Кітап – халық тәрбиешісі



Қазақ қоғамында баспа ісінің қалыптсқанына ғасырдан астам уақыт болды. Осы аралықта кітап басып шығарудың кезең-кезеңін басынан өткерген қазақ баспагерлері көптеген жетістіктерге де қол жеткізді. Соның ішінде, өнер тақырыбына арналған кітаптардың шығу ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымызға ұштасып жатқан өнердің – кітап болып шығуының кең насихаттық рөлі бар. Сондықтан, «Өнер тақырыбына арналған кітап шығарудың отандық тәжірибелерін» зерттеп, зерделеп, ғылыми айналымда сараптап көрудің де реті келген сыңайлы. Сол үшін, осы тақырып аясында, қазақ баспагерлік өнерінің пайда болуын, оның ішнде өнер туралы кітаптардың шығу ерекшеліктерін, шетелдік баспа ісінің озық технологияларының отандық кітап басу ісіне тигізген әсерлері жайлы зерттеу жасалады.
1 Мәженқызы.Р. Қайрамбекова.Қ. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. – Алматы: Білім. - 2005. 25-бет.
2 Қапалбекұлы.Н. Алыптар дәуірі: Республикадағы кітап басу ісінің тарихынан. //Алматы ақшамы. 17 қаңтар, 2002.
3 Сүбханбердина.Ү. Кітап тарихы-адамзат тарихы. – Алматы: Білім. 2006. 16 – бет.
4 Кекілбаев Ә. Өркениет өзегі. // Егемен Қазақстан. – 19 мамыр, 2007.
5 Қанапиянов.Б. Кітап рухымыздың көпірі. - Алматы: Nomad-Kazakhstan, -2005. 4-6 бб.
6 Сатиева.К. «Қазақстандағы кітап индустриясы неге ойсырап тұр?», // Айқын. 5 қазан, - 2006.
7 Мәмет. С. Өмір жолы өрнекті. // Кітап хабаршысы. 15 ақпан, - 2009.
8 М.Құлмұхаммед. Кітап руханият қайнары. Әңгімелескен Ә.Меңдеке. //Қазақ әдебиеті. . 16 сәуір, – 2002. - №15.
9 Қуаныш Б. Қазақ ою-өрнектері. С. Медеубекпен сұхбаты. //Ана тілі. 19 ақпан, 2009.
10 М.Әкімханова. «Жақсы кітапты жұрт іздейді», //Президент және халық. 17 ақпан, – 2006. - №7.
11 Мәмет С. Суреттегі сырлы әлем немесе іңкәрлік иірімдері. //Егемен Қазақстан. 12 наурыз, 2010 . - №90-93.
12 Есали А. Интернет – бір күндік, кітап – мәңгілік. // Егемен Қазақстан. -04 мамыр, - 2008.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ қоғамында баспа ісінің қалыптсқанына ғасырдан астам уақыт болды. Осы аралықта кітап басып шығарудың кезең-кезеңін басынан өткерген қазақ баспагерлері көптеген жетістіктерге де қол жеткізді. Соның ішінде, өнер тақырыбына арналған кітаптардың шығу ерекшеліктерін атап өтуге болады. Ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымызға ұштасып жатқан өнердің - кітап болып шығуының кең насихаттық рөлі бар. Сондықтан, Өнер тақырыбына арналған кітап шығарудың отандық тәжірибелерін зерттеп, зерделеп, ғылыми айналымда сараптап көрудің де реті келген сыңайлы. Сол үшін, осы тақырып аясында, қазақ баспагерлік өнерінің пайда болуын, оның ішнде өнер туралы кітаптардың шығу ерекшеліктерін, шетелдік баспа ісінің озық технологияларының отандық кітап басу ісіне тигізген әсерлері жайлы зерттеу жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Кітап - халық тәрбиешісі. Сондықтан, қазақ баспагерлерінің шығарып отырған өнімдерінің сапа мәселесі, қоғамдық ортадағы сұранысқа лайықты немесе лайықты еместігі турасында пікір таластарда жоқ емес. Оның ішінде өнер тақырыбындағы кітаптардың саны мен сапасы да өзекті мәселе болып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы баспасөз жайында Қ. Бекқожин (Қазақ баспасөзінің даму жолдары, (1860-1930 жылдар), Алматы, 1964), Б. Кенжебаев (Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер, Алматы, 1956), Т. Қожакеев (Қазақ совет баспасөзі тарихынан), Алматы, 1962), Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. (Әлем баспасөзі тарихынан, Алматы, 1998), Айгүл Рамазан (Шетел журналистикасының тарихы, Мәженқызы Р. Қайрамбекова.Қ. (Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері), Алматы. Білім баспасы). Сүбханбердина.Ү. (Кітап тарихы-адамзат тарихы Алматы. Білім баспасы).
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Өнер тақырыбына арналған кітап шығарудың отандық тәжірибелерін анықтау. Осы тақырып аясында, өнер жайлы шығып жатқан кітаптардың мазмұндық ерекшеліктері мен беттелу, дайындалу жұмыстарындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді қарастыру. Осы негізде мынадай мақсаттар қойып отырмыз.
* Қазақ даласындағы баспа ісінің қалыптасуы мен дамуы;
* Қазақ кітаптарының ерекшеліктері;
* Өнер тақырыбында жарық көрген кітаптарды талдау;
* Қазақ баспа ісінің бүгіні мен келешегін саралау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық кітап шығару ісіндегі өнер тақырыбына арналған кітаптардың өзіндік ерекшеліктері қарастырылды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Т.Амандосов, Қ.Бекхожин, Б.Кенжебаев, Н.Омашев, Б.Жақып, Д.Баймолда сынды журналистика теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми теориялық еңбектері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, дерек көздері мен қосымшадан тұрады.
Егемендік алғанымызға жиырма жылдың жүзі болыпты. Сол жиырма жылдың ішінде Қазақстанда қайта құрулар мен жаңартулар,өндірістік-технологиялық , әдеби-мәдени салалардың барлығы жаңа бағытта жұмыс істей бастады. Оның ішінде қазақ кітап шығару ісі де, жалпақ тілмен айтқанда баспалар мен баспаханалар да бар еді. Тәулсіздіктің алғашқы жылдары кітап шығару ісі тоқырап, бұрынғы кеңес кезіндегі сарынмен жұмыс жасап жатты. Бірақ кітап өндірісі тоқтамады. Оған мемлекеттік тұрғыда мән беріліп отырды. Біздегі баспалар 1998 жылға дейін мемлекет қарамағында қызмет жасап, Қазақстанның ұлттық бет-бейнесін қалыптастыратын, тереңнен сыр шертетін, қатпары көп тарихын зерттеген, өткеніне көз жіберіп, келешегіне көрегендік танытатын кітаптар, қазақ тілінің сөздіктері, энциклопедиялар басып шығарды. Қазақтың төл теңгесі шыққан іспетті - төл кітаптардың да қадірі жоғары. Төл кітап деп әспеттеп отырғаным - таза қазаққа қатысты, жетпіс жылдық идеялогиядан арылған қазақ тілді кітаптар. Жариялаған тәуелсіздігіміздің іргесін бекітіп, жер бетінде дербес мемлекет болып қалуы үшін, енді бізге, барлық қазақстандықтарға санамызға ескі түсінік-пайымдардан және жалған түсініктерден шұғыл арылу керек болды. Себебі, халықаралық ықпалдастықтан аман қалу мен дамудың басты шартына айналған заманда тәуелсіздік алған кез-келген ел адамзат өркениетінің көшіне ілесу үшін, міндетті түрде, шекарасын қымтамай, әлемдік саясат пен экономикадан өзіне лайықты орын алуға тиіс. Бұған қоса халықаралық ақпарат пен қаржы жүйелерінің мүмкіндігін өз мүддесі жолында барынша тиімді пайдаланған мемлекет қана дербес дамуының алғашқы сатысындағы өтпелі кезеңді жылдам артқа тастап, қиындықтар құрсауынан құтыла алады. Осы ретте елімізде ұлттық сананы қалыптастыру басты мақсатқа айналды. Ұлттық сананы сіңірудің тиімді жолы халыққа оқырман ретінде қарап, ұлттық құндылықтарды уағыздайтын кітаптар шығару керек болды. Ондай кітаптар шығарыла бастады да. Елбасымыз бастап, қайраткерлеріміз қостап, ғалымдарымыз бен қаламгерлеріміз жерге қондырмай іліп әкетіп отырды. Мысалы: Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік тұғыры, Ә.Нысанбаев Адам және қоғам. Дәстүрлі ұлттық дүниетанымымызды саралап,жас ұрпақты өз-халқының әдет-ғұрыптары рухына тәрбиелеуді мақсат тұтқан еңбектер: Ғ.Ақпанбек Қазақ халқының дүние танымы, Қ. Жарықбаева Ұлттық психологият.б.
Ұлттық сананы бұрынғы кеңестік қоғамнан қалған түсініктерден тазартып, дәстүрлі дүниетаным мен шынайы ақиқатқа негізделген ғылыми-танымдық ұғымдарымызға жүйелеу, ұлттық тарихымызды қайта түгендеу, тарихи және мәдени мұраларымызды қастерлеп, кейінгі буынға жеткізу, өзге әлемге, адамзат тарихында болған оқиғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан айқындалған өз көзқарасымызды орнықтыруда Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 6 томдығының үлесі қомақты болды. Қазақ кітап шығару ісіндегі үлкен ерекшелік, жеткен жетістік осы энциклопедиялық кітаптар шығару, оны даярлау болды. Энциклопедия - кітап атаулының ең күрделі түрі, кітаптардың кітабы. Адамзат қоғамы неғұрлым ілгері басып дамыған сайын, соғұрлым көбейіп, жаңа мағлұматтар, ұғымдар мен терминдер пайда бола бастады. Келе-келе адам осы жаңа деректер мен ақпараттар тасқынына ие болу үшін, санадан өшірмеуге бәрін жинақтап бір жерге біріктіру үшін осы энциклопедия кітабын ойлап тапты. Энциклопедия шығару тарихы біз үшін 1968ж. 1-қаңтарда Қазақстан КПОК мен Қазақ КСР министрлер кеңесінің 1967ж. 13-қыркүйектегі қаулысымен сәйкес "Қазақ Совет энциклопедиясы" бас редакциясы құрылды. Қазіргі "Қазақ энц-иклопедиясы" баспасы осыдан бастау алады [1].
Ұлттық сананы қалыптастыруда тарихшыларымызда тарихымыздың арғы-бергі қатпарларына барынша тың үрдіспен қайта қарауды бастады. Ескіше ойдан арылып, жаңаша қабылдауға тән көзқарассыз тарихымызды санаға шынайы да иланымды жеткізуіміз екі талай еді. Өзіндік позициясыз, жеке көзқарассыз ертеңге бастайтын баспалдаққа аяқ басу қиын. Ұлтық сананың қайнар көзі де осы жерде. Сол қайнарлардың көзін ашу халқымыздың рухани түрлеуіне мүмкіндік берді. Міне, осы арада академик Манаш Қозыбаевтың История и современность, Ақтаңдақтар ақиқаты, Тарих зердесі, К. Нүрпейісовтің Алаш және Алашорда, М.Мағауиннің Қазақ тарихының әліппесі т.б.
Тілдің тұғырын көтеруге негіз салған кітаптарда жарияланды.Шын мәнінде тіл-егемен мемлекеттің жүрегі. Тілдің тағдыры - қазақ ұлттының тағдыры. Қазір бізде шүлдірлеген шала қазақтар тілмен ойнап, орысша ойлап жүргендерге тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сана беру саясаты дұрыс жүргізілмегендер-ау, шамасы! Міне, бұл тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жарық көрген кітаптардың бір парасы. Көркем әдеби прозалық,поэзиялық кітаптар нөпірінде шек жоқ болатын.
Бұдан кейін нарықтан өтіп, өз-өзімізге келіп, оң - солымызды таныған соң баспаларды жекешелендіріп, бизнестік жолға қойдық. Қазақ кітап шығару ісінің сан түрлі ерекшеліктері осыдан басталады. Баспалар Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып жұмыс істей бастады. Былайша айтқанда, өзін-өзі қаржыландыру, пайда көру-жаңа заман ағымына ілесу. Кітап шығаруда баспалар арасында бәсекелестік пайда бола бастады. Жеке кітабын шығарғысы келген жандарды іздеу, оқырман сұранысын анықтап,соған сай тақырыпта шығармалары бар авторларды табу, оларға өз баспасының ерекшелігін көрсетіп, бағасы арзан, сапасы жоғары кітап дайындау т.б. күрделі әрі қызықты жаңа жұмыстар легі пайда бола бастады. Біз мұны қазір маркетинг, менеджмент деп жүрміз ғой. Алайда, біздің Үкіметте кітап шығару ісіне бейжай қарамады. Жылына бір рет Тендер өткізіп қоғамға аса қажет деген кітаптарға бюджеттен ақша бөлді. Баспалар сол тендерден өзінің еңбегі арқылы ұтып-бюджет ақшасына кітап шығаруда. Өз күнін көріп қана қоймай, біраз жандарға қызмет тауып беруде.
Кітап шығару оңай шаруа емес. Оқырман қолына тигенше қаншама адамның көз майын тауысып, қаншама техникалық апараттардан сұрыпталып шығады. Баспаға түскен қолжазбаны бірінші терілімге жібереді, одан кейін бірінші редакторлық оқуға жіберіледі. Редактор қолынан шығып қайтадан түзетуге жіберіледі. Түзетуден кейін қалыптау жұмысы жүргізіледі. Қалыптап алған соң екінші редакторлық оқудан өтеді. Сосын қайта түзетуге жіберіліп, түзелген мәтінге безендіру,көркемдеу, суретті таңдау, тазалау жұмысы іске асады. Безендіріліп болған соң қайтадан үшінші редакторлық оқудан өтіп, қайтадан түзетуге жіберіліп толық макеті жасалады. Макеті дайын болған соң соңғы тексеруден өтіп баспаханаға жіберіледі. Ал баспахана дегеніміз өзі бір әлем. Бізде қазір негізгі Дәуір газет-журнал баспаханасы, Атамұра полиграфкомбинаты, Жедел басу баспаханасы, ПолигравсервисЖШС тағы басқа ұсақ-түйек баспалар жұмыс істейді. Кейінгілердің көпшілігі кітапша, открытка, хабарлама, т.б. шығарады.
Қазіргі кітап шығарудың негізгі ерекшеліктері жаңа тех-нологиялар. Жай ғана компьютерді алайық. Қолжазбаны баспаға дейін осы жалғыз технологиямен жөнге келтіріп жатырмыз қазірде. Әрі жылдам, әрі сапалы. Уақытқа да үнемді, оқырманға да сыйлы. Ал баспаханалар ше? Иә, олар да әлемдегі үздік жаңа техникалармен жабдықталған. Мысалы, "Атамұра" баспаханасы әлемдік ең үздік техникалармен жарақтандырылған іргелі кәсіпорынның бірі. Мысалы, басу цехында көп түспен басу жұмысы төрт бояулы KBA RAPIDA-104, бес бояулы KBA RAPIDA-105 маш-иналарының көмегімен гибридті бояулар және УФ аталатын лак арқылы жүзеге асырылады. Түптеу цехы да жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандырылған. Кітап блоктарын дайындау жұмысы Sig - Loch - Stahl жүйесі арқылы, мұқаба дайындау BDM - 60 және "Kolbus" машиналары арқылы алтындап басу, "Kolbus" және "AMIKO" тігіссіз түптеу машиналары арқылы жүзеге асады. "Дәуір" газет-журнал баспаханасында да техникалар жоғары деңгейде. Өнімдері европалық, тіпті әлемдік стандартқа пара-пар. Техникалық базасы тек сапалы өнім шығарып қоймай, сонымен қатар баспаханада жылдар бойы шешімі табылмай келе жатқан экология мәселесін де түпкілікті шешті. Мұның өзі жұмысшылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.
Материалды теру мен қаптау, ақ-қара және түрлі түсті түпнұсқаларды өңдеу процестері қазіргі бағдарламаларды пайдалана отырып, компьютермен аткарылады. Баспада роликтік Coss Communiti Rockwell Heidenberg және KBA - Planeta сияқты жетілген басу машиналары бар. Журнал және кітап өнімдерін әзірлеу ағылшындық Salbi қондырғысы арқылы жүзеге асырылады. Германиядан шыққан тігу-кесу желісі де жұмысты жеңілдетіп отыр.
"Полиграфсервис" ЖШС баспахана әлемге белгілі "Heidenberg", "Kolbus" т.б. фирмалардың машиналарымен жарақтанған. Соның арқасында әсем безендірілген кітаптар, журналдар шығаруда.
Кітап түптейтін "Kolbus - DA36" машинасы, "RB", "HL", "EMP - 36", "XA - 350" сынды машиналар көп мәселенің түйінін шешіп отыр. Кітап таралымын әзірлейтін ПОГ - 60 және екі бояумен жұмыс істейтін М - ОФСЕТ машиналары мен "Heidenberg speedmaster - 72 FPP" машинасы бес түрлі бояумен жұмыс істеуде. Бүгінде баспахана 40,0 млн. шартты бояулар беттаңбалық қуаты бар кәсіпорынға айналды [1].
Кітап-рухани қазына. Артық білім кітапта-деп айтқан Абай бабамыз еш қателеспеген. Адам кітап арқылы,басқышпен жоғары көтерілген сияқты өзінің қазіргі биігіне жетіп отыр.Сондықтан өркениет іргетасының тірегі деп қазіргі әлемнің ғажайып материалдық бөлігін емес, тіпті өнердің қасиетті ордаларын емес, адамның барлық саладағы сан алуан жетістігін біртұтас мәдениетке біріктірген кітап деп айтуымызға болады. Кітап жайында айта берсек түбіне жете алмаспыз. Алайда,кітап екен деп сырты жылтыр,іші тықыр дүниелердің бәрін оқи бер деп тұрғаным жоқ.Не нәрсенің керегі бар,керексізі бар.Оқырман өзіне керегін оқыса деген ниеттемін.
Кітаптың қазіргі таңда қазақстанда шығарылу деңгейі қандай? Осы сұрақ төңірегінде біраз ақпарат іздестірдім. Тіпті баспалардың табалдырығын тоздырып, тікелей қазанда қайнап жүрген азаматтардан сұрастырдым. Алайда тұщымды жауап ала алмадым. Әлде бәсекелестік пе әр баспа өзін мақтап, өзгелерді даттап жатты. Жыл сайын өткізілетін Тендер жайын жыр қылып отыр. Тамыр-таныс арқылы тендерден ұтады. Ана баспаның директорының связі көп. Көкелері көкте отыр деген күңку сөзді жиі естіп қайттым. Ал кітап шығаруда қандай ерекшелік бар? -деген сауалға, Алаш баспасының директоры Дидахмет Әшімханұлы ағамыз: Біздің баспаларда ешқандай ерекшелік жоқ, сол баяғы бір үрдіспен кітаптың толық макетін жасап баспаханаға өткіземіз -деп жауап берді. Бір қарасаң ағамыздың айтқаны қазіргі баспалардың сыртқы көрінісі. Ал ішкі дүниесіне үңілсек көп ерекшеліктерді байқаймыз. Әр баспаның белгілі оқырмандарға арналған шеңбері бар. Мысалы, Өнербаспасы - қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, түрлі басылымдар шығаруда. Тіпті бұл баспаның тұрақты сериялық топтамалары бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін тұздықтай кетейін. Мысалы: Мәдениет және өнер жөніндегі әдебиет сериясы бойынша Б.Момышұлының Ұшқан ұя, А.Қыраубайқызының Бес томдық шығармалар жинағы. Фотоальбомдар сериясы бойынша К.Әзірбаев фотоальбомы, Н.Аманат Қазіргі заман суретшілерінің шығармалары альбом жинағы т.б. Музыка және музыкалық-әдеби шығармаларысериясы бойынша К.Әзірбаев Аңыздар сыры, Шырқа даусым, Ж.Тұрсынбаев Өміріміз - ән дастан, Е.Иманбаева Ақмола өңірінің сал-серілері т.б.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы ауқымды, бір қарағанда не жазам деп ойланып қалуыңыз мүмкін.Әйтседе кітап шығару ісі жайлы мағлұмат жинай отырып,оның әр жылдары жаңа сатыға көтеріліп отырғанын байқаймыз. Осыдан келіп, кітап шығару ісіндегі ерекшеліктерді байқаймыз. Білікті мамандардың көбеюі, жаңа технологиялардың сатып алынып іске қосылуы кітап шығару ісінің бірден бір ерекшелігі. Қазір кез-келген адам жеке қаражатымен кітап шығара алады, еркіндік берілген. Оны шығаратын баспа мен баспахана да көп. Әсіресе қаланың бұрыш - бұрышында типография, полиграфия деген жазуды жиі ұшырастырамыз. Типография жеңіл өнеркәсіптің бір түрі іспетті жұмысын жақсы атқаруда. Өйткені, қазір жарнамалық дүниелер, жылтырақ басылымдар көптеп шығарылуда. Осы батыстан келген үрдіске аздап шектеу қойса деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі жастар сол сырты жылтыр дүниені оқуға құмар. Шет елдік танымал әнші-актерлардың жеке өмірі жайлы жазудан саржағал басылымдар да жалықпайды, оқудан біздің оқырмандар да жалықпайды. Екіншіден адамдарды, біздің болашағымызды рухани аздыруда. Рухани байлығымыз кітаптың құнын көп төмендетуде. Әкем: ертегі оқымаған адамның ертеңі бұлыңғыр деп кішкене кезімнен қазақ ертегілерін жиі оқытатын еді. Бала қиялым ертегідегідей тез есейіп еді. Қазіргі балалардың біреуі бір ертегіні толығымен білмейді. Осы салада басапалардың алдында балалардан бастайтын біраз міндеттер мен парыздары бар. Бәрмізге белгілі бүгінігі балалар бәленің өзі. Алдай алмайсың. Солардың өресіне сай, өзекті қызықтыратын замануи, әрі ұлттық нақышта кітап шығару керек. Қазіргі қазақ кітап шығару ісінің дамуы оқырман сұранысын қанықтап, соған сай дүние шығарумен ғана қанағаттанады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КІТАП ШЫҒАРУ ІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

0.1. Казақ кітап шығару ісі және өнер тақырыбы

Қазақсатныдық кітап шығару ісінің өзіндік тарихы бар. Оның ішінде өнер тақырыбындағы кітаптардың да шығу барысы арыдан бастау алады. Әдебиет саласындағы жарық қөрген кітаптар сөз өнерінің бір жемісі болып саналады. Біз төменде алдымен кітап шығарудың арғы-бергі тарихына тоқталамыз. Әзірге әлем археологтары тапқан ең ежелгі жазу үлгілері біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын таңбаланыпты. Үндістаннан табылған Хараппа мөрі де, Қосөзен бойынан табылған шумер тіліндегі қыш кестеде адамзат баласы сол заманның өзінде бір-біріне айтқысы келген ақпаратын жазу тілімен таңбалауды меңгергенін аңғартады. Және бұл жазулардың бәрі өзге құрлықтан емес, Азиядан табылып отыр.
Жалпы адамзат өркениетінің қайнар бастаулары Шығыста, оның ішінде Азияда жатқаны әлем ғұламалары тарапынан мойындалған шындық. Бұл тұжырым жазу мен кітап шығару ісінің тарихын да қамтиды. Басқасын айтпағанда, VII ғасырда тасқа қашап жазылған "Күлтегін" мен "Тоныкөк" жырларының күні бүгінге дейін сақталуы біздің - түркі халқының да бүкіл-адамзаттық жазба мәдениет тарихында өзіндік орны бар екенін көрсететін заттай айғақ іспетті. Кітап қазақ даласында ежелден қастерленген. Және біздің сайын даламыз кітапты еуропалықтардан әлде-қайда бұрын көрген деуге әбден негіз бар. Сірә, әлемдегі ең ежелгі Александрия кітапханасы тәрізді Отырарда да үлкен кітапхана болған деген сөз бекерден шықпаса керек. Себебі, Қытайдан көліктеріне жүк артатын мың түрлі керуен " Ұлы Жібек жолының" бойындағы қазақ шаһарларына сан рет қонып-түстенген соң ғана Парсы еліне, Мысырға, Еуропаға жол тартатын. Ал, Қытай тек ежелгі жібек матаның ғана отаны емес-ті. Ең алғаш ғұламалар қолжазбаларын көбейту кәсібі де, қағаз жасау өнері де Қытайда пайда болғаны көпшілікке белгілі. Әсіресе, қағаздың пайда болуы бұрынғы пергамент тері мен папирус ағашы қабығының тапшылығын жойып, қолжазба кітаптар тарату ісін жандандырды. Алайда, қолжазба кітаптың аты -- қолжазба. Оны тек таңдаулылар ғана оқи алатын. Тіпті, Қытайда VI ғасырдан бастап қолға алынған арнаулы ағаш тақталарға қолжазбаны ойып жазып, одан беттаңба (қазіргі баспагерлер тілінде "оттиск") шығару әдісі де қолжазба кітаптар қатарын көбейте алмады. Сондықтан, біздің ұлы бабаларымыз Әбу Насыр әл-Фараби мен Махмұт Қашғаридің, Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Йассауидің еңбектері тек жанына ерген шәкірттері мен ізін қуған, арнаулы кітапханалардан қолжазбасын таба алған таңдаулы ұрпақтары ғана оқи алатын қол жетпес асыл дүниелер болып қалды.
Кітап - әлем халықтарыньң ұлттық азаттығы мен саяси бостандығы жолындағы күресінің, даналық пен ізгіліктің, жалпы адамзат өркениетінің негізгі қозғаушы күші болып қала берді. Өкініштісі сол, бастауын шығыстан алатын кітап басу өнері батыстан кері қарай ұзақ әрі ақырын таралды. Мәселен, "Гутенберг кереметі" қол созым жердегі Германиядан Ресейге жеткенше бір ғасыр өтіпті. Тіпті орыс кітап басу ісінің атасы саналатын Иван Федоров жаңа кәсіптің қыр-сырына Еуропада қанығып өскен діндар-миссионер еді деген де сөз бар. Ал, қорғасын әріптермен басылған ең алғашқы қазақ кітабы -- "Сейфүлмәлік" 1807 жылы Қазан гимназиясы баспаханасынан жарыққа шығыпты [2].
Бұл дерек қазақ даласында он тоғызыншы ғасырға дейін кітап болмаған деген ой туғызбауға тиіс. Қазақта кітап ертеден болған. Қожа Ахмет Йассауидің қылуетінде үстіміздегі ғасырдың басына дейін сақталыпты делінетін теріге жазылған хикметтер сынды дәстүрлі қолжазба кітаптарды айтпағанның өзінде араб, парсы, шағатай тілінде баспаханадан шыққан кітаптар казақ даласына он тоғызыншы ғасырдан әлдеқайда бұрын жеткен. Білім іздеп Бағдаттан әрі асқан ұлы далалықтар қайтар жолда қоржынын толтыра кітап арқалап келген. Көшпелілерді тарикат жолына бастауды мұрат тұтқан ғұлама сопылар өздерімен бірге өмір сырын баяндайтын бір құшақ кітаптарын көтеріп жүрген. Тіпті, батыс пен шығысқа кіре тартып, керуен жетектеген саудегерлердің өзі қазақ даласына жетсе, әрбір кітаптың құны кемі -- құнан қой, сәті түссе -- атан түйе болатынын жақсы білген. Себебі, біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығында дамыған өркениеттің орталығы болған қазақ даласында ерте ғасырлардағы алақұйын шапқыншылықтар салдарынан қалалар қирап, ілім мен білім ордалары тып-типыл тапталғанымен жазу мәдениетінің, хат тану дәстүрінің нәзік жібі бір сәтке де үзілген емес. Ал қаріп танитын адамдар бар жерде, жазу-сызуға сұраныс бар елде кітаптың да болғанын ешкім жоққа шығара алмас.
Қазақстанның Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорында, Республикалық кітап мұражайында жинақталған құнды жәдігерлер біздің осы пікіріміздің заттай айғақтары іспетті. Алайда, алыс өлкеде өзге тілде басылған кітапты оқудың мәні бір басқа да, өз тілінде басылып шыққан кітаптың бағасы бір бөлек. 1807 жылы баспаханалық тәсілмен жарыққа шыққан "Сейфулмәлік" дастанының қазақ кітап басу ісінің төлбасы сынды көзімізге ыстық көрінетіні сондықтан. Осы жылдан бастап, қазақ тілінде шыға бастаған кітаптар XIX ғасырдың 60-жылдарынан кейін жиілеп, ғасыр соңына қарай кәдімгідей серпін алады. Мысалға, әр түрлі баспаханалардан қазақ халқына арналып, 1896 жылы - 22, 1897 жылы - 35, 1898 жылы - 33, 1899 жылы 24 кітап жарық көріпті. Және олардың арасындағы "Бозжігіт" сынды халық сүйіп оқитын дастандардың таралымы 10 мың данадан асқан [3]. Бұлар жәй цифрлар емес. Егер біз бұрынырақ сайын даладағы қадау-қадау шыңдар тәрізді көрінетін Шоқан, Абай, Ыбырай дәстүрлерін іліп әкетіп, XX ғасыр-дың басында қаулай өсіп шыққан қазақ зиялыларының туған халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрескер қуаты мен қарымының сырын білгіміз келсе, дәл осы деректерге тереңірек үңілу қажет.
Ұлттық кітап басу өнерінің дамуы сол ұлттың бірте-бірте өзін-өзі тануға ұмтылуына, сөйтіп, ұлттық тәуелсіздікке талпынуына бастайды деген пікірдің ақиқаты, міне, осы. Еуропада солай болған, ұлы казақ даласында да солай болды. Отаршыл пиғыл мен тәуелсіздік мұраты арасындағы арбасқан саяси күресте сол кезде басталған. Жаңа пайда болған қазақ баспасөзі отаршылдар үшін бұрынғы жалаң қылыш көтерген ақкөз батырларға қарағанда әлдеқайда қатерлі еді. Өктем билік тұтқасын ұстағандар мұны бірден ұқты. Кітап басу ісі өкіметтің қырағы бақылауына алынды.
XX ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің, оның ішінде ұлттық кітап басу ісінің тарихы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрес тарихымен біте қайнасып жатыр. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды зиялыларымыз тасқа басылған сөздің құдіреті арқылы бұл күресті шарықтау шегіне жеткізіп, Ресейдегі саяси төңкерістермен қабаттаса ұлтгық тәуелсіздік алу идеясын Жайық, Ертіс пен Жетісуға дейінгі кең далаға тарата білді. Дербес Қазақ мемлекетін қайта қалпына келтіру арманнан нақтылы іске айналып, Ұлы дала көгінде азаттық идеясы қалқып-ақ тұрған ...
Сонау Алаш азаматтары арасынан тағдырдың қазақ халқы үшін аман қалдырған жалғыз сыйындай М. Әуезов маңына топтасқан зиялы топ - жазушылар, ғалымдар, актерлер, әншілер, суретшілер т.б. жүректеріне ұялатқан азаттық идеясын көпшілікке сыналап жеткізіп, халық намысы мен рухын қалғытпауға ұмтылды. Оның үстіне, алпысыншы жылдардағы "жылымық" әсерінен еркін ойлау мен қасаң қағида шеңберінен корықпау дәстүрін бойларына сіңірген зиялылардың жас толқыны қатарға қосылды. Сөйтіп, қазақ поэзиясындағы Мағжан Жұмабаев дәстүрінің тікелей мұрагері іспетті Қасым Аманжолов үні 60-жылдардан бастап қазақ халқының өршіл рухын кайрайтын көп дауысты хорға айналды. "Абай жолы" арқылы туған ұлтының ұлылығын әлемге танытқан М.Әуезов дәстүрін жас ізбасарлары іліп әкетіп, партия басшылығы тарапынан қаншама ескертулер жасалса да, тарихи тақырыпқа қалам тарту қазақ қаламгерлерінің жүрек қалауына айналды. Ғылыми интеллигенция да қол қусырып отырмады. Төл мәдениетіміздің қайнар бастауларына үңіліп, Қорқыт Атаның, Әбу Насыр әл-Фарабидің, Шоқан Уәлихановтың еңбектерін жарыққа шығарды. Ана тілімізді жүйелеп зерттеу жолға қойылып, 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1 томдық Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 4 томдық Диалектикалық логика тәрізді іргелі еңбектер баспадан шықты. 4 томдық Қазақ ССР тарихы, 12 томдық Қазақ совет энциклопедиясы, 2 томдық Қазақ театрының тарихы тәрізді басылымдар саяси-идеологиялық, соған сай кейбір мазмұндық бұрмалауларына қарамастан ұлттық тарихымыз бен дүние танымымызды, өнеріміздің даму жолын бір жүйелеп алуымызға көмектесті [4].
Соңғы жылдары қазақстандық баспа ісі саласында қандай айтулы өзгерістер болды, өткен жылдармен салыстыра қарағанда біздің кітаптардың мазмұндық және сапалық сипатында қандай өзгешеліктер бар, жаңа қоғамға, экономикамыз бен әлеуметтік-саяси өміріміздегі тың өзгерістерге аяқ басқан тұста нарықтық қатынастарға бейімделуіміз қалай жүзеге асты, міне, осы сияқты сауалдар төңірегінде ой өрбітер болсақ, өзіміздің қай деңгейде келе жатқанымызды аңдау үшін міндетті түрде әлемдік кітап шығару тәжірибесіне зер сала қарауға тиіспіз. Әлемдік баспа ісін зерттеушілердің пікіріне сүйенер болсақ, соңғы 35-40 жыл ішінде дүниежүзі бойынша кітап саудасы ұдайы өсу үстінде келеді екен. Ал жыл сайынғы аталым санының артуы орта есеппен 6,08 процент. Алайда 1990 жылдан бастап ұдайы өсу дәстүрі бәсеңсіген: егер 1990 жылы дүниежүзінде 842 мың аталым жарыққа шықса, 1991 жылы 863 мың аталым болды, яғни өсім деңгейі небәрі 2,49 процент болған [5]. Егер цифрларды сөйлетер болсақ, әлемдік баспа ісінің күрт кұлдырауы бұрынғы КСРО-ның және социалистік елдердің кітап шығару салаларының тоқырауымен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетеді. Баспа ісінің көз алдымызда кері кете бастауына бәсеке туғызған басқа коммуникациялық әдістердің (компакт-дискілер, микрофишалар т.б.) әсері болмай қойған жоқ. Солтүстік Америка құрлығында бір жыл ішінде (1990-1991) кітап шығару көлемі 106 мыңнан 102 мыңға дейін төмендеді. Әлемдік кітап шығару ісі халық санынын өсімімен салыстырғанда тым баяу; негізінен кітап жоқшылығын дамушы елдер тартып отырғаны белгілі.Баспа ісі жөнінен алға шыққан Еуропа елдері. Дүниежүзі халқының 9,3 проценті ғана қоныстанған мұнда әлемдік кітаптың 46,7 проценті жарық көреді.Дүниежүзі бойынша ең кітап оқитын ел болып саналатын КСРО 70-жылдан бастап баспа өнімдерін шығаруды азайта бастады. Мұнда миллион адамға шаққанда таратылатын кітап саны жыл сайын темендеп отырды. Осыған орай КСРО бойынша таралым да жыл сайын құлдырай бастады. 1970 жылы 1,6 миллиард дана таралым болса, 1994 жылы 594,3 миллионға дейін кеміді [3].
Адамзат ақыл-ойыньң өркендеуіне, өркениеттің ілгері дамуына кітаптың қосар үлесі өлшеусіз. Сондықтан да баспа ісіне қай мемлекетте болмасын үлкен көңіл бөлінеді, баспа ісіне қатысты мемлекеттік саясатқа қалың окырман қауым да салғырт қарай алмайды. Осыған орай әлемде кітапқа қатысты бірнеше мемлекеттік саясат үлгілері жұмыс істейді.
Ағылшындық үлгі мемлекеттің ықпалында толық түрде тәуелсіз болуы үшін жәрдем ақшадан бас тартады, кітап саудасымен айналысатын ұйымдардың мүддесін көздей отыра бөлшек саудаға өткізілетін кітаптың тұрақты бағасын баспагерлердің өздері анықтайды. Елде жеңілдіктері бар салық саясаты колданылады. Мұнда кітаптан косымша құн салығы ұсталынбайды.Бұл үлгінің негізгі тіректерінің бірі -- көпшілік кітапханалар. Мемлекет тегін кітапханалар корын құруға жәрдем ақша бөліп отырады. Бұл жәрдем ақшалар баспагерлерден кітап сатып алуға жұмсалады. Сонымен қоса кітапхана сөрелерінде кітаптары тұрған авторлар төлемақы алып отырады.
Германияда осындай жүйе қалыптасқан; жалпы заңдылықтарға сәйкес онда жәрдем ақша аймақ бойынша бөлінеді. Ал Нидерландыда жекелеген кітаптар мен аудармаларға қолдау көрсету үшін мемлекет жәрдем ақша бөліп отырады.
Шведтік үлгі Швеция мен Финляндияда қолданылады. Мұнда баспа ісі экономикасы мемлекеттен алатын жәрдем ақшаға негізделген және кітапқа тұрақты баға койылмайды. Жәрдем ақша негізгі екі арна бойынша бөлінеді: біріншісі - кітапханалар арқылы тегін кітап қорын құруға жұмсалады. Екінші арна - делдалдар арқылы коғамдық қажеттілікке, ғылыми кітапханаларға, халықаралық мәдени және саяси қарым-катынасқа, көрмелерге кітап сатып алу мақсатына қаржы бөлінеді. Кітап дүкендері кітап айналымына байланысты жәрдем ақша алып отырады. Негізінен ол қаржы дүкендерді жабдықтауға және кітап саудасын одан әрі дамытуға бөлінеді. Айтарлықтай жеңілдетілген салық түрлері жоқ.
Француздық үлгінің артықшылығы сонда, бұл елде 1982 жылдан бері кітапқа тұрақты баға қою мемлекеттік мәртебеге ие болды. Испания мен Италияда баспалар және кітап саудасымен шұғылданатын фирмаларға жәрдем ақша бөлінеді. Мұнда кітапқа қатысты іспен шүғылданатындардың барлығына да жеңілдетілген салық енгізілген.
Қысқаша тоқталып өткен осы үш үлгіден өзге төртінші - американдық үлгіге салыстырмалы түрде назар аударып көрелік. Мұнда экономикалық ырықсыздандыру принципі үстемдік құрады. Ал мемлекеттік демеу екінші орынға ысырылған. АҚШ баспагерлері белгілі бір кітап категориялары негізінде бөлшек саудаға шығарылатын кітаптардың бағасын белгілейді. Сонымен қоса кітапхана қорларын ұйымдастыруға жәрдем ақша бөліп отырады. Мұндай жағдайда каржының бір бөлігі кітапхана қорындағы кітаптардың авторларына бөлінеді. Мемлекет шетелдік кітап көрмелеріне қаржы аударады. Бұл елде Америка баспагерлері қауымдастығы жұмыс жүргізеді.
Біздің оқырмандарымыз бен кітап сүйер кауым, әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде кітапқа зор қамқорлық қажет екенін жақтайды. Кітап рухани қазынамыз, сондықтан оның. құны ешқашан да арзандамасы анық. Біз өскелең ұрпақтың бойына кітапқа деген құштарлық сезімді ұялата білуіміз керек. Сонда ғана кітапханаларға келушілердің санын көбейте аламыз, сонда ғана жыл сайын жабылып, қатары селдіреп бара жатқан кітапханалардың құрып кету қаупіне тосқауыл қоя алмақпыз. Бұл жалқының атқарар ісі емес, жалпының ісі, мемлекеттік деңгейде шешілер үлкен келелі мәселе.
Тәуелсіз мемлекетіміздің өсу және өркендеу жолында қаржы-экономикалық киындықтарға кездесуі кітап саласына да салқынын тигізбей қойған жоқ. Бүгінде еліміз бойынша кітап шығару қарқыны ақшаны уақытылы ала алмай немесе жоспарланған қаржының үштен бірі ғана қолға тиіп отырған кезеңде баспа саласы бойынша мемлекеттік саясаттың бірінші және ең басты проблемасы - әлеуметтік сұранысқа ие әдебиеттерді қаржы-ландыруды уақытылы, толық және ырғақты түрде қамтамасыз ету болып табылады. 1996 жылғы тәжірибе көрсеткендей өткен жылдармен салыстырғанда уақытылы әрі екі еседей артық қаржыландырудың арқасында мемлекеттік баспалар жылдық тапсырмаларын асыра орындап, әлеуметтік сұранысқа ие әдебиеттердің, соның ішінде мектеп оқулықтарының таралымын күрт үлғайтты.
Екінші проблема - қазақ, орыс, үйғыр тілдеріндегі мектеп окулықтарын дер кезінде дайындау мен шығару мәселесі дұрыс жолға койылуы қажет. Біздің баспа саласындағы барлық өніміміздің 60 процентін осы оқулықтар құрайды. Осы ауқымды белігімізді уақтылы жарықка шығара алсақ, онда қалған әлеуметтік сұранысқа ие әдебиеттердің тақырыптық жан-жақтылығы мен салалық мәселелерін шешуге мүмкіндігіміз арта түседі.
Үшінші проблема - мемлекеттік тілде және баска да этностар тілдерінде (орыс, үйғыр, корей, неміс) шығатын кітаптардың тақырыптық аясын кеңейтіп, таралым деңгейін көтеру болып табылады.
Төртінші проблема - ұлттық бағдарламаға сәйкес мерейтойлық, әлеуметтік сұранысқа ие әдебиеттерді сапалы әрі мақсатты түрде шығару.
Әзірге қазақ тіліндегі әдебиеттерге, окулықтарға, балалар әдебиеті мен көркем әдебиетке, анықтамалық-сөздік, энциклопедиялық кітаптарға деген сұраныс қанағаттандырылмай отыр.
Баспа ісіне үлкен қамқорлықпен қарап отырған Ресей тәжірибесі бізге көп жайлардың бетін ашып, бұл саланы жандандырудың жол-сорабын керсетуде. 1995 жылғы 18 қазанда Мемлекеттік думада қабылданып, 15 қарашада Федерация кеңесінде құпталған „Ресей Федерациясының бұқаралық ақпарат және кітап шығару саласына мемлекеттік жәрдем көрсету туралы" заңы өміршеңдігін таныта бастады. Бұл заңның экономикалық нәтижелері бір жылдан кейін-ақ айқын көрініс берді. 1996 жылғы 26 желтоқсанда өткен баспасөз конференциясында Ресей Федерациясының Баспа ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы И.Д. Лаптев ішкі ресурстар жайлы айта келіп, баспа ісі мен полиграфия саласының қаржы-экономикалық өрлеуінің сырына тоқталған болатын. Тек қана тексеру жүргізілген кәсіпорындардың қалтасында заңға сәйкес көрсетілген жеңілдіктердің нәтижесінде 9 айдың ішінде 90 млрд. сом қаржы қордаланған. Жыл бойына осы салаға бюджеттен жалпы қаржының 25-28 проценті ғана тиген. Соның өзінде жеңілдіктердің арқасында, халық тұтынатын тауарларды көптеп шығару, кітаптардың сапасын арттыру нәтижесінде сала кәсіпорындары ілгерілей бастаған. Сонымен бірге заң жанама түрде де көп мүмкіндіктерге жол ашты. Қағаз рыногында калыптаса бастаған сеңді бұзып, кағаздың кұнын арзандатты. Қағазды қарызға, несие ақшаға алуға мүмкіндік туды. Кәсіпорындар мен мекемелер орналасқан үйлерді жалға алуда көп жеңілдіктер қарастырылған. Осының барлығы баспа ісін өркендетуге игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз.
Баспа өнімдерін арзандату мен қалың жұртқа кең таралуын жүзеге асыру үшін осы салаға белгіленген салық жүйесін өзгертпесе болмайды. Ең болмағанда қосымша құн салығын 20 проценттен 5 процентке дейін төмендеткен дұрыс. Мұнымен қоса коммуналдық қызметке (электр, жылу, су. байланыс. газет-жур-нал мен кітап тасымалдау) жеңілдікпен төлем жасау жағын да ескерген жөн. Осының езі баспа өнімдерін анағұрлым арзандатып, халыққа кең таралуына мүмкіндік туғызған болар еді.
Айталық, Германия мен Ұлыбританияда жыл сайын орта есеппен 60 мың аталым жарық көреді. Жапонияда - 45 мыңнан астам, Испания мен Италияда - 40 мыңнан астам, Францияда - 40 мыңға тарта, Ресейде - 45-46 мың аталым жарыққа шығып жатады. Қытайда жылына жалпы таралымы 6 млрд. құрайтын 75 мың аталым кітап жарыққа шығады. Ал бізде 1994 жылы мемлекеттік баспалардан небәрі 675 аталым (таралым 14,1 млн. дана) жарыққа шықты.(9) Оның 400-ден астамы оқулық екенін ескеретін болсақ, бұл көрсеткіштің мүлдем мардымсыздығына көзіміз анық жетеді Бізді мұндай тығырққа тіреп отырған себептердің ең бастысы - өзімізде қағаз, картон, полиграфиялық материалдар мен құрал-жабдықтар өндірілмейді. Электр мен жылу энергияларына, байланыс пен көлік қызметіне үстемелеп әлденеше рет бағаның қосылуы да жығылғанға жұдырық боп тиді. Бұрын он алты облыс орталықтарында жүргізілген социологиялық зерттеу нәтижесі әрбір үшінші оқырманымыз баспа өнімдерін сатып алуға мүмкіндіктері жоғын анықтады. Небәрі 47 проценті ғана ай сайын 50 теңгенің кітабын сатып алатын мүмкіндікке ие. 1995 жылғы 1 шілдеден енгізілген қосымша құн салығы баспа саласын түпкілікті тұралатуға айналды. Кітап бағасының шарықтауы таралым деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Айталық, 70-ші жылдары қазақ прозасы - 35 мың дана, поэзия - 12 мың дана болып таратылса, бүгінде бұл көрсеткіш 7 мыңнан 2 мың данаға дейін құлдырап түсті. 1992 жылғы 15 көкектегі Қазақстан Президенті Жарлығының арқасында ғана баспа саласы мемлекеттен дотация алып, өмір сүруде. Нарықтық қатынастар жағдайында баспа ісі саласын тығырықтан алып шығар бірнеше жол бар, соларды жүйелі түрде өмірге енгізген жағдайда ғана кітап зәрулігінен құтылуға жол ашылады.
Өзімізге-өзіміз сын тұрғысынан қарап айтқанда біз баспа ісін болашаққа бағдарлау туралы, өз саламыздың болашағы туралы ойлауымыз әлі де болса кемшін. Бізге кітап шығарудың жаңа ұлтгық концепциясы қажет. Қазір республиканың баспалары көбіне қазақ халқының әдеби және тарихи жәдігерлерін, алуан түрлі шежірелер, құжаттар жинақтарын, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, қолөнер кәсіптері және т.б. туралы кітаптар шығарады. Бұл беталыс белгілі бір дәрежеде біздің өткенімізге назар салып, ден қойып отырғанымызды көрсетеді. Айтқандай, қара құрлық тәуелсіздік алған кезде онда да өткен тарихқа осылай барынша назар аударушылық байқалған болатын, алайда Африка да шектен асқан жоқ. Біздегі Білім, мәдениет, денсаулық сақтау министрлігінің бөлімдері немесе Ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру қоғамы секілді екі-үш департамент осы мәселемен шұғылданады. Мұражайлар, қорықтық аймақтар кұрылды, зерттеулер жүргізілді, бірақ ежелгі мәдениетті жаңғыртайық деп ұрандау болған жоқ. Дәстүрлі ұлттық мәдениетке сүйенейік, оларды қазіргі көзқарас тұрғысынан пайдаланайық деген үндеулер болды. Бәлкім, мұның өзі біздегіден гөрі неғұрлым прагматикалық көзқарас болар, әйтсе де қолда барды сақтап, мұраларымызды игере отыра молайтып, өркендете берудің маңызы бүгін де айрықша емес пе?!
Қазіргі уақытта тарихи әдебиет қаптап кетті. Әсіресе жекеменшік баспалар шығарған және авторлардың қаржысымен шыққан шежірелер тым көп. Оларда ғылыми сараптау деңгейі нашар. Қазір мұндай басылымдарға сұраным көп емес, зиялылар мен қалың окырман кауымның мүдделері әркезде бірдей үйлесе бермейді. Ал, өнер тақырыбына арналғанкітаптардың қатары тым сиреп кеткен .
Бұрынғы жылдарда кітап басып шығарудың мәдениетін көтеру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіліп, осының нәтижесінде кітап пен плакат шығару өнерінің белгілі бір деңгейіне қол жеткен еді. Халықаралық, бүкілодақтық және аймактық кітап шығару өнері конкурстарында казакстандық басылымдарға алтын және күміс медальдар, әр түрлі дәрежедегі дипломдар берілетін. Бізде кітап безендірушілердің өз суреткерлік мектебі қалыптасқан болатын. Кітап графикасында И. Исабаев, А. және Е. Бейсембиновтар, А. Гурьев, М. Алин, А. Дүзелханов, А. Тіленшиев, С. Ким, С. Макаренко А. Ақанаев, X. Абаев секілді және басқа да көптеген шебер суретшілер жұмыс істеді. Отандық полиграфияның беделі де біршама жоғары болатын.
Бүгінде кітап шығару ісіндегі шығармашылық рухты қайта жаңғырту қажет. Тандаулы кітаптардың жыл сайынғы тізімдерін жасау практикасын кайтадан жаңғыртып, өнер туындысы бола алатындай кітап жазып безендіруге қаражат жұмсаудан тартынбауға тиіспіз.
Бұрынғы 255 полиграфиялық кәсіпорынның бүгінгі таңда жұмыс істеп түрғаны - 176, яғни оның 14-і облыстық, 12-і қалалық, 146-сы аудандық баспахана және 4 республикалық баспахана [6]. Бұлардың ішіндегі ең куаттысы да, кітап өнімдерін шығаруға мүмкіндік бары да осы төрт кәсіпорын. Атап айтқанда:
1. Кітап өндірістік бірлестігі
Мемлекеттік бұл кәсіпорын республика полиграфиясының ең ежелгі де қуатты баспаханаларының, бірінен саналады. Негізгі мақсаты кітап өнімдерін шығару боп табылатын кәсіпорын 1979 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қатты мұқабалы кітап шығару жөніндегі жылдық қуаты - 16 миллион дана болса, жұқа мұкабалы 8 миллион кітап шығара алады. Терім, басу және түптеу цехтарының тұрақты кәсіпорынның жұмыс процесін жақсарту максатында 1991-1993 жылдар аралығында жаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Атап айтканда үндінің офсеттік төрт секциялы ЦИРКОН-66-111 машинасы, немістің төртбояулы ЛОРСЕТТ-40 машинасы, Украинаның ФК-166 көш-ірме рамасы және немістің. КАСТОР монтаждау столы қойылды. Ал 1991 жылдан бастап мұнда жұмыс процесі фототерімнен компьютерлік терімге көшірілді, екі жылдан кейін биметалды офсеттік түрден монометалдык түрге ауысты.
2. Алматы полиграфкомбинаты
Еліміздегі ең ежелгі кәсіпорын боп есептелетін бұл үлкен де куатты баспахана 1946 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда кітап шығару процесінің барлық процестері өзінде атқарылатын баспаханалық жүйе қалыптасқан. Өндірістік қуаты да, кітап өнімдерін шығару кызметі де бұрын жан-жақты болып келді. Айталық, кәсіпорынға 1991 жылы 386 және 486 сериялы 9 жеке компьютер, екі лазерлік принтер алынды. 1996 жылы Мультэффект фальцовка жасайтын кассетгі машина орнатылды. Ал 1997 жылы КАРОСЕТ офсетті орамды басу машинасы қой-ылғаннан кейін кәсіпорын екі „Макинтош" компьютері, бояу түстерін айқыңдайтын кешенді жабдықтармен толықты. Кәсіпорынның тендерлік әдіспен Атамұра баспа корпорациясына басқаруға жалға берілуі -- уақыт талабынан туған қадам. Бұл да полиграфиялық кәсіпорындарды сақтап қалудың бір жолы деп есептейміз.
Республикамызда шығатын газет-журналдардын жартысынан астамы басылатын Дәуір баспаханасы 1932 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізгі жабдықтары 120 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшелігі
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Жан де Лабрюйер
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Ана тілі - ақыл-ой дамуының негізгі және барлық білімдердің қазынасы
Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Пәндер