Бiрiккен ұлттар ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы



1-бап
Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың анағұрлым тиiмдi түрде алдын алу және оған қарсы күрес iсiндегi ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.
2-бап
Терминдер
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) "ұйымдасқан қылмыстық топ" белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде болатын және тiкелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшiн бiр немесе бiрнеше елеулi қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келiсiп әрекет ететiн құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық қалыптасқан топты бiлдiредi;
b) "елеулi қылмыс" төрт жылдан кем емес барынша көп мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланатын қылмысты бiлдiредi;
с) "құрылымдық қалыптасқан топ" тез арада қылмыс жасау үшiн кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерiнiң рөлдерi мiндеттi түрде шартты анықталмаған, мүшелiктiң үздiксiз сипаты ескерiлген немесе дамыған құрылымы жасалған топты бiлдiредi;
е) "мүлiк" мейлi ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетiлген болса да кез-келген активтердi, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүдденi растайтын заңды құжаттарды немесе актiлердi бiлдiредi;
е) "қылмыстан түскен кiрiстер" қандай да бiр қылмыс жасаудың нәтижесiнде тiкелей немесе жанама түрде сатып алынған немесе алынған кез-келген мүлiктi бiлдiредi;
f) "тыйым салу" немесе "алып қою" мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен шығаруға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысы бойынша оларды уақытша бақылауды жүзеге асыруды бiлдiредi;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 маусымдағы N 40-IV Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 8-9, 33-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 маусым, N 168-169 (25140)

Палермода 2000 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
БIРIККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ
ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫ
1-бап
Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың анағұрлым тиiмдi түрде алдын алу және оған қарсы күрес iсiндегi ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.
2-бап
Терминдер
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) "ұйымдасқан қылмыстық топ" белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде болатын және тiкелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшiн бiр немесе бiрнеше елеулi қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келiсiп әрекет ететiн құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық қалыптасқан топты бiлдiредi;
b) "елеулi қылмыс" төрт жылдан кем емес барынша көп мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланатын қылмысты бiлдiредi;
с) "құрылымдық қалыптасқан топ" тез арада қылмыс жасау үшiн кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерiнiң рөлдерi мiндеттi түрде шартты анықталмаған, мүшелiктiң үздiксiз сипаты ескерiлген немесе дамыған құрылымы жасалған топты бiлдiредi;
е) "мүлiк" мейлi ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетiлген болса да кез-келген активтердi, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүдденi растайтын заңды құжаттарды немесе актiлердi бiлдiредi;
е) "қылмыстан түскен кiрiстер" қандай да бiр қылмыс жасаудың нәтижесiнде тiкелей немесе жанама түрде сатып алынған немесе алынған кез-келген мүлiктi бiлдiредi;
f) "тыйым салу" немесе "алып қою" мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен шығаруға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысы бойынша оларды уақытша бақылауды жүзеге асыруды бiлдiредi;
g) "тәркiлеу" соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысы бойынша мүлiктен мүлде айыруды бiлдiредi;
h) "негiзгi құқық бұзушылық" қылмыс құрамын құрайтын, оларға қатысты осы Конвенцияның 6-бабында көрсетiлген әрекеттер жасалуы мүмкiн болуына қатысты, нәтижесiнде кiрiс алынған кез-келген құқық бұзушылықты бiлдiредi;
i) "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" қандай да бiр қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсатында олардың құзыреттi органдарының рұқсат беруiмен және қадағалауымен заңсыз немесе күдiк туғызатын жүк партиясын бiр немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумағынан әкетуге, алып өтуге немесе әкелуге жол берiлетiн әдiстi бiлдiредi;
j) "экономикалық интеграцияның өңiрлiк ұйымы" қандай да бiр өңiрдiң егемен мемлекеттерi құрған, оған мүше мемлекеттер осы Конвенция реттейтiн мәселелер бойынша оған өкiлеттiктер берген және өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, оны ратификациялауға, қабылдауға, бекiтуге немесе оған қосылуға тиiстi түрде уәкiлеттi ұйымды бiлдiредi; осы Конвенциядағы "Қатысушы мемлекеттерге" сiлтемелер олардың құзыретi шегiнде осындай ұйымдарға жатады.
3-бап
Қолданылу аясы
1. Осы Конвенция, егер онда өзгеше көрсетiлмесе:
а) осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға, және
b) егер бұл қылмыстар трансұлттық сипатта болса және ұйымдасқан қылмыстың топтық қатысуымен жасалса, осы Конвенцияның 2-бабында белгiленгендей елеулi қылмыстарға байланысты алдын алуға, тергеуге және қылмыстық қудалауға қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн қылмыстар, егер:
а) ол бiрнеше мемлекетте жасалса;
b) ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ оны дайындаудың, жоспарлаудың, басшылық жасаудың немесе бақылаудың елеулi бөлiгi басқа мемлекетте орын алса;
с) ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ бiрнеше мемлекетте қылмыстық әрекеттерiн жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалса, немесе
d) ол бiр мемлекетте жасалып, бiрақ оның елеулi салдарлары басқа мемлекетте орын алатын болса, трансұлттық сипатқа ие болады.
4-бап
Егемендiктi қорғау
1. Қатысушы мемлекеттер өз мiндеттемелерiн мемлекеттердiң егемендiк теңдiгi мен аумақтың тұтастығы принциптерiне және басқа мемлекеттердiң iшкi iстерiне араласпау принципiне сәйкес осы Конвенцияға сай жүзеге асырады.
2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе де Қатысушы мемлекетке екiншi мемлекеттiң аумағында, оның iшкi заңнамасына сәйкес осы екiншi мемлекет органдарының құзыретiне жататын заң құзыретiн және функцияларды жүзеге асыруға құқық бермейдi.
5-бап
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың
криминализациялануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет мынадай әрекеттер:
а) мынадай әрекеттердiң екеуiн немесе бiреуiн қылмыс жасауға әрекеттенуге жатқызбай және қылмысты әрекеттiң нақты жасалуына қарамастан:
i) қаржылық және өзге де материалдық пайда табумен тiкелей немесе жанама байланысты мақсатты көздейтiн елеулi қылмыс жасауға қатысты, бұл ретте, бiр немесе бiрнеше адамның сөз байласуы, егер де ол iшкi заңнамада ескерiлсе, сондай-ақ сөз байласуға қатысушылардың бiреуi оны iске асыру үшiн қандай да бiр әрекетке сөз байласуды нақты жасағаны немесе ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылығы болжанады;
ii) кез-келген адамның ұйымдасқан қылмыстық топтың мақсатын және жалпы қылмыстық әрекетiн не оның тиiстi қылмыс жасау ниетiн бiле тұра жасаған әрекетi:
а. ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекетiне;
b. оның қатысуы жоғарыда көрсетiлген қылмыстық мақсатқа жетуге жәрдемдесетiнiн түсiне тұрып, ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетiнiң басқа да түрлерiне белсендi түрде қатысуы;
b) ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалған күрделi қылмыстарға қатысты, ұйымдастыру, басшылық ету, жәрдемдесу, арандатушылық, көмек көрсету немесе кеңес беру қасақана жасалғанда, оларды қылмыстық жазаланылатын әрекет ретiнде тану үшiн қажет болатын заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында айтылатын ұғыну, ой, жасырын ниет, мақсат немесе сөз байласу iстiң объективтi нақты жағдайларынан белгiлi болуы мүмкiн.
Iшкi заңнамасы осы баптың 1(а)(i) тармақтарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар құрамдарының элементi ретiнде, ұйымдасқан топтың қатыстылығын қарастыратын Қатысушы-мемлекеттер олардың iшкi заңнамасы, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалатын барлық қылмыстарды олардың iшкi заңнамасының елеулi қылмыс ретiнде қарастыруын қамтамасыз етедi. Осындай Қатысушы-мемлекеттер, сондай-ақ iшкi заңнамасы қылмыс құрамының элементi ретiнде осы баптың 1(а)(i) тармағына сәйкес осындай деп танылған сөз байласуды жүзеге асыру жөнiндегi әрекеттiң iс жүзiнде жасалуын қарастыратын Қатысушы-мемлекеттер бұл туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, өздерi осы Конвенцияға қол қойғанда немесе ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға беру кезiнде хабарлайды.
6-бап
Қылмыстан түскен табыстарды жылыстатудың
криминализациялануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасының негiзгi принциптерiне сәйкес, мынадай әрекеттер:
а) i) егер мұндай мүлiк қылмыстан түскен табыс екендiгi белгiлi болса, бұл мүлiктiң қылмыстық көзiн жасыру немесе тығу мақсатында немесе ол өз әрекетiне деген жауапкершiлiктен жалтара алатын негiзгi қылмысты жасауға қатысушы кез келген адамға көмек көрсету мақсатында мүлiктiң айырбасталуы немесе ауыстырылуы;
ii) егер мұндай мүлiк қылмыстан түскен табысты бiлдiретiндiгi белгiлi болса, оның түпкi сипатын, шыққан көзiн, тұрған орнын, билiк ету тәсiлдерiн, орнын ауыстыруды, мүлiкке деген құқықтарды немесе оның тиесiлiгiн жасыру немесе бүгiп қалу;
b) өз құқықтық жүйесiнiң негiзгi принциптерiн сақтаған жағдайда:
i) егер мүлiктi алу сәтiнде осындай мүлiк қылмыстан түскен табысты бiлдiретiндiгi белгiлi болса, мүлiктi алу, иелiк ету немесе пайдалану;
ii) осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез-келгенiн жасау мақсатындағы сөз байласу, қатысу, қатысты болу немесе кiру оның жасалуына әрекеттену, сондай-ақ оны жасауға жәрдемдесу, арандату, көмек көрсету немесе кеңес беру қасақана жасалса, оларды қылмысты жазалауға жататын әрекет ретiнде тану үшiн қажет болуы мүмкiн заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану немесе жүзеге асыру мақсаттары үшiн:
а) әрбiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағын негiзгi құқық бұзушылықтардың ең үлкен шеңберiнде қолдануға тырысады;
b) әрбiр Қатысушы-мемлекет негiзгi құқық бұзушылықтар қатарына осы Конвенцияның 2-бабында анықталған барлық елеулi қылмыстарды және осы Конвенцияның 5, 8 және 23-баптарында осындай деп танылған қылмыстарды қосады. Қатысушы-мемлекеттердiң заңнамаларында нақты негiзгi құқық бұзушылықтардың тiзбесiн болған жағдайда, оған аз дегенде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетiмен байланысты қылмыстардың барлығын қамтитын ауқымы қосылады;
с) негiзгi құқық бұзушылықтарға (b) тармақшасының мақсаттары үшiн тиiстi Қатысушы-мемлекеттiң шегiнде, сондай-ақ юрисдикциясының шеңберiнен тыс жерде жасалған қылмыстар қосылады. Алайда қандай да бiр Қатысушы-мемлекет юрисдикциясының шеңберiнен тыс жерде жасалған қылмыстар, тиiстi әрекет жасалған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес ол қылмыстық жазаланатын болып табылатын және егер қылмыс сонда жасалған болса, осы бап қолданылатын немесе жүзеге асырылатын Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес қылмыстық жазалануы мүмкiн болатын жағдайда ғана негiзгi құқық бұзушылықты бiлдiредi;
d) әрбiр Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптағы ережелердiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн өз заңдарының мәтiндерiн, сондай-ақ осындай заңдарға кез келген кезектi өзгерiстердiң мәтiндерiн немесе олардың сипаттамаларын бередi;
е) егер бұл Қатысушы-мемлекет iшкi заңнамасының негiзге алатын принциптерi талап етсе, онда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қылмыстар негiзгi құқық бұзушылықты жасаған адамдарға қатысы жоқтығын көздеуге болады;
f) ұғыну, ой немесе мақсат осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қылмыс құрамының элементтерi ретiнде iстiң объективтi нақты жағдайына қарап белгiленуi мүмкiн.
7-бап
Ақшалай қаражаттарды жылыстатуға
қарсы күрес жөнiндегi шаралар
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет:
а) банктерге және банктiк емес қаржы мекемелерiне, сондай-ақ тиiстi жағдайда ақша қаражатын жылыстату тұрғысынан алғанда ерекше осал болып табылатын басқа органдарға қатысты өз құзыретi шеңберiнде, ақша қаражаттарын тазартудың барлық түрлерiн анықтау және оларға жол бермеу мақсатында реттеу мен бақылаудың барлығын қамтитын iшкi режимiн бекiтедi, бұған қоса мұндай режим клиенттiң жеке басын анықтауға қатысты талаптарға, есептiлiктiң жүргiзiлуiне және күмән туғызған мәселелер туралы ақпарат жеткiзуге негiзделедi;
b) осы Конвенцияның 18 және 27-баптарына залал келтiрмей ақшалай қаражаттарды жылыстатуға қарсы күрестi жүргiзетiн, реттейтiн, әкiмшiлiк, құқық қорғаушы және басқа органдар (бұған қоса, бұл iшкi заңнамаға сәйкес болғанда сот органдары да) оның iшкi заңнамасымен бекiтiлетiн жағдайларда ұлттық және халықаралық деңгейлерде ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыра алатындай болуын қамтамасыз етедi және осы мақсаттарда ақшалай қаражаттарды жылыстатудың мүмкiн жағдайларына қатысты талдау ақпарат жинау, талдау және тарату үшiн ұлттық орталық ретiнде әрекет ететiн қаржылық жедел ақпараттар жөнiнде бөлiмше құру туралы мәселенi қарастырады.
2. Қатысушы-мемлекеттер олардың шекаралары арқылы қолма-қол ақшалай қаражат пен тиiстi айналым құралдарының орын ауыстыруын анықтау бойынша және ақпараттың тиiсiнше қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған кепiлдiк сақталған жағдайда және заңды капиталдың орын ауыстыруына қандай да бiр кедергi жасамай осындай орын ауыстыруды бақылау жөнiнде iс жүзiнде мүмкiн шараларды қолдану туралы мәселенi қарайды. Мұндай шараларға жеке адамдар мен коммерциялық ұйымдар қолма-қол ақшалай қаражаттардың айтарлықтай көлемдерiнiң трансшекаралық аударылуы және тиiстi айналым құралдарының тапсырылуы туралы хабарлауы туралы талаптар кiредi.
3. Осы баптың ережелерiне сәйкес және осы Конвенцияның кез келген басқа баптары үшiн залалсыз реттеу және бақылаудың iшкi режимiн бекiтуде Қатысушы-мемлекеттерге ақшалай қаражатты жылыстатуға қарсы бағытталған өңiрлiк, өңiраралық және көп жақты ұйымдардың тиiстi бастамаларын басшылыққа алу ұсынылады.
4. Қатысушы-мемлекеттер ақшалай қаражатты жылыстатуға қарсы күресу мақсатында сот және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қаржылық реттеу органдары арасындағы ғаламдық, өңiрлiк, өңiрге бағынысты және екi жақты ынтымақтастықты дамыту мен қолдауға тырысады.
8-бап
Сыбайлас жемқорлықтың криминалдануы
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет:
а) осы лауазымды адам өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қандай да бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасауы үшiн лауазымды адамның өзiне немесе өзге де жеке немесе заңды тұлғаға арналған қандай да бiр құқыққа сыйымсыз артықшылықты жария лауазымды адамның жеке өзiне немесе делдал арқылы уәде ету, ұсыну немесе беру;
b) алаяқтық немесе осы лауазымды адам өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қандай да бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасауы үшiн лауазымды адамның өзiне немесе өзге де жеке немесе заңды тұлғаға арналған қандай да бiр құқыққа сыйымсыз артықшылықты жария лауазымды адамның жеке өзi немесе делдал арқылы қабылдауы қасақана жасалған кезде осы әрекеттердi қылмыстық жазаланылатын әрекет ретiнде тану үшiн қандай шаралар қажет болса, сондай заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әрекеттердi, оларға қандай да бiр шетелдiк жария лауазымды адам немесе халықаралық азаматтық қызметкер қатысқан кезде, қылмыстық жазаланатын әрекет ретiнде тану үшiн қажет болатындай заңнамалық және басқа да шаралар қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады. Әрбiр Қатысушы-мемлекет сыбайлас жемқорлықтың басқа да нысандарын қылмыстық жазаланатын нысан ретiнде тану мүмкiндiгiн де қарастырады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмысты жасауға сыбайлас ретiнде қатысуды қылмыстық жазаланылатын қылмыс ретiнде тану үшiн қажет болатындай шараларды да қабылдайды.
4. Осы баптың 1-тармағының және осы Конвенцияның 9-бабының мақсаттары үшiн жария лауазымды адам немесе Қатысушы-мемлекеттiң қылмыстық заңнамасында қолданылатындай функцияларды орындайтын адам осы Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасында анықталғандай қандай да бiр жария қызмет ұсынатын болса, ол адам "жария лауазымды тұлға" болып табылады.
9-бап
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
1. Осы Конвенцияның 8-бабында айтылған шараларға қосымша, әрбiр Қатысушы-мемлекет адалдыққа көмектесу, сондай-ақ жария лауазымды адамдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен анықтау және олар үшiн жазалау тұрғысынан талап етiлетiн және өзiнiң құқықтық жүйесiне сай келетiн дәрежеде заңнамалық, әкiмшiлiк немесе басқа да тиiмдi шараларды қабылдайды.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет жария лауазымды адамдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен анықтау және олар үшiн жазалау саласындағы өз органдарының тиiмдi iс-әрекетiн қамтамасыз ету үшiн, оның iшiнде осындай органдарға олардың әрекетiне заңға қайшы әсер етуге бөгет жасау үшiн жеткiлiктi тәуелсiздiк беру жолымен қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды.
10-бап
Заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң құқықтық принциптерiн ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар елеулi қылмыстарға және осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшiн заңды тұлғалардың жауапкершiлiгiн белгiлеу үшiн қажет болатындай шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттердiң құқықтық принциптерiн сақтау жағдайында заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкiмшiлiктiк жауапкершiлiк болуы мүмкiн.
3. Мұндай жауапкершiлiктiң жүктелуi қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершiлiгiне нұқсан келтiрмейдi.
4. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы баптарға сәйкес жауапқа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты, ақшалай санкцияларды қоса алғанда, жазалау шараларына тиiмдi, шамалас және қылмыстық немесе қылмыстық емес iрку әсерiн қолдануды қамтамасыз етедi.
11-бап
Қудалау, сот шешiмiн шығару және санкциялар
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмыс жасағаны үшiн бұл қылмыстардың қауiптiлiк дәрежесiн ескеретiн санкциялар қолдануды көздейдi.
2. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға қатысты құқық қорғау шараларының барынша тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн және мұндай қылмыстардың жасалуына бөгет жасау қажеттiгiн тиiсiнше ескере отырып, өзiнiң iшкi заңнамасында көзделген, осы қылмыстар үшiн қылмыстық қудалауға жататын кез келген дискрециялық заңды өкiлеттiктiң пайдаланылуын қамтамасыз етуге тырысады.
3. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты, өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес және қорғау құқықтарын тиiсiнше ескере отырып, сотқа дейiн босату шешiмiмен байланысты немесе кассациялық шағым немесе наразылық бойынша шешiм қабылданғанға дейiн белгiленетiн шарттар айыпталушының келесi қылмыстық iс жүргiзу барысында қатысуын қамтамасыз ету қажеттiгiн ескеретiндей болуы мақсатында тиiстi шаралар қабылдайды.
4. Әрбiр Қатысушы-мемлекет, өзiнiң соттары немесе басқа да құзыреттi органдары осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстар үшiн сотталған адамдарды шартты немесе мерзiмiнен бұрын босату мүмкiндiгi туралы мәселенi қарастырған кезде осындай қылмыстардың қауiптiлiк сипатын ескеруiн қамтамасыз етедi.
5. Тиiстi жағдайларда әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес, осы Конвенциямен қамтылатын кез келген қылмыс үшiн қылмыстық қудалауды қозғаудың ұзақ ескiру мерзiмiн және қылмыс жасауда күдiктi адам сот төрелiгiнен жалтарған жағдайда одан да ұзағырақ ескiру мерзiмiн белгiлейдi.
6. Осы Конвенцияда еш нәрсе де осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың және қолданылатын заңды қарсылықтардың немесе әрекеттердiң дұрыстығын анықтайтын басқа да құқық принциптерiнiң анықталуы әрбiр Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасының аясына кiретiндiгi туралы принципi қозғамайды, ал осындай қылмыстар үшiн қылмыстық қудалау мен жазалау осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Тәркiлеу және тыйым салу
1. Қатысушы-мемлекеттер:
а) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан түскен табыстарды немесе өзiнiң құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетiн мүлiктердi;
b) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасау кезiнде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлiктердi, жабдықтарды немесе басқа да құралдарды тәркiлеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет болатындай шараларды өздерiнiң iшкi құқықтық жүйелерi аясында мүмкiн болатындай барынша жоғары дәрежеде қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттер осы баптың 1-тармағында атап тiзбеленгендердiң кез келгенiн кейiннен тәркiлеу мақсатымен анықтау, iздеу, тыйым салу немесе алып қою мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiндей шараларды қабылдайды.
3. Егер қылмыстан түскен табыстар iшiнара немесе толықтай басқа мүлiкке айналдырылса немесе өзгертiлсе, онда осы бапта көрсетiлген шаралар осындай мүлiкке қатысты қолданылады.
4. Егер қылмыстан түскен табыстар заңды көздерден алынған мүлiкке қосылған болса, онда мүлiктiң қылмыстардан түсiп қосылған табыстардың бағалау құнына сай келетiн бөлiгi, тыйым салу немесе алып қою шараларына қатысты кез келген өкiлеттiктерге залал келтiрiлмей, тәркiленуге жатады.
5. Қылмыстардан түскен табыстардан алынған, қылмыстардан түскен табыстар айналдырылған немесе өзгертiлiнген мүлiктен түскен немесе қылмыстан түскен табыстар қосылған мүлiктен түскен пайдалар мен басқа олжаларға осы бапта көрсетiлген шаралар қылмыстан түскен табыстарға қатысты түрде және дәрежеде қолданылады.
6. Осы Конвенцияның осы бабы мен 13-бабының мақсаттары үшiн әрбiр Қатысушы-мемлекет өзiнiң соттары мен құзыреттi органдарына банктiк, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды ұсыну және оларға тыйым салу туралы қаулы шығаруға уәкiлеттiк бередi. Қатысушы-мемлекеттер банктiк құпияны сақтау қажеттiлiгiне сiлтеме жасау желеуiмен, осы тармақтың ережелерiне сәйкес шаралар қабылдаудан жалтармайды.
7. Қатысушы-мемлекеттер, қылмыс жасаған адамның қылмыстан немесе тәркiлеуге жататын басқа мүлiктен түскен болжамды табыстарының заңды шығу тегiн дәлелдеуi туралы тараптарды белгiлеу мүмкiндiгiн, осындай талаптар олардың iшкi заңнамасының принциптерiне және сот талқылауы мен өзге де талқылау сипатына сәйкес келетiндей мөлшерде қарастыра алады.
8. Осы баптың ережелерi жосықты үшiншi тараптың құқықтарына нұқсан келтiретiн ереже ретiнде түсiндiрiлмейдi.
9. Осы бапта қамтылатын еш нәрсе, онда айтылатын шаралар Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасының ережелерiне сәйкес және олардың сақталуы шартымен анықталатынын және жүзеге асырылатынын белгiлейтiн принциптi қозғамайды.
13-бап
Тәркiлеу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Осы Конвенцияда қамтылатын қандай да бiр қылмыс юрисдикциясын кiретiн Қатысушы-мемлекеттен осы Конвенцияның 12-бабының 1-тармағында айтылған оның аумағындағы қылмыстардан түскен табыс, мүлiк, қылмыс жасаудың құрал-жабдығы және басқа да құралдарын өзiнiң iшкi құқықтық жүйесiнiң шеңберiнде мүмкiн болатын ең жоғары дәрежеде тәркiлеу туралы өтiнiш алған Қатысушы-мемлекет:
а) бұл өтiнiштi өзiнiң құзыреттi органдарына тәркiлеу туралы қаулы алу мақсатында жiбередi және мұндай қаулы шығарылған жағдайда оның орындалуын жүзеге асырады; немесе
b) өтiнiште көрсетiлген көлемде және сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттердiң аумағында орын алған, 12-баптың 1-тармағында айтылған қылмыстардан түскен табыстарға, мүлiкке, қылмыстарды жасаудағы құрал-жабдыққа немесе басқа да құралдарға қаншалықты қатысты болса, соншалықты мөлшерде орындау үшiн сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң аумағында осы Конвенцияның 12-бабының 1-тармағына сәйкес сот шығарған тәркiлеу туралы қаулыны өзiнiң құзыреттi органдарына жiбередi.
2. Осы Конвенцияда қамтылатын қандай да бiр қылмыс юрисдикциясына жататын басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiштi алған соң осы Конвенцияның 12-бабының 1-тармағында айтылған қылмыстардан түскен табыстарды, мүлiктi, қылмыс жасау құрал-жабдықтарын немесе басқа құралдарды бұдан әрi тәркiлеу мақсатында анықтау, iзiне түсу, тыйым салу немесе алып қою үшiн шаралар қабылдайды, бұл туралы қаулыны сұрау салушы Қатысушы-мемлекет не осы баптың 1-тармағына сәйкес өтiнiшке орай сұрау салынған Қатысушы-мемлекет шығарады.
3. Осы Конвенцияның 18-бабының ережелерi осы бапқа mutatis mutandis қолданылады. 18-баптың 15-тармағында көрсетiлген ақпаратқа қосымша осы баптың негiзiнде жiберiлген өтiнiштерде:
а) осы баптың 1 (а) тармағында көзделген өтiнiшке қатысты - тәркiленуге қатысты мүлiктiң сипаты және сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сiлтеме жасаған және сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес қаулы шығару үшiн шаралар қабылдай алатын фактiлер жазылған өтiнiш;
b) осы баптың 1 (b) тармағында көзделген өтiнiшке қатысты - өтiнiште негiзге алынған, сұрау сұрау салушы Қатысушы-мемлекет тәркiлеу туралы шығарған қаулының заңды түрде жол берiлетiн көшiрмесi, сұрау салынып отырған қаулының орындалу көлемiне қатысты фактiлер мен ақпараттың мазмұны жазылған өтiнiш;
с) осы баптың 2-тармағында көзделген өтiнiшке қатысты - сұрау салған Қатысушы-мемлекет сiлтеме жасайтын фактiлер жазылған өтiнiш және сұрау салынған шаралардың сипаттамасы болады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шешiмдер немесе шараларды сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасының ережелерiне және iс жүргiзу нормаларына немесе сұрау салған Қатысушы-мемлекеттермен қатынастарда ол байланысты болатын кез келген екi жақты немесе көп жақты шарттарға, келiсiмдерге немесе уағдаластықтарға сәйкес, олар сақталған жағдайда, қабылдайды.
5. Әрбiр Қатысушы-мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн өздерiнiң заңдары мен ережелерiнiң мәтiндерiн, сондай-ақ осындай заңдарға және ережелерге енгiзiлетiн кез келген бұдан кейiнгi өзгерiстердiң мәтiндерiн немесе олардың сипаттамаларын табыс етедi.
6. Егер қандай да бiр Қатысушы-мемлекет осы баптың 1 және 2-тармақтарында ескерiлген шаралардың қабылдануын тиiстi келiсiмнiң болуымен негiздеудi қаласа, онда бұл Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияны қажеттi және жеткiлiктi шарттық-құқықтық негiз ретiнде қарайды.
7. Егер өтiнiште айтылатын қылмыстар осы Конвенцияда қамтылатын қылмысқа жатпаса, осы бапқа сәйкес Қатысушы-мемлекет ынтымақтасудан бас тарта алады.
8. Осы баптың ережелерi адал үшiншi тараптардың құқықтарына залал келтiретiн ереже ретiнде түсiндiрiлмейдi.
9. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн екi жақты немесе көп жақты шарттар, келiсiмдер немесе уағдаластықтар жасау мүмкiндiгiн қарастырады.
14-бап
Тәркiленген қылмыстан түскен табыстарға
немесе мүлiктерге иелiк ету
1. Осы Конвенцияның 12-бабының немесе 13-бабының 1-тармағының негiзiнде Қатысушы-мемлекет тәркiлеген қылмыстан түскен табыстар мен мүлiкке осы Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасы мен әкiмшiлiк рәсiмдерiне сәйкес иелiк етедi.
2. Қатысушы-мемлекеттер iшкi заңнамасында жол берiлетiн мөлшерде және тиiстi сауал алған жағдайда осы Конвенцияның 13-бабына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiш бойынша әрекет ете отырып, тәркiленген қылмыстан түскен табыстарды немесе мүлiктi, ол қылмыстан зардап шеккендерге өтем ақы төлеуi немесе қылмыстан түскен мұндай табыстарды немесе мүлiктi олардың заңды иелерiне қайтаруы мүмкiн болуы үшiн, сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке тәркiленген қылмыстан түскен табыстар мен мүлiктi қайтару туралы мәселенi бiрiншi кезекте қарайды.
3. Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 12 және 13-баптарына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жiберген өтiнiш бойынша әрекет ете отырып:
а) қылмыстан түскен табыстардың немесе мүлiктердiң құнына сәйкес келетiн сомаларды немесе мұндай табыстарды немесе мүлiктердi не олардың бөлiгiн өткiзу нәтижесiнде алынған қаражатты осы Конвенцияның 30-бабының 2 (с) тармағына осы мақсатқа арналған шотқа немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы мамандандырылған үкiметаралық органдарға аудару туралы;
b) басқа қатысушы-мемлекеттерге тұрақты немесе бiр жолғы негiзде қылмыстан түскен табыстар мен мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе осындай табыстар мен мүлiктердi өткiзу нәтижесiнде алынған қаражатты өзiнiң iшкi заңнамасына және әкiмшiлiк рәсiмдерiне сәйкес беру туралы келiсiмдер немесе уағдаластықтар жасау мүмкiндiгiн ерекше қарай алады.
15-бап
Юрисдикция
1. Әрбiр Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өзiнiң юрисдикциясын орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң аумағында жасалғанда; немесе
b) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң жалауын қылмыс жасалған кезде көтерiп жүзген кеменiң бортында жасалған немесе осы кезде Қатысушы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген әуе кемесiнде жасалған кезде қабылдайды.
2. Бұған қоса Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 4-бабын сақтаған жағдайда осындай кез келген қылмысқа қатысты:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттiң азаматына қарсы жасалғанда;
b) қылмысты осы Қатысушы-мемлекеттiң азаматы немесе оның азаматтығы жоқ, бiрақ аумағында тұратын адам жасағанда; немесе
с) қылмыстар:
i) осы Конвенцияның 5-бабының 1-тармағына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бiрi болғанда және оның аумағында елеулi қылмыстар жасау мақсатымен оның аумағынан тыс жерде жасалғанда;
ii) осы Конвенцияның 6-бабының 1(b)(ii) тармағына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бiрi және осы Конвенцияның 6-бабының 1(а)(i) немесе (ii) немесе b(i) тармағына сәйкес осындай деп танылған қандай да бiр қылмысты оның аумағында жасау мақсатында оның аумағынан тыс жерде жасалғанда өзiнiң юрисдикциясын орната алады.
3. Осы Конвенцияның 16-бабының 10-тармағының мақсаттары үшiн әрбiр Қатысушы-мемлекет қылмыс жасаудағы сезiктi адам оның аумағында тұрса және ол оның азаматтарының бiрi болуы негiзiнде мұндай адамды ұстап бермей отырса, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты өзiнiң юрисдикциясын орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.
4. Бұған қоса әрбiр Қатысушы-мемлекет қылмыс жасауда сезiктi адам оның аумағында тұратын және ол оны ұстап бермеген кезде, осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға қатысты өзiнiң юрисдикциясын орнату үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдай алады.
5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өзiнiң юрисдикциясын жүзеге асырып жатқан Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттердiң бiрi осындай әрекеттерге байланысты тергеудi, қылмыстық қудалауды немесе сот талқылауын жүзеге асырып жатқандығы туралы хабарлама алса немесе бұл жайында басқа түрде бiлсе, тиiстi жағдайларда бұл Қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдары өз әрекеттерiн үйлестiру мақсатында бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқықтар, нормалар үшiн залал жасамай, өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес қатысушы мемлекет бекiткен кез келген қылмыстық юрисдикциясын жүзеге асыруын жоққа шығармайды.
16-бап
Ұстап беру
1. Осы бап осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға немесе егер 3-баптың 1(а) немесе (b) тармақтарында ескерiлген қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ және сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң аумағында тұрған, тапсырылуы сұралып отырған адам қатысты болған жағдайда, ұстап беру сұралып отырған әрекеттер сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң де, сондай-ақ сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң де iшкi заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылған жағдайларда қолданылады.
2. Егер ұстап беру туралы өтiнiш жекелеген бiрнеше елеулi қылмысқа байланысты және олардың кейбiреулерi осы бапта қамтылмаған болса, онда сұрау салынған Қатысушы-мемлекет осы бапты осындай соңғы айтылған қылмыстарға қатысты да қолдана алады.
3. Осы бап қолданылатын қылмыстардың әрқайсысы ұстап беруге әкеп соғуы мүмкiн қылмыстар ретiнде Қатысушы-мемлекеттер арасында ұстап беру туралы жасалған кез келген шартқа қосылған болып есептеледi. Қатысушы-мемлекеттер осындай қылмыстарды ұстап беруге әкеп соғуы мүмкiн қылмыстар ретiнде өздерiнiң арасында жасалатын ұстап беру туралы кез келген шартқа қосуды мiндетiне алады.
4. Егер ұстап берудi шарттың болуына негiздейтiн Қатысушы-мемлекет ұстап беру туралы шарт жасаспаған басқа Қатысушы-мемлекеттен ұстап беру туралы өтiнiш алса, ол осы Конвенцияны осы бап қолданылатын кез келген қылмысқа байланысты ұстап беру үшiн құқықтық негiз ретiнде қарай алады.
5. Ұстап берудi шарттың болуына негiздейтiн Қатысушы-мемлекеттер:
а) осы Конвенцияны бекiту немесе қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға беру кезiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, олар ұстап беру мәселелерiнде осы Конвенцияны басқа Қатысушы-мемлекеттермен ынтымақтасу үшiн құқықтық негiз ретiнде қолданатынын не қолданбайтынын хабарлайды; және
b) егер олар ұстап беру мәселелерiнде осы Конвенцияны ынтымақтастық үшiн құқықтық негiз ретiнде пайдаланбайтын болса, тиiстi жағдайларда осы бапты қолдану мақсатында осы Конвенцияның басқа да Қатысушы мемлекеттерiмен ұстап беру туралы шарттар жасауға тырысады.
6. Ұстап берудi шарттың болуына негiздемейтiн Қатысушы-мемлекеттер өзара қатынастарда осы бап қолданылатын қылмыстарды ұстап беруге әкеп соғуы мүмкiн қылмыстар ретiнде таниды.
7. Ұстап беру сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасында көзделген шарттарға немесе ұстап беру туралы қолданылатын шарттарға, оның iшiнде ұстап беруге қатысты ең төмен жазалау туралы талаптармен байланысты шарттарға және сұрау салынған Қатысушы мемлекет ұстап беруден бас тартуы мүмкiн негiздерге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Қатысушы-мемлекеттер осы бап қолданылатын кез-келген қылмысқа қатысты өз iшкi заңнамалары сақталған жағдайда, ұстап беру рәсiмiн жеделдетуге және осыған байланысты дәлелдемелер беру туралы талаптарды жеңiлдетуге күш салады.
9. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасының ережелерiн және өзiнiң ұстап беру туралы шарттары сақталған кезде, жағдай осыны талап етiп, кейiнге қалдыруға болмайтын сипат алғанына көз жеткiзе отырып және сұрау салған Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшi бойынша тапсырылуы сұралып отырған оның аумағында тұратын адамды тұтқынға алуы мүмкiн немесе ұстап беру рәсiмдерiнiң барысында оның қатысуын қамтамасыз ету үшiн басқа тиiстi шаралар қабылдайды.
10. Қылмыс жасауда сезiктi адам аумағында тұратын Қатысушы мемлекет, егер ол осындай адамды осы бап қолданылатын қылмыстармен байланысты тек қана ол оның азаматтарының бiрi болған соң тапсырмай отырса, ұстап берудi сұраған Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiшi бойынша, қудалау мақсаты үшiн өзiнiң құзыреттi органдарына дәлелсiз кешiктiрулерсiз iстi беруге мiндеттi. Бұл органдар, осы Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына сәйкес қауiптi сипаттағы кез келген басқа да қылмыстар жағдайындағы сияқты өз шешiмiн қабылдайды және қылмыстық iс жүргiзедi. Мүдделi Қатысушы-мемлекеттер осындай қудалауды тиiмдi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу мәселелерi мен дәлелдеу мәселелерi бойынша бiр-бiрiмен ынтымақтасады.
11. Қатысушы-мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес бұл адам сот талқылауының немесе iс жүргiзудiң нәтижесiнде тағайындалған жазасын өтеу үшiн бұл мемлекетке қайтарылатын жағдайда бұл адамның тапсырылуы мен берiлуi сұралуына байланысты өз азаматтарының бiрiн ұстап беруге немесе басқа түрде беруге шешiм қабылдаған барлық жағдайда және осы Қатысушы-мемлекет пен бұл адамның тапсырылуын сұраған Қатысушы мемлекет олар орынды деп есептеген осындай тәртiп пен басқа да жағдайларға келiссе, осындай шартты ұстап беру немесе беру осы баптың 10-тармағында белгiленген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеткiлiктi деп саналады.
12. Егер үкiмнiң орындалуын iске асыру мақсатында сұралған iздестiрiлiп жатқан адамды сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң азаматы болғандықтан ұстап беруден бас тартылған болса, сұрау салынған Қатысушы, егер бұған оның iшкi заңнамасында рұқсат етiлсе және егер бұл осындай заңнаманың талаптарына сәйкес келсе, сұрап отырған Қатысушының өтiнiшi бойынша үкiмдi орындау туралы немесе сұрау салушы Қатысушының iшкi заңнамасына сәйкес шығарылған үкiмнiң қалған бөлiгi туралы мәселенi қарайды.
13. Кез келген адамға осы бап қолданылатын кез-келген қылмысқа байланысты iс жүргiзу жүзеге асыратын iс бойынша iс жүргiзудiң барлық сатысында әдiл қарауға, бұған қоса аумағында осы адам тұратын Қатысушы мемлекеттiң iшкi заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен кепiлдiктердiң жүзеге асырылуына кепiлдiк берiледi.
14. Осы Конвенцияда еш нәрсе де, егер сұрау салынған Қатысушы мемлекетте ұстап беру туралы өтiнiш қандай да бiр адамды, оның жынысының, нәсiлiнiң, дiни сенiмiнiң, азаматтығының, этникалық шығу тегiнiң немесе саяси сенiмiнiң себебi бойынша қудалау немесе жазалау мақсатын көздейтiнiн немесе осы өтiнiштi қанағаттандыру бұл адамның жағдайына осы себептердiң кез келген бiреуi бойынша залал келтiруi мүмкiндiгiн болжауға негiз болғанда ұстап беру мiндеттемесiн бекiтетiн ретiнде түсiндiрiлмейдi.
15. Қатысушы-мемлекеттер тек қана қылмыстар, салық мәселелерiмен де байланысты болып есептелген негiзде ғана ұстап беру туралы өтiнiштi орындаудан бас тарта алмайды.
16. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет тиiстi жағдайларда ұстап беруден бас тартылғанға дейiн сұрау салған Қатысушы-мемлекетпен, оның өтiнiшiнде жазылған фактiлерге қатысты оған өзiнiң пiкiрлерiн жеткiзуге және ақпарат жеткiзiп беруге жеткiлiктi мүмкiндiк беру үшiн консультациялар жүргiзедi.
17. Қатысушы-мемлекеттер ұстап берудi жүзеге асыру не оның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында екi жақтық немесе көп жақтық келiсiмдер немесе уағдаласушылықтар жасауға тырысады.
17-бап
Сотталған адамдарды беру
Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған қылмыстар үшiн түрмеге қамауға немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрлерiне сотталған адамдар жазаларын өтеу мерзiмiн олардың аумағында өтей алуы үшiн оларды беру туралы екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер немесе уағдаластықтар жасау мүмкiндiгiн қарастыруы мүмкiн.
18-бап
Өзара құқықтық көмек
1. Қатысушы-мемлекеттер бiр-бiрiне осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға байланысты, 3-бапта көзделгендей тергеуде, қылмыстық қудалауда және сот талқылауында өзара кең ауқымды құқықтық көмек көрсетедi және егер сұрау салған Қатысушы-мемлекет 3-баптың 1(а) немесе (b) тармағында көрсетiлген қылмыстар сипаты бойынша трансұлттық болса және оның iшiнде қылмыс жасаудан зардап шеккендер, куәлар, табыстар, қылмыс жасау құралдары немесе осындай қылмыстарға қатысты айғақтар сұрау салынған Қатысушы-мемлекетте болғанда, сондай-ақ осы қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ қатысы болғандығына күдiктенуге ақылға қонымды негiз болса, өзара негiзде бiр бiрiне басқа да осы тектес көмек көрсетедi.
2. Сұрау салған Қатысушы-мемлекетте осы Конвенцияның 10-бабына сәйкес заңды тұлға қылмыс жасағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн қылмыстарға байланысты тергеу, қылмыстық қудалау және сот талқылауына қатысты сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң тиiстi заңдарына, шарттарына, келiсiмдерiне және уағдаластықтарына орай барынша мүмкiн көлемде өзара құқықтық көмек берiледi.
3. Осы бапқа сәйкес берiлетiн өзара құқықтық көмек, мына мақсаттардың кез келгенi бойынша:
а) жеке адамдардан куәгерлiк айғақтар немесе өтiнiштер алу;
b) сот құжаттарын тапсыру;
с) тiнту және алып қою немесе тыйым салу жүргiзу;
d) жергiлiктi учаскелер мен объектiлердi қарау;
е) ақпаратты, заттай айғақтарды және сарапшылардың бағалауын беру;
f) өкiметтiк, банктiк, қаржылық, корпоративтiк немесе коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, тиiстi құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшiрмелерiн беру;
g) дәлелдеу мақсаттары үшiн қылмыстан түскен табыстарды, мүлiктi, қылмыс жасау құралдарын немесе басқа да заттарды анықтау немесе iзiне түсу;
h) тиiстi адамдардың сұрау салған Қатысушы-мемлекеттiң органдарына өз ерiктерiмен келуiне жәрдемдесу;
i) сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттiң iшкi заңнамасына қайшы келмейтiн көмектiң кез келген басқа да түрiн жасау мақсатында сұралуы мүмкiн.
4. Қатысушы-мемлекеттiң құзыреттi органдары iшкi заңнамаға залал келтiрмей, басқа Қатысушы-мемлекеттiң құзыреттi органдарына, егер де ол қылмыстық-құқықтық мәселелерге байланысты ақпарат осы органға тергеудiң немесе қылмыстық қудалаудың сәттi аяқталуына немесе жүзеге асырылуына көмек көрсетуi мүмкiн немесе осы Конвенцияға сәйкес осы Қатысушы-мемлекеттiң өтiнiш жазуына әкеп соғуы мүмкiн деп есептеген жағдайларда осындай ақпаратты бере алады.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес ақпарат беру ақпарат беретiн құзыреттi органдардың мемлекетiндегi тергеуге және қылмыстық iс жүргiзуге залал келтiрмей жүзеге асырылады. Ақпаратты алатын құзыреттi органдар тiптi уақытша негiзде болса да, бұл ақпараттың құпия сипатын сақтау туралы өтiнiшiн орындайды немесе оның пайдаланылуының шектелуiн қадағалайды. Бiрақ бұл, ақпаратты алатын Қатысушы-мемлекетте жүргiзiп жатқан iс жүргiзудiң барысында оның айыпталушыны ақтайтын ақпаратты ашуына бөгет бола алмайды. Мұндай жағдайда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет ақпараттың ашылуына дейiн ақпарат берушi Қатысушы-мемлекеттi хабардар етедi және егер осы жайында өтiнiш алса, ақпарат берушi Қатысушы-мемлекеттермен консультациялар жүргiзедi. Егер, ерекше жағдайларда, уақтылы хабарлама беру мүмкiн болмаса, онда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет ақпарат беретiн қатысушы мемлекетке осындай ашылу туралы кешiктiрмей хабарлайды.
6. Осы баптың ережелерi, екi жақты немесе көп жақты болсын, өзара құқықтық көмектi толық немесе iшiнара реттеп отырған немесе келешекте реттейтiн басқа да қандайда бiр шарт бойынша мiндеттемелердi қозғамайды.
7. Осы баптың 9-29-тармақтары, егер тиiстi Қатысушы-мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы қандай да бiр шартпен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Пәндер