ГАЖ



1. ГАЖ.ге түсініктеме
2. ГАЖ.нің кадастрда қолданылуы
3. Қолданылған әдебиеттер
ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
1. Есжанова Т.С. «Жер кадастрында және жерге орналастыруда ГАЖ және сандық картография», Астана, 2010.
2. http://193.193.225.78/Kaz/Default.aspx

Жоспар

1. ГАЖ-ге түсініктеме
2. ГАЖ-нің кадастрда қолданылуы
3. Қолданылған әдебиеттер

1. ГАЖ-ге түсініктеме

ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі - нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.
Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.
ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.
ГАЖ - аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. ГАЖ - белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу. ГАЖ - аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу - overlay операциясы. ГАЖ - аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады. ГАЖ - кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.
ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету. ГАЖ - аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік. ГАЖ - ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы. ГАЖ - кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.
Қорыта келгенде, ГАЖ - кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде. Дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді.

1. ГАЖ-нің кадастрда қолданылуы

ГАЖ біртіндеп адамның маңызды әрекет сфераларына, әлеуметтік және экономикалық саясатқа, шаруашылықты және табиғи қорларды басқару, табиғатты және экологияны қорғау, жерлерді бағалау және тіркеу, кадастр,ғылым, ілімге енді.
Бiздiң Республикамызды дамытуды басқарудың ең маңызды міндеттерінің бiрi оның табиғи қорының потенциалдарын тиiмдi қолдану болып табылады.
Бұл сұрақтың шешiмiн тек аумақтың қор потенциалын кешендi зерттеуiнде табуға болады. Мұндай бағаларды негiзде өлкедегi табиғи қорларды қолдану басымдылықтары және оларды алып қою лимиттерi туралы шешiм қабылдануы керек.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, табиғи қорларды есепке алуы қызметі Қазақстан Республикасының табиғи органдарының жүргiзулерiне жатады. Табиғи ортаны қорғау ұйымдары және Қор блогы мекемелерінде табиғи қорлардың жеке түрлерi бойынша түбегейлi мәлiмет жинаған. Аймақтың жағдайы және оның табиғи-қор потенциалы туралы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және колданудың қазіргі жұмыс жасау ретi, табиғи қорлардың интегралды бағасын өткiзуге мүмкiндiк бермейдi, және қоршаған табиғи ортаның қорғау және табиғатты пайдалануды басқарудың ерекше міндеттерді орындау үшін ыңғайсыз.
Қорды қорғауға негізделген табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі элементтерінің бірі, табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін қолдану болып табылады.
Бұл жүйе сандық геоақпарат жүйе негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрын жасау туралы" 2000 жылдың 25 қыркүйектегі №1449 Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Қаулысына және де Экологиялық кодекстiң 18-шi тарауына сәйкес жасалынған.
Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстарының жағдайы туралы кеңiстiк-координатталған мәліметтерін жинау, жүйелеу, сақтау, өңдеу, және бейнелеудің ақпараттық жүйесін автоматтандырылған жүйесі болып табылады, бұл мәлiметтердi саралау басқарушылық өндiрiстiк және ғылыми шешiмде есептерді шешу үшін, бiздiң республика аумақтағы табиғи қорларының қалпына келтiру және сақтау қорғауға тиiсті қолданады (орман қоры, жануарларлар әлемінің кадастры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорлары, әрбiр облыс және республика бойынша топографиялық негiзі бар масштабы 1: 1 000 000, 1:200 000 сандық карталарының мәлiметi бар деректер қорын тиiмдi қолдану үшiн).
Бiрыңғай ақпараттық жүйенi ұйымдастыру және сүйемелдеу үшін мекеме аралық жұмыс тобы жасалды (2007 жылдың 08 маусымындағы № 190-? бұйрық). Онда ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, балық қорларының комитетi, су қорларының комитетiнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
ГАЖ (Географиялық ақпараттық жүйе)
Геоақпарат ғылымының ТМД мен Қазақстанда даму тарихы мен деңгейі
Геоақпараттық жүйелердің қолданылуы
ГАЖ - дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
Географиялық ақпараттар жүйесі
Гаж класификациясы
Геоақпараттық жүйелер
ГАЖ туралы түсінік, заманауи ГАЖ
ГАЖ бағдарламасы
Пәндер