Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында



Бiрде солтүстiктен, ендi бiрде оңтүстiктен қандай дауыл соғады екен деп ұзақ жылдар екi алып империяның қас-қабағына қарап ғұмыр кешкен алаш жұртының тұрмыс-тiршiлiгi үнемi бейжай, жайбарақат болған емес. Ресей құрамындағы қазақтардың қал-жағдайынан бiраз хабарымыз болса да, қыр асқан, Аспантау аясындағы қандастарымыздың жат елде басынан өткiзген оқиғаларын, қиямет-қайымдарын көп бiле бермейтiнiмiз шындық.
Мiне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде жуырда Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы бас болып жарыққа шығарған Шыңжаң қазақтарының танымал жазушысы, белгiлi әдебиетшi-ғалым, ҚХР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Оразанбай Егеубаевтың «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» деген роман-эссесiнiң бiздiң мәдени өмiрiмiздегi алатын орнының ерекше екендiгiн мойындауымыз қажет.
Жаңа шығарманың тағылымы мол. Қытайдың қоғамдық-саяси өмiрiнен, оның iшiнде қазақ қауымына тiкелей қатысты дүниеден көп мағұлымат аламыз. Халқының рухани төл байлығын бойына еркiн сiңiрген жазушының жаңа кiтабының тiлi шұрайлы, әшекейлi, кестелi, бояуы қалың. Романның шым-шытырық оқиғасы оқушыны ерiксiз өзiне тартады, қызықтырады, көп ойға қалдырады. Кiтапта сөз болған хикая жазушының ойдан құрастырған қиял-ғажайып әңгiмесi емес – бәрi Оразанбай мырзаның басынан кешкен, дүниеде болған оқиғалар. Осыны оқып, ой елегiнен өткiзгенде өмiрдiң өзi тұнып тұрған тарих-шежiре екендiгiне көзiңiз жеткендей болады. Дей тұрсақ та, автор мұны жалаң баяндауға ұрынбайды, шым-шытырық, бытықы-шытықы деректердi бiр жүйеге келтiрiп, көркем шығармаға қойылатын биiк талаптар тұрғысына көтере бiлген. Мұның құндылығы да осында жатса керек.
1. Қазақтың мақал-мәтелдері Алма-Ата 1955
2. Қазақтың би-шешендері Алматы 1993
3. Батырлар жыры Алма-Ата 1955
4. Қазақ Совет энциклопедиясы Алма-Ата 1978
5. Қозыбаеы М. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары Алма-Ата 1979
6. Назарбаев Н.Ә. “Тарих толқынында” Алматы 1999
7. Боздақтар. Тараз. 2000
8. Қазақ Совет энциклопедиясы 4 том Алма-Ата 1978
9. Назарбаев Н.Ә.“Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”Алматы 2000
10. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы Тараз 1999
11. Педагогика тағылымы Алматы 2003
12. Шаханов М. “Төрт ана” Г. “Егемен Қазақстан” 23.08.1995

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ЖАЗУШЫ ОРАЗАНБАЙ ЕГЕУБАЕВТIҢ КӨКБӨРI НЕМЕСЕ ТАҒДЫР ТӘЛКЕГI АТТЫ РОМАН-ЭССЕСI ХАҚЫНДА
Бiрде солтүстiктен, ендi бiрде оңтүстiктен қандай дауыл соғады екен деп ұзақ жылдар екi алып империяның қас-қабағына қарап ғұмыр кешкен алаш жұртының тұрмыс-тiршiлiгi үнемi бейжай, жайбарақат болған емес. Ресей құрамындағы қазақтардың қал-жағдайынан бiраз хабарымыз болса да, қыр асқан, Аспантау аясындағы қандастарымыздың жат елде басынан өткiзген оқиғаларын, қиямет-қайымдарын көп бiле бермейтiнiмiз шындық.
Мiне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде жуырда Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы бас болып жарыққа шығарған Шыңжаң қазақтарының танымал жазушысы, белгiлi әдебиетшi-ғалым, ҚХР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Оразанбай Егеубаевтың Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi деген роман-эссесiнiң бiздiң мәдени өмiрiмiздегi алатын орнының ерекше екендiгiн мойындауымыз қажет.
Жаңа шығарманың тағылымы мол. Қытайдың қоғамдық-саяси өмiрiнен, оның iшiнде қазақ қауымына тiкелей қатысты дүниеден көп мағұлымат аламыз. Халқының рухани төл байлығын бойына еркiн сiңiрген жазушының жаңа кiтабының тiлi шұрайлы, әшекейлi, кестелi, бояуы қалың. Романның шым-шытырық оқиғасы оқушыны ерiксiз өзiне тартады, қызықтырады, көп ойға қалдырады. Кiтапта сөз болған хикая жазушының ойдан құрастырған қиял-ғажайып әңгiмесi емес - бәрi Оразанбай мырзаның басынан кешкен, дүниеде болған оқиғалар. Осыны оқып, ой елегiнен өткiзгенде өмiрдiң өзi тұнып тұрған тарих-шежiре екендiгiне көзiңiз жеткендей болады. Дей тұрсақ та, автор мұны жалаң баяндауға ұрынбайды, шым-шытырық, бытықы-шытықы деректердi бiр жүйеге келтiрiп, көркем шығармаға қойылатын биiк талаптар тұрғысына көтере бiлген. Мұның құндылығы да осында жатса керек.
Кiтаптың негiзгi өзегi басты кейiпкер Ошан (Оразанбай) төңiрегiнде өрбидi. Оқырман Ошанның соқтықпалы, соқпалы өмiр жолын байқайды. Әуелде ол Шәуешектегi Тұрсын Мұстафин гимназиясының табалдырығын аттаған балауса бал бөбек едi. Сосын ер жеттi, толысты, оқу-бiлiм айдынына сүңгiп, тәп-тәуiр қызмет атқарып, оңы мен солын ендi бiле бастағанда саяси айып тағылды, бас еркiнен айырылды. Аса қауiптi қылмыскер қамауға алынып, жазасын өтейтiн аты шулы Тарымға айдауға жiберiлдi. Мiне, негiзгi кейiпкердiң осы екi аралықтағы басынан өткiзген қым-қиғаш оқиғаларын Ошанның көзiмен көрiп, жүрегiңiзбен сезесiз. Билiктiң жан түршiгерлiк жайпау, жамсату, жайрату сияқты iс-әрекеттерiн байқайсыз, соның куәсi болғандай әсер аласыз.
Роман-эссенi оқи отырып, отаршыл ел басшыларының аз халықты тұқыртып, оларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың, қаскүнемдiктiң бiр-бiрiне өте ұқсас екендiгiн көресiз. Мәселен, осы шығармада сөз болған ұлтшылдармен күрес, стильдi түзету, зор секiрiс, мәдениет төңкерiсi сияқты аты әртүрлi болғанымен, негiзгi мақсат-мiндетi, алға қойған нысанасы бiр әртүрлi қимыл-айлалар бiзге белгiсiз дүниелер ме?
Қытай елiнде кең өрiс алған осы науқанды оңшыл ағымдармен, троцкийшiлермен, буржуазиялық ұлтшыл-фашистермен күресейiк, меңдешевшiлердi, сейфуллиншiлердi, рысқұловшыларды, сәдуақасовшыларды әшекерлейiк, халық жауларын ашық айыптап, көзiн құртайық деген ұранмен совет өкiметi де кең көлемде жүргiздi емес пе?
Жазушы Оразанбай Егеубаев Аспантау аясындағы елдегi осынау саяси қуғын-сүргiннiң қалай жүргiзiлгендiгiн, бұдан алаш азаматтарының көрген қорлығын, түрмедегi, айдауда болған кездегi аянышты хал-ахуалын нақтылы деректермен нанымды, көркем суреттей бiлген.
Қолыма дегеннiң не екенiн барып көрмесек те оның сонау Қиыр шығыстағы итжеккендер тұратын аймақ деп аталатындығын естiп-бiлгенiмiз, оқығанымыз бар. Негiзiнен саяси қылмыс жасап, қырып-жоюдан аман қалған, бiрақ 58-статьямен сотталған халық жауларының жазасын өтейтiн көп жерiнiң бiрi. Ал Қытайдағы Тарым дегенiңiздi бiздегi сияқты аса қауiптi қылмыскерлер айдауға жiберiлетiн аймақ деп естiгенiмiз болмаса, оның не қылған мекен екендiгi бiзге беймәлiм.
Кiтап кейiпкерi Ошан жазасын осында өтейдi. Танымдық тұрғыдан алғанда бiздiң бiлгенiмiз артық болмас деген оймен ол туралы автордың түсiнiктемесiне назар аудара кеткенiмiз жөн сияқты.
Сөйтiп, Тарым деген не қылған жер? Жазушы оны былай суреттейдi:
Шетсiз, шексiз меңiреу құм. Мына түскен жерiмiз ну орман. Құм мен орманнан қашып шығу мүмкiн емес. Ондай қиялдар тек есалаңдарға тән. Еспе-есерлiк шөлден қурап өлесiң. Құмға көмiлiп қаласың. Бiтеу орман адым аштырмайды. Аттап басып iлгерiлесең-ақ қозғалған орныңды қайта таба алмайсың. Адасып аштан өлесiң. Орманның қарға-құзғынына жем боласың. Көзiңдi ойып, iшегiңдi шұбатып кетедi (227-б).
Жазушы лагерьдегi тәртiп ережесiнiң де қатаң екендiгiн ескертедi. Қия бассаң, қыл аяғы дәрет жеңiлдетпек болсаң да баугау баңжаң, рұқсат па? дейсiң. Рұқсатпен қимылдайсың. Жұмысқа тiзiлiп барып, тiзiлiп қайтасың. Аттап сыртқа шықпайсың - атыласың. Тамақ берiлiсiмен iшiледi, кейiнге қалдырмайсың. Сырттан нәр алмайсың. Сотталғандар бiр-бiрiмен сөйлесiп, бас қосуға, мұң шағуға құқы жоқ. Бұл орынның құпиялығы сақталуға тиiс. Әшекерлесең - қолма-қол атыласың. Басқарушылармен еңбек қажетi туралы ғана сөйлесуге болады. Мiндет - бұрын айтылмаған қылмысыңды мойындау, басқалардың кемшiлiгiн әшекерлеу, саяси белсендiлiк таныту. Бойындағы арам тердi аянбай ағыл-тегiл төгу, соның бодауына жаңа клеткалар қабылдау, терiлерiң ғана емес, қандарыңды да жаңалау, өмiрге шыт жаңа адам болып тыңнан келу.
Мiне, осындай хал-ахуал жағдайында барлық зорлық-зомбылықты басынан кешiре отырып, ұлтшылдығы үшiн жер ауған Ошан қандай жағдайда болса да қазақ деген ұлтыңның қажырын көрсет. Арына, зердесiне зәредей кiр жұқтырма (8-б.) деген ұстаз тiлегiн естен шығармайды. Ол өзiнiң ұлтын, елiн, жерiн сүйген ұлтжандылығын жасырмайды, керiсiнше, оны мақтан етедi. Менiң ұлтшылдығым өзiн-өзi тұйықтап алатын, өзiнен өзгенi сыртқа тебетiн, көне дәстүрге өмiр бойы жерiк - мешеу ұлтшылдық емес, - дейдi автор. - Басқамен тең жасауды, қатар құдыреттенудi, күллi жаңалық атаулыға құштар ұлтшылдық. Мен тегiне тартуды қателiк деп мойындай алмаймын. Тегiм - түрiк, нысаным - Көкбөрi. Әр адам өз ұлтын жанындай сүюi, жаным деп бiлуi, қызғыштай қоруы, барлық күш-қуатын ұлтын өркендетуге арнауы керек. Ұлтын сүймейтiндер - мәңгүрт. Ата-анасын да, өзге халық ұлыс, ұлттарды да сыйламайды. Ұлтшыл адам Отанын нағыз сүйедi (107-б.).
Бiздiңше, әуелi Құдай десек, сонан соң Ошанды (Оразанбайды) осы қиямет-қайымнан, тамұқтан аман-есен, тiрi алып шыққан да сол ұлтына, халқына, елiне деген шексiз махаббаты, оның ертеңiне, болашағына деген үлкен сенiмi, асқақ арманы, ата-баба аруағының желеп-жебеп жүруi болса керек.
Оразанбай Егеубаев мырзаның жуырда жарық көрген Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi деген роман-эссесiнiң бiрiншi кiтабы, мiне, сондықтан да оқырмандарды, әсiресе жастарды, отансүйгiштiкке, патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор еңбек екендiгiн атап өткiмiз келедi.
Кейiн Орекең, Оразанбай Егеубаев, қылмысынан мүлде арылып, толық ақталды. Бұрынғы қызметi, атақ-абыройы орнына келiп, алаш жұртының ұлттық құндылықтарын аспандата түсуге бiлек сыбана кiрiскен. Қол жеткен жетiстiктерi, табыстары да ұшан-теңiз. Бұл жөнiнде, амандық болса, роман-эссенiң екiншi кiтабынан оқитын болармыз.
Амантай Кәкен

Қазақ тілі жанашырлары былтырғы сөзін жартылай бос залда биыл да қайталап тарасты
20 қыркүйек, 2010 Радио Азаттык
Рубрика Қоғам
Жексенбі күні Алматыда өткен арнайы жиында Қазақстанда заңды мәртебесін ала алмай отырған қазақ тілі туралы сөз болды.

Зиялы қауым өкілдері билікті сынаса, билік өкілдері үкімет бағдарламасында мемлекеттік тілдің мүддесі ескерілгенін алға тартты.
Қыркүйектің 19-ы күні Алматыдағы Санжар Аспандияров атындағы медицина университетінің конгресс-холлында өткен қазақ тілін қолдау акциясына ондаған адам қатысты. Акцияны ұйымдастырушы "Мемлекеттік тілді қолдау" қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шаханов үш жыл қатарынан тіл туралы акцияны өткізетін уақытта Алматы қаласы әкімшілігі қала күні мерекесін тойлауды әдетке айналдырғанын және биылғы акцияға Алматыдағы екі жоғарғы оқу орны студенттерді жібермей қойғанын атап өтті.
"ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСІН"
Қыркүйек айының басында "Мемлекеттік тілді қолдау" қоғамдық қозғалысы Алматы қаласы әкімшілігінен қазақ тілін қолдау акциясын өткізу үшін Астана алаңын немесе Ғалымдар Үйі алдындағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші орналасқан алаңды беруін сұраған еді. Ал қала әкімшілігі оларға акция өткізуге Санжар Аспандияров атындағы медицина университетінің конгресс-холлын берген.
Қазақ тілін қолдау акциясына қатысқан қазақ зиялы қауым өкілдері тіл туралы ойларын ортаға салды, кейбіреуі өз ойларын өлеңмен жеткізді. Жазушы Дулат Исабеков ана тілін білмейтін қазақтарға оң көзбен қарау қажеттігін айтты. Ал, ғалым Тұрсынбек Кәкішев Қазақстан президенті тек қана қазақша сөйлеуі тиіс деген ойын жеткізді.
- Менің ұсынысым - президентіміз бұдан кейін парламентте, үкімет отырыстарында қазақша сөйлесін. Президент шетелге барғанда да, Қазақстанда да тек қана қазақша сөйлесін, - деді Тұрсынбек Кәкішев.

"БҰЛ МӘСЕЛЕ ЖАҚЫН АРАДА РЕТТЕЛМЕЙДІ"
Жиында сөз алғандардың әрбірі қазақ тілі заңды мәртебесін иелене алмай келе жатқандығын атап өтті. Олар көтерген мәселе бойынша Қазақстан мәдениет министрлігі тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров жиналғандар алдында былай деді:
- Тіл туралы заңда да орыс тілінің мәртебесі жөнінде айтылған. Сондықтан бұл мәселе жақын арада реттеліп кетеді деп айта алмаймын.
Дегенмен шенеунік үкіметтің мемлекеттік тіл туралы бағдарламасында қазақ тілінің мүддесі ескерілгенін айтады. Ол акция барысында айтылған ой-пікірлерді үкіметке жеткізуге уәде берді.
- Бағдарламаның жобасы елдің саяси-этникалық ахуалына, елдегі ұстанымға негізделіп жасалған. Оның ішінде мемлекеттік тілдің мүддесі мүлде қамтылмаған деп айтуға болмайды. Көп тұстарда кемшіліктер болуы мүмкін. Мен сіздердің бүгінгі ұсыныстарыңызды биліктің қолына жеткізуге уәде беремін, - деді Бауыржан Омаров.
ЖЫЛДА ШЫРҚАЛАТЫН ӘН
Алматы қаласы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының директоры Мамай Ахет арнайы зерттеу жүргізу барысында өзге ұлттар арасында қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатындардың саны Алматы қаласы бойынша отыз пайыз екенін, ал мемлекеттік тілді мүлдем білмейтін азаматтардың саны он бір пайыз екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тілі мәселесін акция өткізу арқылы шешетін уақыт өткен.
- Меніңше, мұндай акциялардың уақыты өткен сияқты. Акция ұйымдастырғаннан гөрі түрлі салаларға қажетті сөздіктер дайындалса, азаматтардың тілдік құқығын қорғау сауаттылығына көңіл бөлінсе, құба-құп болар еді, - деді Мамай Ахет.
Ондаған адам жиналған бүгінгі шара барысында осындай жиындарда шырқалатын әндер салынып, өлеңдер де оқылды. Акция соңында, әдеттегідей, Қазақстан президентіне, парламентіне, үкіметіне және жалпы қазақ халқы атына ашық хат қабылданды.
Осыдан туралы бір жыл бұрын, 2009 жылы қыркүйек айында Алматыдағы Республика сарайында өткен мемлекеттік тілді қолдау акциясына жүздеген адам қатысқан еді. Ал бұл жолы Санжар Аспандияров атындағы медицина университетінің конгресс-холлындағы жиында залдағы орындардың жартысы бос тұрды.
Былтыр осындай акцияда сөйлеген қазақ зиялылары тіл мәселесін биылғы жиында да қайта сөз етіп тарасты

Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
* Әлеуметтану және саясаттану
* Қазақша рефераттар
* Реферат
Бөлісу...
Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі - Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі - тіл мәселесі.
Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы - біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімі��ді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл - күйініш деген еді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін айта бастасаң, тілдердің үштұғырлығын алдыға тартатын кейбір әдеттер пайда болды. Әлемдік қарым-қатынаста�� мидай араласқан заманда көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен алдымен өз тіліміздің көсегесін көгерткен дұрыс екендігін біразымыз түсінбей жүрміз. Бұл жөнінде Елбасы шешімді ойын, кесімді пікірін айтты. Ол кісі редакторлармен кездесуінде: Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді деп, мемлекеттік тілді елегісі келмей, орыс тілі мен ағылшын тілінің қосағына көгендеп жібергісі келгендерге түсінікті етіп, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындап берді. Баршамыз, тіл саласының қызметкерлері де, тіл жанашырлары да, жастарымыз да қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, яғни еліміздегі басымдығын үнемі насихаттап жүруіміз қажет.
Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек десе, М.Шоқай Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл, М.Жұмабаев Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт - тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында. Десек те, тәуелсіздігіміз ат жалын тартқан азамат жасына жетсе де, осыны көптеген қандастарымыз түсіне алмай, түйсіне алмай жүргені шындық. Біздің басты шаруамыз, Астананың зиялы қауымының жұмысы қазаққа қазақша сөйле, балаңды қазақша оқыт, жұмысыңды қазақша атқар деген сияқты жұмыстармен байланысты болып отыр. Бүгінгі халықаралық басқосудың да мақсатының бірі осындай шаруамен орайлас. Бұл күрес сонау Алаш қозғалысы дәуірінде басталған аманат күресі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы - ана тілі болып отыр. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.
Еліміздің бас қаласы - Астанада қазақы рух, ұлттық нышан қалыптасуы үшін көптеген нәтижелі шаруалар атқарылуда. Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндер десек, астана болғалы бері 20 қазақ мектебі ашылды. Қазақтардың саны көпшілікке айналып, алпыс пайыз шамасына жетті. Күні кеше бір ғана қазақ мектебінің болғанын, қандастарымыздың жиырма пайызға жетер-жетпес болғанын айтсақ, Астананың қазақтана бастағанына толық көз жеткізесіз. Үстіміздегі жылы қаламыздың даңғылдары мен көшелеріне үш жүзден астам қазақы атаулар берілді. Атаулар беруде ұлтымыздың тарихында айрықша орынға ие болған тұлғалардың есімдері, Қазақстанның әр түкпіріндегі жер-су атаулары молынан қамтылды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлерінің барлығының дерлік есімдері бар. Біз бұларды көлденең тарта отырып, қаламызда мәселе толық шешілді деп отырғанымыз жоқ, бұл бағытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Біздің ойымызша, ең алдымен қазақ баласының ана тілінде білім алуына баршамыз ықпал жасауымыз қажет. Олай болмайынша ертең ержеткен, бойжеткенге, бүрсүгіні мемлекеттік қызметкерге өз тілін үйретіп тағы әуре боламыз. Мұны кезінде Алаш зиялылары уақытында аңғарған. Ұлт ұстазы Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы: Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздері алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды деп тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді. Бұл бағытта, әсіресе, Білім және ғылым министрлігі мақсатты жұмыстар жүргізуі тиіс деп ойлаймыз. Балабақшаға, мектепке баратын бүлдіршіндердің ата-аналарымен насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақ мектебінің білім берудегі артықшылықтарын көрсете білу керек. Күні ертең қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тілге айналатынына оларды сендіру қажет. Ол үшін қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын көбейтумен бірге білім берудің сапасын арттыра беру мақсатында ойлы, орайлы шаруалар атқаруды қолға алған абзал. Осыдан барып балаларға арналған кітаптар шығару, уақыт талабына сай кинофильмдер, мультфильмдер, мультимедиалық бағдарламалар шығару мәселесі туындайды. Өйткені балаларымызды заманауи жаңалықтардан кенже қалдырмауымыз керек. Бұл салада мемлекет тарапынан жоспарлы жұмыстар жүргізілуі керек екендігі бесенеден белгілі. Сондай-ақ шығармашылық қауым бүгінгі заманғы технологияларды пайдаланып, осындай қажетті өнімдер шығаруды ойлағандары дұрыс. Алаш қайраткерлері өз заманында сол дәуірге лайық көркем шығармалар тудырды, ақпарат құралдарын шығарды. Ал біз ХХІ ғасыр жетістіктерін пайдаланып, ақпараттық технологияның қазақ тіліндегі үлгілеріне бет бұруымыз керек.
Алаш қозғалысының 90 жылдығын атауды Астана қаласы өткен жылы бастаған болатын. Біз бұл айтулы мерейтойды өткізуде, әсіресе, жастарға ден қойдық. Атап айтқанда, жоспарлы түрде Мұстафа Шоқайды еске алу кеші Гуманитарлық заң академиясында, Халел Досмұхамедұлын еске алу кеші Медицина академиясында, Хайретдин Болғанбаевты еске алу кеші Еуразия гуманитарлық институтында, Б.Күлеевті еске алу кеші Гуманитарлық колледжде және жалпы Алаш қозғалысының сипатын, маңызын, оның қайраткерлерінің өмір жолын жастарға таныту мақсатындағы шаралар жоғарғы оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында, мектептердің көпшілігінде өткізілді. Осындай жұмыстардың қорытындысы ретінде 7-8 қарашада Алаш және Әуезов атты халықаралық конференция өткіздік. Оған шетелдегі Алаш рухты азамат Хасан Оралтай, көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев, көрнекті тіл жанашырлары Мұхтар Шаханов пен Смағұл Елубай, Өзбекстандағы алаштанушы ғалым Махамбет Жүсіпов тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер шақырылған болатын. Осы конференция күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістері дайындаған Алаш ақиқаты қойылымы Еуразия университетінде, Агротехникалық университетте, Заң академиясында көрсетілген болатын. Аталған жоғары оқу орындарындағы кездесулер, халықаралық конференция, Алаш ақиқаты қойылымы қала жастарының ұлттық санасына айрықша әсер етті. Осылардан соң көптеген жастар ұйымдары құрылды. Ендігі жерде жастардың өзі мәселе көтере бастады. Айталық, Жастар және мемлекеттік тіл тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жастарымыз қатысып отырған депутаттарға тіл мәселесі, ұлттық рух, ұлттық намыс жөнінде өткір сұрақтар мен талаптар қойды. Яғни Алаш тағылымы жастарымыздың ұлттық абыройын ұлықтауға деген сезімін оятты, ойларын өрістетті.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады, - деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов Тарихты білмеу - тамырсыздық - дей келе:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі - десе [2]
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы XX ғасырдың алғашқы ширегін саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес - утопияға, демократияға емес - авториторизмге негізделген болшевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы - Алашорда үкіметін құрып, ұлттық-аймақтық негіздегі Алаш автономиясы мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы - тұл, алтын дегені - күл еді. Алаш партиясынсыз саяси күрес тарихын, Алашорда үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, Алаш автономиясынсыз Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру мүмкін емес [3].
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі.
Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді.
1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті.
Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды.
Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:
- мұғалімдер сиезін шақыру қажет;
- Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын;
- қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын;
Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4].
Осы сиезде Жаһанша Досмүхамедов: Біздің мақсатымыз - ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз, деп өз ойын білдіреді [5]. Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек.
Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде Алаш атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
1) Мемлекет билеу түрі;
2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі;
4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың Алашорда атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы Қазақ газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7].
Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі (Народный сот) таратылып, олардың орнына Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: міндетті бастауыш оқу енгізу, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.
1917 жылдың 21 қараша күні Қазақ газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. Алаш партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. Алаш партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда Ғылым-білім үйрету жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с.
Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан Алашорда үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9].
Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. Ойыл уәлаяты уақытша үкіметі - XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. Ойыл уэлаяты уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. Алашорда атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ Алашорда мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11].
Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады деп Жүсіп Баласағұнның Құдатғу білік еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі - автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі - Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі - Ахмет Байтұрсынов Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді, - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді, - деген [14].
Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: Біздің тәжірибемізде қазақ тілі - бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды, - деген пікірді айтқан [15].
Қазақ АССР-і орнағаннан соң 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ (қырғыз) білімпаздарының тұңғыш сиезі шақырылды. Осы сиезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми түрде қабылданған альфавиттің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі мәселелер талқыланды [16]. Ал 1927 жылы Қызылордада жазу (графика) мәселесіне арналған конференцияда А.Байтұрсынов сиезде айтқан пікірін қуаттай келе: Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб әрпін пайдаланып келеді. Әрқайсысының араб әрпімен жазылған хат мәдениеті бар (хат мәдениеті - сауаттылық, оның жүзіндегі өнер-білім, ілім, емле, үйрету әдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер т.т.). Хат мәдениеті бар халыққа бір әрпін тастап, екінші әріпті ала кою оңай нәрсе емес, - деп өз ойын білдірген.
А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол Оқу құралы деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.
Ал 1926 жылы Әліппенің жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент баспалары бірігіп шығарған [18].
Қазақ тілін талдап-тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек. А.Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек.
Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Алаш қозғалысының мүшесі, ғылым, әдебиет, өнер салаларында шығармашылық жұмыспен шұғылданды.
А.Байтұрсынұлы Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады деп санады [19]. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты [20].
XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр.
М.Әлімбаев: Туған жерді сүю - парыз, сүю үшін білу парыз - десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Ел-жұрт болып көптен күткен Ел бірлігі доктринасы Мемлекет басшысының мақұлдауымен үкіметке жіберілді. Бұл жобаны жасауға қоғамдық ұйым өкілдері, ұлт жанашырлары - ел ағалары мен азаматтары қатыстырылды.
Еске сала кетейік, осы доктринаның алғашқы ұсынылған жобасы өткір сынға ұшырап, оны талқылау тоқтатылған болатын. Бұдан кейін келісімге келген билік пен ұлттық бағыттағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және зиялы қауым өкілдері біріге отырып, жаңа доктрина жобасын жасап шықты. Сөйтіп, бір жарым ай бойы жасалған жұмыстың нәтижесінде жаңа құрылымды, өзгеше мәтінді доктрина өмірге келіп, Президент әкімшілігі тарапынан құрылған қоғамдық комиссияның назарына ұсынылды. Ұлт жанашыры, ақын Мұхтар Шаханов, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, жазушылар Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, сенатор Қуаныш Сұлтановтар бастаған 22 адамнан құралған комиссия жобаны мұқият зерделеп, оң бағасын берді. Талқылау барысында жұртшылық тарапынан түскен пікір-пайымдардың дәні бары ескерілмей қалмады. Нәтижесінде оны дайындаған топ өкілдерінің айтуынша, қазіргі қазақ қоғамына сай құжат дүниеге келді.
Алғаш рет азаматтық қоғам мен билік біріге отырып, өте маңызды, өте күрделі мемлекеттік деңгейдегі, ұлттық, ұлтаралық мәселенің болашағын белгілейтін құжатты дүниеге әкелді. Бұндай жағдай бірінші рет болып отыр,- дейді Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы Дос Көшім.
Қазынаның кіріс-шығысына - қатаң бақылау
Үкімет отырысында стратегиялық жоспарлаудың және бюджеттік бағдарламалардың орындалу жайы қаралды. Үкімет басшысы стратегиялық жоспарлау мен бюджеттік бағдарламаларға қатысты қаржыны тиімді жұмсау қажеттігін ескертті.
Кәрім Мәсімов Мексика түбегінде Бритиш Петролеум компаниясының қалқымалы қондырғысының апатқа ұшырауына байланысты орын алған қайғылы оқиғаның АҚШ-қа зардаптарын тигізгендігін, бұл өз кезегінде осы компанияның жұмысына қатысты көп сұрақтар туындататындығын айта келе мұнай және газ, қоршаған ортаны қорғау министрлері Сауат Мыңбаев пен Нұрғали Әшімовке жедел жұмыс тобын құрып, Каспийдегі мұнай өндіру жайына тексеру жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар үкімет басшысы өзінің бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы
Мектеп үлкен мектеп
З. Қабдоловтың Менің Әуезовім - М. Әуезов туралы жазылған көркем шығарма
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Қадыр Мырза Әлі
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Көркем прозадағы деректілік және психологизм
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Пәндер