60-90 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер



КІРІСПЕ

1. 60.90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР.
1.1 Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
1 2. Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР (ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТҰРҒЫСЫ).
2 .1. «СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗЫ» ЖЫР ЖИНАҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ОЙЛАР ТАБИҒАТЫ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақ поэзиясына 60-жылдардың басында келген талантты ақынның бірі Өтежан Нұрғалиев.Ө.Нұрғалиев 1938 жылы15 тамызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақжар колхозында дүниеге келген.
1964 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Жалын» баспасында редактор болып қызмет атқарған.Қазақ телевидениесінде қызмет істеген.
Жалпы шығармалары: Менің махаббатым-/1962/,Ақ нөсер /1962/, Нөсерден кейін /1969/, Кемпірқосақ /1970/, Кәмелет (1971), Ай астында ақбоз үй /1972/, Қайыңды тоғай /1973/, Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар /1976/ Соғыстың соңғы жазы 1-кітап /1977/, Соғыстың соңғы жазы . Балладалар 2-3-4 кітаптар /1978,1980,1989/.
Жалпы 50-60-шы жылдарда қазақ поэзиясы жаңа сапада дамыды. Бұл ең алдымен жеке адамға табыну деген ілгергі дәуірдің нәубетінен арыла бастаған кезең еді де, шығармашылықта біраз еркіндік орын ала бастаған.
1. Шапай.Т.Шын жүрек-бір жүрек.Алматы ,Жазушы. 2000
2. Мақатаев Мұқағали . Шығармалары.Алматы .Жалын.2002.
3. Ахметов.З. Өлең сөздің теориясы.А,Мектеп.1973.
4. Белинский В.Н Собрание сочинений. Т.2
5. Кәрібаева.Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.А.Жазушы.88.
6. Нұрғалиев Ө . Кәмелет Алматы. , Жазушы ,1972
7. Нұрғалиев Ө . Ақ нөсер Алматы. , Жазушы ,1968
8. Кәрібаева.Б. Талап деңгейі.Алматы .Жазушы. 1984.
9. Қабдолов.З. Сөз өнері. Алматы .Қазақ университеті.1999
10. Кәрібаева.Б.Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Астана.Елорда.2002.
11. Мырзалиев.Қ.Сөз сиқыры.Алматы .Жазушы.1982.
12. Әшімбаев.С.Шындыққа сүйіспеншілік.Алматы .Жазушы.1993-461 б
13. Нұрғалиев Ө . Соғыстың соңғы жазы 1-кітап .Алматы. /1977/,
14. Нұрғалиев Ө. Соғыстың соңғы жазы . Балладалар 2-3-4 кітаптар Алматы .1978,1980,1989
15. Қирабаев.С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.Алматы .Жазушы.1998.
16. Шапай.Т.Ой түбінде жатқан сөз.Алматы .Жазушы.1989 -390 б
17. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиет.Алматы .Ғылым.1998 -560 б
18. Базарбаев.М.Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы.Алматы .Жазушы.1973.
19. Мәуленов С. Өлең өмір толқыны /Уақыт және қаламгер Алматы,1970-160 б.
20. Ергөбек Қ Арыстар мен ағыстар Астана , Таным,200-360 б
21.Алпысбаев.Қ.Поэма және сюжет.А.Қазақ университет.1992.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. 60-90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР.
1. Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
1 2. Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР (ДӘСТҮР ЖӘНЕ
ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТҰРҒЫСЫ).
2 .1. СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗЫ ЖЫР ЖИНАҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ОЙЛАР ТАБИҒАТЫ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі : Қазақ поэзиясына 60-жылдардың
басында келген талантты ақынның бірі Өтежан Нұрғалиев.Ө.Нұрғалиев 1938
жылы15 тамызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақжар колхозында дүниеге
келген.
1964 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетін бітірген. Жалын баспасында редактор болып қызмет
атқарған.Қазақ телевидениесінде қызмет істеген.
Жалпы шығармалары: Менің махаббатым-1962,Ақ нөсер 1962, Нөсерден
кейін 1969, Кемпірқосақ 1970, Кәмелет (1971), Ай астында ақбоз үй
1972, Қайыңды тоғай 1973, Таңдамалы. Өлеңдер мен балладалар 1976
Соғыстың соңғы жазы 1-кітап 1977, Соғыстың соңғы жазы . Балладалар 2-
3-4 кітаптар 1978,1980,1989.
Жалпы 50-60-шы жылдарда қазақ поэзиясы жаңа сапада дамыды. Бұл ең
алдымен жеке адамға табыну деген ілгергі дәуірдің нәубетінен арыла бастаған
кезең еді де, шығармашылықта біраз еркіндік орын ала бастаған.
1960-шы жылдары қазақ поэзия әлеміне Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев,
Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов, М.Шаханов тағы
басқа ақындар көріне бастады да, жаңаша ойлау, көркем түсінік қабілеттерін
танытты. Сонымен бірге кейде қатарлап басып поэзия әлеміне енген ақындар
қатарында С.Асанов, Ә.Абайділданов, М.Айтқожина, С.Баймолдин,
С.Иманасов.Д.Қанатбаев, Ж.Қыдыров, Ф.Оңғарсынова әрқайсысы өзіндік үнімен
өзіне лайық табиғи байланысымен өнер дүниесіне келіп қосылды.
60-шы жылдар қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып
келуімен қатар рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың дәуірге
лайық ашуда, поэтикалақ формалар мен бейнелеу құралдарын дамытуда жаңа бір
күрделі сәт болды.1-25.
Мұның өзі поэзиядағы айтарлықтай құбылысқа айналды. Олар
Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ж.Нәжмеденов,
Т.Айбергенов, М.Шаханов, О.Нұрғалиев т.б әдебиет есігін өзіндік үнімен
еркін ашты.
Суреттеу, бейнелеу, көркемдік тәсілдердің, өлеңнің формалық, мазмұндық
және ұлт сипатын білдіретін өрнек, нақыш бояуларының молайып тақырыптық
бояуы, лирикалық, композициялық жағынан күрделенуі, лирикалық қаһарманның
есеюі-бәрі 60-шы жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденісінің жемісі.
1937-1938 жылғы репрессиядан соң М.Жұмабаев тұрғыластарының поэзиясы
кейінгі ұрпаққа беймәлім болып келді.
Лириканың алтын жібінің арқауы үзілді де поэзияның табиғи дамуы біраз
бәсеңдеді. Сәкен,Бейімбет,Ілияс поэзиясы да саяси өктемдік қамалына
тірелді.
Заман мен қоғам ағымына байланысты жалаң үгіт насихаттық поэзиясына жол
берілді де адам жанының иірімдері, уақытымен үйлеспейтін деңгейге дейін
барды.
Осындай түрлі себеп- салдары бар әлеуметтік жағдайдың кеселіне қарай 30-
шы жылдардың 60-шы жылдарға дейінгі қазақ лирикасы бір сүрең бояуда дамыды.
60-шы жылдардың ерекшелігі жеке адамға табынудан адамның мойны сәл де
болса босанған шақ еді. Зиялы қауым жан жағына ойлы көзбен қараса да,
ежелгідей сақтанудан арыла қоймады.
Жалпы қоғам әдебиетіне деген тоталитарлық үстемдігін үзбесе де,
қоғамдық сананы едәуір өзгертуде поэзияның да, оның ішінде қазақ
шығармасының да әсері болды.
Ақындар 60-шы жылдарда әдебиет есігін сезіммен ашты.
Қоңыр қаз қанат жайса көлге жетіп,
Қоға тұр қос аққудай жеңгелетіп
Көл-ана, ай-бөбегін шомылдырып,
Сызады күміс шеңбер дөңгелетіп. (Ө.Нұрғалиев).
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті:
- Ө.Нұрғалиев поэзиясындағы көркемдік ерекшелік
- 60-90 жылдардағы қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер.
- Ө.Нұрғалиев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер
-Ақын лирикасындағы дәстүр және жаңашылдық тұрғысы.
-Соғыстың соңғы жазы жыр жинағындағы көркемдік ойлар табиғаты.
-Ақын балладаларының көркемдік ерекшелік.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе,негізгі екі тарау
,қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. 60-90 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР.

Адам бар жерде поэзия бар.Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен
сезініп, алдымен ләззаттанып, алдымен жеркенетін де сол адам десек, ендеше
поэзиялық бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім
түйсігінен жаралған дей келе ақиық ақын М.Мақатаев Қазақ жырының бір
жылы деген мақаласында одан ары! ...Демек,адамның қатынасуынсыз поэзия
жоқ. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол
өмірді,сол керемет табиғатты көретін көз,танитын талант, сезетін сезім
керек.Сезім бар да,сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар ғой.
Міне,осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесіне енші
бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімінің еншілерін жібереді.Оның аты-
Ақын.2-89.
Ерекше сезім иелері ақынды Мұқағали осылай даралай көрсетеді. Әрине бұл
ойлар жайдан жай айтылмаған еді. Бұл кез Түрі ұлттық,мазмұны социалистік
болуға тиіс деген қағида өз күшінде еді. Бірақ 60-жылдардың жаңа толқыны
бұл тұйықтықтан шықты.Шынайы өмірдің ақиқатына үңілуге ұмтылды. Айта
алмаған жерлеріне астарлап жеткізді.Табиғат пен жаратылыстың, адамға тән
шынайылыққа бет бұрды. Өтірік көлгірсуден, жалған ұраншылдықтан арыла
бастады. Шынайы сезімге құралған лирикалық жырлар әлеуметтік өмірге де аз
әсерін тигізген жоқ.
Бұл кезеңдегі лирикада жалпы адамдық, азаматтық жайлар бейбітшілік,
ғылыми техникалық прогресс,экология және табиғат мәселелері жырланды.
Эстетикалық талдау-талғам,таным, білім шығарманың формальдық ғана емес,
ой-мазмұны да айқындалады, поэзияда, лирикада. М.Мақатаев. Шығармалары
философиялық ой түйін айту жайы 60-шы жылдары бұрынғыдан да тереңірек
көріне бастады.
Қадыр Мырзалиевтің Ой орманы кітабы елеулі оқиға болды.
Әдебиетке Тұманбайдың келуімен сыршылдық шығармаларды жазу белең алса,
Қадыр поэзиясының әсерімен ой айтушылық бағыт басым бола түсті,
Т.Айбергенов поэзиясымен әдебиетте жаңа серпіліс күші пайда болды.
Жалпы лирикада жеке басқа табынудан біраз арылып,қоғамға өзгеше,жаңаша
көзқарас жасады. Көңіл -күй арқылы адамдар бүкіл бір кезеңнің
шындығын,бүкіл бір ұрпақтың тағдырын,өмірі мен тыныс тіршілігін көрсетуге
ұмтылды.
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,-деп Мұқағали айтқандай, ұлттық
поэтикалық дәстүрі бар шығармалардың асыл діңгегі.
60-шы жылдары әдебиетке келген ақындар шоғыры дәстүрге сүйене отырып,
поэзиямызға көп жаңалық әкелді.
Өлеңнің ішкі ырғақ құрылымы мен сыртқы сымбатына мән беріп,мазмұнын
байытып, тұтас бір организмге айналдырып әсерлеуде сөздің мелодиялық,
интонациялық кестесіне, ұйқас табиғатына, әуезділігіне, ырғақтық құрылымына
басты назар аударған бұл кезеңдегі ақындар өзінен бұрынғы толқындардың ең
озық үлгілерін ілгері дамытты.
Осы тұрғыдан келгенде Ө.Нұрғалиев поэзиясы өзіндік ізденісімен,ой мен
сезімнің ара салмағын таразылай алуымен ерекшеленеді.
Жалпы қазақ әдебиетінің оның ішінде поэзия саласындағы зерттеу еңбектер
баршылық.
Қазақ өлеңінің ұлттық мән-мазмұнын түсініп,оның зерттелуінің ғылыми
негізін салған ғалым -Ш.Уәлихановтың бұл дәстүрі қазақ әдебиеттану
ғылымында әрі қарай өрістеді. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, М.Қаратаев,Е.
Ысмаилов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Б.Уахатов тағы басқа
монографиялық еңбектерінде қазақ өлеңінің мәселесі әр қырынан жан –
жақты зерттеу объектісіне ілінді .
Жалпы қазақ поэзиясының тілі, бейнелеу құралдары жөнінде М.Дүйсенов,
М.Базарбаев, Қ.Өмірәлиев, С.Негимов тағы басқа зерттеу еңбектерінде сөз
болады. Бұлар қазақ поэзиясының көркемдік ерекшелігіне жаңаша поэзия
терең ,нәзік сезімнен тұрады-деп Мұқағали айтқандай, ұлттың поэтикалық
дәстүрі бар шығармалардың асыл діңгегі.60-шы жылдары әдебиетке келген
ақындар шоғыры дәстүрге сүйене отырып, поэзиямызға көп жаңалық әкелді.
Өлеңнің ішкі ырғақ құрылымы мен сыртқы сымбатына мән беріп,мазмұнын
байытып,тұтас бір организмге айналдырып жырлауды сөздің мелодиялық-
интонациялық кестесіне, ұйқас табиғатына, әуезділігіне, ырғақтың құрылысына
басты назар аударған бұл кезеңдегі ақындар өзінен бұрынғы толқындардың ең
озық үлгілерін ілгері дамытты. Поэзия қандай затты, құбылысты болсын жіктеп-
бөлшектемей,оның өзгеге ортақ жалпы сипатын жалқы, өзіндік сипатынан
ажыратып бөліп алмай тұтас күйінде өмірдегі қалпына сәйкес етіп алуға
ұмтылады әрине, өмір құбылыстарының құпия сырын,терең жатқан мәнін өмірдегі
сан қилы қатынас-қайшылықтарды көп нәрсенің ұқсас-ортақ сипаттарын ашып
көрсететін орасан зор қуат күш поэзияда да бар. Көптеген құбылыстарға ортақ
сипат-қасиеттерді, осы маңызды ерекшеліктерді бір нақтылы суреттің,бір
көркем бейненің бойына жиыстырып, типтік дәрежеге көтеріп көрсету-
көркемөнердің,соның ішінде поэзиялық негізгі әдісі. Бірақ поэзия өмір
құбылыстарынан қорытынды түйін жасап, көп нәрсеге ортақ маңызды сипат-
ерекшеліктерді екшеп, жинақтап, типтік дәрежеге көтерген де,сол суреттеліп
отырған құбылыстардың,нәрсенің нақтылық, бейнелік, образдылық сипатын
даралық ерекшеліктерін сақтап қалады. Яғни,поэзияда қорытындылап жинақтау
мен даралау,ортақ сипаттар мен жекелік сипаттар ұштасып, ұласып жатады.Осы
екі жағы тұтасып,бірігіп келген де ғана көркем образ, көркем бейне туып,
өмірдің көркем суреті жасалады. Ол көңілдің толқынын,жүректің лүпілін
білдіреді.Ғалым З.Ахметов ...поэзияға тән қасиет-айтылып, баяндалып
отырған нәрсе жайлы ұғым,түсінік беру емес,оны бейнелі түрде сипаттау,
суреттілік десек,осы ерекшелік лирикалық-өлеңдерден айрықша байқалады
дейді.3-9. Ал орыс әдебиет сыншысы Белинский Поэзиясының өзге шығармалар
секілді лирикалық шығарма да ойды сөзбен жеткізеді,бірақ ол ой тікелей бой
көрсетпей, адамның дүниені сезінуі арқылы аңғарылады да, ол туғызған елес
–көріністі белгілі, үйреншікті ұғымдармен айдан, анық етіп айтып беру
қиынға соғады.Мұның өте-мөте қиын болатындығы-таза лирикалық шығарма сурет-
картина тәрізді, алайда ондағы негізгі нәрсе – картинаның өзі емес, біздің
көңіліміздегі ол туғызған сезім4.
Сондықтан өлең сөз сезімге толы, мейлінше әсерлі,көркем,бейнелі болып
келеді.Өмірді көркемдік жолмен қабылдап, сезіну,эстетикалық,ақындық
сезім,айрықша эмоционалдық,сезімталдық-поэзия тілінің басты ерекшеліктерін
міне,осылар белгілейді.
Өтежан ізденіс үстіндегі ақын. Оның ұзақ жылдардағы үнсіздігі ақынға
тән суреткерлік ерекшелігін ұштай түседі деген сенімдеміз.Онсыз да ауқымды
сезім, бай сурет иесі Өтежан қазақ поэзиясының тұлғалы ақындарының
қатарынан саналады- дейді ғалым Б.Кәрібаева.5-79.
Алғаш шыққан өлеңдерімен аракідік болса да осындай бағалы пікірге ие
болған. Ө.Нұрғалиев бүгінгі поэзия жанрындағы көркемдік ізденістер аясында
өзіндік өрнек, бояуымен оқырмандар жүрегіне жол тауып жүрген ақындардың
бірі.
Әдебиеттің ең басты ерекшелігі де сонда өзіндік стиль қалыптастыруында.
Өзіндік стилі бар ақын түсінік түйсік,тіл төңірегінде күрделі процестен
өтіп барып дараланады.
Яғни, ондағы ой мен сезім арасалмағы,талғам деңгейі,лирикалық кейіпкер
сезімінің диалектикасы деген мәселелер өз -өзінен туындары сөзсіз.
Ақындықты әркім әр түрлі бағалар.Шындықты да әркім әр тұғырдан көре
алар.Оның бер жағында талғам дүниесінің сан қырлылығы-өмір күрделілігінің
кепілі.Бірақ, ақиық-ақын қашанда алда,заманының ойшылы, тіршілік көзі-
әсемдік,үндестік (гармония) жаршысы.
Дегенмен де,ақын ерекшелігін,талғамай өзге емес, өзіндік бояуының
қалыңдығымен, күрделілігімен өлшеген жөн секілді.
Осы тұрғыдан келгенде Өтежан жырлары өзінің тазалығымен,табиғи шынайы
мәнімен, ұлттық колориті бай нәрлілігімен ерекшеленеді
Ол табиғатқа жан бітіреді...Табиғат құбылыстарын адам жан-дүниесіндегі
ерекше сезім күйлерімен керемет тұтастыра береді:
...Кім салмақ желдің салған суретін бұл.
Жансызды би билеуге үйретіп жүр...
...Жамбы ғып жапырақты сатып алып,
Қаңбақты қанжығада сүйретіп жүр.
(Жел)
Өтежан көп орайда образбен ойлайтын, сөйлейтін ақын.Бұл тұрғыда да ақын
халықтың қалыптасқан құнарлы тілінен бұра тартпай, ұлттық нәр нақышты хал-
қадерінше байыта, жаңалай түскендей.
Көл де бір кербез келін,таң атқанша,
Ұйықтайтын күн қытықтап оятқанша
Қарашы,жұпар самал әтір құйып
Отырды қыз қабағын бояп қанша
Көк құрақ кербез көлдің жан еркесі
Далбаңдап жарда тұрды көлеңкесі
Балықшы тақпақ айтып,қызын қостап,
Басталып кетті көлдің жәрмеңкесі.6.
Қаншама тың образ, тіл бедері ұлттық поэзиямыздың қалыптасқан
құбылыстың өлшемімен алшақтай алмайды. Ол бір буынды қара өлең бұл жерде
ерке желдей сырғанамай табиғатты адам кейпіне келтіретін суретші құрамына
айналады.Жан-жануар,адамзаттың ортақ қылығына,ұқсас үйлесімдеріне
елітесіз.Көркем сөздің қашаннан да адам қиялын дамытудағы бұл сияқты
образбен ойлау қасиеті ескірмек емес.
Кейіптеудің үлгісі Абай өлеңдері екені белгілі.Бүгінгі қазақ, ұлттық
поэзиясы, салт-дәстүрді жаңғыртуда. Яғни табиғатқа тіл бітіріп, сөйлетіп
қойды. Жоғарыдағы Өтежан жырлары осы дәстүрдің заңды жалғасы.
Жоғарыдағы екі шумақ арқылы-ақ ақынның көркем сөзге деген зор
махаббатын сезінеміз. Балықшы тақпақ айтып қызын қостап басталып кетті
көлдің жәрмеңкесі. Табиғат ананың бір сәттік қайталанбас сұлулығын қандай
дәлдікпен көрсетеді. Әркім болжай алмайтын мұндай дәлдікті көрсету үшін
алдымен оны білу керек. Әсемдікті тану керек.Ақынды тұлғаландыратын осы
жәйт.
Осы ретте ғалым Б.Кәрібаева пікірін келтіре кетсек.Қазақ лирикасының
тамаша дәстүрін жалғастырушы ақындарымыздың бірі-Өтежан Нұрғалиев. Өтежан
да еліктеуге немесе тым жаңаға үйірлігі жоқ.Ұлттық поэзияның байырлығын
сүйеді. Бойына барынша сол құнарды жинағысы келеді.Тарих пен бүгінгінің,
мәңгіліктің арасына сондықтан, шартты қақпайды,тұтас көреді,тұтас
қамтиды.Соның бәрін бүгінгінің биігінен қарағысы келеді. Осыдан болар,
Өтежанның көп өлеңдерінен осындай бір тарихи леп еседі.
Күн кетті батысына сапар шегіп,
Түн жатты түйелерімен қатар шөгіп,
Алыстан иттер үріп,от маздаса,
Жолаушы жоқтамайды бөтен серік.7.
Осы бір жыр жолдарынан қара өлең құдіретінің қыр-сырын,ұлттық
болмысын жете білетін ақынды көреміз.Ол Ілияс, Сұлтанмахмұт,Мұқағали ғана
емес, өркендеп әріден тамырлас.Ақынның бүгінгі жайлы толғауынан өркеш-өркеш
замана шегіне сәт сайын алмасып жатқандай. Бұл жанрдың әлеуметтік
философиялық аясын кеңейтудегі ақындық ізденіс. Адамның айтары болуы керек.
Жұртшылық алдында соған құлақ түреді.Ал,айтары жоқ адамның тапқан түрлі
ізденістері ешкімнің де рухани қажетін өтемейді.

1.1 Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК

Жалпы Ө.Нұрғалиев романтик ақын.Оның ой мен сезімге толы,жастық шаққа
тән жалынды жырларын Менің махаббатым, Ақ нөсер, Нөсерден кейін,
Кемпірқосақ жинақтарынан байқауға болады.Өтежанды ең алдымен ақын еткен
туған жері, туған жерге,елге деген махаббаты оны ұлы таудай аласармайтын
биік, биік армандарға жетелейді.Ол мөлдіреген бұлақпен сырласа, асау
теңіздің тентек мінезімен ой бөліседі, құстардың әсем үніне өз үнін қосады.
Ақын мінезі бірде жел болып алай-дүлей көтерілсе, бірде тау болып
сабырлылыққа шақырады...Бір сөзбен айтқанда ақын табиғатының
тазалылығы,мөлдірлігі өз өлеңдерінде жақсы ашылады.
Туған жерді таныстыру өлеңінде Мен қазақпын, жолаушы далам мынау.
Даланың мына отырған мен баласы-деп ақын жоғары, пафоспен жырлайды.
Қазақтың өткен тарихына шолу жасайды. Осы ретте Ж.Молдағалиев Мен
қазақпын, Ж.Әбдірашев Дала сенің ұлыңмын деген жырларымен бір арманда
үндескендей.
Қазақтың кең даласын мақтан ете келе:
Мөлтілдеп жылы бумен бусанғандай,
Шашылған таңғы шыққа жусан қандай,
...Бәрін айтта,бірін айт, біздер құсап
Төрінде сол даланың тусаң қандай?!
Немесе
Біздің ел жас баласын-ботам дейді
Анау жайлау,ананы-қотан дейді.-деп төгілте жырлайды, ақын өзін сол
даланың ұлы екендігін бірге өз ұлтына, болмысына ғана тән қасиеттілік пен
құндылықтарды биікке көтереді. Қазақ деген елдің ұлылық табиғатын ашады.
Әрі сол даласына еркелейді.
Елдік пен ерлікті асқақтата отырып, сол дала алдындағы перзенттік
парызын өтеу жолында өзін жыр шоғына қайнаған шәйнекке теңей отырып:
Теңіз берші лайсыз судан қамбадым,
Жас емен ем жапырағын жаймаған- дейді,
Отан әкеөлеңінде. Поэзия тек сөзден құралады деуге болмайды.Поэзия
ақыннан сан қырлы өнер иірімдерін талап етеді.Осы талап тұрғысынан келгенде
Ө.Нұрғалиевтің Күй өлеңі е рекше.
Тұлпар боп кейде заулап
жорға болмақ,
Соқыр боп кейде жолын зорға бойлап...
Бұлбұл боп қапияда қолға түскен
Аңсады гүл-бақшасын торда зарлап.
Күй-өзен кейде сыймай сағасына,
Енді-енді келе жатыр сабасына
Ал,күйші жанартаудай әруақтанып,
Сыймайды екі көзі шарасына.
Күй мен күйші өнерінің құдіретіне арналған бұл жолдар І.Жансүгіровтің
Күй, Күйші, деген поэмаларына ілескендей.Жоғарыда жырланып отырғандай
күйдің адамға берер әсеріне психологиялық өріске құра желі тартуы- Ілияс
үлгісі.Алайда сөз кестесі,ой қызығы ақынның өз еншісі.Мұның өзінен ғажап
ақындық шабыт пен эпикалық тынысты аңғаруға болады.
Күй жортты! Жалғыз өзі...қымсынбады
Ойнады-жас келінді шымшылады.
Қоймады қарияны желіктірмей
Шаршаған бозбаланың тынышын алды.
Міне,күй құдіреті,өнер құдіреті...оны көркемдік кілтімен дәл жеткізе
білген ақын шеберлігі.
Тіпті ақын тілмен жеткізе алмаған жерге күйдің жетуі,кереметтей адам
жан-дүниесін баурап алуын,жүрегін жаулап алуын жас келін, қария,
бозбала мен шебер үйлестіре береді.
Туған жерді таныстыру, Сағыныш, Жел, Табиғат т.б өлеңдерінде
ақынның эпикалық тұстарын байқауға болады.
Поэзия-сезім тәрбиелеу десек,сезімнің нәзік талдарын, оның сәт
толқынысты дірілдерін мөлдірете беру Ө.Нұрғалиев поэзиясының ерекшелігі
деуге болады.
Ақын М.Мақатаев Өтежан-ешқандай да қоспа-қоқысы жоқ табиғи талант деуі
жайдан жай емес.
Себебі, Өтежан өлеңдері табиғаттың өзіндей сұлулық пен тазалықтан
тұрады. Оның лирикалық кейіпкері даланы сүйеді, биік таулары мен
көлдері,гүлдері мен құйқылжыта ән салатын құстарына ғашық...Оның жырларынан
дала жусанының хош иісін,немесе нөсерден кейінгі керемет хош иісті,саф таза
ауамен тыныстағандай күй кешесің.
Жастық шаққа тән ұлы махаббат сезімі ақын поэзиясынан орын алған...
Апрель оятса да жасыл бақты,
Құшағы жап-жас гүлдің ашылмапты,
Еркелеткен көктемді сенен көрдім,
Сенен көрдім асыққан асылзатты.
Ақын асқақ сезімнің өзін табиғат құбылыстарымен әдемі жымдастыра
береді.
Жұпарын аспан бізге себеледі,
Маржанын домалатып төге берді.
Мен сендік, сендікпін! -деп айтпаса да ол
Бұл неткен жақсы жаңбыр! деген еді.
Одан әрі табиғат панасына алған қос ғашықтың іңкәр көңілін:
Әнші жел,биші талдың бас ұрғаны,
Ақ жауын шымылдық боп жасырғаны
Есімнен кетпей қойды құшағының
Шатыр боп сонда тұңғыш ашылғаны.
Бұл жолдар Абайдың Ғашықтықтың тілі-тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен
біл деген жолдарымен үндескендей.
Бұлбұл боп едім жырламақ
Кеткендей самал ұрлап ап
...Құшуды жаным тұр қалап,-дейді
Іңкәрлікдеген өлеңінде Мен ғашықпын деп махаббаттың адамды
құдіретке айналдырар, ұлы күшіне,құштарлық сезімді,көктем нұрымен, таулар
тілімен,сезімнің ақылға бағынбайтын буырқанысты толқынын асау өзенімен
береді.
Ғашық таулар кешке қарай сені айтып
Бір-бірімен жаңғырып жатады
Асау өзен тентектігін молайтып
Өр толқынын қатты сарқыратады.
Сезімнің ұяңдау сәтін,
Ғашықтығын айта-айта қызыл күн
Шымылдыққа өрт боп лаулап кіреді,-деп суреттейді.
Осы бір іңкәр көңіл күйлерінің лирикалық кейіпкер жан-дүниесіндегі
әлемінде өтіп жатқан ішкі сезіміне толқыныстар, алай-дүлей күш, ішкі сезім
арпалыстары табиғатпен жымдастырыла әдемі өріледі:
Осындай өлеңдер қатарына Үш күннен кейін, Жалаулар лаулап жолымда,
Болса екен сүю шынайы, Сүю, Сұлу қыз т.б кіреді.
Табиғаттың әсем көрінісін қағазға түсіріп берген ақынның бәрін суреткер
дей алмаймыз. Белгілі деңгейде сезімге әсер еткенімен,болмыстан сұлу сыр
түйіп, өмір философиясын тербеу ақыл мен сезімді бірдей талап етеді.
Міне, осы тұрғыдан келгенде Өтежанның лирикалық жырлары сезімнің
концентраты.
Сөзден де,ойдан да шашау шығу ақынға жат.
Ақын жырларының табиғилық оқырманына эстетикалық мол тағылым береді.
Сөз таңдаудағы талғам,қиыннан қиысқан ішкі шеберлік сөзде екенін ақын
тереңнен ұғады.Құлаш-құлаш ой айту,көл-көсір бейнелі тілді жанып тастаудан
гөрі сол мол қазынаны сөзге сыйдыруға өсиет етіп таусылмай, даурықпай
сезімді шымыр-шымыр қайнатуға ақын жақсы машықтанған.
Өтежан Нұрғалиев өлеңдерін оқу үстінде біз жаңа оралым,тың тіркестер
іздеуден гөрі өзгеше бір лирикалық күй кешуге мәжбүр боламыз,Ақын өзінің
сол жайсаң да сезімтал,шымыр да шынайы болмысын өлеңнің қалыпты формасын
бұзбай-ақ, өзгеше түр іздемей-ақ жеткізе алады.
Адам рухын асқақтатып сезім құдіретінен поэзия жаратылады.Ол ақылдан
да, бар тіршіліктен де биік,өзіне бас игізетін тылсым күш.Осы жолда адам өз
сезімі арқылы қалай биіктеп, қалай аласарады...Өтежан өлеңдерінде сезімнің
осы штрихтары да көрініс береді.
Осы ретте ғалым Б.Кәрібаева пікірін келтіре кетсек Қазақ поэзиясының
оның ішінде, қазақ лирикасының,эстетикалық аренасы кеңейгендігі талас
тудырмайтын шындық. Сәкен,Ілияс,Қасым,Әбділда аясында түлеген бүгінгі
Тұманбай, Қадыр,Мұқағали.Төлеген,Сағи,Өтежан, Жұмекен,Мұхтарлар лирикалың
жанрлық мүмкіндігін кеңейтіп отыр.Бұлар өздерінен алдыңғы топтың ең қажетті
деген дәстүрін бойға жиды.Көзсіз еліктеуден,жалған жалау көтеруден аулақ
болды.8-25.
Ө.Нұрғалиев поэзиясында көп ретте образбен ойлайтын,сөйлейтін ақыл
екендігі ерекше көрініс береді.Әсіресе табиғат құбылысына жан бітіре,
көркемдік образбен беру шеберлігі. Керемет үлгісі Тау суреттері деп
аталатын өлеңі.
Тау қыран,тұмсығы шын мұнар қабақ.
Бұлттар бар баурайында, бұлар қонат.
Ақша қар мен көкше мұз таудың желі
Тұрады алып күшпен шын арқалап
Көз алдымызға қыранға ұқсаған алып тау тірі бейнесі келеді. Ал ақша
қар мен мұзды оның желі етсе,тіпті таудың өзін тірі жанша көзілдіріп,
ұйықтатып, демалдырып қояды.
Салмақ та,салқындықта сезіледі,
Жаншылып тау бауыры езіледі
Түсірмей арқасынан ауыр жүгін
Ымыртта шаршаған тау көз іледі.
Ақын бұлттың өзіне жауды құшақтатып қояды. Оның өзі әдемі,сәтті шығады.
Дегендей мұз-төсекте ауырайын,
Бұлт жатты құшақтап тау баурайын.
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес,
әлдебір тіршілік тыныстап,көз алдымызға кәдімгідей қимыл,құбылыс елестеп
кетеді.Тау жай жатқан жоқ. Шаршап көз іліп жатыр, ал бұлт тау баурайын
құшақтап жатыр.Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен сезінетін
сияқтымыз.
Қапшағай өлеңінде кездесетін мына көркем образдарға назар салсақ,
ақын табиғат көрінісін берудегі хас шеберлігін байқауға болады:
Қалың құс қара аспанға қонақтаған
Теңізге жымың-жымың қарап қалған.
Бір бұлттың өркешінде баладай боп
Ай отыр екі аяғы салақтаған
Немесе
Бұрымынан бұрқырап гүлдің исі
Сай бойында самайын тарады түн
Міне,ақындық құдырет... Көз алдымызға бұрымынан гүл исі аңқыған түннің
жанды бейнесі келеді...
Одан әрі жырды оқысақ жұлдызды кішкентай айнаға теңейді де:
Айна сыншы,аспанның төріндегі,
Жерге түсті!-Сынығы көрінбеді.
Аққан жұлдыз-
Бұл да бір ғұмыр еді деуші ед:
Сол ғұмырдың сынығы... терілмеді!
Ғалым З.Ахметовтің мына бір пікірін келтіре кетсек: Поэзиядағы өлең
жырлардағы бейнелі,өрнекті сөздер әлде қандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге
әуестіктен емес,эстетикалық сезімнен,образды,бейнелі ойдан, дүниені
ақынша,суреткерше қабылдаудан туады. Өлеңге,өлеңмен жазылған шығармадағы
әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық,поэзиялық нәр, көрініс беретін нәрсе-
ақындық ой-сезімнің тереңдігі мен көркемдігі.
Бұл сөзбен салынған сурет.Бұл әрі нақты,әрі затты.Яғни көрем образ.
Ғалым З.Қабдолов бұл жөнінде: әдебиеттің оқыған адамды баурап алар,
оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші осынау образдылығында жатады
дейді.9-82.
Жалпы адам баласы табиғаттың бір бөлшегі екенін,яғни өзін қоршаған
ортамен тығыз байланыста екенін Өтежан өлеңдері арқылы және бір
сезінесің.Сезіну бар да,оны түйсіну бар.Өтежан осы екеуінде оқырман
жүрегіне жақсы жеткізе біледі.Оның өлең жинақтарының өзі Ақ нөсер,
Нөсерден кейін, Кемпірқосақ, Айшуақ, Қайыңды тоғай деп келетіні
жайдан жай емес.
Адам табиғатқа неғұрлым жақындай түссе,соғұрлым сұлулықты,әдемілікті
сезінумен бірге жан-дүниесі де сілкіністер жасап,тазару процесі жүретінін
талай еңбектерде айтылып та жазылып та жүр.Сол секілді Өтежан өлеңдері де
табиғаттың тылсым да құпия сырына жетелеумен бірге,таза даланың иісін
мұрныңа келтіріп,мына пенделік тіршіліктен бір сәт арылтып,тазалық әлеміне
шақырады.
Жас иіс жас теңізді дала бүтін
Қолтығына тым жиі алады тым.
Бұрымынан бұрқырап гүлдің иісі
Сай бойында---барады түн.
Ақынның лирикалық кейіпкері тек қана табиғатқа сыр айтады, сырласады,
әдемі сезімді де сонымен өріледі.
Тау маған кеше сыр айтты,
Сыр айтты кеше тау маған:
Жалпы ақынның осы стилдегі өлеңдері көп-ақ. Ақ нөсер жинағына енген
жырларының қай-қайсысы да табиғат тамашаларына сыр шертеді:
Бұлдырап көкжиектен сағым құлап,
Секілді тоқталмайтын ағын-бұлақ
Аңқитып судың иісін,шалғын иісін
Желменен жарылады қалың құрақ.
Тамаша жауған нөсерден кейін жер-ананың керемет жанарып-жасарып
қалатыны секілді,адам баласының көңіл күйі де сондай бір сәтті аңсап
жүретіні ақиқат.Ақынның өзі айтқан:
...Көңіл күй о да бір өлке,
Нөсерден,оттан оянар!
,-дейді де жан-дүниені сілкіндірер күш-жауын,дауыл, жалын адам
табиғатында болып тұрғанын қалайтын ақын өлең тілімен береді.
Өмірде қалғып ұйықтап жүрген жан аз ба...Тек тұрмыстық қажеттілікке
қанағат тұтып жүретініміз ащы да болса шындық.Ал, кейіпкер күнделікті
күйбің тіршілікте қамын күйттеп жүретіндерден бөлектеу...Ол бұған
көнбейді..асау мінез танытады...Сондықтан ол өткінші нөсерге де
қанағаттанбай, селдете,кенелте жауатын жаңбыр іздейді.Көңіл-күйдің даланы
қаптаған жауқазынша жайқала түлеуі содан кейін ғана дейді...Өмірдің құны
мен мәні сонда деген ақын бізге осындай ой түйгізеді.
1 2. Ө.НҰРҒАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР (ДӘСТҮР ЖӘНЕ
ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТҰРҒЫСЫ)
Ө.Нұрғалиев адамдар арасындағы,өмірдегі табиғаттағы жарастық пен
келісім жыршысы.Оның туған жеріне,табиғатына,сағыныштыы махаббатына,
баршасына арналған өлеңдері жеке тебіреністен,жеке шабыттан, сағыныштан
туған жырлар.10-215.
Олардың бояу әлемі мен әуен-сазын да ақын көкірегінің толғаныс-
тебіренісі жасаған, бәрі де адамның өз демі,өз тынысындай шынайы, табиғи
табиғат, өмір мен соған елтіген көңілдің үйлесімді шеберлігі бар:
Аттың басын жетпей тұр бұру ғана,
Жалғыз сәтке көз салып тұру ғана.
Жалғыз сәтке көз салсаң, тұтқын демен,
Жанарыңды байлайды сұлу дала.
Тұла бойда сергіттіп,күш ағылған.
Көрмей кетсем-сағынтып құса қылған,
Бауырына бір кірсең, ғашық дала
Шығармайды мәңгілік құшағынан.
Лирикалық кейіпкер сәт пен ғана дала сұлулығының сиқырына арбалған
еріксіз тұтқыны ақын жанына қажеті де осы.
Бұраң-бұраң сағым бел.Сүмбіл бұрым
Жүректе отым сенікі, көзде-нұрым...
Босатпасаң босатпа құшағыңнан,
Кеткім келіп тұрған жоқ мен де бүгін...
Осы ретте ақын М.Мақатаевтың Туған жер, төсіңді аш мен келемін деген
жолдармен үндескендей.
Ақын өлеңдерінен мол орын алатын табиғат (этюдтері) көріністері, оның
ішінде қысқы этюдтер өзінің көркемдігімен ерекшеленеді.
Бұтағымен аппақ-аппақ гүл аулап,
Аяздарды ішіп алған мынау бақ.
Енді өзі соққан желден теңселіп,
Алған қардан айырылып тұр қылаулап.
Немесе
Ағаштардың тыр жалаңаш бұтағын
Жауып апты аппақ көрпе аялап.
...Қызуынан ғашық болған жігіттің
Аязың да босай берді балбырап.
...Аязды аспан қолын жылытып тұрғандай
Мұржалардан тіп-тік ұшқан түтінге.
...Төрт шоқы тұр алыста төрт дөнендей,
Ақ көрпе қар оны ат қып ерттегендей,
..Жаңа батқан қысты күннің қызылын
Көгілдір қар жұтып қойды жай қылғыр.
Даланы тұмшалап жатқан шашау аппақ әлемді ақын осылайша тірілтеді.
Аяздан денең тітіркегендей әсер алсаң,енді ақын көңілі жайма-шуақ жаныңды
сұлулыққа бөлер,көктем өмірді көз алдыңда әкеледі,ақын көңілі көктемді
іздейді,сағынады.
...Келер ертең сәукелелі шуақтар
Апрельдің шығына асылып.
Ғалым З.Ахметов Поэзия тілінің сипат-ерекшелігі оның мазмұнына тікелей
байланысты.Өйткені,өлең тілі көркем шығарманың идеялық мазмұнын ашу,
жеткізу талабына сай қалыптасады.Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын,
қуат бітіретін ой,сезім тереңдігі десек,сол ойдың,сезімнің барынша әсерлі,
мейлінше терең, бөлекше ажарлы болуы тілге,сөзге байланысты-дей келе,-
Өлең-жырлардағы бейнелі өрнекті сөздер әшейін сұлулап сөйлеуге әуестіктен
емес, эстетикалық талғамнан, образды ойдан, дүниені суреткерше қабылдаудан
туады,-дейді.
Көктем келгенін ақын ерекше сезіммен көктемді күтуге дайын далам
дейді.
Көктем келді деп айтты айым маған,
Көктем келді деп айтты қайың маған.
Немесе:
Білер бәрін..күй-білер..көктем білер...
Өмір жолын сол жолмен өткен білер.
Не қылса да салбырап сәукелесі
Күй келіншек күлгенде..көктем күлер
Көктем келіп, жерменен су боп ағар,
Сылдыр қағып шолпысы нуға барар,
Қатып жатқан мұздардың астындағы
Асау сазан секілді тулап алар.
Көктем...Қай ақынның жырына арқау болмаған...Сезімнің де,көктем
күйіндей гүлденетін,бүршік жаратын кезеңі.
Табиғат көктемі мен адам жан дүниесіндегі сезім көктемімен үндестіре
білуі ақынның шеберлігі.
Сеңсең-толқын сел-сел боп,шекер – қайнап,
Сеңді сүйреп,толқынды кетер бойлап.
Ғашық болған жастардың көздеріндей
Жаңбырдан соң жауқазын жетер жайнап.
Көктемде болатын таңғы шықтың өзі ақынның сұлулықты байқағыш қырағы
назарынан шет қалмаған.Оны арманына жетпеген жасыл шөптің көз жасы етіп
береді.
Арманы бар,таңертең арманы-шық,
Көремін деп арманды барған ұшып.
Жылтырайды шөптердің құлағында,
Асыл тастан үзіліп қалған ұшық.
Поэзия махаббаттан басталып,парасаттылықпен аяқталады. Махаббатқа,
бояусыз сұлулыққа соқпай,оны жырламай өткен өлі де тірі де данышпан жоқ
дейді М.Мақатаев.
Өтежан өлеңдерінде назар аударарлық тағы да бір жайт арман деген
сөздің желі болып жүруі.
...Арман дейтін жолым бар
Жай көздерге көрінбейтін десе
Жас құлындай алданышым
Жолда адасып қалғаны шын
Мен ымыртта жолға шығам
Сол аяулы арман үшін,-дейді.
Ақын М.Шаханов:
Биік болып жүру үшін мынау ғаламда
Биік арман керек екен адамға,-деп жырласа, Өтежан үшін де өмірдің мәні,
адамның мағыналы ғұмыр кешуі сол биік арманында
Шындық болып таянғанда от,
Өтірікке боянғам жоқ.
Арман,саған жету үшін
Ештеңеден аянғам жоқ.
Ақын адамды биікке жетелер,рухын көтерер образда береді де,оны ар-
ұятпен қатар қояды.Сөйтіп жыраулар стилімен жырлайды.
Көл тынса,толқындары демалғаны,
Жел тынса,демалғаны самалдары.
Арманға, ар-ұятқа демалыс жоқ,
Ар-ұят қалғып кетсе не болғаны!
Атырап тулай-тулай қалжыраған
Жапырақ шулай-шулай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Сәбилік ғұрып жыры
Жүрсін ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Ақын Мұхтар Шаханов
Қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер
Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Пәндер