Қазақстандағы саяси партиялар



Қазақстанда “Саяси партиялар туралы” жаң заң күшіне енісімен, бұрынғы 19 партияның басым көпшілігі республиканың саяси сахнасынан кейбірі ресми түрде, басқасы – іс жүзінде жоғалды. Тағы бірі ресми тіркеуден өту үшін сан -алуан айла-амалға дейін барып, жанталасуда. Мысалға, бұрынғы “Қазақстанның орыс партиясы”, ал қазір ресми тіркелмесе де, өзін “Отандастар” деп атайтын партия көсемдері әділет мекемесінде тіркелу үшін – президенттік “Отан” партиясының жарғысын негізге алып көрген. Бірақ “Отан” партиясын тіркеген Әділет министрлігі, “Отанның” Жарғысын түгел көшіріп алған “Отандастар” партиясының Жарғысынан 11 заңсыздық тауып, осымен 7 рет рет тіркемей кейін қайтарып отыр. Әділет министрлігінің ол әрекетімен келіспеген “Отандастар” партиясының көсемі Геннадий Беляков – “Отан” партиясына қарсы сотқа арыздануға мәжбүр болып отыр.
“Московский комсомолец” газетінің Қазақстандағы таралымында жарық көрген бір мақалаға қарағанда, Қазақстандағы бұрынғы “Орыс партиясының” атасы әрі тіркелмеген қазіргі “Отандастар” партиясының көсемі Г.Беляков –“президенттік” деген лақап аты бар “Отан” партиясымен ғана емес, ҚР-сының Әділет министрлігімен де соттасқалы жатқан көрінеді. Бізге берген сұхбатында Г.Беляков сотқа арызданғанын растады және өзінің арызы бойншы 23 қазанда Алматыда сот үдерісі басталатынын хабарлады.
“Отандастар” көсемінің айтуынша, ол “Отан” партиясының тікелей өзімен емес, аталмыш партияның Жарғысында кеткен қателіктер мен заңсыздықтарды соттың мойындауын өтініп отыр.
Біз,- деп үзілді-кесілді мәлімдеді Г.Беляков,- бірқатар жағдаятқа байланысты “Отанның" Жарғысын негізге алуға мәжбүр болдық. Алайда, Әділет министрлігі, өзінің “Отандастар” партиясын тіркемеу туралы шығарған 7 бұйрығында, “Отанның" Жарғысы негізінде жазылған “Отандастар” Жарғысынан 11 заңсыздықты тауып, көрсеткен (!). Ол заңсыздықтар “Отанның" жарғысында да сөзбе-сөз қайталанған. Алайда президенттік партияны тіркеген Әділет министрлігі Г.Беляковтың айтуынша, “Отандастарды" тіркемей, 7 рет құжаттарын кейін қайтарған.
Әділет министрлігінің ол қылығын Г.Беляков адам құқықтарын аяққа таптау деп бағалайды. Өйткені, деп мәлімдейді бұрынғы “Орыс партиясының” атасы, “Отандастар” партиясының қатарында ҚР-сының 58 мың азаматы бар. Бірақ Әділет министрлігі мен оның жекелеген қызметкерлерінің қабақ астынан қарауы салдарынан, осы 58 мың адамның партияға бірігу құқы аяқасты болып отыр.
1. «Саясаттану негіздері» Д.Жамбылов Алматы 1998ж
2. «Саясаттану» А.С.Рахымбаева Астана 2006ж
3. «Саясаттану негіздері» Қ.Е.Сләмғазыұлы алматы 2005ж

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
1-тарау Қазақстандағы саяси париялар туралы заң
Қазақстанда "Саяси партиялар туралы" жаң заң күшіне енісімен, бұрынғы 19 партияның басым көпшілігі республиканың саяси сахнасынан кейбірі ресми түрде, басқасы - іс жүзінде жоғалды. Тағы бірі ресми тіркеуден өту үшін сан -алуан айла-амалға дейін барып, жанталасуда. Мысалға, бұрынғы "Қазақстанның орыс партиясы", ал қазір ресми тіркелмесе де, өзін "Отандастар" деп атайтын партия көсемдері әділет мекемесінде тіркелу үшін - президенттік "Отан" партиясының жарғысын негізге алып көрген. Бірақ "Отан" партиясын тіркеген Әділет министрлігі, "Отанның" Жарғысын түгел көшіріп алған "Отандастар" партиясының Жарғысынан 11 заңсыздық тауып, осымен 7 рет рет тіркемей кейін қайтарып отыр. Әділет министрлігінің ол әрекетімен келіспеген "Отандастар" партиясының көсемі Геннадий Беляков - "Отан" партиясына қарсы сотқа арыздануға мәжбүр болып отыр.
"Московский комсомолец" газетінің Қазақстандағы таралымында жарық көрген бір мақалаға қарағанда, Қазақстандағы бұрынғы "Орыс партиясының" атасы әрі тіркелмеген қазіргі "Отандастар" партиясының көсемі Г.Беляков - "президенттік" деген лақап аты бар "Отан" партиясымен ғана емес, ҚР-сының Әділет министрлігімен де соттасқалы жатқан көрінеді. Бізге берген сұхбатында Г.Беляков сотқа арызданғанын растады және өзінің арызы бойншы 23 қазанда Алматыда сот үдерісі басталатынын хабарлады.
"Отандастар" көсемінің айтуынша, ол "Отан" партиясының тікелей өзімен емес, аталмыш партияның Жарғысында кеткен қателіктер мен заңсыздықтарды соттың мойындауын өтініп отыр.
Біз,- деп үзілді-кесілді мәлімдеді Г.Беляков,- бірқатар жағдаятқа байланысты "Отанның" Жарғысын негізге алуға мәжбүр болдық. Алайда, Әділет министрлігі, өзінің "Отандастар" партиясын тіркемеу туралы шығарған 7 бұйрығында, "Отанның" Жарғысы негізінде жазылған "Отандастар" Жарғысынан 11 заңсыздықты тауып, көрсеткен (!). Ол заңсыздықтар "Отанның" жарғысында да сөзбе-сөз қайталанған. Алайда президенттік партияны тіркеген Әділет министрлігі Г.Беляковтың айтуынша, "Отандастарды" тіркемей, 7 рет құжаттарын кейін қайтарған.
Әділет министрлігінің ол қылығын Г.Беляков адам құқықтарын аяққа таптау деп бағалайды. Өйткені, деп мәлімдейді бұрынғы "Орыс партиясының" атасы, "Отандастар" партиясының қатарында ҚР-сының 58 мың азаматы бар. Бірақ Әділет министрлігі мен оның жекелеген қызметкерлерінің қабақ астынан қарауы салдарынан, осы 58 мың адамның партияға бірігу құқы аяқасты болып отыр.

Г.Беляковтың мәлімдеуінше, партиялық Жарғысындағы заңға сәйкес емес тұстарының алдын-ала мәлім болуына қарамастан, "Отан" партиясы "белгілі себептермен" тіркелді де, көптен бері іс атқарып келеді. "белгілі себептер" деп нені айтып отырғанын сұрағанымызда, Г.Беляков, алғашқыда қипақтағандай, жасқанғандай болды да... былай деп батылдана жауап берді:

Ал енді "Отан" партиясының жетекшілері, мысалға, партия төрағасы орынбасарларының бірі - Ғалиасқар Дунаевтың мәлімдеуінше, ол Г.Беляковтың сотқа арызданғанын тіпті білмейтін көрінеді. Оның есесіне, "Отандастар" партиясы көсемдерінің "Отанның" жарғысын көшіріп алғанына Ғалиасқар мырза түбегейлі қарсы.

Г.Беляковтың мәлімдеуінше, саяси партиялардың бір-бірінен Жарғыларын сан рет көшіріп алып қолдануға болады. Ол мәселе бойынша Г.Беляков Әділет министрлігінің заңгерлерімен ақылдасқан. Ол ұрлық немесе плагиат болып табылмайды. Сондықтан да "Отандастар" көсемі "Отан" партиясының Жарғысын саналы түрде көшіріп алған.

2-тарау Еліміздегі саяси партиялар

Қазақстан Коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы - Шамин Василий Иванович. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар. ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.


"НҰР ОТАН" Халықтық Демократиялық Партиясы
Төраға - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН" филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту; азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп жариялады. Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия 88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.



Қазақстан Патриоттары Партиясы
Төраға - Қасымов Ғани Есенкелдіұлы.. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияда 172 000 адам бар. Партия мынадай мақсаттарды көздейді: Қазақстан халықтарының ұлттық өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; құқықтық демократиялық мемлекет, нарықтық экономикасы бар азаматтық қоғам құру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруда қатысуға тарту; елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары сапалы өмір сүруі үшін жағдайлар жасау және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.78% дауыс алып, Парламентке өтпеді.


Қазақстан социал демократиялық Ауыл партиясы
Партия төрағасы - Қалиев Ғани Әлімұлы.. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрайды. Қазақстанның барлық облыстарында партияның өз құрылымдық бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен партия аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді; нарықтық қатынастардың негізделген нысандарын экономиканың барлық салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.51% дауыс алып, Парламентке өтпеді.



Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы
Партия төрағасы - Байменов Алихан Мұхамедияұлы. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3.09% дауыс алып, Парламентке өтпеді.


"Руханият" партиясы
Партия төрайымы - Мәмбеталин Серікжан Есенғосұлы. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып, Парламентке өтпеді.



"Әділет" демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы.2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 000 адамды құрайды. Партия аумақтық қағидат бойынша құрылды және республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелері бар. Партия Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. 2004 жылы Мәжіліске сайлау қорытындыларына сай партиялық тізімдер бойынша дауыс беру кезінде партия 0.76% дауыс алды. Мәжілістің үшінші шақырылымында бір мандаттық округ бойынша сайланған бір депутаты бар. 2007 жылғы 8 шілдеде Әділет Демократиялық партиясының V съезінде оның Қазақстанның АҚ ЖОЛ Демократиялық Партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда Әділет Демократиялық партиясының VI (кезектен тыс) съезінде Әділет ДП-ның АҚ ЖОЛ ҚДП-ға қосылуы туралы бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.


Қазақстан Коммунистік Халық партиясы
Бірінші хатшысы - Косарев Владислав Борисович. 2004 жылғы 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркелу сәтінде партия қатарында 90 000 адам болған. Партия қатарында жұмысшылар, студенттер, зиялы қауым, зейнеткерлер, кәсіпкерлер және т.б. Партияның саяси тұғырнамасына сай ҚКХК қызметінің негізінде қоғамдық дамудың жаңа жағдайларына бейімделген маркстік-лениндік идеология жатыр. 2004 жылы Мәжіліске сайлаудың қорытындылары бойынша партия 1.98% дауыс алды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 1.29% дауыс алып, Парламентке өтпеді.



Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы
Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы Партия АҚ ЖОЛ ҚДП-ның бөлінуі нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда Нағыз АҚ ЖОЛ атауымен тіркелген. Мүшелерінің саны 97 157 адамды құрайды. Партияның барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар. АЗАТ - орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру. 2007 жылғы 23 маусымда Нағыз АҚ ЖОЛ ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда Нағыз АҚ ЖОЛ ҚДП-ның IV съезінде Нағыз АҚ ЖОЛ ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында Нағыз АҚ ЖОЛ партиясын АЗАТ ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.

24 қазан 2009 жылы Азат ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.




Жалпыұлттық социал демократиялық партия (ЖСДП)
Төраға: Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы. Төрағаның орынбасары: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелген. Мүшелерінің саны - 140 000 адам. Барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында партияның өз филиалдары бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің алдына демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қойып отыр. Партия әлемдік социал-демократиялық қозғалыстың құндылықтарын, Еркіндік, Әділеттілік, Ынтымақтастық қағидаттарын Қазақстанның саяси тәжірибесінде жүзеге асыру бағытында дәйекті жұмыс жасауда. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 4.54% дауыс алып, Парламентке өтпеді.

24 қазан 2009 жылы Азат ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті. Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға тапсырылды. Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілов сайланды. Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.



3-тарау Саяси партиялардың Қазақстан саясатындағы рөлі

Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы ашылған Мемлекет тарихы институты тәуелсіз еліміздің тарихын зерттеу мен саяси үдерістерді зерделеу бағытында жемісті жұмыстар атқарып келеді. Мұны жуырда өткен институт ғалымдары дайындаған бір топ кітаптардың тұсау­­кесеріне қатысқанымызда көзіміз жетті.

Тәуелсіздік шежіресі айдарымен шыққан "Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары" атты (авт. - Б.Г.Аяған, Г.Р.Нұрымбетова) анықтамалық жинақты осындай ғылыми ізденістердің туындысы деуге әбден болады. Бұл соңғы он жылда осы тақырыпта жарық көргендердің ішіндегі мазмұны мен көлемі жөнінен ең мәндісі. Сондай-ақ, анықтаманың қазақ және орыс тілдерінде дайындалғанын да атай кеткен артық емес.

Еңбек логикалық тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыстағы екі бөлімнен тұрады. Ал қосымшаларда саяси партиялардың бағдарламалары мен жарғылары, партия жетекшілерінің қысқаша өмірбаяндары, күнделікті жиі қолданылатын терминдерге түсініктеме жинақталып, глоссарий формасында берілген.

Авторлар сонау кезінде қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ойының биік деңгейін танытқан маңызды құжат - Алаш партиясы мен оның бағдарламасы туралы мәліметті де назардан тыс қалдырмаған. Себебі, бұл бағдарлама саяси-әлеуметтік қатынастар саласында қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуінен гөрі, жалпы ұлттық тұтастықта болуын, қазақ елінің сан ғасырлық өркендеу тәжірибесін, салт-дәстүрін заман сұранысына бейімдеуді жақтады. Басты мәселе - қазақ елінің өзін-өзі билеуіне, соның негізінде қоғамның ішкі мәселелерін өзі шешуге қол жеткізу еді. Бұл мағынада өткен саяси рухтың бүгінгімен тығыз байланысын байқау қиын емес.

Анықтаманың "Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары" атты бірінші бөлімнің басында келтірілген Елбасымыздың саяси партиялардың рөлі туралы әр жылғы тұжырымдарынан қоғамымыздағы демократия­лық үдерістерді тереңдете түсудің маңызды факторы ретінде партиялық жүйенің қалыптасуына тұрақты назар аударып келе жатқанын айқын аңғаруға болады. "Біздің міндет - бұқараның қолдауына ие болған, беделі биік, қуатты әрі жауапкершілігі жоғары партиялардың ірге тартуына жәрдемдесу. Мұның өзі еліміздің стратегиялық мұраттарына сай келеді", деген сөз бұған толық дәлел бола алады.
Осы бөлімдегі партиялардың мақсаттары мен міндеттерін талдаулар әрбір партияның шыққан биігі мен қызмет мазмұнын, олардың саяси сипаты мен ел мүддесін ойлау мүмкіндіктерін айқын аңғартады. Мұндай салыстырмалы сараптамалар саяси партиялардың өзіндік жауапкершілігін көтере түсуге де игі әсер ететінін атай кеткен жөн.
Қазіргі қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасу кезеңдері туралы зерттеушілердің пікірлерін жан-жақты сараптай отырып, авторлар партиялық жүйенің дамуын кезеңдерге бөлгенде азаматтардың саяси қатысу құрылымы ретінде партиялардың қалыптасуына оң ықпал еткен белгілі заңнамаларды, оларға енгізілген қағидатты өзгерістерді басшылыққа алғанды дұрыс санайды. Осындай қағидаға сүйене отырып, олар партиялардың қалыптасуының жаңа кезеңдерін ұсынған.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің құқықтық негіздері" аталатын екінші бөлімде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы Заңы (2009 жылғы түзету­лері және толықтыруларымен қоса) және саяси партияға қатысты басқа да заңнамалардан тиісті үзінділер берілген.
Қазақстанның саяси жүйесінде саяси партиялардың алатын орны ерекше екені белгілі. Алайда бүгінгі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, көппартиялықтың жүйе ретінде қалыптасу үдерісі оп-оңай өтіп жатқан жоқ. Мұны қазіргі қоғамның жалпы саяси деңгейімен, құқықтық кеңістіктегі әлі жетіле қоймаған заңнамалармен түсіндіруге болды. Кешегі кеңестік кезеңнің де салқыны жоқ емес. Өйткені, тоталитарлық қапастан демократия сарайына апарар тура жол жоқ.
Егер көппартиялық жүйені саяси партиялардың құқықтық негіздегі өркениетті қарым-қатынастың жиынтығы дейтін болсақ, айтар мәселелер жоқ емес. Көппартиялық құрылымда тұтастықпен қатар, әрбір партияға тән тәуелсіздік те, еркіндік те, құқықтық теңдік те болуы тиіс. Өкінішке қарай, әзір партиялар бір-бірімен бәсекеге түсе алатындай әлеуетті бола алмай отыр.
Саяси партиялардың көбісінің қарапайым халық өмірінен, ұлттық мұраттардан алшақтығы, олардың әлеуметтік негіздерінің әлсіздігі, қоғамдағы саяси рөлдерінің бәсеңдігі, еліміздегі саяси-экономикалық мәнді оқиғаларға батыл араласа алмауы, саяси өрелері мен сауаттарының төмендігі,т.т. айқын байқалмай қалмайды. Олар негізінен сайлау кезінде бой көтеріп, қалған кезде ресми жиналыстарға қатысумен шектеліп отыр. Бұл халық арасында олар туралы оң көзқарасты қалыптастыра қоймас. Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Бұл саяси партиялардың мемлекеттік органдардағы өз өкілдері арқылы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық бағытын айқындауға қатысып, кадрлармен жүргізілетін саяси жұмыстың мазмұнына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына саяси баға бере алатындай саяси күшке айна­луын қажет етеді. Бұл бағытта саяси партиялардың шығар биіктері де, алар асулары да аз емес.
Осындай саяси партиялардың алдында үлкен міндеттер тұрған кезде әңгіме етіп отырған анықтаманың шыққанын аса пайдалы болды дегеннен басқа сөз айту қиын. Әрине, мүмкіндік болса, саяси партиялардың бағыт-бағдарлары талданып жатса, құба-құп болар еді. Бұл саяси партияларды жаңа ізденістерге ұмтылдырар еді. Біздіңше, бұл - алдағы күннің міндеті.
Қорыта айтқанда, Тарих институтының бұл ұжымдық кітабы алдымен мемлекеттік және партия органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ жоғары оқу орындарында "Саяси партиялар және партиялық жүйе", "Саясаттану" және "Әлеуметтану" курстарынан білім беретін оқытушылардың, студенттер мен магистранттардың үлкен қызығушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, саяси партия мәселелерімен айналысатын зерттеушілер үшін де бұл - таптырмас еңбек.
Әбдіжәлел БӘКІР, саяси ғылымдар докторы.

Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір қысым көрсетуші топтардың, мысалы Ақ жол ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті.
Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.
Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
Отан республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы: партия көшбасшысы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, IV съезде А. Ермегияев, А. Павлов партия Төрағасының орынбасарлары болып сайланды.
Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
Қазақстандағы саяси - партиялық жүйені заңдастыру
Қазақстанның саяси партияларының президенттiк сайлауға қатысы бар ма?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстандағы саяси партиялардың бірігуі
Демократиялық мемлекет идеясы
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
Пәндер