Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі



Жалпы тіл білімі – тіл туралы ғылымның өткен жолын, тарихын, бағыт-бағдарын, әдістерін белгілейтін жалпы теориялық пән. Біздің жыл санауысыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің,шумерлердің т.б Шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің,шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманымызға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән. Тіл білімі тарихын әр түрлі кезеңдерге бөлеміз. Олар: 1.Көне дәуір тіл білімі. 2.Көне грек-рим тіл білімі. 3.Көне қытай тіл білімі. 4.Көне үнді тіл білімі. 5.Көне араб тіл білімі 6.Көне түркі тіл білімі. 7.Орта ғасыр тіл білімі. 8. Қайта өрлеу дәуірі тіл білімі.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
1. Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. Жалпы тіл білімі - тіл туралы ғылымның өткен жолын, тарихын, бағыт-бағдарын, әдістерін белгілейтін жалпы теориялық пән. Біздің жыл санауысыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің,шумерлердің т.б Шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің,шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманымызға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән. Тіл білімі тарихын әр түрлі кезеңдерге бөлеміз. Олар: 1.Көне дәуір тіл білімі. 2.Көне грек-рим тіл білімі. 3.Көне қытай тіл білімі. 4.Көне үнді тіл білімі. 5.Көне араб тіл білімі 6.Көне түркі тіл білімі. 7.Орта ғасыр тіл білімі. 8. Қайта өрлеу дәуірі тіл білімі.
2. Көне дәуір тіл білімі. Тіл білімінің өз алдына жеке ғылым, ғылымның теориялық саласы болып қалыптасуы ХІХ ғасырдың бас кезі. Алайда дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге көне замандардың өзінде-ақ талпыныстар болған. Б.з.д. 5-6 мың жылдықта египеттіктердің, шумерлердің, яғни шығыс халықтарының жазулары болған. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған деректердің ең байырғысы - көне Үнді мен Греция, көне араб, көне түркі тілдеріне тән. Яғни, жеке тілдер жөніндегі ғылым көне уақыттардан бері болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Ал жалпы алғанда,тілдер сан жағынан қаншалықты көп және құрылымы жағынан алуан түрлі болғанымен, олардың бір-біріне ұқсас, бәріне тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады. Мысалы, тілдердің бәрі де адамдардың өзара қарым-қатынас жасау құралы, тілдердің қай-қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық тұлға, сөйлем болады; тіл атаулының, тілдік элементтердің қай-қайсысы да бірқалыпты болмайды, өзгеріске ұшырап дамып отырады. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы - тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір біріне жақын, ұқсас болуынан. Көне дәуір тіл білімінде ерекше екі күрделі мәселе болған. Оның бірі - атау,ат қою, екіншісі - грамматикалық өнер мәселесі. Заттарға, құбылыстарға, оқмғаларға қойылған аттардың кайдан, калай пайда болғандығын, ол атаулардың дұрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сөз етушілер философтар болған және бұл мәселені олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерлерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге келіп отырған. Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған.
3. Көне грек-рим тіл білімі. Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны - Греция. Тіл мәселелеріне байланысты жазба материалдар V ғасырдан басталады. Грек тіл білімі Гомердің "Илиадасы" мен "Одиссея" тілін зерттеуден басталған. Греция тіл білімі екі кезеңге бөлінеді: І - философиялық, ІІ филологиялық дәуір деп аталады. Философиялық кезеңдегі философтар тіл мәселелерін философия тұрғысынан сөз етті. Тілді философияның ажырамас бөлігі деп есептеді, негізінен үш мәселе қаралды: 1. Зат пен оның атауы арасында қандай байланыс бар? 2. Тіл қалай және қайдан пайда болды? 3. Грамматика жөніндегі мәселелер. Зат пен оның атауы арасында байланысқа қатысты грек философтары екі топқа бөлінді: І топ "Атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, құдай жаратқан" десе (Гераклит), ІІ топ оған қарсы:" Зат пен оның атауы арасында еш байланыс жоқ " дейді (Демокрит). Тілдің шығуы жөнінде грек философтарфнфң бір тобы: "Тілді дыбысқа еліктеуден шыққан" десе (Платон), ІІ тобы: "Тіл ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан" дейді (Демокрит). Тіл білімінде мұның І-сі - "Дыбысқа еліктеу теориясы" деп, ал соңғысы - "Келісім теориясы" деп аталады. Грек философтары грамматиканы логикалық категория ретінде түсіндірді, мыс., Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп бөлсе, Аристотель оны есім, етістік, жалғаулық деп үш топқа бөледі. Филологиялық деп аталатын ІІ дәуір кейде эллинизм делінеді. Басты ерекшелігі - грамматикалық ілімнің философия мен логиканың ықпалынан босанып, өз алдына дербес пән ретінде қаралуы. Тіл білімі тарихында грамматистердің "Александриялық мектебі" аталатын бағыт та осы дәуірде қалыптасты. Өкілдері: Аристрах, Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (б.з.д. ІІ ғ.). Фракийский грек тілінің грамматикасын жазды. Александриялық мектептің атасы Аристрах сөздерді есім, етістік, есімше, есімдік, үстеу, жалғаулық, предлог және артикль деп 8 топқа бөлді. Кемшіліктері: тілді философия, логика ғылымдарының бір саласы ретінде қарады; тілдік категорияларды логикалық категориялармен теңестірді; тілдің өзгеріс үстіндегі тарихи құбылыс екенін білмеді.
4. Көне қытай тіл білімі. Қытайдағы тіл білімі XIX ғ аяғына дейін басқа елдердің тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Қытайдың жазба ескерткіштері біздің заманнан XV ғ бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 ж арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі нормаға келтіріліп, 1.уставтық,2.жартылай уставтық,3. Жылдам жазу деп 3 стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген. Ежелгі Қытай тіл білімінің негізгі міндеті- тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі- қытайша Эрья деп аталатын сөздік.
5. Көне үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғ басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған Веда деп аталатын кітаптары болған. Бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі жинақ деп санаған. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингисттері Яски мен Панини жазған еңбектері арқылы біздің заманға жетті. Яски Веда тілінің 5 томдық сөздігін жасап түсінік берген адам. Панини Веда тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақта зерттеген. Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де әрқайсысының ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Ежелгі Үндістан тіл білімінде грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтіріле алған жоқ. Үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырған. Үндістан тіл білімі тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғ дейінгі көтеріле алмады,- деп жазады.
6. Көне араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары IV ғасырлардан басталады. Арабтар - тіл ғылымының дамуында да ерекше роль атқарды. Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі-халипат дәуірі деп аталатын VII-XII ғасырлар шамасы. Тілдің грамматикалық жүйесін сипаттауды араб лингвисттері үш түрлі мәселе арқылы жүргізді. Олар: сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын,жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін - Таджвид деп аталатын бөлімдер. Арабтар үнді,грек лингвистикасының табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударды. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар Сибавейхи жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Сибавейхи грамматика мәселесінде, әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздердң есім,етістік,жалғауыштар деп 3 топқа бөлген. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де көп жағдайда сөйлеу тілі нормасына сүйенді,соны зерттеді. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін,өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған Ал китаб деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы - лексикография. Арабтың бір ғана Ал Фирузабади деген лингвисті Хомус мұхит атты 60 томдық сөздік жасаған.
7. Көне түркі тіл білімі. Көне түркі тіл білімінің көрнекті өкілі - Махмұд Қашқари. Ол тіл білімі тарихында салыстыру әдісін алғаш рет қолданған. 1072-1074 жылдары Диуани лұғат ат түрік атты 3 томдық сөздік құрастырған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық,өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл - түркі тілдері жөніндегі ең тұңғыш, ең көлемді және ең терең мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік - лингвистика тарихында әр түрлі тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.
8. Орта ғасыр тіл білімі. Орта ғасыр- адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Европа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-V ғ арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамының құрыла бастаған кезеңі.ә) VI-X аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы.б) XI-XVI ғ аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта қайта өркендеу дәуірі деп аталатын кезең. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам,христиан діндерін жатқызуға болады. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын,тілін түсінбесе де жатқа біліп,құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады. Канондық тіл бірден бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халықтың өз ана тілі, сөйлеу тілі,теріс тіл, пендешілік тілі деп саналды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, қазақ халқы үшін канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі китабы - құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды. Грамматика мәселесімен қатар ежелгі дәуірден келе жатқан зат атауларының табиғаты жөніндегі мәселелер де ескерусіз қалмайды. Оны сөз етушілер бұл дәуірде де екі лагерьге бөлінеді. Оның бірі - реалистер, екіншісі - номиналистер деп аталады. Реалистер заттар жөніндегі жалпы ұғым - ақиқат, ол алғашқы, зат соңғы деген идеалистік бағытты ұстанады. Номиналистер керісінше, зат болмаса, ол туралы ұғым соңғы деген материалистік бағытты уағыздайды.
9. Қайта өрлеу дәуірі тіл білімі. Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өрлеу дәуірі XV-XVI ғ арасын қамтиды. Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың,буржуазиялық қоғамның басталған кезі. XVI ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан Қайта өрлеу деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өрлеу дәуірі - озық ойдың еркін дамуына кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Қайта өрлеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа,даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а)ұлттық тілдердің қалыптасып,дамуы ә)бұрын белгісіз,жаңадан ашылған тілдерді үйрену,зерттеу б)ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп,қайта дамыту болды. Қайта өрлеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек,рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж. Скалигердің 1540 жылы шыққан Латын тілінің негіздері туралы, Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан Латын тілі қазынасы және Грек тілі қазынасы, араб ғалымы П. Алкаланың Араб тілі грамматикасы 1505 жыл, Рапхлиннің Еврей тілі грамматикасы 1506 жылы атты еңбектерді атауға болады. Осылармен қатар XV-XVI ғасырлар ішінде испан, корей, ағылшын, француз,нидерланд, жапон, парсы,армян,венгер, мексикан тілдерінің грамматикалары шығарылды.

10. Батыс Еуропада ұлттық тілдер грамматикаларының пайда болуы
Батыс Еуропадағы Еуропа тіл білімі дәстүрі дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1) 6 -- 12 ғғ. арасы, бүл кезеңде латын мұралары меңгеріліп, схоластикалық логика пайда болды, грамматика оқу, жазу мақсатына кызмет ететін көмекші пән ретінде карастырылды; 2) 13 -- 14 ғғ. Арасы Кайта құру дәуірі кезен. Бұл кезеңде грамматика адамның ойлау табиғатын түсінуге жол ашатын философияның бір бөлігі болып орнықты. Грек және көне еврей тілдерінің грамматикалары жасалды; Қайта өрлеу дәуірі грамматистерінің бірі - Пьер де Раме (1515-1572) грек, латын, француз тілдерінің грамматикасын жазды. 3) 15 -- 16 ғғ. арасы немесе ренессанс кезеңі, бұл кезеңде ұлттық тілдерге қызығушылық артып, оларды "классикалық" тілдермен катар қоюға тырысты. Канондық мәтіндер халықтық әдеби тілдерге аударылып, ол тілдердің алғашқы грамматикалары жасалды;.Сөйтіп, ҮІІ-ХҮ ғасырлар аралығында иран, исланд, француз, испан, итальян, түркі, ағылшын, т.б. тілдердің грамматикалары жарық көрді. Сөйтіп, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын -ашуды көздеді. ХІҮ - ХҮІІ ғ. шыққан грамматикалардың барлығына сипаттамалық белгі тән болды. Ұлттық грамматика негізіне латын грамматикасының схемасы алынды, бірақ ұлттық тілдің грамматикалық ерекшеліктері бұл схема аумағынан шығып кетіп жатты. Бұл әр түрлі тілдің арнаулы ерекшеліктерінің анықталуына, грамматикалық теорияның дамуына игі әсер етті. Осылардың нәтижесінде ХҮП-ХҮШ ғасырларда жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты.

11. Ю. Скалигердің грамматикалық теориясы: ерекшелігі
ХVІ ғ. ірі лингвист Юлиус Цезарь Скалигер. Оның грамматикасы "О причинах латинского языка" (1540). Ол грамматиканың міндеттерін ономасиологиялық көзқарас тұрғысынан анықтауға тырысты. Барлық сөзді екіге бөлді: 1. Негізгі; 2. көмекші. Біріншісіне, атаулар мен етістіктерді, екіншіге, қалған сөз таптарын жатқызды. Ол қандай да бір сөзді сөз таптарының біріне жатқызу үшін мағыналық критерийді басшылыққа алды. Мысалы,ол "әке, шеше, үй қызметшісі" сөздері зат есім емес, сын есім деді. Бұл мәселені ол қатыстылық тұрғысынан түсіндірді: әке, шеше балаға тән, ал үй қызметшісі үй қожасына тәуеді деді. Мұнда біз формалдық критерийдің әсерінен мазмұндық классификациялық критерийді асыра бағалағанын көрдік.

12. Пор-Рояль грамматикасы: кемшіліктері.
Универсалды грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары - логик, философ, профессор Антуан Арно мен грамматист, филолог, профессор Клод Лансло екеуі бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль монастырының ғалымдары болғандықтан және сол монастырьдан шыққандықтан, оны "Пор-Рояль грамматикасы" деп те, "Рациональды жалпы грамматика" деп те атайды. Оның алға қойған мақсаты - барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу. Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған: біріншісі - берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы, екіншісі - ол ережелердің логикаға негізделуі
Кемшіліктері: логикалық категория мен тілдік категорияларды бір-бірінен ажыратпай, тең құбылыстар деп қарауы. Авторлар әр тілдің өзіндік грамматикасы деген болмайды, грамматика жалпы тілдік, универсалды болу керек, өйткені грамматикалық категориялар - логикалық категорияның көрсеткіштері, ал логика категориялары жеке ұлттық болмайды, жалпы адамзаттық болады дейді. Бұл тұжырымның қателігі мынада: логика категорияларының жалпы адамзаттық болатыны даусыз, бірақ тіл олай емес, ол жеке ұлттық, халықтық болады. Ойлау процесін, ой категориясын әр тіл өзінше көрсетеді Олай болатыны логикалық категория мен тілдік категориялар арасында елеулі өзгешеліктер болады, бұл екеуі арасына теңдік белгісін қою қате. Тілдік категориялар логикалық категорияларға қарағанда әлдеқайда өрісті, көп салалы. Әрине, тілдердің грамматикаларында ортақ үлгілер, универсалды сипаттар аз емес, бірақ оған қарап, дүниедегі барлық тілдерге ортақ, бәріне бірдей дәрежеде қолдануға болатын грамматика жасауға болмайды да.

13. Тіл философиясы
Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды.
14. Тілдің пайда болуы философиялық мәселе ретінде
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған дыбысқа еліктеу қағидасы бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) Одағай теориясы бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде сөздермен бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) Қоғамдық келісім теориясы бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде еңбек айқайы теориясы (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге адамды адам еткен факторларға енеді.

15. Натуралистер және конвенционалистер
Тіл философиясы көне ғасырдан бастап пайда болды. Осы кездегі басты мәселе - заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе. Платонға дейін Ежелгі Грекияда натуралистер мен конвенционалистердің арасында талас-тартыстар болған. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Натуралистер - Гераклит бастаған бір тобы - атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Конвенционалистер - Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.Грек философтары арасында болған бұл айтыс Платонның "Кратил" деп аталатын диалогі арқылы біздің дәуірге жетті.
16. Тілдің шығуы туралы теориялар мен көзқарастар: Г.Лейбниц, Д. Локк, Дидро, Ж-Ж. Руссо, И. Гердер, Р. Декарт, Ф. Бекон.
Тілдің шығуы туралы теория ХVІІІ ғ. Руссо, Дидро, Гердер ,Р. Декарт, Ф. Бекон еңбектерінде орын алды. Ж. Руссо тілдің шығу тегін әлеуметтік-қоғамдық келісім және тілдің эмоционалдық немесе еліктеу теорияларымен байланыстырады. Әлеуметтік-қоғамдық келісім теориясының мәні алғашқы адамның бірігуі, әртүрлі қауіптерден сақтануға талпынуы барысында инстинкті түрде дыбыс беруі, айғайлау, ымды қолдануы, бірақ ым адамдарға қараңғыда алыстан көрінбеуіне байланысты ыңғайлы болмады. Сондықтан ойды білдіру құралын іздеп, сөзді жалпы мағынада, яғни бір сөз тұтас бір сөйлемдерді береді деген пікір айтты. Руссо теориялары француз энциклопедисті Дидро тарапынан сынға ұшырады. Дидро тілдің коммуникативтік қызметін атап көрсетті. Тілдің қалыптасуына қоғамның негіз болатыны туралы материалистік көзқарастан идеалистік позицияға өтеді: "Қоғам қажеттілігі тілдің дамуына ықпал етті, бірақ адам тіл бергені үшін құдайға қарыздар", -деді. Ол тілдің шығуындағы еліктеу теориясымен келіспеді. Дыбысқа еліктеу теориясында Г.Лейбниц "Новые опыты о человеческом языке" еңбегінде табиғи дыбыстарға еліктеу теориясын ұсынды және тілдерді дыбысқа еліктеуден пайда болған "алғашқы тілдерге және солардың негізінде пайда болған қазіргі туынды" тілдерге бөлді. Неміс ғалымы И.Гердер "Тілдің шығу тегі туралы зерттеулер" еңбегінде тілдің шығуы мен тарихы ойлаумен тығыз байланысты екенін айтады. Адам объективті дүниеге наза тігіп, оның сипатын аңғарады, осы сипат белгілері арқылы нәрселерді ажыратады. Адам есінде бірінші сақталған белгі сөзбен беріледі, сөйтіп тіл пайда болды. Гердердің пікірі бойынша, тілді құдай жаратқан жоқ және кездейсоқ та пайда болған жоқ. Тілдің пайда болуы - адам ойы мен сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылысАғылшын ғалымы Ф.Бэкон өзінің филологиялық грамматикасының негізіне эмпирикалық әдісті қолданды. Грамматиканы әріптік (эмпирикалық) және философиялық деп бөлді. Философиялық грамматика сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды зерттейді. Сөздер заттарды, табиғатты объективті түрде тануда жеткіліксіз дей келіп, ұғымдарды дәл әрі нақты белгілейтін жасанды философиялық тіл жасауды ұсынды. Француз ғалымы Р.Декарт жасанды тіл жасау теориясын ұсынды: сандардың табиғи қатарының тәртібінде анықталғандай, барлық ойдың әдістемелік орналасуын жүйелеу керек. Мұндай тіл сөзінің орналасуында, септелу, жіктелуде бір ғана тәсіл болар еді т.б. Тілді философиялық тұрғыдан зерттеу мәселесін ағылшын материалисті Д.Локк . Ол сөздің мағынасына зор көңіл бөліп, бұл мәселені тілдің мәні туралы іліммен тығыз байланыстырады. Локк объективті дүние заттарын адам сезім, түйсіну арқылы қабылдайды. Сөздің қызметі ойды жеткізу, бірақ ойды түйсінуге болмайды, ойды жеткізу үшін оны түйсіну мүшелері арқылы қабылданатын таңбаларға жатқызу керек. Мұндай белгі - сөз. Локк бойынша, сөз ойдың түйсікте қабылданатын белгісі, ал сөздің мағынасы - таным және түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыру қабілеті.

17. ХІХ ғасыр тіл білімі немесе салыстырмалы-тарихи тіл білімі.
ХІХ ғасыр лингвистикасы тарихының 4 кезеңі бар: 1) салыстырмалы-тарихи әдістің туындауынан жас грамматистер мектебінің қалыптаса бастауына дейін (1816-1870); 2) жас грамматистер көзқарастарының дамыған, белең алған кезеңі (1870-1890); 3) жас грамматистерден ХХ ғ. 20 жылдарына дейінгі түрлі мектептер мен бағыттар; 4) Ф.де Соссюр идеяларының таралуынан қазіргі дәуірге дейін. ХІХ ғасырды кейде салыстырмалы - тарихи тіл білімі ғасыры деп те атайды. Салыстырмалы-тарихи және жалпы тіл білімінің туу, қалыптасу тарихының өзі 2 дәуірден тұрады: 1-дәуірі салыстырмалы-тарихи әдістің пайда болып, жалпы тіл білімінің негізделе бастады. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салғандар: Ф.Бопп, Я.Гримм (Германия), Р.Раск (Дания), А.Востоков (Ресей), ал жалпы тіл білімін негіздеуші - В.фон Гумбольдт; І дәуірді кейде Бопп-Гумбольдт дәуірі деп те атайды; 2) ХІХ ғ. 50-70 ж. қамтиды. Бұл дәуірде салыстырмалы-тарихи әдіс бірнеше үндіеуропа тілдерінде қолданылып, жалпы тіл білімінің зерттеу объектісі кеңейді. Тіл білімінде психологиялық, биологиялық және әлеуметтік бағыттар пайда болды. Бұл дәуірдегі салыстырмалы-тарихи тіл білімінің көрнекті өкілдері: А.Шлейхер, Август Потт, Теодор Бенфей, Адалберт Кун, ал жалпы тіл білімінің ірі өкілдері: Гейман Штейнталь, Иоганн Мадвиг, Макс Мюллер. Екінші дәуірді Шлейхер-Штейнталь дәуірі деп те атайды.

18. Салыстырмалы-тарихи әдіс дегеніміз не?
Тілдердің салыстырмалы тарихи тұрғыдан зеттеудің барысында XIX ғасырдың басында салыстырмалы- тарихи тіл білімі пайда болды.Тілдік жанұямен топтардың сонымен қатар жеке тілдердің тарихи даму заңдылықтарын анықтауда тарихи тіл білімі қолданылатын тарихи-генетикалық зерттеулерінің әдіс - тәсілдерінің жиынтығы. Ен алғашкы ғылыми әдіс -- салыстырмалы-тарихи әдіс болып табылады. 19 г. басында Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Гримм еңбектерінде негізі салынған бұл әдіс салыстырмалы-тарихи тіл білімі теориясын тудырды. Онын басты кағидалары бойынша:
1. тілдерді салыстыру аркылы олардын өзіне тән ерекшеліктерін, баска кейбір тілдермен өзара туыстыгын, бір негізден шыкканын айкындауга болады:
2. сол аркылы тілдер туыс топтарға, семьяларга бөлінеді;
3. туыс тілдердін бір-бірінен айырмашылыгы үздіксіз тарихи даму нәтижесінде туады.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі - үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл-праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады. Салыстырмалы-тарихи әдістін әлсіз жағы -- туыс емес тілдердін типологиялык жағынан ұксастығын түсіндіре алмағандығында және тілдін тарихи кезендердегі синхрондыкжүйесінінтұтас көрінісін кайта жанғырта алмайтындығында.

19. Диахрония және синхрония терминдерінің сипаттамасы. Диахрония (гр. δια және гр. χρονος - уакыт) -- тіл жүйесінің тарихи дамуын тіл білімінің объектісі түрінде зерттеу; тілді оның уақыт көлемінде даму процесімен байланысты алып қарастыру.
Синхрония (гр. syn -- бірге, гр. сhronos -- уақыт, мерзім) -- тіл білімінің тілдің статистикалық қалпы дегенді білдіретін термині. Ф. де Соссюр бұл терминді тіл білімінде алғаш рет қолданып, оны диахронияға қарсы қойды. Оның ілімі бойынша, синхрония тілді өмір сүріп тұрған қалпында бір-бірімен байланысты, өзара шарттас элементтердің жүйесі ретінде қарастырады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, өзгеруі мен тарихи дамуын зерттеу оның қазіргі қалпы мен табиғатын жете танып білуге көмектеседі. Демек, тілді синхрониялық тұрғыдан қарастыру қаншалықты маңызды болса, оны диахрониялық тұрғыдан зерттеу де қажетті әрі маңызды мәселе.Копенгаген мектебінің өкілдері: "Тілдің жүйелік қасиеті тек синхрондық зерттеу арқылы ғана ашылады, ал диахронияда ол қасиет бұзылады, сондықтан "тілдің ішкі сырын ашатын - синхрондық зерттеулер" деді.
Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе - зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері. Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.
Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір-біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді. Тілдің ішкі механизмі дейтініміз - тілдік жүйе. Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді. Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ. Ол - тілдің бөлшегі, бір дәуірдегі күйі туралы теория. Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір-бірімен логикалық, психологиялық қарым-қатынастарын талдайды.
Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама синхрония және тарихи (диахрония) әдістерін бір-біріне қарама-қарсы қояды. Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек-бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды. Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.
Ф. де Соссюр қойған және өзінше шешкен бұл мәселелердің қай-қайсысы да XX ғасыр тіл білімі дамуының талап-мүдделеріне толық сай келді. Бұлар күні бүгінге дейін тіл білімінің өзекті мәселелері ретінде қаралып келеді.

20. Ф. Бопп, Я. Гримм, Р. Раск, А. Востоков еңбектері.
ХІХ ғасырды кейде салыстырмалы - тарихи тіл білімі ғасыры деп те атайды. Салыстырмалы-тарихи және жалпы тіл білімінің туу, қалыптасу тарихының өзі 2 дәуірден тұрады: 1-дәуірі салыстырмалы-тарихи әдістің пайда болып, жалпы тіл білімінің негізделе бастады. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салғандар: Ф.Бопп, Я.Гримм (Германия), Р.Раск (Дания), А.Востоков (Ресей), ал жалпы тіл білімін негіздеуші - В.фон Гумбольдт; І дәуірді кейде Бопп-Гумбольдт дәуірі деп те атайды; 2) ХІХ ғ. 50-70 ж. қамтиды.
Неміс ғалымы Ф.Бопп санскрит тілін Еуропа тілдерінің грамматикасымен салыстыру нәтижесінде 1816 ж. 25 жасында "Санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, герман тілдеріндегі жіктелу жүйесімен салыстыру" атты еңбек жазды.
Ф.Бопптың жалпы тіл біліміне қосқан басты үлесі: "үндіеуропа тілдері" деген атауда енгізуі; туыс тілдердегі етістік қосымшаларын салыстыра отырып, сәйкестікті ғана емес, грамматикалық жүйенің бірлігін дәлелдеп, теориясын жасауы; сөздер әуелде бір буынды болған деген көрегенді болжам айтуы; А.Мейенің айтуы бойынша, үндіеуропа тілдерінің ата тілін іздеймін деп, салыстырмалы -тарихи әдісті ашуы.
Зерттеушінің атап көрсеткеніндей, Ф.Бопптың кемшіліктері де болған: үндіеуропа тілдері мен индонезия, кавказ тілдерін туыстастырамын деп қателесті; негізгі зерттеу нысаны етіп морфологияны алып, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарады. Синтаксис тіптен сөз болмады.
Р.Раск салыстырмалы-тарихи әдістің Даниядағы ірі өкілі. Ол 1811ж. 24 жасында: "Руководство по испанскому языку" еңбегінде логикалық грамматикаға қарсы шығып, грамматиканың міндеті - сөзді қалай жасау керектігін үйрету емес, сөздің қалай жасалап, қалай өзгеретінін сипаттау деген пікір айтты. "Происхождение исландского языка" еңбегінде герман тілінің латын, грек тілдерімен ұқсастығын алғаш айқындады. "Халықтың пайда болуы және олардың туыстық байланысын тануда тілден артық құрал жоқ. Тілдерді салыстыра зерттеуде тілдің ең сенімді саласы грамматика болып табылады, өйткені тілдегі сөздер бір бірімен ауысқанымен жіктік, септік жалғауларының ауысуы мүмкін емес", - деді.

21. Тіл білімінің негізін қалаушы танымал лингвист - В.фон Гумбольдт.
В.фон Гумбольд (1767-1835) - салыстырмалы-тарихи тіл білімін әрі қарай дамытушы, жалпы тіл білімінің негізін салушы. Типологиялық классификацияда А.Шлегель жіктеулерін (аморфты, аффиксті, флективті) қабылдай отырып, аморфты тілді - даралаушы деп атады, 4-инкорпоративті (полисинтетикалық) тілді қосты.Тіл философиясының негізгі объектісін ғылыми мәселе етіп қойды: 1) тіл -үнемі даму үстінде болатын құбылыс; тіл - іс-әрекеттің нәтижесі емес, іс-әрекеттің өзі, яғни тілдің іс-әрекеті -оның өзгергіштігі - ұжымның, қоғамның әлеуметтік өмірінің белсенділігінде. Тіл адамның ой-өрісінің кеңеюіне әсер етеді, яғни тіл және қоғам, тіл және ойлау, тіл және адам ұғымының қарым-қатынасын қарастыруға қадам жасады; 2) "О сравнительном изучении языков применительно к различным эпохам их развития" еңбегінде тілдің жүйелі құбылыс екенін негіздеді. Тіл - іштей жарасымдағы организм, ондағы әрбір элемент бүтіннің бөлшегі, тіпті тілді матаға, оның элементін жіпке теңеді; 3) Осы еңбегінде тілдің таңбалық сипатын, таңбалар жүйесі екенін сөз етті. Тіл - заттар мен құбылыстардың бейнесі және таңбасы. Сөз заттың таңбасына айналады. Сөз болуы үшін зат пен ұғымның бірлігі болуы керек; 4) Тіл жекелеген сөйлеу әрекетінің жиынтығы ғана емес, сондықтан тіл мен сөйлеуді лингвистикалық жеке-жеке мәселелер ретінде қарастыруды белгіледі. Тіл мен сөйлеудің бір құбылыс емес екенін теориялық тұрғыдан тұжырымдады; 5) "Тіл - халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді" деген концепция ұстанды;
6) "Тіл - халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді" деген концепция ұстанды; 7) Тіл философиясының тіл мен ұлт, тіл және қоғам, тіл және сана, тіл және ойлау деген объектілерін айқындады;
Гумбольдттың ең қомақты концепциясы - тіл антиномиясы. Бұл концепция кейінгі замандарда бірнеше лингвистикалық мектептер мен бағыттардың тууына негіз болды. Тіл антиномиясы - тілдің қайшылықты қасиеттерінің бірлігі, яғни тіл диалектикасы. Ол тоғыз антиномиядан тұрады: 1. тіл және ойлау, олар ажырамас бірлікте, тіл - танылған дүниені баяндаудың құралы ғана емес, бейтаныс дүниені танудың да құралы; 2. тіл бөлшектерінің уәждемелілігі және таңбаның жасандылығы; 3. тілдегі объективтілік пен субъективтіліктің қайшылығы; 4. тілдің тұрақтылығы мен тұрақсыздығы; 5. тілдің бүтіндік және бөлшектік сипаты; 6. тілдің ұжымдық және жеке адамдық сипаты; 7. тіл және сөйлеу; 8. тіл - әрекет, және әрекеттің нәтижесі; 9. тілді түсіну және түсінбеу. В.Гумбольдттың идеялары мен концепциялары негізінде пайда болған мектептер: тілдің жеке адамдық сипатынан Соссюр мен А.Мейенің "Социологиялық тіл білімі", ал "тіл - жүйелі құбылыс" деген идеясынан Шлейхер, Б.де Куртенэ, Соссюрдің тілдегі структурализмі: "тіл жүйесіне ойлау жүйесінің әсері тур. ойдан Г.Штейнталь, Потебняның лингвистикадағы психологиялық бағыты, "Тіл - халық рухы" деген тезисінің этнопсихологихмге әсері; "Тіл - мәдениетке қатысты алғанда, индивидтің шығармашылық әрекеті" деген концепциядан "Эстетикалық тіл білімі" пайда болды. В.Гумбольдттың қателіктері: Тілдер типінің даму деңгейі жөнінде қате, шовинистік пікірде болды; тілді жасаушы - оның иесі халық емес, тағдырдың берген сыйы деген ойда болды; ХҮІІІ ғ. соңғы ширегі мен ХІХ ғ. алғашқы 10 жылдығында философия мен әдеби-тарихи қозғалыстарда болған романтизмнен лингвистика да шет қалмады.

22. В. фон Гумбольдт концепцияларын, антиномияларын жеке-жеке талдау.
Гумбольдттың ең қомақты концепциясы - тіл антиномиясы. Бұл концепция кейінгі замандарда бірнеше лингвистикалық мектептер мен бағыттардың тууына негіз болды. Тіл антиномиясы - тілдің қайшылықты қасиеттерінің бірлігі, яғни тіл диалектикасы.
Ол тоғыз антиномиядан тұрады:
1. тіл және ойлау, олар ажырамас бірлікте, тіл - танылған дүниені баяндаудың құралы ғана емес, бейтаныс дүниені танудың да құралы;
2. тіл бөлшектерінің уәждемелілігі және таңбаның жасандылығы; Тіл бөлшектері бірігіп, үлкен құрылыммен анықталатын арнайы жүйеге бағынышты, ал таңбалар жеке ұғымдарды белгілейді.
3. тілдегі объективтілік пен субъективтіліктің қайшылығы; Әр адам тілі- субьективті, ал қоғам тілі- обьективті, яғни жеке индивидтер тілін қоғам тілін құрайды.
4. тілдің тұрақтылығы мен тұрақсыздығы; Тілді әр адам қалай қолдануы ата-бабадан беріледі. Жеке индивид тілге өзі өзгерістер енгізеді, яғни тұрақты бола тұра, тіл ауыспалы, бұл оның тұрақсыздығы.
5. тілдің бүтіндік және бөлшектік сипаты; Гумбольдттың айтуынша, тіл бір уақытта жеке адам және ұжым меншігінде. Адамдар сөйлеу кезінде ғана жандана түсетінімен, тіл жеке адамдардан тәуелсіз.
6. тілдің ұжымдық және жеке адамдық сипаты; Адамдар сөйлегенімен, олар қоғамға тәуелді. Жеке адам көзқарасын білдіргенімен, ұжымда қолдануға тырысады.
7. тіл және сөйлеу; Тіл- бәріне ортақ дүние, ал сөйлеу халық аузындағы тіл көрінісі.
8. тіл - әрекет, және әрекеттің нәтижесі; Тіл бір заңдылықтарға сәйкес, қайта өрлейді. Бар болмысымен тіл тұрақты бола, уақыт өте келе өзгермелі болады.
Осылайша, тілдің бар болуының негізі- оның дамуында.
9. тілді түсіну және түсінбеу. Кез келген адам сөзді, ұғымды өзінше түсінеді. Сөйлеуші мен тыңдаушы бір тілде сөйлей тұра, ойды әр түрлі қырдан түйіндейді.

23. ХІХ ғ. лингвистикалық жаңа бағыттардың пайда болуы.
ХІХ ғасыр тіл біліміндегі ағымдардың тууының негізгі себептері: тілге анықтама беру, оның өзіндік мәнін, қызметін айқындаудағы әр түрлі пікірлер. Жаратылыстану заңдылықтарын басшылыққа алған натуралистік ағым өкілі - неміс ғалымы А. Шлейхер (1821-1868) және ол - салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі ; еңбектері: "Тілдің морфологиясы туралы" (1859), "Үндіеуропа тілдерінің қысқаша салыстырмалы грамматикасы" (1862), "Дарвин теориясын тіл білімінде қолдану" (1863); "Неміс тілі" (1869). Ол: "Тілдегі өзгеріс тілдің дамуын, тарихын көрсетпейді, биологиялық организмдердегі сияқты ол тек өсу, қартаю ғана" деп қателесті. Және тілдік өзгерістерді тарихқа дейінгі және тарихтан кейінгі деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Тілдің танымдық қасиеті
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Қазақ сөзінің бапкері
Пәндер