Сырдария



Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Сырдария -- Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta (Үлкен маржан) деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен Сейхун (سيحون) деп аталған. Амудария өзені болса Жейхун деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде Дария деп атайды.
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата (Ең алыстағы Александрия) деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.
Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы -- 28 км³ ғана, бұл Амударияның теңізге құятын суының жартысына тең. [[1]]
Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжант, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.
Өзендер мен көлдер құрғақ климатты Оңтүстік аймақтың тіршілік көзі болып есептеледі. Қай кезде де адамдар суға жақын қоныстанды, су тек сусын не тамақ ғана емес, таусылмас қуаттың көзі ретінде өсімдіктер мен егіс даласын суаруға пайдаланды. Жібек жолымен жүріп өткен бай керуендер де су бойымен қозқалды.
Сырдария өзені
Сырдария өзені - Орта Азиядағы аса ірі су жолының күре тамыры. Ертеде Яксарт деп аталып, кейін оны арабтар Сейхун деп атаған. Сырдария өзінің бастауын Теріскей Алатауы жоталарындағы көлдер мен мұздықтардан алып, Арал теңізіне құяды, ұзындығы 2863 км, оның 430 км Оңтүстік Қазақстан жерінен өтеді. Қызылқұммен шектесетін Шардара сахарасын басып өтіп, Оңтүстіктен солтүстік-батысқа қарай ағады. Сырдарияға Арыс, Бөген, Келес, Қырықкелес, т.б. Қаратау баурайларынан бастау алатын майда өзендер құяды.
Сырдария жағасында қалың жыңғыл тоғайы өседі. Қамыс арасында қырғауыл, қабан, шағал, жабайы мысық, ондатра, қаз бен үйректер, қасқалдақтар өмір сүреді. Дария жағасындағы жайылған суаттарда көптеген балықтар - лақа, жылан балық, сазан, көксерке, табан балық бар. Сырдария Оңтүстік Қазақстан облысындағы аңшылық пен балық шаруашылығын өрістетіп, туризмді дамытуда ерекше орын алады.
Су ағынын реттеп, жерді суару мен суландыруда Шардара су қоймасы мен гидроузелінің орны ерекше. Өзен жағасынан шалғай жатқан шөл далаларға магистаральды каналдар тартылып, судан таршылық көрмеген егіс даласы күріш пен мақтадан, жүгері мен түрлі бақша дақылдарынан мол өнім беруде. Суландырылған далада миллиондаған отар мал ел ырысын арттыруда. Қазақстанда ауыл шаруашылығына көмекке келген дәл Сырдариядай өзен жоқ деуге болады, оның үстіне Сырдария ондаған миллион квт-сағат электр энергиясын беруге де қуатты.

Су тасқыны кезеңінде Қарағанды облысында, көп жылдар бойы бақылау мәліметтеріне және алдын ала болжам есептерге сәйкес, жартылай немесе толығымен 15510 адам санымен 63 елдімекенді су алуы мүмкін. Су алу аймағына шаруа қожалықтары, теміржол және автожол көпірлері, авто және темір жолдарының телімдері түседі.
Ең қауіпті су алу жағдайы Бұқар жырау, Осакаров, Абай, Нұра, Шет және Қарқаралы аудандарында болуы мүмкін, өйткені көктемде қар ери бастаған кезде өзендердің суы 15 см бастап 3 м дейін көтеріледі және төмен тұрған телімдерге 0,5 бастап 3 км дейін жайылады.
Қарағанды облысында су тасқыны әр түрлі өтеді. Бәрі ауа райына байланысты болады: су тасқыны білінбей жай өтуі мүмкін, ал кейде апатқа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар аз емес. 2004 жылы Жезқазған аймағында, Шет және Бұқар жырау аудандарында еріген судың тасуы, Самарқанд су қоймасы бөгетінің жарылуы және т.б., сонымен қатар уақытында өткізілген алдын алу шаралары су алу апатының салдарын әжептәуір жеңілдетеді.
Адамдарда су алу апатымен күресудің тәжірибесі жиналып қалды. Бірақ, өкінішке орай, көктемгі су тасқыны кезеңінде адамдардың бақытсыз оқиғаға ұшырау жағдайлары жиі болады, өйткені олар абай болудың қарапайым ережелерін ұстанбайды, бар тәжірибесін қолданбайды.
2007 ж. үлкен су тасқыны болған жоқ, бірақ көктем маусымында адамдардың қайтыс болу жағдайлары кездесті: 2007 ж. 8 сәуірде Бұқар жырау ауданы Асыл бөлімшесінде, Шахан-Молодецкий автожолының еріген қардың суы қарқынды өтетін құбырға 10 жастағы бала құлап батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары жүргізілді. Ұл баланың денесі 4 күн өткеннен кейін ғана табылды.
2007 ж. 12 сәуірде Ұлытау ауданында (Қаракеңгір селолық округі) Қаракеңгір өзенінен мұздың үстінен өткен кезде 1968 жылы туған жергілікті тұрғын суға батып кеткен. Іздеу-сүңгуір жұмыстары 10 күн жүргізілді. 2007 ж. 22 сәуірде жергілікті атқару органдарымен және оның туған-туысқандарымен келісу бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылды.
2007 ж. 13 сәуірде Нұра ауданының Жанбөбек-Баршын автожолында 5 жолаушысы бар автокөлік суға толып тұрған терең жарға түсіп кеткен. Барлық жолаушылар қайтыс болды.
Тұрғын үйлерді, өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілерді, темір жолдарды, автожолдарды, басқада инженерлік үймереттерді су алуын және адамдардың қайтыс болуын болдырмау мақсатында, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар іс-шараларды өткізуге міндетті:
- Облыстың аудандарда, қалаларда және қызметтерде ТЖ жөнінде штабтар және комиссиялар құру керек;
- Су тасқыны маусымындағы төтенше жағдайларды жою жоспарларын түзету;
- Тұрғындарды көшіру үшін уақытша резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, малды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын түзету;
- Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су өтетін арналарды және каналдарды тазарту, мехнаизмдерді және су өткізетін құрылғыларды жөндеу;
- Су алуы мүмкін аймақтардан және телімдерден еріген сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру;
- Су алуы мүмкін аумақтарды алдын ала себу керек;
- Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.
Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:
- Көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды;
- Апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек;
- Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек;
- Өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, каналдардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды;
- Құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі түбектерге баруға болмайды;
- Жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың үстімен өтуге болмайды;
- Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауға тыйым салыңыз;
- Балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.
Егер Сіз өзеннің алай-дүлей көтерілген толқынында қаза болғыңыз келмесе, көктемнің су тасқыны нәтижесінде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз келмесе, қазір қажетті шараларды қолданыңыз.
Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек
Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.
Кенеттен су басса:
- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;
- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;
- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда - үй шатырының қырына шығу керек;
- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
Су қайтқаннан кейін:
- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;
- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);
- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;
- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;
- қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;
- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;
- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Астана. 27 ақпан. Baq.kz - Биылғы жылы Сырдариядағы сеңнің қозғалысы Қызылорда қаласына қауіп төндірген жоқ. Мамандар мұның негізгі себебі дариядағы су мөлшері жылдағыдан аз болғандығынан деп отыр.
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітовтің айтуынша, бүгінгі күні сең қаладан 200 шақырым қашықтықта Қармақшы ауданы жерінде өз арнасымен көшіп барады. Ауа райы жыли беретін болса, наурыз айында теңізге құюы тиіс дейді ол.
Бүгінгі күні Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасында 7,2 млрд. текше метр су тұр. Одан төмен қарай секундына 519 текше метр су ағып жатыр. Ал біздің бас су қоймамыз - Шардарадағы судың мөлшері 3 млрд. 968 млн. текше метрді құрайды. Оған жоғарыдан секундына 1236 текше метр су келіп құйылып жатқанын ескерсек, таяу уақытта Шардара қажетті мөлшердегі суын жинап бітеді. Бас су қоймасынан төмен қарай секундына 500 текше метр су жіберіліп жатыр. Оның 400 текше метрін Көксарай су реттегіші қабылдап алса, қалғаны дария бойымен төмен ағып жатыр. Көксарайдағы қазіргі су көлемі 1,862 млрд. текше метрге жеткен. Сондай-ақ дарияға Арыс өзенінен 47 текше метр су қосылуда.
Қызылорда су торабынан секундына 168 текше метр су өтіп жатыр. Мамандардың есебінше, биылғы көктемгі егістікке су жеткілікті болуы тиіс.
Гидротехникалық құрылыс -- 1) су ресурсын тікелей пайдалануға, сондай-ақ су апатына қарсы күресуге арналған құрылыс. Гидротехникалық құрылыс жалпы (су бөгегіш су жүретін, су іркуіш, су қашыртқы және су реттегіш құрылыстар қашыртқы) және арнаулы болып ажыратылады.
Су бөгегіш құрылыстар құрылыстың су ағынының алдыңғы және артқы жақтарының арасында қысым не су деңгейі айырмашылығын жасайды. Мұндай құрылыстарға Шу өзеніндегі Тасөткел (су бөгенінің сыйымдылығы 620 млн. м[3]), Арыс өзеніндегі бөген (су бөгенінің сыйымдылығы 370 млн. м[3]), Іле өзеніндегі Қапшағай (су бөгенінің сыйымдылығы 28 млрд. м[3]) және т.б. бөгеттер жатады. Республикада 32 ірі, 200 орта және ұсақ бөгендер салынған (барлығының жалпы сыйымдылығы 110 млрд. м[3]).
Су жүретін құрылыстарға каналдар, гидротехникалық туннельдер, науалар, құбырлар жатады. Республикада Ертіс -- Қарағанды, Қызылорда тұсындағы Сырдарияның сол жақ жағалауы, Арыс -- Түркістан, Үлкен Шу, Орал-Көшім, Үлкен Алматы және т.б. ірі каналдар бар. 60-тан астам магистральдық (ірі) каналдың су шығыны 10 -- 200 м[3]с аралығында, ал ұзындығы 20 км-ден 500 км-ге дейін жетеді. Реттегіш гидротехникалық құрылыс су ағысын өзгертіп отыруға арналған. Бұл өзен арнасы мен жағасын шайылудан, сеңнің зиянды әсерлерінен сақтайды. Мұндай құрылыстар Жайық, Іле, Ертіс өзендерінде бар. Су іркуіш (қабылдағыш) құрылыстар су көздерінен (өзен, көл) алынған суды құбырларға бағыттай отырып, тұтынушыларға жеткізеді. Республикадағы ірі су іркуіш құрылыстар Шелек, Талғар, Көксу, Тентек, Талас, Шу, Ақсу және т.б. өзендерге салынған. 40-тан астам су іркуіш құрылыстың су шығыны 500 -- 5000 м³с аралығылда. Су қашыртқы құрылыстар бөгендегі, каналдағы, қысым бассейніндегі артық суды қажетті жаққа бағыттайды. Елімізде олар негізінен су бөгеу және су ірку құрылыстарының құрамына енеді. Арнаулы гидротехникалық құрылысқа су электр станциясы (СЭС) мен қысым бассейнінің ғимараттары, су көлігі, сондай-ақ порттық, мелиорациялық және балық шаруашылығы құрылыстары және т.б. жатады. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма және Шүлбі СЭС-тері, Алматы СЭС-і каскады (қысымы 560 м), Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-і және т.б. осындай объектілер болып табылады. Су шаруашылығы шараларын жүзеге асыру үшін гидротехникалық құрылыстар бір кешенге біріктіріледі. Оны гидротехникалық құрылыс тораптары немесе су тораптары деп атайды;
2) гидротехникалық құрылыстар: өзендегі, көлдегі, жер бетіндегі, жер астындағы гидротехникалық құрылыс деп, су шаруашылығы саласына сәйкес гидротехникалық құрылыс болып бөлінеді.
Су шаруашылық саласына сәйкес гидротехникалық құрылыс су энергетикалық, мелиорациялық, су көліктік, балық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету, канализация және спорттық мақсаттағы құрылыстар болып бөлінеді. Гидротехникалық құрылыс жалпы гидротехникалық құрылыс және арнаулы гидротехникалық құрылыс болып та ажыратылады. Жалпы гидротехникалық құрылысына су бөгегіш және су жүретін құрылыстар, су реттегіштер, су қабылдағыштар жатады. Су бөгегіш құрылыстардың ең маңызды, әрі көп тараған түрі -- бөгет. Ол өзен ағысы мен өзен арнасын бөгеп, су деңгейін көтерумен бірге өзен жағасын сең мен су тасқынынан, сол сияқты теңіз-көлдердің жағалауындағы елді мекендерді судың көтерілуі мен теңіз дауылына байланысты болатын зардаптардан қорғайды. Су жүретін құрылыстарға каналдар, гидротехникалық туннельдер, құбырлар жатады. Бұлардың кейбіреуі (мысалы, канал) қатынас жолдарын қиып өтетіндіктен және пайдалану қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін тарнау, дюкер, көпір, салдық өткел секілді құрылыс салуды қажет етеді. Реттегіш гидротехникалық құрылыс су жүргісін өзгертіп отыруға арналған. Бұл өзен арнасы мен жағасын шайылудан, сеңнің зиянды әсерлерінен сақтайды. Өзендегі суды реттеу кезінде ағын бағыттауыш қондырғылар (жартылай бөгеттер, гидротехникалық қалқандар, бөгеттер т.б.), өзен кемерін бекітетін құрылыстар, сең бағыттауыштар мен ұстағыш (қармаушы) құрылыстар пайдаланылады. Су қабылдағыш құрылыстар өзен-көл суын су құбырларына бағыттайды, оны тұтынушыларға жеткізіп отырады. Су қашыртқы құрылыстар бөгендер мен каналдардағы, әуіздердегі т.б. артық суды басқа жаққа бағыттап отырады. Олар суқоймаларын толық не жартылай босатуға мүмкіндік беретін су арналы, су жағалық, су бетіндегі, су астындағы құрылыстар түрінде салынады. Сыртқа шығарылатын судың мөлшерін реттеу үшін суқашыртқы құрылыстар гидротехникалық жапқыштармен жабдықталады. Аз мөлшерлі су ағызып шығару ашық және сифонды су шығарғыштар арқылы іске асырылады. Арнаулы гидротехникалық құрылыстарға СЭС-ның, арынды әуіздің т.б. имараттары жатады. Оған су көліктік құрылыстар (шлюздер, су көтергіштер, маяктар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің гидрологиялық режиміне анторпогенді факторлардың әсерін зерттеу
Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Сырдария суының химиялық құрамын қалыптастырушы табиғи факторлар
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Сырдария суының химиялық құрамы
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
Тасқын сулармен күрес
Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері
Пәндер