Абай және орыс әдеебиеті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Абай және орыс әдебиетінің қарым.қатысының зерттелу тарихы және оның ғылыми теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1.1 Абайдың орыс достары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12

1.2 Абай мұрасының орыс тілінде танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21


ІІ. Абай аудармаларының көркемдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 43

2.1. Абай аудармаларының зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

2.2 Орыс классиктерімен үндестік сарындары ... ... ... ... ... ... ... .. 47


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
Абай шығармашылығы-әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс [1].
Парасатшыл Абай өз өмір сүрсе де, өз еліндегі артына өшпес мұра қалдырған өнерлілерді білген. Сол сияқты қыршын жасында дүние салған, бірақ өз халқына емес, бүкіл адамзат үшін рухани мол мұра қалдырған, есімі елге қадірлі болған Пушкин, Лермонтовтардың өміріне де қанық. Абай аз өмірде адамшылдықтың қарызы үшін еңбек ету керек екенін терең түсінді.
Ал Абайдың өзі болса, өз халқының даналық ойын да, оның ғасырлар бойы жасаған ақындық, әншілік өшпес өнерін де бойына сіңіре білген. Ол шығыстың, батыстың рухани мәдениетін, классикалық поэзиясын талғап, тану арқылы солардан үлгі, тағылым алған. Әлем поэзиясы саңлақтарынан үйрене отырып, ол өзінің ұлттық қазақ топырағынан аулақтамай, оның тіліне, әдет-ғұрпына, ауыз әдебиетіне, аңыз-әңгімелеріне, тарихына иек арта халқының жаңа, төл әдебиетін жасаған, реалистік әдебиетіміздің көшін бастаған. Қиял дүниесінен аулақтап, реалистік өмірге үңілген. Сол арқылы халқының тағдырын – кешегісі мен бүгінгісін, мұратты ертеңін суреттеген. Ақын өмір қайшылықтарын бүкпесіз ашып, жақсылық пен жамандықты, әсемдік пен адамгершілікті, адам мінездерінің алуан қыры мен иірімдерін тереңдей бейнелеген.
Зерттеуіміздің негізгі нысанасы Абай шығармашылығына қалам тартып, ой бөліспегені кемде-кем. Ақынның аяулы тағдырын,асыл жырлары адамзаттың қай-қайсысының болмасын жүрегіне оңай еніп, адамгершілікке үндеген.
Абай шығармалары мен ол мұра жайлы зерттеулік пікірлер 1889 жылдан бастап ресми баспасөздерде жариялану,танылу тарихын ғылыми тұрғыдан біртіндеп аша түсу әрекеті біздің әдебиетімізде елуінші жылдардан сөз етіле бастады.
Ал, қазақ әдебиеті тарихында бұл тақырып алғаш рет «Абайды тану тарихынан» деген атпен , жалпы ақын мұрасының зерттелуі тарихынан шағын шолу пікірлер Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Исмайлов, М.С.Сильченко, Әбіш Жиреншиндер тарапынан көтерілді.
Соңғы жылдарда Абайдың мұрасы жайлы дербес библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Еңбен негізінен хронологиялық принцип тұрғысында жасалды.
Абай мұрасының зерттелу жайына жасанды түрде болса да түрткі салған 1951 жылғы абай мұрасы туралы айтыстың қорытындысында осы мұраны зерттеушіліер алдында қазақ халқы мен орыс халқын жақындастыру процесіндегі Абайдың тарихы орны мен орыс мәдениетінің ақын шығармасына еткен ықпалы туралы күрделі проблеманы шешуді алға қойды.
Бұл салада елеулі нәтижеге жетіп, табысты болғаны 1959 жылғы қазақ әдебиетінің ғылыми-теориялық конференциясының ұсыныстарында атап көрсетілді. Мұны Абай мұрасы туралы соңғы жылдардағы зерттеу еңбектерінің көпшілігі- осыған арналуынан да көреміз.
1. Абдрахманов С. // Абай ата асқары . Егемен Қазақстан 4 сәуір 2006 жыл.
2. Жиреншин А. Абай Құнанбаев .-Алматы,1950, 162 б.
3. Жиреншин А. Абай и его русские друзья.Алма-Ата, 1949,С.123.
4. Жиреншин Ә. Абай және орыстың ұлы революциошыл-демократтары. –Алматы. 1959.- 266 б.
5. Абайдың өмірі мен творчествосы(мақалалар жинағы).Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы.Алматы,1954.-270 б.
6. Перелыгин Л.М. О творческих связах Абая с современной ему русской классической литературой. Материалы конференции по казахской и русской филологии.Каз Гу,-Алма-Ата, 1962. С.59.
7.Нұрышев С.Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесі.-Алматы.1954.-200 б.
8. Ахметов З. Лермонтов и Абай.-Алма-Ата. 1954.
9. Мырзахметов М . Абайтану тарихы . - Алматы: Ана тілі , 1994. -192 б.
10. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. –Алматы. Санат, 1997. -448 б.
11. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –Алматы : 1995. -272 б.
12. Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. - Алматы.Арыс 2001. -134 б.
13. М.Әуезов. 20-томдық шығармалар жинағы. – Алматы: 1985. - 48 б.
14. Ахметов З Пушкин и Абай // Вестник Ленинградского университета. 1949 №6.
15.Салғараұлы Қ. Таным баспалдақтары -Алматы: Қазақстан, 1993-120б.
16.Оразалин К . Абай ауылына саяхат -Алматы: 1993-285б.
17.Бейсенбаев М. Абай және оның заманы –Алматы: Жазушы,1988.-136б.
18. Айқап ,1913, , №4 -68б.
19. Памятная книга Семипалатинской области на 1898г. Семипалатинск.
С. 19.
20. Русское боготство, 1896, №8. «Дала уалаяты.» 1896, №43.
21. «Ал-Шархият». Москва, 1914. С . 224-227.
22 .Мырзахметов М. Абайды оқы, таңырқа... - Алматы: 1993 65- б.
23. «Дала уалаяты», 1889, №7 «Астраханский вестник », 1898, №1181
24. «Сибирский студент»,1915, №3-4.
25. Ысқақов К . Кітапта: Абай Құнанбайұлының өлеңдері.СПБ.1909.-107б.
26. Затаевич А.В. Исследования, вспоминания, письма и документы, -Алма-Ата: 1958. С.241.
27.Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары.-Алматы. Ғылым, 1982,70 б.
28. Ахметов З. Поэзия шыңы-даналық. -Астана: 2002

29.Әуезов М. Абай Құнанбаев. Кітапта : Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы , 2 том. 1961.- 337 б
30. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. –Алматы: 1959. 142б.
31.Әуезов М. Абай ақындығының айналасы.Әдебиет майданы,1934, №11-12,-15б.
32.Марғұлан Ә. Абайдың жаңадан табылған қолжазбалары. қолжазбалары. «Социалистік Қазақстан», 1971. 21 қыркүйек.
33.Мырзахметов М. Абай және Шығыс-Алматы: Қазақстан, 1994-208 б.
34. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.-Алматы: Жазушы, -Т.2: Өлеңдер мен аудармалар. -2004-33 6.
35.Бөжеев М. Абайдың ақындық айналасы –Алматы . Жазушы,1971-110 б.
36. Сүйіншәлиев Х. Саңлақтар сарабы. –Алматы. Жазушы,1978-264 б.
37. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін...-Алматы:Ана тілі, 2004-344 б.
38. Шапай Т. Шын жүрек-бір жүрек .-Алматы : Жазушы, 1999.-256 б.


Қосымша әдебиеттер тізімі
39. Абай .Библиографиялық көрсеткіш.Алматы,1965.
40.Абай . Библиографиялық көрсеткіш.Алматы,1995.
41.Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар.Алматы,1988
42.Әуезов М.Абайтану дәрістері . Алматы, 1994 .
43.Байтұрсынов А.Қазақтың бас ақыны//Қазақ,1913, №39-40.
44.Мырзахметов М. Библиографиялық көрсеткіш.Алматы,1982.
45.Жунусова М. Штрихи и биографии Е.П.Михаэлиса// Абай,1994, №12.С-80.
46.Қирабаев С. Абай туралы естеліктер //Жүрегімнің түбіне терең бойла Алматы,1995-3-14 б.
47.Марғұлан Ә. Ақын туған орта //Жұлдыз .1982. №4,192-199-бб.
48.Мұқанов С. Абайдың ата-тегі //С.Мұқанов.Жарқын жұлдыздар.Алматы,1964,158-199-бб.
49.Мұстамбаев Ы. Абай //Жаңа әдебиет.1928, №7 23-37бб.
50.Мұқаметханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы.-Алматы,1959,-74б.
51.Ысқақов Ә. Абай өмірбаянына қосымша деректер//Жұлдыз,1993, , №6,11-12-бб.
52.Ысқақов Ә.Абай Құнанбайұлының өмірі// Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері.СПБ,1909,1-2-бб.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Абай және орыс әдеебиеті

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------------------3

І Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысының зерттелу тарихы және оның
ғылыми теориялық мәселелері------------------------- ----------------------6

1.1 Абайдың орыс достары---------------------------- ---------------------
---------------- 12

1.2 Абай мұрасының орыс тілінде танылуы---------------------------- -----
-- 21

ІІ. Абай аудармаларының көркемдігі------------------------- ----------------
- 43

2.1. Абай аудармаларының зерттелуі-------------------------- ------------
----- 43

2.2 Орыс классиктерімен үндестік сарындары-------------------------- ---
- 47

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- --
--------- 66

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
------70

Диплом жұмысының өзектілігі: Абай шығармашылығы-әдебиеттің, мәдениеттің
ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс [1].
Парасатшыл Абай өз өмір сүрсе де, өз еліндегі артына өшпес мұра
қалдырған өнерлілерді білген. Сол сияқты қыршын жасында дүние салған, бірақ
өз халқына емес, бүкіл адамзат үшін рухани мол мұра қалдырған, есімі елге
қадірлі болған Пушкин, Лермонтовтардың өміріне де қанық. Абай аз өмірде
адамшылдықтың қарызы үшін еңбек ету керек екенін терең түсінді.
Ал Абайдың өзі болса, өз халқының даналық ойын да, оның ғасырлар бойы
жасаған ақындық, әншілік өшпес өнерін де бойына сіңіре білген. Ол шығыстың,
батыстың рухани мәдениетін, классикалық поэзиясын талғап, тану арқылы
солардан үлгі, тағылым алған. Әлем поэзиясы саңлақтарынан үйрене отырып, ол
өзінің ұлттық қазақ топырағынан аулақтамай, оның тіліне, әдет-ғұрпына, ауыз
әдебиетіне, аңыз-әңгімелеріне, тарихына иек арта халқының жаңа, төл
әдебиетін жасаған, реалистік әдебиетіміздің көшін бастаған. Қиял дүниесінен
аулақтап, реалистік өмірге үңілген. Сол арқылы халқының тағдырын – кешегісі
мен бүгінгісін, мұратты ертеңін суреттеген. Ақын өмір қайшылықтарын
бүкпесіз ашып, жақсылық пен жамандықты, әсемдік пен адамгершілікті, адам
мінездерінің алуан қыры мен иірімдерін тереңдей бейнелеген.
Зерттеуіміздің негізгі нысанасы Абай шығармашылығына қалам тартып, ой
бөліспегені кемде-кем. Ақынның аяулы тағдырын,асыл жырлары адамзаттың қай-
қайсысының болмасын жүрегіне оңай еніп, адамгершілікке үндеген.
Абай шығармалары мен ол мұра жайлы зерттеулік пікірлер 1889 жылдан бастап
ресми баспасөздерде жариялану,танылу тарихын ғылыми тұрғыдан біртіндеп аша
түсу әрекеті біздің әдебиетімізде елуінші жылдардан сөз етіле бастады.
Ал, қазақ әдебиеті тарихында бұл тақырып алғаш рет Абайды тану тарихынан
деген атпен , жалпы ақын мұрасының зерттелуі тарихынан шағын шолу пікірлер
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Исмайлов, М.С.Сильченко, Әбіш
Жиреншиндер тарапынан көтерілді.
Соңғы жылдарда Абайдың мұрасы жайлы дербес библиографиялық көрсеткіш
құрастырылды. Еңбен негізінен хронологиялық принцип тұрғысында жасалды.
Абай мұрасының зерттелу жайына жасанды түрде болса да түрткі салған 1951
жылғы абай мұрасы туралы айтыстың қорытындысында осы мұраны зерттеушіліер
алдында қазақ халқы мен орыс халқын жақындастыру процесіндегі Абайдың
тарихы орны мен орыс мәдениетінің ақын шығармасына еткен ықпалы туралы
күрделі проблеманы шешуді алға қойды.
Бұл салада елеулі нәтижеге жетіп, табысты болғаны 1959 жылғы қазақ
әдебиетінің ғылыми-теориялық конференциясының ұсыныстарында атап
көрсетілді. Мұны Абай мұрасы туралы соңғы жылдардағы зерттеу
еңбектерінің көпшілігі- осыған арналуынан да көреміз.
Абай мұрасының соңғы кездегі зерттеушілері Абайдың орыс әдебиеті
классиктерімен творчестволық байланысы туралы мәселені негізінен ұлы ақын
өмір сүрген дәуірдің нақтылы тарихи шындығымен байланыстыра
қарастырды. Мұнда Абайдың жаңа бағыттағы әдеби көштің жол басшысы ретінде
қалыптасуы Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи жағдайларымен тығыз
байланысты сол процестің негізінде туып отырған құбылыс.
Зерттеушілер Ә.Жиреншин, М.Әуезов, М.С.Сильченко, филология ғылымдарының
кандидаттары С.Нұрышов, З.Ахметов, Н.Польбина, әдебиетші Т.Әлімқұлов,
Қ.Нұрмаханов т.б.ізденістер көтерген мәселені ғылыми тұрғыдан тереңірек
танытуда қоғамдық ой-пікірге ықпалы тиіп отырды.
Абайдың өмірі мен творчестволық қызметін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан
ғалымның бірі-тарихшы Әбіш Жиреншин. 1939 жылдан бастап, өмірінің соңына
дейін бұл тақырыптан іргесін аулақ салмаған зертеуші қаламынан Абай
Құнанбаев, [2,162] Абай и его русские друзья !... [3,123.] , Абай
және орыстың ұлы революцияшыл демократтары !... [4,266] Ақынның
өмірі( 1961)атты монографиялық зерттеулер мен қырық шақты ғылыми мақалалар
туындады.
Абайдың өмір жолы мен творчестволық қызметі туралы құнды ой-пікір білдірген
Қ.Ысқақов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Рамазанов,
А.Н.Седельников, Т.Ибраһимов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Мұхаметханов,
Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, Ф.Н.Киреев, Ф.Маликов, Г.И.Семенюк, Б.Кенжебаев,
Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, М.Мырзахметов,
М.Мағауин, Т.Жұртбаев, Б.Асылжанов, Ж.Қасымбаев, М.Хасанаев, Н.Алдамжаров,
М.Бейсебаев, Б.Байғалиев сияқты ғалым-зерттеушілердің еңбектеріндегі ой-
пікірлерді де қажетті тұстарында пайдаландық.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері :
Абайдың дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасу жолдарындағы Абай
өмірбаяны, оның көзқарасы қалыптасуына орыс демократтық достарының әсерін
танытуды жүйелеу, аудармаларының көркемдігін ғылыми-теориялық тұрғыдан
негіздеу.
- Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысы туралы зерттеулер арқылы
студенттердің танымдық белсенділігін арттыру:
- Абайдың орыс достары туралы жазылған зерттеулерді жүйелеу арқылы
қоғамдық пікірлерді айқындау:
-Абайдың орыс достары Михаэлис туралы деректерді түгел қамтып, студенттерді
ақынның өмірбаяндық деректермен танымдық белсенділігін дамыту:
-Абай орыс достары арқылы оқыған кітаптарының құндылығын анықтау.
-Абайдың орыс классиктерімен үндестігін саралау:
-Абай аудармаларының көркемдік ерекшелігін қамту :

-Абайдың дүниетанымдық көзқарасын зерттеген ғалымдар еңбегі жүйеленіп,
талдау жасалды;
-Абай дүниетанымын танытуда қоғамдық ,тарихи деректердің мазмұны ашылды.
- Абай дүниетанымын анықтауда деректану тұрғысынан тарихи шындықтың
саясатшылдыққа ұрынуы сияқты көзқарастар анықталды;
- Абай аудармаларын зерттеушілердің зертеу еңбектері арқылы студенттердің
танымдық, белсенділігін дамытудың мазмұны ашылды.
Жұмыстың құрылымы : кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, зерттеудің
ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идея, зерттеу жұмысының әдіснамалық
негізі, зерттеу әдістері, көздері, кезеңдері, ғылыми жаңалығы,
практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.
Зерттеудің Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысының зерттелу тарихы және
оның ғылыми теориялық мәселелері тақырыбындағы бірінші бөлімінде Абайдың
дәуірі, Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысы туралы зерттеулердің
құндылығы, орыс достары туралы мәліметтер мен зерттеулер
қарастырылып,еңбектер мен зерттеулерге талдау жасалынды.
Зерттеудің Абай аудармаларының көркемдігі тақырыбындағы екінші
бөлімінде ақынның аудармаларының зерттелуі,көркемдік ерекшелігі
қарастырылып, оның мәні ,ақындық қолтаңбасы айқындалады.
Қорытындыда зерттеудің өзіндік перспективалары көрсетілді.

І. Абай және орыс әдебиетінің қарым-қатысының зерттелу тарихы және оның
ғылыми теориялық мәселелері

Ұзын ғасырлардан созылып аққан қазақ сөзінің мәйегі Абайға кеп сарқып, өзін
өзі танымастай жас қуатпен жайнап, жаңа арнаға лықсыды.Осы кеп құйған
дариялардың толқыны абайлық ағыстың ұзына бойына да арқауын үзбей жөңкіліп
жатыр.
Әсіресе, 1954 жылы ұлы ақынның қайтыс болуына елу жыл толу қарсаңында Қазақ
ССР Ғылым академиясының тарапынан шығарылған Абай туралы ғылыми жинақтағы
13 мақаланың көпшілігі дерліктей осы тақырып маңында жазылуы да айғақтап
тұр. [5,270]. Ғ.Мүсірепов жинақтағы мақаласында елеулі бір күрделі
мәселені көтерді.Абайдың қазақ халқының тағдыры кіммен бірге деген тарихи
сұрауға берген жауабында орыстың революционер-демократтарының ойы
жатқанын Орыстың революцияшыл-демократтарының Абай жүрегіне терең
орнаған ойы оның осы жауабында,-деп көрсетті.Абай мұрасын зерттеушілердің
осы мәселені әлі де нақтылы деректермен терең зерттемей отырғанын ,
революцияшыл-демократтардың саяси ағымының Абайға қандай әсер еткенін,
Абайдың нені қабылдағанын тереңірек дәлелдейтін дерек бізде әлі күнге
жоқтың қасы,-деп орынды көрсетті. Өйткені Абайдың дүниеге көзқарасының
қалыптасуына шешуші ықпал еткен Абайдың саяси жер аударылған достары болды
деген пікір басым болып келді. Бұл пікір жұртшылық тарапынан сынға алынуға
байланысты, зерттеушілердің назары енді Абай мен орыстың революцияшыл-
демократтарының байланысын анықтауға ауды. Абайдың философиялық, этикалық,
эстетикалық, саяси-әлеуметтік дүниетанымы орыстың революционер-
демократтарының идеяларымен астастырыла,салыстырыла бастады.
Ә.Жиреншин өзінің ертедегі зерттеу еңбегінде (Абай и его русские друзья)
Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуында Абайдың орс достарының рөлін
көтере бағаласа, осы еңбектің өңделіп үшінші рет басылуында орыстың
революционер-демократтары назарға алынуы себепті соңғы Абай және орыстың
революционер-демократтары (1959)деп аталған.
Зерттеушілердің көптен бері назар аударып, жалпылау болса да молырақ пікір
айтқандары- Л.Толстой мен кейбір орыс әдебиетінің өкілдері мен Абай
творчестволық қарым-қатынасына көңіл бөліне бастады.Абайтану саласында бұл
тақырыпқа соңғы кезде қозғау түсе бастағаны Л.М.Перелыгин зерттеулерінде
көрініс береді. Л.М.Перелыгин зерттеулері бұл соны деректерге сүйене
отырып, тың пікірлер айтумен назарға ілікті [6,59].
Жалпы Абайдың саналы түрдегі ақындық жолы жиырма жылдық уақытқа созылса,
осы мерзім ішінде Абайдың өзінің төл шығармаларымен қатар орыс әдебиетінің
ұлы классиктерін аудару жұмыстары қатар туындап отырған. Зерттеушілер Абай
мен орыс классиктерінің творчестволық қарым-қатынасын сөз еткенде, айрықша
зер салып отырғаны, біріншіден, Абай кімдерді аударды, нені аударды,
екіншіден,ол аударғандары Абайдың ақындық өнеріне ықпалы қалай болды
деген сауалға тіреледі. Абайдың орыс классиктерімен творчестволық қарым-
қатысын зерттеушілердің бәрі де осы құбылысқа өздерінің еңбектерінде назар
аударып отырды. Бұл әрекет бара-бара соңғы кезде мақалалар көлемінен асып,
бірнеше диссертациялық еңбектер мен көлемді монографиялық зерттеулердің
дәрежесіне көтерілді.
Осы тұрғыдан қарағанда, академиктерМ.ӘуезовМ.С.Сильченко, филология
ғылымдарының кандидаттары С.Нұрышов, З.Ахметов, Н.Польбина, әдебиетші
Т.Әлімқұлов, Қ.Нұрмаханов т.б.ізденістер көтерген мәселені ғылыми тұрғыдан
тереңірек танытуда қоғамдық ой-пікірге ықпалы тиіп отырды.
С.Нұрышов Абайдың аудармалық өнері мен тәжірбиесі туралы зерттеуінде
[7,200]. Абайдың 2-3 аудармасына нақтылы талдау жасап, оны соңғы кездегі
қазақ, татар ақындарының аудармасымен салыстыра отырып, Абай аудармасының
көркемдік шеберлігін танытуға тырысты. Еңбекте орыс классиктерін аударудағы
Абай орны дараланып, оларға деген жеке қатысындағы ерекшеліктер ашылмай
қалды.
Қазақ әдебиетіндегі аударма өнерінің тарихы да Абайдан басталады. Қазақ
әдебиетіне елеулі бетбұрыс жасаған Абай шығармалары ,аудармалары алғашқы
ақындық тәжірибе болуы себепті де, бұл рухани жаңа құбылысты тереңдей
зерттеу де, қорыту да аса қажетті болатын. Өйткені,Абайдың аударма салсында
өзіндік ұстанған принципі, дәстүрі, шеберлік жолы бар.
Орыс классиктерінен Абайдың көп зер салып, молырақ аударған М.Ю.Лермонтов
болуы себепті де бұрын-соңды зерттеулерде Абай мен Лермонтовтың
творчестволық байланысына көбірек көңіл бөлінді. Лермонтовтың Абайға еткен
ықпалы жайлы пікір төңкеріске дейін, ақынның тұңғыш жинағы шықпай тұрып-ақ
айтылған еді.
30-40 жылдары бұл тақырып арнайы мақалалар көлемінде сөз етіліп келсе,
соңғы дәуірде диссертациялық еңбектер мен нақтылы зерттеулердің көлемінде
зерттеле бастады. Бұған З.Ахметов пен Н.Полыбинаның Абай мен Лермонтовтан
диссертациялық еңбектері айғақ. Н.Полыбинаның Абай мен Лермонтовтан
аудармаларын қарастырғанда, Абай Лермонтов шығармаларын аударудың себебі
не, одан нені аударды, қай сарынға көңіл бөлді және аудармалардың ақын
шығармаларына кері әсеріне көңіл бөлінді. Екі тексті қатарластыра талдап
пікір түйеді.
Әсіресе, Абайдың ақын мен поэзия туралы көзқарасының қалыптасуына
Лермонтовтың ықпалы болғандығын екі ақынның шығармаларын салыстыра отырып
көрсетуі назар аударарлық еңбек.
Осы тақырыпқа З.Ахметов өзінің орыс тілінде 1954 жылы шыққан Абай и
Лермонтов деген зерттеуін арнады [8]. .Зерттеудің басты мақсаты-
Лермонтовтан аударған Абай аудармаларын анықтау мен сол аудармалардың
Абай шығармаларына еткен әсерін ашу. Бұл еңбек өзінің алдына қойған зерттеу
нысанасына нақтылы қатынас жасаумен сол текстік деректерге сүйене отырып,
дәлелді тұжырымдарға келуімен ерекшелінеді.
З.Ахметов өзіне дейін пікір таласын тудырып келген кейбір аудармаларды
анықтаумен бірге, Абай Лермонтовтан аударды деген үш өлеңнің Лермонтовтікі
емес , басқа орыс ақындарынан аударылғанын анықтап.өз тарапынан соны
пікірлер айтты. Абайдың Лермонтовтан аударған аудармаларын анықтай отырып,
ол аудармалардың бәрін таза аудармалық шығармалар ретінде қарайды. Бірақ
бұл аудармалардың ішінде, кейде Абайдың өлеңнің тек бастапқы жағын ғана
аударып, соңын өзінше алып кететін жайттар да орын алады.
Сондықтан мұндай өлеңдерді таза аудармалық тұрғыдан қараудан гөрі оның
ерекшелігін ашуға ұмтылған жөн болар еді.
Зерттеуші Абай аудармалары ұлы ақынның шығармаларына еткен әсері мен
ақындық өнерін шыңдауға, ақындық мәдениетін көтеруге тигізген ықпалына
айрықша көңіл бөлген. Бұл Н. Полыбинаның еңбегінде де көтеріледі.
З.Ахметов зерттеуі де осы тақырыпқа арналса да зерттеушінің аяқ алысы,
пікір саралауы тереңде жатыр. Бұл еңбек сол тұста жарық көрген зерттеулер
ішінен өзінің ғылыми мәні мен дәлелді ой тұжырымдарымен дараланады.
Абайдың эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен орыс әдебиетінің
ұлы класиктерінің әсерін көбірек сөз еткенімізбен оның сырын тереңірек
ашуға бара алмай келдік. Осы тұрғыдан қарағанда, зерттеушінің Абайдың
эстетикалық көзқарасының қалыптасуына Лермонтов шығармаларының елеулі
ықпалы болғандығын нақтылы деректермен салыстыра отырып зерттеуінің мәні
бар нәрсе.
Ол Абайдың Лермонтов шығармаларын өз дәрежесінде терең түсініп, оның
әлеуметтік көркемдік мәніне бойлай түсуіне Белинский еңбектерінің септігі
болған деп қарайды.
Зерттеуші Абай аударған Лермонтов шығармаларының ұлы ақынның өз
шығармаларына еткен әсерін Абайдың шығармаларына енген Лермонтов
өлеңдерінің идеялық сарны мен сөз қолдану шеберлігін білгірлікпен талдау
арқылы дәлелдеп тоырған. Лермонтов шығармаларын аудару арқылы қазақ
поэзиясына 15-ке жуық түр ендірумен бірге жаңа сөздер, поэтикалық,
синтаксистік жаңа ұғымдар ендіріп, молықтырып отырғанын дәлелдей отырып
көрсетті.
Абайдың орыс классиктері мен Абай шығармаларының орыс тілінде аударылуының
жайы туралы мәселеге талантты әдебиетші Қ.Нұрмаханов та ат салысты. Бірақ
Қ.Нұрмаханов мақаласы мәселені нақтылы ғылыми тұрғыдан қоюынан гөрі
жалпылау баяндалады. Қ.Нұрмахановтың пікірінше, Абай мұрасын зерттеуде
Абайдың орыс әдебиетіне қарым-қатысы, оның ақындық кітапханасының көлемі
мен жайын, кейбір классик ақындардың туындысын Абайдың творчестволық
тұрғыдан пайдалану ерекшелігі мен шеберлігін анықтау абайтану саласында
жедел шешуді қажет ететінін күн тәртібіне қоя білді.
З.Ахметов сияқты Қ.Нұрмаханов та Пушкин шығармаларын аудару арқылы Абай
шығармаларына пушкин дәстүрінің әсері болғанын, Пушкинді Абайдың Белинский
тұрғысынан терең түсінгеннін Пушкин шығармасының рухын терең түсіне
отырып, аударумен дәлелдеуге тырысқан.
Зерттеуші кейде соны пікір айтқанда өз пікірін дәлелді дерек көздермен
салыстыра қарай бермейді. Мысалы, М.Әуезов Абайдың Пушкиннен аудармасын
назирагөйлік тұрғыдан қараса, Ғ.Мүсірепов оны воссозданиедеп таниды, ал
Нұрмаханов ; а скорее всего свободными творческими развитием пушкинских
мотивов,-деп тұжырымдағанымен, осы пікірін нақтылы деректермен дәлелдей
бермейтіні бар [9,162.].
Қ.Нұрмаханов Абай шығармаларының орыс тіліне аударылуының жайы туралы соны
пікір көтере білді. Абай шығармалары тамтұмдап төңкеріске дейін-ақ орыс
тіліне аударылды және Абай шығармаларын орыс тіліне түгелдей аударуға екі
рет әрекет жасалынды. Қазақ әдебиеті өкілдерінен орыс тіліне толығымен
аударылғаны да Абай шығармалары. Абай шығармалары әр жылдары, әр түрлі
сапада аударылғанымен, әлі де өз дәрежесінде аударылмай келеді.

І. І Абайдың орыс достары

Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына Е.П.Михаэлистің әсері басым болды
деген Кәкітай пікірі абайтану саласында көпке дейін орын алып келді.
Абай и его друзья (статья Акермана)
Абай жолы эпопеясында Абайдың орыс достарының жиынтық көркем образын
жасау мақсатында олар туралы жазылған ірілі-ұсақты деректердің бәрінде
іздестіріп, жан-жақты зерттеген. Осы мақсат тұрғысының Акерманның Абай и
его друзья деген қолжазбасына шейін қалдырмай қарап, ондағы Михаэлис,
Гросс, Леонтьев туралы ұшырасатын деректерді де жинастырып назарда тұтқан.
Абай и его друзья деп аталатын М.Әуезовтың шашпа пікірлері мен деректері
де ЛММА архиві, №539-папкі, 86-87-беттегі қолжазба нұсқаның негізінде
жіберілді.
Зерттеуші ғалым ретінде М.Әуезов Абайдың орыс достары жайлы деректерді
тіпті ұсақ мағлұматтарға дейін жинастырып, оларды қағаз бетіне түсіріп
отырудан жалықпаған.
Михаэлис деп аталатын өзі жинаған қолжазбасында Абаймен қарым-
қатынаста болған Михаэлис жөнінде нақтылы дерек беретін Шелгунов, Пантелеев
пікірлерін және де жас кезінде студент Михаэлис жазды делінетін К молоду
поколеню деп аталатын үндеуден үзінділер де жазып алған.
Долгополов, Гросс, Леонтьев, Коншин жөніндегі қысқаша мағлұматтарды да
жинастырған.
Бұл айтылған деректер көзі Михаэлис деп аталатын тақырыппен ЛММА
Архиві, №539 папкідегі қолжазба нұсқаның негізінде жіберілді.
[10,448.].
1880 жылдар шамасында келгенде өзі кітап оқып дінін толтыру сияқты істерге
беріле бастайды. Бұрын оқыған аз оқуы бар, соның үстіне көп дау шардың
кезінде неше алуан ұлық пен шиновникке кездесіп орыс тілін бірталай біліп
қалған болатын. Және неғұрлым орыс адамдарына көп кездессе, соғұрлым орыс
тіліндегі өнер, білімді танығысы, білгісі келген құмарлық, ынтық талмай
арта береді. Сонымен ел ісін тапсыратын сенімді көмекшілері жетілген соң
өзі кітап оқуға беріледі.
Қалада жатсын, елде жүрсін кітапханамен байланыс жасап ұдайы іздену
тімтінумен болады. Сөйтіп, кітап қарастырып жүргенде Семей кітапханасында
Михаэлспен таныс болады. Бұл Семейде Петербордан айдалып келген 80-жылдың
социалистерінің бірі болатын. Бұлар патша өкіметіне қарсы алысқан
бұқарашыл-халықшыл социалистер деп аталған. Төңкерісшіл қауым еді. Саяси
басшы Чернышевскийлер болатын. Михаэлис өзін Чернышевскийдің шәкіртімін деп
санаған.
Абайдың ақылы, талабы өзге қазақтан ерекше болып, бөлініп Михаэлис бұған
жақындайды. Жақыс таныс болады. Кейінірек келе Абаймен қатты сыйлас дос
қалпына келеді. Өзі ғана емес бірге айдалып келген дос серіктері Гросс,
Долгополов сияқтыларды да таныс етеді. Жазғы уақытта әрқайсысы Абайдың
ауылына қонаққа кеп бірер айлап тұрып қайтатын да болған. Сол араластардың
үстінде бұл адамдардың барлығы да Абайды неге құмар, не өнері бар екенін
түсініп өсуіне жәрдем ете бастайды. Оқитын кітаптарын таңдап беріп ұдайы
жетекші болады.

Абай өзін осы
адамдарға қатты қарыздар санайтын. Дүниеге көзімді ашушы Михаэлис
дегенімен қатар олармен араласу , олар берген көп кітапты оқу Абайдың
ішкі дүниесін де қатты өзгерткен сияқты. Күншығысым күн батыс,
күнбатысым күн шығыс боп өзгеріп кетті деп тағы өзі айтқан екен.
Абайдың білімін тереңдетіп, ғылымды игеруге, орыс классиктерінің
шығармаларын жүйелі түрде оқып, тереңірек білуге кіріскен уақыты-жасы 30-
дан асқан кезі. Осы кезде ол Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлиспен
танысады.
Михаэлис Петербургте 60-жылдары студенттердің қозғалысын
ұйымдастырушылардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп,
кейінірек 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Абай 1870-жылы Семей
кітапханасында Лев Толстойдың Руский Вестник журналында басылған романын
сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан деген
дерек бар. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген
адам болуы керек анық. Бұл жылдары Абай қыс кезінде үш-төрт ай бойы Семейде
жатып, кітапханадан әртүрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен
жиі кездесіп, әңгімелесіп, кеңесетін болған. Жасынан Чернышевскийдің
революциялық идеяларына көңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол,
әсіресе орыстың қоғамдық ой-пікірлерінен терең мағлұматы бар осы бір
айрықша білімдар адаммен жақсы таныс жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті
,сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген
құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың
қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз. Жергілікті халықтың-
қазақтардың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білуі оған да аса қажет еді.
Михаэлис кейінірек Семейде құрылған статистикалық Комитеттің хатшысы
қызметін атқарып қазақ даласының шаруашылық, географиялық жағдайын
зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-
білгені, үйренгені анық.
Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н.Долгополов,
С.Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады.
Бұлар жас кезінде революциялық қозғалысқа қатысып, көзге түскен, ал кейін
орыс мәдениеті мен ғылымына өз қатарынша елеулі үлес қосқан адамдар болды.
Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір-тұрмысынан әр түрлі мағлұмат
берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетін, әдебиетін еркін игеруіне
себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық мәселелерді айтсақ,
Абайдың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, шырқау биікке көтерген, әрине,
орыстың А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крылов, В.Г.Белинский,
Н.Г.Чернышевский, Л.Н.Толстой, Н.А.Некрасов, И.С.Тургенов, Е.Салтыков-
Щедрин ең көрнекті жазушы , қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып,
олардың озат ой-пікірлерімен тікелей танысу екенін атап айтқан жөн. Абай
сорлы замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінінің ең құнды
жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған [11,227].
Тұтастай алып қарағанда Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп
екені анық. Жоғарыда аталған Руский вестник журналымен қатар 1909 жылғы
Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына
қарағанда ақын Чернышевскийдің Современникжурналында басылған әдеби
шығармаларды оқып отырған.
Кәкітай бұларға қоса Абай еуропа ғалымдары Спенсердің, Луистің, Дрепердің
еңбектерін, соның ішінде Позитивная философия, История умственного
развития Европыдеген сияқты кітаптарды оқығанын да айтады.
Абайдың қоғамдық-әлеуметтік қызметінің басты саласының бірі-оның жергілікті
патша әкімшілігі тарапынан құрылып, солардың басқаруымен жұмыс істеген
ғылыми мәні –мемлекеттік маңызы бар мәдени ағарту мекемелерінде атқарған
қызметі. Бұл мекемелердің негізгі мақсаты мен міндеті Семей облысына
қарасты қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, шаруашылығын, әдет-ғұрпын жан-жақты
зерттеп, патша өкіметінің отарлау саясатының түбегейлі жүзеге асуына
алғышарттар жасап отыру болатын. Ал, Абайдың мұндай сипаттағы мекемелердегі
қызметін саралап көрсететін архив құжаттары онша көп емес. Бірақ, ғылыми
ортаға белгілі осы санаулы деректерді өзі оның ірі ағартушы, белді
қайраткер болғандығын аңғартады.
Архив құжаттарына қарасақ, ақын бұл мекемелердің жұмысына өзінің ұзақ жылғы
ел басқару жүйесіндегі қызметінен кейін араласа бастаған. Ол бұл
мекемелердің кейбіріне болыс кезінде-ақ өзі басқарып отырған елдің
шаруашалығы туралы түрлі экономикалық, статистикалық ақпараттар беру
арқылы атсалыса, ал кейін Семей облыстық статистикалық комитеті, облыстық
өлкені тану музейі, қалалық кітапхана, қалалық бастауыш білім қамқоршылары
одағы сияқты мәдени ағарту ұйымдарға толық мүше болып сайланып, олардың
ісінің өркендеуіне елеулі үлес қосты.Оның бұл саладағы қызметінің жемісті
болуына белгілі дәрежеде ішкі Ресейден әр түрлі саяси істермен айыпталып,
Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлис,С.С.Гросс, М.И.Долгополов,
А.А.Леънтов, П.Д.Лабановский, А.Блек, Н.Я.Коншин сияқты білімпаз
адамдардың игі әсері болды. Саяси сенімсіз болса да олардың білімін,
мамандығын барынша пайдаланып қалуды көздеген әкімшілік аталған озық ойлы
интелегенттерді ,қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін, экономикасын, әдет-ғұрпын
зерттеп талдаумен шұғылданатын мекемелерге жұмысқа орналастырып, жергілікті
халықпен байланыс жасауға жағдай туғызды. Жер аударылып келген зиялы
қауымға ел мен жердің жағдайын жақын білетін жергілікті халықтан шыққан
білімпаз азаматтардың көмегі қажет болды. Міне, осындай жағдаяттарға
орайлас тағдыр оларды ұлы Абаймен таныстырып, достастырды. Қажет кезінде
олар Абайдан көмек сұраса, өз кезегінде оларда Абайға қолұшын созып, кейбір
мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысына қоян-қолтық араласуына жағдай жасады
[12,134].
Абай осылайша орыс достарының ұсынысымен Семей қаласында 1877 жылы
құрылған алғашқы ғылыми мекеме-Семей облыстық статистикалық комитетіне 1886
жылы 4 мамырда толық мүше болып сайланды. Осы комитет мүшесі ретінде ол
облыстық өлкетану музейінің комитетмүшелерінің күшімен 1883 жылы 24
қыркүйекте ірге көтерген ішінен ашылған этнографиялық бөлімінің
жабдықталуына айтарлықтай үлес қосты. Жаңадан ұйымдастырылған бөлімге ел
арасынан халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, күнкөріс кәсібіне
,шаруашылығына қатысты этнографиялық экспонаттарды көптеп жинап, бұл бағалы
бұйымдарды Абай алғашында музей қорына Н.И.Долгополов арқылы, кейін тікелей
өз атынан тапсырып отырды.
Абай нәр алған үшінші бұлақ-орыс мәдениеті, осы арқылы көз жеткізген Батыс
елдері мәдениеті. Абайдың заманында осы бұлаққа, ең алдыменен оған дейін
қазақ халкына таныс емес, орыстың гуманистері мен классиктерінің мұрасына
қол созылуы аса зор маңызы бар факт болды,-деп жазады М.Әуезов бұл орайда
13-48
Абайдың бұл өріске шығуына ақынның өз талпынысы, өз ізденісіне қоса Семей
жеріне айдалып келген революционер-демократ достарының да игі ықпалы
болғаны байқалады. Солардың ішінде әсіресе, Евгений Петрович Михаэлисті
ақынның өзі ерекше атайды.
Евгений Петрович Михаэлис 1841жылы 26 қазанда,Петербург қаласында дворян
семьясында туған.Евгений Петровичтің әкесі,Петр Иванович Михаэлис
оқыған,мәдениетті адам болған,семьясында Николай, Александр,Евгений деген
үш ұл мен Людмила, Мария деген екі қызы болған. Ол Сыртқы істер
министрлігінде, кейіннен соттар палатасында қызмет істейді.1839 жылы Санкт-
Петербургтың қала начальнигі болады,1848 жылы отсавкаға шығады.
Михаэлистің анасы Евгения Егоровна балаларына зор тәлім-тәрбие берген өте
саналы әйел екен. Михаэлистің анасы сонымен бірге тамаша музыкант та еді.
Михаэлис Петербург университетінің физика-матеметика факультетінің
жаратылыс бөліміне түседі.Е.П.Михаэлис универсиетттегі үш жыл ішінде өзінің
зеректігімен,ұғымталдығымен,жақсы мінезімен,шешендігімен көзге түседі.
Е.П.Михаэлис революциялық ағымның екінші дәуірінің алпысыншы жылдар
қозғалысы деген қозғалыстың белсенді қатысушысы. Ол студенттер
қозғалысында ерекше міндет атқарды.
Ол жайында ол тамаша дарынды, қажырлы, жас болды. Ол кезде мұндай келісті
адамдар сирек кездесуші еді. деп жазады.
Көп ұзамай патша өкіметі көтеріліске қатынасқаны үшін Михаэлиспен бірге үш
жүздепй студентті тұтқынға алады. Ерекше комиссия 32 студентті оқудан
шығарып, көтерілістің басшыларынан алты студентті жер аударумен тынады.
1861 жылы желтоқсанда Михаэлисті Петрозаводскіге жер аударады. Бірақ,
губернетор Арсеньевтің –қаладан 20 шақырым жердегі қыз ұзатқын тойға
қатынасты ,-деген өтірік жаласын сылтау етіп, 1863 жылы Михаэлисті Тобол
губерниясындағы Тара қаласына жібереді.
Тара қаласында Михаэлис алты жыл тұрады, 1869 жылы оны Семей қаласына
жібереді. Мұнда ол 13 жыл тұрады. Семей қаласында жүргенде Е.П.Михаэлис
Абаймен танысады.
Ол 1869 жылы Семей қаласына келген соң Ішкі істер министрінің арнаулы
рұқсатымен әскери губернатордың жанындағы облыстық басқармада ерекше
тапсырмаларды орындайтын кіші чиновник болып қызмет істеді.1871жылы
минаралды отын шығаратын өндіріс орнын зерттеу үшін ол Зайсан уезіне
іссапармен барды.
Михаэлистің ұсынысымен 1878 жылы Семей қаласында облыстық санақ
комитеті ұйымдастырылды. Бұл комитет қазақ өлкесіндегі экономика, тарих,
шаруашылық және табиғат мәселесін зерттейтін ғылыми мекеме болды. Евгений
Петрович сол комитеттің тұңғыш секретары болып қызмет атқарды.
Михаэлистің басшылығымен 1883 жылы Семейде тұңғыш өлкетану музейі
ұйымдастырылды. Михаэлистің бойынан жалындаған қоғамдық, ғылыми талант сан
алуан еді. Жыл сайын ол экспедицияға қатысып отырды.
Е.П.Михаэлистің Өскеменде 31 жыл тұрды.1913 жылы 2 желтоқсанда 72
жасында жүрек ауыруынан қайтыс болды.Орыстың революцияшыл-демократтары
Чернышевскийдің , Добролюбовтың , Шелгуновтың саяси жолын
жақтаушы, әрі шәкірті Михаэлис осы алдыңғы қатардағы демократтардың
әлеуметтік идеясын Абайға ауызша жеткізді, астана өмірінен әр жайда түсінік
беріп, әңгіме айтатын.Сонымен бірге Михаэлистың өзі де ақындық қабілеті бар
адам тәрізді, оған оның мынау өлеңі дәлел:
Шөп гүлдеп,өзен тасып жамырасар,
Серпіліп қара түнке бір күн қашар,
Оянып тіршілік пен жәндіктер де,
Өмірімен жаңа туған амандасар,

Таң жиектен бозарып,су сарқырап,
Тұрмайды түндегіше ай жарқырап,
Қоңыр жел денең сүйіп, бойың балқып,
Жақсы өлім таң сәріде ажал сұрап.

Шық түскен, шөп түрленген,меруерт басып,
Күн шығып, мұнар тауға нұрын шашып,
Тұңғиық қараңғымен қайғың кетер,
Өле алсам атқан таңмен амандасып.

Михаэлистің Абаймен алғашқы кездескен уақыты жетпісінші жылдың аяғы болуға
тиіс, өйткені, кітапхана сол кезде ашылған, 1882 жыл шамасында Михаэлис
Өскеменге кеткенімен Абай екеуінің арасындағы қатынас үзілмеген. Абай да,
Михаэлис те Семейге келіп-кетіп жүрген. Михаэлис Абай ауылына да барып,
қонақта болған, ал Абай Михаэлиспен Өскеменге барып кездескен [5,266].

Е.Михаэлис-Петербург университетінде оқып жүрген студент кезінде жер
аударылған, атақты Н.Г.Чернышевскийдің жақын танысы, ол кездегі белгілі
демократ-революционерлердің бірі-Шелгуновтың балдызы, баяғы оқулықтардан
оқыған Чернышевскийді патша жендеттері жазалағанда оның аяғына гүл шоғын
лақтыратын Мария Петровнаның туған інісі еді.
Абай досы Михаэлистің ұсынысы бойынша оған дейінгісіндей қолына түскен
кітаптарды емес, көркем әдебиет, сын, философия, табиғат ғылымдары, әр
алуан тарихтық кітаптарды таңдап, талғап, жоспармен оқитын болған.
Дәлірегінде Семей кітапханасында танысып, кейін жақынырақ білісіп, достас
адамдардың халіне жеткен адамына-Абайға бұл
кітапты оқуға Михаэлистің өзі берген тәрізді. Кейін ұлы ақынның оны есіне
алғанда Дүниеге көзімді ашқан кісі-Михаэлисдейтіні де осыдан.
Осы арада бір тоқтала кететін жай, кейбір зерттеушілер Абайдың осы сөзін
тура қалпында қабылдап, Е,Михаэлисті ұстаздық деңгейге көтеріп, асыра
бағалайтын сыңай танытады. Бұл-қате түсінік.Шын мәнінде ол бар болғаны,
Мұхаң әділ атап көрсеткендей, ең әуелгі іздену, қалыптасу кезіндегі жол
нұсқаушы есепті ғана. Ал Абайдың аса зор сүйіспеншілікке тола жоғарыдағы
сөзі-оның өзіне Дрэпермен табыстырғанына, оның тек Еуропаны ғана емес,бүкіл
адамзаттың ақыл-ойының даму тарихын сабақтастыра саралап көрсеткен , жер
бетіндегі басты дін атаулының тарихына талдау жасай отырып, олардың
ғылымға негіз болғанын кейін діни догма мен ғылым арасындағы күрестің
қандай жолдармен дамығанын нақты тарихи деректермен ашып, түсіндіріп
берген тамаша еңбегін оқу мүмкіндігін туғызғанына деген ризалығы,
азаматтық алғыс екені даусыз. Өйткені, Михаэлис болмаса, Абай Дреперді
білмес еді, оның танымдық дерегі аса мол, бірақ жалпы жұртшылықтың оқуына
арналмаған кітаптарды оқымас та еді [14].
Жасы отыздан асқан соң Абайдың күндегі өмірінде үлкен орынды тек кітап
алады. Әдейі қала кітапханасы үшін Семейде қыс айларында ұзақ жатып, өз-
өзінен іздене бастайды.
Абайға жолығып, онымен дос болған Михаэлистер ол күнде өздері жеке бастары
Ресейде даңқы шыққан кісілер болмаса да, Абай сияқты кісілерге ала келген
ой-пікірлерімен, ұлы бағыттарымен аса зор тарихи істерді бастаған, ардақты
өкілдері еді.
Михаэлистің өзінің тексерген саласы табиғат ғылымы болса да жердің
жаратылысын оқыған әр тарау жолдардан мағлұматы болған мәдениетті адам,
Абайға қандай кітапты оқу туралы шынымен үлкен бағыт берген.
Бұрын қолына түскеннің бәрін талғаусыз оқып жүрген Абай ендігі оқуын
Михаэлистің ұсынуы бойынша үлкен тәртіпті ретке қойып, көркем әдебиет, сын,
философия, табиғат ғылымдары, әлеумет жайындағы кітаптарға шейін тарау-
тарауымен, жоспармен оқитын болған [15,120.].
Семей қаласында халық арасына білім тарату ісімен алғаш шұғылданушылар
Абайдың орыс достары болған.Олар мәдени ағарту мекемелерімен қатар,ғылым
тарататын орындарының да болу қажеттігін ескерген. Осындай себептерден
келіп, 1878-жылы Семейде өлкені жан-жақта зерттейтін Статистика комитеті
құрылады. Комитеттің хатшысы болып Е.П.Михаэлис тағайындалған. Ал 1886-
жылы 4-мамырда Абай Семейдегі Статистика комитетінің толық мүшесі болып
сайланады.
1883 жылы қалада өлкетану мұражайы құрылып, қоғамдық кітапхана ашылады.
Өлкетану мұражайын ұйымдастырушының бірі болған Абай қазақ халқының өмір-
тіршілігін бейнелейтін алпыстан астам бағалы заттарды әкеп берген. Оның
көпшілігі әлі күнге қаладағы мұражай мен Абайдың Жидебайдағы үйінде
сақтаулы.
Гоголь атындағы кітапхананың ішіне кірген кезде, американ саяхатшылары,
журналист Джорж Кеннан, суретші Фрост туралы айтпай кетуге болмайтын
тәрізді. Олар Семейге 1885-жылдың жазында келген. Джорж Кенан Семейдің
белгілі адамдарымен көбімен кездескен. Солардың ішінде Абайдың досы
А.Льонтьевпен де әңгімелескен.
А. Леонтьев Джорж Кенанға Абай туралы, оның парасаттылығы мен ақыл-ойы
жайында айтып берген. Кейініректе жарық көріп, дүниежүзіне әйгілі болған
Сібірдеген кітабында Джорж Кеннан осы Льеонтьевпен кездескені,
әңгімесінің бірі Абай жайлы болғанын жазған.Дарвин мен Бокляны, Дреперді
Абайдың жақсы білгеніне қатты таңданған. Көшпелі халық өкілі Абайдың бұл
ісін ол кереметке балаған [16,285.].

Нифонт Иванович Долгополов Воренеж губерниясындағы Бирюч
қаласында,1857 жылы туды.Оның әкесі Бирюч уездік дворяндар басқармасының
кеңсесінде іс жүргізуші болып қызмет істеуші еді.
Долгополов Воронеж қаласындағы діни семинарияны тауысқан соң,
Харьков университетінің медицина факультетін бітірді, бірақ, диплом ала
алмады. 1879 жылы университеттен шығарылып, жер аударылды.
Ол жиырма жасында-ақ саяси өмірге белсене қатынасты. 1878-1879 жылдарда
В.П.Теллалов, И.Глушков және И.Блиновтар басқарған Харьковтегі революцияшыл
үйірмесіне мүше, студенттердің белгілі бір басшысы болды.
Семейдегі облыстық әскери губернатор, генерал лейтенант Цеклинскийге, Дала
генерал губернаторы Колпаковский 1884 ж.26 апрельде жазған ерекше жасырын
мәлімдемесінде былай дейді:
-Ішкі істер министрінің серігі мырза, полицияның бастығы 26 мартта1356
номерлі қатынаспен Бирюч уездік дворяндар басқармасының кеңсесіндегі іс
жүргізушінің баласы, Воронеж губерниясында туған Нифонт Иванович Долгополов
,Харьков университетінде оқып жүргенде студенттердің арасында социалистік
идея таратқаны үшін, полиция мен университет инспекциясының назарын сан рет
аударып еді.
Долгополовты 1878-79 ж Харьков қаласында болған революцияшыл үйірмеге мүше
болғаны, ол үйірме мүшелері Сходке мәжіліс ұйымдастырып, тыйым салынған
шығармаларды оның ішінде Земля и Воляжурналын оқығаны анықталды.
Харьковтың бұрынғы уақытша генерал-губернаторы Долгополовты 1879 жылы
полицияның бақылауымен Батыс-Сибирьге жер аударылды, онда барысымен Тобол
губерниясының Курган деген қаласына жіберілді.
Курган қаласында Долгополов саяси айып тағылып,айдалып келген Хася Шурге
үйленді. Хася Шур Россияда да, шетелде де бірнеше рет қуғынға ұшыраған
екен,ол өзі дәрігер еді.
Курган қаласында 1881 жылы нояябрь айында Долгополов патша Александр ІІІ ге
тағзым етіп, ант беруден халық алдында бас тартты. Сондықтан 1882 жылы
12сәуірде ерекше мәжіліс айдаудағы Долгополовты 5 жыл полицияның қатаң
бақылауында болсын деп шешім шығарды.
Долгополов Семей қаласында айдауда жүргендермен тығыз байланыста болған.
Дәрігерлікпен қатар, әдебиетпен және ғылыми жұмыспен шұғылданған.
Міне, осы кезде Долгополов Абаймен танысқан. Абай оны өз ауылына қонаққа
шақырып отырған.
Ол жайында Тұрағұл естелігінде келтіреді:
Бір күні –дейді Абайдың баласы Тұрағұл-үйде отырғанда әкем Долгополовқа
өзінің балаларын сынап бер,-деді.. Сіздің балаларыңыз өте жақсы, ақылды,
бірақ оқымай, білім алмай, еңбек етпей, ауылда бос отыра берсе, олар
бұзылып кетеді, бұларды қалаға жіберіп оқыту керек,-деді оған Долгополов.
Долгополов Бақанас деген жердегі Абайдың жазғы жайлауында болады. Сол кезде
Абай өзінің атақты Жаздеген өлеңін шығарыпты.
Долгополов Семейге жүрерде Абай : Нифонт Иванович, сіз менің білім алуыма
көп көмектестіңіз, біздің кәдеміз бойынша шәкірт өзінің ұстазына ең
қымбатты нәрсе сыйлауға міндетті,-дейді.
-Мен сіздің қайнаған бұлағыңыздың көзін ғана аршыдым, сіз маған ешнәрсе де
берешек емессіз,-деді Долгополов әкеме. Ешнәрсе алмай ол Семейге қайтып
кетті,-дейді Тұраш.
Cол жылы Долгополов өзінің айдау мерзімі тақалып, яғни 1886 жылы бітетінін
айтып, оның Россияға қайтуына рұқсат етуін өтініп Семейдің генерал-
губернаторына арыз береді. Бұл арыз Дала генерал-губернаторы, генерал-
лейтенант Колпаковскийге жіберіледі. Ол Долгополовтың басында бірнеше
мемлекеттік қылмыс болғандықтан оған жеңілдік жасауды мен міндетіме ала
алмаймын-деп жауап қайтарыпты.
Долгополов 1886 ж. қарашада Харьков қаласындағы медицина университетіне
түсіп, оқуын аяқтауға рұқсат алады. 1887 ж. ол университеттің барлық курсын
өте жақсы бағамен бітіріп шығады.
1892 ж. ол мемлекеттік мекемелерде қызмет етуге рұқсат алады. 1893-1895
жылға дейін Москваның Курский вокзалында қысқы ауруханада хируг-ординатор
болып істейді.
Долгополов ғылыми жұмыстарға көп еңбек сіңірді.Медицина жайында ол отыз
шақты мақала жазды.
Долгополов 1922 жылы 16 қаңтарда Астраханьда қайтыс болды.Сүйегі Москва
қаласына әкеліп жерленді.
Павел Дмитриевич Лобановский өзінің айдау жазасын Өскемен жақта өтеп
жүргенде, 1884 жылы тамыз айында Семейге ауыстырылады. Қалаға келісімен-ақ
өз достарының айтуымен Абаймен танысқан сияқты.
Сөйтіп Лобановский қарандашпен Абайдың суретін салады, және портретке
Абайдың тегін, жасын, ғалым екенін жазады.
А.А.Леонтьев-Семей қаласына 1884 жылы келді.Семейге келген Америка
саяхатшысы журналист Д.Кеннанды өзіінің үйіне қонаққа шақырып, өзі сияқты
15 саяси қуғындалушылардықатыстырды.
Абайдың достарыГросс, Долгополов, Лобановский, Леонтьев,Блек.1884-1887
жылдардың арасында келіп, әрқайсысы 2-3 жылдан артық тұра алмай,басқа жаққа
ауысып, Абайдан қол үзіп қалады. Бұл топқа жататын саяси қуғыншылар Семейгк
келгенде, Шыңғыс еліне барғанда, Абай 40-жастан жаңа асқан. Олар-кемеліне
әбден келген, орысша сауатты, орыстың, батыстың классикалық әдебиетінің
озық үлгілерімен таныс, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген Абаймен
кездесті. Ұлы ойшылмен кездесу үстінде, оның жан-жақты білімді қазақ
екеніне таң қалды .Абай туралы айтқанда, жазғанда бұлар біз Абайды
үйреттік, ықпал етіп, білімін көтеріп тастадық деп отырған жоқ. Білімді
қазақпен кездесіп, достық жағдайда қарым-қатынас жағдайларына дән риза
[17,136.].

1.2 Абай мұрасының орыс тілінде танылуы

Патшалық Ресей тұсында Абайдың әдеби мұрасының орыс тілінде танылуы
мен зереттелуі-Орыс, қазақ халқының аса тереңде жатқан достығының зор
айғағы. Ұлы ақынның көзі тірісінде шығармалары өз атынан жарияланбағанын
еске алсақ, қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тағдыры қандай жан
төзбестік дәрежеде болғанын көрсетеді. Бірақ солай болса да халықтың
көкейкесті арманын жырлаған Абай шығармаларының қазақ даласына төңкеріске
дейін-ақ бірден-бірге көшу арқылы өз атынан, кейде тіпті аты аталмай-ақ
халықтық шығарма ретінде таралса, кейде біреулердің атынан басылып
таралғаны белгілі болып отыр. Тағдыры қызық Абай мұрасына баға беру, таныту
мәселесі қазақтың қоғамдық ой-пікірінде ерте кезден-ақ басталғаны сияқты
бұл мәселе орыс тілінде де ертеден-ақ басталған екен. Тіпті Абайдың әдеби
мұрасының бағыты сияқты күрделі мәселеге орыс тілінде тұңғыш рет пікір
айту, іш тарта жазу да демократиялық бағыттағы интеллигенттерінің дәстүріне
мықтап енген еді.
Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің ролін сол дәуірдегі
демократиялық бағыттағы Айқап журналы Біздің көбімізге Абайдың кім екені
де белгісіз. Оның кім екенін бізге орыстар танытып жатыр [18]. - деп,
әділ, тарихи шындыққа сай бағалаған. Төңкеріске дейін орыс тілінде
жарияланған Абай туралы оннан астам деректерде пікір қозғалуы Айқап
журналы айтқан ойдың дұрыстығын көрсетеді. Онымен бірге бұл деректерде
айтылған пікірлердің Абай мұрасының танылу, зерттелу тарихында өзіндік орны
мен елеулі мәні бар.
Абайдың ақындық өнеріне бой ұрып, құлай берілген 40-тан асқан кезі еді.
Бұл дәуірде Абай біліп, көпті көрумен бірге Семейдегі мәдениет өкілдерімен
де іштей араласа бастағаны оның 1886 жылы облыстық статистикалық
комитетінің толық мүшелігіне Өскеменнен Е.П.Михаэлис, Павлодардан
А.И.Деров және Ф.П.Плещеев, М.Ф.Степанов, С.И.Хабаров, С.С.Никитин және
тағы басқаларымен бірге сайлануынан да көрінеді. [19]. .
Абайдың орыс әдебиетімен танысуын біз, көбінесе, оның орыс достарымен
қатынасынан бері қарай деп келеміз. Шынында, орыс оқығандарының
хабарлауынша, Абайдың орыс әдебиетімен танысуы ертенден-ақ басталған. Оған
Потаниннің Абайдың немере туысы Халиолла туралы айтқаны дәлел [20]. .
Ол бұл мәліметінде Халиолланың Тургенев, Лермонтов, Толстой, Белинский,
Добролюбовтарды өз жерлестеріне насихаттаушының бірі болғаны туралы қызық
деректер келтірген. Олай болса, жас кезінде-ақ Абай орыс әдебиетінің
прогресшіл өкілдерімен алғаш рет туысы арқылы танысқан деуге әбден болады.
Себебі жасында орыс тілін небәрі үш-ақ ай оқыған Абайдың орыс классиктерін
терең меңгеруі тез бола қоятын процесс емес. Бұл туралы әрекеті ертеден-ақ
басталған, жоғарыда айтылған мәлімет бұған негіз бола алады.
Абайдың өмірі мен шығармашылық өнеріндегі ерекшелікті орыс қауымына
алғаш таныстырушылардың өзі қазақтардың орысша оқып, Еуропаша білім алған
дарынды ұлдары Ә.Бөкейхановтан басталып, осы дәстүрді ары қарай
жалғастырушылар – Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, қазақ қыздарынан
шыққаны Нәзипа Құлжановалар болатын-ды. Атақты ғалым, фольклорист
Потаниннің өзі Абайды Белослюдовтар арқылы білген.
Орыс тілінде Абайдың өмірі мен творчествосын топтастырудың тұңғыш
қадамын Әлихан Бөкейханов бастады. Бірақ кеңестік заманда Әлихан
Бөкейхановтың жазаға ұшырап, ол жазған аса бағалы еңбектердің бәрі де,
тіпті оны атаудың өзіне тыйым салуы – соңғы ұрпақтың ол жөнінде мүлде
хабарсыз қалуына алып келді. Яғни оның қаламынан туған еңбектің бәрі де
ақтаңдаққа айналып кетті.
Ә.Бөкейхановтың Абай туралы жазылған Абай Құнанбаев азанамасы
(некролог) Абайтанудағы тұңғыш адым, бастапқы еңбектердің бірегейі десе
болғандай. Өйткені орыс қауымы алғаш рет қазақ әдебиетінің классигі, қазақ
әдебиетіндегі жаңа бағытты бастаушы жаңашыл, ойшыл ақын Абай туралы тұңғыш
рет толық мағлұмат, жүйелі ұғым алды.
Абай өмірбаяны мен өскен ортасы көшпелі өмір бесігінде тербеліп өскен
қазақ болмыс ерекшелігі білгірлікпен аша отырып, ұлы ақынның сөз өнеріндегі
шеберлік пен шешендік билік өнеріне халық арасында жетілу жолы да қапысыз
ашылуы орыс оқырмандарына тосын жаңалық ретінде қабылданды.
Абайтану тарихында Абайдың ақындық өнер мен ислам дініне қарым-қатынасы
жайлы аса күрделі мәселеге де тұңғыш рет Әлихан Бөкейханов тарапынан
білікті пікір айтылуы сол кезең үшін айтарлықтай жаңалық болумен бірге
бүгінгі ұрпақ үшін де мән-мағынасын сақтап отырған танымдық мәні бар пікір
деп білеміз.
Оның Абай поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай
сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны
әлі кездескен жоқ, - деп білгірлікпен баға беруі – Абайдың әдеби мұрасын
терең танып білген зерделі зерттеуші аузынан ғана шығатын жасампаз таным.
Осы еңбекте Тұрағұл Абайұлының ұлы ақын шығармаларын жинастырып,
Императорлық Ресей Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі арқылы
жариялайтыны туралы хабарлауы да тосын жаңалық еді. Өйткені 1928 жылы
Тұрағұл (Тұраш) тәркілеуге ілініп, айдалып кетуіне байланысты ақтаңдаққа
айналып, абайтану тарихында сөз етілмей келгені жұртшылыққа танымалы жай.
Ә.Бөкейханов Абайдың ақындық кітапханасының Еуропалық саласына алғаш
рет жетерліктей дәрежеде мән бере отырып, алғаш рет пікір айтқан автор еді.
Осы өміршең пікір кезінде айтылса да Абайдың өзі:
Білімді іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім, -

деп ескерткен пікіріне соңғы жылдарға дейін мән берілмей келді. Абай
дүниетанымына терең бойлау әрі ұлы ақын мұрасының нәр алған рухани көздерін
танып, білу үшін де Батыс пен Шығыс мәдениетімен іштей творчестволық қарым-
қатынасқа түскен ұлы ақын мұрасының болмысын жете танудың өзі қиын нәрсе.
Міне, автордың орыс оқырмандарына танытпақ болған ой-толғаныстарының
абайтану саласында бағыт-бағдар ұстанар көсем пікірге айналса да
зерттеушілер бұл ой-пікірді ғылым айналымына түсіруге идеологиялық
қыспақтың құрсауында қалып, мүмкіндігі болмай келді.
1914 жылы Әл-Шархиятта басылым көрген Нұқ Рамазанов жазған Абай
Құананбаев (1845-1904) мақаласы да бүкіл Ресей оқырмандарына қазақ
әдебиетінің ұлы классигі Абайдың өмірі мен ақындық өнерін танытуда елеулі
роль атқарды [21]. Абайдың шығармаларында қазақ халқының рухани
өміріндегі өзгерістер айқын бейнеленген - деп Абай мұрасының реалистік
болмысын аса жоғары бағалай отырып, орыс оқырмандарын ұлы ақын
шығармаларының таралу жолдарымен хабардар етті [22,65.].
Орыс жұртшылығы Абай өлеңімен ресми түрде 1914 жылдан бастап таныса
бастады. Ал Абайдың 1889 жылғы Дала уәлаяты мен 1896 жылғы Алекторовтың
бастырған өлеңдері орыс тіліне аударылып басылғанымен Абай атынан тарамай,
Көкбайдың атымен тараған еді [23]. Революцияға дейін Абай өлеңдерімен
орыс жұртшылығының танысуы 1914 жылғы Шығыстану институтының Әл-Шархият
жинағынан басталды. Бұл жинақта Абайдың аударылған төрт өлеңінің қарасөзбен
мазмұны ғана берілді.
Ол өлеңдер: 1. Лето (Жаз) – аударған Сатылған Сабатаев. 2. О
любви (Желсіз түнде жарық ай, Поэт), Адамның кейбір кездері,
Пожалейте меня (Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?) өлеңдерін Нұрғали
(Нұқ) Рамазанов (Ақтөбелік) аударған.
Бұдан соң Сибирский студент [24.. 24журналында Абайдың –
Желсіз түнде жарық ай деген өлеңі шығады. Революцияға дейін орыс
жұртшылығының қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармасымен таныстығы осылармен
ғана шектеледі. Бұл аудармалардың бәрі де Абай өлеңінің жалпы мазмұнын
баяндағаны болмаса, ақын поэзиясының өзіне тән көркемдік қуатын жеткізе
алмаған. Дегенмен, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтануға кіріспе
Абай - аудармашы. Абайдың орыс ақын-жазушыларынан аударған аудармалары
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Абай шығармашылығы
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Абай Құнанбаевтың ғұмырнамасы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Абай Құнанбаев өмірбаяны және шығармалары
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Пәндер