Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері



1.Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
1.1 Мінездеме
1.2 Портрет
1.3 Диалог және сөйлеу тілі
1.4 Психологизм
1.5 Іс.әрекет тартыс
1.6 Пейзаж
2. Б Момышұлы.ұлттық характер танытатын тарихи тұлға
2.1 Бауыржан.батырлық пен ерліктің үлгісі
2.2 Бауыржан образындағы ұлттық болмыс пен мінез
Характер ( әдеби характер)- көркем шығармадағы кейіпкердің мінез- бітімі, ой- сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері.Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады.Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн.Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез- құлқы, оның әр қилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой- өрісіне, сана-сезіміне байланысты.Осыған орай әдеби шығармадағы характер күрес- тартыс үстінде, кейіпкердің іс- әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып,анық танылады.Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі
Диалог- әдеби шығармада екі кейіпкердің,немесе бірнеше адамның сөйлесуі,оларды сөйлестіру тәсілі.Драмалық шығарма түгелдей дерлік диалогқа,сөйлестіруге және жеке кейіпкерді сөйлетуге,монологқа негізделіп құрылады.Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес,ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп,қалай өзгеріп,өрістеп отыратынына сәйкес беріледі.Және бір кейіпкердің айтқан сөзі екінші кейіпкердің айтқан сөзіне түрткі болып,келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді.Әр бір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы бір қырынан ашып көрсетіп,олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп,жаңа бір сатыға көтерілгенін танытады.Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеуімен осылай тығыз байланысты болып келмесе,онда диалог ширақ,тартымды болмайды.Әсіресе кейіпкердің қиын,қысталаң жағдайда,қандай әрекет жасайтынын көрсету үшін диалогтың,яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор.Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады.Яғни әр кейіпкердің сөз саптауынан,оның ой толғанысынан,сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді.Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне,ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді.Сондықтан мағыналы диалог,кейіпкерлердің сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып,орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі мен әдебиеті факултеті

Әдебиет теориясы кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері
Орындаған 4 курс студенті Жанетова М.А
Ғылыми жетекші Қалқабаева С.
Норма бақылаушы Баянбаева Ж
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді

Алматы 2011 жыл

Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері

Жоспар
1.Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
1.1 Мінездеме
1.2 Портрет
1.3 Диалог және сөйлеу тілі
1.4 Психологизм
1.5 Іс-әрекет тартыс
1.6 Пейзаж
2. Б Момышұлы-ұлттық характер танытатын тарихи тұлға
2.1 Бауыржан-батырлық пен ерліктің үлгісі
2.2 Бауыржан образындағы ұлттық болмыс пен мінез

Характер ( әдеби характер)- көркем шығармадағы кейіпкердің мінез- бітімі, ой- сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері.Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады.Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн.Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез- құлқы, оның әр қилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой- өрісіне, сана-сезіміне байланысты.Осыған орай әдеби шығармадағы характер күрес- тартыс үстінде, кейіпкердің іс- әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып,анық танылады.Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі
Диалог- әдеби шығармада екі кейіпкердің,немесе бірнеше адамның сөйлесуі,оларды сөйлестіру тәсілі.Драмалық шығарма түгелдей дерлік диалогқа,сөйлестіруге және жеке кейіпкерді сөйлетуге,монологқа негізделіп құрылады.Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес,ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп,қалай өзгеріп,өрістеп отыратынына сәйкес беріледі.Және бір кейіпкердің айтқан сөзі екінші кейіпкердің айтқан сөзіне түрткі болып,келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді.Әр бір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы бір қырынан ашып көрсетіп,олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп,жаңа бір сатыға көтерілгенін танытады.Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеуімен осылай тығыз байланысты болып келмесе,онда диалог ширақ,тартымды болмайды.Әсіресе кейіпкердің қиын,қысталаң жағдайда,қандай әрекет жасайтынын көрсету үшін диалогтың,яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор.Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады.Яғни әр кейіпкердің сөз саптауынан,оның ой толғанысынан,сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді.Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне,ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді.Сондықтан мағыналы диалог,кейіпкерлердің сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып,орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі.
Кейіпкер- көркем әдебиетте роман,повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы.Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның,дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де (әсіресе жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі,сөйлеу әдетіндегі) анық байқалатындай етіп көрсетеді.

Мен бір жан өмірінің өзі дастан
Ыстық,суық ғұлманнан көзін ашқан
Көктемдей құбылмалы мінезім бар,
Мейлің күл,мейлің илан
Мейлің жасқан.
(Б.Момышұлы)
Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары қай кезеңде де жан-жақты зерттеліп келеді.Ғылыми зерттеуге кейде бір қаламгердің тұтас бір туындысы,кейде сол жазушы шығармашылығының бір қыры өзек болады.Бұл жұмысымда қазақтың көрнекті қаламгері,Қазақстанның халық жазушысы,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,Ә.Нұршайықовтың шығармасын арқау еттік.Бұл зерттеуде Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдерін қарастырдық.Себебі:бұл туынды Момышұлымен сұхбатқа құрылған;сұрақ қоя отырып оның іс-әрекетінен характерін бейнелеген;сұхбатына өзгеде адамдарды арқау ете отырып кейіпкер характерін ашып көрсеткен.
Зерттеудің өзектілігі: . Еліміздің рухани әлемі көркем шығармалармен толығып отырады.Сондай туындының бірі Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбаты. Ә.Нұршайықов шығармаларына жоғары баға берген мақала мен еңбектер бар. Алайда, Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатындағы характер жасау тәсілдері тұрғысынан қарастырған еңбектердің болмауынан зерттеудің қажеттігін, тақырыптың өзектілігін айқындайды.Ең негізгісі-зерттеу тақырыбы өмір шындығын,қазақ жастарының көрсеткен ерлік істерін,олардың жүрегіндегі Отанға деген махаббатын,кейіпкеріміз Б.Момышұлының жауынгер жанына рух берер жалынды сөздері,іс-әрекетін көрсету арқылы характерін ашуымен мәнді болып табыладыЖазушының барлық дерлік шығармалары ұрпақ тәрбиесіне арналған,ізгі қасиеттерді насихаттайды.
Зерттеудің жаңашылдығы: Ә.Нұршайықов шығармашылығы Ақиқат пен аңыз роман- сұхбатындағы характер жасау тәсілдері тақырыбында алғаш рет зерттеліп отыр.Зерттеу барысында қол жеткізілген мәселелер:

қаламгер журналистік тәжірибесін шеберлікпен пайдаланып экспериментке барады: кейіпкер мен автордың диалогына құрылған роман оқырманды қызықтыра алға жетелейді.
бұл әдеби әдістің газет интервьюіне ұқсамауы үшін әрбір сұрақ-жауап алдында сәл шегініс жасап, өткен-кеткен тарихи оқиғаларды еске алады. Баукеңнің атын алғаш рет қашан естігеннен бастап осыған дейінгі көрген-білгендерін есіне түсіре отырып, соны қойылатын сұрақ мазмұнымен шебер сәйкестендіреді.
кейіпкермен жүздескен сәттегі оның мінез-құлқын суреттеуі, жан дүниесін бейнелеуі, әдеби тәсілдердің ең сәтті маржандарын төгілдіре қолдану арқылы геройының портретін сомдауы еріксіз тәнті етеді.
романда кейіпкердің өмір кезеңі хақында болып отырған шақтың тарихи оқиғалары көз алдыңыздан кино ленталарындай тізбектеле өтіп жатады. Автор бұл тәсілді кейіпкер образын сомдауға жіті кіріктіре білген.
шығармада әскери өмірдің қыр - сырлары жан - жақты баяндалады. Осы тұрғыдағы даңқты командирдің бастан кешкендері оқырманды жалықтырмайтындай етіп әңгіме өзегіне айналады.
Ақиқат пен аңызда Ұлы Отан соғысының даңқты әскери қолбасыларының тарихи ерліктері баяндалып қана қоймай, соғыстың ең есте қаларлық драмалы сәттері мен жан тебірентерлік көріністері көз алдыңнан өтіп жатады.
Әзағаң даңқты шығармасының өн-бойында ұлттық бояумен терең қаныққан шұрайлы тілімен, таңғажайып теңеулерімен тәнті етіп отырады.
Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз романы;Б.Момышұлы туралы естеліктер;Момышұлының кітаптары;Ә.Нұршайықов шығармашылығына қатысты жазылған автореферат,диссертация.
Мақсаты мен міндеті: Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатындағы Б.Момышұлының ерлік істерін қол астындағы жауынгерлерін басқара білуі,жау қамалын бұзып жара шыққан ақылдылығы,даналығы,әрбір іс-әрекетін көрсете отырып автордың батырымыздың характерін бейнелеуі басты мақсат болып табылады.Осы мақсат үрдісінен шығу үшін зерттеу алдына мынадай мақсат қойылды:
жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
кейіпкерімізге мінездеме беру
шығармаларынан портретін жасау
автор мен Бауыржанның сұхбаты, оның әңгімешілдігіне, сөйлеу шеберлігіне мән беру.
психологизм
іс-әрекет тартыс
мінезінің табиғатпен үндесуі
қазақтың қанына сіңген ұлттық характерді танытатын тұлға
Бауыржан ұрпаққа үлгі
Зерттеудің пәні мен обьектісі: Дипломдық жұмысым Қазақстанның белгілі жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ә.Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатынан.Мұндағы басты нысана негізгі обьекті-Бауыржан Момышұлы.
Практикалық маңызы: Ақиқат пен аңыз роман-сұхбаты 1976 жылы алғаш рет кітап болып жарияланған соң авторға келген хаттардың бірінде: Біз Баукеңнің өмір жолын,бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін біле бермейтінбіз.Кейбір ауызекі естігендеріміз бойынша Баукеңді дәл мұндай жаны жомарт жан деп есептемейтінбіз. Біз ол естігендеріміздің мүлде қате екенін енді түсіндік.Енді біз сіздің осы кітабыңыз арқылы Баукеңнің өте акылды, терең білімді, әрі сөзге шебер, нағыз жомарт жанды азамат аға екеніне көзіміз жетті,-дейді оқырман.
Жазушы әрі ғалым Ә.Әзиевтің: Ақиқат пен аңыз атты кітап адамгершілікке,азаматтық,ерлікке толы-деген.
Б.Ыбырайымов: Көркемдік көкжиегі атты әдеби-сын еңбегінде: Қазіргі қазақ прозасындағы диалогтарда жиі кездесетін елеулі екі олқылық бар.Бірі кейіпкерді,әсіресе жас кейіпкерді романтикалық сипаттағы өршіл бейне етіп суреттеймін деп оның аузына әсіреқызыл,кеуек сөздерді сала беру.Бұнда да кейіпкер сөзінің кеуектігі мен көптігі жазушының көркемдік нысанасын бейнелеуге септігі әлсіз,әрі шығарманың реалистік қуатында кемітеді.Екінші олқылық- кейіпкерлері арқылы оқырманға ой саламын,толғандырамын деген игі ниеттегі автор жалпыға мәлім ақиқаттарды қайталап, кітаби сарынға,жалаң дидактика мен схематизмге бой алдырады.
Белгілі әдебиет зерттеушісі М.Дүйсенов Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығы туралы атты арнау сөзінде: Қалауын тапса қар жанар дегендей, екі адамның диалогы арқылы-ақ үлкен өмір, шынайы шындықтың сыры көркем ашылған. Жазушы форма жағынан да ізденіп, бейнелеу тәсілінің мүмкіндіктері молдығын көрсетті. Бұл, сөз жоқ, қазақ романы жанрындағы жаңалық, ал Ақиқат пен аңыз - әдебиетіміздегі жаңа құбылыстардың бірі. Мұнда да ойдың байсалдылығы, тереңдігі, тілдің құнарлы бояуы, бедері айқын ()

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысының құрылымы:кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі,жаңашылдығы,нысаны,мақса ты мен міндеті,ғылыми-әдістемелік базасы,пәні мен обьектісі,практикалық маңызы,құрылымы көрсетіледі.
Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі атты бірінші тарауда қаламгердің қазақ жұртының ержүрек батыры Б.Момышұлының характерін,портретін жасауы,диалог арқылы оның сөйлеу тілін,табиғатпен салыстыра отырып мінезінің қырларын,қайсар мінезін танытуда қолданған әдіс-тәсілдерін ашықта айқын көрсету. , Әзағаңның Ақиқат пен аңыз роман-диалогын сүйсінбей оқу мүмкін емес. Оның басты себебі, жазушы бұл шығармасында ерекше көркемдік шеберлік танытып, тосын әрі жаңашыл үлгіні (роман-диалог) еш қапысыз қолдана алған. Екінші бір маңызды себеп - оның бас кейіпкері халқымыздың аты аңызға айналған қаһарманы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры - Бауыржан Момышұлы.()
Кезінде бұл туынды оқырмандарды ғана емес, жазушы мен сыншы атаулыны да дүр сілкіндірді, күні бүгінге дейін оған пікір білдіру, талдау аяқталған жоқ, аяқталмайды да.
Батырдың биік парасаты мен асау рухын,ерлігі мен батырлығын,мінезінің қырларын жазу үшін ой тербетпеген ақын-жазушы кемде кем. Ақиқат пен аңыз романының ұзын-ырғасы сұхбат түрінде жазылғанымен,кітаптағы барлық деректерді автор Бауыржан аузынан жазып алған жоқ.1986 жылы Жалын журналына берген интервьюінде Бауыржан маған роман-диалогтағы сияқты өмірбаянын басынан бастап,соңғы беттегі нүктесіне дейін өзі айтып,баяндап берді ма?Жоқ.Ең алғашқы күні мен онымен он екі сағат әңгімелестім. Сол әңгіме кезінде өз аузынан отыз бет материалды қолмен жазып алдым. Баукеңмен ең алғаш ұзақ әңгімелескеніміз де сол алғашқы күн болды. Одан кейін арамызда кейбір қысқа-қысқа кездесулер өтті (ауруханада,үйде,қонақта,көшеде,Жаз ушылар одағында).Бірақ бұл кездесулерде жазып алғаным алғашқы күндегіден аз болмаса, көп емес еді.Өзге материалдың бәрін өз бетіммен(кітаптар арқылы,жұртпен әңгімелесіп)жинап алуыма тура келді,-дейді жазушы.Бауыржанның қаһармандық тұлғасын нанымды жасауда автор сұхбаттан басқа замандастарының, М.Ғабдуллиннің,зайыбы Кәмаштың естелік-әңгімелерін,күнделіктер мен қарулас және қызметтес болған жолдастарының сөздерін,әртүрлі құжаттар,мінездемелер,хаттархаттама лардың түпнұсқасын келтіріп отырады.Бұл,біріншіден,шығарма оқиғасының тарихи шындығын растап,баяндау формасын түрлендірсе,екіншіден,батыр характерін аша түсудің тағы бір әдісі іспетті.Романда жазушы Б.Момышұлының қатардағы жауынгерден гвардия полковнигі дәрежесіне дейінгі өсу жолын сатылы түрде тарихи деректерге,архивтік материалдарға сүйене отырып суреттеген.Осы екі аралықта оның жастық шағы,Қызыл Армияда атқарған әскери міндеті,қоғамдық қызметінің алғашқы баспалдақтары,Қиыр Шығыстағы офицерлік қызметі,Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батальон,полк командирі болуы қамтылған.Соғыстан кейін Мәскеуде Әскери академияны бітіріп, онда сабақ бере жүріп, әскери профессор болғандығы да айтылады.Баукең өмірінің жиырма бес жылын әскери қызметке арнаған.Роман-сұхбатта бас кейіпкердің өз әңгімесіне қоса,баспасөз материалдары,естеліктер,өлең-жыр,ел -арасына тараған қызық аңыздар мен әңгімелер,құжаттар молынан пайдаланылып,батырдың жан-жақты бейнесі жасалған.Шығармада Бауыржанның рухани адамгершілік әлемі бай.Ол әділде шыншыл, өжетте қатал,жаны жайсаң,кішіпейіл де жомарт, нәзік сезімнің иесі.Баукең бойынан табылатын осындай қасиеттердің барлығын автор үлкен сезімталдықпен сомдай білген.Бауыржан бойындағы үлкен қасиеттің бірі- әділдік, шыншылдық.Ол өз басынан өткерген, көзімен көрген жайларды, маңындағы жандардың қиянаттарымен ізгі істерін сарапқа салу негізінде әділдікті бойға сіңірді.(2)Мәселен:Сөйтіп,мен алты ай милиция бастығы болдым.Сүзекпен ауырып, ол қызметтен өзімнен-өзім түсіп қалдым.Одан бұрын бастық болған кездегі бір хикаямды айтып берейін.Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер жөніндегі тергеуші бар еді.Ол өзі бір өте білімді юрист болатын.Аудандық милицияға мен бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп қалды.Мен бұрын ол кісіні көрмегенмін.Қаперімде түк жоқ,кабинетімде отыр едім,бір тәпелтек кісі кіріп келді.Сәлемдескеннен кейін бас-аяғыма қарап алды да:
- Шырағым милиция бастығы қайда екен? - деп сұрады.Тегі, менің түріме қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.
- Мен, - дедім орнымнан тұрып. Ол кісі маған құжатын көрсетті.Сөйтсем, Емельяновым осы кісі екен.Бастық болғанымның өзіне 5-6 ғана күн болған.Не бар, не жоқты білмейтінмін.
- Ендеше, түрмені барып көрейік, - деді ол.Келдік. Көрдік. Адам деген бықып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп, не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықтық. Қорада 69 ат байлаулы тұр.
- Бұлар кімдікі?
- Түрмедегі қазақтардікі.
- Аттарын неге қайтармайсыңдар?- дейді Емельянов.Оны да ешкім білмейді.Емельянов мені ертіп, қайтадан кабинетке келді.Содан кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де,түсіндіре бастады.
- Түрмеде 250 адам жатыр,- деді ол.- Осының көбіне қамауға берілген санкция жоқ.Заңсыздық, кеңес заңын бұрмалаушылық деген осы болады.Адамды қылмысы болса түрмеге қамауға болар.Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды қайдан тапқансыздар?Меніңше, милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген.Ал протоколсыз бір адамды түрме босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ.Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас,сіз жаңадан ғана тағайындалған екенсіз.Енді осы адамдардың қаншамасына протокол жасалған екен?Соларды тексертіп,осында алдырыңызшы.Мен аппаратымды шақырып,Емельяновтың тапсырмасын айттым.Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді.Тексерсек, 50 адамға протокол жасалыпты.
- Протоколсыз жатқан адамдардың бәрінде қазір өзіңіз барып,түрмеден босаттырыңыз,- деді Емельянов маған.- Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.
Мен барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырдым.Қазақтар өздерінің босағандарына сенер- сенбестерін білмей,маған қайта-қайта жалтақтап қарай берді.
- Қарағым, сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді,-деп маған рақметті үсті-үстіне жаудырып жатыр.Аттарының жанына жетіп,жалына қолы тиісімен ырғып мініп, осы пәлелерден шынымен құтылдықпа,жоқ па?- дегендей,арттарына жалт- жалт қарасып дала қойнына сүңгіп ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр. Ей,момын халқым,- деймін мен олардың соңдарынан қарап тұрып.- Сен келмесең,біздің босанатын түріміз жоқ еді,- деп,сендер маған разы болып барасыңдар.Іштеріңдегі көзі ашық деген менің өзім сендердің ақ-қараларыңды айыра алмай,қанша күн босқа қамауда ұстадым.Егер Емельянов келмесе, өздеріңнің әлі қанша күн жатарларыңды білмей мені босқа мақтап барасыңдар- ау.
Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп,тағыда жиырма адамды босаттырды.Содан соң ол жиналыс өткізіп,бізге социалистік заңдылық туралы лекция оқыды.Кеңес азаматтарынан бір адамды заңсыз түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге қамалады деді.Бәріміздің зәреміз ұшты.Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып қалды.Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем, қылыштай қырқып отыруға бекіндім.(29-бет)
Әділдік пен адалдық- адамның ең қымбат қасиеті,- деп жазушының өзі айтқандай,романда Бауыржанның әділдігі әр кез адамгершілікпен ұштасып қабыса көрінеді.Мысалы:Бауыржан бұрын Дзержинский көшесінде,шағындау пәтерде тұрса керек.Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды.Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, сіздің өтінішіңіз орындалды,келіп кең пәтердің ордерін алыңыз,- дейді.Бауыржан барып бес бөлмелі пәтердің ордерін алады.Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алджында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
Неге мұңайып тұрсыз, шешей?- дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.
Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін,бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайып қалғандығын айтады.
-Маған деген үйді үш бөлмелік пәтермен біріктіріп,бір полковникке беріпті.Қайтейін,менің де балам соғыста өліп еді.Әрине, ол солдат еді,-дейді.Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді.Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне-бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.
- Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз- пәтеріңіз өзіңізге тиеді,- дейді де, Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан қалалық кеңеске тартады.
- Мен маған біреуге берілген пәтерлерді бер деген жоқпын,- дейді ол бағана қолына ордерді ұстатқан қызметкерге келіп.- Мына ордерді жыртыңыз да,пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз!Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып берді.Қалалық кеңес қызметкері қалбалақтап:
- Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді.Сіз пәтер сұраған соң сол екуін қосып,сізге қамқорлық жасайық деген едік...
- Молчать!- дейді Бауыржан көзі ежірейіп,мұрты одан сайын тікірейе түсіп.- Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ.Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып,бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз.Понятно вам?!
- Түсінікті,түсінікті жолдас Момышұлы.Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.
- Ол солдаттың анасы ғой!Сол солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе?Солдаттың анасы- Ресейдің анасы!Енді ұғынықты ма сізге?(33-бет)Бауыржан жайында айтылып жүрген осы әңгімені автор еске түсіре отырып кейіпкерін бірнеше қырынан аша түседі.Біріншіден, әділдігі көрінсе,екіншіден,анаға деген құрметін байқаймыз.Жазушы Момышұлына тән қасиеттерді ашуда, оны өзге кейіпкерлермен қарым-қатынаста көрсетеді.Ол үшін өмірдің алуан түрлі жақтарынан сабақ,тәлім берген маршал ВасилийКонстантинович Блюхер,полковник Круглов,капитан Шурдук,комбриг Дотоль,майор Чистяков сияқты әскери ұстаздары жайында әңгімелетеді.Бауыржан бойына мұраттар дарытқан Қиыр шығысты оларсыз елестете алмайды.406-полктың командирі полковник Круглов туралы былай дейді: Круглов менің ең жақсы әскери ұстаздарымның бірі ьолды. Ол кісі біреулермен сөйлескенде ылғи өз орнын бос қойып, басқа жерде отырып сөйлесуші еді.Солдаттардың қамын өз балаларының қамындай ойлайтын.Қарамағында бағыныштыларына әділ болатын.Әр командирдің кемшілігін біліп,сол кемшіліктерін үнемі есепке алып отыратын.Бірақ ешкімге сен анадайсың,сен мынадайсың демейтін.Кругловтың маған берген үлгісі осындай еді( 128-бет)Дотольдың қызметтен босағанын естіген сәттегі Бауыржанның көңіл-күйін суреттейтін тұстар,командирлерін не үшін жақсы көргендігін сұраған Чистяковқа берген жауаптары Дотольдың образын биіктете түседі.Чистяков сұрағына: Әділдігі үшін,әскери өнерге жетіктігі үшін,жауынгерлердің жанын ұға білетін зерделігі үшін(180-бет),-деп жауап береді.Жазушы бұл жерде кейіпкерінің адалдығын,шыншылдығын ашық көрсеткен.Шыншылдық,адалдық оның қанына сіңген дағды екендігін,ат спорты жарысарда аттың құйрығын шауып алғаны үшін дивизия штабынан полкқа дейін он шақырым жер атыңды жетектеп барасың деп жазалағанда ешкім бақылап тұрмаса да адал орындағанын көреміз.Осы екі эпизодттың өзінен автор үлкен шеберлікпен үш кейіпкердің болмысын танытып тастайды.Дотольдың шәкіртіне сыйлылығын,Бауыржанның шыншылдығын,Чистяковтың өзгенің жақсы қасиетін сыйлай білетін адал жан екендігін байқатады.
Бауыржанның қанына сіңген дағдының бірі- өзгенің асыл қасиеттерін бағалай білу.Ол еңбекте істес болған жақсы бастығын ұстаз тұтып,әр кез есінен шығармай дәріптеп,ал жаман бастығын жамсата баяндап отырады.Мысалы:Ертеңінде танысып,сәлемдесу және қызмет мәселесін шешу үшін аяңдап отырып екінші хатшыға бардым.Барсам,екі беті шарық табақтай,екі көзі бақырайған,бұғағы салбыраған,үстелге тарбиып құрбақадай жабысып қалған бір қазақ екен.Сәлем беріп жөн-жосығымды айттым.Көзі шарасынан шыға сызданып,жауап бермеді.Паң екенін де,надан екенін де айырмадым.Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой.Нобайы келген соң жіберіле салған жандардың бірі болуы керек.Отырып-отырып Бағов:
Жүре беріңіз, көрерміз,- деген сөзді әрең айтты.Наразылау болып,жаңа бастықтың кабинетінен шықтым.Содан соң жолдас-жоралар қызмет істейтін басқа мекемелерге бас сұқтым.Олар менің болашақ қызметім жайын сөз етісе отырып:
-Жаңа хатшыға бардың ба?- деп сұрасты.
-Бардым,- дедім.
-Қандай екен?-десті кейбіреулері.
-Үстел басына отырғызып қойған құрбақа сияқты екен!-дедім мен.(44-бет)
Нығмет ағай мені қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба деп сұрады. Үй ішімнің, ел-жұрттың амандығын білгеннен кейін:
-Ал,қалқам, шаруаңды айта бер,-деді.
-Екі түрлі шаруамен келдім, ағай,-деп алдымен өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға көмектесуді өтіндім. Одан соң оқуға түскім келетінін білдірдім. Сырғабеков менің сөзімді ыждағатпен тыңдап алды да,маған бір ғана сұрақ қойды,жалғыз ғана ескертпе жасады.Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталды.
-Анау адамды неге құрбақаға теңедің қалқам?-деді Сырғабеков менің сөзімді әбден тыңдап болғаннан кейін.
-Өзі құрбақаға ұқсап тұрса,мен оны құрбақаға теңемегенде құдайға теңеймін бе,- дедім мен Жуалыда Бердібаевқа айтқанымды қайталап.Нығмет ағай бетіме қарап олтырды да, басын шайқады.
-Ол кісі жаман-ақ адам шығар,қалқам.Бірақ ол кісі сенен үлкен ғой.Үлкенді сыйлау керек еді ғой.Мен ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым.(1)
Мінездеме ( әдеби характер)- көркем шығармадағы кейіпкердің мінез- бітімі, ой- сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері.Әдеби характер адамның өмірдегі мінез, қимыл-әрекет өзгешеліктерін жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге көтеріп, сомдап бейнелеу арқылы жасалады.Сондықтан оны жекелеген қасиет-сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік-біртұтастығы, синтезі деп қараған жөн. Реалистік қаһарманға тән характерді алдымен қалыптасу, өзгеріп өрістеуі тұрғысынан алып түсіну, бағалау орынды және осыған қоса оның өз ішкі диалектикасы болатыныда ескерілуі қажет.Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасады, сол ортаға, өз уақытына сәйкес болады. Адамның мінез- құлқы, оның әр қилы кездерде, әсіресе адамшылық қасиеттер сынға түсетін екіұдайда өзін қалай ұстап, қандай әрекет ететіні ой- өрісіне, сана-сезіміне байланысты.Осыған орай әдеби шығармадағы характер күрес- тартыс үстінде, кейіпкердің іс- әрекеті, ой-ниеті, мақсат-тілегі арқылы көрініс тауып,анық танылады.Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы олардың характерлерін барынша толық аша түседі.Әдеби кейіпкердің характері шығармада оның іс-әрекеттерін суреттеу арқылы психологиясы жан дүниесі тікелей бейнеленуі, яғни мінез арқылы айқындалып, сондай-ақ сырт-сымбатын, бой тұлғасын, бет- әлпетін, сөйлеу ерекшеліктерін көрсету өзінің туындысында Бауыржанның ерлік істерін, оқиғаларды баяндай отырып оның мінезін тура, жанама түрдеде өзі де мінездеме беру яғни жанама мінездеу арқылы жан- жақты ашыла түседі.(3)
Автор қаһарманын бірлі-жарым мінездеумен шектеп қана қоймайды, оған шығарманың өн ойында оқиға қатысына қарай, іс- әрекет, қимыл-қозғалысына сай әр қырынан мінездеме беріп отырады.Айталық, роман-диалогта бас қаһарман Бауыржан Момышұлының бір өзіне бірнеше мінездеме берілген.Автордың өз тарапынан айтылатын мінездеулерден басқа, Мәлік Ғабдуллиннің,генерал И.М.Чистяковтың, генерал-майор Баксовтың,полковник Серебряковтардың Бауыржан характерінің қыры мен сырын, жауынгерлік іскерлігін аша түсетін мінездемелері берілген.Олардың жазылу стилі де әр басқа.Мысалы: Оның үнсіздігінің өзі ауызды жай жұмып отырғандық емес, ішкі тегеурінді тежеген, жөн-жосықты екшеген парасаттылықты танытатын еді.Сонымен бірге оның жүзі жылыған сәтке алданып қалуға да болмайтын.Ол орынсыз қылық, оғаш сөзді бірден тыйып тастайтын өрлілігімен де танылып қалған болатын.(144-бет) батыл, өжет, тактикалық жағынан сауатты, ұрыс үстінде әскерлердің өзара байланысын ептілікпен ұйымдастыра біледі, ұрысты жақсы басқарады, тәртіпті.Өзіне де, өзгелерге де талап қойғыш, бағыныштыларының арасында абыройлы.Саяси ой-өрісі кең.Моральдық жағынан берік.(306-бет)М.Ғабдуллин атынан айтылатын біріншісі көркем сөз өрнегімен өрілген әдеби мінездеу болса, екіншісі- гвардия полковнигі Момышұлы Бауыржанды 9-гвардиялық дивизияның командирі лауазымына бекіту туралы ұсынысқа қоса берілген іс-қағаздары стилімен жазылған жауынгерлік мінездеме.Онда Кеңес Одағының Батыры гвардия генерал-майоры Баксовтың қолы қойылған.Автор тарапынан оқырман назарына ұсынылып отыратын мұндай тиісті құжаттар да батыр характерін толықтырып,кеңірек тануға мүмкіндіктерашады. Қысқасы олардың бірінен-әскери іске жетіктігін, талапшылдығын, ер мінезділігін,сыйлылығын білсек,енді бірінен-парасатты да жан сарайы сұлу екендігін көреміз.Ақын Ғали Ормановтың Полковник,Қасым Аманжоловтың Бауыржанатты өлеңдеріндегі поэзия тілімен өріліп жазылған мінездемелерді келтіруі батырдың тұлғасын жарқыратып,әрі шығарманың поэтикалық қуатын арттырған.Қасым Аманжоловтың:
Жан ұқпас жұмбақ емес бір жасырын,
Айтады ол тіке қарап жұртқа сырын.
Жаратпас жамап-жасқап жұрт ескісін,
Соғады өз дүкені сөз асылын.(202-бет)
Ал Ғали Ормановтың:
Бірде тік,бірде сынық,бірде қатты,
Жайдары көңілі түссе махаббатты.
Жалғанның жазы, қысы қабағында,
Батырын кім сүймесін бұл сымбатты!
Тартынса табиғаты бір-ақ уыс,
Еткендей тал бойынан аңғардым күш.
Тік өскен туған жерге қара емендей,
Халқымның қалағаны сондай туыс?- деген өлең шумақтары батыр характерін танытудакөркем қара сөзбен жазылған мінездеуден артық болмаса ке емес.(338-бет)Романда қаһарманның жан дүниесін айқара аша түсуде, оның өз-өзіне мінездеме бергізеді. Құдай маған дарын берді.Оның үстіне өтімді затқа өтпейтін нәрсені қалайда қосақтап сататын кейбір сатушылар сияқты қыңырлықты және маған берді.,- деуінен батырдың өзіне сыни көзқараспен қарайтынын көреміз.Бұл тұста Бауыржанның әскери Академияны бітірген сәтте өзіне ұсынылған екі қызметті менсініңкіремей жіберген ағаттығына өкініші еске оралады. Осы қателігімді ойласам күні бүгінге дейін екі бетім дуылдап қоя береді.Адамгершілік, азаматтық, коммунистік арым өзімді өмір бойы осы үшін айыптаумен келеді.(323-бет),-дейді.Бұл батырдың жанын жеген ішкі күйзелісі еді.Баукеңнің өзі жіберген кемшілікке, бойындағы кері мінезге тоқтала кеткендегі мақсаты-кейінгі ұрпақты теріс қылықтардан сақтандыру, оларға өсиет айту.(2)
Батыр жанының жомарттығын, мінезінің басқа да қырларын өмірінің сонғы жылдарында тағдырын қосқан жары Кәмаш апайдың Жақсыгүл мен Таксист әңгімесінен де көреміз.-Бір күні Бауыржан екеуміз қала араламақ боп такси шақырдық. Шопырымыз ұйғырдың бір жас жігіті екен. Баукен соның қасында, мен артта отырмын. Бір кезде мен:
-Бауыржан, мына магазинге кіре шығайықшы,-дедім. Мен Бауыржан дегенде, таксис жігіт Бәукеңнің бетіне жалт қарады. Содан киінде қайта-қайта қарағыштай берді. Біз магазиннен шығып, Бәукең қасына жайғасқаннан киін таксис жігіт машинасын жүргізуден бурын Бәукеңнің бетіне қарады да:
-Аға, Сіз шын Бауыржансызба?-деп сұрады.-Момышұлы Бауыржансызба?
-Ол не керек саған?-деді бәкең қатқылдау үнмен. Шопыр жігіт күлді де, осыдан бір жыл бұрын өзінің бір жолаушы тасып, қаланы күні бойы аралатқанын айтты.
-Мен одан бір тиын ақша алмадым,-деді жігіт.-Өиткені ол Мен-Бауыржан Момышұлымын!-деді. Атақты Бауыржаннан ақша алып не бопты маған?
-Неге алмайсын?-деп сұрады бәкең.
-Себебім бар.
-Қандай себап?
-Менің әкем Ұлы Отан соғысында Бауыржан полкының жауынгері болған. Әкем Бауыржанның батырлығын, салдаттарға деген қамқорлығын аузынан тастамай айтып отырушы еді.
-Әкең тірі ме?-деді бәкең оған сәл бұрыла түсіп.
-Бертіне қайтыс болды,-деді таксис.-Бауыржан екеніне бір сөзінен шүбәләніп қалып едім.Өиткені біз микроауданға қарай бара жатқанда бір Запорожецті басып оздық. Сонда ол:
-Менде осындай бір Запарожецті алсамдеп жүрмін, кезекте тұрмын,-деп қалды.
-Бауыржанның Волгасы бар деп естіп едікқой,-дедім мен оған жалт қарап.
Ол сәл қолайсызданып қалды да, содан соң күліп:
-Волгамның бары бар, оны өзім мінемін, запарожецті балаларға алып береиін деп едім,-деді.
Мен солай болса солай шығар дедім де қойдым. Сонымен, міне бүгін екінші Бауыржанды алып келе жатқаныма таңқалып отырмын.
-Екінші емес, бұл номер бірінші Бауыржан,-деді бәкең шопырға даусын көтеріп.
Таксист қайдан білеиін дегендеи, басын шайқады.
-Тоқтат!-деді бәкең қатуланып.
Таксист те,мен де сасып қалдым. Ол дереу машинасын тоқтаты. Мен бәкең түсемін деп әлек салып жүрмесе екен деп қалпылдап барамын. Жоқ, өитпеиді. Қалтасына қолын сұғып, паспортын сұрап алды да:
-Мә, оқы,-деп шопыр жігітке ұсынды. Ол паспортта Бәкеңнің аты-жөнін оқып шығып, қуана изеді. Содан киін ол елбелек қағып, қос қолын бірдеи Бәкеңе ұсынды.
-Әкем өлерінде Алматыға барсаң, менң командирім Бауыржанға сәлем бер деп еді,- деді даусы дірілдеп. Бәкең таксист жігіттң қолын алып:
-Әкең иманды болсын, қарағым-деді.
Содан киін қайтадан ілгері қозғалдық. Менде ішімнен уһ дедім.
-Анау Бауыржан қанша ақшаңды берме кетті?- деп сұрады бір кезде бәкең таксистен.
-Көп емес, ағай. Он сом ғана.
-Өзіңнің балаларың бар ма?
-Бар, ағай. Екі балам бар.
Біз баратын жерімізге жеттік. Таксистің Счетчигіне қарап едім, бес сом екен. Соны төлеиін деп сөмкемді ашқалы жатыр едім, Баукең:
-Ей, қатын, маған жиырма сом бер,- деді.
-Мен оны не қылады деп ойладым да, сөмкемнен алып алдымен оны сұраған ақшасын бердім. Одан киін таксиске бес сом ұсынғалы жатқанымда, Баукең:
-Қарағым, мынау былтырғы, жалған Бауыржан алдап, төлеми кеткен он сомың. Мынаның бес сомы мына счетчигің көрсетіп тұрған біздің жол ақшамыз. Қалған бес сомына менң атымнан балаларыңа базарлық апарып бер,- деп жаңағы менен алған жиырма сомды тұтас таксистке ұсынды.
Шопыр сасқалақтап, мен сізден бір тиын да алмаймын,- деп еді, Баукең:
-Молчать!- Деп ақырып қалды да, ақшаны оның алдына тастай салды.- Бұдан кеиін алданушы болма.
Осылай деп Баукең машинадан шықты да, есігін тарс еткізіп жауып тастады.(118-бет)
Сонымен қатар оның қайырымдылығын,жомарттығын көрсете түсетін іс- әрекеттерді жазушы романда молынан пайдаланған.Мысалы:Мәскеудегі татар әдебиетінің он күндігінде Мұса Жалилдің жары Әминаны топ төріне шығарады;Татар әдебиеті мен мәдениетінің қайраткерлері тегіс президиумге жайғасады.Күміскөмей,жезтаңдай, ділмар Сурков олардыастанаға келуімен құттықтап кіріспе сөз сөйлейді.Сөйтіп ол енді баяндамашыға сөз бере берген кезде залдан
- Алексей Александрович!- деп саңқ еткен үн естілді.Жұрт тосын үнге елең ете қалды.Залдың алдыңғы жағынан иығында погоны бар,офицер формасындағы сұңғақ бойлы, қоңырқай жүзді адам орнынан тұрды.Бүкіл зал офицерге назар аударады.
- Әмина ханум қайда,Алексей Александрович?- дейді офицер жайлап,таза орыс тілінде.- Президиум үстелінің басынан мен ол кісіні көре алмай тұрмын.Залдағылардың көпшілігі Мәскеудің татарлары болса керек.Офицер Әмина атын атағанда олар гу ете түседі.Басқалар Әминаның кім екенін білмейді,татар мәдениеті өкілдерінің бірі болар деп ойлайды.Оны жоқтап тұрған мына офицер де татар шығар дейді іштерінен.Майталман Сурков офицерге қарап үнсіз бас изейді де,сәл ойланып алып,қайтадан зымырата жөнеледі.
- Әмина ханум бойына біткен кішіпейілдікті сақтап президиум үстелінің басына келмей қалған болар,- дейді ол жан- жағына қарап,президиумнің арт жағына да көз жіберіп.- Біздің асыл досымыз,Кеңес Одағының Батыры Мұса Жалил де өзінің сүйікті жары Әмина ханумды дәл осы кішіпейілділігі үшін де құрметтеген болар.Бірақ Ұлы Отан соғысының қаһарманы,даңқты гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы Батырдың жарын осы жиналыстың президиумынан көруді орынды ескертті,рахмет Бауыржан.- Ол залдағы ұсыныс айтқан офицер тұрған жаққа басын иеді.- Біз бұл ұсынысты шын ықыласпен қостап, Әмина ханумның президиумға келуін өтінеміз.(35-бет) Қаһарманның бейнесін толықтырып,жан дүниесін айқара аша түсетін бұл естеліктер,шығарманың эпикалық тынысын кеңейтеді.
Портрет-әдеби кейіпкердің сырт көрінісін,кескін-кейпін,бой тұлғасын суреттеу.Кейіпкердің мінез-бітімін,характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудіңде үлкен мәні бар.Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда,күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы,өзінің әрекет қимылдары,істеген істері арқылы айқындай отырып,жазушы портреттік сипаттауға да көңіл бөледі.Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін,бой-тұлғасын,жүріс-тұрысын ,сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп,әсерлі бейнелеуге мән береді.
Әдебиеттегі портреттің өзгешелігі,мысалы,суретші бояумен кескіндеген портреттен айырмасы,ол адамның бет-әлпетін,кейпін тұтас бейнелемей,көбінесе жекелеген ерекшеліктер,есте қаларлықтай сипат-белгілер,көркемдік детальдар арқылы көрсетеді.Суретші жасаған портретте адамның бет-пішіні,өң-шырайы,келбеті қалайда бүтіндей алынады,ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес,сөзбен мүсінделгендіктен,кейіпкердің бет-пішіні,кескін-кейпі суреттелген жеке сипат белгілері негізінде ойша толықтырылып көзге елестетіледі.Сондықтан мұнда портретке қажетті бөлекше қасиет белгілерді екшеп,дәл көрсетудің,ұтымды көркем детальдар қолданудың маңызы айрықша болады.Қыл қалам шебері кейіпкердің түсін түстеп,кескін-келбетін көзбен айқын көретіндей түрлі бояумен нақтылы бейнелегендіктен мұнда портреттің өзгеге ешбір ұқсамайтын даралық сипаты басымырақ болады.Ал әдеби шығармадағы портретті алсақ,оның даралық қасиеті өзінше бөлек,мұнда сурет өнеріндегі портретке қарағанда кейіпкердің бет-әлпетін,кескінін ойша еркін елестетуге мүмкіндік молырақ.(3)
Автор Ақиқат пен аңыз роман-сұхбатында басты кейіпкер Бауыржан Момышұлының мінезін бейнелеуде оның әрбір іс-әрекетіне,қимыл-қозғалысына баса назар аударған.Өзінің кейіпкерін алғаш таныстырғанда-ақ оны қатал әрі сұсты етіп сипаттағанымен,перде артында адам жанының сұлулығы барын сездіре түседі.Мысалы:Бауыржанныңпортретін былай сипаттайды:
Кірсем,есіктің дәл қарсысында кухня бар екен.Соның төрінде,таңертеңгі шай үстелінің басында,ескі әскери кительді иығына желбегей жамылған,үстіне қайырма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушының кейіпкер характерін бейнелеу жүйесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Әкім Тарази повестеріндегі кейіпкерлердің адамгершілік әлемі
Естелік жайлы шығармалардың табиғаты мен ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
Ақиқат пен аңыз
Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Тарихи романның ұлт тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы рөлі
Пәндер