Салықтық бақылауды ұйымдастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҮДЕРІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ...24

2 САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері ... ... ... ... ... .39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан халқына Жолдау.-/Егемен Қазақстан.-2010.-30 қаңтар.-№30.-4б.
2. Назарбаев Н.Ә. Президентіміздің Қазақстан халықына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», Астана,2007. -28 ақпан .-/ Егемен Қазақстан. – 2007. – 1-наурыз.- №55.-1-6б.
3. «2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысымен бекітілген Астана, 2010.
4. Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты.-Астана:Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания «Профи Полиграф» баспасы, 2008. – 211 б.
5. 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қысқаша талдамалық ақпарат. Электрондық ресурс. Интернет сілтеме: www.minfin.kz/index.php?uin=1164191126&lang=kaz
6. Мельников В.Д, Ильясов К.К. Финансы. – А.: Фин Эко, 2001.-351с.
7. Мельников В.Д, Ли В.Д. Общий курс финансов.– А.: Институт развития Казахстана, 2001.-275с.
8. Мусинов С. М. Налоги с населения Республики Казахстана.-А.: Қаржы-қаражат,2000.-75с.
9. Налоги и взносы с фонда оплаты труда и выплат социального характера.-М.: Юрист, 2001.-51с.
10. Носков А.И. Государственный бюджет.-М.: Прогресс, 2001.-69с.
11. Рустенова Э.А. Финансы.–Уральск.: РИО ЗКГУ, 2004.-95с.
12. Финансы. А.М. Ковалевой.-М.: Финансы и статистика, 2007.- 87с.
13. Финансы. М.В.Романовского– М.: Перспектива. «Юнити», 2000.-105с.
14. Финансы.Ю.Я. Вавилов, Л.И.Гончаренко .-М.: Финансы и статистика, 2001.-67с.
15. Финансы. проф. Л.А. Дробозиной. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-29с.
16. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Баспа»,2001.-57с.
17. Бродский Г. М, Худяков А. И. «Теория налогообложения», НОРМА-К, Алматы,2002. - 383 с.
18. Глухов В.В., Дольдэ И.В. «Налоги: теория и практика».-СПб.: Специальная литература,2006.-102 с.
19. Дарибекова А. С. «Система подоходного налогообложения в РК».-М.: Юрист,Караганда, 2002.-79с.
20. Евстигнеева Е.Н.«Налоги, налогообложение и налоговое законодательство. ».-СПб.:Минск,2007.-320 с.
21. Журавлев В.В. «Государственный бюджет».-СПб.:Москва,2000.- 196 с.
22. Князев В.Г, Черник Д.Г. «Налоговые системы ».- М.: Закон и право.-2007.- 112 с.
23. Кочетков А.И. «Анализ налоговых ошибок».-М.: Дело и сервис, 2008.– 288 с.
24. Лаптев И.И, Кузнецов Л.Д. «Налоговая политика и интересы общества».- М.:Дело,1997.-12-15с.
25. Луппиан М.Н. «Налоговая система».- СПб, ИД Михайлова, 2000.-164 с.
26. Наурызбаев Л.Е, Худяков А.И. «Налоги: понятие, элементы, установление, виды», Алматы: ТОО Баспа, 1998.-160с.
27. Сейдахметова Р.Ф. «Налоги в Казахстане».- А.: Фин Эко,2002.-97с.
28. Степашин С.В, Столяров Н.С, Шохин С.О. Государственный финансовый контроль.-СПб.: Алматы, 2006.-250с.
29. Худяков А.И , Наурызбаев Н.Б. Налог: понятие, элементы , установление, виды.-А.: ТОО Баспа, 2003. -104 с.
30. Худяков А.Н. Налоговая система Казахстана . Подоходный налог. Алматы.: Баспа, 1997.-272с.
31. Черник Д.Т. Налоги в рыночной экономике.- М.: Финансы, РИТИ,2007.-383с.
32. Мизамова К.И. Совершенствование финансово-экономической модели
местного бюджета на примере Акмолинской области. Автореферат.-А.: 2010.-34с.
33. Экономиканы әлдендіруге бағытталған фискалдықсаясат.Электрондық ресурс.Интернет сілтеме:http://www.egemen.kz/7465.html
34. 2010-2012 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы.Электрондық ресурс.Интернет сілтеме:http://www.almaty.kz/page.php/kchikanaev/kchikanaev/Рабочий стол/upload/images/page.php?page_id=1561&lang=3&article_id=7905

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ...24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері ... ... ... ... ... .39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..62

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

КІРІСПЕ

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік - экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.[1,4б.].
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтың бақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салық жүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған.
Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салықтық бақылаудың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.
Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.
Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.
Аз шығындармен көбірек сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады. Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.
Жаңа мемлекеттік басқару тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.[2,1-6бб.].

1 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері

1.1 Жергілікті бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
Тиімді осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрлымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мемлекеттік басқарудың жүйелі болуын, әрбір басқару деңгейі үшін қаржы ресурстарымен нығайтылған функциялар мен өкілеттіктер нақты айқындалуға, биліктің барлық деңгейлерімен тиімді жұмыс істеуі үшін ведомство аралық үйлестіруді қамтамасыз етіп, заңнамалық-құқықтық базасы құрылуға тиіс екенін көздейді.
Шикізаттық емес секторға салық ауыртпалықтарын төмендету, қолайлы инвестициялық ахуалдар туғызу экономиканың қазба байлықтар өндіруші секторынан экономикалық қайтарымды, дәлірек айтқанда тиімділікті арттыруды талап етеді. Президент Жолдауында белгіленген бұл бағыт жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін түбірінен өзгерту тұрғысында жүзеге асырылды.
Ел дамуының қазіргі кезеніңде мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру қажеттілігін негізге ала отырып, биліктің барлық деңгейлер арасындағы функцияларды неғұрлым айқын ажырату, реформалау жүргізу орталығын жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мәселелерге айналуы керек. Бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіріледі. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді: Бюджеттік жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады.
Мемлекеттің бюджет жүйесінің құрылымы, ең біріншіден оның мемлекеттік құрылымына тәуелді. Унитарлы құрылымы бар мемлекеттерде бюджеттік жүйесі екі деңгейлі болып келеді - мемлекеттік және жергілікті (аймақтық) бюджеттер, федеративті мемлекеттік құрылымы бар елдерде (Ресей, АҚШ, Германия, т.б) аралық буындар - штаттар, жерлер және оларға сәйкес әкімшілік құрылымдарының бюджеті.
Өз зерттеулерінде В.Н. Радионова бюджет жүйесін Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы - деп атап көрсетеді. А.Худяков заңды тұрғыдан бюджет жүйесін - берілген мемлекет аумағында қызмет ететін,әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады. Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осыған келіпсаяды. Атап айтсақ, А.Б. Зейнелгабдиннің ғылыми зерттеулерінде қарастырылып отырған түсінікке келесідей анықтама беріледі: Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді. Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесінің қондырмасы бюджет түрлерін басқарудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің құрылуын, қарастырылуын, қарастырылуын, бекітілуін жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады.
Экономикалық сонымен бірге қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып, В.Д. Мельников өз еңбектерінде Бюджет жүйесі - бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады. Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулерді саралау негізінде келесідей тұжырым жасауға болады Кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымның сәйкес түріне негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді.Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Сонымен, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып және осы саладағы белгілі ғалымдардың зерттеулерін тұжырымдай отырып, өз тарапымыздан аталмыш ұғымға келесідей анықтама береміз: Бюджет жүйесі биліктің түрлі деңгейлері бойынша өздерінің негізгі функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған қатынастардың жиынтығы. Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшілерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: бірінші, басқарудың екі буынды жүйесімен(орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамаыз етіледі.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды [6,350б.].
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Төтенше және мемлекеттік бюджет (ерекше жағдайларда әрекет етеді)
Республикалық
бюджет

Жергілікті бюджеттер
Республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеті

Облыстық
бюджет

Ауданның (облыстық мәні бар қаланың) бюджеті

Ескерту-Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты брошюрасынан алынды.
Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [4,211б.].
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.[3,80б.].
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- республикалық бюджет;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Бюджетті басқару - бұл бюджет қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және осының негізінде тиісті бюджет саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
1. Бюджет қатынастары - мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай - ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан. Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.
2. Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталған, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді, олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы және бөлінуі.
Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы принципі жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған. Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады. Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылады.
Республикада бюджет жүйесінің дамуы аймақтық деңгейдің тұтас шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында. Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін бағалауды қарастырады. Басқаша айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру және құрастыру тәртібі ретінде қарастырылуы мүмкін.
3. Бюджет жүйесінің қызметі етуі қағидалар негізінде қамтамасыз етіледі:
oo барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
oo мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас қаржылық базаның бар болуы;
бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы бюджеттің икемді өзара іс-қимыл;
oo мемлекеттің ақша несие саясатының өзара іс-қимылы және ақша жүйесінің біртұтастығы.
Жергілікті билік органдарының шығыстық өкілдігімен байланысты бюджет шығыстарын ең аз жасау принциптерімен, аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық шығыстарының бюджетіне, теңгеріміділікке байланысты, олардың бюджет шығыстарын ұлғайту қызығушылығында жергілікті бюджет табыстарының саралануы жүреді. Қазақстан Республикасы аймағының жеке бюджеті бұл - елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.
4. Қазақстанда жергілікті бюджеттер бағалы қағаздар нарығына шықпастан бұрын ең алдымен бірқатар ұйымдастырушы - қаржылық шараларды іске асыр қажет. Ұсыныстар орталық жіне жергілікті басқару органдарының әрекеттеріне тікелей қатысты және ұсынытарды жергілікті бюджетті нығайту үшін жүргізу қажет, оны жүргізгенне соң жергілікті алыс- берістерді тиімді дамыту төмендегілерге негіделеді:
oo үкіметтік деңгейде қаржы саласын орталықсыздандыруға бағытталған заңдарды қабылдау керек. Бұл жергілікті әкімшіліктерге өзінің табыстарын, оның ішнде жергілікті қарыздарды ұлғайту үшін әр түрлі құралдарды пайдалануға рұқсат етеді;
oo жергілікті басқару органдары есептілік және өзінің жұмысының айқындылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді сақтауы тиіс. Халықпен теріс қарым-қатынас, бюджеттің айқындылығының жоқ болуы ішінара шығындалуға және күдікті мақсаттардың болуына алып келеді;
oo жергілікті басқару органдарының несиені өтеу қабілетінің рейтингін тәуелсіз сараптауды барлауды алдын-ала жүргізу қажет.[7,275б.].
Жергілікті бюджет бұл өте серпінді санат, сондықтан аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Жеке аймақтардың экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі болуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша сараланымы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
-жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.[10,69б.].
Басқарудың барлық деңгейлерінің өз бюджеттері бар және олар өздерінің өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді (1-сурет).

Мемлекеттік қаржы
Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы

ҚР мемлекеттік бюджеті
Республикалық қорлар
Жергілікті бюджеттер
Бюджеттен тыс қорлар
Облыс бюджеті
Республикалық бағыныштағы қалалардың бюджеттері(Астана Алматы қалалары)
Облыстық бюджеті
Аудандардың бюджеті
Облыстық бағыныштағы қалалардың бюджеттері

Lхх
Tр-











Жергілікті бірлестіктердің бюджеттері

Қызметтері:
- Экономикалық коньюктураға ықпалы
-Әлеуметтік бағдарламалар мен міндеттердің орындалуы
-Ел экономикасының дамуы
-Салааралық құрылым мен бюджетаралық қатынастарды реттеу
-Өңірледің әлеуметтік- Экономикалық даму деңгейлерін теңестіру

Ескерту - Lх - табыс көздері; Fх - мемлекеттік шығыстар; Tр - ресми трансферттер [33].

Сурет 1. Мемлекеттік қаржының құрылымы мен қызметтері
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады.
Қазақстан Республикасының унитарлы мемлекет болғандықтан, көптеген басқару функциялары орталықтан басқарылады. Оларды біртіндеп төменгі жергілікті басқару органдарына беру процесі соңғы 5-6 жыл көлемінде жүргізілуде. Жергілікті бюджеттің табыс көздерін нығайту үшін оларға берілетін өкілеттілік те тұрақты әрі қалыпты үрдіске еніп келеді.
Бірнеше жылдар бойы орын алған жағдай мемлекеттің қаржылық дамуы үшін экономикалық дамуын жоспарлаудың көмекші бөлігі ретінде мемлекет шығындарын басқару түсінігін енгізуге ықпал етті.
2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері өткен жылы қабылданған және құлдырау сатысын еңсере отырып әрі осы сатыдан экономиканың тұрақтануы мен көтерілу сатысына шығу жөніндегі бірқатар бюджеттік-салықтық саясатты қарастыратын Салық және Бюджет кодекстерінің негізінде қалыптастырылды. Мәселен, салық заңнамаларына енгізілген өзгерістер экономиканы әртараптандыруға және экономикалық өсуді ынталандыруға қолдау жасауға бағытталған.[3,111б.].
Ұлттық қордың қаржыларын пайдалану мемлекеттік қаржыларды реттеудің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Шикізат ресурстарына қолайсыз конъюнктура пайда болған кездерде мемлекеттік шығындарды қаржыландыруды көздейтін Ұлттық қордың тұрақтандырушылық функциясы 2008 жылы алғаш рет қолданылды. 2008-2009 жылдары Ұлттық қордан мақсатты трансферттер тарту ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін және іскерлік белсенділікті арттырып, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздықтың өсіп кетуіне жол бермеу үшін, сол сияқты, дағдарыс кезеңіндегі тұрақты дамуға жағдайлар жасау үшін жүзеге асырылды.
2010 жылдан бастап Ұлттық қордан қордың жыл соңындағы активтерінің оның алдындағы жоспарлау жылымен алғандағы 13 бөлігінен аспайтын көлемде тек кепілдендірілген трансферттер ғана тартылатын болады. Соның нәтижесінде Ұлттық қорды қорландыру саясаты одан әрі жалғастырылып, 2012 жылдың соңына таман ол 31 миллиард АҚШ долларына жетпек.
Стратегиялық мақсаттарға жетуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін жүзеге асыруға бағдар ұстанған біртұтас әрі тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесінің болуын да антициклдік фискальдық саясат шаралары ретінде қарастыру қажет. Осы мақсаттар үшін жаңа Бюджет кодексі қабылданып, оны жүзеге асыру жөнінен "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Жарлық шықты.
Нәтижелерге бағдарланған әрі жоспарлау кезеңі ұзартылған бюджеттеуді енгізу стратегиялық сипатқа ие және ол экономиканың сапалы да тепе-тең жағдайда өсуіне бағыт ұстайды. Ал ол бюджет саясатын икемді жүзеге асыруға жол ашады. Қазіргі таңда Үкімет бюджеттік реттеу арқылы ел азаматтарының әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына қолдау көрсету, жұмыссыздықты төмендету және шаруашылық қызметтің белсенділігін арттыру жөнінен шаралар қабылдауда. Қазақстанды таяу бесжылдықта жедел индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы да экономиканы әртараптандыру мақсатын көздейді.
Осы орайда 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының әлеуметтік бағдар ұстанатынын атап өту орынды. Бюджет шығындарының жартысынан астамы әлеуметтік салаға және бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларына бағытталған. Алдағы жылдың басынан бастап зейнетақыларды, бала күтіміндегі әйелдерге берілетін және өзге де мемлекеттік жәрдемақыларды өсіру ойластырылып отыр.
Сонымен бірге, алдағы бюджетте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да айтарлықтай қаржы бөлінбекші. Осы айтылғандардың бәрі әлемдік қаржы дағдарысының тигізген кері әсерлеріне қарамастан Үкіметтің қиыншылықтардан қысылмай шығу жолында елеулі жұмыстар атқарып отырғанын көрсетеді [11,95б.].
Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен қоғамның дамуын көздейтін әлем тәжірибесінен белгілі. Біздің елімізде облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық деңгейдегі билік орындары кусарып бара жатыр. Ал керсінше, дамыған унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары болып қала, село мен аудан болып табылады. Бүгінде қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуге едәір дербестікке ие бола бастады.
Жергілікті бюджеттің рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік- аумақтық құрлысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті бюджеттің жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражатынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл тиісінше жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға - жергілікті қаржының бүкіл теориялық астарларын анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.[12,87б.].

1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміздің аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
-жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
-жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.
Мыналар:
- аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке трансферттер;
- республикалық бюджеттен трансферттер жергілікті бюджетке трансферт түсімдері болып табылады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.
Мыналардың:
- облыстың;
- республикалық маңызы бар қаланың;
- астананың,
- ауданның (қаланың),
- қаладағы ауданның,
- аудандық маңызы бар қаланың,
- кенттің, ауылдың (селоның),
- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті болып табылады.[13,105б.].
Облыстық бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық меншікті басқаруға жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.
Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.
Салықтар - бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу - мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.
Осыған орай Алматы қаласының бюджетінің қалыптасуы мен оның орындалуын таңдауды жөн санаймыз. Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат негізінде пайданалатын және бекітуге жатпайтын бюджет.
Алматы қаласы бюджет түсімдерін болжау аймақтын орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жүзеге асырылады.
Алматы қаласы бюджет құрылымы келесі бөлімдерден құралады:
I.Түсімдер.
1.Кірістер.
2.Алынған ресми трансферттер.
3.Бұрын бюджеттен берілген несиелердің өтелімі.
II.Шығыстар мен несиелендіру:
1.Шығыстар.
2.Несиелендіру.
III. Бюджеттің дефициті, профициті.
IV.Бюджеттің дефицитін несиелендіру.
1.Түсімдер.
2.Өтелімдер.
3.Бюджет қаражатының бос қалдықтарының қозғаласы.
Облыс бюджетінің шығындар бөлігі төмендегідей бөлімдерден тұрады:
oo жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
oo қорғаныс;
oo қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік;
oo білім беру;
oo денсаулық сақтау;
oo әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек;
oo тұрғын үй коммуналдық шаруашылық;
oo мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік;
oo ауыл шаруашылығы;
oo көлік және байланыс;
oo басқа да шығындар.
Басқарудың аудандық звеносы негізгі әкімшілік-территориялық бірлік бола алады. Өйткені онда қала аудандарының өзін өзі басқару органдары бірігеді. Қала аудандарының біріккен әкімшілік ауданы бірнеше негізгі қызметтерді атқарады. Көптеген елдерде жергілікті басқару звеносы заңмен анықталады, бірақ ол шектеулі болу керек.[14,68б.].
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей жергілікті басқару звеносына қосымша және теңгермешілік қызметтерді қалдыру қажет. Келесі модель биліктің фискалдық ынталандыру жергілікті деңгейдегі бизнесті қолдауға және қоғамдық игіліктерді ұсыну тиімділігін көрсетеді. Жергілікті әкімшілік тұрғысынан міндет келесі түрде болады:

(cP+B+S) max , (1)
P,S,B
s.t.P+P+S=SHARED+OWN, (2)

мұндағы: P - қоғамдық игілікті өндіру деңгейі, S - жергілікті әкімшіліктің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға кететін бюджет табысының бөлігі, B - жеке бизнесті реттеу деңгейі, 0c1 - қоғамдық игілікті өндіруден алынатын саяси құндылықтар, SHARED - мемлекеттік бюджеттен жергілікті бюджетке түсімдер.

SHARED=Tf +T(W), (3)

мұндағы: Tf - тұрақты бөлігі, T(W)=aW - өзгермелі бөлігі (жергілікті биліктің қаншалықты салықты жинауына байланысты). a параметрі шектік түсімдерді көбейтуге қабілетті немесе қабілетсіз екенін көрсетеді (а=0 - барлық жиналған салық жергілікті бюджетке кетеді), OWN - жергілікті жердегі жеке табыстар.

OWN=Wf +W(P,B), (4)

мұндағы: Wf - тұрақты бөлігі, W(P,B) = g(P)y(B) - өзгермелі бөлігі [34].
2010 жылдың нақтыланған түсімінің жиынтық жоспары IV-ші шақырылған қала мәслихатының 22 қазандағы кезектен тыс ХХХІІ сессиясында 317 млрд. 078 млн.теңгені құрады, оның ішінде, салық түсімдері бойынша 165 млрд. 853 млн.теңге, салыққа жатпайтын түсімдер 16 млрд. 308 млн.теңге, негізгі капиталды сату түсімдері 3 млрд. 755 млн. теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу 50 млн.теңге, республикалық бюджет трансферттері мен кредиттері 130 млрд. 541 млн. теңге [5].
2010 жылдың 10 айындағы кіріс 260 млрд. 711 млн.теңге сомаға түсті, жоспарланғаны 244 млрд. 635 млн.теңге немесе кірістер бойынша жоспар 106,6% орындалды, оның жергілікті бюджет кірісі 160 млрд. 874 млн. теңге, жоспар 15 млрд. 804 млн.теңгеге артығымен орындалды, республикалық бюджет кредиті 753 млн.теңге сома, республикалық бюджет трансферттері 99 млрд. 084 млн.теңге сомаға түсті.
2010 жылдың төлемдері бойынша қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспары 317 млрд. 078 млн.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет трансферттері мен кредиттері 130 млрд. 541 млн.теңге, жергілікті бюджет қаражаты 120 млрд. 541 млн.теңге, бюджеттік айыру 55 млрд. теңге, қызметінің жоғарғы бюджетке берілуіне байланысты трансферттер 10 млрд. 996 млн.теңге.
2010 жылдың он айындағы шығыс 232 млрд. 982 млн. теңге сомаға орындалды, жоспарланғаны 244 млрд. 635 млн.теңге немесе 95,2 %, олардың республикалық бюджет трансферттері мен кредиттер сомасы 92 млрд. 920 млн.теңге немесе 93,3 %, жергілікті бюджет қаражаты сомасы 140 млрд. 061 млн.теңге немесе 96,5 %.
Қаланың 2010 жылғы бюджетінде Жол картасын жүзеге асыруға 11 млрд. 498 млн.теңге сома қарастырылған, оның республикалық бюджет қаражаты, трансферттер түрінде алынатын сомасы 7 млрд. 846 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаты - 3 млрд. 652 млн.теңге. Даму бағдарламасы бойынша Жол картасын жүзеге асыру үшін 10 млрд. 527 млн.теңгені құрайды және ағымдағы мамандарды дайындау және қайта дайындау бағдарламасы, әлеуметтік жұмыс орынын дайындау және жастар саясаты бағдарламасын кеңейтуге қарастырылған жалпы сома 971 млн.теңге (білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы).
Жол картасын жүзеге асыру шегінде шығыстың орындалуы 1 қарашадағы жағдай бойынша 10 млрд. 286 млн.теңгені құрайды немесе 95,1%, олардың республикалық бюджет трансферті 7 млрд. 225 млн.теңге немесе 95,9%, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 3 млрд. 060 млн.теңге 93%.
Жол картасын жүзеге асыру үшін 247 жоба бойынша 11 конкурс, жалпы сомасы 10 млрд. 459 млн.теңгеге конкурстық әдіспен тауарларды, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу көзделген.
247 жоба бойынша 11 конкурс, жалпы сомасы 10 млрд. 200 млн.теңгеге өткізілді, өткізілген конкурстардың экономиясының жалпы сомасы 259 млн. теңге.
2009-2010 жылдарға арналған Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру жөніндегі әрекет ету Жоспарына сәйкес (дағдарысқа қарсы бағдарлама) қала бюджетінің шығысы 126 млрд. 072 млн.теңгені құрайды, оның республикалық бюджет трансферті 103 млрд. 087 млн.теңге, жергілікті бюджет қаражаты 22 млрд. 985 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша қаражаттың орындалуы 98 млрд. 408 млн.теңгені құрады немесе 93,8%, республикалық бюджет трансферттерінің орындалуы 83 млрд. 047 млн.теңге сомаға немесе 93,9 % қамтамасыз етілді, жергілікті бюджет қаражаты - 15 млрд. 361 млн.теңге немесе 93,3 %.
Қазақстан Республикасының 4 желтоқсан 2008 жылғы Бюджет кодексіне, 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңына сәйкес, ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім шығарды. Оған сәйкес, 2010-2012 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті:
1. кірістер - 150 900 000 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 145 177 700 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 867 300 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 855 000 мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы, ақша айналымы
Қазақстандағы салықтық бақылау
Салық бақылауының жіктелуі
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық мазмұны
Салықтық бақылау жайлы
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары
Салықтық бақылау
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Пәндер