Адам өмірінің мәні



КІРІСПЕ

1.тарау АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ.ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

1.1 Өмір және оның мәні. Өмір және өлім
1.2 Мақсат және парыз
1.3 Таңдау және еркіндік


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақгың көрнекті жазушысы Мүхтар Әуезов адамға өз өмірінің терең мағынасы мен мақсатын түсіндіре алатын бірден-бір ғылым философия екендігін ескерте келіп, уаьдытша қиындықгарға ұшырап отырған оның болашағына үлкен көрегенділікпен: "...философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адам жаны қорек қылады", - деп болжам жасаған болатын /1/. Терең ойлы қаламгердің бүл пікірі үлттық философия ғылымының қазіргі даму деңгейіне арнап айтылғандай болып шықты.
Кеңестік дәуірде одақгағы тандаулы философиялық мектептердің бірі болып, таным диалектикасы мен логиканы зерттеу саласында сол заман талабына сай жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық кәсіби философия мектебі өркендеудің шын жолына қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түсті деуге болады. Себебі, үзақ жылдар бойы орталықган басқарылған философиялық жүйенің ырқынан шыға алмаған философтардың назарынан қазақ халқының үлттық дүниетанымы мен үлттық ойлау ерекшеліктері тысқарылау қалып келген еді. Әрине, бүл салада бүрын ештеңе атқарылмады десек, артық айтқандық болар. Бірақ, идеологиялық сипаттағы туындылар қазақ халқының философиялық дүниетанымының терең, қайталанбас үлттық мәнін көрсете алмады, ой еркіндігі болмаған қоғамда ол мүмкін емес те еді.
Есесіне, соңғы он жылдың аумағында қазақгың үлттық философиясы даму жолында айтулы қадамдар жасады. Ғалымдарымыздың бүрын амалсыз тежеліп, қүрсауға салынған, енді еркіндік алған ойларының негізінде жазылған туындылары бірінен соң бірі дүниеге келіп, үлттық ойлаудың көкжиегін кеңейтті. Бүл еңбектер қазақгың философиялық дүниетанымының ерекшеліктерін саралап берді және бүл саладағы жүмыстар толассыз жалғасуда, себебі, терендеп тексеретін мәселелер үшан-теңіз. Олардың қатарында өмірдің мәні туралы мәселе де бар.
Бүрынғы кеңестік философияда бүл мәселеге жеткіліьсгі назар аударылмады. Дәстүрлі философия ғылымы өзінің негізгі мақсатын адамды тану деп танығанымен, уақыт өте, әсіресе соңғы сексен жылда философиялық антропология философия ғылымының зерттеу шеңберінен шығып қала жаздады. Кеңестік философияның мол мүмкіндіктері мүлдем басқа мақсаттарға жүмсалды.
1. Әуезов М. Философия жайынан. //Абай. - 1918. - №3. - (9).
2. Нысанбаев Ә., Есім Ғ. Халыктық дүниетаным. //Егемен
Қазақстан. -1991. -14 тамыз.
3. Қараңыз. Ясперс К. Истоки истории и ее цель/Пер. М. И.
Левиной. - М.: АН СССР ИНИОН, 1991. - 215 с. - (213).
4. Аббаньяно Н. Мудрость философии и проблемы нашей
жизни/Пер, с итал. А. Л. Зорина. - Санкт-Петербург: Алетейя,
1998. - 319 с. - (36).
5. Трубников Н. Н. Проспект книги о смысле жизни.
//Квинтэссенция: Философский альманах. - М.: Политиздат,
1990. - 447 с. - (428).
6. Франк С. Л. Смысл жизни. //Вопросы философии. -1990. - №б. -
- (70).
7. Қараңыз. Коган Л. Н. Цель и смысл жизни человека. - М.:
Мысль, 1984. - 252 с. - (5).
8. Гумницкий Г. Н. Смысл жизни, счастье, мораль. - М.: Знание,
1981. - 64 с. - (9).
9. Аббаньяно Н. Антропологические проблемы морали.
//Философские науки. - 1991. - № 11. -(156).
10. Риккерт Г. Философия жизни. -К: Ника-Центр, 1998. - 512 с. -
(282).
11. Капышев А., Колчигин С. Философия Грядущего(Истинный
Путь Человека). - Алматы: ТОО "Комплекс", 1999. -184 с. -(94).
12. Трубников Н. Н. О смысле жизни и смерти. - М.: РОССПЭН,
1996. - 383 с. - (81).
13. Риккерт Г. Философия жизни. - К: Ника-Центр, 1998. - 512 с. -
(276).
14. Там же. - (281).
15. Қараңыз: Волохова Н. В. Путь смерти Л. Н. Толстого
(категория смерти в его религиозно-нравственной философии)
//Вестник МГУ. Серия №7. Философия. - 2000. - №3. - (85).
16. Шопенгауэр А. Смерть и ее отношение к неразрушимости
нашего существа. //Шопенгауэр А. Избр. произв. /Сост. И. И.
Нарский. - М.: Просвещение, 1993. - 477 с. - (88).
17. Трубников Н. Н. О смысле жизни и смерти... - (75).
18. Арьес Филипп. Человек перед лицом смерти/Пер, с фр. Ронина
В. К. - М.: Прогресс Академия, 1992. - 528 с. - (6) .
19. Марғұлан Ә. Қорқыт: аңыз және акиқат. //Қорқыт Ата: энцикл.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1-тарау АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ

1.1 Өмір және оның мәні. Өмір және өлім
1.2 Мақсат және парыз
1.3 Таңдау және еркіндік

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақгың көрнекті жазушысы Мүхтар Әуезов адамға өз өмірінің терең мағынасы мен мақсатын түсіндіре алатын бірден-бір ғылым философия екендігін ескерте келіп, уаьдытша қиындықгарға ұшырап отырған оның болашағына үлкен көрегенділікпен: "...философия көркейеді. Көркейгендегі жемісін адам жаны қорек қылады", - деп болжам жасаған болатын 1. Терең ойлы қаламгердің бүл пікірі үлттық философия ғылымының қазіргі даму деңгейіне арнап айтылғандай болып шықты.
Кеңестік дәуірде одақгағы тандаулы философиялық мектептердің бірі болып, таным диалектикасы мен логиканы зерттеу саласында сол заман талабына сай жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық кәсіби философия мектебі өркендеудің шын жолына қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түсті деуге болады. Себебі, үзақ жылдар бойы орталықган басқарылған философиялық жүйенің ырқынан шыға алмаған философтардың назарынан қазақ халқының үлттық дүниетанымы мен үлттық ойлау ерекшеліктері тысқарылау қалып келген еді. Әрине, бүл салада бүрын ештеңе атқарылмады десек, артық айтқандық болар. Бірақ, идеологиялық сипаттағы туындылар қазақ халқының философиялық дүниетанымының терең, қайталанбас үлттық мәнін көрсете алмады, ой еркіндігі болмаған қоғамда ол мүмкін емес те еді.
Есесіне, соңғы он жылдың аумағында қазақгың үлттық философиясы даму жолында айтулы қадамдар жасады. Ғалымдарымыздың бүрын амалсыз тежеліп, қүрсауға салынған, енді еркіндік алған ойларының негізінде жазылған туындылары бірінен соң бірі дүниеге келіп, үлттық ойлаудың көкжиегін кеңейтті. Бүл еңбектер қазақгың философиялық дүниетанымының ерекшеліктерін саралап берді және бүл саладағы жүмыстар толассыз жалғасуда, себебі, терендеп тексеретін мәселелер үшан-теңіз. Олардың қатарында өмірдің мәні туралы мәселе де бар.
Бүрынғы кеңестік философияда бүл мәселеге жеткіліьсгі назар аударылмады. Дәстүрлі философия ғылымы өзінің негізгі мақсатын адамды тану деп танығанымен, уақыт өте, әсіресе соңғы сексен жылда философиялық антропология философия ғылымының зерттеу шеңберінен шығып қала жаздады. Кеңестік философияның мол мүмкіндіктері мүлдем басқа мақсаттарға жүмсалды. Идеологияның қызметшісіне айналған философия ғылымы негізінен алғанда жалпы қоғамның, таптар мен топтардың көзқарасын қалыптастырумен айналысты да, жеке адамды

мазалаған мәселелер мардымсыз, үстіртін және біржакты зерттелді. Түлғаның өзі жалпылық сипаттағы үрандар мен қағидалар көлеңкесінде қала берді.
Шындығында, қоғамның өзі -- ойлаута қабілетті, сана мен жігерге ие индивидтер жиынтығы, сондықган да қоғам дамуының концепциясында адам қызмет субъектісі ретінде басты орын алуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің шешуші факторы - адам. Біз өмір сүріп отырған қоғамның дамуының жаңа концепциясының жүзеге асуын қамтамасыз ететін де накты адамдардың іс-қызметі. Қазіргі қоғамның даму саясатының жетістіктері де, киындықтары да, сәтсіздіктері де жеке адамның бойынан көрініс табады. Сондықган да адам проблемасын, жалпы "адам -- қоғам" жүйесінде адамды маңыздылығы жағынан екінші орынға ығыстыра беретін көзқарастан арылып, оның болмысының рухани-адамгершілік негіздерін зерттеу аса маңызды және өзекті.
Осы адам проблемасының бір қыры -- адам өмірінің мәні.
Адам дүниеге не үшін келеді? Адам өмірінің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмір не, өлім не? Осы тектес экзистенциалдық сауалдар талай ғасырлар бойы адам қоғамының қарапайым адамынан бастап, ғүлама ойшылдарына дейін мазалап келе жатыр, олардың "мәңгілік" сүрактар аталуы да сондықтан.
Адам экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларда қандай жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан, Канттың сөзімен айтсақ, бізден биік жүлдыздар мен біздің бойымыздағы адамгершілік зандылықгар туралы ойланумен болады. Өмірдің мәні туралы сүрақгы өзіне қоя білу және оған жауап таба білу -- әрбір адамның өмірін, оның болмысын анықгаушы белгі. Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адамды кездестіру қиын, әрбір адам саналы түрде немесе санадан тыс осы мәселені шешуге тырысады, бірақ бүл өте күрделі міндет. Адам өмірмәндік сауалдың түбіне тереңдеп бойлаған сайын оның жауабын табу мүмкіндігі де азая береді.
Өмірдің мәні мәселесіне деген рефлексия қоғамдағы өтпелі, дағдарысты кезендерде күшейе түседі. Осындай кезеңді біздің қоғам қазір басынан кешіріп отыр. Экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өзгерістер қоғамдық күндылықгардың қалыптасқан, халыктың өзіндік санасына мыктап енген жүйесін күйретті. Өмірді жаңа қүндылықтар бағытында өзгертуге деген талпыныстар адамның басқа қүндылықгар негізінде қалыптасқан ішкі дүниесінде қайшылыктар туғызуда. Бүл қайшылыктар түлғаның бірлігі мен түтастығына, адамгершілік келбетіне, жеке адамның ғана емес, ол арқылы бүкіл қоғамның өзіне қауіп төндіруі мүмкін, себебі түлға өзінің өмірмәндік ізденісінде өзіндік қүндылыктарды жалпы

қабылданған қүндылыктармен үштастыруға үмтылады, қоғамдық кұндылықтарды көбіне басты бағдар ретінде ұстанады.
Әрине, қоғамдағы құндылықтар жүйесі өзгеріп отыруға тиіс екендігін теріске шығаруға болмайды, бірақ бүл өзгерістерді адам еркінен тыс, бүйрықгық тәсілмен, оның мүмкіндікгері мен сол өзгерістерді қабылдауға дайындық деңгейін ескерусіз жүзеге асыруға болмайды. Сананың өзгеруі ішкі логикаға байланысты, сонымен бірге әлеуметтік болмыс шарттарының да әсері мол. Экономикалық және саяси түрақгылық түпкілікті орнығып болмай түрған қазіргі жағдайда көптеген адамдар өмірдің мәнін таба алмау немесе қате, бүлыңғыр түсіну қатеріне тап болып отыр. Өмір күрделенген сайын адамға өмірден өз орнын табу, өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қиындай түсуде. Адамы да, қоғамы да өзгерген, өзі қырық күбылған заманда болашағы бүлдырланған адам жалғыздық пен өгейсінуге, белгісіздік пен бөгделікке үшырап отыр.
Осындай қиын сәттерде адамға көмек бере алатын ғылым -философия. Ол адам туралы өзінің ғасырлар бойы жинакталған философиялық-антропологиялық бай мүрасына сүйене отырып оның ақыл-ойға ие тіршілік етуші ретіндегі жүмбақ табиғатының ерекшеліьсгерін ашып көрсетуге және өмірге келгендегі басты мақсатын түсіндіруге тырысады, өмірдің нағыз мәніне жеткізер жол сілтейді, сол арқылы қазіргі заман адамының өмірмәндік гиперрефлексиясын сәл де болса жеңілдетіп, оның экзистенциалдық вакуумнан шығуына қолынан келгенінше көмектеседі. Ал жүрегі қазақ адам өзін толғантқан экзистенциалдық сауалдардың жауабын бүкіл адамзат тарихында өшпес із қалдырған философ-ойшылдардың туындыларынан ғана емес, ең әуелі қазақ халқының адам өмірінің мәні туралы адамгершілік-философиялық толғаныстарға толы вербальді-дискурстік рухани мәдениетінен таба алады. Оның өмірмәндік мазмүны арнайы ғылыми зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ, бүл түжырымды әсіресе қазақ философиясының бастауы -- қазақ ауыз әдебиеті, оның эпос, қара өлең, қоштасу, жоктау, ақындық, жыраулық, шешендік өнер және тағы басқа түрлеріне қатысты айтуға болады.
Әбу Нәсір әл Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағүн, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбайүлы, Шәкәрім Қүдайбердіүлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, Ғүмар Қараш секілді ойшылдарымыздың да туындылары өмірмәндік мазмүнға толып түр. Олардың шығармаларын зерттеп қана қоймай, түлғалық сипаттарына, трагедиялық тағдырларына тереңірек үңілу қазіргі адамға ой салып, өміріне сабақ болар еді.

Өткенге деген мүндай экскурс бізге қазіргі таңда аса қажет болып түр, бұл қажеттілік қазіргі рухани жағдайымыздың кейбір құбылыстарынан туындап отыр. Қоғамда адам өмірінің мәнін қате түсіну, оған жауапты қазақгың табиғатына жат мәдениеттерден іздеу, өзгеге еліктеу қаупі бар.
Белгілі ғалымдар Ә. Нысанбаев пен Ғ. Есім қазақ халқының философиялық дүниетанымын зерттеу бағытындағы жүмыстар жаңа басталған кезеңнің өзінде-ақ: "қазақ философиясы -- "өмір сүру философиясы", яғни рухы жағынан қазіргі экзистенциализмге жақындау" деген пікір айтқан болатын [2]. Өмірмәндік мәселенің жалпы философиялық мағынасын түсіндіріп қана қоймай, қазақ философиясының осы терең экзистенциалдық мазмүнын, халқымыздың өмірмәндік үғымдарының күндылығын ашып корсету қазіргі заман адамына теориялық және практикалық жағынан пайдалы. Бүл жүмыс философ ғалымдардың міндеті, біз оны орындау арқылы жоғарыда аталған күбылыстардың алдын-алып, қоғамымыздың рухани шындалу ісіне үлес қоса аламыз. К. Ясперс рухани регресске душар болып отырған қазіргі адам өз табиғатын толық түсініп, нағыз адамға айналу үшін өзінің тарихына, шыққан тегіне қайта оралып, оған тереңірек үңілу қажет екендігін ескерткен 3. Бүл пікірді толық макүлдай отырып, өмірдің мәні мәселесінің философиялық шешімін жалпы философия тарихынан және қазақ халқының философиялық толғаныстарға толы рухани мүрасынан іздеу мақсатында осы еңбек жазылды, себебі өткеніміздің көрнекті ойшылдарымен диалог "адамзат тәжірибесінің олар түжырымдаған жемістерін үғынуға және үмытпауға, сонымен бірге өмірлік жол көрсетер жарық сәуле алу үшін жеке өмірімізде тексеруден өткізуге қызмет ете алады" 4.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Адам өмірінің мәні философиялық антропологияның негізгі мәселесі ретінде антика дүниесінен бастап қазіргі заманға дейін өмір сүріп отырған барлық философиялық ағымдарда кеңінен талқыланып келеді. Олардың арасында өмірдің мәні мәселесі басты зерттеу объектісіне айналған орыс философиясы мен батыс экзистенциализмін ерекше атап көрсетуге болады. Қоғам дамуының қиын кезендерінде өмірмәндік мәселенің өткірлене түсуі, өмір қиындығымен бетпе-бет келген түлғаның экзистенциалдық толғаныстары Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, Вл. Соловьев, Н. А. Бердяев, С. Л. Франк философиясында кең көрініс тапты.
Өмірдің мәнін іздеп шарқ үрған қазіргі заман адамының жалғыздығы мен жаттануы, оның ішкі дүниесіндегі экзистенциалистік уайым мен қайғы батыс ойшылдары С.

Къеркегор, Ф. Ницше, А. Шопенгауэр, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Ж. Сартр, А. Камю, Н. Аббаньяно философиясында терец талданды.
Кеңестік философияда бүл мәселені зерттеуге дүрыс көңіл бөлінбеді. Өмірдің мәні тақырыбына жазылған санаулы еңбектердің авторлары Л. Н. Коган, И. Т. Фролов, О. Я. Стечкин, Г. Н. Гумницкий, В. А. Капранов, Н. Я. Иванова оны негізінен идеологиялық сарында қарастырып, жеке тұлғаның өмірінің мәні -- қоғам мүддесіне, коммунизм ісіне адал қызмет ету деп түсіндірді.
Қазіргі Ресей философтары үшін өмірмәндік мәселе қызыкты зерттеу объектісіне айналып отыр, осы тақырыпқа арналған жекелеген туындылардың жарық көруін айтпағанның өзінде, арнайы ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялардың өткізілуі соның айғағы.
Өмірдің мәні мәселесінің отандық қазақ философиясында талдану деңгейі туралы сөз етсек, бүл тақырыпқа арнайы жазылған зерттеулер ретіңде Т. X. Ғабитовтың "Адам өмірінің мағынасы мен мақсаттары", "Мақсат, мақсаттылық және мүрат" еңбектерін, осы мәселеге жақын мәселелер қарастырылған О. А . Сегізбаевтың "Казахская философия" және "История казахской философии" іргелі туындыларын, А. X. Қасымжанов жауапты редакторы болған "Қазақ", Ә. Н. Нысанбаев жетекшілік еткен "Абайдың дүниетанымы мен философиясы" және Қ. Ә. Әбішевтің басшылығымен дайындалған "Человек в мире отчуждения" жинактарын, F. Есімнің "Хакім Абай", М. С. Орынбековтің "Ежелгі қазақтың дүниетанымы", Қ. Ш. Нүрланованың "Человек и мир. Казахская национальная идея", Ж. Моддабековтың "Қазақ осы мың өліп, мыц тірілген" еңбектерін, А. Қасабек, Ж. Алтай, Қ. Мүхамбетәли дайындаған "Философия тарихы" оқулығын атауға болады.
Өмірдің мәні мәселесі адам тақырыбымен тығыз байланысты, сондыктан қазақ халқының философиялық дүниетанымында адам мәселесінің көрініс табуын терендеп зерттеген ғылыми жүмыстарды да атаған жөн. Соңғы он жылда бүл салада көптеген қомакты еңбектер дүниеге келді, олардың арасында қазақ тілінде жазылған зерттеу жүмыстарының орны бөлек. Ғалым Ғ. Есім "Абай дүниетанымындағы Алла мен адам болмысы" тақырыбына жазылған докторлық диссертациясында Абай ғүламаның терең философиялық дүниесін экзистенциализмнің бастауларының бірі герменевтика мектебінің тәсілін қолдана отырып жаңа бір қырынан апіып көрсетті. С Ақатайдың "Мировоззренческий синкретизм казахов", Қ. Бейсеновтің "Қазақ топырағындағы ғакдиятты ой

кешу үрдістері", Ж. Алтайдың "Қазақ философиясының қалыптасуы", А.Т.Тайжановтың "Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері", Т. X. Рысқалиевтың "Философия тарихындағы даналық мәселесі" докторлық диссертациялары қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасуын көне дүниеден бері ақгарып зерттеген қыруар еңбектің жемісі екендігі күмәнсіз. Адам мәселесін талдауға арналған ғылыми жұмыстардың қатарында Т. Қ. Айтқазин дайындаған "Қазақтардың қоғамдық мүраттарына тарихи-философиялық таддау", Н. Р. Мүсаеваның "Қазақ философиясындағы адам мәселесі", К. К. Бегалинованың "Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека", Н. Ж. Шаханованың "Семантико-семиотический анализ традиционной культуры казахов", СЕ. Нүрмүратовтың "Рухани қүндылықгардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау)" докторлық диссертацияларын, Г.Г.Барлыбаеваның "Мировоззрение Абая в контексте казахской общественной мысли", А. С. Сырғақбаеваның "Феномен человека в традиционной культуре казахов", Г. 3. Әбдірасылованың "Ш. Қүдайбердіүлы философиясындагы адам мәселесі", Б. Хамзееваның "Қазақ халқының қоғамдық ой дамуындағы адам проблемасы", А. М. Әмребаевтың "Мировоззрение Ш. Кудайбердиева в культурно-историческом контексте", Ә. Қодардың "Казахская философия как диалог с традицией" кандидаттық диссертацияларын, Ж. М. Әбділдин, С. Ж. Кенжебаев, С. Д. Таңқаев, Б. Р. Қазыханова, Қ. Ш. Шүлембаев, М. Сәбит, Ә. Ғали, М. Ш. Хасанов, Б. К. Байжігітов, Б. Ғ. Нүржанов, Н. Ж. Байтенова, Ж. Н. Нүрманбетова және тағы басқа галымдардың жекелеген еңбектері мен ғылыми мақалаларын атауға болады. Бүл жүмыстар қазақ халқының өзіндік үлттық философиялық мектебі бар және ол әлемдік философияның ажырамас бөлігі екендігін мықты дәлелдеп шықты.
Өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелерін зерттеуге арналган Н. Қ. Сейтахметовтың "Личностный смысл философии" докторлық, О. М. Борецкийдің "Конечность человеческого бытия как проблема человеческого мировоззрения", Р. X. Қабылованың "Проблема смерти и бессмертия" кандидаттық диссертациялары, өмірдің мәні мәселесін зерттеумен жалпы түрде айналысып журген галымдар Г. Г. Соловьева, С. Ю. Колчигин, А. Б. Капышев, А. 3. Камалиденованың еңбектері де соңғы уақыттарда дүниеге келді.
Бірақ өмірдің мәні мәселесінің қазақ философиясында көрініс табуы қазақ тілінде де, орыс тілінде де жазылган ғылыми

10
жұмыстардың арнайы зерттеу объектісіне айнала қоймаған екен. Осы диссертация бүл салада жасалып отырған алғашқы қадам.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты -- қазақ философиясындағы өмірдің мәні мәселесін талдау. Осы мақсатқа жету жолында зерттеу жүмысының негізгі міндеттері ретінде төмендегі міндеттер белгіленді:
өмірдің мәнін күрделі философиялық-антропологиялық
мәселе ретінде айқындау;
адамға өмірмәндік мәселені жан-жақгы түсінуге және
өмірмәндік рефлексияны жеңуге көмектесетін ғылым --
философия екендігін аныктау;
өмірдің мәні мәселесіне философиялық талдау жасау, оның
мазмұнын ашатын өмір және өлім, мақсат және парыз, тандау
және еркіндік ұғымдарын сараптау;
өмірдің мәні мәселесінің философияда қалыптасуының негізгі
кезендеріне тоқгалып, оларды салыстырмалы талдаудан өткізу;
өмірдің мәні мәселесі әлемдік философияның ажырамас
бөлігі қазақ философиясының да өзегі екендігін дәлелдеу;
қазақ халқының философиялық ойлау ерекшеліктерін көрсету,
қазақ ауыз әдебиетінің вербальды-дискурстік сипатына көз
жеткізу;
қазақ фольклорына философиялық талдау жүргізу арқылы
оның мазмұнының өмірмәндік сипатын аныктау;
өмірдің мәні мәселесінің қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес,
белгілі қазақ ойшылдарының философиялық
дүниетанымының басты тақырыбы болғанын көрсету;
өмірдің мәні мәселесінің қазақ философиясында қойылуы
мен шешілуінің позитивтік экзистенциалдық сипатын
аныктап, оның осы мәселені зерттеген басқа философиялық
бағыттардан негізгі ерекшелігі екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Қазақ философиясын терендеп зерттеу ісі тек соңғы он жыл көлемінде қолға алынғандықтан, қазақ философиясындағы өмірдің мәні мәселесін талдаудың теориялық және методологиялық негіздерін аныктап алу біршама қиындықтар туғызды. Мысалы, қазақша философиялық категориалдық аппарат әлі қалыптасып болған жоқ, тақырыптың өзі тың, бұрын мүлдем зерттелмеген, экзистенциализм тақырыбына жазылған еңбектер де, негізгі экзистенциаддық ұғымдар да қазақшаға аударылмаған. Бірақ диссертант тақырыпты зерттеу барысында бүл қиындықгардан бірте-бірте арылды. Осы мәселе бойынша философиялық антропология жинаған мол мүраға сүйеніп, өмірдің мәні мәселесін

11
идеологиялық біржақгылықгы теріске шығаратын объективтілік, тарихилық пен логикалық, нактылық, салыстырмалы талдау тәсіддерін үстана отырып зерттеді. Қазақ халқының философиялық дүниетанымының қайнар көзі қазақ ауыз әдебиетін және белгілі қазақ даналарының өмірмәндік толғаныстарын тереңдеп таддауда жалпы қабылданған философиялық тәсілдермен қатар қазақ халқының философиялық ойлау ереьапеліктері ескерілді. Адам өз өмірі және оның мәні туралы ойларын көбіне сырт көзге жария ете бермей, жеке жазбалары мен хаттарында баяндап отыратыны белгілі. Оларды зерттеу субъектінің түлғалық сипатын, өмірмәндік рефлексиясын тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да диссертант Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан және тағы басқа ойшылдардың негізгі туынды-шығармаларына ғана емес, күнделіктері мен хаттарына да сүйенді.
Диссертациялық зерттеудің жаңалығы. Жүмыстың ғылыми жаңалығы -- адам өмірінің мәні мәселесінің қазақ философиясында көрінісін алғаш рет арнайы зерттеуінде, бүл бағыттағы ізденіс төмендегідей ғылыми нәтижелерге жеткізді:
Өмірдің мәні философиялық антропологияның маңызды мәселесінің бірі екендігі және бүл мәселенің адамзаттың рухани мәдениетінде үзіліссіз өрбіп отырғаны дәлелденді. Адам қоғамы дамуының қай кезеңінде болмасын қарапайым адам өмірмәндік сауалдардың жауабын философия ғылымынан табатындығы туралы пікір түйінделді.
Зерттеуші адам өмірінің мәні категориясына отандық философияда алғаш рет философиялық таддау жасап, оның мазмүнын оған жақын өмір және өлім, мақсат және парыз, тандау және еркіндік категорияларымен байланыстыра отырып анықтау арқылы бүл категорияның түлғаның рухани өмірінде ерекше орын алатындығын, оның бүкіл өмірінің анықгаушы өзегі болатындығын көрсетті.
Өмірдің мәні мәселесінің философияда қалыптасуына талдау жасалынып, әр түрлі философиялық бағыттар мен мектептердің, әсіресе түркі дүниесі ойшыддары мен батыс философтарының бүл мәселені түсіну ерекшеліктері салыстырыла отырып талданды және олардың ортақ көзқарастары анықгадды.
Қазақ философиясының қайнар көзі, вербальды-дискурсті сипатқа ие қазақ ауыз әдебиетінің қара өлең, қоштасу, жоқгау, аңыз, қаһармандық және лирикалық эпос түрлері, ақындар мен жыраулар туындылары философиялық-экзистенциалдық түрғыдан алғаш рет талданып, адам өмірінің мәні мәселесі қазақ философиясының өзегі екендігі туралы түжырым жасалды.

12
Өмірдің қүндылығын бағалау, оның мәнін дүние-арманнан емес, реалды болмыстан іздеу қажеттігі туралы түжырым өмірмәндік мәселелер толық философиялық шешімін таппағанымен, мазмүны оптимистік философиялық сананың элементтеріне толы қара өлеңді зерттеу арқылы түйінделді.
Өмір ғана емес, онымен диалектикалық бірлікті қүрайтын өлім де мәнге ие және оған мән беруші мәнді өмір екендігі қазақгың қоштасу мен жоқгау өлеңдерін талдау негізінде көрсетілді.
Адамшылыққа жету -- адам өмірінің мәні деген түсінік қазақ ауыз әдебиетінің көне түрі аңыздың түрлерінің барлығына дерлік тән екені оларды философиялық сараптау арқылы айқындалды..
Адам өмірінің мәні -- елін жаудан қорғау, ел намысын ту етіп көтеріп, бірлік пен ынтымаққа қол жеткізуде, бірақ батырдың адамшылығы оның өмірмәндік түлғалық келбетін айқындаушы басты қасиеті деген ой батырлар жырының негізгі идеясы екендігі диссертацияда дәлелденді.
Адам өміріне мән беретін махаббат және оның екі адамның рухани түтастығы, ішкі жанының гармониясы ретінде сирек кездесетін қүбылыс екендігі туралы пікір қазактың лирикалық эпостарын зерттеудің нәтижесінде жасалды.
Адамгершілік пен рухани байлықгың өлшемі -- кісілікке жету, адамшылық қасиеттерге кір шалдырмай, мәнді өмір кешу -- қазақ ақындары мен жыраулары шығармашылығының басты тақырыбы ретінде айқындалды.
Көрнекті қазақ ойшылдары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаев, Шәкәрім Қүдайбердиевтің адам өмірінің мәні туралы толғаныстары арнайы зерттеліп, олардың экзистенциалдық күйзелісінің, жалғыздығы мен жалығуының себептері, экзистенциаддық вакуумнан шығу жолдары терең талданды.
Өмірдің мәні өзіңе ғана емес, бүкіл қоғамға жақсылық жасауда идеясының XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары Мүхтар Әуезов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, С Торайғыров, Ғүмар Қараштың шығармашылығында көрініс табуы бірінші рет арнайы зерттелді.
Ғылыми айналысқа "өмірмәндік", "тіршілік етуші", "бүлжымайтын императив" терминдері енгізіліп, әлемдік экзистенциалдық әдебиет өкілдерінің негізгі еңбектері қазақ тіліне диссертант жасаған аудармада берілді.
Отандық философияда алғаш рет қазақ философиясының экзистенциалдық мазмүны позитивтік, яғни жағымды сипатқа ие екендігі туралы тркырым жасалып, оның қазіргі заман адамына

теориялық және практикалық жағынан пайдалылығы атап көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар.
Өмірдің мәні шешімі қиын, "мәңгілік" философиялық
мәселелердің бірі. Ол адамзаттың да, жеке адамның да өмір бойғы
серігі, оны шешудің маңыздылығы қоғам мен адам тағдырының
қиын кезеңдерінде өткірлене түседі. Өмірдің мәні мәселесінің
қиындығы жалпы адам табиғатының күрделілігімен тығыз
байланысты. Дүниеде адамнан жұмбақ ештеңе жоқ, ол әлі күнге
дейін ашық проблема күйінде қалып отыр.
Адамға өмірдің мәні мәселесін жан-жақгы талдауға және
түсінуге көмектесетін бірден-бір ғылым -- философия. Адамзат
тарихында негізгі философиялық бағыттардың пайда болуының
себебі де адамның өзі және өмірі туралы терең ойлары мен
экзистенциясы. Бүл қүбылыс адамның мифологиялық көне
дүниеден бастап қазіргі заманға дейін жалғасып келе жатқан
өмірмәндік рефлексиясының бастауы.
Өмірдің мәні категориясының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің философиясының мағынасы
Адам өмірінің философиялық мағынасы
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Өмірдің мәнін іздеу
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Пәндер