Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Роман жанырындағы некелесу әдет.ғұрпының көрінісі
1.1.Қазақ романдарындағы некелесу дәстүріне байланысты ғұрыптар.
1.2. Көркем шығармалардағы қызға берілетін қалыңмал мен жасау мөлшері
Роман жанырындағы мәйітті жерлеу және оның артын күту дәстүрі
2.1.Қазақ романдарындағы өлікті жөнелту дәстүріне байланысты
орындалатын ғұрыптар
2.2.Бақилық болған адамды, бір жыл өткеннен кейін еске алу әдет.ғұрпы
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақтың салт-санасы мен дәстүрі оның өмірлік заңнамасы.Ұлттың ұлттығын сақтайтын ең басты құралдары тіл,дін және дәстүр. Дәстүр дегеніміз ұлт үшін жазылмаған заң, бұлжымас қағида болуы тиіс. Дәстүр жалғастығын таппаса ұлт бар құндылығынан ада болады.Бұл ақиқатты дәлелдейтін алдымен уақыт. Онан кейінгісі –осы мәселені зерттеп, зерделейтін ғылым. Бұл орайда салдардың алдын алу бүгінгі ғылым атаулының басты мақсаты болуы керек. Себебі, ұлтты бір тұтастықта ұстау ана тілімізбен ата жолымыздың ғана қолынан келеді.Осы тағанды жоғалтып алу, біздің қазақты жоғалтып алуға әкелуі әбден мүмкін. Халықтың салт-дәстүр ұстанымындағы санасын түсінбесек рухани құндылықтың шыңына ешқашан жете алмаймыз. Рухани құндылықтың төмендігі санамыздың төмендігі деп есептеу ләзім. Этнография жөнінде тарих ғылымдарының доктары, профессор У. Шәлекенов «Этнология гректің «этнос»-халық, «графия»-жазу,үйрену деген екі сөзінен құралған»/1/ деген пікір айтады. Шындығында этнология терминіндегі логия сөзі гректің «logos», яғни ілім-ғылым мағынасына ие сөз екендігі көпшілікке аян. Демек, этнология дегеніміз халық турасындағы ілім болып шыға келеді. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейді. Жалпақ тілмен айтсақ, этнография ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін түгелдей қамтиды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл қазынасы –ұлттық құндылықтары. Демек, біздің мақсатымыз көркем шығармаларда көрніс тапқан салт-дәстүрімізді тереңдей талдап, салт-дәстүріміздің мәні мен маңызын ұғындыру. Әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтау жолдарын көрсету мен қатар салт-дәстүр ұстанымындағы санасын түсіндіру. Неке қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Бұл еңбекте әр түрлі дәстүрлер мен жол-жоралғылардың шын сыры ғылыми тұрғыда айқындалып, дұрыс мағлұмат, бағдар алуға көмектеседі. Халқымыздың этнографиясын роман жанырында жазылған шығармалардан қарастырамыз. Ақселеу Сейдімбек: «Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейін өмірі үнемі сан ғасырлық наным-сенімі, таным-түйсігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жиналған салт-дәстүрлер аясында болады десек, ендеше, салт-дәстүр дегеніміз –халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Ал қазақ халқының мәдениеті-ұлттық тарих сахынасында өзі қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі» \2\ дейді.
1. Шәлекенов У. Әлем халықтарының этнографиясы.-Алматы: Алтын мұра,
2002.-406 б.
2. Сейдімбек А.Қазақ әлемі.-Алматы: Санат,1997.-463 б.
3. Баялиева Д.Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет,салт –дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды: 1999.-243 б.
4. Тарақты А. (Сейдімбек А.) Балталы, бағаналы ел аман бол (шежіре).-Алматы: Қазақ университеті, 1993.-224 б.
5. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы.-Алматы:Қайнар,1996.-288 б.
6. Сүйіншіден-көңіл айтуға дейін (Құрастырған Н. Төреқұл )-Алматы: Қазақстан,1998.-272 б.
7. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы:1991.-243 б.
8. Тәжібаев Ә. Жылдар,ойлар. –Алматы,1997.- 280 б.
9. Қоңыратбаев Ә. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «МерСал», Монографиялық зерттеулер.2004.-Т.5.-510 б.
10. Негимов С. Әдебиет әлемі.- «Ана тілі» баспасы,2008.-256 б.
11. Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. –Алматы: «Балауса» баспасы, 2010.-320 б.
12. Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт. «Сөздік-словарь» баспасы -Алматы: 2001.-369 б.
13. Бердібай Р. Дәстүр қуаты. -Алматы: «Білім» ,2005.-312 б.
14. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.-Алматы: Жеті жарғы, 1997.
1-кітап. 376 б.
15. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.-Алматы: Жеті жарғы,1997.
2-кітап. 432 б.
16. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.-Алматы: Жеті жарғы,1997.
3-кітап. 384 б.
17. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.-Алматы: Жеті жарғы,1997.
4-кітап. 400 б.
18. Әбіш Кекілбайев, Үркер. «Жазушы» баспасы,Алматы-1981.- 445 б.
19. Шабданұлы Қ. «Пана» Алматы - «Көркем баспасы» 2004.- 536 б.
20. Әбіш Кекілбайев, Елең-алаң.Он екі томдық шығармалар жинағы.-Алматы: «Өлке» баспасы.-Т.5.-1999.-416 б.
21. Мұқанов С. Өмір мектебі. Таңдамалы шығрмалар.Роман.
Бірінші кітап.Алматы: Жазушы,-Т.10.-1976.-464 б.
22. Мұқанов С. Өмір мектебі. Таңдамалы шығрмалар.Роман.
Екінші кітап.Алматы: Жазушы,-Т.11.-1976.-488 б.
23. Мұқанов С. Өмір мектебі. Таңдамалы шығрмалар.Роман.
Үшінші кітап.Алматы: Жазушы,-Т.12.-1976.-480 б.
24. Мағауин М. Аласапыран. Бірінші кітап. Алматы, «Жалын», 1981.- 449 б.
25. Мағауин М. Аласапыран. Екінші кітап. Алматы, «Жалын», 1983.- 424 б.
26. Есенберлин І. Алтын Орда:Роман-трилогия.-Алматы: « І. Есенберлин атындағы қоры »,1999.-528 б.

27. Есенберлин І. Көшпенділер: Тарихи трилогия.- Алматы:
« І. Есенберлин атындағы қоры »,1998.-584 б.
28. Мүсірепов Ғ. «Ұлпан», Алматы: Раритет, 2006.- 255 б.
29. Исабай Қ. Өз тарихын өзіне қайтар халықтың...//Ана тілі,... 27 наурыз,2007ж.
30. Ғабиден Қ. Кие мен күйе // Жас Алаш,26 мамыр, 2004ж.
31. Барбол Ә. Қазаққа қауіп қайдан? // Жас Қазақ, 4 ақпан, 2008ж.
32. Қырғызбаев Ө. Жас келіннің сәлемін сатып алатын болдық немесе беташардың жаңа түрі қалта қағудың жаңа түріне айналды // Ана тілі, 4 тамыз,2005 ж.
33. Ғаббасов С.Ұлттық сана-ұлы ұстаз //Дала ман қала, 16 сәуір, 2004 ж.
34. Құрбанова Ш. Ұлттық тәрбие рухсызданып барады // Жас қазақ, 2 қараша, 2007 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақтың салт-санасы мен дәстүрі оның өмірлік заңнамасы.Ұлттың ұлттығын сақтайтын ең басты құралдары тіл,дін және дәстүр. Дәстүр дегеніміз ұлт үшін жазылмаған заң, бұлжымас қағида болуы тиіс. Дәстүр жалғастығын таппаса ұлт бар құндылығынан ада болады.Бұл ақиқатты дәлелдейтін алдымен уақыт. Онан кейінгісі - осы мәселені зерттеп, зерделейтін ғылым. Бұл орайда салдардың алдын алу бүгінгі ғылым атаулының басты мақсаты болуы керек. Себебі, ұлтты бір тұтастықта ұстау ана тілімізбен ата жолымыздың ғана қолынан келеді.Осы тағанды жоғалтып алу, біздің қазақты жоғалтып алуға әкелуі әбден мүмкін. Халықтың салт-дәстүр ұстанымындағы санасын түсінбесек рухани құндылықтың шыңына ешқашан жете алмаймыз. Рухани құндылықтың төмендігі санамыздың төмендігі деп есептеу ләзім. Этнография жөнінде тарих ғылымдарының доктары, профессор У. Шәлекенов Этнология гректің этнос-халық, графия-жазу,үйрену деген екі сөзінен құралған1 деген пікір айтады. Шындығында этнология терминіндегі логия сөзі гректің logos, яғни ілім-ғылым мағынасына ие сөз екендігі көпшілікке аян. Демек, этнология дегеніміз халық турасындағы ілім болып шыға келеді. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейді. Жалпақ тілмен айтсақ, этнография ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін түгелдей қамтиды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы асыл қазынасы - ұлттық құндылықтары. Демек, біздің мақсатымыз көркем шығармаларда көрніс тапқан салт-дәстүрімізді тереңдей талдап, салт-дәстүріміздің мәні мен маңызын ұғындыру. Әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарымызды сақтау жолдарын көрсету мен қатар салт-дәстүр ұстанымындағы санасын түсіндіру. Неке қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Бұл еңбекте әр түрлі дәстүрлер мен жол-жоралғылардың шын сыры ғылыми тұрғыда айқындалып, дұрыс мағлұмат, бағдар алуға көмектеседі. Халқымыздың этнографиясын роман жанырында жазылған шығармалардан қарастырамыз. Ақселеу Сейдімбек: Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейін өмірі үнемі сан ғасырлық наным-сенімі, таным-түйсігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жиналған салт-дәстүрлер аясында болады десек, ендеше, салт-дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Ал қазақ халқының мәдениеті-ұлттық тарих сахынасында өзі қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі \2\ дейді. Филология ғылымдарының кандидаты Дәмегүл Баялиеваның Тамыры тереңнен өріс алған халқымыздың ғасырдан-ғасырға үзбей жалғасып келе жатқан қазына-мұраларының бірі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.
Ұлттық болмысы,тіршілік ету тәлімін, рухани өресін, танымы мен нанымын жалпақ әлемге жайып, өзін-өзі көрсететін әрі танытатын да біздің ұлттық мәдениетіміз дей келе, Сондықтан мәдениет, салт-дәстүр,әдет-ғұрып сияқты асыл мұраларымызды келешек буынға дәстүрлі жалғастыра білу-бүгінгі қазақ халқын толғандырып отырған басты мәселе. Санасы биік,өресі кең жас ұрпақ тәрбиелемей,ұлттық мәдениеттің тасы өрге домаламақ емес\3\ деп ой түйеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылыми жұмыстың өзектілігі қазақ отбасын құруда қандай жолмен өткені, халқымыздың соған байланысты бай салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары барынша қамтылған. Еңбектің басты атқаратын қызыметі халықтың ұмытылып бара жатқан озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау, одан ғибрат алуға үндеу.Демек, еңбектің ғылыми-танымдық маңызы ,әсіресе қазіргі қазақ қауымы үшін тәлім-тәрбиелік маңызы зор.Қазіргі таңда миллиондаған ақпараттар тоғысқан әлемнің мылтықсыз майданында салт - дәстүріміздің сақталуы,оның дұрыс орындалу мақсатын көздеуі. Сондықтан ұлтжанды азаматтар ұлт үшін жан пидаға бара алатын жанкешті жауынгерге айнала білуі қажет. Қоғамды жаулап бара жатқан түрлі індеттерден халықты салт-дәстүрдің төңірегінде ұйыстыру арқылы ғана шыға алатынымыз соқырға таяқ ұстатқандай кәміл. Осы тұрғыдан көркем әдебиеттегі салт-дәстүріміздің көрнісін саралап ізгі көрністерін паш ету, оны жолдан бұра тартып бұрмалауға жол бермеу-міндетіміз болғандықтан осы тақырыпты ғылыми жұмыстың өзегі етіп алдық. Өткенімізді дұрыс түсінудің негізінде ғана біз болашақты дұрыс болжай аламыз. Осындай қағидаға сүйене отырып жұмысымыз өткенді жан-жақты зерттеу арқылы некелесу әдет-ғұрпы мен мәйітті жерлеу және оның артын күту дәстүрінің көрнісіне тоқталып осыларға байланысты орындалатын көптеген әдет-ғұрыптардың шығу тегіне,қалыптасу,даму жолына және мәніне жан- жақты тоқтап, талдау жасауға тырыстық. Ненің ақ ненің қара екенін аңғаруға әліміз келмей тұрған тұста бұл тақырыптың өзектілігі аңғарылады. Қандастарымыздың басқа дін жетегінде кетуі, тым еуропаға еліктеуімізбен қоса екі тілді саясат тұсында бізді ұлт ретінде тұтастығымызды сақтап қалатын бірден бір жол ол біздің салт-дәстүріміз бен тіліміз. Демек, осы тақырыпты қай салада болмасын қаузауымыз қажет.
Жұмыстың мақсат-міндеттері
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - көркем проза арқылы салт-дәстүріміздің орындалу жайын ұғыну және ғылыми жүйелеу.Қазақ отбасын құру некелесу жолдарында және бақилық болған адамды шығарып салу дәстүрі көркем прозада баяндалу жайын анықтау, тану. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып қазақ қоғамының қалыптасу кезеңінде некелесу дәстүрінде және мәйітті жөнелту жөнініде орындалатын жол-жоралғыны ғылыми тұрғыда сараптап,жүйелеу.Көркем әдебиеттен осы әдет-ғұрыптың орындалу барысын жете түсіну үшін мысал келтіру.Бұл еңбек өткенімізді тану үшін әдебиеттің алатын орнын, қызметін анықтай түспек.
Зерттеудің осы негізгі мақсатынан мынадай міндеттер келіп туындайды:
oo Ғалымдардың ізденіс арналарын,салт-дәстүрімізді зерттеудегі өзіндік көзқарастарын анықтау және сол пікірлер жиынтығын саралау.
oo Салт - дәстүріміздің әдебиеттегі орны мен маңызын айқындау.
oo Әдеби шығармалардағы салт-дәстүр көрнісін туындылардан жинақтап ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ғылыми бағытта көрсету.
oo Ғалымдардың зерттеу жұмыстарын және шығармаларды негізге ала отырып, салт-дәстүріміз қазақ әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлелдеу.
oo Ғалымдардың ой-тұжырымдарын өзге әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектерімен салыстыра тексеру,сондай-ақ бүгінгі кезең тұрғысынан тұжырым жасау.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Ғылыми жұмыс барысында салыстырмалы сараптау,баспасөзге шолу, көркем әдебиеттегі текспен жұмыс, тарихи-әдістемелік тәсілдер кеңінен қолданылып,ғылыми тұрғыда сарапталды. Әуезов М, Тәжібаев Ә,Сейдімбек А, Арғынбаев Х, Жұртбай Т, Шәлекенов У, Төреқұл Н,Баялиева Д секілді тағы басқа ғалымдардың еңбектері ғылыми жұмыстың теориялық сипатын айқындауға көмектесті. Ғылыми жұмыстың практикалық қырын аша түсу үшін Әуезов М, Мұқанов С, Мүсірепов Ғ, Есенберлин І, Кекілбаев Ә, Мағауин М, Әбдіжамал Н, Шабданұлы Қ, шығармалары арқау болды.Сонымен қатар Жас Алаш, Ана тілі, Дала ман қала т.б, газеттердегі 2004-2007 жылдар аралығындағы ұлттық ұстаным тұрғысындағы мақалаларға сүйендік.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмыста әр алуан тарихи-этнографиялық зерттеулермен, әдеби мәтіндермен, дерек көздерімен байытылады. Зерттеуші ғалымдар еңбектері, деректер, кітапханалардағы құжаттар және газеттер дерек көздері ретінде жүйелі түрде өріс алды.
Теориялық-практикалық маңызы. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелері әсіресе қазіргі қазақ қауымы үшін тәлім-тәрбиелік маңызы зор болғанықтан қалың оқырманға және жоғары оқу орындарындағы филология факультетінің студенттеріне, сондай-ақ қазақ халқының салт-санасына қызығушы зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдарға қатысты болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Осы зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспе бөлімде салт-дәстүріріміздің маңыздылығын әдет-ғұрыптарымыздың заман талабына байланысты өзгеріске ұшырағанымен о бастағы сипатын әдеби шығармалардан мысал келтіру арқылы берілгендігі, өзектілігі, маңызы, мақсат-міндеті, теориялық негіз бен дерек көздері айтылса, негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Бірінші тарау − Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпының көрнісі деп аталады. Мұнда, қалыңдық айттыру,күйеудің ұрын бару салты.Үйлену тойы.Қалыңмал және жасау жайында толықтай қамтылып ғылыми тұжырымдалып, роман жанырында жазылған шығармалардан мысал келтіріледі. Екінші тарауда Мәйітті жерлеу және оның артын күту дәстүрінің көрнісі деп аталып, бастан-аяқ осы ғұрыпқа байланысты орындалатын ғұрыптық қалыптасқан қағидалар баяндалып ,ғылыми тұжырымдалады және роман жанырында жазылған шығармалардан мысал келтіріледі.Қаралы үйге көңіл айту.Жоқтау.Жерлеу.Асы. көрініс тапса, қорытындыда ғалымдардың зерттеу жұмысы қаншалықты дәрежеде екендігі сөз болса, пайдаланылған әдебиеттер тізімі осы зерттеу жұмысына негіз болған еңбектердің қатарынан құралған.

Негізгі бөлім

1.Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпының көрінісі

1.1.Қазақ романдарындағы некелесу дәстүріне байланысты ғұрыптар. Некелесу дәстүрі. Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген қазақ халқының үйлену тойын өткізу дәстүрі жайында мол деректер бар.Ғылыми еңбектер мен көркем әдебиетке сүйене отырып белгілі бір тұжырымдар жасауға болады. Қазақ арасында жастай некелестіру ертеден келе жатқан дәстүр.Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса,ер балаларды 15-16 жасында балиғатқа толды деп үйлендіре берген. Бұл дәстүр халық арасында ашық көрініс тапқан. Ораздының баласы он бесінде баспын дейді,есі кеткеннің баласы жиырма бесінде жаспын дейді,-деген халық мәтелі бар. Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып,ұрпақтары көп,мықты болады деген сенімде болған. Неке құрудың негізгі жолы-құда түсіп,қалыңмал төлеп үйлену,жасаумен тұрмысқа шығу. Әке-шешеден жастай айырылып,кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағатын да әдет болған.Мұны қазақ Қол бала етіп алу дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен,балиғатқа толғанша ерлі-зайыптық ғұрыпты құрғызбайтын. Малы бар адамдар екінші әйелді ұрпағының жалғастығы үшін, бір жағынан үй шаруасына байланысты әйел үстіне, немесе әйел өлгеннен соң алатын. Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшеліктері болады. Мұндай жағдай көбіне әмеңгерлік әдетпен үйлендіру тәртібіне байланысты болады. Құда түсіп қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті этнография ғылымында экзогамия дейді.Жеті атаға толмай қыз алыспау себебін халық өзінше топшылайды. Біріншіден,қандастық жақындық некелескен уақытта ұрпақтың болмауына, яки аз болуына, тіпті оның азып тәуір қасиеттен жұрдай болуына да әсерін тигізетіндігін ескертсе,екіншіден қандас туыстар арасында жыныстық қатынастарға байланысты әдепсіздіктердің көбейетіндігінен сескенген; үшіншіден, жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық қатынастары созыла берсе, жеті атадан асқан аталастарымен қыз алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас бірлікті ұлғайта береді деп қарайды. Шынында да халық түсінігінде жаңсақтық жоқ. Егер жеті атаға толған жағдайда тұқымы өскен елдің ақсақалдары жиналып боз биені айтып сойып,бата істеп,қыз алысуға ресми түрде рұқсат берген. Жақын туыстар тәртіп бұзса, өлім жазасына бұйырылған. Күйеуі өліп жесір қалған әйел қайын атасына не туған қайынысының балаларына тұрмысқа шығуға болмайды. Ал қайын атасының інісіне, қайынағаларына,олардың балаларына шығуға қақы бар. Қыз бала шешесінің бірге туған аға-інілеріне тұрмысқа шықпайды,бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты жиен балалар нағашы апаларын алуға қақы жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына үйленуге болады. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы жұрт арасындағы неке десе, этнография ғылымында күзендік неке дейді. Бұл некенің екі түрі болады:1) шешесінің аға-інілерінің қыздарына не әкесінің апа қарындастарының қыздарына үйлену, яғни нағаша мен жиен арасындағы неке. 2) әкесінің аға-інілерінің қыздарына үйлену,яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа сіңілілерінің қыздарына үйлену,яғни бөлелер некесі. 4 Ислам дінінің қағидалары бойынша туған ана,бірге туған апа,қарындас әкесінің апа, қарындастарына және емшектес туыстарынан басқа туыстарының бәрінің де алыс-жақындығына қарамай неке құруға болады. Бірақ неке құру мәселесіндегі шариғат қағидалары жалпыхалыққа көп ықпалын тигізе алған жоқ.
Некелесу түрлері. Екі жақтың құда болудың бірнеше жолы тәртібі болады. Арғынбаев Халел өзінің ғылыми еңбегінде былай топшылайды 5○Кейде тағдырлары ұштасып достасқан екі адамның әйелдері екі қабат болса,олар босанбай тұрып кімде ұл,кімде қыз боларын білмей-ақ ниет қосып құда болады. Мұны бел құда дейді.○Қазақ арасында ежелден келе жатқан құдалық түрінің бірі- бесікте жатқан екі нәрестені атастырып қою.Мұндай құдалықты бесік құда дейді. Құдалар шамасынша бір-біріне сый көрсетіп,кейде балаларының көйлектерінің етегіне ішек салып, олардың бірінің күйеу, екіншісінің қалыңдық болғанын әйгілеген.○Ел қорғаны болған азаматтар, ел еркесі аталған сал-серілер, ақындар,малы бар адамдар қалыңдықты өзі таңдаған. Қыз таңдау аяқталған соң күйеу жағы қыз әкесіне құда түсіп қалыңмалын түгел төлеп,әдет-ғұрып бойынша толып жатқан алыс-берістер, жол-жобалар, орын-орынымен екі жағынан бірдей орындалған соң қыз ауылында ұзату,күйеу ауылында келін түсіру тойы жасалып, құдалық арқылы неке құру түрі аяқталады.○Құдалықтың бір түрі қарсы құдалық. Бұл құдалықтың мәнісі екі жақ бір-біріне қалыңсыз қыз беріп алысады. Сонда қалыңсыз айырбас жасайды.○Некелесудің бір түрі-қыз алып қашу. Қыз алып қашу түрлі жағдайларға байланысты. Қыз алып қашудың да бірнеше түрлері бар.○Некелесудің тағы бір түрі - әмеңгерлік. Қазақта Аға өлсе, жеңге мұра, іні өлсе, келін мұра деген мақалға айналған нақыл бар.Мұның негізгі мәні күйеу өлген жеңгені ағасының мұрагері есебінде қайынысы алады, немесе күйеуі өлген келінін қайынағасы алады деген сөз. Күйеуі өлген әйел өлген күйеуінің жылын өткізген соң,әйел күйеуінің бірге туған аға-інілерінің біріне немесе басқа жақын туыстарына тұрмысқа шығады.Күйеуі өлген жесір әйелді әмеңгерлікпен алудың толып жатқан тәртібі бар. Әмеңгерлік-күйеуі өлген әйелдердің барлығына бірдей жүреді.Қазақ халқына тән некелесу жолындағы осынау дәстүрлердің қалай жүзеге асқандығы жөніндегі мәліметтерді роман жанырында жазылған шығармалардан аламыз.
Назипаның Мардан деп атаған жауы анасы Сәрсенбектің аталас туысы, бір рудың билеушісі еді.Үшінші тоқалы өліп,қақсал кемпіріне үшінші рет қарап қалған бір бай шалға Назипаны бермек болып, жүйрік жорға көп шығатын екі жақсы айғыр үйірлі жылқысын қалап алған.[19,7б]. Қалыңмалын қалауыңа алып болып,қызын отау жасаусыз жалаңаш бере салмақ болуы, бізді қомсынғаны еді.Құдай десіп құда болған соң, кең пейілді ақсақалымыз ол мазағына да көніп,отау жасауды да өз міндетіне алыпты. Үр жаңа үй тігіп, кіл жаңа жасауға толтырдық. Бүтін киізді баспаналарымыздың бәрін көшіріп апарып тойға тіктік. Тайлы таяғымыз қалмай сабылып, күндіз түні дайындық көрдік.Қан жілік қарбаластан талай азаматымыз құлап түсті. Талай келініміз түсік тастады. Ал! деген күніне , адамымыздың құрметі үшін ақсақал қарасақалдарымыз түгел аттанып барсақ, қыздарын басқа біреумен қашырып жіберіпі.Неткен басыну!... Жер бетімен жүргізбейтін мұншалық қорлауды енді қалай көтере алмақпыз!.. Ел намысы үшін сыйындық әруаққа , күші жеткен жерде алсын малын, елдесуден кеттік,ат кекілін кестік! деп қайтарыпты.[19,26б].Апа, мен бұл орданың қолында үйленсем, торында қалармын, сабыр ете тұрыңыз, өмір саудасы ғой , өзім байқастап, қолайыңызға жағатын келін тауып беремін,- деп Зуқа жүре жауап беріп еді, шешесі өзі ұзатқан қызын дереу шақыртып ала қойды да , онымен отыра қалып кеңесті. Зуқаның әпкесі өзіне жағатын қыздардың атын тізіп салып еді. Кемпір оның бірде біріне пысқырып қарар емес.
-Алыстағы бейтаныс күнікейлеріңнің керегі жоқ маған. Келін боларлық мына ауылдағы Қызыкен ғана!- деп отырып алды.
-Апатай- ау, ұлыңның өзінен үлкен ғой ол!
-Әзер болса бір-ақ жас парқы бар шығар, таңдаған тазға жолығады дегендей, қасын керіп қарсыласа кететін кеселге жолығып қалғым келмейді!... Жібектей созылған мінезіне көптен-ақ қызығып жүр едім!
-Қызыкеннің мінезі осы елдің бар қызынан табылады,апа! Ұлыңның өзі таңдап жақтырмаса ...-деп қызы күліп жіберді. Шешесі өршелене түсті:
-Е,оны еркіне жіберсең, қазір қордың қызын жақтырмайды ол! Қыз таңдап қиырлап жүргенімде Жеңісхан сөзінен айни қалса,жер сипап отырып қаламыз.Осы иіп тұрғанында жақын жерден қағып ала қоюдан артығы жоқ! Қызыкенімнің оң қолы он ауыр мен жеңілге бірдей , елпілдеп тұр.Құдай жеткізіп, соның келін боп түссе ғана жүгім жеңілдеп,көзім ашылатынына сенемін!
Осымен ақылғой қызын жеңген шеше ақымақ ұлдың ақылына мұқтаж бола қойған жоқ. Сен не десең о де, Қызкеннен басқа келін іздемеймін! деп үкім шығара салды. [19,36-37б]. -Қазыбектің лағы теке болып бізге де артылды, қайтеміз Зуқаш,өзіңнен ақыл сұрай келдік?!
Лақ бидің аты шыққанда көзі жарқ ете түсті Зуқаның.
-Асықпай түсіндіре сөйлеңіз!... Теке болып артылғаның не сөз? -дей сала шапанын жамылып отырды төсек алдына.
- Олай демей не дейін,малын өткізіп болып,ауылынан алғалы отырған келінімді өз қолымен басқа біреуге беріп жіберіпті. Мына Бәйкеннің қалыңдығы болатын. Өлі-тірі тойы былтыр өткен.Есік көріп,барып келіп жүретін. Сонда да ұзатып бермей, әне -міне деп созып келе жатыр еді, сөйтсек арам ойлары бар екен.
-Қашан,кімге беріпті?
-Лақ би, сүйек жаңғыртамыз деп Жайырдағы бір бай құдасына ұзатыпты. Өткен іңірде ғана естідік. Ұзату тойы бұрнағы күні өтіпті.[19,58б]. Лақ жөніне келсе, құдалық жөніндегі барлық шығыныңызды, мойынына қоса, құйрығына тіркеуімен, үш тоғыз* айыбымен қайтарады. Осыған көнсе, елдік берекеміз-береке. Егер көнбесе өзі қазған көріне өзін түсіремін!..[19,62б].*Аяқ тоғыз-өгіз бастаған тоғыз деп те аталады, бесті өгіз,екі тайынша,үш қой, үш қозы. Бәйкеннен қалмай ілесіп жүріп, абайсызда оның үйіне де екі рет барды Сақыш. Алғашында қай жігіт екенін байқамай қалған болашақ қайын атасы мен тықпа сақал қайынағасы қол беріп амандасып, үй есігін нұсқады. Сақыш жігіттік көрініспен төрге малдас құра отырып шай ішіп қайтты. Айнакөз баланың кім екенін соңынан білген сол қайын ата мен қайын ағалар Сақыштың Бәйкенмен бірге екінші рет келе жатқанын көргенде сылқ-сылқ күлісіп,ұялтпау үшін басқа үйге кіріп кетті. Қайын енесі үйден жалбақтай шығып қарсы алып, бетінен сүйді. Сол ақ екен ауылдағы жеңгелерінің бәрі келіп амандасып,қауқалай тартты үйге.
Бұл келіп жүргені кімнің үйі, кімнің ауылы екендігін сонда білді болашақ келін,сонда ғана қызарды. Басын төмен салып үйге тартына кірді де, сырмақ шетіне бір тізерлеп қана отырды. Шай мен еттің қызуынан емес, ұяттың қыспағынан терлеп тепшіп шығып, атына міне жөнелген Сақыш белден аса бере қамшының астына алды Бәйкенді.Қазір, әрине, аты жүйрік қой, қуып жүріп соқты:[19,191б]. Күн сайын жиын -топыр болып тұратын,қонағы көп үйді басқару Қызыкенге де қиындай берді.Балаларына бала қосылған сайын қинала келе қит ұрып отыра кетті бір күні:
-Шырағым, сен тоқал алшы,мен енді балаларыма қарайын,құдай алдында саған ырзамын!-дегенге келді.Ондай қомағайлықты ойына жолатпай жүрген қажы аңыра қарады да күліп жіберді.Өзінен жасы сәл үлкендеу болса да шешенің талабы бойынша алған бәйбішенің кемпір болып бара жатқанына назары енді түскен сияқты.
-Япырым-ай,бәйбіше жол ортаға да жеткізбей мұның қалай, сені мықты келін атап енеңнің мақтанғаны қане?-деп қалжыңдаса да ойланып қалды. Өзінің зор қажыр талап ететін, қауіпі мол қызметіне қолай тудырарлық бір жайыттар есіне түсіп,бәйбішенің бұл пікірінің тым қате емес екендігін сездіре жауап қайтарды аздан соң. - Сенімен қосылып бақытты бодым.Балалы болдым,мықты да сенімді серігім болған сенің үстіңе әйел алу ойымда жоқ еді.Өзіңнің ойлаған басқа бір жайың болса енеңмен сөйлес!-деді. - Ол кісімен сөйлестім. Көсеу ұзын болса қол күймейді дегенге келістік.Сенің қамыңды ойладым!.. Сен мен үшін ғана емес,ел үшін аса қажет адам болдың. Өрісіңмен тұрағыңды көбейткіміз келді. Күтіміңе қарайтын, өзіңе лайықты біреуді ойласып та қойғанбыз. [19,239б]. Ерден кетсең де,елден кетпейсің,мен хақылы әмеңгеріңмін деп қамады да , әкең мені әкетуге келгенінде жігіттеріне байлатып алып сабап,ауылының іргесіне шала өлтіріп апарып тастапты. Екі ауыл соғысып,азаматы көп,бай ауыл жеңді де,оларды тоғыз айыпқа жықты. Сөйтіп мені Іргебай тоқалдыққа алды. [19,355б].Құнанбайдың үлкен шаңырағында,Ұлжан қолында малға ие боп қалған Оспан еді. Ол Абайдан түк аямайтын. Әйгерім үшін шығатын малды оп−оңай тізіп, топырлатып бір−ақ жөнелтті. Жақып, Жиренще, Оспан, Ғабитхандар болып Бөкей ауылына барып құда түсіп, киіт киісіп қайтқан. Соның артынан жаңағы Оспан малы әрі қарғы бау, әрі қалың есебінде шоқ беріліп еді.
Осымен аз күндік аял болды да, ақыры Абай қайындайтын күн жетті. Тағы да Жиреншені бастық етіп, Ербол, Оспан, Ғабитхандар алып, Абай күйеушілеп аттанды. [16,131б]. Осыдан соң бір−ақ күн өтті. Келесі түнде Оралбай қасына құрбылас үш жігіт ертіп алып кеп, Керімбаланы алып қашты. Екі жастың есін алған жалыны бұларды осындай шаққа жеткізді. Олжай іші болса, үстіндегі аспан жарылып, жай оты төгілгендей өрекпіп бүлінді.
Керімбала−Сүгірдей көп көк аласа бар, мыңды айдаған байдың қызы. Берген жері - Қаракесек Қамбардың мықты, малды жері. Содан сан рет айғыр үйірімен қыруар жылқы алған Сүгір енді қызының отауын көтеріп, ырғап, жырғап ұзатқалы отырған. [15,67б].
Ертең біреудің басыбайлы меншіктісі болар күйім бар. Биыл күзде ұрын келмекші. Кім екенін, қаншалық қасиет нәрі бар екенін жақсы білмеймін. Көп естіген боларсыз, қазақта мұңды қыз аз ба? Сүймеймін, басқа кімге бұйырса да көнейін, осы жаннан маған азаттық әперсін, − деп әкеме өз анамды да, мынау кіші анамды да екі рет салып едім, ырзалық ала алмадым. Қыз ішінде жалғызы едім. Туғанымнан алақанына салып, аялап өсірген атам, анам ұям еді. Әлі де өзге күнде алдымнан шығары жоқ. Бірақ күйім жадау болған соң, өз үйім өзіме қапас болды. Ал келер күнді ойласам, бір жолата түңілем. Тіпті, тірлік, тілек дегеннен де көп түңілетін шақтарым болады. Құдай−ау, осы мені бір қорлық, ездік ноқтасына басымды ілдіргенше өкінбеймін, зарламаймын, алсаңшы!−деп көп жылайтын да түндерім болады, − деп, қыз маңдайын нәзік саусақтарымен сүйеп, ыстық бетіне, жасты көзіне орамалын басты.[17,78б].
Сол келген салқын үнді, қатаң ажарлы жүргінші Мәкен басына әлек әкелген. Ол Дайыр дейтін Мәкеннің әмеңгері. Қыздың әкесі Әзімнің тірі шағында Оразбай байдың жақын ағайыны осы Дайыр, өзінің кенже інісі Қайырға Мәкенді айттырған екен. Қазір бұған бес жыл мерзім өткен. Одан бері Әзім қайтыс болып, Мәкен жетім қалды. Кедей шаруа болып шешесі басқарған үй - жайы шалдуарлыққа айналады. Енді қысқы соғым, жазғы сауын сияқтыны Мәкен үйі сол қайынжұрттан амалсыз алатынкіріптарлыққатүсті. Мәкен Дайырды інісін көрмесе де, тағдырына көндіккен. Сол белгісіз жар қосағымын деп бағына өскен. Бірақ былтыр бұған атастырған Қайыр, өзі құрбы жас, аттан жығылып қаза болды. Енді міне жыл мезгілі толар-толмаста сол Қайырдың ағасы қырықтан асқан жасы бар, үйінде аюдай қатыны бар мынау Дайыр Мәкен мен оның шешесіне суық сөз сала бастаған. Ақыл,кеңес емес, өтініш, тілек емес,бұйрық,байлау жолдаған.
- Інім өлсе,жесірім тірі, әмеңгері өзім бармын.Мәкенді өзім аламын. Осы жазда,не күзде ұзатуға қам- қарекет істесін!-деген бұйрық жіберген-ді. [17,86б]. Ал қызға сырттай қызығып құмар болып айттырған Жәдігер, тоқал-қалыңдығын алар кезде де қатты сырқат еді. Бірақ құмар көңіл маза бермей, өзінің сырқаттығына қарамай, қызды алып келуге кіші баласы Ерке Құланды бас етіп бір топ жігіттерді жіберген. Тоқ Бұқа балаларының кәрінен сескенген Тан бойын жайлаған құда жағы, қорланса да, амал жоқ, қыздарын келген жігіттерге қосып ұзатып жіберген. Бірақ дәм бұйырмаса ештеңе істей алмайсың, жігіттер қызды ақ отауға кіргізе бергенде аңсай күтіп жатқан Жәдігердің жүрегі кенет қабынып кетіп, ол дүние салған.
Осылай, келін болып оң жақтағы шымылдыққа кірген, бірақ, жар төсегіне жатпаған Ажар, әйел болмай жатып жесір болды. Қалың малы төленген деп Тоқ Бұқа тұқымдары оны еліне қайтарып жібермеді. Енді амал жоқ, жас қыз балаға жесір атанып қара жамылуға тура келді. Әрине, Сұлтанның асын бергенше жас жесірге ешкім тимеді.[26,47б]. Мұсылман дініндегі Әділкерей, Қырым имамының алдына шариғат заңын кесе-көлденең тартып, әмеңгерлік қақымен інісінің тоқалын өзі иеленбек болды. - Келініңді алуға шариғат қосады. Некелеріңді қиюға мен дайын. Тек келініңнің жарайды деген сөзі керек. Құранның мына бір сүресінде куйеуінің соңында қалған мирасқорларынан кімді қалайтыны жесірдің өз еркіне берілген. Келініңіз бөтен қайындарының біреуін тілемейтін болса, онда жол сіздікі... [26,132б]. Кішкентайымнан құдай қосқан, ата-анамыз атастырған қосағым еді, жазмыш жазбай айырылып едім, енді оған қайта қосылсам, алла тағала мұнымды күнә санамас деді.
Хатта: Кішкентайымда атастырған Ақберен деген бала болып еді. Сіз кімсіз? деген екі-ақ ауыз сөз бар екен. Хат жазған адамның есімі де жоқ. Бірақ хат кімнен екенін Ақберен бірден ұқты. Жүрегі шапқан аттай лепіре түсіп, қуанып қалды. Қолы сәл дірілдей қағаздың шетіне Солмын деген жалғыз ауыз сөз жазып, хатты баланың өзіне қайтарып берді. [26, 332б.]. ... - Көңілі көтеріле ме деген үміт қой... қалың малы түгел төленіп қойған соң, жесір біздікі деп ойлағандақ қой. Былжырап сөйлегенімен жігіттің ойында қанша арамдық барын Есеней оңай түсінді. Қазақ айласының құйрығы бір- ақ тұтам. Інісі өлім алдында екен... қалыңдықты бір әкеліп алса, ол сорлы қыз іні өлсе, аға мұрасы болады да қалады емес пе? [28,48б]. Мен мұндай жиында сөйлеп көрген емеспін... не айтсам да, қалай айтсам да, ұзын ырғасы Есенейдің сөзі. Қазақ біреудің жүйрік атына қызықса да, құда бола салады. Болыс-би сайлауларының тұсында ондаған бай үйлер құда болысып қалады. Әлі тумаған баланы атастырып, аманат құда болатындары да бар... [28,188б].Екінші, - деді. - Екінші, Сибан ағайын, өрттің өзінен бұрын түтіні көзге түседі. Біз сол түтінді көріп, қиналысып келіп отырыз. Ертең Керей - Уақты дүрліктіретін өрт келе жатыр. Есенейдің жалғыз інісі Еменалы мұрагерлік сұрап кеп отыр. Соның ішінде әмеңгерлігі де бар. Сибан, саған жаным ашымаса, қиналар ма едім, қиналғаннан баптап айтар сөзімді тіке айтып, шолақ қайырып отырмын. Сибан, бұған не айтасың? ... [28,218б].Бұнда жатқан бірі - қыз, бірі-жігіт. Жігіт- Кебек, қызы Еңлік атаушы еді ! - деген кезде Абайдың үні ажарланып, машықты қалпына ауысып, қатаң сөйледі.-Осы екеуін махаббат үшін өз елінің қатал үкімі, өз замандастарының қолымен, зорлықпен өлтірткен болатын. Жүз жылдан бұрын да, содан кейін де, дәл бүгінгі күнге шейін де ұлға тұсау, қызға бұғау болған ел заңы осы екеуін ат құйрығына байлатып сүйретіп өлтірткен. [14,7б]. Зорлық жоқ, жаным! Бүгін үйленіп кет деп те айтпаймын. Жалғыз-ақ маған келінің, Құдай қосса, мынау болады деп ұнатқан жаныңды атап кет. Биыл айттырып қой да, жолына жүре бер. Соның бары да жұбаныш. Өзіңнен соңғы қуанышым, үмітім болады да отыра береді!-деді. [14,147б].Онысы өз күйеулеріне өздері бұйырып, үстеріне тоқал алғызбақ. Оспаннан қалған әйелдерді ең алдымен өзді-өзі күйеулеріне таңдатып алғызбақ. [15,296б]. Жолың үлкен деп Абай, Ысқақ екеуің болып, бар байлауды маған бергенің рас болса, ендігі сөздің үлкені қыстау. Және бәрінен түбегейлі сөзі шаңырақтар, жесірлер жөні. Сол шешілсе, өзгенің бәрі өзінен-өзі шешілгелі тұр. Оспаннан қалған үш әйел бар. Орайына үш әмеңгер бар екенбіз. Ал Тәкежан алатын мұраның үлкені Еркежаннан басталған соң, енді онымен сөйлесу керек. Осыны ауызға алған Ысқақты,Шұбар мен Ербол қолдады. Бұл кезге дейін көп үндемей келген Шәке де қазір сөз қосты:-Бір Еркежан емес, үшеуімен де сөйлесу керек қой. Тегі, осы сөздердің бәрінде, бас - аяғында сол кісілер неге сырт қалады?-деп аз тоқтады.- Бәрекелді, Шәке дұрыс айтады. Бұл әйелдер бәріне де жақсы келін ғана емес, іні-бауыр есепті де болып кеткен. Үшеуінің де алдарынан өтілуі - осы отырған бәріміздің қарызымыз. Сөзді осылай шешу керек !-деді. [16, 320-321б ].-Әуелі үшеуінен бір-ақ сөзді өтініңдер. Ата жолы, шариғат жолы бұйырып отыр. Тірі отырған әменгерлері бар. Бәрі де ерге тисін деп кесіп отырмыз. Алдымен осыған ризалықтарын білдірсін!Сонымен Шұбар, Ербол екеуі үш жесірмен сөйлесуге беттеді. Ең алдымен барғандары Торымбала еді. Ол кесімді жауап айтпады. Шұбар қанша ұғындырып, төндіріп көрсе де, Торымбал берік сөзін бермей қойды.Әзірге айтқан екіұдай жауабы: Мен Еркежан мен Зейнептің алдына түспеймін. Солардың сөзіне қарап жауап айтамын. Әзірге мені зорламаңдар! деді.Екі елші осыдан соң Зейнепке келді. Оған Шұбар ұзақ сөйледі. Жырақтан орағытып, жол білетін, көсемдік ететін жесір екендігін, әсіресе басып айтты.Бұның сөзінің кезінде ажарлы, есті жүзін еркектерге толық бұрып алған Зейнеп кірпік қақпай, ойланып тыңдады. Қамыққан да, таңырқаған да жоқ. Ербол өз ішінен: Зейнеп бұл сөзді бұрын естіген кісіше тыңдап отыр. Әлде осы әйелдер екі - үш күнгі сыбырды естіп, өзара ақылдасып алды ма екен? Олай болса, бұл да Торымбаланың жауабын бере ме?... Еркежанға сілтей ме? деп ойлады.Бірақ Зейнеп сөйлегенде, бұл ойлағандай болмай шықты.Оспанды жыл бойы тамаша жоқтаған осы. Бар ағайын мен бата оқыршылар: Шіркін Зейнеп-ақ, қандай аңырап отыр!, Кеудесіндегі шері, көзіндегі жасы, аузындағы сөзі- бәрі де анық адал жарды танытады-ау!, Кім арманда өтпейді бұл өмірден, бірақ артында дәл осы Зейнептей зар етуші болса, өлімнің өкініші бар ма?деп, сырт кісілер де аңыз еткен.Зейнеп Оспанның жылын ерте беруге де қарсы болған. Алғаш сол сөз шешілгеннен бастап, дәл жылы берілетін күнге шейін ол өзінің жоқтауын тағы түрлеп алды. Күніне екі рет емес, тіпті үш қайтарадан дауыс айтып отырды.Шұбар бұған келгенде: Қиыны осы болар-ау, Қайғысын көпке паш қып еді. Сол шерден бұл әлі қайтқан жоқ қой деп күдіктенген. Алғашқы сөзді шеберлеп, баптап айтқаны да сол еді. Енді осы Зейнеп екі елшіні таң қылды.Анық бір айналуға келместен-ақ, ол көне кетті. Ата жолынан азбаймын. Айтқаныңнан шықпаймын, шырақ бұзбаймын, ағайын! Қалғанын өзің біле бер деп отыр. [16, 322-323б].
Үйді оңашалап алған Шұбар, бұған да Зейнепке айтқандай ұзақ сөйледі. Бірақ ол сөзінің артын аяқтамастан-ақ Еркежан жылап жіберді.Сөзіңді аңдадым, Молдажігіт!-деп, жасқа толған көздерін Шұбарға ашумен бұрды.- Майдаламай-ақ қой. Сорлы болған күйімді май сылаумен жазам деп пе едің?-деді де, дауыстап жылаған бойында қасындағы жастыққа бетін басты. Жер бауырлап, өксіп жылап жатып алды.Шұбардың сөзі еріксіз тоқтап қалды. Еркежан кейін біраз бой тоқтатқанымен, ішіндегі ыза да, күйік те кеміген жоқ.Мен бай іздегем жоқ. Кенже өлген күні,-деп Оспанды ауызға алып, -ант еткем - ді. Өзі мен екеуміз жөргегінен алып бауырымызға салып өсірген балапанымыз бар. Әубәкір мен Пәкизат. Мен баласыз қатын емеспін. Осы екеуінің ғана тілеуін тілеп, Кенженің артын күтіп, дүниенің өзге тілегін тыйып отырам деген антым бар. Айтпа маған сұмдық сөзді. Үш қайнағама осынымды жеткіз. Үлкен үйден сүйреп тастаса да, енді ерге тимеймін. Болмаса, осы шаңырақты, кешегі енемнің, Кенженің шаңырағы атандырам да тапжылмай отырам...-деді. Сөз осымен бітті деп, Шұбар мен Ерболды қайта сөйлетпеді. Салмақты, салқын жүзінен қатал тілекке қатты бекінген қайрат қөрінді.[17, 324б].
Бар пейілі Абалақ сұлтанның қызы Ділшат-сұлтанымда. Қайырылмастай құлаған-ды. Құдай қосқан жары. Қалың мал толық төленген. Ең ақырғы бес жүз жылқы өткен күзде, сұлтанның ордасы Сырдың тамағына, қыстауға қонған бетте айдап апарылған. Бірақ... бірақ қырыс сұлтан тойға асықпады. Әлде бөтен есебі бар ма, әлде өзі билеп отырған қалың найманның салт-дәстүрін бұзғысы келмегені ме. Қызым он алтыға толсын деп отырып алған. Ал қызы... Ораз-Мұхамедке қатты ұнаған еді. Алғаш көш үстінде көрген. Еркекше киінгенмен, атқа отырысынан қыз екені бірден танылады. Қатар қонысымен, екі орда бірін-бірі ерулікке шақырғанда мүлде басқаша кейіпте көрген. Кеше ат құлағында ойнаған тентек қыз айрықша биязы, тым нәзік. Бірақ кісіге тік қарайды, Ұнап қалды. Әжесі -әмірі күшті Әз-ханым да көз салған екен. Нағыз батыр ұл туатын қыз! -- деді. Оралысымен-ақ құдалық жайын қамдаған. Абалақ сұлтан сырғақсыз, мәймөңкесіз бірден келісті. Бірақ... қыз ұзату мезгілін өзі белгілеген, ешқандай базынаға көнбеген. [24,23б].Науанжан мен Ақбөкенді бекер қосыпсыз. Ағаттық еткен екенсіз, - деген. Неге? деп сұраған Кенесарыға Ақбөкеннің Байтабанға кішкентайынан айттырған қалыңдығы екенін, біріне бірі кет әрі еместігін, тек осынау аласапыран кезде жат жерде қосылудың ретін таба алмай жүргендерін айта келіп жиенінің қалыңдығын ініңізге алып бергеніңізді Жоламан батыр қалай көреді. [27,165б].Үлкен баласы Жәнәділ осы кіші тоқалының аулындағы бір төлеңгіттің қызына ғашық екен. Қыз да мұны жақсы көреді-міс. Егер әкем айттырып бермесе, осы қызды нағашым аулына, немесе Омбыға алып қашам, - дейтін көрінеді Жәнәділ.. - Ал сен бүкіл Ұлытау, Қара Кеңгір, Сары Кеңгірдің қожасы Ерденнің кіші қызын саған айттырғанымды білмейсің бе?
- Білемін. Ол қызды Шыңғыс алсын...
- Ей, не малтаңды езіп тұрсың өзің? Шыңғыс алсының қалай?! Қатынды саған айттырамын да, алатын Шыңғыс болғаны ма? [27,382б]. Бәйгеге шапқан жүйріктей, жыр желісінен маңдай тері бұршақтап аққан Нысанбай ақын, бір мезет Абылайға Атығай - Қарауыл рулары алты қызын беріп, оның үстіне Абылай қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып, олардан отыз бір ұл, қырық қыз көргенін аса бір асқан жыр етіп толғатты. [27,265б]. Байболат ақсақалға Кенесары көп кешікпей Күнімжанды маған берсін деп кісі салған.
Байболат ақсақал бұл тілекті шұғыл ақылға сап, қолма-қол шешімін
айтқан:
- Үш жүзге хан болған Абылай атасына Арғынның, Қарауыл, Атығай рулары алты қызын бергенде, сол Абылайдың батыр немересіне біздің жалғыз қызды қимағанымыз болмас, алсын - деген.
Бір апта өткеннен кейін әлке Байдалы, Аққошқар Сайдалы боп үш бозды көсем жеккен күмістеген қара пәуескемен, жасау артқан тоғыз нарды бір көш етіп Күнімжанды ырғалтып-жырғалтып Көкшетаудағы Қасым төренің ауылына ұзатқан. [27,89б]. Қашан қызды ұзатып алғанша, әке-шешесінің ұлықсатынсыз есігін ашпау, ашқысы келсе қалыңмал үстіне қосымша айып төлеп ашу,- о заманғы ауыл күйеуінің салты. Бірақ қайын жұртынан біреу-міреу өле қалса, оған кеп бата оқу әдеті де бар. Бұндай жағдайда, күйеу қайын атасының өз үйіне емес отауына, отауы болмаса көршілерінің біреуіне түседі.[23,84б]. Қалыңдық айттыру.Қалыңдық айттырудан бастап,келін түсіру тойына дейінгі мерзімде орындалатын толып жатқан жол-жоралғылар бар.Олар төмендегідей. Жігіт әкесі тарапынан қыз таңдау, қыз көру аяқталғаннан кейін,айттырылған қызға құда түсуге кіріседі. Оны қыз әкесіне жаушы ретінде кісі жіберуден бастайды.Жаушының негізгі міндеті-қыздың басы бос болса қыз әкесінің ниетін біліп,егер ол қарсы болмаса құдалыққа қай уақытта келетіндігі туралы келісіп қайту. Сондықтан пысық адам жұмсалады. Қызын беруге келіскен болса жаушыға сый беріледі. Ол шеге шапан деп аталады. Аты айтып тұрғандай құдалығымыз шегеленген шегедей берік болсын деген сөз. Құдалардың келуіне жеке үйлер тігіп,сойысы мен күтуші жігіттерін тағайындайды. Сый құрмет көрсетіліп, қонақасы беріледі. Қандай мөлшерде қалыңмал беріледі ,басқа әр түрлі шақырыстар мен берілетін жоралғы мөлшері, ең соңында қызды ұзату мерзімі туралы да келсім болады. Мәселе әбден шешіліп болғанда құдалық бұзылмау үшін анттасып бата қылысады. Ол үшін ақсарбас айтылып, оның бауыздалу қанына қол батырып,бас құдалар қол батырып ,бата бұзбауға серттесіп,уәдені бекітеді. Бұл қанымыз қосылды туысқан болдық дегені.Бата аяққа арнап күйеу әкесі өзінің дәулетіне қарай бір жылқы, не түйе немесе бірнеше тоғыз береді. Қыз Жібек жырында Төлеген Қыз Жібектің бата аяғына 250 жылқы берген. Бұдан бөлек қарғы бауына жылқы не түйе түлігінен бір тәуір мал берген. Бата аяқ пен қарғы бауы алынған қыз бұдан былай айттырушының заңды қалыңдығы болып есептелген. Құдаларға арналып төстік пен туысқан болудың белгісі ретінде құйрық бауыр жегізген. Құйрық бауыр жеудің мәнісі тусқан болғанын көрсетеді. Той кезінде құдалардан арнайы кәде алу үшін асық жілік салынған қос табақ атты табақ тартылады. О табақтан құдалардың бәрі дәм татып ақшалай не заттай жолын береді. Осы жоралғылардан кейін ойын-сауық құрып той тойланады. Құдалық мәселесі әбден шешілген кезде құдалар отырған үйге бір топ әйел келіп қуаныштарың құтты болсын! деп шашу шашады. Шашудан кейін әйелдер құда тартуға кіріседі.Ең алдымен әр құдаға әр түрлі талап қойып біріне ін салғызып,біріне күй тартқызған.Ойын, той бітіп құдалар қайтарда олардың әрқайсысына кит кигізіп, ат мінгізеді, түйе жетектетеді. Бұдан соң күйеу әкесі құдаларына дайындаған киттерін атап-атап үлестіреді, ат мінгізіп,түйе де береді. Дәл кетерде күйеу баланы көрсетіп көрімдік сұрайды.Күйеу әкесі қалыңнан басқа өлі тірі деп бір қой береді.Халық түсінігі бойынша өлі тірі берілмесе келін ауырулы болуы мүмкін. Қазақ халқына тән қалыңдық айттыру,күйеудің ұрын бару салты жолындағы осынау дәстүрлердің қалай жүзеге асқандығы жөніндегі мәліметтерді роман жанырында жазылған шығармалардан аламыз. Шығармалардан алынған оқиғалар арқылы практикада қалай жүзеге асқандығын түсіне аламыз.
Бұрын үй ішіне мәлім емес еді. Өзі сол сапарда жалғыз байлаған байлауын білдірді. Байтастың жас қызы бар екен. Соны Оспанға айттырмақ бопты. Сөйтіп, тентек Оспанға Байтастың Еркежан деген қызы қалыңдық боп аталыпты. Үй іші әсіресе шешелер күліп, мәз боп, Оспанның аяғына тұсау түскенін өзіне естірту, түсіндіру жайын ойлап күліскен-ді.
Осы байлаумен қатар, Құнанбай енді Ұлжанның басқа екі баласы туралы да жаңалық айтты. Оның біреуі - Тәкежан туралы. Былтыр ұрын барып келген Тәкежан енді осы жақында үйленбек. Қайны болса, бар малын алған. Енді несіне созады? Соның отауы түссін. Екінші, әсіресе, осы отырған барлық үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық
ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
Мұрат Әуезов - мемлекеттік Тарлан орденінің лауреаты
Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
Баланың өсуіне байланысты әдет - ғұрыптар
Пәндер