Қазіргі электр байланысы



Ғылыми-техникалық даму дәуірінде информация көлемінің күрт өсуіне байланысты информацияны жинап, өңдеп және бір жерден екінші қалаған жерге жеткізудің экономикадағы алатын орны зор. Информация бір жерден екінші жерге электр сигналы түрінде бағыттаушы жүйемен беріледі. Мұндай бағыттаушы жүйені байланыс жолы деп атайды. Жалпы информацияны жинақтап, сақтап, өңдеп және бір жерден екінші жерге жеткізетін техникалық құралды байланыс жүйесі дейді. Байланыс жүйесі жұмысының сапасын анықтайтын басты белгісінің бірі – байланыс жолдары. Қазірдегі қолданылып жүрген байланыс жолдары – әуе байланыс жолдары, кабельдік (симметриялық, коаксальдық, оптикалық-талшықтық) және радиорелейлік байланыс жолдары. Байланыс жолдарымен олардың тоғысатын байланыс тораптарының жиынтығын байланыс желісі деп атайды. Байланыс желілері біріншілік және екіншілік желілерге бөлінеді. Біріншілік желі жоғарыда айтылғандай байланыс тораптарымен байланыс жолдарының жинақтарынан тұрады. Екіншілік желіге байланыстың белгілі түрі – телефон және телеграф байланыстары, радиохабар тарату, теледидар, деректемелер беру, басқару жүйелерінің байланыс жолдары жатады. Әуе байланыс жолымен берілетін сигнал жиілігі 150 кГц-ке дейін болса, симметриялы кабельмен берілетін сигнал жиілігі 34 МГц (480 телефон арнасы), коаксиал кабельмен – 50 МГц (10800 телефон арнасы), оптикалық талшықпен берілетін сигналдың жиілік ауқымы 91014 Гц болады.
Электрлік сигналды электромагниттік толқын түрінде бір жерден екінші жерге жеткізетін құрылғыны байланыс жолы деп оны кейінгі жылдары ғылым мен техникадағы алатын орнына байланысты электробайланыстық бағыттаушы жүйесі деп атайды.
Электробайланысының бағыттаушы жүйесінің ТМД елдеріндегі негізін салушылар Акульшин П.К., Кулешов В.Н., Коптев И.В., Кощеев И.А., Шварцман В.О., Верник С.М., Гроднев И.И., Ефимов И. Е. Ниеталин Ж. Н., Парфенов Ю. А. болып саналады.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық даму дәуірінде информация көлемінің күрт өсуіне байланысты информацияны жинап, өңдеп және бір жерден екінші қалаған жерге жеткізудің экономикадағы алатын орны зор. Информация бір жерден екінші жерге электр сигналы түрінде бағыттаушы жүйемен беріледі. Мұндай бағыттаушы жүйені байланыс жолы деп атайды. Жалпы информацияны жинақтап, сақтап, өңдеп және бір жерден екінші жерге жеткізетін техникалық құралды байланыс жүйесі дейді. Байланыс жүйесі жұмысының сапасын анықтайтын басты белгісінің бірі - байланыс жолдары. Қазірдегі қолданылып жүрген байланыс жолдары - әуе байланыс жолдары, кабельдік (симметриялық, коаксальдық, оптикалық-талшықтық) және радиорелейлік байланыс жолдары. Байланыс жолдарымен олардың тоғысатын байланыс тораптарының жиынтығын байланыс желісі деп атайды. Байланыс желілері біріншілік және екіншілік желілерге бөлінеді. Біріншілік желі жоғарыда айтылғандай байланыс тораптарымен байланыс жолдарының жинақтарынан тұрады. Екіншілік желіге байланыстың белгілі түрі - телефон және телеграф байланыстары, радиохабар тарату, теледидар, деректемелер беру, басқару жүйелерінің байланыс жолдары жатады. Әуе байланыс жолымен берілетін сигнал жиілігі 150 кГц-ке дейін болса, симметриялы кабельмен берілетін сигнал жиілігі 34 МГц (480 телефон арнасы), коаксиал кабельмен - 50 МГц (10800 телефон арнасы), оптикалық талшықпен берілетін сигналдың жиілік ауқымы 9 1014 Гц болады.
Электрлік сигналды электромагниттік толқын түрінде бір жерден екінші жерге жеткізетін құрылғыны байланыс жолы деп оны кейінгі жылдары ғылым мен техникадағы алатын орнына байланысты электробайланыстық бағыттаушы жүйесі деп атайды.
Электробайланысының бағыттаушы жүйесінің ТМД елдеріндегі негізін салушылар Акульшин П.К., Кулешов В.Н., Коптев И.В., Кощеев И.А., Шварцман В.О., Верник С.М., Гроднев И.И., Ефимов И. Е. Ниеталин Ж. Н., Парфенов Ю. А. болып саналады.
Осыдан екі ғасырға жуық электр сигналын белгілі қашықтыққа беруге арналған бір сымнан басталған байланыс жолы қазірде бір тізбектік талшықпен жүзмыңдаған телефон, жүздеген теледидар хабарларын бірден жеткізетін құдіретті бағыттаушы жүйеге айналып отыр. Әрине мұндай жетістікке жету іргелі теориясыз, күрделі техникалық шешімсіз мүмкін емес. Орыс, ағылшын, неміс, жапон және басқа тілдерде байланыс жолдары туралы жазылған ондаған оқулықтар мен жүздеген әр түрлі басылымдар жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген оқу құралдары мен әдістемеліктер саусақпен санарлықтай ғана.
Телекоммуникация саласында қазақ тілді маман - дардың қажеттілігіне байланысты жоғары оқу орындарын - дағы қазақ бөліміндегі студенттер санының көбеюіне байланысты электрлік байланыстық бағыттаушы жүйесінің оқулығының алатын орны зор. Осы мақсатта жазылған оқулықта электрлік байланыстың халық шаруашылығында алатын орны, жер жүзі халықтарының жалпы қоғамның өсіп өзгеруіне байланысты ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты жлектрлік байланыстың қысқаша даму тарихынан бастап, байланыс желілерін құру принциптері мен олардың құрылымдары берілген. Байланыс желісі туралы жалпы түсініктен кейін онымен таралатын электромагниттік сигналды бір жерден екінші жерге жеткізіп берудегі оның параметрлерінің өзгеру заңдылығы жан жақты сарапталды. Сонымен қатар электромагниттік сигнал таратып беру барысында байланыс тізбектерінің арасындағы өзара әсер және оларды азайту шаралары қаралған. Байланыс жолдары мен оның құрылғыларына электромагниттік әсер ететін сыртқы құрылғылар, олардан болатын қауіпті әсерлер мен бөгеулік әсерлер және олардан қорғану шаралары және сонымен қатар байланыс жолдары мен құрылғыларының электрохимиялық әсерлерден тотығып бұзылу түрлері мен олардан сақтану әдістері қаралды. Оқулықта байланыс жолдары мен олардың құрылғыларын жобалау, оларды салу және техникалық пайдалану мәселелері берілді.
Оқулық жазу барысында кейінгі кездегі кеңінен қолданылатын келешегі зор оптикалы-талшықты байланыс жолына ерекше орын берілді.
Сонымен қатар оқулықта негізгі теориялық мәселелерді тәжірибелік тексеру әдістемеліктер арқылы түсіндіру есептері берілді.
Жалпы оқулықта қаралған мәселелер "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығын, оның ішінде "Байланыс желілері мен коммутациялау жүйесі" және "Көпарналы телекоммуни - кация жүйелері" мамндық бойынша мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының жұмыстық бағдарламасын түгел қамтиды.
Әрине, электрлік бағыттау жүйесіндегі электрлік байланыс жүйелері мен олардың құрылғыларының ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты дамуының арқасында оны тек қана осы кездегі жағдайымен тұйықтауға болмайды. Байланыс техникасы жедел және әзірге белгісіз бағыттары да дамуы мүмкін. Дегенмен келешектегі құрылатын байланыс жүйелері мен жолдары ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктеріне сүйеніп жасалған байланыс желілеріне негізделеді.

ҚАЗІРГІ ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ

0.1 Электрбайланысының халық шаруашылығындағы алатын орны

Cоңғы жылдары информациялық басқару жүйелерін жазу және ондағы күрделі мәселелер туралы көптеген еңбектер пайда болды. Оның себебі ғылыми-техникалық прогрестің информациялық тасқынын күрт өсуін талап етеді. Информациялық ағын тек қана ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар шаруашылықты келелі түрде басқаруда да тасқынды түрде көбейіп отыр. Оны информациялық жарылыс деп атап жүр. Информациялық жарылыстың негізі тек қана информация көлемінің ғана өсуінде емес, ең алдымен оны сараптап өңдеудің күрделілігінде болып отыр.
Ең алдымен информация дегеніміз не және оны сараптап өңдеудің қажеті қандай?
К.Маркстың еңбектерінде көрсетілгендей қоғамдық біріккен еңбекті басқару адамның өміріндегі өзіне тән ерекше қасиеті - өз еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжау қабілетіне негізделген. Ол туралы К.Маркс былай деп жазған Сәулетшінің ең төменінің ең жақсы деген арадан айырмашылығы сонда, ол (сәулетші) бір құрылысты салмастан бұрын ең алдымен оны өзінің ойында салып көреді. Сондықтан да оның еңбегінің нәтижесі өзінің ойындағы үлгісіне сәйкес болады. Яғни адамның өз ойында еңбек нәтижесінің үлгісін салу қабілеті ерекше бір қасиетіне жаратылысты өзінің ойымен қабылдап, оның үлгісін салу қасиетінде болып отыр. Сондықтан да информацияны былайша тұжырымдауға болады:
Қоршаған айналаны сезіммен қабылдаудың түрін және оның адамның ойындағы белгіленуін информация деп атауға болады.
Іс жүзінде информация материялдық ортаның жағдайы оның қасиеттерімен даму заңдылығы, қоғам мен оның мүшелерінің мақсаты және соған жету әдістері туралы хабарлар түрінде кездеседі.
Информацияны білу, оның сарапталып өңдеу әдістерін игеру еңбек өнімділігін арттырып, жұмыстың тиімділігін жоғарылатып өркениеттенуге пайдасын тигізеді. Өркениетті елдің бір ерекшелігі информацияны дұрыс пайдалануында. Өндірістің өсуінен информацияны сараптап өңдеп пайдалану қарқыны анағұрлым артық болмаса ол ғылыми-техникалық жетістіктің болуы мүмкін емес.
Юнесконың болжамы бойынша ХХІ ғасырдың басында ғылымның ең күшті, нәтижелісі информация туралы ғылым болуы керек.
Қазірдің өзінде өркениетті дамыған елдерде информация қатынасына жұмсайтын мемлекет (шығыны) қаржысы азық-түлікке жұмсайтын қаржыдан артық, келешекте одан да өсе түспек.
Мұндай информациялық жарылыстың қажеттігі қалай пайда болып отыр?
Мысалы, соңғы 50 мың жылдық мерзімді алсақ, сол уақытта 800 адам өмір ұзақтығы өтті делік. Соның соңғы 6 адам өмірінде баспахана, 2 адам өмірінде электроника, тек соңғы адам өмірінде ғана есептеуіш техника пайда болған. Оның себебі неде?
Мұның бәрі экономикалық қажеттіктен шығып отыр. Экономиканың негізін салатын өнімзаттар екені белгілі. Олар ауыл шаруашылық өнімдері - тамақ және өнеркәсіп өнімдері. Егер осы екеуі жеткілікті болса, басқа еш нәрсенің керегі жоқ.
Қазіргі уақытта өркендеген елдерде ауыл шаруашылығында істейтін адамдар 15%-дан кем, келешекте одан да азаймақ.
Сол үшін басқарудың тиімді түрін табу керек. Оны табу үшін барлық жағдайды біліп, талдау жасап, шешім қолдану керек. Оның бәрі информацияны жинап, оларды сараптап өңдеу жасап, тиімді шешімін шығару деген сөз.
Мысалы, қазіргі ірі зауыттағы айлық информация көлемі млн. документ-жолдан асады. Оларды сараптап өңдеу үшін мыңдаған млн. амал жасау керек.
Виктор Михайлович Глушков адам баласы өзінің өсіп даму жолында белгілі информациялық тосқауыл кедергілерден өтіп отырады деп дұрыс айтқан.
Бірінші адам қоғамында ондай нәрсе болмаған.
Бірінші информациялық кедергіні адамдар мынадай екі шара қолдануының арқасында өткен:
а) басқарудың сатылап бағыну әдісін кіргізген;
б) тауар мен ақша қатынасын енгізу арқылы.
Екінші информациялық тосқауыл - соншама көп көлемді информацияны сараптап өңдеу амалдарын қолдану қажеттігінен туып отыр. Оншама көп есептеу амалдарын адамдар бұрынғы әдіспен шығара алмайды.
Мысалы, қолайлы жоспар жасау үшін 1020 есеп амалын шығару керек болса бүкіл жер жүзі (үлкенді кішілі) адамдары жылына 64012 есеп амалын шығарады екен.
Сонымен екінші информациялық тосқауылдан өту үшін:
1) есепті шығарудың қолайлы (аз амалмен шығару) түрін табу керек;
2) электронды есептеу құралдарын қолдану;
3) есепті шығаруды ғана емес оған қоса барлық информацияны жинап бір жерден екінші жерге жеткізу және басқа жұмыстарды түгел автоматтандыру.
Сөйтіп, информация технологиясы, информацияны жинау, өңдеу, сақтау, бір жерден екінші жерге жеткізу және солардың барлығын басқару сияқты күрделі жиынтықтан тұрады. Осы күрделі информациялық өндіріс бөліктерін бірімен-бірін қосып, жалғастыратын байланыс жолдары болады. Сөйтіп халық шаруашылығын басқарудағы маңызды бір сала - ол есептеу техникасымен автоматты электрлік байланыс болып табылады. Яғни халық шаруашылығының дамуының белгілі бір тетігі біздің қоғамымызды информацияландыру болып табылады.
Бұрын әрбір мемлекеттің күштілігі оның әскер күшімен, олардың жаттығу деңгейімен, айла-амалымен, қолындағы қаруымен немесе ол елдің алтын қорымен, мал және жер байлығымен (мысалы, қанша дақыл алады, қанша металл, көмір, мұнай шығара алады), қандай машина жасап шығара алатынымен өлшенетін еді (өркендеген ел тиындық темірден байлық бұйым шығарады). Ендігі жердегі мемлекеттердің экономикалық және қорғанысты күшінің басты біріне жататыны информацияның ғылыми негізде дамуының көрсеткіштері болып отыр.
Бұрын кімді кім бұрын атып кетсе жеңеді дейтін болса, енді кімді кім бұрын санап кетсе жеңеді деген дұрыс болып отыр.
Қазіргі дамыған елдерде (Батыс Еуропа, АҚШ, Япония) білім экономикасы пайда болып информация өндірісімен информация технологиясы ең бір пайдалы және өте күрт өсіп келе жатқан салаға айналып отыр.
Қорыта айтқанда, еліміздегі халық шаруашылығының, мәдениетінің, ғылымының дамуы байланыс құрылғыларымен берілетін информация көлемінің жедел өсуін қажет етеді. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында академик А.А.Харкеевич Шаруашылықтағы жинақтап, сұрыптан, өңдеп бір жерден екінші жерге берілетін информация көлемі өндіріс көлемінің квадраттық қатынасына сәйкес өседі деген болжамы орындалып отыр.
Барлық информация берілетін жерден қабылданатын жерге техникалық құрылғылар мен физикалық орта арқылы жеткізіледі. Осы ортаны байланыс жолы (электрлік байланыс жолы) деп атайды. Мұндай байланыс жолдарына әуе байланыс жолы, кабельді байланыс жолы, толқын жолдар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика мен биология байланысы
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
Электр жетектің жинақтылығы
Төмен жиілікті белсенді сүзгі
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Химиялық байланыстың табиғаты
ФАКСИМАЛЬДІ АҚПАРАТ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПИАЛЬДІ СХЕМАСЫН ҚҰРУ
Технологиялық байланыстың классификациясы
Жем дайындайтын агрегаттың асинхронды электр жетегінің жүктелу моментін реттейтін микропроцессорлық жүйенің жетілдіріуі
Байланыс жолдарының типтері
Пәндер