Адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
1.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын заңдардың даму тарихы
1.2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері

ІІ. АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Адамды кепілге алудың объектісі және объективті жағы
2.2. Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі – қылмыстық заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық ережелерді қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды кепілге алу құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234 – бабында бекітілген адамды кепілге алу құрамына заңдық талдау жүргізу, бұл норманы қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Берілген мақсатқа сүйене отырып келесі міндеттер қойыған:
• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын заңдардың кеңестік дәуірде және қазіргі заңнамада даму тарихын талдау ;
• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру түрлерін көрсету ;
• адамды кепілге алу қылмысына қылмыс құрамының элементтері (объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы) бойынша талдау жүргізу.
Берілген дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы, мерзімдік басылымдардан алынған материалдар құрады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1999. А.: Жеті Жарғы, 2002. – 100 б.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, Жеті Жарғы, 1999
3. Международная конвенция о борьбе с захватом заложников. 17.12.1979.
4. О судебной практике по делам о вымогательстве Постановления ПВС. 22.12.1995 №11 / Материалы к изучению курса уг.права: сборник Постановлении ПВС РК. Сост. Г.Б.Саматова. А.: ВЫШП «Әділет», 1999, 140 с.
5. Ұлттық қауіпсіздік туралы ҚР Заңы №233 / Қазақстан заңдары, 1998 №9
АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР

1. Гаухман Л.Д. «Борьба с гасильственными посягательствами». М.: «Юридическая литература», 1969. 120 с.
2. Иванов В.Н. «Уголовное законодательство Союза ССР и союзных республик: единство и особенности». М.: «Юридическая литература», 1973. 208 с.
3. Данилин И.Н. «Уголовно-правовая охрана общественного порядка». М.: «Юридическая литература», 1973, 200 с.
4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник. / Под ред. И.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 2. – Алматы: Институт «Данекер», 2000. – 481 с.
5. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық» Ерекше бөлім: Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 520 бет.
6. Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для ВУЗов / Под ред. д.ю.н., профессора И.И.Рогова и к.ю.н., профессора С.М.Рахметова. – Алматы, ТОО «Баспа», 2001. – 536 с. / Под ред.профессора В.Н.Нетрашева. – М.: Издательство , 1999. – 608 с.
7. Уголовное право. Особенная часть. Учебник / Под ред.профессора В.Н.Петрашева. – М.: Издательство Приор, 1999. – 608 с.
8. Уголовное право. Особенная часть. Учебник для ВУЗов. Отв.ред. И.Я.азаченко, З.А.Незнамова, Г.П.Новоселов. – М.: Издательская группа Инфра. М.-Норма, 1997. – 768 с..
9. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть: учебник / Под ред.проф.Б.В.Здравомыслова. – Изд.2-е, перераб.и доп.- М.: Юрист, 2000. – 552 с.
10. Российское уголовное право. Особенная часть: Учебник / Под ред.М.П.Журавлева и С.И.Никулина. М.: Издательство «Спарк», 1998. – 495 с.
11. Российское уголовное право. Особенная часть. / Под ед. В.Н.Кудрявцева, А.В.Наумова. – М.: Юрист, 1997. – 496 с.
12. Угловное право Казахской ССР. Особенная часть. Уч.пособие. Часть 2 / Под ред. Г.Ф.Поленова. А.: Мектеп, 1981. – 224 с.
13. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. / Жауапты ред.С.М.Рахметов, Т..Бапанов. Алматы, ЖШС «Баспа», 2001. – 704 б.
14. Досмамбетов Б. К вопросу о понятий захвата заложника. / Фемида №12 2000 г. с.25-28
15. Егоров В.С. Уголовная ответственность за преступление против общественной безопасности и общественного порядка. М.: Московский психолого-социальный институт; Воронеж: Издательство МПО «Модек», 2000. – 64 с.
16. Уголовное право: Ч.Общая , ч.Особ. Учебник / Под общ.ред.Л.Д.Гаухмана, Л.М.Колодкина и С.В.Максимова. М.: Юриспруденция, 1999. – 784 с.
17. Новое уголовное право России. Особенная часть. Учебное пособие / Под ред.Н.Ф.Кузнецова. М.: Зерцало, ТЕИС, 1996. – 156 с.
18. Панов В.П. Международное уголовное право. Учеб.пособие. М.: Инфра – М., 1997. – 320 с.
19. Скобликов П. Критерий добровольности освобождения похищенного и заложника. / Законность, 2002 №7 (813).
20. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. А.: Жеті Жарғы, 1999. – 320 б.
21. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. / Жауапты ред. Е.О.Алауханов, С.М.Рахметов. А.: Жеті Жарғы, 2001. – 272 б.
22. Досмамбетов Б.Ы. О совершенствований уголовного законодательства об ответственности за захват заложника (В свете норм международного право и законодательства арубежных стран). / Вестник КазНУ им.аль-Фараби. Серия «Международные отношения и международное право», 2003 №3 (11).
23. Досмамбетов Б. Расплата за заложника / Мир закона, 2002 №10.
24. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. М.: Проспект, 1997. – 760 с.
25. Комментарий к УК РК / Отв.ред. Борчашвили И.Ш., Караганда, 1999
26. Ткаченко В.И. Преступление против общественной безопасности. М.: 1984,
27. Карпец И.И. Преступление международного характера. М.: Юридическая литература, 1979. – 262 с.
28. Расследование отдельных видов преступлении. Уч.пос./ Отв.ред. О.Баев. Воронеж, 1986
29. Курс Советского уголовного права. Ч.Особ. / Отв.ред. Н.А.Беляев. Т.4. Л.: 1978
30. Матышевский П.С. Ответственность за преступление против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения. М.: 1964
31. Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право. А.: 1999
32. Ефимов М.А. Борьба с преступлениями против общественного порядка, общественной безопасности и здоровья населения. Минск. 1971
33. Гришанин П.Ф., Владимиров В.А. Преступление против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения. М., 1963
34. Дурманов Н.Д. Уголовная ответственность за преступление против общественной безопасности и здоровья населения. М.: 1962

АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
1.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың даму тарихы
1.2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері

ІІ. АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Адамды кепілге алудың объектісі және объективті жағы
2.2. Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін
демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары әрбір
азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық және жеке
басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды қамтамасыз ету
мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың конституциялық
құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең үлкен зиян
тигізеді. Адамды кепілге алу қылмысы да осы санатқа жатады.
Қылмыстылықпен тиімді күресуге ықпал ететін бағыттардың бірі – қылмыстық
заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда адамды кепілге алу үшін қылмыстық
жауапкершілікті бекітетін бөлігінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасын жетілдіру бірқатар бастапқы қылмыстық – құқықтық ережелерді
қайта қарастырумен қатар, қылмыстық – құқықтық нормаларды қалыптастыру үшін
елеулі маңызы бар салыстырмалы түрде жеке мәселелерді шешуді талап етеді.
Олардың бірі - қылмыстық кодекстің ерекеше бөліміндегі кейбір нақты
нормалардың құрылымдарын нақтылап анықтау қажеттілігі. Бұл адамды кепілге
алу құрамына да қатысты. Сондықтан да берілген тақырып қазіргі таңда өзекті
болып табылады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 234 – бабында бекітілген адамды кепілге алу құрамына заңдық
талдау жүргізу, бұл норманы қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын
қарастыру.
Берілген мақсатқа сүйене отырып келесі міндеттер қойыған:
• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың кеңестік дәуірде және қазіргі заңнамада даму тарихын талдау ;
• қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру түрлерін
көрсету ;
• адамды кепілге алу қылмысына қылмыс құрамының элементтері (объект,
объективті жағы, субъект, субъективті жағы) бойынша талдау жүргізу.
Берілген дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қазақстандық және ресейлік
авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы,
мерзімдік басылымдардан алынған материалдар құрады.

І ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік орнататын
заңдардың даму тарихы.

Қазіргі әрекет етуші Қылмыстық кодекс қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылық
ретінде қарастырған іс-әрекеттер ең алғаш рет қылмыстық және түзеу жазалары
туралы Заңдар жинағында жеке топ ретінде ажыратылды. Бұл Заңдар жинағының
Қоғамдық жайластырушылыққа және қоғамдық орындардың бекіткен тәртіп
ережелеріне қарсы қылмыстар және теріс қылықтар туралы бөлімінде Қоғамдық
тыныштықты, тәртіпті және оларды қорғайтын ережелерді бұзу туралы деп
аталатын тарау болды. Жазаланатындығы І Петр заманынан белгілі кейбір
әрекеттерді, (Ғажайыптарды, ырымшылдықты немесе надандықты пайдалана
отырып зиян келтіру) криминализациялауда мирасқорлықты сақтай және бұл
тараудың баптарын бөлімдер бойынша топтай отырып, заң шығарушы
сиқырлаушылық, жаман ойлы топтар құру және притондар ұстау, зиянды
хабарлар тарату, куәнің жалған жауап беруі және халықты тұрғылықты жерінен
көшуге көндіру түріндегі әрекеттер қоғамдық тыныштықты бұзумен тікелей
байланысты екендігін басшылыққа алғаны анық. Ал, қоғамдық тәртіпке келсек,
оған қарсы әрекеттер ретінде қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен айналысатын,
белгілі бір елді мекендерде тұруға рұқсаты жоқ тұлғалар тарапынан жасалатын
құқық бұзушылықтар ғана емес, сонымен қатар қаруды, оқ-дәрілерді және т.б.
заңсыз дайындау, сақтау және өткізу, адамға итті немесе қандай да бір
жануарды айдап салу танылды.
Мұндай қол сұғушылықтардың кеңірек шеңбері 1903 жылғы Қылмыстық Заңдар
жинағында бекітілді. Екі негізгі түрге тоқтала отырып, оларға ерекше
бөлімнің жеке тараулары арналды: бірі Қоғамдық және жеке қауіпсіздікті
қорғайтын ережелерді бұзу туралы, екіншісі Қоғамдық тыныштықты қорғайтын
ережелерді бұзу туралы деп аталады. Бірінші тарауға қаруды, оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды заңсыз жасау, сатып алу, сақтау немесе өткізу; адамға
жануарды айдап салу; қауіпсіздік ережелерінің жекелеген түрлерін сақтамау:
ацетиленді және кальций – карбидті ұстау, жарылғыш құрылғыларды (бу
қазандарын) пайдалану, көлік құралын жүргізу (мысалы, абайсыз немесе шектен
тыс жылдамдықты асыру, ат тізгінін көрінеу қабілетсіз немесе мас адамға
ұстату), жабайы аңды ұстау, спирт ішімдіктерін сату.
Бұл тарауда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамау туралы да айтылды:
темекі тартуға заңмен, немесе, міндетті ережемен тыйым салынған жерде
темекі тарту үшін және темекі тартуға тыйым салынатындығы туралы
ескертуге қарамастан өрт немесе жарылыс қауіпін тудыратын жерде темекі
тарту үшін жеке санкциялар көзделді.
Екінші тарау негізінен өзге іс-әрекеттердің белгілерін қамтыды (қылмыстық
қауымдастықтар құру, притондар ұстау, зиянды хабарлар тарату, қаңғыбастық
және т.б.). Бірақ бұл тарауға да бірнеше жаңа құрам енгізілді, оның ішінде,
сотқарлық: қоғамдық орында немесе қоғамдық жиында, немесе олардан тыс,
бірақ қоғамдық тыныштықты немесе тәртіпті бұза отырып айқай, шу көтеру
немесе өзге де жүгенсіздік жасау, кейіннен бұл әрекеттер бұзақылық
терминімен белгілене бастады.
1922 жылғы алғашқы кеңестік Қылмыстық кодекс ерекше бөлімнің баптарын
жалпылама топтауға негізделді. Осыған байланысты бір тарауға қылмыстық –
құқықтық қорғалуға жататын үш объектіге қол сұғушылықтар біріктірілді:
халықтың саулығы, қоғамдық қауіпсіздік және көпшілік тәртіп. Заң шығарушы
жоғарыда аталған бірқатар іс-әрекеттердің жазаланатындығын жоққа шығарып
жекелеген қылмыстарды қылмыстық – құқықтық бағалаудың бағытын қайта қарап
оларды берілген тараудан алып тастау мүмкін деп есептеді. Мысалы, сәйкес
рұқсатсыз жарылғыш заттарды немесе оқ-дәрілерді жасау, сатып алу, сақтау
немесе өткізу жағдайлары қылмыстық жауапкершіліктің дербес негізі ретінде
ажыратылып басқару тәртібіне қарсы қылмыстармен тікелей байланыстырылды.
Атыс қаруын заңсыз сақтау бұрыңғысынша қоғамдық қауіпсіздік мүдделерін
қылмыстық жазаланатын бұзушылық ретінде қарастырылғанын атап өту қажет.
Қоғамдық қауіпсіздік мүдделерін қорғау Ерекше бөлімнің тағы да екі бабын
қалыптастыру кезінде көзделді: олардың бірінде темір жол және су жолдарында
жүру тәртібі мен қауіпсіздігін қорғау үшін арналған ережелерді сақтамау
туралы, екіншісінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде заңмен немесе
міндетті ережемен белгіленген құрылыс, санитариялық және өртке қарсы
ережелерді орындамау немесе бұзу туралы айтылды. Мұндай нысанда
қалыптастырылған құрамдар ол кезеңде көпшілік тәртіп түсінігі өзінің
мазмұнымен халықтың денсаулығын қорғауға арналған ережелерді қамтығанының
дәлелі бола алады. 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің мағынасы бойынша көпшілік
тәртіпке көптеген өзге ережелерді (тұрғылықты жері бойынша тіркелу және
есепке тұру, баспа туындыларды шығару, баспаханалар ашу, жеке
кәсіпорындардың қызметі туралы есеп беру, механикалық қозғалтқыштарды
орнату және т.б.) сақтамау нәтижесінде зиян келеді.
Заң шығарушының қылмыстық – құқықтық қорғаудың дербес объектісі ретіндегі
көпшілік тәртіпке көзқарасын сипаттау үшін бұзақылықтың бағыттылығы туралы
сұрақтың шешілуі ең көрнекті болып табылады. Бұл терминді білмегенімен,
1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағы сәйкес әрекеттерді қоғамдық тыныштыққа
және тәртіпке қолсұғушылық деп есептеді: сотқар, мақсатсыз, жекелеген
азаматтарды немесе тұтастай қоғамды құрметтемеуді анық білдірумен ұштасқан
әрекеттер, ал 1922 жылғы Қылмыстық кодекс оларды жеке тұлғаға қарсы
қылмыстарға жатқызды. Кейіннен 1926 жылғы Қылмыстық кодексте оларға біршама
өзгеше баға берілді. Бұл әрекеттердің сараланған түрлері (сотарлық немесе
жүгенсіздіктің көрініс табуы, қайталануы, қасақанашылық, айрықша цинизм,
өрескелдік) ажыратылып бұзақылық құрамымен сотқар, қоғамды айқын
құрметтемеумен ұштасқан әрекеттер қамтылды және заң шығарушы бұзақылықты
жазалайтын бапты Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар тарауына енгізген
негізді деп есептеді. 1940 жылы бұл құрамның белгілері жаңа редакцияда
берілді (кәсіпорындардағы, мекемелердегі және қоғамдық орындардағы
бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-
құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер
мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін
бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-
әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926
жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр
түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы
бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-
құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер
мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін
бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-
әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926
жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр
түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы
бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-
құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер
мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін
бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-
әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926
жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр
түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы
бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-
құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер
мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін
бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-
әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926
жылғы Қылмыстық кодексте ордендер мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр
түрлі құжаттарды сақтау тәртібін бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы
бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-
құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926 жылғы Қылмыстық кодексте ордендер
мен азаттық белгілерін заңсыз тағу, әр түрлі құжаттарды сақтау тәртібін
бұзу, жергілікті билікмдық орындардағы бұзақылық әрекеттер), алайда бұл іс-
әрекеттің бағыттылығын қылмыстық-құқықтық бағалау өзгерген жоқ. Егер 1926
жылғы Қылмыстық кодексте орден1 жасалды. Сәйкес құрамдар тікелей қоғам
мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар табиғатқа зиян келтіру қауіпін
тудыратын іс-әрекеттерді қамтуды көздейтін жүйеге қалыптастырылды.
Экологиялық сипаттағы қолсұғушылықтардың сипаттамасына тоқталмай – ақ заң
шығарушы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасында бірінші орынға
көлік қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзуды қойғанын атап
өткен жөн. Бұлардан кейін жұмыстардың жекелеген түрлерін (тау-кен, құрылыс)
жүргізу немесе жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда және жарылыс қауіпі бар
цехтарда қауіпсіздік ережелерін сақтамаумен байланысты іс-әрекеттер
көрсетілді. Тез тұтатанатын және улы заттарды, пиротехникалық бұйымдарды,
қаруларды және оқ – дәрілерді ұстау ережелерін бұзу дербес қылмыс құралдары
ретінде қарастырылды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің әрекет етуі кезінде
бұл жүйе бірнеше рет жаңа құрамдармен толықтырылды (өрт қауіпсіздігі
ережелерін бұзу, жарылғыш немесе тез тұтатанатын заттарды әуе көлігімен
заңсыз алып өту, атыс қаруын ұрлау және т.б.), бірақ олар әрқашанда әрекет
етуші қылмыстық – құқықтық нормалармен үйлестірілген жоқ (мысалы, улы
заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу үшін
қылмыстық жауаптылық енгізгенде тез тұтанатын немесе улы заттарды заңсыз
тасымалдау құралының болуына қарамастан жаңа норманы есірткі заттарды
тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау үшін жауапкершілік көздейтін
баппен байланыстырды). Дегенмен, алғашқы кеңестік қылмыстық кодекстермен
салыстырғанда 1959 жылғы қылмыстық кодекс қылмыстық-құқықтық қорғаудың
объектісі болып табылатын қоғамдық қауіпсіздік туралы белгілі көзқарастарға
негізделді. Қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын іс-әрекеттерге анықтама бере
отырып әдебиеттерде олардың жалпы белгілері туралы (кінәлінің белгілі бір
ережелерді бұзуы, бұл ережелердің белгілі бір қауіптілігі жоғары қайнар
көзді пайдаланумен байланыстылығы, тұлғалардың белгісіз шеңберіне зиян
келтіру қауіпінің болуы және т.б.) айтыла бастауы кездейсоқ емес1.
Авторлардың арасында 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің мағынасында қылмыстық
заңмен қорғалатын қоғамдық тәртіп деп түсінілетінді сипаттауда ауызбірлік
болған жоқ: біреулері оларды әлеуметтік (құқықтық, адамгершілік және т.б.)
нормалармен реттелген базистік емес қатынастар деп атаса, екіншілері –
қоғамдық органдарда бекітілген тәртіп ережелері, үшіншілері оларды
азаматтардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың еңбек етуінің, демалуының
және қызмет етуінің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін қатынастар деп
атады. Қоғамдық тәртіпте жалпы сипаттама беру кезінде қылмыстық құқық
теориясында туындаған қиыншылықтар бұл ұғымның күрделілігімен емес, әдетте
бұл ұғыммен заң шығарушы қоғамдық тәртіпке қолсұғушыларға жатқызған барлық
іс - әрекеттердің бағыттылығын қамтуға тырысуымен түсіндіріледі. Бұл
тұрғыдан 1959 жылғы Қылмыстық кодекс бұрын әрекет еткен кеңестік қылмыстық
заңдылықтан жақсырақ болды. Ал, 1903 жылғы Қылмыстық заңдар жинағымен
салыстырсақ, Қылмыстық кодекс қоғамдық тәртіпке қол сұғушылықтарға
өлтірумен, денеге ауыр жарақаттар келтірумен немесе мүлкіті жоюмен қорқыту
(Қылмыстық заңдар жинағында ол жеке бостандыққа қарсы қылмыстарға
жатқызылған болатын); кәмелетке толмағандарды қайыршылыққа немесе өзге де
адамгершілікке жатпайтын істермен айналысуға тарту (ХХ ғасырдың басында бұл
әрекеттер адамгершілікке қарсы қол сұғушылықтар болып танылған); көрінеу
ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу (Қылмыстық заңдар жинағында бұл
әрекет мүлік бойынша жазаланатын адал болмаушылықпен байланыстырылған
болатын) сияқты әрекеттерді жатқызды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстің
мағынасы бойынша притондар ұстау және жеңгетайлық порнографиялық
материалдарды жасау және өткізу, мәйіттер жерленген жерлерді қорлау,
мәдениет ескерткіштерін бұзу, жою немесе бүлдіру қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстарға жатуы тиіс деген әдебиеттерде айтылған пікірлер де жағдайды
анықтаған жоқ. Мұндай пікірлерді шындыққа сәйкес келеді деп есептеуге
болмайды, алайда олардың пайда болуы қоғамдық тәртіп термині ол кезде бір
мағыналы және нақты қолданбағанымен дәлелі бола алады.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылданды.1 Қазіргі
жағдайда бұрынғы қоғамдық қауіптілігін жоғалтқан бірқатар қылмыстар
декриминализацияланды. Мысалы, құмар ойындарды ұйымдастыру, егінді қасақана
таптау, есірткі заттарды аз мөлшерде заңсыз сатып алу немесе сақтау, сатып
алу, айырбастау және т.б.
бұрын оларды жасау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделмеген немесе
Қылмыстық кодекстің өзге жалпы нормалары бойынша көзделген бірқатар
әрекеттер криминализацияланды. Қоғамның жаңа іс-әрекеттер үшін қылмыстық
жауапкершілік белгілеу қажеттілігі ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің
құқықтық негіздерін қалыптастыру, адамдардың өмірі мен денсаулығын қолайсыз
экологиялық ахуалдан қорғауды күшейту қажеттілігімен негізделді.2
қылмыстық кодекстің ІХ тарауына бұрын Қылмыстық кодекстің өзге тарауларында
көзделген бірқатар нормалар ауыстырылды (бандитизм, адамды кепілге алу,
жаппай тәртіпсіздіктер және т.б.). Бұл берілген қылмыстар қол сұғатын
объектінің нақтылануынан және Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің
жүйелілігінен туындады.
Жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстардың негізгі және сараланған түрлерінің
белгілері нақтыланып және жүйелендіріліп мазмұндалды (терроризм, адамды
кепілге беру, бандитизм, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және
жарылғы ұрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау
немесе алып жүру, бұзақылық және т.б.).
Көптеген баптардың санкциялары да елеулі өзгерістерге ұшыратылды. Қоғамдық
қауіпсіздікке қарсы қылмыстар тікелей адамның өміріне қарсы
бағытталмағандықтан терроризм (233), бандитизм (237), әуе немесе су көлігін
не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру
(239) сияқты баптардың санкцияларынан өлім жазасы алынып тасталды.
Соңғы кезде құқық қорғау органдары біздің қоғам үшін жаңа қылмыс болып
табылатын адамды кепілге алумен кездесе бастады. Қылмыстық заңдылықта
адамды кепілге алу дербес қылмыс құрамы ретінде Қылмыстық кодексінің 234
бабында бекітілген. Бұрын берілген қылмыс құрамы 17 желтоқсан 1979 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қабылданған Адамдарды кепілге
алумен күресу туралы халықаралық конвенцияға сәйкес 19 тамыз 1987 жылғы
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Қазақ ССР Қылмыстық
кодексінің 115-1 бабында бекітілді. Заңның бұл бабы Қылмыстық кодекс КСРО
Жоғарғы Кеңес Президиуымының КСРО-ның Адамдарды кепілге алумен күресу
туралы Халықаралық конвенцияға қосылу туралы 7 мамыр 1987 жылғы және адамды
кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік орнату туралы 10 шілде 1987 жылғы
жарлықтарының негізінде енгізілді.
Адамды кепілге алу Халықаралық сипаттағы қылмыстар еңбегінде профессор
И.И.Карпец берген халықаралық сипаттағы қылмыстар анықтамасына сәйкес
келеді: Халықаралық сипаттағы қылмыстар дегеніміз адамдарға қарсы
қылмыстарға жатпайтын, бірақ мемлекеттер арасындағы қалыпты қатынастарға
қол сұғатын, қарым-қатынастардың әр түрлі салаларындағы (экономикалық,
әлеуметтік – мәдени, мүліктік және т.б.) бейбіт ынтымақтастыққа, сонымен
қатар, ұйымдар мен азаматтарға зиян келтіретін белгіленген тәртіпте
ратификацияланған халықаралық келісімдерде (конвенцияларда) бекітілген
нормаларға немесе осы келісімдерге сәйкес ұлттық қылмыстық заңдылықтың
нормаларына сәйкес жазаланатын халықаралық келісімдермен (конвенциялармен)
көзделген іс-әрекеттер1.
Адамды кепілге алу сипаты бірнеше мемлекеттердің мүдделеріне нұсқан
келтіретін халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде жалпықылмыстық мемлекеттің
ішкі қылмысы ретінде де орын алуы мүмкін.
Адамды кепілге алу халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде 17 желтоқсан 1979
жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған адамдарды кепілге алумен күресу
туралы Конвенцияға сәйкес сараланады. Бұл Конвенцияның қабылдануынан екі
жыл бұрын адамдарды кепілге алу фактілерінің жиіленуіне байланысты БҰҰ Бас
Ассамблеясының ХХХІ сессиясында аталған Конвенцияның жобасын дайындау
жөніндегі БҰҰ арнайы комитеті құрылды. Бұл Конвенциядан басқа
мемлекеттердің адамдарды кепілге алумен күресу сферасындағы ынтымақтастығы
бірқатар регионалдық келісімдермен реттеледі. Олар шетелдердің
дипломатиялық агенттері мен олардың отбасы мүшелерін кепілге алудан бірінші
болып жапа шеккен мемлекеттерде Америка континентінде пайда болды. 1970
жылы американдық мемлекеттер ұйымының тұрақты комитетіт қорқыту мақсатында
адамдарды ұрлауды айыптайтын резолюция қабылдады. Мұндай әрекеттер
адамгершілікке қарсы қылмыстар ретінде сараланды. 1971 жылы Вашингтонда
американдық мемлекеттер ұйымының Бас Ассамблеясымен мақұлданған халықаралық
қорғауды пайдаланатын тұлғаларды ұрлау, өлтіру, қорқытып алу және тағы да
басқа күш көрсету аспектілерімен күресетін заңдылықты унификациялауды
көздеген американаралық конвенцияға қол қойылды1. Жоғарыда аталған
әрекеттер олардың жасалу себептеріне қарамастан халықаралық маңызы бар
қылмыстар ретінде сараланды.
Бұл Конвенцияның 9-бабы оны американдық мемлекеттер ұйымына мүше болып
табылмайтын барлық мемлекеттердің қол қоюына және қосылуына ашық деп
жариялады.
Адамдарды кепілге алумен күресу жөніндегі келісімдерді жасасу Еуропалық
Кеңес шеңберінде де жүргізілді. 1973 жылы Еуропалық Кеңестің Консультативті
Ассамблеясы өзінің №703 рекомендациясында мемлекеттерге кінәсіз адамдарды
ұрлауды немесе Олардың өміріне қауіп төндіруді ауыр қылмыстар деп санауды
ұсынды. 1977 жылы Страсбургте Еуропалық Кеңес органдарында ұзақ мерзім
талқыланғаннан кейін терроризммен күресу туралы конвенция қабылданды.
Халықаралық терроризмнің өзге актілерінің қатарында адамдарды ұрлау,
кепілге алу немесе заңсыз бостандығынан айыру аталды.
Адамдарды кепілге алу үшін қылмыстық жауапкершілік халықаралық терроризммен
күресу туралы өзге де халықаралық құқықтық актілерде, сонымен қатар,
азаматтық тұрғындарды соғыс кезінде қорғау туралы 1949 жылғы Женева
конвенциясында және 1977 жылғы Қосымша хаттамаларда көзделді.
1979 жылғы Конвенцияның 1 – бабына сәйкес кепілге алушылық дегеніміз үшінші
тарапты (мемлекет, өзге тұлғалар немесе ұйымдар) кепілге алынған адамдарды
босату шарты ретінде белгілі бір әрекеттерді (әрекетсіздікті) мәжбүрлеп
орындату мақсатында тұлғаны заңсыз бостандығынан айыра отырып алу немесе
ұстау. Кепілге алушылықтың объектілері болып тек қана халықаралық қорғауды
пайдаланатын тұлғалар ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айыру
орындары әкімшілігінің өкілдері (қамаудағы адамдарды босату мақсатында),
ірі өнеркәсіпшілер және бизнесмендер, олардың отбасы мүшелері (төлем алу
мақсатында) болуы мүмкін. Қарулы тонаулар кезінде олар қашу жолдарын
қамтамасыз ету және т.б. үшін алынады. Кепілге алынған адамдарды
мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты үшін кек алу құралы ретінде пайдалану
фактілері жиі кездеседі1. Мысалы, 1980-ші жылдары ислам фундаменталистері
Америка Құрама Штаттарынан және Таяу Шығыстағы Израильдің саясатын
қолданатын өзге де елдерден кек алу мақсатында Бейрутта және өзге де
қалаларда біршама адамдарды кепілге алып, бірнеше жылдары бойы қамауда
ұстады.
Адамдарды кепілге алу туралы халықаралық – құқықтық нормаларды ұлттық
заңдылыққа трансформациялау бұл қылмыстармен Қазақстан Респуликасының
территориясында күресу ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады.

1.2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі, түрлері

Әрекет етуші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қоғамдық
қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық
жауаптыық көздейді. Бұл тарауға заң шығарушы қылмыстардың 26 құрамын
енгізген. Әрекет етуші қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздіктің
анықтамасы берілмеген.
Қауіпсідік ұғымы әлдекімге әлденеден қауіп төнбейтін жағдай,
қауіптіліктің болмауы, амандық, сенімділік дегенді білдіреді1. Сәйкесінше
қауіпсіздік адамдармен біршама сипаттама, қажеттілік, адамға арналған
игілік ретінде жасалған құнды және қол жетерлік әлдене болып табылады.
Мұның барлығы заңмен сенімді қорғалуы тиіс екеніне күмән жоқ. Осы
қорғалатын объектінің маңыздылығын басшылыққа ала отырып Қазақстан
Республикасында заң шығарушы кең мағынадағы қоғамдық қауіпсіздік ұғымын
берген арнайы нормативтік акт – ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдады.
қоғамдық қауіпсіздік – Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен
берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал
келтіре алатын, ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі1. Қоғамдық
қауіпсіздік ұғымы, атап айтқанда, экология, өндіріс, көлікті пайдалану
сферасындағы қауіпсіздікті қамтиды және, сондытан, оның түрлерін қылмыс
құрамдарын біріктірудің жеке негіздері ретінде ажырату қылмыстық – құқықтық
қорғаудың берілген объектісі ұғымының көлемі мен мазмұнын қайта қарауға
әкеп соқпауы тиіс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ерекше
бөлімінде қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп аталған іс-
әрекеттерге іс жүзінде бір-бірімен объектілері және қауіптің қайнар көзі
бойынша ажыратылатын қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі түрлеріне қол
сұғатындары ғана жататынын белгілеп өту қажет.
Егер қауіптің қайнар көздерін олардың ішкі энергиясының нысандарының
ерекшеліктері бойынша жалпылама түрде жіктесек, келесілерді ажыратуға
болады: а) әлеуметтік (бір немесе бірнеше адамның мақсатты бағытталған,
қоғама қауіпті іс-әрекеті); ә) физикалық (жылу, элект, т.б. энергиялар),
химиялық (мысалы, жарылғыш, уландыратын заттар), физика-химиялық (атап
айтқанда, атом қондырғылары); б) биологиялық (жабайы аңдардың,
микроағзалардың ықпал етуі) қайнар көздер.
Қылмыстық кодекстің Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар тарауы тұрғысынан қауіптің әлеуметтік қайнар көздерін терроризм,
адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау,
әртүрлі қылмыстық құрамаларды ұйымдастыру, жаппай тәртіпсіздіктер, теңіз
қарақшылығы, т.б. сияқты жаалайтын іс-әрекеттер жатқызылуы тиіс.
Әрине, негізінен тұлғаның кез-келген қоғамға қауіпті мінез-құлқы әлеуметке
қарсы сипатта болады. Алайда, берілген жағдайда тұлғалардың анықталмаған
шеңберіне зиян келтіруге қабілетті және өздігімен жоғары қауіптің қайнар
көзі болып табылмайтын заттарды пайдалану ережелерін бұзумен байланысты
емес қылмыстық мінез-құлық туралы ғана айтылып отыр. Бұл мағынада Қылмыстық
кодекс қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықтардың қандай топтарын көрсетіп
отыр ?
Бірінші топқа азаматтар, қандайда бір ұйымдардың немесе мемлекетің
өкілдерінің санасына ықпал ету құралы ретіндегі нақты әрекеттермен
нығайтылған қорқытуды пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттерді жатқызуға
болады. Бұрын әрекет еткен қылмыстық заңдылыққа мұндай құрамдар ұзақ уақыт
ойы мүлдем белгісіз болды және 1990-шы жылдардың басында ғана терроризмнің,
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың, адамды кепілге алудың
жазаланатындығы көзделді. Қолсұғушылықтардың бұл түрін құрайтын кез-келген
іс-әрекетті жасау зиян келтіру қауіпін туындатады және мемлекетті,
ұйымдарды немесе азаматтарды үрейлендіруге бағытталады. Қолсұғушылықтардың
бұл түрін шартты түрде айналадағыларға психикалық ықпал ету мақсатында
жасалатын қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп атауға болады1.
Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық
ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, заңсыз
әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру да белгілі бір тұлғалар шеңберіне
қатысты күш қолдану қауіпімен байланысты. Оның ерекшелігі берілген жағдайда
қорқыту келістірілген күштеу іс-әрекеттерін жасауға қабілетті мемлекетпен
бақыланбайтын ұйымның әрекет ету фактісімен байланысты екендігінде.
Айналадағылар үшін қауіптің әлеуметтік қайнар көзі болып табылатын іс-
әрекеттер тобы қоамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп аталады. Жоғарыда
аталып өткендей, бұрын олардың қатарына едәуір көп қылмыстар жатқызылған.
Алайда, олардың бір бөлігі 1990-шы жылдардың басында декриминализацияланды.
Жаңа қылмыстық заңдылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған деп
есептеген бірқатар қылмыс құрамдарын (өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян
келтірумен немесе мүлікті жоюмен қорқыту, көрінеу қылмыстық жолмен табылған
мүлікті сатып алу немесе сату, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске
тарту және т.б.) ерекше бөлімнің өзге тарауларында көздеді. Нәтижесінде
көптеген авторлар, қоғамдық тәртіпті бұзумен тек қана бұзақылық пен
тағылықты байланыстыра бастады1. Сұрақтың осылайша шешілуін қолдай отырып
мінез-құлық ережелерін өрескел бұзумен ұштасқан қоғамды анық құрметтемеу
жаппай тәртіпсіздіктер үшін жауапкершілік белгілейтін бапта де көзделгенін
атап өту қажет.
Сонымен қатар, теңіз қарақшылығы мен әуе немесе су көлігін не жылжымалы
темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей, қолға түсіру белгілері бар
құрамдарды ерекше топқа ажыратуға болады.
Жаңа Қылмыстық кодекс жоғары қауіптің қайнар көздерінің екінші түрін
(физикалық, физико-химиялық, химиялық) пайдаланумен байланысты қылмыстардың
жазаланатындығын белгілейтін баптарға өзгерістерді едәуір аз енгізді.
Қауіпсіздік ережелерін бұзатын қолсұғушылықтардың дербес тобы ретінде
келесі ережелерді сақтамауды атап өту қажет: а) жұмыстар жүргізу (құрыыс,
тау-кен, жарылыс қауіпі бар объектілерде және т.б.); ә) тез тұтанатын,
арылыс қаупі бар заттарды, пиротехникалық бұйымдарды және радиоактивті
материалдарды ұстау; б) қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және
жарылғыш құрылғыларды сатып алу, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.
Қылмыстық кодекстің 9 тарауының атауы бұл қылмыстардың топтық объектілері
қоғамдық қауіпсіздік (ҚР ҚК-нің 233-256 баптары) және қоғамдық тәртіп (ҚР
ҚК 257-258 баптары) болатынын көрсетеді.
Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік
маңызды мүдделерін қауіптің мүмкін қайнар көздерінен қорғалған жай-күйін
қамтамасыз ететін механизм болып табылатын экономикалық, саяси,
ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы шаралар жүйесі.
Қоғамдық тәртіп дегеніміз қоғамдық тыныштықтың жай-күйін, азаматтардың
қоғамдық орындардағы лайықты мінез-құлқын, ұйымдардың, мекемелердің,
кәсіпорындардың, қоғамдық және жеке көліктің қалыпты жұмысын, жеке басқа
қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың объективті
жағы әдетте әрекет жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, бандитизм (ҚК 237 б),
жапай тәртіпсіздіктер (ҚК 241 б.), бұзақылық (АК 257 – б.). кейбір
қылмыстар тек қана әрекетсіздік жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, атыс
қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253 – б.), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды
немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше
атқармау (ҚК 254 – б.). кейбір қылмыстар әрекет жолымен де, әрекетсіздік
жолымен де жасалуы мүмкін. Мысалы, жарылыс қаупі бар объектілерде
қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 246 – б.), радиоактивті материалдармен
жұмыс істеу ережелерін бұзу (ҚК 249 – б.).
Бұл тараудағы қылмыстардың бірқатары құрамы бойынша формальді болып келеді.
Мысалы, заңсыз әскерилендірілген құрамына ұйымдастыру (ҚК 236 – б.),
бандитизм (ҚК 237 – б.), бұзақылық (ҚК 257 – б.) және т.б.
Бірқатар қылмыстар құрамдары бойынша материалдық болып келеді. Мысалы,
радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (ҚК 248 – б.), тау-кен
немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бзу (ҚК
245 – б.), атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253 – б.), өрт қауіпсіздігі
ережелерін бұзу (ҚК 256 – б.) және т.б.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі
кінәнің қасақана түрімен сипатталады. Жекелеген қылмыстар абайсыздықпен
жасалуы мүмкін. Мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253 – б.).
Бұл қылмыстардың субъектілері болып 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке
тұлғалар танылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 15 бабына сәйкес кейбір қылмыс
құрамдарының субъектілері болып 14 жасқа толған тұлғалар танылады, бұл ҚК-
тің 233, 234, 242, 255, 257-б. 2,3 –т, 258 баптар. Кейбір жағдайларда
тұлғаны қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың
субъектісі деп тану үшін ол арнайы белгілерге ие болуы керек. Мысалы, ҚК-
тің 254, 256 баптары және т.б.
Қолсұғушылықтың тікелей объектісіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 9
тарауына кіретін барлық қылмыстарды келесі түрде жіктеуге болады:1
1) қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар: терроризм (233 – б.), адамды
кепілге алу (234 – б.), ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық
қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық
қоғамдастыққа қатысу (235 – б.), заңсыз әскерилендірілген құраманы
ұйымдастыру (236 – б.), бандитизм (257 – б.), үйлерді, құрылыстарды,
қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238 – б.), әуе немесе су
көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға
түсіру (239 – б.), теңіз қарақшылығы (240 – б.), жаппай тәртіпсіздіктер
(241 – б.), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (242 – б.),
жаппай зақымдау қаруын, қару – жарақ және әскери техника жасау кезінде
пайдаланылатын технологияларды, ғылыми – техникалық ақпаратты және
қызметтерді заңсыз экспорттау (243 – б.).
2) жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты
қылмыстар: атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу
(244 – б.), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік
ережелерін бұзу (245 – б.), жарылыс қауіпі бар объектілерде қауіпсіздік
ережелерін бұзу (246 – б.).
3) жалпы қауіпті заттарды ұстау ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар:
радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істу (247 – б.), радиоактивті
материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248 – б.), радиоактивті
материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу (249 – б.), айналыстан алынған
заттардың контрабандасы (250 – б.), қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды
және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау,
тасымалдау немесе алып жүру (251-б.), қаруды заңсыз жасау (252-б.), атыс
қаруын ұқыпсыз сақтау (253-б.), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе
жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау (254-
б.), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не
қорқытып алу (255 – б.), өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256 – б.).
4) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар: бұзақылық (257 – б.), тағылық (258-
б.).
соңғы бірнеше жылда адамдарды кепілдікке алумен байланысты қылмыстардың
өсуі байқалуда. Босатудың шарты ретінде ақша және қандай да бір іс-
әрекеттерді орындауды талап ету мақсатында балаларды ұрлау сияқты
адамгершілікке жатпайтын қылмыстар санының өсуі байқалғаны туралы баспасөз
беттерінде аталып өткен болатын.
1998 жылы төрт қазақстандық кепілге алынды. 1999 жылы 14 қазақстандық
кепіле алынып, 59 адам ұрланды. Адамдар заттар сияқты сауда пәніне
айналды1.
Ресейде адамдарды кепілге алу динамикасын келесі сандар сипаттайды: 1990
жылы адамды кепілге алудың бір фактісі тіркелді, 1991 жылы – 0, 1992 жылы –
3, 1993 жылы – 51, 1994 жылы – 118, 1995 жылы – 113, 1996 жылы – 99, 1997
жылы – 114. Заңды күшіне енген үкімдер бойынша Ресей Федерациясының барлық
соттарымен сотталған адамдар саны: 1991 жылы – 0, 1992 жылы – 0, 1993 жылы
– 15, 1994 жылы – 93, 1995 жылы – 88, 1996 жылы – 62, 1997 жылы – 1122.
Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері
туралы статистикалық есепте берілген Бас Прокуратураның мәліметтері
бойынша 1998 жылы Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған қылмыстың
6 фактісі, 1999 жылы 15 фактісі тіркелді. 1998 жылы сотқа 3 қылмыстық іс,
1999 жылы 14 қылмыстық іс жіберілді.
Мысалдар ретінде келесілерді келтіруге болады: 1973 жылы Внуково әуежайында
бортында 40 жолаушысы бар ұшақты кепілге алу, 1979 жылы Мәскеудегі Америка
Құрама Штаттарының елшілігінде территористі жою, 1988 жылы Орджоникидзе
Якинянц бандасының 31 оқушы мен мұғалімді кепілге алды, 1993 жылы Ростов
қаласында 11 баланы кепілге алу, 1994 жылы Минералды сулар әуежайында
адамдары бар автобусты кепілге алу, 1997 жылы – Мәскеудегі Швеция
елшілігінің өкілін кепілге алу1. Өкінішке орай бұл тізімді жалғастыра
беруге болады.
Адамды кепілге алуды жалпыға қауіпті қылмыстардың қатарына жатқызу
субъективті негізделген, себебі кінәлілер олардың іс-әрекеттерінің мақсаты
болып өздігімен адамды кепілге алу емес, мемлекет, ұйым немесе азамат
тарапынан белгілі бір іс-әрекеттерді орындау немесе орындамау табылатынын
сезінеді. Кепілге алынған адамның тұлғасы кінәлілерді өздігінен емес,
белгілі адресатқа ықпал ету құралы ретінде қызықтырады. Сәйкесінше қылмыс
жасалған жерде қандай да бір себептермен болған кез-келген адамдар кепілге
алынуы мүмкін.
Заң шығарушы адамды кепілге алудың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәредесін
ескере отырып оны ауыр қылмыстар қатарына, ал саралаушы мән-жайлар болғанда
(ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т.) ерекше ауыр қылмыстар қатарына жатқызуды және
15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздеді.
Көпшілік Батыс елдерінің заңдылықтары адамдарды кепілге алу үшін
жоғарылатылған қылмыстық жауаптылықты көздейді. Мысалы, Америка Құрама
Штаттарында ұшақ бортында орын алуы мүмкін құқыққа қарсы іс-әрекеттерді
толық қарастырған Монреаль Конвенциясының негізінде қабылданған әуе
кемелеріндегі диверсиялар туралы федералдық заң әрекет етеді. АҚШ-та,
орташа есеппен, әуе терроризмі және адамды кепілге алу үшін үкімдер 28
жылға жазаны көздейді.
Германияның Қылмыстық кодексі адамды кепілге алу үшін кемінде 5 жыл
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.
Францияда 1971 жылы адамды кепілге алуға кінәлі деп танылған тұлғаларды
өмір бойға бас бостандығынан айыру туралы заң қабылданды.
Атап өтуіміз қажет, кінәліліредің әрекет ету тәсілдері, кез-келген қоғам
мүшесінің кепілге алынған адам ролінде болу мүмкіндігі, келтірілетін
зиянның әр түрлі болуы – мұның барлығы қоғамдық тыныштық атмосферасына
ықпал етеді, азаматтарда өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік сезімін
туғызады. Басқаша сөзбен айтқанда, адамды кепілге алу кезінде қоғам
өмірінің қауіпсіз жай-күйін қамтамасыз ететін қатынастарға зиян
келтіріледі. Берілген қылмыс қоғамдық қауіпсіздікті бұзады, көп жағдайда
көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жеке
бостандықты шектейді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 16, 17
баптарымен кепілдік берілген жеке басқа қол сұғушылықты бұзады.

ІІ ТАРАУ. АДАМДЫ КЕПІЛГЕ АЛУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Адамды кепілге алудың объектісі және объективті жағы

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары
қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық
құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып
табылады (3 – б.). Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын
ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып
көрсетіледі. Қылмыс құрамы дегеніміз қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті
іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің
және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз1. Қылмыс құрамының әрқайсысы
оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер
секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы
белгілердің қосымша жйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің
болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл
жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын
бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4
түрлі элементтер жатады: объект, объективті жағы, субъект, субъективті
жағы.
Қылмыстың объектісі деп, сол қылмыстық іс-әрекеттің неге бағытталғанын,
оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.
Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып
бөлінеді. Қылмыс объектісінің оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін
дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу
үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстық заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың тізбегі
Қылмыстық кодекстің оның міндеттерін айқындайтын 2-бабында атап
көрсетілген.
Қылмыстық заңмен кез-келген қоғамдық қатынастар қорғала бермейді. Сондықтан
да, қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп келтіретін немесе
қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқықтық нормалармен
қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың жалпы объектісі болып танылатын қоғамдық қатынастардың өзі тарихи
өзгермелі болып отырады.
Қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық – экономикалық формацияларына
байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық қатынастар қылмыстық
заң арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай келетін қоғамдық
қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей әсер етеді. Қылмыстық
заң ең маңызды, құнды қоғамдық қатынастарды қорғауды өз міндетіне алады.
Бірақ жалпы объектінің түсінігі біртектес нақты іс-әрекеттердің ерекшелігін
бейнелеуде жеткіліксіз болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық ғылыми
теориясы қылмыстық қол сұғушылықтың топтық және тікелей объектілерін бөліп
қарастырады.
Топтық объект дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын
біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі
болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға
бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Бұрын адамды кепілге алу (ҚР ҚК-нің 234-б.) тұлғаның өміріне, денсаулығына,
бостандығына және ар-ожданына қарсы қылмыстар қатарында көзделген1. Алайда,
бұл іс-әрекет жеке тұлғаның мүдделерімен салыстырғанда қоғамдық
қатынастардың неғұрлым кең шеңберіне – көптеген адамдардың, тұтастай
қоғамның қауіпсіз өмір сүру жағдайына зиян келтіреді. Сондықтан, берілген
норма ҚР Қылмыстық кодексінің Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстар деп аталатын тарауына ауыстырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 254 – бабына (Адамды кепілге алу) сәйкес кепілге
алынған адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты
қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан
тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде
ұстау қылмыстық заңмен жазаланатын іс-әрекет болып табылады.
Баптың атауы оның мазмұнымен норманы жәбірленушілер шеңбері бойынша
қолданудың шектеулерін алып тастау есебімен сәйкестендірілді. Жаңа
редакцияда баптың атауында да, диспозициясында да адамды кепілге алу туралы
айтылады. Сонымен қатар, жалпылама түрде қойылатын талаптардың адресаттары
нақтыланған. Мемлекет, халықаралық ұйым, жеке немесе заңды тұлға немесе
тұлғалар тобының орнына мемлекет, ұйым немесе азамат деп көрсетілді. Заң
шығарушы кепілге алуды жүзеге асыру тәсілін сипаттауда тізімдік
көзқарастарын (өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен қорқыту немесе бұл
тұлғаны одан әрі ұстауды көрсетуден) бас тартты. Мұндай шешім толығымен
негізделген болып табылады, себебі, біріншіден, кепілге алу немесе ұстау
этимологиялық мағынасы және өзінің мәні бойынша әрқашан күштеу әрекеттері
болып табылады немесе өзге адамдардың қарсылығы тек қана күш көрсетумен
емес, сонымен қатар, мысалы, мүлікті жою немесе зақым келтірумен, қандай да
бір қызметпен айналысуға кедергі келтірумен, жәбірленуші жария болуын
қаламайтын қандай да бір мәліметтердіжариялаумен қорқыту, т.б. арқылы
басылуы мүмкін. Бұндай іс-әрекеттің қауіптілік дәрежесі төмендемейді және
кепілге алудың мәндік белгілері жойылмайды.
Аталған қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық қауіпсіздік. Адамды кепілге
алудың бағаланған түрлері кезінде адам денсаулығы мен өмірі қосымша тікелей
объект ретінде қарастырылады.
Егер ҚР Қылмыстық кодексі 234 – бабының диспозициясын негізге алсақ кепілге
алынған адам ұғымына келесі түрдегі анықтама беруге болады: кепілге алынған
адам дегеніміз оны босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты
қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан
тартынуға мәжбүр ету мақсатында кепілге алынған немесе кепілдік ретінде
ұсталған адам.
Кепілге алынған адам түсінігі Қазақстанның қылмыстық құқығына 198 жылға
дейін белгісіз болды.
Энциклопедиялар мен түсіндірме сөздіктердің көпшілігінде кепілге алушылық
әскери мәселелерді шешу құралы ретінде анықталды. Тек қана 1938 жылы
Д.Н.Ушаковтың редакциясымен шыққан орыс тілінің түсіндірме сөздігінде ең
алғаш рет әскери емес, әмбебап ұғым қалыптастыруға әрекет жасалды. Кепілге
алынған адам тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің және қандай да бір
ұйымның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету үшін қамауға алынған
тұлға ретінде анықталды. Бұл ұғымның шектелгендігіне қарамастан ол алға
жасалған қадам болды.
Қазіргі кезде кепілге алынған адам терминін бір түрлі түсіну қалыптасты.
Кепілге алынған адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабынан туындайтын
анықтамасы: кепілге алынған адам дегеніміз оны босату шарты ретінде
мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе
қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлету мақсатында кепілге
алынған немесе кепілдік ретінде ұсталған адам - кеңестік энциклопедиялық
сөздікте кепілге алынған адамға берілген анықтаманың дәлірек мазмұндалуы
ғана болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша заңдық анықтама кепілге
алынған адам ұғымының мағынасын дәл ашады.
Қылмыстың объективті жолы дегеніміз қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті
шындықта көрініс табатын және қылмыстық заңда сипатталатын бөлігін
сипаттайтын адамның қылмыстық мінез-құлқының сыртқы белгілерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды кепілге алуға қарсы қылмыстар
Абайсыздық қылмыстарын жіктеу
Адамды кепілге алу қылмысы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар үшін жауапкершлігі
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Адамның жеке бас бостандығына қарсы қылмыстар
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Пәндер