«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»



Кіріспе
3
1 Экотуризмнің теориялық түсінігі
1.1 Экотуризм түсінігі 5
1.2 Экотуристік бағыттар 8
1.3 Экотуристік объектілер және оның әлеуеті
10
2 Туристік экобағыттарды ұйымдастыру мен жоспарлау
2.1Туризмдегі экобағыттарды құру 13
2.2 Экобағыттарды ұйымдастырудағы экологиялық жайттар 15
2.3 Экобағыттардың экономикалық әлеуетін талдау
17
3 Қазақстандағы экобағыттарды дамыту келешегі
3.1 Қазақстандағы экобағыттарды дамытудың әлеуеті 19
3.2 Қазақстандағы экобағыттарды дамытудың мемлекеттік жоспарлары
21
Қорытынды
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
26
Экологиялық туризм - жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кеңінен дами бастады.
Қазіргі таңда «экологиялық туризм» ұғымы кеңінен қолданылып, көп пайдаланылып жүр. Оның мәні – табиғи ландшафтарды сақтап қалумен қатар, олардың эстетикалық, рекреациялық, мәдени – тарихи және де тағы басқа қасиеттерін арттыру, оларды қалпына келтіру және сонымен қатар, бір мезгілде туристердің ол жерлерге келуін қамтамасыз етеді Экотуризм басқа туризм түрлеріне қарағанда бірнеше жағдайларды бірден қамтиды. Біріншіден туризмнің осы түрін дамыту арқылы мол пайда табуға болады. Ал екіншіден ол табиғатты тиімді пайдаланып оны қорғауды жүзеге асырады.
Туризм, рекреация және қоршаған орта бір – бірімен байланыста болады. Географиялық орта мен табиғаттың көптеген туристерді өзіне тартатын қызықты элементтері болады, ал туризмнің дамуы экологияға жағымды және жағымсыз жағымен де әсерін тигізуі мүмкін. Туризмнің дамуын экологиялық көзқараспен жоспарлау үшін, алдымен туризмнің экологияға тигізетін әсерін анықтау қажет. Егер де туризм жоспарланып, оның дамуы реттеліп басқарылса, онда мынандай экологиялық жағымды жақтармен көрінер еді:
1. Маңызды табиғи териториялар мен фаунаны қорғауды қаржыландыру мүмкіндігі, аквальді экожүйелерді қосқанда, маңызды туристік көз тартарлық жерлер болып келетін ұлттық және аймақтық парктер мен табиғи қорғау шараларын қаржы мөлшері аз елдер үшін қолайлы;
2. Туристік объектілер ретінде археологиялық және тарихи жерлердің сақталуын қаржыландыруға көмектесу. Әйтпесе бұл объектілердің көбі бұзылып – жойылып кетуі мүмкін. Туристік мақсатта қолданылатынтарихи аудандар (кіші және ірі қалалардағы) сақтап, одан әрі дамытуға көмек береді;
1.А.С. Кусков, Е.И. Арсеньева «Современный экотуризм» 2002г. Москва. Сб. науч. ст, 210стр.
2.Эйтингон А.И. Экологический туризм. Курс лекций. М.: РМАТ, 2001.145стр.
3.Деточенко Л.В. Перспективы экотуризма в системе видов туризма Волгоградской области.//Туризм и региональное развитие: Сб.науч.тр.Вып.3. Смоленск, 2004. 240 стр.
4.Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы, 2000. 197 стр.
5.Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К. «Туризм және өлкетану негіздері» оқу құралы, 2006жыл Алматы. 99бет
6.Интернет сайты: www.kaztour-association.com
7.Алиева Ж.Н. Экологический туризм: Учеб. пособие. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
8.Дроздов А.В. Современный экотуризм. Концепции и практика.//Теория и практика международного туризма: Сб. науч. тр. под ред. А.Ю. Александровой. М.: КноРус, 2003.
9.«Туризмология негіздері» Ж.Н Алиева Оқу құралы, Алматы 2004 жыл. 171 бет.
10.Ө.Ж Үстенова, М.Р Смыкова, Б.Б Жүнісова «Туризм маркетингі» Алматы, «Экономика» баспасы, Оқу құралы 2009 жыл. 247 бет.
11.«Билютень информационного ресурсного центра» №3 июнь 2010г. 5стр.
12.ҚР туризмді дамытудың 2007-2011жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2006жылы 31 наурызда ҚР Үкіметінің №222 қаулысымен бекітілген.39 бет
13.Поддержка развития экотуризма // журнал «Мир путешествий». 2010. - № 3 (8), май-июнь. – 50Стр.
14.Вестник газеті, «Экологиялық туризмді дамытудың географиялық мәселелері» мақаласы. 2009 жыл наурыз №12, 15 бет.
15.Интернет сайты : www.google.ru

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Басқару факультеті

Маркетинг және коммерция кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Туристік бизнесті ұйымдастыру және жоспарлау пәні бойынша

Тақырыбы: Туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау




Орындаған: Туризм мамандығының
3 курс студенті (303 топ) Хакимжанова М.
Тексерген: оқытушы Нұрахова Б.Ж.

Алматы 2010 жыл
Мазмұны

беттері
Кіріспе

3
1 Экотуризмнің теориялық түсінігі

1.1 Экотуризм түсінігі
5
1.2 Экотуристік бағыттар
8
1.3 Экотуристік объектілер және оның әлеуеті

10
2 Туристік экобағыттарды ұйымдастыру мен жоспарлау

2.1Туризмдегі экобағыттарды құру
13
2.2 Экобағыттарды ұйымдастырудағы экологиялық жайттар
15
2.3 Экобағыттардың экономикалық әлеуетін талдау

17
3 Қазақстандағы экобағыттарды дамыту келешегі

3.1 Қазақстандағы экобағыттарды дамытудың әлеуеті
19
3.2 Қазақстандағы экобағыттарды дамытудың мемлекеттік жоспарлары

21
Қорытынды

24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

26

Кіріспе

Экологиялық туризм - жақында ғана жасыл қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кеңінен дами бастады.
Қазіргі таңда экологиялық туризм ұғымы кеңінен қолданылып, көп пайдаланылып жүр. Оның мәні - табиғи ландшафтарды сақтап қалумен қатар, олардың эстетикалық, рекреациялық, мәдени - тарихи және де тағы басқа қасиеттерін арттыру, оларды қалпына келтіру және сонымен қатар, бір мезгілде туристердің ол жерлерге келуін қамтамасыз етеді Экотуризм басқа туризм түрлеріне қарағанда бірнеше жағдайларды бірден қамтиды. Біріншіден туризмнің осы түрін дамыту арқылы мол пайда табуға болады. Ал екіншіден ол табиғатты тиімді пайдаланып оны қорғауды жүзеге асырады.
Туризм, рекреация және қоршаған орта бір - бірімен байланыста болады. Географиялық орта мен табиғаттың көптеген туристерді өзіне тартатын қызықты элементтері болады, ал туризмнің дамуы экологияға жағымды және жағымсыз жағымен де әсерін тигізуі мүмкін. Туризмнің дамуын экологиялық көзқараспен жоспарлау үшін, алдымен туризмнің экологияға тигізетін әсерін анықтау қажет. Егер де туризм жоспарланып, оның дамуы реттеліп басқарылса, онда мынандай экологиялық жағымды жақтармен көрінер еді:
1. Маңызды табиғи териториялар мен фаунаны қорғауды қаржыландыру мүмкіндігі, аквальді экожүйелерді қосқанда, маңызды туристік көз тартарлық жерлер болып келетін ұлттық және аймақтық парктер мен табиғи қорғау шараларын қаржы мөлшері аз елдер үшін қолайлы;
2. Туристік объектілер ретінде археологиялық және тарихи жерлердің сақталуын қаржыландыруға көмектесу. Әйтпесе бұл объектілердің көбі бұзылып - жойылып кетуі мүмкін. Туристік мақсатта қолданылатынтарихи аудандар (кіші және ірі қалалардағы) сақтап, одан әрі дамытуға көмек береді;
3. Экотуризмнің басты объектісі табиғи көрікті көз тартарлық жерлер срндықтан да ол қоршаған орта сапасын жоғарлатуға көмек береді,өйткені туристер әсем, көз тартарлық, таза әрі кір емес жерлерді көруді ұнатады. Туризм табиғи ортаны тазалауға түрткі болады. Әуе, су, шу әрі эстетикалық ластауды тоқтатып, ландшафт пен құрылысты дұрыс жоспарлау нәтижесінде жалпы сыртқы келбетті жақсартуды іске асырады. Сонымен қатар дұрыс орналастырылып, жоспарланған туристік объектілер қала мен ауылды мекендерді әшекейлендіреді. Инфрақұрылымды жетілдіру (сумен қамтамасыз ету, канализация, қатты қалдықтардан арылу) шаралары да қоршаған орта сапасының жоғарлауына әкеледі;
4. Жергілікті тұрғындардың экологиялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе жастардың экологиялық танымдық деңгейінің жоғарлауына көмектесу. Сонда ғана жергілікті тұрғындар бұл мәселенің олардың ауданындағы маңыздылығын түсіне бастайды. Және де бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежеде болуы.
Жалпы айтатын болсақ, экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге ат салысатын, мемлекеттің тұрақты дамуына жетуінің бір жолы бола алатын туризм саласының бір бағыты болып табылады. Бүгінгі күнде экологиялық туризмнің басты мәселесіне табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта қолданғандағы белгілі бір баланстың, яғни тепе - теңдіктің болуын қамтамасыз ету жатады. Мамандар ең маңызды рекреациялық ресурстарды туризмнен және туризм үшін қорғауды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен объектілерді територияда бірқалыпты орналастыру типін қолдайды. Себебі ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы териториялық саясаты жүргізіліп отыр. Бұндай саясаттың ерекшелігі - ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында, кешендердің бірқалыптылығын сақтауда болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты экологиялық туризмді жоспарлау мен дамытудың маңыздылығын атап көрсету болып табылады. Егер экологиялық туризм әрбір мемлекеттің туризм саласында орнығатын болса, онда экологияның тұрақтануы байқалар еді. Себебі экотуризм табиғи ресурстарды сақтауға үлкен үлесін тигізеді.
Менің бұл курстық жұмысым туризмдегі экобағыттарды жоспарлау мен ұйымдастыруға арналады. Мен бұл курстық жұмысты жазу үшін кітапханалар мен интернет желісінің ақпараттарын пайдалана отырып, сонымен қатар газет - журналдардың мәліметтерінің көмегіне жүгендім. Жалпы, курстық жұмыстың мақсаты - жастарды табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталып, дәл осындай аудиторияға арналып ұйымдастырылған. Сонымен қатар экскурсанттарды тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштермен таныстырып, танымдық деңгейлерін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Қала маңындағы экологиялық таза аймақта жүргізілетін бұл бағыттардың маңызы мен пайдасы зор болмақ.

1 Экотуризмнің теориялық түсінігі.

1.1 Экотуризм түсінігі.

Табиғи ортаны туристік мақсат үшін пайдалану ертеден - ақ өзіне географтар мен басқа да ғылым өкілдерінің көңілін аударушы еді. XIX ғасырдың бірінші жартысында географтар ланшафтың өзгеруіне туристік қозғалыстың тигізетін әсерін аңғара бастайды. Экотуризм дегеніміз табиғи туризм болып табылады. Оның пайда болу себептері көп. Оны немесе жасыл туризм, жұмсақ туризм деп те аталады. Бірақ ең бастылары ол әлемдік экологиялық нашарлауы жайында хабардар етеді. Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы берген анықтама бойынша экотуризм дегеніміз қоршаған ортаның алдында жауапкершілік, бүлінбеген ортаға табиғат пен жергілікті көрнекті жерлермен танысып демалу мақсатымен саяхаттау. Экотуризм қоғамы бойынша табиғатты қорғау және жергілікті тұрғындардың әл - ауқатын жақсартуға әсер ететін табиғи тереторияларға жауапкершілікпен қарайтын саяхат. Жабайы табиғаттың бүкіл әлемдік қоры экотуризмге төмендегідей анықтама береді:
Экотуризм дегеніміз бүлінбеген табиғи жерге сол жердің табиғи және мәдени этнографиялық ерекшкліктері жайлы мағлұмат алу мақсатында экожүйенің бүтіндігін бұзбай жергілікті тұрғындар үшін тиімді экономикалық жағдай туғызатын саяхаттау болып табылады.
Экотуризмнің негізгі критерилеріне төмендегілер жатады:
1. Экотуризм негізінен табиғатқа бағытталуы керек және табиғи ресурстарды пайдалану ы қажет.
2. Экологиялық тұрақты болуы керек. Яғни адамдардың тұрғылықты ортасына зиян келтірмеу немесе зиян келтіру дәрежесін төмендетуі керек.
3. Экологиялық білім берумен танымалдылыққа бағытталуы қажет және адам мен табиғат арасында толыққанды қарым - қатынастың құрылуына ықпал тигізу керек.
4. Жергілікті әлуметтік - мәдени ортаның сақталуын өз қарамағына алу керек.
5. Өзінің болған аймағында экономикалық тиімділікті және олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек экотуризм әлемдік туристік нарықтың 23% алады. Оның даму қарқыны туризм индустриясының басқа саласынан әлдеқайда алда келе жатыр. Экологиялық туризмнің пайда болуы және оның дамуы адамдардың табиғатпен тілдесуге, оның объектілерімен және құрылыстарымен танысуға қоршаған ортада болатын өзгерістерді төмендетуге талпынумен түсіндіреді. Экологиялық туризм бұл соңғы жылдары бүкіл әлемде кеңінен дамитын қазіргі туризмнің жаңа бағыттарының бірі. Оны бүкіл әлемдік жабайы табиғат ресурстарын қорғау одағы сияқты халықаралық ұйымдардың одағы растайды.
Ал экотуризмнің негізгі қағидаларына келетін болсақ, оған төменде аталғандарды жатқызуға болады:
- Саланың тұрақты дамуы үшін құқықтық базасы мен экономикалық тұрақты жағдайды жасау.
- туристік қызметті жоспарлау мен жерді пайдалануды реттеу.
- халық арасында ағартушылық агитациялық жұмыстарды жүргізу болып табылады.
- шешім қабылдау процесінде жергілікті халықты кеңес беру арқылы тарту.
- тур өнімді өткізу.
- көлік жүйесін экономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету
- табиғи шешімдердің туристік ресурстардың жіктемелеріне тұрақты деңгейде баға беру.
Экотуризм туризмнің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бірақ туризмнің экотуризмнен біршама ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Оларға тоқталып кететін болсақ біріншіден экотуризм тереториясы жақсы сақталған табиғи ортаға сапар шегу. Мұндай тереторияларға қорықтар, табиғи ұлттық саябақтар, қорықшалар және тағы да басқа қорғалатын териториялар жатады.
Екіншіден, экотуризм ең экологиялық табиғатты пайдаланатын сала болып табылады. Ол туристердің табиғатты пайдалану технологиясы визуалды түрде өтеді. Яғни көрікті жерлерді қарау, пейзажды тамашалау, өсімдіктер және жануарлар әлемін бақылау, тыңдау, иіс сезімі және тағы басқалар жатады. Экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады. Және де атап өтетін бір жайт бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық тұрақты болып табылады. Үшіншіден, экотуризм туристердің ерекше қорғалатын табиғи територияларда жүріс тұрысынқадағалау, соның ішінде қатаң тәртіпті белгілеу арқылы ережелерді сақтайды. Төртіншіден, экотуризм жергілікті тұрғындардың ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Туризмнің бұл түрі экономика жағынан әсерлі болып, жүзеге асырылатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Экотуризм экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған.
Экотуризмнің негізгі міндеттеріне жататындар:
1. Экологиялық білім, табиғат пен қарым - қатынас мәдениетін жоғарлату, табиғи ортада жүріс - тұрыс экологиялық нормалары, әр адамда табиғат тағдыры үшін жеке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
2. Адамдардың рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру сапасы демалысты қамтамасыз ету;
3. Табиғатты қорғау, табиғи ортаға зиян келтіруді барынша азайту.
4. Тұтас мемлекеттің және де бөлек аудандардың әлуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесу [1, 5-7б].

1-кесте. Экотуризмнің жіктелуі

Экотуризмнің типі
1.Класстары бойынша қорғалатын теретория аумағында жабайы табиғатқа жасалатын экотурлар
Кестенің жалғасы

2.Қорғалатын аумақтан тыс тереторияларға жасалатын экотурлар

3.Мәдени ланшафтар кеңістігіндегі экотурлар
Экотуризмнің түрлері
1.Негізгі мақсаты бойынша:
жабайы және мәдениеттендірілген, эмоционалдық және эстетикалық, мақсаттарға қоршаған табиғат аясында демалу, спорттық және хикаялық мақсаттардағы турлар.

2.Негізгі объект бойынша.
Ботаникалық, зоологиялық, экологиялық - табиғи агротурлар, этнографиялық, археологиялық, экологиялық - мәдени, су және тау туризмі турлары
Экотуризм формалары
Жасы бойынша

Денсаулығының жарамдылығына байланысты

Топтың саны бойынша

Экологиялық туризмді тұрақты туризм деп те қарастыруға болады. Яғни бұл жергілікті жердің шынайы түрде сақталуының тек табиғи, мәдени, тарихи, көрнекті жерлерімен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар келешек жас ұрпақ үшін, шынайы ортаны алғашқы қалпында әрі қарай сақтау мақсатында сапар шегу болып табылады.
ДТҰ-ның болжамы бойынша 2010 жылға қарай халықаралық туристер сапары 1млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал 2020 жылына қарай бұл көрсеткіш 1,6млрд АҚШ долларына тең болады деп жоспарлануда.
Экотуризмнің белгілері:
- Экотуризмнің негізгі объектісі керемет көрнекті табиғи орта болып табылады.
- туристік индустрияның тасымалданбайтын және табиғи мәдени потенциялдар.
- салыстырмалы түрде төмен капиталды талап ететін күш сыйымдылығы.
-экотуризмнің негізгі мақсаты экологиялық білім беру ұйымдарының және оның қызметін арттыру және экологиялық ойды саралау.
- жекеленген аумақтар мен тұтас мемлекеттің әлуметтік экономикалық жағынан көтерілуіне көмек беру.
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын бағалау әдістері бар. Оларға төмендегі үш әдісті жатқызуға болады. Олар:
- геофизикалық
- индикациялық
- геохимиялық [2, 13-14б].
Қазіргі таңда экотуризмнің дамуы барысында бірқатар мәселелер туындап отыр. Яғни оларды атап айтатын болсақ рекреациялық туристік инфрақұрылымның көп бөлігінің күні бүгінге дейін құрылу сатысынан аса алмай келе жатуы болып табылады. Тағы тап өтетін жайттардың бірі жасыл орман әлемін қайта қалыпқа келтіруге тиісті мөлшерде қаражаттың бөлінбеуі себепші болып отыр. Және де еліміздегі ұлттық табиғи парктердің, қорғалатын аймақтардың барлығына ортақ тарифтік және бағалық саясаттың белгіленбеуі де өзінің әсерін тигізуде.
Волгоградтық маман В.Л Деточенко экотуризмнің негізгі үш бағытын қарастыруды ұсынады. Оларды атап айтатын болсақ:
Классикалық табиғи экотуризм - оның басты объектісі антропогендік әсерге яғни адам аяғы баспаған жабайы табиғат болып табылады.
Рекреациялық экотуризм - бұл экотуризм түрінің басты объектісі антропогендік өзгерістерге ұшыраған территориялар, және жасанды табиғаты бар территорияларды жатқызуға болады. Бірақ ол территориялар рекреация үшін қолайлығымен және тиімділігімен ерекшеленуі қажет.
Мәдени - әлуметтік экотуризм - бұл аталған туризмнің негізгі мақсаты антропогендік әсерін тигізбей, туристердің белгілі бір территорияны мекендейтін елді - мекеннің тұрғындарының салт - дәстүрімен, мәдениетімен, әдет ғұрпымен, дінімен өмір сүру салтымен танысу болып табылады [3, 54б].

1.2 Экотуристік бағыттар

Экологиялық туризмді ұйымдастыру ерекшеліктеріне қарай келесі топтарға бөлінеді:
Бірінші топ. Оған барлық дамушы елдер немесе үшінші әлем елдері - Кения, Эквадор, Коста - Рика, Непал, Белис және де тағы басқалар жатады. Дамушы елдерде табиғаттың түрлілігі және ауқымы жағынан салмақты артықшылықтарға ие болады. Олар тропикалық ормандардан, шалғынды саванналарға дейін созылып жатыр. Бұған қоса бұл мемлекеттер таза түріндегі бірегей флора және фаунаның түрлілігін ұсынады.
Екінші топ. Ол шетелдік экотуристерді тартатын экзотикалық табиғат пен жергілікті тұрғындар мәдениеті бар дамыған елдер кіреді. Бұл топқа Австралия, Жаңа Зеландия, Араб Әмірлігі жатады. Мұнда алда айтылған елдерден айырмашылығы қызмет көрсетудің едәуір бөлігі жергілікті компаниялар иелігінде, ал экономикалық даму және табиғатты қорғау құралы ретінде қарастырылады.
Үшінші топ. Бұл топ елдері үшін ішкі және халықаралық экотуризмді ұштастыру тән. АҚШ - тағы сұраныстың көлеміне байланысты ішкі экотуризм ауқымды дамуда. Ал Канадада, Скандинавияда және Жерорта теңізі аймағында халықаралық экотуризмнің дамуы басымырақ болып келеді. Аталған топ мемлекеттері шетелдік және ішкі экотуристерді өзіне тартатын бірегей табиғи объектілері орналасқан.
Төртінші топ. Бұл топ мемлекеттерінде қызметкөрсетудің басым бөлігі жергілікті ұйымдардың қолында. Экотурларды ұйымдастырудағы кейбір функциялар мемлекетке жүктелген. Оларды жергілікті басқармалар және қоғамдық ұйымдар орындайды. Бұл топқа Еуропаның қалған дамыған мемлекеттері - Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания және тағы да басқа мемлекеттер кіреді.
Қазақстан Республикасының даму коцепциясында экологиялық туризм сияқты табиғатты сақтаушы туризм түрлерінің дамуы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңірлердегі жергілікті қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бірге әлуметтік тапсырыспен - халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрі жүйелі түрде мән берумен де түсіндіріледі. Дүние жүзілік туристік ұйымның сарапшыларының деректері бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез - келген мемлекеттің тұрақты даму құралы болып табылады.
Туристік әлеуетті зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Оның негізін Еуразия орталығындағы бірегей табиғи жағдайлар мен ландшафтар, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер, түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағына орын тепкен халықтардың мәдени және этникалық мұрасы құрайды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы тұрақталып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, заңды тұлға мәртебесіндегі ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2005 жылы 391,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристік топтардың келуінен түскен кіріс 2005 жылы 9,1млн. теңгені құраған.
Алайда экологиялық туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда табиғи ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтініне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарғаұшырауда, ол рекреациялық - туристік инфрақұрылымның көп бөлігінің әлі қалыптасу кезеңінде болуына байланысты.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті іс жүзінде шектелмеген, алайда оны қалыптастыру мен дамыту елеулі капитал салымы мен шығындарды қажет етеді. Экологиялық туризмге қажетті инфрақұрылым жасау туристер үшін табиғаттың бірегей жерлерінің тартындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысындағы Мұзтау тауы маңындағы Рахманов бұлақтары туристік кешенінің құрылысы. Алматы облысындағы тау шаңғысы курортының желісін құру және басқалары сияқты экологиялық туризм объектілері бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар мен жеке капитал тарту үшін жағдайлар жасалуда.
Қазіргі таңда инвестициялық жобалар бойынша Бурабайда, Көксай тау шаңғы базасында, Балхаш - Нұрсай халықаралық туристік сауықтыру орталықтарында экотуристік бағыттар құрылып, дамуда. 2010 жылдың сәуір айында жаңа Жоңғар Алатауы ұлттық мемлекеттік табиғи паркі құрылды. Ол парктің құрылу мақсаты табиғаттың биотүрлілігін сақтау (соның ішінде жабайы ормандарды), экологиялық, генетикалық, тарихи, эстетикалық құндылықтарға ие тау ландшафтарын сақтап, ол жерде экобағыттарды дамыту болып табылады. Экотуристік бағыттарды дамытуда экотуризмнің ақпараттық ресурстық орталығы да маңызды роль атқарады. Осы аталған орталық Қазақстанның экотуристік бағыттарының каталогын шығарады. Мұнда ең танымал экотуристік бағыттар, экотуристік объектілер тізімі яғни Қазақстандағы мемлекеттік саябақтар, ұлттық табиғи парктер туралы түрлі ақпараттар алуға болады [4, 63-65б].

1.3 Экотуристік объектілер және оның әлеуеті

Экотуристік объектілерге - ерекше қорғалатын табиғи нысандар жатады. Яғни табиғи, мәдени, сауықтыру, рекреациялық маңызы бар объектілер мен кешендер жиынтығын атауға болады. Оған табиғи ұлттық парктер, саябақтар, қорықтар мен қорықшалар кіреді.
Қорықтар көбіне табиғи аумақтарды қорғауды мақсат етсе, ұлттық парктердің алдына қойған мақсаттары кеңдеу. Олар белгілі бір жердің табиғатын қорғаумен қатар, кейбір мәдени - тарихи орындарды сақтау үшін қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық парктер табиғи және мәдени - тарихи түрде көрінуі мүмкін немесе осы екі мақсатты да қосып алуы мүмкін. Осы негізде қорықтарға қарағанда ұлттық парктердің туризм үшін маңыздылығы жоғары - ақ. Өйткені оларда туристер үшін экскурсияларды көбірек өткізуге мүмкіндік бар. Бұған мысал ретінде АҚШ - тың ең алғашқы ең ірі ұлттық парктерінің бірі Вайомонт штаты аумағындағы Йеллоустоун ұлттық паркін алуға болады. Бұл ұлттық паркте туристер тамашалайтын экскурсиялық орындар мен табиғи ескерткіштер өте көп сондықтан оған шет елдерден, тіпті Құрама Штаттардың өзінен де келетіндер көп. Жалпы Америка Құрама Штаттары ұлттық парктердің көптігі және олардың жоғарыда айтылғандай кешенділігі табиғатты қорғау және мәдени - тарихи орындарды сақтауға бағытталуы жағынан үлгі аларлық ел болып табылады [5, 57-61б].
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 9 қорық, 80 қорықша, 5 ұлттық парк ұйымдастырылған. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД елдері ішінде он алтыншы орын алады.Қорықтарға тоқталып кететін болсақ:
Ақсу - жабағалы қорығы 1927 жылы ұйымдастырылды. Бұл Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 85,4 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 метр биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша, бадам бұтасы, жабайы жүзім,жабайы алма және т.б өсімдіктер өседі. Ал жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, ақ тырнақты аю мекендейді. 2000-2300 метр биіктікте субальпі шалғыны жатыр. Жалпы, қорықтың аумағында өсімдіктердің 1404 түрі, құстардың 239 түрі, баурмен жорғалаушылардың 9 және сүтқоректілердің 51 түрі мекендейді. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн. жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 87,7 мың га жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала қоғауға алынып зерттелуде. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әр түрлілігіне байланысты, таяу жатқан азғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 286 - дан астам түрі, балықтың 6 және 687-ге жуық өсімдік түрлері кездеседі.
Алматы қорығы 1961 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың га-ға жуық әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенің атақты әнші тауы Аққұм-Қалқан жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары бар. 2500 метр биіктіктен жоғарыда Тянь - Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер, 200 құстың түрі мен 965 өсімдік түрі бар.
Барсакелмес қорығы Арал теңізінің сотүстік батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған.Жалпы көлемі 16,8 мың га. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорыққа шөлді аймақта тіршілік етуге бейімделген жануарлар дүниесі тән болып табылады. Негізгі қорғалатын аңдары: ақбөкен, қарақұйрық, құлан.
Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 259 мың га жерін алып жатыр. Оған тың даланың қол тимеген, түрген түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз көлдері кіреді. Бұл жерлер дүние жүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 315, балықтың 14, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы қосаяқтар және т.б. Теңіз - Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты - шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп,музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Көлге кішігірім 27 өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Қорықта сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді, 260 жуық құс түрі, 721 өсмдік түрі кездеседі. Балықтардан мөңке, майқан, талма, теңге бар.
Үстірт - республикамыздағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га республикадағы ең үлкен қорық. Климаты солтүстік шөл зонасына тән. Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау. Бұл қорықта ғалымдар шөлдің қатаң климатына бейім жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің Қазақстандық бөлігінің солтүстік батысын, Холзун; Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі сақталған. Қорықта жоғары сатылы өсімдіктердің 564 түрі, құстардың 131, сүтқоректілердің 50, балықтың 5 түрі кездеседі.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық су - батпақты ландшафтары қорғалады. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын қорғау болып табылады.
Елімізде 5 ұлттық парк ұйымдастырылған. Олар: Баянауыл ұлттық табиғи паркі, Іле Алатауы ұлттық паркі, Қарқаралы ұлттық паркі, Алтынемел табиғи ұлттық паркі және Көкшетау паркі [6].
Табиғат ескерткіштері. Қорғалатын табиғат нысандарының арасында табиғат ескерткіштері көрнекті орын алады. Қазақстан аумағында табиғат ескерткіштерінің сан алуан түрлері кездеседі. Олардың көбісі адамдардың аяусыз әрекеттерінен жойылып кеткен. Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен табиғат жайларынан, тарихтан хабар береді. Сонымен табиғат ескерткіштері ғылыми, табиғи-тарихи, оқу-ағартушылықмаңызына қарй қорғалатын жеке табиғи нысандар. Әрбір табиғи ескерткіштің көлемі 2 гектардан аспау шарт. Қазіргі таңда елімізде 24 табиғат ескерткіштері бар. Оның ішінде Ерістің оң жағасындағы Павлодар қаласының солтүстік батысын ала Қаздың қайтуы, Алматы облысындағы Шынтүрген шыршалы орманы және Шарын шаған тоғайын, зеренді ауданындағы Көкмыс және тағы басқаларды атауға болады. Дегенменреспубликада ерекше қайталанбас нысандар алпыстан астам. Болашақта табиғат ескерткіштері қатарына жаңадан Суыр шыршалы орманы, Көшқорған палеонтологиялық ескерткіші, Қарақия, Маралды көлі, Мойылды көлі, Қарқаралы реликтің сфагінді батпағы, Сайбоздақ қайыңды орманы, Тархан геологиялық кешені, Шарын каньоны сияқты қайталанбас нысандар қосылмақшы [7, 16-20б].

2 Туристік экобағыттарды ұйымдастыру мен жоспарлау

2.1 Туризмдегі экобағыттарды құру

Экотуристік бағыт - дегеніміз белгіленген қызмет бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын - ала жоспарланған туристердің жылжу бағыты болып табылады. Қазіргі таңда туристерге экотуризмнің түрлі бағыттары ұсынылады. Экотуристік бағыттарды дайындау үшін экскурсиялық бағдарламалар жасау, туристерге негізгі, қосымша және жанама қызметтерді ұсыну арқылы туристік қызмет көрсету технологиясын қарастыруға болады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс орындары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.
Жалпы экотуризмнің агроэкологиялық, биологиялық, табиғатты қорғау экотуризмі, рекреациялық бағыттарын атап өтуге болады.
Экотуристік бағыттарды екі жолмен құруға болады:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегіндегі экотуристік бағыттар. Яғни мұндай турларды ұйымдастыру мен өткізу экотуризмнің класссикалық бағытының бірі болып табылады. Сәйкесінше бұл тур экотуризмнің тар мағынасында қолданылады. Оны экотуризмнің австралиялық моделіне жатқызуға болады.
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлердегі экотуристік бағыттар. Турлардың бұл түріне кең спектрлі экологиялық бағдарланған туризмді жатқызамыз. Оған агротуризмнен бастап, комфортабельді лайнердегі круиздік саяхатты атап өтуге болады. Бұл экотурлардың тобын неміс немесе батыс еуропалық модельге жатқызуға болады.
Жалпы экотуристік турларды осылайша топтастыруға болады: Турдың негізгі мақсаты бойынша - бұл белгі бойынша экотурлардың келесі түрлерін ажыратуға болады:
- Экологиялық білім алу мақсатында жабайы табиғатты бақылау және оқып - білу.
- эстетикалық мақсатта табиғат аясында демалу және саяхаттау.
- табиғи климаттық факторлар арқылы емделу.
- спорттық - танымдық мақсаттар.
Турдың негізгі нысаны бойынша - бұл тур бағдарламаның маңызын, барысын анықтайды. Аталған белгі бойынша экотурлардың төмендегідей түрлері ажыратылады:
- ботаникалық, зоологиялық, геологиялық турлар;
- спеологиялық, тау-су турлары;
- агроэкотурлар
- экологиялы - этнографиялық және археологиялық;
- мәдени - экологиялы турлар.
Осы аталған турдың екі мақсаты және олардың объектілері үнемі бір-бірімен байланысты және тәуелді болады.
Экотуризмнің бағыттардың таралуы сан қилы болып келеді. Көптеген экотуристер дамыған мемлекеттерден дамушы мемлекеттерге саяхаттуды жөн көреді. Ондай дамушы елдерге Кения, Танзания, Коста Рика, Эквадор, Непал, Австралия, Жаңа Зеландия және ОАР жатады. Өйткені осы аталған елдер экотуристерге тропикалық, экзотикалық адам аяғы баспаған жабайы табиғатты ұсынады. Бірақ АҚШ-ның табиғи ұлттық парктеріне деген экотуристер арасында сұраныс көп. Тіпті кейбір парктерге саяхатты алдын ала тапсырыс арқылы ғана жасай алады.
Қазіргі таңда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметінің теориялық негіздері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ұсынатын қызмет түрлері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Туризм және тауар-ақша қатынасының теориясы
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару
Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқарудың әдістері және стильдері
Туризм мамандығы
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Пәндер