Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаят



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ
1.1 Көптілділік тілдік жағдаятқа тән ерекшелік ретінде
1.2Экзоглостылық және көптілділік
2 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МЕҢГЕРІЛУІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРМЕЛІЛІКТЕРІ: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Тілдік өзгеріс: пайда болудың алғышарттары
2.2Тілдік сәйкестілік әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілік ретінде
2.3Тілдік құзірет және тілдік жылжу: Тілдік жылжу мен тілдік жылжудың бетбұрысының әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігі
2.4 Қазақстанның білім саласындағы тілдік жылжуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Күні бүгінге дейін Қазақстандағы мемлекеттік тілді меңгерудегі әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктер туралы қазақ тілінде жеке зерттеу еңбектері болмағанымен, Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж. Шәймерденова, Ж.С.Смағұлова, О.Б.Алтынбекова, М.И.Ақберді сынды ғалымдар мемлекеттік және республикадағы басқа да тілдерді меңгерудегі әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктер мәселесін теориялық жақтан саралап, статистикалық тұрғыдан талдау жүргізген. Бұл мәселе әлеуметтік тіл білімі саласымен байланысты қарастырылғандықтан, аталмыш тақырыпқа байланысты еңбектер бар, алайда олардың барлығы нақты мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты деп айту дұрыс емес. Экономика, тілді үйренуге деген құштарлыққа байланысты бұл мәселе жыл өткен сайын жаңаша зерттеуді талап етеді. Себебі әр жылдың статистикасы әртүрлі болады, сондықтан да аталмыш тақырыпқа қатысты зерттеуді әр жылдары қарастырылған еңбектерді негізге ала отырып, жаңа тұрғыдан жаңа еңбектермен толықтыру қажет. Сондықтан да тақырып өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Тақырып маңыздылығын анықтау.Қазіргі таңда мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілік мәселелерін зерттеу қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің меңгерілуінің барысын анықтау, ғылыми және әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізу оң нәтижесін тауып отыр. Дегенмен де кейбір шешімін таппаған мәселелердің кездесуі тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.
Диплом жұмысының құрылымы.Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстандағы мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігіне шолу жасап, республика халықтары арасында қай тілдер үстемдік құрып тұрғанын, қазақ тілінде сөйлейтін азаматтар санының қаншалықты өсіп/кеміп жатқандығын, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген көзқарастың арту-артпауына статистикалық және сипаттамалық тұрғыдан талдау жүргізу болып табылады.
Диплом жұмысының міндеттері:
- ҚР-да мемлекеттік тіл меңгерілуіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан талдау жүргізу;
-мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктерін жеке-жеке сипаттап, талдау жүргізу;
- әлеуметтік өзгермелілк пен лингвистикалық өзгермеліліктің ара жігін ашу;
-мемлекеттік тіл меңгеруінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігінің басты себептеріне тоқталып, статистикалық тұрғыдан сараптама жүргізу.
Диплом жұмысының нысаны. Зерттеу нысаны етіп Қазақстандағы мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігі алынды.
1. Қазақстан Республикасындағы этнолингвистикалық жағдаят: бүгіні мен келешегі //Қолжазба.– Алматы – Астана, 2009. – 4-5 б.
2. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Аканова Д.Х. Языки народов Казахстана//Социолингвистический справочник. – Алматы, 2007.
3. Национальный состав населения Республики Казахстан. – Т.1-2: Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан// Статистический сборник. Под ред. А.Смаилова. – Алматы, 2000.
4. Қазақстан Республикасындағы этнолингвистикалық жағдаят: бүгіні мен келешегі // Аналитикалық баяндама.Алматы – Астана, 2009.
5. Хо Сун Чхол. Языковая ситуация в России и в других новых независимых государствах бывшего СССР. Анализ данных Всесоюзной переписи населения 1989 г. //Языки Российской Федерации и нового Зарубежья. Статус и функции. – Москва, 2000.
6. Баскаков А.Н. Некоторые замечания по поводу законов о языке//Русский язык в СССР. №4. – Москва, 1991.
7. GrimesB.F. Ethnologue: Languages and identity in contemporary Europe. Clevedon: Multilingual Matters – 1992.
8.Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика. – Москва, 2001.
9. Мусаев К. История казахского языка//Қазақстан жоғары мектебі. – №5– Алматы, 1998.
10. Аренов М., Калмыков С. Современная языковая ситуация в Республике Казахстан//Саясат, №1 – Алматы, 1997.
11. Boeschoten H. The speakers of Turkic Languages//The Turkic Languages. – Ed.by L.Johanson & E.A.Csato. – L., N. – Y. – 1992.
12.Қайдар Ә. Интервью. – Өрлеу – Алматы, 1999.
13. Смагулова Ж.С. Языковая идентичность в Казахстане: социолингвистический анализ//Язык и идентичность. Материалы межд.конф. – Алматы, 2006.
14. Сулейменова Э.Д. Архетип «гадкого утенка» и языковая идентичность//Язык и идентичность. Материалы межд.конф. – Алматы, 2006.
15. Suleimenova E., Smagulova Zh., Akanova D. Language conflict and Language Planning in Kazakhstan//Central Eurasian Studies Society. FifthAnnualConference. Bloomington, USA, 2004.
16. Хасанов Б. Языки народов Казахстана: от молчания к стратегии развития. – Алматы, 2007.
17. Аубакирова Ж.С. Этнические особенности воспроизводства населения Казахстана. – 2005.
18. https://www.cia.gov
19. Labov W. Principles of linguistic change: Social factors. In the series, Language in society 29. Malden, MA: Blackwell Publishers, Inc. 2001. – p.572.
20.ШтомпкаП. Социология социальных изменений//http://lib.socio.msu.ru
21.Гидденс Э. Устроение общества//http://yanko.lib.ru
22.Лабов У. Отражение социольных процессов в языковых структурах//Новое в лингвистике. Выпуск VII. Социолингвистика. – М.: «Прогресс», 1975. – с.320-389.
23. Гамперц Дж. Об этнографическом аспекте языковых изменений//Новое в лингвистике. Вып.VII. Социолингвистика. – М.: «Прогресс», 1975. – с.299-319.
24. Прохоров Д.В. Социальная идентичность среднего класса//Вестник СамГУ. – 2007. – №3 (53). – с.44.
25. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. – М.: Учпедгиз, 1957. – с.21.
26. Торсуев Г.П. Проблемы теоретической фонетики и фонологии. Изд.2, доп. – М., 2008. – с.104.
27. Шигалова С.М. Вариантность слова//http://www.amursu.ru
28.Швейцер А.Д. К проблеме социальной дифференциации языка//Вопросы языкознания. – №5. – М., 1982. – с.39-48.
29. Валеневская Г.М. Межкультурная коммуникация, языковая вариативность и современный билингвизм//www.yspu.yar.ru
30. Гак В.П. Языковые преобразования. – М.: Языки русской культурой, 1998. – с.768.
31. Щерба Л.В. О трояком аспекте языковых явлений и об эксперименте в языкознаний//Языковая система и речевая деятельность. – Л., 1974.
32. Словарь социолингвистических терминов. – Изд.2-е, доп. и перераб./отв.ред.Э.Д.Сулейменова. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
33. Laver J., Trudgill P. Phonetic and linguistic markers in speech//social markers in speech/Edited by K.R.Schrer, H.Giles. – CambridgeUniversity Press, 1979. – p.1-32.
34.Мұхтар Д.С. Қазақ тіліндегі ж/дж бірліктерінің әлеуметтік жарыспалылығы: Фил.ғыл.докт.дис/PhD/әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. – Алматы, 2010.
35. Мұхтар Д.С. Тілдік өзгеріс және тілдік жарыспалану үрдісі//ҚазҰУ хабаршысы. Фил.сериясы – 2008. – №8. – 217-220б.
36. Doran M. Negotiating between Bourge and Racaille: Verlan as youth identity practice in suburban Paris//Pavlenko A., Blackledge A. (eds.) Negotiation of identities in multilingual contexts. – Clevedon: Multilingual Matters, 2003. – p. 93-124.
37. Hamers J., Balans M. Bilinguality and bilingualism. – Cambridge: CambridgeUniversity Press, 1990.
38. Heller M. The politics of codeswitching and language choice//Journal of multilingual and multicultural development 13(1/2), 1992. – P.123-142.
39.Laitin D. Identity in formation, the Russian-speaking populations in the near aboard. – Ithaca: CornelUniversity Press, 1998.
40. Lal B. Symbolic interaction theories [of ethnicity]//American behavioral scientist 3, 1995. – P.421-441.
41. Liebkind K. Social psychology//Handbook of language and ethnic identity/Ed.by Fishman J. – Oxford: Oxford University Press, 1999. – p.140-151.
43. Negotiation of identities in multilingual contexts/Ed.by Pavlenko A., Blackedge A. – Clevedon: Multilingual matters,2003.
44. Safran Nationalism//Handbook of languageand ethnic identity/Ed.by Fishman J. – Oxford: Oxford University Press, 1999. – p.77-93.
45. Woolard, Schieffelin Language ideology//Annual Review of anthropology. – 1994,№23. – p.53-82.
46.Акберди М.И. Возрастная идентичность и межпоколенная языковая трансмиссия//Динамика языковой ситуации в Казахстане. – Алматы, 2010.
47. Fishman J.A. Reserving Language shift. – Multilingual matters. Clevedon, 1991.
48.Вахтин Н.Б. Условия языкого сдвига (к описанию современной языковой ситуации на Крайнем Севере)//Вестник молодых ученых. Серия: Филологические науки. – №1. – СПб., 2001.
49. Пак Н.С. Проблема исчезновения миноритарных языков: автореферат дисс.докт.филог.наук – Алматы, 2004.
50. Словарь социолингвистических терминов. Москва, 2006.
51. Фиерман У. Поворот языкового сдвигав Казахстане//Этнографические обозрение. Институт этнологии и антропологии РАН им.Н.Н.Миклухо-Маклая – Москва: Наука, №6. – 2005.
52. Wardhaugh R. An introduction to sociolinguistics. Oxford: Blackwell Publishers, 1998.
53. Агентство РК(2010). Агентство по статистике РК//http://www.stat.kz
54.Алтынбекова О.Б. Этноязыковые процессы в Казахстане. – Алматы: Экономика, 2006.
55. Бюллетень Агентство РК по статистике. – Серия 15. Демография. – Астана, 2009.
56. Демографический ежегодник регионов Казахстана. Статистический сборник/Под ред. Б.Султанова. – Алматы, 2006
57. Система вышсего и послевузовского образования: Информационный справочник. – Астана, 2009.
58. Казахстан за годы независимости (1991-2007): Статистический сборник. – Астана, 2008.
59. Образование в Республике Казахстан. Статистический сборник/под ред. Б.Султанова – Алматы, 2006.
60.Шаймерденова Н.Ж., Авакова Р.А. Язык и этнос. – Қазақ университеті, 2004. – 248 б.
61. Потапова Р.К., Потапов В.В. Язык, речь, личность. – М.: Языки славянской культуры, 2006. – 496 с.
62. Смагулова Ж.С. Языковая идентичность в Казахстане: социолингвистический анализ. //«Тіл – Қоғам – Уақыт» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф.материалдар жинағы. Аханов тағылымы. – Алматы, «Қазақ университеті», 2010.
63. Сулейменова Э.Д. Социолингвистические переменные языкого сдвига и поворота языкового сдвига. //«Тіл – Қоғам – Уақыт» атты халықаралық ғылыми-теориялық конф.материалдар жинағы. Аханов тағылымы. – Алматы, «Қазақ университеті», 2010.
64. Торекулов Н. Новые задачи. Антология социольно-политической мысли Казахстана с древнейших времен до наших дней – Алматы: Институт развития Казахстана, 2002.
65. Алтынбекова О.Б. Языковые сдвиги в образовательном пространстве Казахстана // Динамика языковой ситуации в Казахстане. – Алматы, 2010 – с.295-341.
66. Лабов У. Исследования языка в его социальном контексте//Новое в лингвистике. Вып.VII. Социолингвистика. – М.: «Прогресс», 1975. – с. 114-129.
67. Бурдье П. О производстве и воспроизводстве легитимного языка//http://www.strana-oz.ru/?numid=23&article=1040

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күні бүгінге дейін Қазақстандағы мемлекеттік тілді меңгерудегі әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктер туралы қазақ тілінде жеке зерттеу еңбектері болмағанымен, Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж. Шәймерденова, Ж.С. Смағұлова, О.Б. Алтынбекова, М.И. Ақберді сынды ғалымдар мемлекеттік және республикадағы басқа да тілдерді меңгерудегі әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктер мәселесін теориялық жақтан саралап, статистикалық тұрғыдан талдау жүргізген. Бұл мәселе әлеуметтік тіл білімі саласымен байланысты қарастырылғандықтан, аталмыш тақырыпқа байланысты еңбектер бар, алайда олардың барлығы нақты мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты деп айту дұрыс емес. Экономика, тілді үйренуге деген құштарлыққа байланысты бұл мәселе жыл өткен сайын жаңаша зерттеуді талап етеді. Себебі әр жылдың статистикасы әртүрлі болады, сондықтан да аталмыш тақырыпқа қатысты зерттеуді әр жылдары қарастырылған еңбектерді негізге ала отырып, жаңа тұрғыдан жаңа еңбектермен толықтыру қажет. Сондықтан да тақырып өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Тақырып маңыздылығын анықтау. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілік мәселелерін зерттеу қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің меңгерілуінің барысын анықтау, ғылыми және әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізу оң нәтижесін тауып отыр. Дегенмен де кейбір шешімін таппаған мәселелердің кездесуі тақырыптың маңыздылығын көрсетеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстандағы мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігіне шолу жасап, республика халықтары арасында қай тілдер үстемдік құрып тұрғанын, қазақ тілінде сөйлейтін азаматтар санының қаншалықты өсіпкеміп жатқандығын, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген көзқарастың арту-артпауына статистикалық және сипаттамалық тұрғыдан талдау жүргізу болып табылады.
Диплом жұмысының міндеттері:
- ҚР-да мемлекеттік тіл меңгерілуіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан талдау жүргізу;
- мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктерін жеке-жеке сипаттап, талдау жүргізу;
- әлеуметтік өзгермелілк пен лингвистикалық өзгермеліліктің ара жігін ашу;
- мемлекеттік тіл меңгеруінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігінің басты себептеріне тоқталып, статистикалық тұрғыдан сараптама жүргізу.
Диплом жұмысының нысаны. Зерттеу нысаны етіп Қазақстандағы мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігі алынды.
Диплом жұмысының пәні. Мемлекеттік тіл меңгерілуінің әлеуметтік лингвистикалық өзгермелілігі, оның әлеуметтік және лингвистикалық ерекшелігі, әлеуметтік өзгермелілік және тілдік өзгермелілік.
Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеудегі материалдарды жаппай сұрыптау, бақылау, сауалнама жүргізу, жүйелеу, топтастыру, байқау, сипаттамалық әдіс-тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың материалдары мен дереккөздері. Зерттеу материалдары ретінде ғалымдардың және өз тарапымыздан жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері, сонымен қатар ғылыми негізде жазылған еңбектерде жарияланған статистикалық деректер алынды. Міне, осылар зерттеудің негізгі материалы болып табылады.
Макросоциолингвистикалық зерттеулердің мәліметтері ретінде Э.Д.Сүлейменованың басшылығымен "Қазақ тілі: социолингвистикалық және психолингвистикалық зерттеулер" атты зертханада орындалған келесідей ғылыми-зерттеу жобаларының мәліметтері алынды, олар: Мемлекеттік тілдің даму қызметінің динамикасы және жаңа тілдік саясаттың тиімділігі; Мемлекеттік тіл қазақстандық қоғамның бірігуіндегі басты факторлардың бірі; Ұлттық идея және Қазақстан имиджінің қалыптасуындағы тілдік механизмдер; Қазақ тілінің лексикалық бірліктеріндегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы және лемматизациясы; Қазақстан Республикасындағы этнотілдік жағдаят: бүгіні мен келешегі; Көптілді қоғамдағы тілдік саясат және этномәдени білім.
Жұмысты жазу барысында Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі (Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.С. Смағұлова, Д.Х. Аханова), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері, Қазақстанда 2004-2009 жылдары жүргізілген Бірыңғай Ұлттық тестілеу деректері, Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңдары және т.б. дерек көздері қолданылды.
Диплом жұмысының тұжырымы: Қазақстан Республикасының аймағында 1989 жыл мен 2010 жылдар аралығында жеке ғалымдар тарапынан және мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген сауалнамалар мен мәліметтерді, әсіресе, статистикалық мәліметтерді талдау; тәуелсіздік алғаннан бері қабылданып жатқан заңдар мен бағдарламаларға шолу жасап, мемлекеттік тілдің қазіргі және бұрынғы хал ахуалын салыстыру, талдау жасау және мемлекеттік тіл меңгерілуіне жақсыжаман ықпал етіп жатқан себептерді айқындап, болашағын болжау.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ

Қазақстан Республикасының жаңа тіл саясаты тілдік қатынастардың мемлекеттік-құқықтық жақтарын реттейтін Конституцияға және Тіл туралы заңдарға (22.09.1989 және 11.06.1997), Тіл саясатының тұжырымдамасына (04.11.1996), Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (05.10.1998, 17.02.2001 және 2011) сәйкес жүзеге асырылады. Тіл саясаты ұлттық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде белгілі бір субъектілердің (мемлекеттік биліктің, қоғамдық топтардың, партиялардың және т.б.) тілдік даму барысына саналы және мақсатты түрде әсер ету теориясы мен практикасы ретінде анықталады.
Қазақстандағы қазіргі тілдік өмір және оның үдерістері болып жатқан өзгерістерімен қызықты және тез арада талдап, қорытуды талап ететін сұрақтардың қатарына тіл саясатының мәні, типологиясы, жүзеге асыру амалдары және құралдары; мәртебелік және корпустық тілдік жоспарлаудың мазмұны, кезеңдері, тиімділігі; мемлекеттік тілдің таралуын жоспарлау; мемлекеттік тіл меңгерілуіндегі әлеуметтік лингвистикалық өзгермеліліктер; жеке тұлғаның мемлекеттік, этникалық, тілдік сәйкестендірілу ерекшеліктері және оның тілгетілдерге қатысты аксиологиялық қондырғыларының өзгеруі, әртүрлі мәртебедегі тілдер теңдігін бірегей коммуникативтік кеңістікте реттеу және т.б. көптеген мәселелер жатады. Қазақстандағы тілдік жағдаят, тіл саясаты және тілдік жоспарлаудың аталған және де көптеген басқа қырлары қазақстандық (К.М. Әбішева, О.А. Айтбаев, Д.Х. Ақанова, О.Б. Алтынбекова, М. Аренов, Ж.С. Аубакирова, З.К. Ахметжанова, Г.А. Досмұхамбетова, М.К.Исаев, А. Қайдар, С. Калмыков, А.Е. Карлинский, М.М. Копыленко, Н.Э.Масанов, Н.С. Пак, Ж.С. Смағұлова, С.Ю. Сон, Э.Д. Сүлейменова, Б.Х.Хасанов, Е.А. Хасенов, К.Ш. Хусаин, Н.Ж. Шаймерденова және т.б.) және шетелдік (В.М. Алпатов, А.Н. Баскаков, В.И. Беликов, В.Н. Белоусов, М.И.Исаев, Л.П. Крысин, Г.Д. Макконнелл, В.Ю. Мехальченко, К. Мусаев, В.П.Нерознак, В.М. Солнцев, Г. Хруслов, Хо Сун Чхол, Sh.Akiner, B.Anderson, D.Bhava, W.Fierman, E.Goodman, B.Silver және т.б.) ғалымдардың еңбектерінде талданады [1].
Бүгінде Қазақстан - көпэтникалық, мультимәдени және көпконфессионалды ел, онда әртүрлі генетикалық топ пен құрылымдық тип тілдерінде сөйлейтін халықтар тұрады.
Қазақстан тілдік жағдаятының экзоглостылығы әдебиеттерде, көптеген дереккөздерде аз сипатталып жүрген жоқ, тілдердің шамамен саны - 130-ға жуық екендігі қайта-қайта айтылып жүр, шындығын да Қазақстан Республикасындағы 1999 жылғы санақ нәтижелері бойынша 126 тіл идентификацияланған, олардың ішінде қазақ тілі (мемлекеттік тіл) мен орыс тілі айрықша орын алады [2].
Қазақстан диаспоралары тілдерінің басым көпшілігі негізгі тұратын елі барболған қоныс аударылған немесе жер аударылған халықтар тілдері. Қазақстан диаспоралары тілдері негізгі тұратын елдегі мәртебесі жәненемесе таралуы кандай екендігіне қарай оларды төмендегідей бөліп қарастыруға болады:
1) Экзогенді тілдер, Қазақстаннан тысқары негізгі аумақтық-мемлекеттік білім берілетін, ол жерлерде бұл тіл негізгі ұлт тілі, мемлекеттік, ресми жәненемесе мажоритарлы болып табылатын тілдер (мысалы, абазин, абхаз, авар, адыгей, әзірбайжан, албан, алтай, армян, башқұрт, белорус, болғар, бурят, венгер, гагауыз, грузин, даргин, ингуш, кабардин-черкес, калмык, қарақалпақ, карачай-балқар, қырғыз, коми-зырян, коми-пермяцкий, корей, құмық, лак, латыш, лезгин, литва, таулы марий, жазық марий, молдаван, моңғол, мордава мокша, мордова эрзя, неміс, ноғай, осетин, парсы, поляк, пушту, румын, орыс, серб, словакия, табасаран, тәжік, татар, тат, тува, түркмен, удмурт, өзбек, ұйғыр, украин, фин, хакас, хорват, шешен, чех, чуваш, эстон, якутсаха тілдері);
2) Эндогенді тілдер, Қазақстаннан тысқары тұратын басқа ауданы бар, ол жерде бұл негізгі ұлт тілі, мемлекеттік, ресми жәненемесе мажоритарлы болып табылмайтын тілдер (мысалы, агуль, алеут, ассирия (жаңа сирия), белудж, веп, долган, дұнған, ижор, ительмен (камчадаль), карайым, карель, кет (остяк), коряк, қырым татарлары, курд, лив, мансий, нанай, негидаль, ненец, нивх, орок, ороч, рутуль, рушан, саам, селькуп, талыш, тофалар, түрік (месхеттік), удин, удэгей, ульч, хантый, цахур, чуван (юкагир тілінің диалектісі), шор, шугнан, эвенкий, эвен, энец, юкагир);
3) Қазақстан тілдерінің айрықша тобын иммигрант тілдер құрайды, оларды жеке топқа бөлу ары қарай терең талқылауды қажет етеді, алайда Қазақстан халықтары тілдерінің бұл тобына ағылшын, вьетнам, испан, итальян, қытай, француз, хинди, урду тілдері жатқызыла алады, бұл тіл иелері тіл саясатына түсіністік танытып, қазақ тілін жоғарғы дәрежеде игеруімен сипатталады [2, 24-33; 108-251 б].
Алайда барлық аталған тілдердің Қазақстанның коммуникативтік кеңістігінде нақты қатысуы қалай?
Этнотілдік әртүрліліктің маңызды көрсеткіші тілдердің референтті иелерінің саны болып табылады: Қазақстандағы қазақ және орыс тілдері тіл иесінің саны миллионнан асатын әлем тілдерінің 4,7%-ына (283 тіл) жатады және қазақ, орыс тілдері негізгі екі мықты коммуникативтік серіктес болып табылады.
Қазақстанның 124 тілінің референтті этникалық топтарының барлығы ел тұрғындарының 15,2%-ын құрайды, олардың ішінде 45,2% тілдер - Қазақстандағы тіл иесінің саны өте аз тілдер. Төменде келтірілген кестедегі мәліметтер 1970, 1979, 1989 Бүкілодақтық санақ материалы бойынша және 1999 жылғы Қазақстан тұрғындарының санағы бойынша есептелген [3].

Кесте 1.

Тілдер
1970
1979
1989
1999
1. абазин
60
119
97
64
2. абхаз
187
237
326
185
3. агуль
7
142
233
126
4. адыгей
221
221
289
130
5. албан
49
63
70
46
6. алеут
1
9
6
8
7. белуджи
30
139
71
33
8. вепс
27
33
44
30
9. долган
17
18
56
25
10. ижор
3
19
5
15
11. ительмен
6
4
15
2
12. қарайым
50
33
33
28
13. кет
4
11
11
5
14. коряк
7
16
34
48
15. лив
-
-
7
3
16. мансий
14
36
37
8
17. нанай
19
48
35
19
18. ненец
52
108
72
83
19. негидаль
4
-
6
1
20. нивх
5
11
16
8
21. орок (ульта)
-
-
6
1
22. ороч
19
27
8
4
23. рутуль
8
52
249
113
24. рушан
-
-
-
20
25. саам
2
13
14
2
26. селькуп
7
8
13
3
27. серб
92
93
179
1
28. словак
72
59
123
48
29. тат
48
135
175
51
30. тофалар
6
14
-
29
31. тува
85
182
129
35
32. удэгей
7
33
19
47
33. ульч
1
4
11
3
34. хорват
10
7
42
39
35. хантый
35
49
53
24
36. цахур
31
68
31
17
37. чукот
16
4
24
19
38. шугнан
-
-
-
21
39. эвенкий
42
93
47
30
40. эвен
13
9
32
28
41. энец
-
-
2
7
42. юкагир
1
10
9
6
43. якут (саха)
175
438
303
115
1.1 Көптілділік тілдік жағдаятқа тән ерекшелік ретінде
Жер шарының 70%-ға жуық тұрғыны қандай да бір дәрежеде екі-көптілді деп есептеледі және бұл цифр бір елде әртүрлі ұлт өкілдері тұратын жерлерде жоғары көрсеткішке жетеді. Мұндай ел тұрғындарының көптілділігі ұдайы категория емес: көптілділікке қатысушылардың тілдік құзіретінің өзгере алатындығы сияқты екі және одан да көп тіл иелерінің саны қандай да бір себептер бойынша өсуі немесе қысқаруы мүмкін.
Тілдік үдерістер оның ішінде қоскөптілділік тікелей реттеуге көнбейді; бұл өте күрделі, ұлттық-тілдік дамудың объективті (ең алдымен геосаяси, әлеуметтік-функционалдық) және субъективті (құндылық бағдарлану, этностың өзіндік санасы және т.б.) факторларына жауап қайтаратын қарама-қайшы үдерістер. Этникалық сана және өзіндік сана күшті фактор болып табылады, әсіресе тілдік жоспарлауда айқын көрінеді. Қазіргі таңда қазақ тілі мысалында ол функционалдық мәртебеге, стандарттауға және мемлекеттік тілдің таралуына, елдің қос-көптілділік дәрежесінің өсуіне қалай әсер ететіндігін бақылауға болады.
Көптілділік референтті этникалық топтардың демографиялық пәрменділігіне және олардың орналасу сипатына, елдің көптілділігіне қатысу дәрежесіне, тілдік жылжудың болуболмауына, сондай-ақ мәртебелік және корпустық жоспарлаудың сәттілігіне, мемлекеттік тілдің таралуын және оны қазақстандықтардың меңгеруін жоспарлауға қалайша тәуелді?
Бұл тарауда Қазақстан тілдік жағдаятының аса маңызды сипаттамаларының бірі ретінде көптілділік талданады: көптілділік мәнінің экзоглостылыққа қатысты теориялық сұрақтары, көптілділік терминінің мазмұны, әр түрлі этникалық топтардың біртілділігі мен көптілділігінің төмендеуіөсуі, сонымен қатар қала vs. ауыл тұрғындарының көптілділігі қарастырылады.
Қазақ және этникалық тілдерді меңгеру елдегі этнотілдік әртүрлілік пен көптілділіктің көрсеткіші ретінде бағаланады, дегенмен көптілділік үдерісінде басқа тілдердің де қатысатындығын жоққа шығаруға болмайды. Тілдерді меңгеруде өзін-өзі бағалау деректері көбіне респонденттердің қазақ және орыс тілдерінің қолданылу салалары туралы алынған көрсеткіштермен дәлелденеді (2 кесте).
2 кестенің деректері төмендегідей бақылаулар жасауға мүмкіндік береді: а) қазақ респонденттер қазақ және орыс тілдерін барлық салаларда қолданады, сөйтіп екі тілді білетіндерін көрсетеді; орыс тілдері ана тілдерін барлық салаларда қолданады, қазақ тілін тек басқарылатын қатынаста (жұмыста) және бейресми екі салада (достармен, базарда) қолданумен шектеледі. Соңғы факт орыс респонденттердің қазақ тілін меңгеру жайлы деректермен қарама-қайшы келеді, бұл олардың тілдерге көзқарасы бойынша түсіндіріледі; б) қазақ респонденттер ана тілін қолдану саласын айтарлықтай кеңейткен, сонда да орыс тілін сол кең көлемде қолдану қабілетін сақтайды. Орыс тілін екі топ респонденттері де барлық салада қолданады, бұл орыс тілінің коммуникативтік пәрменділігінің сақталғандығын көрсетеді [4].
2 кесте - Қазақ және орыс тілдерінің қолданылу салалары (%)

Қолданылу салалары
Қазақ тілі
Орыс тілі

қазақтар
орыстар
қазақтар
орыстар
Мектепте
49,2
0
10,4
66,6
Жұмыста
31,2
1,8
10
53,2
Достармен
47,2
0,9
11,6
75,7
Көршілермен
51,2
0
15,2
81,0
Дүкенде
24,8
0
58,0
95,0
Көлікте
27,6
0
22,0
83,6
Банкте
22,4
0
27,6
81,1
Мемлекеттік мекемелерде
29,6
0
22,8
82,8
Базарда
30,0
0,9
16,8
79,3
Газет-журнал оқығанда
38,4
0
11,6
57,7
Көркем әдебиет оқығанда
48,8
0
13,6
63,1
Ғылыми әдебиет оқығанда
45,6
0
20,0
64,9
Радио тыңдау үшін
35,2
0
21,6
62,2
Теледидар көру үшін
31,2
0
13,6
54,1
Интернет үшін
17,6
0
20,4
46,8
Компьютерде жұмыс істегенде
16,8
0
22,0
43,2
Әскери істе
28,0
0
14,0
42,3

Көптілділік компоненті ретіндегі қазақ, орыс, диаспора тілдерінің т.б. таралу сипатын Қазақстан тұрғындарын төрт топқа бөліп қарастырамыз: қазақтар, ең ірі диаспора өкілдері ретінде орыстар, ірі және аз диаспора өкілдері. Бұдан басқа көптілділік оның қалада vs. ауылдық аудандарда өмір сүруі тұрғысынан, сонымен қатар респонденттердің гендерлік қарама-қайшылығына сәйкес қарастырылады. Ол үшін ең алдымен экзоглостылықтың мәнін ашып алу керек.

1.2 Экзоглостылық және көптілділік
Экзоглостылық - бұл елде әр түрлі генетикалық топтар мен құрылымдық типтер тілдерінің болуымен анықталатын тілдік жағдаяттың мәнді сипаттамасы.
Дәл осы мағынасында Қазақстандағы тілдік жағдаят экзоглосты болып сипатталады. Қазақстан тілдер санын нақтылау және оларды әлеуметтік лингвистикалық сәйкестендіру бірқатар объективтік қиындықтармен тығыз байланысты: лингвонимдер мен этнонимдердің сәйкестенбеуі, этноаттитутты топтастыру қағидаларының бұзылуы, ел тұрғындары арасында жекелеген этникалық топтардың кенеттен пайда болуы және керісінше елдегі кейбір этностар өкілділігі, олардың тілдерді меңгеруі жөнінде деректердің жоқтығы және т.б. Дей тұрғанмен Қазақстан тілдік жағдаятының экзоглостылығы әртүрлі дереккөздерде қайта-қайта айтылып, тілдердің шамамен 130-ға жуық екені табанды түрде көрсетіліп жүрді.
Языки народов Казахстана әлеуметтік лингвистикалық анықтамалықта 126 тіл сәйкестендірілді [2], олардың барлық тіл иелері Қазақстанда тұрады.
Көптілділікті әлеуметтік лингвистикалық зерттеу мынадай маңызды факторлары ескеруді қажет етеді: тілдік жоспарлаудың әрекеттілігі және тиімділігі, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, аралас некелердің болмауыболуы және олардың үлес салмағы, этнодемографиялық, мәдени-білімдік, кәсіптік, гендірлік, жасаралық, өмір сүру ортасы, ішкі және сыртқы миграция және т.б. барлық бұл факторлар тығыз өзара байланыста тұр және тілдік таңдауды анықтайды.
Қазақстанның көп-қостілділігі - толығымен айқын және нақты факт. Ол қалай Қазақстан тілдерінің референтті этникалық топтарының демографиялық пәрменділігіне және олардың қоныстану сипатына, ел көптілділігіндегі қатысу дәрежесіне, тілдік жылжудың баржоқтығына, сонымен қатар мәртебелік және корпустық жоспарлаудың табыстылығына, қазақстандықтардың мемлекеттік тілдің таралуы мен меңгерілуін жоспарлауына байланысты болмақ [1].
1. Этнотілдік әртүрлілік көрсеткіші ретінде қазақ тілін және этникалық тілдерді меңгеру
Референтті халықтар тілдеріне байланысты ана тілінің аздаған диаспораларын сақтауға күмән тууы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясында (7 б., 3 т.) Қазақстан халықтары тілдерін меңгеруге жағдай жасалуы кепілдендіріледі, алайда, өкінішке орай, мектептерде тек 14 ана тілі оқытылады. Диаспораларың 7 тілі мектепте оқытылады, бірқатар жоғарғы оқу орындарында неміс, ұйғыр, поляк, түрік, корей, әзірбайжан т.б. тілдер бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады, дегенмен ана тілінде оқитын студенттердің саны көп емес, мысалы, өзбек тілінде 2004 жылы 401, корей тілінде - 11, неміс тілінде - 14, ұйғыр тілінде - 16, басқа тілдерде - 17 адам оқыған. Мемлекет диаспоралар мүдделерін қолдап, газет-журналдар шығаруға көмектеседі, барлық басылымдардың 70% - дан астамы орыс, украин, неміс, ұйғыр, корей, татар және басқа да тілдерде шығарылады, мемлекеттік тапсырыстар пакеті бар, Deutsche Algemeine Zeitung (неміс диаспорасының газеті, 2000 дана болып шығады), Коре ильбо (корей диаспорасының газеті, 1081 дана тираж), Уйгур авази (ұйғыр диаспорасының газеті, 6030 дана тираж) және т.б. басылымдар салық төлеуден босатылған. Мемлекет барлығы диаспора тілдерінде шығатын 14 газет пен 8 журналды жартылай қаржыландырады [1].
Тілдер мен халықтардың тікелей референциалдық сәйкестендірілуінің күмәнділігін, сондай-ақ лингводемографиялық статистика ана тілді жоғалтудың баяуланған қарқынды көрсетуге бейім [8] екендігін түсіне отырып, тек 1999 жылғы санақ бойынша есептелген төмендегі кестеде келтірілген деректерге сілтеме жасаймыз (ірі диаспоралар * белгіленген, өкілдер саны аз диаспоралар ** белгіленген) [3].
Кесте 3.

Тілді меңгеру
Диаспора
Ұлт тілі
Қазақ тілі
Орыс тілі
Абазин **
12,5
48,4
98,4
Абхаз **
11,9
42,7
98,4
Авар
31,2
32,6
97,4
Агуль**
13,5
31,7
98,4
Адыгей**
22,3
23,1
99,2
Алтай
14,5
44,4
99,1
Ассирия
24,0
25,9
98,1
Балкар
26,4
66,4
95,2
Белорус*
13,5
9,9
99,4
Гагауыз
15,2
29,9
99,3
Даргин
27,3
26,6
97,0
Дұнған
48,9
35,9
96,1
Ингуш
58,2
22,6
96,9
Калмақ
6,4
46,1
97,0
Қарақалпақ
21,4
89,4
78,4
Қарачай
13,7
75,8
91,4
Карель
16,3
16,8
99,5
Коми-зырян
17,1
17,3
98,4
Коми-пермяк
19,8
8,0
99,3
Корей*
25,8
28,8
97,7
Құмық
32,7
57,2
96,6
Күрді
68,8
61,2
79,6
Лак
26,8
29,7
97,5
Лезгин
37,2
33,8
97,1
Молдаван
21,8
17,8
99,2
Моңғол
48,0
88,0
64,4
Неміс*
21,8
15,4
99,3
Ноғай
20,9
68,9
95,4
Осетин
23,2
29,0
98,2
Поляк
9,1
9,9
98,9
Румын
16,8
14,0
98,3
Рутул**
31,1
27,4
96,5
Тәжік
56,8
67,9
35,8
Талыш
31,5
76,0
86,7
Татар*
37,1
63,6
96,9
Тат**
27,5
43,1
98,0
Удин
40,1
42,9
96,9
Удмурт
21,1
15,0
99,2
Өзбек*
97,0
80,0
59,2
Түркмен
24,9
66,3
79,4
Ұйғыр*
81,3
80,5
76,1
Украин*
16,1
12,6
99,5
Хакас
16,9
40,8
98,0
Шешен
58,6
39,5
94,1
Чех
15,1
28,8
96,6
Чуваш
23,7
19,0
99,3
Шор
14,6
36,8
99,5
Эстон
17,1
13,1
99,2
Якут**
7,0
40,9
98,3

Әрине, әрбір қазақстандық ұлт тілін білу жайлы сұраққа жауап бергенде әдейі немесе әдейі емес ана тілін меңгеру туралы деректі ушығып тұрған этникалық және тілдік сәйкестендіруге байланысты көтеріп көрсетуі мүмкін. Осы жерде Қазақстан диаспораларының қазіргі этникалық және тілдік сәйкестендірудн байқалған ерекшелігін атап көрсетуге болады: олар өзінің этностың негізгі бөлігімен байланысын көрсетуге ұмтылады.
Диаспоралардың демографиялық және коммуникативтік тұрғыдан тең емес тілдері тағдыр тәлкегімен бір мемлекет аумағына келіп түскен әртүрлі халықтардың әрқилы тарихын көрсетеді, алайда Қазақстан тілдік жағдаятының өзіндік айрықшылығы шұбар, тотальдік тілдік көп дауыстылықтан емес бірегей коммуникативтік кеңістікте екі пәрменді серіктес тілдердің (қазақ және орыс) қолданылуынан құрылмайды. Бұл алдыңғы кестеде анық көрсетілген.
Этникалық тілдерді меңгеру туралы деректерді қарастырып көрелік.
Қазақстанда қазақ тілін меңгеру жайлы мәлімет қарама-қайшы: 1989 жылғы санақ деректері көрсеткендей, КСРО-дағы қазақтардың қостілділік дәрежесі 60,3%-ды, ассимиляцияланбаған тек орыс тілінде сөйлейтін монолингв қазақтар - 2,13%-ды құраған [5]; ана тілінің әдеби формасын меңгерген қазақтардың үлесі 90-шы жылдары 20-25%-дан аспайтын [6]; 6,5 млн қазақтың 98%-ы тек бірінші тіл ретіндегі қазақ тілінде сөйлейді [7]; 1994 жылы Қазақстанда қазақ тіл иесі 8 млн-ға жуық болды [9]; 1996 жылы ел тұрғындарының тек 51,1%-ы қазақ тілін білген (еркін сөйлеймін, оқимын, жазамын), ал орыс тілін білетіндер саны 2,4 есеге жоғары [10]; Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтіндер 7,3 млн [11]; 15% қазақ мүлдем қазақ тілін білмейді, 25% әлсіз біледі, 60% қазақ жақсы меңгерген [12] және т.б. деректер бар.
Бұл арақатынас бүгінгі күні өзгерді ме? Қойылған сұраққа жауапты Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж. Шәймерденова, Ж.С. Смағұлова, М.И. Ақберди сияқты ғалымдар жүргізген зерттеуден аламыз.
Жас қазақстандықтардың жаппай әлеуметтік лингвистикалық зерттеуі (2006 ж.) қазақ респенденттерінің 93,3%-ы, 4,6% орыс респонденттердің және 66,2% басқа респонденттердің қазақ тілінде еркін сөйлейтіндігін көрсеткен; қарым-қатынас жасағанда 6,1% қазақ респонденттері, 31% орыс респонденттер, 17,5% басқа респонденттер қиналады; жас респонденттердің (19-35 жас) қазақ тілін меңгеруі айтарлықтай жоғары [13]. Неғұрлым жасырақ респонденттердің (16-25 жас) тілдік біліктілігі туралы деректер де қазақ тілін меңгерудің айқындалған жасқа тәуелділігін нақтылап отыр: қазақ респонденттерінің қазақ тілін жоғары және орта меңгеруі 97%, орыс респонденттерде - 69,7% екендігі тіркелген.
Аталған деректер сонымен қатар қазақ-орыс қостілділігінің үстемділігі туралы көзқарасты біршама өзгертеді: жастар арасында қазақ-орыс және орыс-қазақ қостілділігі қалыптасу үрдісі айқын біліне бастады (69,7% орыс респонденттері - екінші тілі қазақ тілі болып табылатын билингвтер және 72,6% қазақ респонденттері - екінші тілі орыс тілі болып табылатын билингвтер) [14]. Этникалық және тілдік сәйкестілік корреляцияларының жоғары дәрежесі орыс респонденттеріне тән, ал олардың бір бөлігі олардың ана тілі қазақ тілі болып табылатынын көрсеткен [14].
Бұған қоса мемлекеттің назарынан түспейтін реттелетін қатынас салаларында (мектеп, банк, жұмыс, мемлекеттік мекеме, әскери істе т.б.) жас респонденттердің барлық топтарының қазақ тілін қолдануы а) тек 32,8%-ға жетеді; б) ақпарат алуға арналған реттелмейтін салаларда (газет-журналдар, көркем әдебиет, ғылыми әдебиет, радио, интернет, телевизия) - 36,1%; в) бейресми жағдайда (достармен, көршілермен, дүкенде, көлікте, базарда) - 36,1%; г) орыс респонденттер қазақ тілін тек реттелетін қатынастың бір түрінде, яғни жұмыста және бейресми қатынастың екі саласында (достармен, базарда) қолданумен шектеледі.
Қазақ тілін меңгерудің экономикалық пайдасы жөніндегі сұраққа 91,1% қазақ, 90% өзбек, 62,7% орыс, 77% ұйғыр, 70,6% корей, 71,4% неміс және 80% татар т.б. нық сеніммен жауап берген. Алайда Д.Лайтин Қазақстанда орыс тілділерге тұрып жатқан негізгі ұлт тілін үйрену қажеттілігі ақылға қонымсыз деп айтқан [13].
Жүзеге асырылып жатқан тіл саясатының нысандары ретіндегі орыс тілі және мемлекеттік тіл арасындағы құқықтық қатынастар мәселесінің барлығы әлі күнге дейін түбегейлі реттелмеген, ал орыс тілімен тілдік жағдаят күшін сақтап отыр. Орыс тілін меңгеру және түрлі салаларда қолданылуы жайындағы деректер коммуникативтік пәрменділігінің әлі сақталып тұрғандығын аңғартады.
Орыс тілін білу лингвистикалық капитал болып отыр, оны көбейту арқылы нақты экономикалық пайдаға қол жеткізуге болады. Орыс тілі бұрынғысынша кумуляция және түрлі ақпарат алу, идеологиялық әсер ету құралы, білім беру құралы мен нысаны (мектепке дейінгі, орта және жоғары), қазақстандық қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі, пәрменді қарым-қатынас құралы ретінде қолданыла отырып, барлық қызмет көлемін сақтап отыр. Жүзеге асырылып жатқан саясат және орыс тілін қолдау көпэтникалық Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді сақтап қалуға ұмтылумен түсіндіріледі. Орыс тілінде сөйлейтін барлық қазақстандықтардың тілдік құқықтарын, қажеттіліктері мен талаптарын қанағаттандыру - тілдік қақтығыстарды тудырмайтын тиімді саяси шара [15] және қазақстандық қоғамның табысты бірігуі мен ымыраласуының, ТМД елдерімен бірегей мәдени және білім кеңістігін сақтап қалудың шарты. Орыс тілінің толыққанды қолданылуы тұрақты және берекелі қоғам құру аясына кіреді.

2. Көптілділік аясында қазақ респонденттерінің бөлінуі
Қазақтар - негізгі мемлекет құрушы этнос - тілдік қатынаста біркелкі емес, бұл ең алдымен, екі-көптілділік сипатында көрінеді.
Егер қазіргі таңда Қазақстанда жалпы алғанда мәртебелік және корпустық жоспарлау айтарлықтай сәтті жүзеге асырылуда деп есептейтін болсақ, мемлекеттік тілді қазақтардың өздерінің меңгеруі олардың арасында русофон қазақтардың болуымен байланысты мұра болып келе жатқан жанды жерлер аз емес.
Қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруі vs. меңгермеуі бойынша бөлінуі қазіргі кезде аз қозғалып жүрген мәселе емес. Қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруі туралы мәліметтер қарама-қайшы, бұл бірқатар себептермен түсіндіріледі: этникалық қазақтардың саны қазақ тілінде сөйлейтіндердің санымен ұқсастырылады, елдегі жалпы өз этносының тілінде сөйлемейтін қазақтардың саны жайлы нақты дерек жоқ, қазақ тілі бірінші және қазақ тілі екінші тіл ретіндегі билингвтердің жалпы саны туралы мәліметтер даулы.
Қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруі және меңгермеуі туралы өткен жылдардың кейбір деректерін келтірелік: 1989 жылғы санақ деректері көрсеткендей КСРО-да қазақтардың қостілділік дәрежесі 60,3%-ды құрайды, ассимиляцияланбаған монолингв қазақтар - 36,9%-ды; ассимиляцияланған билингв қазақтар - 60,05%-ды, ассимиляцияланбаған орыс тілі үстем билингв қазақтар - 0,25%-ды, ассимиляцияланбаған тек орыс тілінде сөйлейтін монолингв қазақтар - 2,13%-ды құраған [5]; ана тілінің әдеби формасын меңгерген қазақтардың үлесі 90-шы жылдары 20-25%-дан аспайтын [6]; 6,5 млн қазақтың 98%-ы тек бірінші тіл ретіндегі қазақ тілінде сөйлейді[7]; 1996 жылы ел тұрғындарының тек 51,1%-ы қазақ тілін білген, ал орыс тілін білетіндердің саны 2,4 есеге артық [10]; Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтіндер 7,3 млн [11]; орыс тілді қазақтар барлығы 1,4%-ды құрайды [16] және осы сияқты мәліметтер.
Қазақтардың мемлекеттік тілді меңгеруі жайлы деректердің осыншалық шашыраңқылығы, сөз жоқ, нақтылауды қажет етеді. Бірінші кезекте шала қазақтардың санын нақтылау керек. Жоғарыда келтірілген дереккөздерде бұл цифр 1,4% - 2,13% аралығында тербеледі, бұл деректер 1989 және 1999 жылғы санақтарға негізделген.
2009 жылғы қазақ респонденттердің қазақ және орыс тілдерін меңгермеуі туралы деректерден мысал келтірсек: қазақ тілдік біліктілігінің мүлдем жоқтығы жайлы 0,4% қазақ респонденттері көрсетті: сөйлемеймін - 0,3%, оқымаймын - 0,7%, түсінбеймін - 0,2%, жазбаймын - 0,5%; орыс тілдік біліктілігінің жоқтығы жайлы 0,4% қазақ респонденттері көрсетті: сөйлемеймін - 0,8%, оқымаймын - 0,5%, түсінбеймін - 0,2%, жазбаймын - 0,5%.
Көріп отырғанымыздай, берілген көрсеткіштер бір қарағанда қазақтардың мемлекеттік тілді меңгерумеңгермеу жайының өзгергендігін көрсетеді, ал русофон қазақтардың санының даму қарқыны мынадай:
1,4% - 2,13% (1989-1999жж.) - 1,7% (2005ж.) - 0,4% (2009ж.).
Бір қарағанда келтірілген цифрлар мен олардың арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан болар-болмас. Алайда оның жүргізіліп жатқан тілдік жоспарлауға қатысты түсіндірілуі айрықша қызығушылық тудырады.
Егер русофон қазақтардың үлес салмағының төмендеуі қазақ тілін ретімен тарату нәтижесі ретінде толыққанды жағымды баға алса, онда олардағы орыс тілдік біліктерінің төмендеуі орыс тілінің болашақ даму қарқыны жайлы сұрақты туындатады.
А. Қазақ респонденттерінің көптілділігі
Қазақстандықтардың көптілділігі жайлы әдебиеттерде қаншама рет суреттеліп жүрді және бұл фактіге айрықша мән берілді. Бүгінгі таңда қазақтар көптілділігінің нақты дәрежесі қандай? Оның азаюы немесе көбеюі туралы айтуға бола ма? Қазақтар көптілділігінде қандай тілдер қатысады?
Осы сұрақтарға жауап ретінде жас қазақстандықтар тарапынан 2009 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелерін келтіреміз. Онда қазақ респонденттерінің тілдік біліктілігі - сөйлеу, оқу, түсіну, жазу бойынша жіктеліп, топтарға бөлінген: 1 диаграмма - тілдік біліктілігі жоғары дәрежелі қазақ респонденттер және 2 диаграмма - тілдік біліктілігі орта және төмен дәрежелі қазақ респонденттер. Екі диаграммадағы мәліметтер жас қазақстандықтар тарапынан жүогізілген сауалнама нәтижелерінен алынды.

Диаграмма 1 - Тілдік біліктілігі жоғары қазақ респонденттерінің көптілділігі (%)

Диаграмма 2 - Тілдік біліктілігі орта және төмен қазақ респонденттердің көптілділігі (%)

Елде жүргізіліп жатқан тіл саясатының тиімділігін айқындайтын тараудың алдына қойған міндеттері аясында қазақ тілін білетін және меңгерген екі-көптілді қазақстандықтар санының өсуі айрықша қызығушылық тудырады. Екі диаграммада келтірілген деректер қазақ респонденттері көптілділігінің жоғары тілдік біліктілігі мен өсуі туралы нанымды түрде куәландырады:
- жалпы қазақ тілін меңгеру 92%-ға жетеді (еркін сөйлеймін - 90,0%, еркін оқимын - 92,3%, еркін түсінемін - 94,2%, еркін жазамын - 91,4%), қазақ тілдік біліктілігі орта және төмен қазақ респонденттері 6,3% (қиналып сөйлеймін - 7,9%, қиналып оқимын - 5,8%, қиналып түсінемін - 4,6%, қиналып жазамын - 6,9%), бұл жерде қазақтардың қазақ тілін меңгеру көрсеткіштеріндегі өзгерістердің, сондай-ақ, русофон қазақтар санының азаюымен де байланыстыруға болады;
- жоғары орыс тілдік біліктілік сақталып тұр - 84,7% (еркін сөйлеймін - 79,4%, еркін оқимын - 88,3%, еркін түсінемін - 88,6%, еркін жазамын - 82,7%), қазақ респонденттерінің орта және төмен орыс тілдік біліктілігі - 8,6% (қиналып сөйлеймін - 13,5%, қиналып оқимын - 5,4%, қиналып түсінемін - 4,6%, қиналып жазамын - 11%);
- қазақ респонденттерінің жоғары ағылшын тілдік біліктілігі айтарлықтай төмен - 18,3% (еркін сөйлеймін - 10,9%, еркін оқимын - 29,7%, еркін түсінемін - 11,7%, еркін жазамын - 20,9%), орта және төмен ағылшын тілдік біліктілігі - 44,6% (қиналып сөйлеймін - 46,8%, қиналып оқимын - 38,7%, қиналып түсінемін - 50,1%, қиналып жазамын - 43,0%);
- қазақ респонденттерінің неміс, ұйғыр, өзбек т.б. тілдік біліктілігінің жоғарылығы - 3,7% (еркін сөйлеймін - 3,5%, еркін оқимын - 5,1%, еркін түсінемін - 3,1, еркін жазамын - 3,3), орта және төмен біліктілік - 7,2% (қиналып сөйлеймін - 8,2%, қиналып оқимын - 6,4%, қиналып түсінемін - 6,8%, қиналып жазамын - 7,2%).

Диаграмма 3 - Жоғары, орта және төмен тілдік біліктілігі бар қазақ респонденттерінің көптілділігі (жалпы көрсеткіш)

Сөйтіп қазақ респонденттерінің көптілділігі төмендегідей маңызды белгілермен сипатталады ( диаграмма 3):
- қазақтардың көптілділігіндегі негізгі алаңдағы ойыншылар қазақ (жалпы тілдік біліктілік 97%) және орыс (жалпы тілдік біліктілік 93,3%) тілдері болып табылады;
- қазақ респонденттерінің жалпы ағылшын тілдік біліктілігі 62,9%-ға жетеді, бұл, сөз жоқ, ағылшын тілін көптілділік үдерісіне белсенді қатысушы етеді;
- қазақ респонденттерінің көптілділігінде сонымен қатар неміс, ұйғыр, өзбек және т.б. тілдік біліктілік қатысатындығын ескеру керек, бұл елде әртүрлі этникалық топтардың тұру дисперстігі туралы және олардың арасында ұдайы тілдік қатынастың болатындығы жайлы куәландырады [1].
Ә. Орыс респонденттерінің көптілділігі
Саны жағынан екінші тұрған этнос - орыстар, оның үлес салмағы соңғы жылдары миграциялық өкшу есебінен қысқарып, алаңдатарлық демографиялық көрсеткіштермен сипатталады: өлудің жоғарылығы, туудың аздығы, табиғи өсімнің төмен қарқыны (5,1%), орыстардың жалпы санының 25,2%-ға қысқаруы және демографиялық қартаю, мысалы, 17,0% орыстарды 60 жастан жоғары адамдар құрайды, осыған ұқсас қазақтардың көрсеткішінен 4 есе жоғары[17], тұрғындардың 23%-ын 14 жасқа дейінгі қазақстандықтар құраса, 68,8%-ын 15-64, 8,2%-ын 60 жастан жоғары азаматтар құрайды [18].
Орыс респонденттердің көптілділігі төмендегідей екі диаграммада көрсетілген: 4 диаграммада сөйлеу, оқу, түсіну, жазу дәрежелері жоғары респонденттердің бөлінуі, 5 диаграммада тілдік құзіреті төмен және орта респонденттердің бөлінуі берілген. Диаграммадағы мәліметтер жас қазақстандықтар тарапынан 2009 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелерінен алынған.

Диаграмма 4 - Тілдік құзіреті жоғары орыс респонденттерінің көптілділігі (%)

Диаграмма 5 - Тілдік құзіреті орта және төмен орыс респонденттерінің көптілділігі (%)

Берілген диаграммалардан көрініп тұрғандай жүргізілетін жаппай сауалнама деректері орыс респонденттердің айтарлықтай дәрежедегі жоғары тілдік құзіреті жайлы куәландырады:
- жалпы орыс тілін білу 97,4% (еркін сөйлеймін - 97,7%, еркін оқимын - 97,7%, еркін түсінемін - 96,6%, еркін жазамын - 97,7%), орта және төмен тілдік құзірет жайлы жауаптар берілмеген, бұл жерде орыстардың орыс тілдік құзіретінің төмендеуін атап өту керек, ол 1999 жылы Қазақстан тұрғындары санағына сәйкес 100%-ға жетті;
- орыс респонденттердің қазақ тілін еркін меңгеру бойынша төмен көрсеткіш сақталып тұр - 20,4% (еркін сөйлеймін - 4,6%, еркін оқимын - 36,8%, еркін түсінемін - 9,2%, еркін жазамын - 31%), орта және төмен қазақ тілдік құзіреті - 55,5% (қиналып сөйлеймін - 62,1%, қиналып оқимын - 40,2%, қиналып түсінемін - 75,9%, қиналып жазамын - 43,7%), бұл жерде орыстардың қазақ тілдік құзіретінің артқандығын айта кету керек, ол 1999 жылғы Қазақстан тұрғындарының санағы бойынша 14,9%-ды құрады;
- жоғары ағылшын тілдік құзіретінің көрсеткіштері - 22,4% (еркін сөйлеймін - 14,9%, еркін оқимын - 32,2%, еркін түсінемін - 17,2%, еркін жазамын - 25,3%), орта және төмен ағылшын тілдік құзірет - 47,7% (қиналып сөйлеймін - 50,6%, қиналып оқимын - 42,5%, қиналып түсінемін - 54%, қиналып жазамын - 43,7%), орыстардың ағылшын тілдік құзіретінің 1999 жылғы санақ деректерімен салыстырғанда өскендігі байқалады, яғни - 0,9%;
- орыс респонденттерінің жоғары (3,1) және төмен (4,1) неміс, ұйғыр, өзбек және т.б. тілдік құзіреті бір-біріне жақын (еркін сөйлеймін - 3,4%, еркін оқимын - 5,6%, еркін түсінемін - 1,1%, еркін жазамын - 3,4%, қиналып сөйлеймін - 3,4%, қиналып оқимын - 2,3%, қиналып түсінемін - 5,7%, қиналып жазамын - 5,1%).

Диаграмма 6 - Тілдік құзіреті жоғары, орта және төмен орыс респонденттерінің көптілділігі (ортақ көрсеткіш)

Сөйтіп, 6 диаграммада көрсетілген орыс респонденттердің көптілділігі төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
- орыс респонденттері көптілділігінде негізгі алаңдағы ойыншылар қазақ (жалпы тілдік құзірет - 75,8%) және орыс (жалпы тілдік құзірет - 97,4%) тілдері болып табылады;
- орыс респонденттердің жалпы ағылшын тілдік құзіреті қазақ респонденттерінікінен болар-болмас қана асады, яғни 70,3% және көптілділік үдерісіне ағылшын тілінің қатысуын назарға алуға мәжбүрлейді;
- көптілділікте орыс респонденттерінің неміс, ұйғыр, өзбек және т.б. тілдік құзіретінің қатысуын да ескеру керек - 7,2%.
Қазақстандағы орыстардың көптілдігі туралы деректер жақында ғана 16% -дан зорға асты [3]. Біздің деректерімізге сәйкес орыстардың көптілділік көрсеткіші он жылда айтарлықтай өскен, бұған қазақ-орыс және орыс-қазақ қостілділігінің қалыптасуының нақты үрдісі, сонымен қатар ағылшын тілінің орыстардың көптілділігіне белсене қатысуы дәлел бола алады [1].
Б. Ірі және аз диаспора өкілдері респонденттерінің көптілділігі
Ірі диаспораларға украин, өзбек, неміс, татар, ұйғыр, белорус және корей диаспоралары жатады, олардың саны: 547054 адам (украи диаспорасы) - 99665 адам (корей диаспорасы). Соңғы жылдары ұйғыр (42%) және өзбек (41%) диаспоралары ұлғайып, әлі де өсуін жалғастыруда, неміс (60,8%), украин (39%), белорус (38,3%), татар (20,3%) диаспоралары қысқарды. Ұйғыр және өзбек диаспораларының осы топтың басқа диаспоралардың жағымсыз көрсеткіштерімен салыстырғанда жағымды демографиялық сипаты бар; әсіресе жоғары өлім белорустер (жалпы көрсеткіштен 1,9 есе жоғары) мен украиндерде (2,1 есе) байқалады, оларға демографиялық қартаю да тән (23,8% белорустер мен 24,7% украиндер 60 жастан жоғары). Бұл топта немістер мен корейлер айрықша орын алады: санының бірден қысқаруына қарамастан немістер мен корейлер басым бөлігі урбанданған этнос (51,4% қалалық немістер және 86,6% қалалық корейлер) бола отырып, табиғи өсуін сақтап келеді[17].
Саны аз этностарға Қазақстанның 43 диаспорасы жатқызылады: олардың саны 200 адамнан аспайды: абазин, абхаз, агул, адыгей, албан, алеут, белудж, вепс, долған, ижор, ительмен, караим, кет, коряк, лив, мансий, нанай, ненец, негидаль, нивх, орок (ульта), ороч, рутул, рушан, саам, селькуп, серб, словак, тат, тофалар, тува, удэгей, ульч, хорват, ханты, цахур, чукот, шугнан, эвенкий, эвен, энец, юкагир, якут (саха). Көріп отырғанымыздай, Қазақстанның саны аз диаспоралары Ресей Федерациясының осындай саны аз халықтарымен берілген, демографиялық жағынан тең емес диаспора тілдері Қазақстан аумағына тағдыр тәлкегімен келіп қалған әртүрлі халықтардың саналуан тарихын көрсетеді. Олардың ішінде саны өте аз 10-нан кем адамы бар 14 диаспора айрықша топты құрайды: селькуп, ульч, энец, юкагир, алеут, ительмен, кет, лив, мансий, негидаль, нивх, орок, ороч, саам. Бұл диаспоралардағы отанынан үзілген этностар үшін этникалық тілін сақтап қалу іс жүзінде мүмкін емес, тілді индивидуалды жоғалтуға немесе тілдік аттрицияға жағдай жасалады. 1999 жылғы Қазақстан Республикасындағы тұрғындар санағы бойынша деректерді талдау төмендегі жағдайларды байқауға мүмкіндік береді:
- жақсы демографиялық сипаттамалар және көптілділіктің төмен деңгейі - өзбек, ұйғыр, татар диаспораларының этникалық тілін сақтаудың куәсі;
- белорус, украин, корей, неміс диаспораларының этникалық тілді меңгеруінің төмен деңгейінде орыс тілін меңгеру және көптілділік көрсеткіші жоғары, яғни тілдік жылжу ықтималдылығы соғұрлым жоғары және этникалық тіл негізінде қостілділіктің қалыптасу мүмкіндігі төмен;
- үш түркі диаспораларын сипаттайтын этникалық тілді меңгерудің жоғарғы деңгейі қазақ және орыс тілдерін меңгерудің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді, демек, бұл диаспоралардың этникалық тіл негізіндегі көптілділік дәрежесі жоғары. Бұдан басқа түркі диаспораларының туылуының жоғарғы көрсеткіштерін ескере отырып, түркі-қазақ қостілділік ортасы табиғи түрде кеңейетіндігін ескеру қажет;
- этникалық тілдерді меңгерудің төмен көрсеткіштері және керісінше орыс тілін меңгерудің жоғарғы көрсеткіштері (100% -ға жақындайды) Қазақстанның дисперсті қоныстанған саны аз диаспоралары өкілдерінде байқалатын тілдік жылжу жөнінде куәландырады.
2009 жылғы жаппай сауалнама барысында алынған деректерге жүгініп, оларды екі диаграммаға жинақтаймыз: 7 диаграмма әртүрлі этникалық топтардың сөйлеу, оқу, түсіну, жазу туралы өзіндік бағасын көрсететін жоғары тілдік құзірет көрсеткішінің негізінде құрылған, 8 диаграмма - орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Проблемалық оқыту үрдісі
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың теориялық негіздері
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Қазақ тілін оқытудың мәселелері
Пәндер