Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Рыноктық экономикадағы жалақы және оның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Жалақының экономикалық рөлі және жалақы теориясы ... ... ... ...5
1.2. Жалақы құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Жалақының өзгеруіндегі кәсіподақтардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІ Қазақстандағы жалақының жағдайы мен оның даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1. Жалақының жұмыссыздық көрсеткіштерімен өзара байланысы..17
2.2. Қазақстандағы еңбек рыногының жалпы әлеуметтік.экономикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттейтін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Кәсіпорын пайда табу мақсатында әр түрлі өндіріс факторларын қолданады. Солардың ішінде еңбек - өндірістің негізгі факторы, яғни жұмысшы күші жалпы өнімнің көп бөлігін құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек рыногы күрделі әлеуметтік-экономикалық рынок деп аталады. Өйткені қазіргі заманда адамзат өзінің өмір сүруі үшін белгілі бір қызметтер істейді. Біреулерінің жалақысы көп болса, біреулерінікі аз. Ал кейбіреулері мүлдем жұмыссыз.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда - еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы - жұмыскердің еңбегінің бағасы деп саналады. /4, 132 б/
1. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы": Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 24 желтоқсан.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
3. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2003 - 171 6.
4. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. - Астана: 2002. - 446 б.
5. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. B.C. Буланова и проф. Н.А.Волгина. - М.: МГУ, 1996 г.
6. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кэсіпорын экономикасы: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2003. - 252 бет.
7. Әубәкіров Я. Ә. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. - Алматы, "Санат", 1998.-479б.
8. Мэнкью Н.Г. Принципы экономике. - СПб: Питер Ком, 1999. - 784 с.
9. Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. - Алматы: Fылым, 2005 г.
10.Берешев С. Регулирование заработной платы в республике Казахстан. -
Алматы: ТОО "Баспа", 2006 г.
11. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2008 г. № 1,2
12.«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жыл5ы Қазақстан халқына Жолдауы. -
Астана, Ақорда, 2008ж. 5ақпан. 13.Статистический ежегодник. Алматы. - 2008г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ: ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС
КАФЕДРА: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері

Орындаған: Тұяқбаева Н.С.
Ғылыми жетекші: Айтуганова З.Ш.

АЛМАТЫ, 2009

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Рыноктық экономикадағы жалақы және оның экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Жалақының экономикалық рөлі және жалақы теориясы ... ... ... ...5
1.2. Жалақы құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Жалақының өзгеруіндегі кәсіподақтардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІ Қазақстандағы жалақының жағдайы мен оның даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.1. Жалақының жұмыссыздық көрсеткіштерімен өзара байланысы..17
2.2. Қазақстандағы еңбек рыногының жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

.

КІРІСПЕ

Әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттейтін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Кәсіпорын пайда табу мақсатында әр түрлі өндіріс факторларын қолданады. Солардың ішінде еңбек - өндірістің негізгі факторы, яғни жұмысшы күші жалпы өнімнің көп бөлігін құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек рыногы күрделі әлеуметтік-экономикалық рынок деп аталады. Өйткені қазіргі заманда адамзат өзінің өмір сүруі үшін белгілі бір қызметтер істейді. Біреулерінің жалақысы көп болса, біреулерінікі аз. Ал кейбіреулері мүлдем жұмыссыз.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда - еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы - жұмыскердің еңбегінің бағасы деп саналады. 4, 132 б
Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен сипатталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рыноктың агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Яғни, шешуді қажет ететін әлеуметтік мәселе болып табылатын халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі, жұмысбастылық, жалақы, жұмыссыздық, еңбек ұйымдары осы еңбек рыногының құрылымдары болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын "Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері " деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елдің халқының тұрмыс деңгейін сипаттайтын, сол елдің даму нәтижесінің керсеткіші болып табылатын жалақының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеті болып табылады. Сонымен қатар, жалақы еңбек рыногының басқа да көрсеткіштері жұмыссыздық, экономикалық активті халық, жұмысбасты халық және экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер инвестициялық климат пен халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайды және оларды реттеудің басты құралы болып табылады. Ал халықтың тұрмыс жағдайы тікелей елдегі еңбекке қабілетті адамдар санына, олардың жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейіне, сонымен қатар жалақы және осыларды реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушілерге байланысты.
Мен бұл тақырыпты жазудағы мақсатым мен міндеттерім келесідей:
Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнін ашу;
Жалақының экономикалық мәні мен оның теориялық негізін ашып көрсету;
Экономикадағы жалақының құрылымы мен оның түрлерін атап өту;
Жалақы мен жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмысбастылық пен жалақы деңгейін талдау;
Рыноктық экономика жағдайындағы жалақының маңыздылығын және оның әлеуметтік-экономикалық реттеудегі орнын анықтау;
Еңбек кәсіподақтардың жалақыға әсерін қарастыру;
Жалақы, жұмысбастылық, кәсіподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерін және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.

I Рыноктық экономикадағы жалақы және оның экономикалық мәні
1.1. Жалақының экономикалық рөлі және жалақы теориясы

Экономикалық теорияда жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің мәні және фирма немесе сала дәрежесінде оны белгілейтін факторлар туралы әр түрлі пікірлер кездеседі.
А.Смит және Д.Рикардо бойынша еңбек тауар болып табылады, оның табиғи бағасы болады. Ол жұмыскерге және оның отбасында қажет өмір сүруге мүмкіндік беретін, құн түрін алған, өндірістік шығындармен белгіленеді.
Жалақының марксистік теориясы оны жұмыс күшінің өзгерген нысаны деп дәлелдеп, "еңбек" және "жұмыс күші" деген түсініктерді бір-бірінен ажырата қараған. Демек жалақы мөлшерінде тек қажетті өнім орын алған. Жұмыс күшінің құны, оның әдеттегі жағдайда ұдайы өндірілу шарттарымен белгіленеді. Жалақының мөлшері жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына, еңбектің әрекет ету уақытының ұзақтығына, еңбек өнімділігіне, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді болады.
М.Туган-Барановский ұсынған жалақының әлеуметтік теориясы жалақының қоғамдық еңбектің өнімділігіне және жұмысшы табының қоғамдық өнімдегі үлесі деп тұжырымдайды. 5, 93 б
Дж. М.Кейнс жалақының көлемі мен динамикасын реттету мақсатымен, оған тікелей кірісудің қажеттігін дәлелдеген. Әлеуметтік күйзелістен аулақ болу үшін ол жалақыны төмендету мақсатында ұжымдық келісімдерді қайта қараудың орнына, бірте-бірте жалақыны төмендету үшін бағаның өсуін қолданды. Кейнс ақшалай жалақының қатаң саясатын жүргізуді талап етеді.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда - еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы - жұмыскердің еңбегінің бағасы деп саналады.
Рынокта жалақының жалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары жатады. Осымен қатар еңбек рыногындағы бәсекенің әр түрлі факторлары, кәсіподақтардың ықпалы, мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты, кәсіпкердің жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары, қолданылып жүрген еңбекақы жүйесінің ерекшеліктері әсер етеді.
Жалақының нақты ставкалары рыноктық экономикада еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленеді.
Рынокта еңбекке сұранысты қалыптастыратын кәсіпорынның максималды пайдасы еңбектің шекті өнімділігі мен нарықтық жалақының қиылысу нүктесі болып табылады. Осылайша бәсекелестік рыноктық экономикада фирма жұмыс күшін шекті өнім құны мен жалақы тең болғанша қабылдай береді. Осыдан барып кәсіпорынның еңбекке сұраныс ұғымы шығады, оны графиктен көре аламыз. 8, 465б

Шекті өнім құны

Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны
максималды пайдасы

Сурет-10 - Еңбектің шекті өнімділігінің құны
Нарықтық жалақы
Еңбекке сұраныс қисығы

Кейбір жағдайлар - өндіріс факторлары мен өнім бағалары - сырттан беріледі. Шешім қабылдау бостандығы - қанша адам және жұмыс сағат қажеттілігі - тарифтік реттеумен және жалдама қызметкерді қорғайтын басқа да заңдармен шектеледі. Мысалы, Қазақстандағы еңбек туралы заң жұмыс апта ұзақтығын 40 сағатпен шектейді. 1
Жұмыс күші ұсынысының көлемін анықтауда қиындықтар кездеседі: кәсіпорын өзіндегі қызметкерлерді нақтылы қолдана ма, әлде оған қосымша жұмыс күшін қажет ете ме - бұл анықтауды талап етеді. Институционалдық реттеуге сәйкес кәсіпорын кей жағдайда артық қызметкерлерді жұмыстан дереу босата алмайды. Сонымен қатар фирма қосымша жұмыс күшіне мұқтаж болуы мүмкін, өйткені бос орындарды қызметкерлермен толтыруы керек.
Нарықта жеке мешік кәсіпорындар саны және олардың экономикада үлесі өскен сайын оның тиімділігі еңбек өнімділігі арқылы көтерілген сияқты. Демек, жұмыс күшіне сұраныс қалыптасуында жеке меншік сектор нарықтық принциптеріне толық ауысқан. Қанша және қай сапалы қызметкерлерді жұмысқа алуда фирма тек экономикалық тұрғысынан шешеді, басқаша айтқанда, фирмаға бұл адамдар барынша көп пайда түсіре ала ма деген критерийді қолданады. Жұмыс барысында біз еңбек нарығы болғандықтан жеке меншік секторды қарастырамыз.
Жұмыс күшіне сұранысты жұмыс берушілердің берілген уақыт мерзімінде белгілі жалақы мөлшері үшін жалдайтын адамдар саны ретінде анықтауға болады. Жұмыс күшіне сұраныс, еңбекке деген сұраныс өндіріс факторы ретінде туынды сұраныс болып келеді: тауарлар өндірерде еңбек қолдану керек, демек игілік көлемін өндіру туралы шешімнің екінші жағы қолданылатын еңбек көлемі туралы шешім болады.
Жалақы көтерілсе, жұмыспен қамту деңгейі өсе ме, әлде азая ма - бұл сұраққа жауап беру оңайға түспейді. Кәсіпорын мақсаты - өзінің іскерлік қызметінен барынша көп пайда түсіру, ол әр түрлі ресурстар, оның ішінде ең бастысы адам ресурстарын қолданады. Біздің қарапайым моделімізде негізінен екі факторды ескеретін боламыз - еңбек пен капитал. Пайда фирманың өнімін
сатудан түскен түсім мен орын тепкен шығындар айырымы болып келеді. Кез-келген бәсекелестік рыноктағыдай Dm рыногының сұранысы мен Sm нарығы ұсынысының ара-қатынасының тепе-тендігін анықтайды, айта келсек w* жалақы төлемінің тепе-теңдік мөлшерін 2-ші суреттен көрсек болады.
Аталған рынокта кәсіпорын SL еңбек ұсынысының горизанталды қисығымен кездеседі, себебі ол w* тең ME тұрақты шектік шығындарымен кез келген еңбек санын жалдай алады. Егер фирманың табысы қосымша жалақы төлемдерінің шығындарынан артық болса, онда оған қосымша еңбек санын жалға алу тиімді болады. 8, 472 б
W Еңбек рыногы Sm W Фирма

ME, SL
W* W*
Dm
Lm L
Сурет-2 - Еңбектің сұранысы мен ұсынысы

Еңбек бірлігін жалға алу нәтижесінде алынған қосымша табыс MRPL еңбегінің шектік табыстылығы деп аталады. Осы тәсілмен MRPK капиталының шектік табыстылығы анықталады. Қосымша еңбек бірлігі L шектік еңбек өнімі көлемінде қосымша өнім шығарылуын қамтамасыз етеді. Егер кәсіпорынның өзінің тауарын немесе қызметін сататын өнімнің рыногы бәсекелік болса, онда ол қосымша табыс алады.
MRPL=pL
Мұнда, р - тепе-теңдік;
MPL - еңбектің шекті өнімділігі; MRPL - қосымша табыс.

1.2 Жалақы құрылымы және оның түрлері

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді. Экономикалық теорияда жалақының екі мағынасы бар. Біріншісінде, жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар - сұраныс және ұсыныспен анықталады. Екінші мәні жалақы жұмыс күші - тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, сұраныс және ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалпы жалақының экономикалық мәні мен қызметтері өте көп болып табылады. Себебі, жалақы деңгейі арқылы сол елдің халқының тұрмыс деңгейін, кәсіпорындардың жағдайын, халықтың менталитетін, тұтынушылардың талғамын, жұмыссыздық және жұмысбасты халық деңгейін көруге болады. Сондай-ақ жалақы ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активті халықты көбейту, адамдардың мамандану дәрежесінің өсуі сияқты қызметтер атқарады.
Жалақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Жалақы бұл - жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. 3, 134 б
Жұмыс күші құны қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
:: оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күшінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және ол уақыт өтуімен байланысты өзгеріп отырады. Еңбек рыногында жұмыскерлердің еңбекақысының өсуі еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік жасайды.
Еліміздегі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі қағидаларын еске алу керек: 6, 110 б
Әділдігі, яғни тек еңбекке тең жалақы;
Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;
Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;
Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
Еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда озық жүруі;
Инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтарын келесілерден көруге болады:
Мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарда кәсіпорын әкімшілігі шешімімен шешіледі, бірақ ол жалақының минималды деңгейінен кем болмауы керек.
Мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты болады;
Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.
Экономикада жалақы - атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы - бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
Нақты жалақы - бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы - бұл атаулы табыс жалақының сатып алу қабілеттілігі. Еліміздегі осы аталған атаулы және нақты жалақының 2004 жылғы деңгейін және оның өткен 2003 жылмен салыстырғандағы индекстерін келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Сондай-ақ жалақының берілуіне және оның берілу мерзіміне байланысты жалақының бірнеше түрлері мен нысандары болады. Оны келесі 3-ші суреттен көруге болады. 6, 111 б

Жалақының жүйелері мен нысандары

Кесімді еңбекақы
Уақыттық еңбекақы
КеКкккрпоо
Жай кесімді ақы
Жай уақыттық еңбекақы

Кесімді сыйлықақы
Уақыттық сыйлықақы

Көтеріңкі жалақы
Сағаттық еңбекақы
Айлық жалақы

Үдемелі кесімді жалақы
Жанама кесімді жалақы
Апталық жалақы
Күндік жалақы

Жалданған қызметкерлердің жалақысы екі бөліктен тұрады:
:: Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім нәтижесі болып келеді;
:: Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері жұмыс істегені үшін әр түрлі төлемдер.
Жалақының кесімді нысаны қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол еңбегінің немесе машиналы-қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады, дәл осы жағдайда өндірілген өнімнің көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Еңбекақының кесімді нысаны келесі жағдайларда қолданылады:
Тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
Орындалатын жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі;
Жұмысшының өндірісін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
Осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін онан әрі ынталандыру.
Техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады. Еңбек мерзімдік ақы төлеу нысанын қолдану жағдайы келесідей:
Егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнімділігін арттыру есебінен өнім шығаруды молайтуға ықпалын тигізе алмаса;
Егер де қажетті келісімді бағалауды белгілеу үшін өндірімнің сандық көрсеткіштерінің жоқ болуы;
Ақы төлеудің мөлшері дұрыс қолданылған жағдайда. 3, 131 б
Еңбекақының мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және мерзімдік сыйлықақы.
Қызметкердің еңбекақысының мерзімдік жүйесінде уақыттың бір бөлігінде анықталуы мүмкін. Ол келесідей сипатта болады:
ЕАЖМ = М*Т
Мұндағы, М - жұмысшының тиісті разрядының сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;
Т - өндірісте нақты орындалған жұмыстың уақыты, сағаты.
Қызметкердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақы жүйесінде мына формула арқылы анықталуы мүмкін:
ЕАмс = М*Т (1+М+К+П 100)
Мұндағы, М - белгіленген көрсеткіштерді тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы шартына сай орындаған сыйлық мөлшері (%);
К - белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы шартына сай пайыздық сыйлық мөлшері (%);
П - белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы шартының пайызы.
Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
Еңбек нормаларын ауыстыруды, енгізуді жэне қайта қарауды жұмыс беруші кәсіпорын жүргізеді. Қызметкердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Сондай-ақ ең төменгі жалақы деген ұғым еңбек рыногында жиі кездеседі. Ол меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындардағы еңбекақы базасы болып есептелінеді.

1.3 Жалақының өзгеруіндегі кәсіподақтардың рөлі

Еңбек рыногында кәсіподақтар еңбек қатынастарын және жалақы деңгейін, жұмыс уақытының ұзақтығын реттеп отыратын еңбек рыногы ұйымы болып табылады. Кәсіподақтар жұмыс алушылардың мүддесін қорғайды және олардың өкілі ретінде есептелінеді. Кәсіподақ қозғалысы Англияда XVIII ғасырдың ортасынан басталып, кейін бірте-бірте басқа елдерде тарай бастады.
Yenзақ уақыттар бойы кәсіподақ қызметі негізінен жалақы деңгейін сақтау, сирек жағдайларда оны көтеру үшін күрестермен шектеліп келді.
Бірінші кәсіподақтар жергілікті болды, сан жағынан шағын және олардың арасында бір-бірімен байланыстары әлсіз болды. Ал экономика құрылымдары дамып, ондағы экономикалық қатынастар, кәсіпкерлер әрекеттері және монополиялар пайда болуына байланысты кәсіподақтардың қызметі күшеюіне тура келді. Қазір кәсіподақтар жалақы деңгейін өзгерту үшін түрлі әдістерді пайдаланылады. Солардың ішінен негізгі үшеуін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Көмекші етістіктердің грамматикалық әлеуеті
Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар
ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Педагогиканың салалары, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер
Англиядағы білім беру жүйесі
Биология ғылымының жетістіктері
Пәндер