазір аспан асты мен жер үстіндегі , көкте жеті жарық нұрландырған ұлан - байтақ өңірдегі елдердің билеушілерінің өз балаларын ақ үйлі аманатқа бермеген бірде - бірі жоқ , барлығы сізге бағын болып, қайырыла сарайыңызға бетір беруде. Тақсыр, сіздің түмен ықылымның бергі бірінші әулие затты ағызам екеніңізді , мың жылдықтар мүмкіндігіне ғана саятын , әлмисақтан бері көз көріп , құлақ естімеген аса дархан заманыңызда жасап отырғанымызды әбден тұщындым.
Тәңірдің қалауымен түрік қағанат құрғалы міне елу шақты жыл болды. Содан бері шөл далада қиын қонып, шет жайлап , қаған атанып келеміз , иелігіміз түмен ли жерді алып жатыр. Мал - жанымыз құлты (жүз миллион) бойынша есептелінеді. Барша Нұм - рейлерді тегеурінмен бағындырып , кіндік қағанатпен үзеңгі қағыстырған кезіміз де болды. Нұм - рейлерде бізден құдіретті ел болған емес. Жуырдағы жылдары ауа - райы жайлы, жауын - шашын мезгілі ретінде лайықты болып келгенінен қарап , мұны қалайда Кіндік қағанаттан әулие затты ағызамның шығу нышаны болар деп жорып едім. Енді міне шарапатыңыздың кәусарынан жанымыз сусындап, мейірлі саясаттарыңыз ділімізді бағындырып , салиқалы салттарыңыз сарайдан жалпақ жұртқа дейін игі әсерін тигізуде. Меніңше , аспанға екі күннің жараспайтыны сияқты , жер бетінде де екі ең жоғары билеуші болмауға тиіс. Мен Ұлы сүйдің патшасы өзіңізге нағыз патшам деп табынамын. Ендеше жер қиындығынан пайдаланып, жасақ құрап қағанмын деп құжырлануыма қайтып болады? Қазір қауғана салиқалы салттарыңыз менің көңілімді біржола әділеттің ақ жолына ынтықтырды. Дана патшам өзіңізге тағзым етіп бас иемін. Мәңгі боданыңыз болуға пейілмін. Құзырыңызға қол тапсырып барып қайтуға жер арқасы қиян шалғайда жүрмін. Солай да әрменелік салттан айнымай ақ үйлі аманатқа ұлымды жіберуді өзіме парыз санадым. Әр жылы көпшір ретінде сәйгүліктер жіберіп тұрамын. Ертелі - кеш құлдық ұрып, әміріңізді екі етпеуге тырысамын. Сонымен бірге шапанымыздың түймелеу бағытын өзгертуге, бұрымды ағытуыңызға рұқсат етуіңізді өтінемін. Ескіден келе жатқан әдетіміз болғандықтан , бұрын өзгерте алмадық. Қазір бір ел боп көңіліміз тоғысып отыр. Енді өзгертпесек, рахметімізді білдірмесек жөн болмас. Рұқсатыңызды ала алсақ , қуанышымызда шек болмас еді. Жетінші балам Құтымчынды және басқаларды датнамамды табыс етуге жібердім, хабарлы болғайсыз [ 70 , 17 - 18 бб.] .
Көріп отырмыз , Ышбара қаған Тардумен арадағы қарым - қатынасы нашарлағандықтан , мүмкіндігінше билікті қолдан шығармау үшін Қытай билеушілеріне жүгінген, тіптен оларға бодан болуға дайын екендігін айтып ант ішкен. Сонымен бірге жыл сайын беріп тұратын көпшір (салық) көлемін де анықтап айтып, өзінің жетінші баласы Құтымчынды Қытай сарайына кепілдікке жөнелткен. Осылайша , дулуды және нүшебені билеген Түрік қағандары өздерін ешқашанда сенімді санамай, өзара алауыздықтың нәтижесінде тақта қалу үшін көрші , отырықшы Қытайдың күш - қуатына иек артпақ болған. Мұның өзі Он оқ бодұнды билеген қағандардың Ашына (Ашина) әулетіне жатқанына қарамастан , халықтан гөрі Қытай билеушілеріне әлдеқайда жақын болғанын байқатады . Өкінішке орай, осындай Түрік қағандары бірінші кезекте қоластындағы халықтың қамын ойлаудың орнына , өзара таққа таласып , Қытайға жағынуға күш салды. Қалай десек те , бұл Қытай деректері боямалап бергеніне қарамастан , сол дәуірдің ащы шындығы еді. Көшпелі түріктер мемлекеті шын мәнінде өздерінің жауынгерлігіне , соғысқа бейімділігіне қарамастан , отырықшы және қамал салған Қытайдың алдында әлдеқайда әлсіз болды. Бұл шын мәнінде екі өркениеттің текетіресі де еді , - дейді зерттеуші ғалым Т. Омарбеков .
Одан әрі ғалым бұл мәселені мынандай зерттеу ойларымен толықтыра түскен еді.
Қытай патшалары өздеріне бодан болғысы келіп жалынған Түрік қағандарын әрқашан қолдауға тырысты , өйткені оларға бірінші кезекте солтүстік шекараның тыныштығы қажет еді. Екіншіден , салық ретінде көптеп сәйгүліктер және тағы басқа мал түріндегі салықтарды алу арқылы Қытай отырықшылары өздерінің жағдайын нығайта түсті. Сондықтанда жоғарыдағы Ышбараның өтініші Қытай патшасы тарапынан қабыл болды. Бұл туралы қытай деректерінде былай жазылған : Осыған орай Ғаузу патша былай деп жарлық шығарды: Ышбараның Дешті құмның солтүстігін билегеніне талай жылдың жүзі болды. Барша жат қауымдар ішінде бұлардан мықтылар болған емес . Бұрын арамызда келісім жасалғанымен , екі ел болып келгенбіз . Енді біріміз билеуші, біріміз боданбыз. Демек бір тұлғаға біріктік . Олардың датнамасында білдірілген ықылас - пейілдеріне ризамын. Мен Көктегі тәңірдің рақым - шапағатымен сыртқы аймақтарды бағындырдым. Бұл қалай ғана менің шарапатым болсын . Қатысты басқармаларға осы іс бойынша ғибадатханалардың тасаттық беруін орналастырып, бүкіл халыққа салтанат ретінде жариялауын бұйырамын .
Осылайша , Ышбара қағанның бодан болу туралы өтініші қытай патшасы тарапынан қабылданып қана қоймай, ол тіптен ғибадатха-наларға жиналатын бүкіл халыққа жария етілді. Осылайша , дулулар-ды билейтіндер Қытайға тәуелді болып шыға келді. Мұның өзі әрине, Қытайдың алдында Ышбара қағанның беделін арттырғаны-мен, ол шын мәнінде саясатта енді тірі өлікке айналды. Қытай деректерінде оның осы жағдайы төмендегіше көрсетіледі: Осыдан бастап былайғы уақытта айырмашылық болу үшін жарлықнама мен іске қатысты жауаптарда Ышбараның аты аталмайтын болды да , оның Жоу әулетінен шыққан қатұн мәртебелі Жұбайы Мың ділдә ханшаға Яң науғысы лайықталып, есімі патша жұрағаттары тіркелген кітапқа енгізілді, әрі Көшелі ханша деген атақ берілді. Патша Құтымчынға баған деген міндет және Ән ел сұлтаны деген лауазым берген үстіне гарем сарайда кең мол дастархан жайып патшайыммен таныстырды және мол таралғы тартты. Мұндай ықыласқа мейлінше риза болған Ышбара былайғы жерде сарайға тіпті үзбей тарту - таралғы жіберіп тұратын болды.
7 жылы (587) басқы айда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Мәңгілік Ел идеясының маңызы
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ
Мәңгілік ел ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары
Пәндер