«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Қазақ жазушыларының дін туралы ой. пікірлері мен діни сауаты
2.Прозадағы шариғат көріністері
2.1 Мұхтар Әуезов шығармаларынан
2.2 Ғабит Мүсірепов шығармаларынан
3.Дін тақырыбының бүгінгі көріністері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті.Содан бері қазақ жерінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген. Оның басты себебі, кеңес одағы кезіндегі материалистік-атеистік идеологияның салдары болғандығы. Қазан төңкерісінен кейін дінге деген ызғарлы қатынас айқын байқала бастады. Сол уақыттан бастап тәуелсіздік алғанға дейін елімізде халыққа діни тәлім- тәрбие берілген жоқ, діни оқу орындары болған жоқ. Діннен терең хабары бар дін қызметкерлері жер аударылды, түрмеге отырғызылды, ату жазасы кесілді. Діни кітаптар шығару мүлде тоқтатылды. Елімізде санаулы-ақ мешіттер жұмыс істеді. Жаңа мешіттер салуға рұқсат етілмеді.
Біздің елде дініміз бен әдебиетіміз зерттелуде, бірақ әдебиетте қазіргі күнге дейін нақты бір зерттелді дейтіндей еңбек жоқ. Сол себепті де бұл тақырып әлі тың. Қандай еңбек бомасын тарихи, әдеби оның бәрі де дінге соқпай өтпейді. Жалпы алғанда ұлт пен мәдениетті байланыстыратын да, біртіндеп қосатын да осы дін. Яғни әр ұлттың өз мәдениеті, өз дүниетанымы болады. Ал осы жерде дін маңызды рөл атқарады. Оның себебі мынада: діннің қағидалары, заңдары алғышарттарынан жасалады.Қазақтың көптеген ырымдарының өзі осы діннің шарттары арқылы келмеді ме? Ырым-тыйымдар адам баласын ізгіліке, мәдениеттілікке,тәртіпке бастайды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы
Әуезов ауданы

Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 В-сынып оқушысы Асан Аида

Тақырыбы:
Қазақ прозасындағы ислам әуендері

Ғылыми жетекші: филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
Карбозов Ерхан Карбозұлы
Жетекші: Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы

Алматы,2011

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Қазақ жазушыларының дін туралы ой- пікірлері мен діни сауаты
2.Прозадағы шариғат көріністері
2.1 Мұхтар Әуезов шығармаларынан
2.2 Ғабит Мүсірепов шығармаларынан
3.Дін тақырыбының бүгінгі көріністері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні - ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті.Содан бері қазақ жерінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы деген қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң замандарда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Тіпті, кешегі қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де қазақ халқы толықтай діннен хабардар болмаса да, әйтеуір мұсылманбыз деп жүрген. Оның басты себебі, кеңес одағы кезіндегі материалистік-атеистік идеологияның салдары болғандығы. Қазан төңкерісінен кейін дінге деген ызғарлы қатынас айқын байқала бастады. Сол уақыттан бастап тәуелсіздік алғанға дейін елімізде халыққа діни тәлім- тәрбие берілген жоқ, діни оқу орындары болған жоқ. Діннен терең хабары бар дін қызметкерлері жер аударылды, түрмеге отырғызылды, ату жазасы кесілді. Діни кітаптар шығару мүлде тоқтатылды. Елімізде санаулы-ақ мешіттер жұмыс істеді. Жаңа мешіттер салуға рұқсат етілмеді.
Біздің елде дініміз бен әдебиетіміз зерттелуде, бірақ әдебиетте қазіргі күнге дейін нақты бір зерттелді дейтіндей еңбек жоқ. Сол себепті де бұл тақырып әлі тың. Қандай еңбек бомасын тарихи, әдеби оның бәрі де дінге соқпай өтпейді. Жалпы алғанда ұлт пен мәдениетті байланыстыратын да, біртіндеп қосатын да осы дін. Яғни әр ұлттың өз мәдениеті, өз дүниетанымы болады. Ал осы жерде дін маңызды рөл атқарады. Оның себебі мынада: діннің қағидалары, заңдары алғышарттарынан жасалады.Қазақтың көптеген ырымдарының өзі осы діннің шарттары арқылы келмеді ме? Ырым-тыйымдар адам баласын ізгіліке, мәдениеттілікке,тәртіпке бастайды.
Қазақ әдебиеттануындағы теориялық зерттеулердің негізгі іргетасы кеңестік кезеңде қаланғаны белгілі. Ол тұста тыйым салынған тақырыптардың бірі болып табылатын мінәжат жанры жоғарыда келтірілген. А.Байтұрсынұлы еңбегінен кейін дербес зерттеу нысанына айнала алмады. Осының салдарынан ортағасырлық туындылар жайлы еңбектерде мінәжат шығарманың құрылымдық бірлігі ретінде ғана аталып өткенімен, оның жанр ретіндегі сын-сипаты, шет-шегі айқындала қойған жоқ. Аталмыш тақырыптағы зерттеулердің арнасы тәуелсіздік тұсында ғана кеңейе бастады. Бұл орайда әдебиеттанушы ғалымдар арасынан осы тақырыпқа арнайы қалам тартқан А.Ахметбек пен И.Жеменейді ерекше атауға болады. А.Ахметбек мақаласы түркі сопылық поэзиясының негізін салушы Қожа Ахмет Йассауидың " Мінәжатын " талдап- таразылауға арналса, И.Жеменей өзінің зерттеу нысаны - " Тарихи-Рашиди " еңбегіндегі мінәжат мәтіндеріне тоқтала отырып, ұлт әдебиетінің арғы-бергі кезеңдеріндегі мінәжат жанрының көріністерін біршама зерттеп- зерделеген. Ендігі кезекте аталған зерттеулер нәтижесін негізге ала отырып, қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанрының қалыптасу және даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, сын-сипатын айқындап, біртұтас жанр ретіндегі лайықты бағасын беру қажеттігі туындап отыр.
Әдебиетіміздегі көп кездесетін бұл дүмше молдалар және оларлың әрекеттері. Қазақ жазушылары сонау XX ғасырда сол дүмше молдаларға қарсы болған, оларды көп сынаған-ды. Сол молдалардың дінге жаңалық енгізуі "бидағат" саналды. Мысалға алар болсақ, Әуезов шағармаларындағы, Аймауытовтың "Қартқожа"романында кездесетін байдың күнәсін кедейге беру сияқты үкімдерді шығарушы осы молдалар болатұғын. Бидағат-дінге енгізілген жаңалық, дін бұзарлық. Білімсіз молдалардың қазақ даласына да, баласына да тигізген зияны өте көп. Себебі жоғарыда айтылғандай ол адастыруға әкеліп соқтырады.
Мақсаты:Кеңес одағында дін мәселесі мүлдем жойылып кетті десек артық айтпаймыз. Жазушыларымызға тоқталар болсақ, қазақтың жазушылары өте білімді болған. Себебі, кез келген біз білетін М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, І. Есенберлин, Ә. Нұрпейісов т.б. жазушылардың еңбегінен ислам дінін жақсы білгендігін байқаймыз. Мысалы, Әуезов шығармаларында дін туралы өте көп айтылады. Оның дұрыс жолдарын шариғатпен кесіп айтса, дұрыс емес жолдарын, зинақорлық, парақорлық пен надандықты жанамалап, бір кісінің ойы немесе сөзі, болмаса бір аңыз әңгімеден табуға болады. Ол кезде дінді қазіргідей ашықтан ашық жазуға мүмкіндік болмағандықтан астарлап жеткізіп отырған.
Ғабит Мүсіреповтің шығармалары арқылы көптеген жайттармен танысуға болады. Ол кісінің діни сауаты болған, құран сүрелерін, намаздың қалай оқылуы жайында білген. Шығарма кейіпкерлерінің көбіне намазға салғырттықпен қарайтыны сыналады, білімсіздіктің адасуға, күпірлікке апарып соқтыратынын байқатады. Оны автор сыни тұрғыдан әсерлеп келемеждеп көрсетеді.Ең бастысы, исламның қағидаларына қарсы шықпау керектігін ескертеді.
Бір кісіден: Сіз мәдениетті қайдан үйрендіңіз?-дегенде,
Мен мәдениетсізден үйрендім, - деген екен.
Сол секілді Ғабит Мүсірепов өз еңбектерін осы принциппен жазады. Жамандық жасаған адамдар ауыр жазаланатынын айтып, олар естеріңде әрдайым болсын деп жазады. Бір жамандық жасағалы тұрып оның бұрындары осындай адамдардың жасағанын еске алып, олардың қандай жазаға тартылғандығын, қандай халге душар болғандығынан сабақ алып тәубеге түсер жолды Ғабең бізге сілтейді.
Әбдіжаміл Нұрпейісовтың алғашқы романы " Курляндия" шығармасында дінге қатысты жайттар кездеседі. Барша мұсылмандардың арманы болып саналатын шаһидтік өлім, соғыстағы ерлік, батырлық кездеседі. Ең ауыр күнәлардың бірі болып саналатын соғыстан қашу, сатқындықтың образдары да бар. Исламда жәнаттық болып саналатын шаһит болған жауынгерлер келер ұрпаққа өнеге болмақ.
Міндеті: Қазіргі кезде дін мен әдебиетті зерттеп, жазушыларымызды ақтап алар ғалымдарымыздың аз болғандығын менің басты міндетім осы жазушылардың діни әуендерін толықтай шариғат заңдарына бастырып, олардың діни сауатының өте жоғары болғандығын дәлелдеп қорғап шығу. Сондықтан да менің міндетім - біздің жазушыларымыздың еңбектері жамандықтан тыйып, жақсылыққа бастайтын дүниелер екендігін, оқу еңбектеріне сабақ немесе өнеге ретінде аманат етіп қалдырғанын айту.

Қазақ жазушыларының дін туралы ой-пікірі мен діни сауаты.
Біз бұл тараудың басты мақсаты ретінде қазақ прозасындағы діни тақырыптарға қалам көтергендер жайлы қарастырып, әрқайсысын бір шолып өтейік. Әр дәірдегі діни ахуалды, оның сан түрлі құбылыстар мен өзгерістердегі тұс-бейнесін жалпылама қозғап өтейік.
Мағжанның қаламынан мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес топ етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Мағжан Жұмабаев өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адам сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыңа бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән- мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Қазақ әңігімесі дегенде алдымен Б.Майлин есімі тілге оралады. Ол орыс әдебиетінен, әсіресе орыс прозасынан үйренді, өнеге алды, өзіне басшы, үлгі қылып ұстады. Жазушының әңгімелерін шартты түрде төмендегідей тақырыптарға топтауға болады, олар: кедейлер өмірі, мемлекет жұмысы, әйелдер өмірі және семья мен махаббат, алашорда және сұрқиялық әрекеттер, әдет-ғұрып, халық ағарту және мәдениет, 1916 жылы революциядағы азамат соғысы, байлар кеңес тұсында, дін және атеизм, ауылды колхоздандыру, жаңа адамдар, өнеркәсіп пен техника.
Б. Майлиннің " Талақ" әңгімесі діни тақырыпты қозғаған туынды. Оған негіз болатын шығарманың сюжеті қазақ қоғамындағы, яғни қазақ ошағында болып жатқан жайды оқырман санасына байыптай жеткізеді. " Күн ұзаққа Айдарбектің үйі ұрыспен болды..."Бұл әңгіменің ең бірінші сөйлемі. Шығарманың басты кейіпкері үй иесі Айдарбек, жұбайы Зейнеп, тұлымы енді ғана өскен қыздары Күләмза. Үй ішінде болып жатқан " төңкеріске "оқырманын бірден жолықтырып, баса-көктеп, сан-күйлі ойға жетелейтін әңгіменің айтары көп. Айдарбек пен Зейнептің дауы талақ етуге шейін алып келеді. Діни сауаттың жоқтығынан немесе оған немқұрайлықпен қарау сол тұс дәуірінің негізгі кескіні екенін автор санамалап, шынайы етіп жеткізген. Талақ - екеуара ұрысып, ажырасқан жұптың ортасында болатын шариғат заңы. Шарты былай, егер талақ айтысқан еркек пен әйелдің арасы қайтадан қосылар болса, шариғат бойынша заңды жауапқа тартылады. Ал егер қайтадан қосылғысы келсе, басқа ер адаммен некелесіп, қайтадан бірақ өз жұбына қосылады. Заман тынысын бір отбасындағы ойран жағдаймен сомдаған жазушының ой елегінен өткен бір мәселе осы әңгіменің кішкене ғана төрт беттік әңгімесіне сыйып тұр.
Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылманшылықты дәріптеу, пайғамбар өмірінен мөлтек сыр шерту - екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Бұған, біріншіден, социалистік қоғамда үстемдік құрған атеистік тәрбиенің ықпалы болса, екіншіден, қалам тартып жазғысы келгенімен, мұсылмандық сауаты, мағлұматы аз болғандықтан, ал үшіншіден, бұл тақырыпқа бел шешіп кірісу үшін исламдық діні берік, мұсылмандық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі болуы шарт еді. Бұл-өзі көзге көрінбейтін, жүрекпен ғана сезілетін жайт. Сондықтан да, поэзиямен салыстырғанда, прозада бұл тақырыпқа қалам сермеу анағұрлым күрделі болатын. Алланың өзі де рас, сөзі де рас!-деп ұлы Абай жырлап кеткендей, біраз қаламгерлердің мұсылмандық сауаты, даярлығы бар болғанымен Алланың, Мұхаммед пайғамбарымыздың атын дәріптеп, құрметтеп жазған шығармалар санаулы-ақ.
Мүсірепов Аллаға қырын қарап, партиялық уағызды дәріптеп отырған сыңай танытқанымен, образды, символды тұспалмен сол кеңестік жүйені сынап-мінеп отыр.
Бұл шығарманың ерекшелігі Аллаға деген махаббаттың, сенімнің беріктігі. Сонымен бірге Алланың рақымының кеңдігі, Әзәзілдің, Ібілістің азғыруынан күштілігі суреттеледі. Осы тәрізді сюжет желісін орыс әдебиетінде И.Буниннің шығармашылығынан да кездестіреміз. Байқағанымыздай дін мәселесін барлық совет одағында өмір сүрген жазушылар қозғаған. Оған дәлел етіп жоғарыда айтылған жазушылармен, жазылған еңбектерін мысал етіп көрсеттік.

2.1 Мұхтар Әуезов шығармаларынан
Мұхтар Әуезов - кеңес одағында өмір сүре отырып қазақты да, дінді де жалпы қазақ өмірін кеңінен ашып жазған авторлардың бірі. Кеңестің қанша қыспағы болса да бай баласын дүниеге, әлемге ұлы Абай етіп көрсеткен де осы М.Әуезов. Қорғансыздың күні, Қаралы сұлу, Абай жолы, Қараш-қараш оқиғасы атты шығармаларында дін мәселесін астарлап береді, оқыған, көзі қарақты адамға бірден белгілі болады. Мысалы, Қараш-қараш байлардың озбырлығы, барымталық, ұрлық, кек алу сияқты дінге қайшы нәрселер кездеседі. Қаралы сұлу әңгімесінде үлкен тақырып болып саналатын әйел адамның шыдамсыздығы, зинаға берілуі айтылса, Қорғансыздың күні шығармасында қорғансыз қызға деген аяусыздық, жауыздық көріністері суреттеледі. Сонымен әр еңбекке тоқталатын болсақ, Абай жолы романындағы Құнанбай қажының образы.
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан-ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХХ ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясымен асқан шеберлік пен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
Бір Алланың арқасында бүгінде іргелі ел болып сап түзей бастадық. Өткенімізді ұлықтап, асылымызды ардақтайтын кез жетті. Әдебиет дейтін ұлы майданға аттанған әр қазақ баласында Абай жолы романын оқымағаны жоқ болса керек. Дегенмен де дәл соның астарына үңіліп, ұлы Мұқаңның әр сөзін байыппен қарай алған жас қаламгер санаулы. Рас-ау, сол кездегі кеңес одағының кесірлі саясатынан Абайды күллі әлемге таныту үшін оның ақсүйек, қарадан шығып хан болғандай атақты әкесін қатал көрсетпеске шарасыз болды. Сол себептен де Құнанбайдың ел алдындағы мәртебесі мен адам баласына сирек біткен қабілеті, дала сыйлаған қасиеті қаталдықтың, жауыздықтың көрінісі болып кете берді. Іс жүзінде жалғыз тобықты, аға Арғын ғана емес, бар қазаққа пана болған аға сұлтан Құнанбай қажы керемет ақыл иесі еді. Ғылымға жүгінсек тұқым қуалау дейтін ғылыми атаудың шешімі-сонау ұлылықты Ырғызбайдан, кемеңгерлікті Өскенбайдан, даналықты Құнанбайдан алған Ибраһим Құнанбайұлы тегіннен-тегін Ұлы Абай болып қалыптаспас еді. Сол әйгілі Құнанбай қажы туралы поляк халқының ұлт қаһарманы Адольф Янушкевич: Құнанбай бидің жасы Барақ сұлтаннан үлкен. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қажет ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі. Қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Қарадан шыққан Құнанбай әулетінің даңқына бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай-шалғай ауылдардан келіп жатады. Қарап отырсаңыз, Құран қағидаларының жетік білгірі, Өнегелі мұсылман деп баға берген жоқ па?! Бүкіл алты алаш сыйлаған Құнанбайдың осы қасиетін Мұхтар Әуезов білмеді дегенге кім сенеді. Әуезов өмір сүрген құдай жоқ деп лепірген заманда солай суреттемеске, солай жазбасқа ешқандай шарасы да болған жоқтығын көру қиынға соқпайды. Онсыз да ақсүйектің баласы Абайды осындай ортада әлем халқына алып шығу Әуезовтің асқан шеберлігі мен өткір де соқыр саясатты айланып өтер кемеңгерлігі еді. Ендеше осы романдағы Қажы образы мен діни тақарыптар төңірегінде біраз тоқталып өтейік.
Роман босталғаннан-ақ қалада медреседе оқып жүрген Абайды жорға Жұмабай мен Байтас Құнанбайдың бұйрығымен ауылға алып қайтады. Құнанбай бүкіл әулетін шариғат заңдарымен, құран білімімен сусындатып өсірді. Соның ішінде бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді, сондықтанда, Абайды өзге балалырынан бітімі бөлек, ақылды, зерек ертеңгі өз ұрпағының алды боларын болжаған әке оны медреседе оқуға аттандырды. Абай ауылға келгесін тоңғыш рет Құнанбай қажы оны ел ағаларының кеңесіне шақырады. Сонда үлкендер Құнанбайға әлде жағымсыну, әлде шын айтқаны белгісіз аға сұлтанның өзге балаларын да еске алысып, мақтасып қояды. Үндемей түйіліп, сұп-сұр болып отырған Құнанбай мойнын Абайға бұрып одан да не күтсеңдер осы жаман қарадан күтсеңдерші! деген екен. Мұқағали ақын Дін - ғылымының атасы деп жырлаған жоқ па еді?! Арыдағы Құнанбай үшін де дін бар ғылымның ұйытқысы болып есептелетін. Оның аға сұлтан болып тұрған кезіндегі ел арасындағы дау-дамайды да осы шариғат заңдарымен шешіп отырғаны соның айқын дәлелі. Кеңес одағындағы кері саясаттың сойылы басқа төніп тұрған тұста да Мұхтар Әуезов осы романды шу деп бастағаннан ұлы Абайды өзгеден емес, кедей-кепшіктің қолынан емес немесе орыстың білім жүйесінен емес, керісінше қаладағы мешіттен, хазіреттен сабақ алуынан бастайды.
Тағы бірде романда Абай құлағы ауырлай бастаған әжесінің құлағына үшкіріп беретін тағы бір тартымды да қызық оқиға желісі бар. Қалада оқып, медреседе хазіреттен сабақ алған Абай үшін ауылдағы бақсы-балгер құшынаштың алдауына арбалып жүрген қарапайым халықтың хал-күйі әбден белгілі еді. Үшкіру, ішіртке жазу, хасида оқу-молдалықтың ел үйренген дағдысы екені рас. Бала көңіліне қатты жиіркенішті көрінетін балгер, құшынаш сияқты бақсымен тең молда, қожа аз емес. Міне, осыны өткір сын тезіне алған автор осы бір оқиғаны кереметтей күлкілі етіп жазып шығады. Бір жағы бүкіл наным-сенімі сол шала молдалыққа, дағдылы бақсылыққа ұйыған кемеңгер әже, аяулы ана, ауылдағы үлкендер көңілін қалдырғысы келмеген Абайдың ақылды, ақжарқын көңілі. Енді бірі міне осындай жалған молдалықтың шын кеспірін әбден білетін ақылды Абай образы. Оқыстан әжесінің басын құшақтай алып, ел түсінбес бірдеңені шұбырта жөнелген Абай медреседе оқып жүріп, Науайи, Физули өлеңдерін жаттап, соның әсерімен өзі жазып шыққан өз өлеңдерін оқып тұр еді. Сөйтеді де артында қазақы өлең үлгісінде :
- Ұшады бозша торғай көдені ықтап,
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап.
Кәрі әже есітпейді нана берсін,
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап... дей келіп тағы су-ф-ф деп кояды. Үй іші түгел сезіп ду күліскен. Ақындығын нағашы жағына ұқсатқан ауыл адамдары баланың бұл зеректігіне шын сүйінер еді. Сондағы Абайдың: апа-ай, енді бақсы-құшынаш болып елтірі, сенсең жиғанша Тонтекеңе тартқаным көш ілгері емес пе?! дейтіні бар. Осының бәрі де қарап отырсаңыз халықтың наным-сенімге айналған әлде дін, әлде ескілік дәстүр болып бейнеленіп тұр. Сонау арғы замандарда қазақ даласына шаман дінінің енуімен бірге келген бақсылық, құшынаштық сарындар да күні бүгінге дейін ел арасында кеңінен сақталып келгені бар. Бұл бір ғана Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғана емес қазақ прозасының барлық жанрында кездесетін уақиғалардың желісін құрайды. Бүгінде ислам дінінің кеңінен етек алуына байланысты шын мұсылмандыққа деген талпыныс кезінде осынау бақсылық, құшынаштық дерттер құран мен шариғатқа жат, шайтанның жетегіне ерген жаман әдет, күнәлі істер болып келеді. Дегенмен де бір ұлттың образын, бейнесін жасау үшін прозада мұндай дүниелердің жазылмай қалуы біріншіден, шындықты бүркемелеу, екіншіден, халық образын сомдауда сәтсіздіктер туғызбай қоймайды. Сол үшін де өнерге өнер тұрғысынан қараған дұрыс.
Дүниежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген бұл Абай жолы роман-эпопеясы жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, адамгершілік және эстетикалық өмірінің энциклопедиясы деп әділетті түрде бағаланған бұл роман-эпопеяда өзінің кемеңгерлік тұлғасына халқының дана қасиеттерін, данышпандық ойларын сіңіріп қана қоймай, алдыңғы қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік атаулының бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның заңғар келбеті бар құдіретімен асқақтай түсті. Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс-салтын, тіршілігін, әр түрлі әдет-ғұрыптарын суреттеу ерекшеліктерімен қазір де таңғалдырады.
Осы Абай жолы романындағы тағы бір үлкен оқиға Қодар-Қамқа оқиғасы еді.
Қодар да ер еді. Батырлығы, ерлігі бүкіл тобықтыға белгілі алпысты иектесе де алпамсадай азамат. Романда Қодар бейнесі өте сәтті сомдалған. Кезінде бүкіл тобықты арасында болған бұл оқиға туралы, Құнанбайдың қатал шешімі де бүгін көп әңгіменің арқауы. Жоғарыда айтып өткеніміздей екі жүзді өткір саясат астында Әуезов Құнанбай образын барынша жауыз, қатал, ақсүйектің, байдың зұлым бейнесі етіп суреттеуге тырысты. Романнан сырт шынайы өмірде Қодар да, Қамқа да жазықты жандар. Ер де болса пенделік шырмауынан аса алмаған азамат Қодарды Құнанбайдың шариғат заңымен жазалауы - бірдің басын ал да, мыңның есін ал деген дала заңының айқын айғағы еді. Романды оқыған көзі қарақты адам Қодар-Қамқа оқиғасының шын мәнін, сол кезеңдік астарын бірден байыптауға тиісті. Ендеше осылай талдау жасасақ романдағы Құнанбайдың жауыз, қатал бейнесінің бір қабат пердесін алып тастап бағалауға тура келеді. Өзі аға сұлтан болса, өзі қажы болса, өзі қарадан шықса да бүкіл қазаққа билігін жүргізер хан болса елден кеткен имансыздарға тиым салмасқа не шара. Ел арасының бір тентегін тыймаса Құнанбай аға сұлтан болар ма еді?! Автор мұнда Құнанбай бейнесін сомдауда кедей таптан шыққан Қодар күнәсін қалқалап, бар қылмысты жер дауының себебіне салып Құнанбайға итермелеуі де осыдан. Романның тарихи шындығына бойлай отырып, осы даудағы Құнанбай ауылында болған игі жақсылықтар кеңесіндегі үзінділерге үңіліп көрейік:
Қодар сұмның қылығы сырт елдің алдында менің бетіме салық болса, осы елге, өз келеңе келгенде осы отырған бәрімізге салық. Мынау отырған сіздерге салық. (Құнанбай сөзінен)
Ендеше өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа ел көрмеген жаза керек. (Құнанбай сөзінен)
Сұмдық екені рас. Ұл - қызыңның басына бермесін, шын болғанда кәпір қауымында кететін іс қой бұл. ( Қаратайдың сөзінен)
Ей, сүйіндіндік, албасты да қабаққа қарай басатын, қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса ібіліс, жын иектемей нетеді?Адал десек, аман десек жан берейік, ақтайық. Ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ, менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң жаныңды бересің, беремісің жаныңды?
Қара деп жазалаған күнде мұның жазасы не болмақ? (Байсал сөзі).
Жазасы- шариғат жолы. Шариғат не бұйырса сол болады. Мұндай сұмдыққа қазақ айтқан жол жоқ. Кесегін де айтпапты.( Құнанбайдың сөзі)
Мына Жұмабай қалаға барып Ахмет қазіреттен фатуа сұрап келді. Жазасы дарға асу депті.( Құнанбай сөзі)
Оны бауыр дегеннің бауыры езілсін! Шариғатпен шарпыспақпыз ба? Қодар емес, құтпаным болсын, қайтпасын да танбасын. (Құнанбай сөзінен)
Міне, қызыл тілге жүйрік шешен, бар ісінде шариғат заңымен байлам жасайтын Құнанбай осы байламға келеді. Әрине, шығармада Құнанбайдан жағымсыз бейне жасау үшін шын болған оқиғамен біраз алшақ болуы әбден мүмкін. Дегенмен де, автор шығармада халық дәстүрін, қазақ заңының арғы түбінде шариғат заңдарының жатқандығын түсіндіре кеткендігі де болар.
Енді осы туралы құран сүрелерінде айтылған үкімдерге назар салып көрейік:
Нұр сүресінің 2-аятында "Зинақор әйел мен ердің әрбіріне жүзден дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер, жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндердің бір топ адамы көріп тұрсын!"-делінген. Осы аяттың талдауында бұл үкім бойдақ және тұл немесе жесір (яғни отбасысыз) зинашылардың жазасы. Егер отбасылық еркек және әйел зинақорлық жасаса, олардың жазасы - тас атқылап өлтіру деп айтылған және Нұр сүресінің 4-аятында "Абыройлы әйелдерге зина жазасын жапсырғандар, кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. "Олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бұзықтар"-деп жалақор қылмысы үшін де жаза белгіленген. Сондай-ақ Ниса сүресінің 6-аятында "Сендер зина қылған екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. Негізінен Алла тәубені қабыл етуші ерекше мейірімді "-деп айтылған. Құран Кәрім қылмыстық құқыққа қатысты бірқатар аяттарында діннен бас тарту, басқыншылық, көтеріліс, ұрлық, зинақорлық, дәлелдеусіз зинақорлықты байыптау- жалақорлық бұл ауыр күнәлардың қатарынан.
Ендігі мәселе Абай жолындағы мешіт, имам, дін туралы тексте Сармолланың қазасын былай баяндайды:
Сармолладай қасиетті, шарапатты ұстаз дамоланы халық өлтіріпті. Обадай бәлекеттен қала халқы құтқарудың жолы бір жақсы адамды құтқару екен. Шариғат хәкімі бұндай өліммен өлген адамды шаһид бара-барына санайды. Өлтірушілерді айыпкер етіп, күнәһар демейді. Себебі теңізде қатты дауыл тұрып, ауыр толқын ұрып, халық толық кеме ғарып болатын шаққа жетсе, сол кемедегі бір жақсы адамды суға атып, көп үшін құрбан етіп, қазадан құтылу ғайып емес. Бұл жөнінде бағы замандар ғұламалары, шариғат жолында лайықты етіп, жазып кеткендері бар. Қазіргі Сармолланың қазасында оның аға-қарындас, дос-жарандары - барша шәкірттері солай түсінсін. Болмаса мәйіттің шахит дағуасында жаназасын шығаруда, бар күнәдан пәк болып, қадіралланың дидарына зазар келтіреді, гүмән қалдырады. Осы хал есте болсын! делінген. Сол сөзбен ілесе және де мешіт маңында махалла халқының бір хабардан соң бір хабар кетті. Жұртқа ақыл, сабыр ойлатпай есеңгіретіп тағы бір пәтуа айтысыпты.
Сармолла мұсылман қауымы үшін де қаза болып қан төккендіктен, анық шаһид деп танылады. Өзі сол қаза болған қалпында үстіндегі бар киімі қанымен, жуылмаған жарасымен қойылады. Тәңір тағаланың дәргәһына сол күйде сапар шегеді! десіпті.
Сармолланы өлтіріп, жаулары оны шаһид деп дауға берісті. Бар қылмыстың артын, болар өртін сәлделерімен, таспиғ ұстаған қолдары мен сипалап өшіріп жатыр. Бас мешіттің имам, қалпе, қари, мәзін шәкірттерінің ендігі әрекеттері осылай. Олар таңертең қоршалап, жаңағы жайларды Сармолланың момын әйеліне, аңқау, таза қыздарына көп ұғындырып түсіндіріп жатты.
Сармолланың кішкене үйін, қақпасы мен есіктерін, тіпті, арық тарлан аты тұрған ат қорасын, үй айналасын молдалар қоршап алды. Шәһит деген, жаны жаннатта деген сөздерді көп айтып, жылаған әйелдердің үндерін өшіре сөйлейді.
- Жыламаңдар, ғазиз бәндалар, құдаға қарсылық білдірмеңдер. Бұл қазаға өзгеше сабыр керек.
- Құданың ең сүйген құлы шаһит болады.
- Мұндай өліммен өлгеннің арманы жоқ.
- Жыласа, наразы болып мәйіттің көр ғазабын ауырлатады! - деген сөздері кірген-шыққан шақтарында қалпелер әдейілеп айтады.
Бұл жердегі мәселе адам өлімі, бидғат яғни дінге жаңалық енгізу, дін бұзарлық дүмше молдалық, білімсіздік.
Дін адамға қарсы жасалатын кез келген дұшпандықты қылмыс деп біледі, оны қорлауды үлкен күнәға жатқызады.Адам өлтіруді халал, рұқсат етілген іс деп есептеген жан лағынетке ұшырап, тозақ отында мәңгі қалады.
Адам жанының амндығын қорғау мақсатында асыл дініміз ауыр қылмыстың осы бір түрін қоғамға дендеп кетпеуі үшін оның келуі ықтимал кез келген жолдары мен саңылауларына тегеурінді тосқауыл қойды.


2.3 Ғабит Мүсірепов шығармаларынан
Ғабит Мүсірепов өз шығармаларында дін мәселесін көп қозғаған. Шығармаларында шариғатымызға қайшы саналатын көре алмаушылық, өсек, ғайбат, тәкаппарлық, надандық, намазға деген салғырттық сияқты дүниелер көп кезігеді. Соның бірі - күншілдік пен көре алмаушылық.
Жұман көштің алдына түсіп алып, қайтсем Игіліктің жанына қаттырақ батырар екемін деп келе жатыр еді...Жұман күйініп кетті. Аузына Игілікке айтар қарғыс та түспей қалды...
Пайғамбар (с.а.у) жақсылықты үміт етуді жақсы көретін және жаман күмән етуді жақтырмайтын еді. Абу Һурайра риуаят етеді, Пайғамбар (с.а.у) айтты: Бір-бірлеріңізді жек көрмеңіздер, бір-бірлеріңізге көре алмаушылық істемеңіздер, сауда бағасын бір-бірлеріңізден асырмаңыздар, Аллаһтың дос пенделері болыңыздар.
Ислам діні жеке адам құқығына ерекше мән бергендіктен оның ар- намысын қорғауға басты назар аударған. Ар-намыс - жеке тұлға кісілігінің негізгі тірегі. Ал, ғайбаттау -жеке адам құқығына қол сұққанмен бірдей.
Өсек, ғайбат жайлы тоқталар болсақ: ғайбат сөйлеу-іштей іріп-шіру. Ғайбаттың сөздік мағынасы-біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуы ғайбат делінеді. Пайғамбарымыз ғайбаттың не екенін ұқтыру үшін айналасындағылардан: Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме? деп сұрайды. Олар Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі деп сөзді өз аузына салады. Сонда Пайғамбарымыз: Араларыңыздағы біреуіңіздің ұнамайтын сөздермен өз бауыры жайлы сыртынан айтуы дегенде: Егер ол айтқандарымыз оның бойында бар болса, бұл да ғайбат бола ма?-дейді бір кісі топ ішінен. Сол кезде жамандықты жан дүниесімен жақтырмайтын аса сезімтал Пайғамбарымыз (с.а.с) : Егер айтқандарыңның бойында расында бар болса, онда оны ғайбаттаған боласың, егер ол сипаттар онда жоқ болса, онда оған жала жапқан боласың,-деп қалай болғанда да тілді ғайбаттан сақтау керектігін ұқтырған болатын. Демек, ғайбат-ғайбатталған адам сол жерде болып, өзі жайлы айтылғандарды құлағымен естісе ренжитіндей сыртынан айтылған сөздер. Егер ол айтқандары дұрыс болған күннің өзінде, ол-ғайбат болып саналады. Ал егер айтылған нәрселер оның бойында болмаса-әрі ғайбат, әрі жала болып, күнә үстіне күнә жамалмақ.
Құдай жаратқан тас көмірді құдай жаратқан суыр қазып шығарса, құдай жаратқан суырды құдай жаратқан итіне індетіпБайжанның баласы ұстап алса, бұл көмірдің құдай бұйырып қойған иесі көкең болатын шығар!.. - деп, Байжекең жұртқа жар салды.
Жартылыстың түп мәні - мәні Аллаһ тағаланы танып, Оның шексіз құдіретін баян еткен барша ақиқи ілімдердің тізгінін ұстау. Бәрін де жаратушы алла. Сондықтан да осы үзінді де тектен тек құдай жаратқан деп бекер айтылмаған.
Алласының осындай сипаттарынан хабарсыз Жұбай жеңгей құдық басында сол ұлы жаратушының өзін сіілейте қарғап жүр. Именер де, ығысар да емес. Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.
-Қу құдай, шұнақ құдай, саңырау құдай, құрығыр құдай!..
Бұл үзінді де білімсіздіктен туған надандық. Себебі жаратушы алланы бұлайша балағаттау-көрсоқырлық.
Байжан өз үйінде, төр алдында кешкі намазын оқып жатыр. Аты намаз демесек, Байжекеңнің көңілінде де онша көп құлшылығыбары байқалмайды. Сырттан әйелінің ашынған даусын естігенде Байжекең намаз үсті деген жоқ:
-А, сволоч қатын, бірдемені бүлдірдің-ау! - деп қалды...Ширақ аяңдап құдықтан қайтқан аттардың терезе алдынан өткендегі тықырын естігенде, Байжекең Омбыда Ушаков жектіріп берген үлкен қара аттың енді өз малы болып кеткенін есіне алды. Намаз үсті деген жоқ, Ушаков кәпір де болса, мұсылманнан артық деп ойлады.Осындай нәрселер ойын бөле бергеннен намаздың неше басын оқығанын да ұмытып қалды.
Үйге асығып-аптығып кірген екі жас бала әкелерінің намаз үстінде екеніне қарамай:
- Әке, кіші апам келе жатыр, кіші апам! - десті қуанған дауыспен, қатар шуласып.
Басын жерге қоя берген Байжекең маңдайын жайнамазға тигізе беріп, жұлып алды да, балаларына бұрылып:
- Апаңды үйге шақыр, от жақсын! - деді де жайнамазға қарай қайта еңкейді. Намаз деген сақалға салынатын бір салық қой, - деп қалжыңдайтын Байжекең, оның қалай оқылғанына да мән бермейтін еді.
Исламның екінші рүкіні - намаз. Кімде-кім намазға сақ болса - дініне сақ болғаны.
Намаз адамға барлық дүние-ақыреттік істеріне жәрдем болады. Өйткені Аллаһ тағала бізге намазбен және сабырлылықпен жәрдем тілеуімізді бұйырып:
Ей, иман келтіргендер, сабырлылықпен және намазбен Аллаһтан жәрдем тілеңдер! Расында Аллаһ сабыр етушілермен бірге - деді.

3. Дін тақырыбының бүгінгі көріністері
Иншаллаһ, еліміз бүгінде еңкейіп кірер Ақордасы бар, шалқарып қарар шайдай ашық аспан астындағы азат ел. Бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен мұраға қалдырған кең-байтақ даламыздың шекарасын белгіледік. Сырттан келер дұшрпанның тісі батпағанымен, астыртын жүрген ісі қоғамда сан түрлі қайшылық тудыруда. Баяғыда мұсылман, кәпір деп қана бөлінген қазақтың бұл күнде бірі - вахаб, бірі - салафи, бірі - кришнайд. Сан түрлі ағымның соңына ерген халық қайсысын таңдарын да түсінбейді. Аңқау елге арамза молда болған бұл шақта әдебиет майданында мандытып жазғандар жоқтың қасы. Осы бір шақта ұлт деп ұрандап, жұрт деп жұлқынып жүрген азаматтардың ойына дініміз - діліміз екенін ескертсек дейміз.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Қазіргі қазақ әңгімесіндегі өмір мен өлім концептісі (анатомиялық сарын) де қазіргі прозада басты назар аударатын сала болып отыр. Себебі, соңғы кезде көптеген қаламгерлер өлім тақырыбын (суицидті) өз шығармаларына арқау етіп алуы жиі кездеседі. Өмір сүре білу - әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уқытша қиындықтар мен ауырпашылықтарды көтере алмай, өзіне-өзі қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.
Исламда өз-өзіне қол салу- үлкен күнә. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) " Кім өзін темірмен жарып өлтірсе, темір ішіне қадалған күйі тозаққа кіреді. Ал, кім у ішіп өлсе, жаһаннамда мәңгі сол уды ішеді, кім жардан өзін тастап жан тапсырса, тозақтың түбіне мәңгілікке тасталады,"- дейді.
Қазіргі прозадағы өлім тақырыбында жазған шығармалардың қатарына Т.Нұрмағанбетовтың " Күнді жек көру" әңгімесін алуға болады. Осы заманғы фон. Әңгімеде исламға шет суицид тақырыбы сеңдей сіресіп тұр. Авторлық тұжырымдама бойынша мынау Бекбай - қазақ ұлтының бейнесі. Амал жоқ, солай деуге тура келеді. Өз ұлтын неге сонша қаралайды? Автор сонда қазақтың болашағын солай көре ме? Бекбайда жан жоқ сияқты, қуыршақ. Баласын құтқарушы періште көретіні де аса сендірмейді. "Бекбай өз әйелінен өзі шошып жүрді. " Мынау - енді отбасы деуге ауыз бармайтын хал. Бекбай еркек па жоқ па? Неге сонша жігерсіз, бос белбеу? Қазақтың бәрі сондай ма? Автордың айтпағы не? Әңгіме соңында да автор біраз үміт шоғын қыздырғанымен, "Бекбай күнді жек көріп кетті"деуі арқылы сол әлсіз үміттің күл-талқанын шығарады. Бұл ненің белгісі? Қазақ прозасын шарттылық жайлап алды. Жаны жоқ құр дүниелерді көп қаузайды. Соның кесірінен көркем сөз қорланып жатыр. Жақсылықты емес, жамандықты шегіне апарып тірнектейді. Жазушының миссиясы төмендеп кетті. Бекбай шартты кейіпкер болғандықтан, ол туралы тұшынып сөз айту - қиынның қиыны. Тірінің белгісі жоқ. Суға кеткен тал қармайды дейтіндей ештеңе табылмайтыны ұлтқа жабылған жала тәрізді ауыр әсері бар.
Д.Амантай Мен сізді сағынып жүрмін атты повесінде өлім мен өмір концептісін негізгі арқау етіп алған. Қаламгер кейіпкерінің ой ағымын күйінішке толы ауыр мұңның текетіресі арқылы пайымдалған. Ар тазалығын ой мен жады тазалығымен қатар қойып, пенде атаулы жүрексінетін мәңгілік бар- шындық үшін, кейіпкер өзін жазым етіп отыр. Автор шеберлігінің өз кейіпкерінің суицидтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Лирикалық проза жайлы
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Оралхан Бөкеевтің шығармаларына талдау
Жазушының шығармаларынан ұлттық танымның ашылу ерекшелігіне зер салу
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі
Пәндер