Франция, АҚШ, Қытай қаржы нарығы



Франциядағы мемлекеттік қызметтің дәстүрлері ағылшын – американдықтан айрықша болып келеді.
Соңғы 250 жыл ішінде француздық тарихта шенеулік маңызды рөлге иемденді. Франциядағы мемлекеттік қызмет Германиямен қатар континентальді Еуропаның классикалық сипатына тән. «Бюрократизм» термині француз тілінен шыққан.
АҚШ-тағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері:
• Қызметкерлердің деңгейін анықтайтын, күрделі саяси – заңнамалық терминдердің болуы. Техникалық қызметкерлер мен АҚШ-ның штаттары немесе жергілікті органдардары мекемелерінде жалдамалы жұмыс істейтіндер жариялы жұмысшылар категориясына жатқызылады. Бір мезгілде үкіметтік қызмет және азаматтық қызмет түсініктері қолданылады.
ҚХР – ның төрағасы – бұл ҚХР-ның құрылымының компоненттік бөлімі. Төрағаның орны 1954ж қабылданған бірінші конституциямен бекітілді, ал 1975 ж күшін жойды, 1982 ж қайта қалпына келтірілді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Франция қаржы нарығы
Франциядағы мемлекеттік қызметтің дәстүрлері ағылшын - американдықтан айрықша болып келеді.
Соңғы 250 жыл ішінде француздық тарихта шенеулік маңызды рөлге иемденді. Франциядағы мемлекеттік қызмет Германиямен қатар континентальді Еуропаның классикалық сипатына тән. Бюрократизм термині француз тілінен шыққан.
Франциядағы шенеуліктер мемлекеттің жалдамалы қызметкерлері ретінде емес, ұлттық мүдделерді басқалардан өзге жақсы түсініп алатын, қорғай алатын және іске асыра алатын орынға әрқашан талпынды. Бұл қазіргі француздық мемлекетті қалыптастыру ерекшеліктерімен байланысты. Бурбондар мен Бонапарттардың абсолюттік режимдері шенеуліктерге сүйкенді, бірақ оған көптеген революциялық режимдер де қажет болды. Орталықтандыру тұрақты әкімшілік дәстүрге айналды. Бесінші республикада шенеулік өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Оның қатарынан шыққандар Президенттік (Помпиду, Жискар д' Эстен, Ширак) сияқты жоғарғы мемлекеттік орындарға ие болды.
Франциядағы мемлекеттік қызмет ұзақ уақыт бойы 1789 жылы жарияланған теориялық ашықтығы мен нақты жабықтығымен айрықшаланады. Лауазымды отбасылар арасында өздерінің балаларын офицерлік қана емес, шенеулік корпусты толтыру үшін жіберіп отырды. Француздық әкімшілік элитасы экономикалық және интеллектуалды элита ортасынан артықшылықты толықтыру тұтас династияларды құру арқылы жүзеге асырылады. Тек соңғы онжылдықтарда оның демократияландыруы болды.
Мемлекеттік қызмет қатарын толықтыратын түлектерді үйрететін арнайы оқу орындарының жүйесін құрудың негізін салушы болды. әр түрлі режимдер өздерінің әкімшілік кадрлардың ұстасын құрды: жоғарғы қалыпты мектеп, Политехникалық мектеп, Ұлттық әкімшілік мектеп.
Көптеген континентальді Еуропа елдерінде 16 - 18ғ. қалыптасқан көпбұтақталған шенеулік аппарат абсолюттік режимнің атрибуты болды. Франция да одан бөлініп қалған жоқ. Бірақ та қызметті мұра ету мен сату тәжірибесі Полет 17 ғасырдың басында қалыптасқан. Нәтижесінде шенеулік пен жоғарғы билік қарым - қатынастары қарапайым болған жоқ. Бұл жүйенің кемшіліктері көрініп тұр, бірақ өз уақытына сай жоғары білікті бюрократияны қызметтер мұраға берілген жағдайда және министрлерге қатысты жеткілікті тәуелсіздік жағдайын қамтамасыз етті. Мұрагерлікпен өздерінің орындарын алып тұрған қызметтік тұлғалар мен соттардың бұл топтары мантия ақсүйектері атына ие болды, мемлекет пен сарайда жоғарғы орындарын иемденген және көбінесе әскери қызметте болатын ақсүйектер шпага ақсүйектері деп аталады. Жоғарғы және төменгі класстан шығушыларға және орынды іздеушілерге қатаң қызметтік талаптарды қою арқылы қызметтік патенттер иемденушілер өзін қорғауды қамтамасыз етеді. Міндетті түрде университеттік білімнің болуы керек.
Ұлттық революция қоғамдық қызмет ұйымдастыруында төңкеріс жасады. Адам мен азамат құқығының декларациясы (1789ж) келесідей жариялады: Барлық азаматтар заң алдында тең, сондықтан да белгілі бір өзгешеліктер мен өзінің қабілеттіктеріне сәйкес тең шарттарда қоғамдық қызметке кіре алады. Бұл жағдай алдыңғы қызметке ие болу тәжірибесіне қарсы бағытталған. Шынымен, революционерлер тек Наполеон империясына және содан кейінгі режимдерге тиімді және компитентті қызметкерлер керек болды. Мамандықта соңғы сапа көрсеткіштері шешуші болды. Бірақ та табиғи ұйымдастырушылық - мәдени ценз төменгі класс тобынан шығушылардың қызметтік сәттіліктеріне кедергі келтіруді жалғастырды.
Қоғамдық қызмет жүйесінің тұрақты сипатына Үшінші республика периодында табады. Қызметкерлер иерархиялық рангтарға бөлінді. Қоғамдық мәртебесі мен мансабы жеке құқықтар нормаларымен реттелетін жергілікті қауымдастық қызметкерлері алады. Бір уақытта мемлекет қызметкерлерді өзінің сарбазы ретінде қарастырды, сондықтан да олар көптеген әлеуметтік - саяси құқықтарынан құр қалдырды. Оларға кәсіподақтарды құру, саяси қызметке активті қатысуға тыйым салынды.
Үшінші республиканың құлдырауы мемлекеттік қызметті салмақты реформалауды келесі мақсаттарды көздеу арқылы жүргізді;
оның тиімділігін арттыру;
құрылымды демократияландыру;
қызметкерлердің саяси құқықтарын кеңейту;
олардың әлеуметтік - экономикалық жағдайларын жақсарту.
Бұл мақсаттарға орай 1945 жылдың басында арнаулы комитет құрылады және оның жұмысының нәтижесі болып шенеуліктердің ортақ беделі туралы Заң қабылдады. (19 қазан 1946 жылы). Ол мемлекеттік қызметкерлер корпусының жаңа иерархиясы мен құрылымын, әлеуметтік құқықтары мен жалақыларын орнатты. Сол кезден бастап оларға кәсіподақтарды құруға рұқсатын берді. Оған дейін қызметті жою, қызметтен ауысуға әкеледі деп есептелді. 1946 жылы Заң қызметкерлердің құқықтарын қорғады. Енді оларды персонал мен қызметкерлерді қысқарту туралы арнайы заң негізінде жұмыстан босатуға рұқсат етілді.
Бесінші республика режимінің құруы шенеуліктің саяси әсерінің өсуіне алып келді. Жаңа республика құрушылардың маңызды міндеттерінің бірі болып - өкілетті мекемелермен өзара қатынаста оларға өздігінше әрекет ететін беделді беруге, президенттік және үкіметтік биліктің тиімділігін жоғарлатуға ұмтылды. Осыдан олардың қолына маманданған және тәуелсіз әкімшілік аппаратты берудің объективті қажеттігі туындады.
Мемлекеттік қызметшілер корпусының мақсаттарын өзінің жұмысында Дебре қалыптастырды:
мемлекет жайлы қамқорлықта алатын үкіметтің бұйрықтарына бағыну;
қазіргі мемлекетте маңызды мамандану аппарат әрекетіне кедергі келтірмеу керек;
үкіметтің бұйрықтарын орындай отырып, шенеуліктер өз бетінділігі мен инициативаны көрсетуге міндетті;
олардың автономиясына сәйкес қызметкерлердің субординациясы сай келу керек; субординация мекеменің ішінде, ал автономия - басқа органдармен өзара қатынаста болады.
Бұл көзқарастар 1959 жылы 4 ақпанда шыққан мемлекеттік қызмет туралы ордонансы негізінде жатты, онда жаңа конституцияны қабылдаумен байланысты жағдайларды бөлек қарастырды. 1946 жылы заңмен салыстырғанда ресми жаңашылдықтар көп болған жоқ, бірақ та олар шенеуліктердің адал қызметі мен дисциплинасын күшейтуге және кәсіподақтар рөлінің төмендеуіне артықшылықты бағытталған.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызмет 1980 жылдары қабылданған заңдар жиынтығы мен мемлекеттік қызметкерлердің ортақ жарлығы мен территориялық коллективтер әр түрлі бөлімшелері негізінде реттеледі. Қызметкерлердің жеке категорияларының қызметі қосымша ерекше жарлық негізінде реттелінеді.
Францияда мемлекеттік қызметшілер бұқара қызметкерлер категориясына кіреді. Оған жергілікті билік органдарында немесе мемлекетте қызмет көрсететін кез келген қызметшілерді кіргізуге болады. Бірақ та заң бұқара қызметкерлерге ерекше беделге ие болған және онымен құқықтар мен міндеттерді иемденгенді жатқызады. Мемлекеттік бұқара қызметкерлерінен өзге 1984 жылы ұқсас беделге ие болатын жергілікті қауымдастықтардың бұқара қызметкерлері де тағайындалды.
Бұқара қызмет жүйесін басқаруға активті түрде әкімшіліктер мен қызметкерлердің өкілдері кіретін түрлі кеңес беруші комиссия қатысады. Олардың бар болуы өздерінің мекемелерінің істерін басқаруға қатысу туралы заңды қағидасымен қаланды. Тәжірибие жүзінде бұл қатысу еңбек шарттарын талқылау мен қызметші мен әкімшілік арасындағы жанжалды шешу үшін жүргізіледі. Ең жоғарғы құрылым болып премьер - министр немесе өкілет берілген тұлға басқаратын Бұқара қызметінің жоғарғы кеңесі болып табылады.
Оның құрылымына кәсіподақтар мен әкімшілік өкілдері кіреді. Кеңестің функциялары түрлі. Ол мемлекет қызметтің болжалды реформаларын талқылайды, оның жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамаларды тыңдайды және әкімшілік шешімдеріне қызметшілердің арыздарын қарастырады.
Францияда көптеген елдерде секілді мемлекетте қызмет ететін тұлғаларды саяси тағайындалғандар мен манданды шенеуліктер деп құрылымды бөлу бар. Бірінші категорияға мемлекеттік қызметшілердің көбісі жатады, бірақ оларды тағайындау немесе ауыстыру уәжді талап етпейді. Екінші категория мәртебесі мемлекеттік қызмет туралы заңмен қорғалған және оларға саяси қызметтің партиялық және жеке мүдделерін білдіруге кедергі келтіреді.
Жоғарғы маманды мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін анықтау үшін дәреже (квалификациясы, нақты қызметке орын алу үшін құқық береді), қызметі (қызметшінің міндеттерінің жиынтығы), кадр (1 қызмет саласында қызметтік және иерархиялық тең қызметтің жиынтығы), топ (түрлі қызмет салаларында иерархиялық тең кадрлардың жиынтығы).
1946 жылы шенеуліктің жұмысының маңыздылығы мен қиындығын көрсететін ведомствоны емес барлық мемлекеттік аппараттағы шенеуліктің жағдайын сипаттайтын класс түсінігі кіргізілді. А класы (мемлекеттік қызметкерлердің 20%) үкіметтің саяси қалыптасуынан шыққан басқару шешімдерін өндіруге бағытталған. В класы (41%) берілген шешімдерді орындайды, С класын (32%) мамандар құрады, Д класы (7%) - қосымша персонал (бұл класс 1990 жылы С класына қосылып кеткен).
Қабылданған шешімдерге үлкен әсер тигізетін үкіметтік ведомстволардың саяси басқарушылар құрамына кірмейтін мемлекеттік қызметтің лауазымы жоғары ерекше тұрады. Ресми түрде олар бұқаралық қызметке кірмейді, сондықтан да оларды еркін және еш уәжсіз жұмыстан босата алады. Іс жүзінде ондай сирек болады, олардың жағдайы жеткілікті тұрақты болып келеді. Жұмыстан босатқан жағдайда оларға басқа, ұқсас, тіпті жоғарғы жұмысты ұсынады. Барлық елдерге тән айналмалы есіктер жүйесі - жұмысы бойынша жақын жергілікті бөлімшелер мен мекемелер арасында кадрларды айырбастай оған көмектеседі. Осылайша, Францияда заң Министрлігі мемлекеттік кеңес пен кассациондық сотты, шет ел істерінің Министрлігі - халықаралық Дипломдық жүмысатиялық өкілеттіліктерді, қаржы Министрлігі үкіметтік бақылауда болатын қаржылық мекемелерді, ішкі істер Министрлігі - префектер корпусын толтыра алады.
Көрсетілген бөлінуден өзге мемлекеттік қызметкерлер штатқа қабылданған тұрақты (олар көпшілік) және штаттан тыс қызметкерлер деп бөлінеді. Соңғылардың негізгі категориялары болып:
стажерлер - стажировка кезінде тұрақты қызметкер орнына үміткер қажетті тәжірибие табумен қатар сынақ мерзімін де өтуге міндетті; олар стажировка кезінде де, оның бітуі кезінде де жұмыстан босатылуы мүмкін;
уақытшалар, маусымдық немесе кездейсоқ жұмысты атқаратын, әскери қызметі, демалысы мен ауруы кезінде тұрақты жұмысшының орнын босатындар;
келісім бойынша жұмыс істейтіндер - оларға кейбір тұрақты қызметкерлер құқықтары жайғасады, бірақ та 3 жыл мерзіміне қорытылған және оны қайта құру құқығымен дайындалған жұмыс шарттары келісім - шартта анықталады.
Штаттан тыс қызметкерлердің көптеген категориялары мәртебесімен ғана емес, сонымен қатар тарихи тегі бойынша бір - біріне жақын. Ақырындап уақытша қызметкерлер нақты түрде тұрақты болып қалды, бірақ қызметтер дискриминацияға ұрынып отырды. Олардың жағдайын 1950 жылы қабылданған заң жақсартты:
оларға тұрақты негізге көшуіне рұқсат берді;
орталық үкіметтік мекемелерге уақытша қызметкерлерді қабылдауға тыйым салды.
Тұрақты қызметшілердің жағдайы, әрине, қалаулы болады, өйткені ол тұрақты, әкімшіліктен кепілдендірілген және ерекше заңдармен реттеледі. Тұрақты қызметші құқығын иемдену үшін тұрақты лауазымға тағайындалу қажет.
Францияда мемлекеттік қызметкерлер болып қоғамдық заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлері - астана мен одан тыс жерлерде оның заңдық, атқарушылық және сот органдары болып табылады. Мемлекеттік қызметтен өзге 1984 жылы ерекше реттелетін жергілікті қауымдастықтардың бұқаралық қызметі қабылданды. Өйткені әрбір бұқаралық заңды тұлға - өз алдында жұмыс беруші, оның қызметкерлерінің құқықтық жайларында өздерінің ерекшеліктері бар. Олардан кейін сандық құрылымы бойынша почташылар мен жол бекетшілері, полиция мен әскер ереді. Таза басқару қызметінен ірі штатты қаржылық қызметтер, оның ішінде бастылары болып салықтық және бухгалтерлік қызметтер иемденді.
Мемлекеттің штатты қызметкерлері тұрақты лауазымға ие. Олардың жағдайлары тұрақты. Мемлекеттік қызметте жеке сектордан өзгеше жұмыс шарттары мен жұмысқа тұру жөнінде коллективті және индивидуалды келісім - шарт жүйелері іске жарамайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі жайлы көпшілік сұрақтар заңмен бекітілген жарғы негізінде шешілді.
Барлық мемлекеттік қызметкерлер 2 үлкен категорияға бөлінеді. Оның біріншісін жергілікті қауымдастық пен бұқаралық мекемелерді, сонымен қатар мемлекеттік әкімшіліктің азаматтық қызметкерлері құрайды; екіншісін - әскери қызметшілер, сот пен парламент қызметкерлері құрайды.
Бірінші категория қызметшілерінің құқықтық мәртебесі 1983-1986 жылы төрт заңды құраған мемлекеттік және жергілікті қауымдастық қызметшілерінің ортақ жарлығымен реттеледі. Бұл жарлық әскери қызметшілерге, сот пен парламент қызметкерлеріне, бұқаралық сауда - өндірістік мекемелердің жұмысшыларына таратылмайды, өйткені олар өздерінің арнайы жарлықтарына бағынады.
Арнайы жарлыққа қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызмет жұмысшылары ие: полиция, түзету мекемелері, азаматтық авиацияның кейбір қызметтері, ішкі істер министрлігінің связисті. Бұл қызметтің шенеуліктері ортақ жарғы әсерінен бөлшекті алынған. Олар, мысалы ереуілге шығу құқығынан айырылды, бірақ та материалды артықшылықтарды қолдана алады.
Жергілікті қауымдастықтың, бұқаралық қызмет пен ауруханалар жұмысшыларының өздерінің жарлықтары бар (ол Ортақ жарлыққа ұқсайды, бірақ өзінің ерекшеліктері де бар). Қызметкерлердің ұқсас категориялары қатынасы бойынша (1 мың адам шамасында) ортақ жарлықтан өзге ерекше жарлық іске асырылады. Олардың кейбіреулерінде Ортақ жарлықтан шығару шарттары қарастырылды.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде басты басқару органы болып қаржы министрлігінің бюджеттік басқару болып табылады. Ол өте маңызда 2 сұрақтарды: штат кестесі мен еңбекақыны қарастырады. Мемлекеттік қызмет басқаруында екінші орын мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік әкімшілікті басқаруға тиесілі. Олар зерттеу мен координациямен айналысады. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыруы мен қызметіне қажетті әсер етуді қаражат пен штаттардың жетіспеуі қамтамасыз ете алмайды.
Францияда мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің күрделі жүйесі қолданылады. Конституцияның бір бөлімі болған адам мен азамат құқығының Деклорациясында айтылған барлық азаматтар заң алдында тең, сондықтан да теңдей шарттарда өздерінің қабілеттеріне сай қоғамдық лауазымға, қызметке және постқа тұруға құқығы бар.
Теңдік мағынасында ұлтына, жынысына және көзқарастарына тәуелсіз мемлекеттік қызметке тұру мәні түсіндіріледі. Мысалы, саяси көзқарастар бойынша дискриминациялауға тыйым салынады. Бареля ісін шешу кезінде бұл қағида 1954 жылы мемлекеттік кеңес шешімімен қалыптасты. Ұлттық әкімшілік мектепке коммунистердің түсуіне мемлекеттік хатшы мемлекеттік қызмет туралы шешімдерді теріске шығарды. Конкурсқа коммунистердің қатысуына мемлекеттік кеңес рұқсат берді.
Қызметке тұру кезінде жас, азаматтық пен қабілеттік жөнінде бірқатар шектеулер бар. Қызметке тұру үшін минималды және максималды жас мөлшерін қарастыратын жарғы бар. Көптеген лауазымға максималды жас 40 - тан 45 жасқа дейінгі аралықты құрды. Штаттық лауазым үшін француздық азаматтықтың болуы міндетті. Штаттан тыстағыларға шетелдіктерді қабылдауға болды. Кейбір лауазымдарға қажетті мамандық деңгейін растайтын Дипломдық жүмыс талап етіледі. Осы деңгейден қызметкердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валютасы ауысқан мемлекеттер ұлттық валюта атаулары
Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы
Қытай Халық Республикасының қаржы нарығы
Халықаралық қатынастар факультеті
Валюта
Қазақстанның халықаралық (аймақтық) қаржы орталығын құру және дамыту
Халықаралық экономикалық қатынастар жайлы
Еуропа мен Қазақстан арасындағы туристік алмасуды дамытудың болашағы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығындағы – мемлекеттің қызметі
Дамыған елдердің банк жүйесі
Пәндер