Исламдағы әдеп



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.ИСЛАМДАҒЫ ӘДЕП ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1Анықтамалары және талас.тартыстар жайлы Құранда келген аяттар менхадистер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Әһлисунна уәлжамағаттың кейбірақидамәселелеріндеақидалық талас.тартыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.АҚИДАЛЫҚ ТАЛАС.ТАРТЫСТАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1Ақидалық талас.тартыстардың әдептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Ақидалық талас.тартыстар жайында ғалымдардың пікірі және талас.тартыстартың пайдалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2.3Бүгінгі ақидалық талас.тартыстыңсебептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ даласына сонау VII-VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының, соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Егемендігімізді алғанға дейін ел ішінде ислам дініндегіақидаға(сенім) саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбірі бой көрсетпегенеді. Сондықтанақидаға саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбіріне байланысты ғылыми еңбек жоқ. Тіпті орыс шығыстанушылары да бұл мәселеге қатысты ауқымды ешқандай еңбек жазбаған. Аса Жоғары Аллаһ Тағала қасиетті ҚұранКәрімде: "Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін(сондай) бөлініп, қайшылыққа түскендер тәріздіболмаңдар",— деп мұсылмандарға дінде жікке бөлінуге,ақидалық талас-тартысқа түсуге тыйым салды. Өкінішке орай,осындай ашық аятқа қарамастан қазіргі таңда арамыздатоп-топқа бөліну, айтыс-тартыстар орын алуда.
Қай кезде де қарама-қайшылықтар, ақидалық талас-тартыстар, бірін-бірі көре алмаушылықтар сияқтыоқиғалар ешбір халықты аттап өтпегенін тарихтанбілеміз. Сондай оқиғалар мезгілімен қайталаныптұратынындай, бүгінгі күні біздің елімізде де белеңала бастады.Соңғы кездерде шетелдіктер,шетелдерде оқып келген кейбір жастарымыз елгеүгіт-насихаттарын жүргізіп, діннен толық хабарыжоқ халықтың санасына ата-бабамыз ұстаныпкелген Ханафи фиқһ және Матуриди ақида мектептерін кемсітіп, Парсы шығанағыхалықтары ұстанатын мазһабты биікке шығарыпіріткі салуда.
Расында қазіргікүннің проблемасы : Біз білетіннәрселердегітүсінігіміздің таяздығы,сол сияқты бірлікке алып келетін дұрыс көз-қарасты жоғалтып алдық, біз тек қана танумен шектеліп қалдық(мәтінмен )және оның әдебін ұмыттық.Бізге қасиеттіҚұран-Кәрім мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері жеткенімен,олардың асыл мақсаттарынұмыттық.
1 Халифа Алтай "Құран Кәрім қазақша аударма түсінігі" Медине, 1992
2 Смайыл Сейтбеков" Иман негіздері" Алматы, 2011
3 Иман журналы, №3(116) 2014 жыл
4 Тауилят әһли-сунна, 1-бөлім, Дар әл-Китаб Илмиян, Бейрут-Лебанон
5 Доктор Осман АбдуррахАбдуллатиф, Құран-Кәрім менсүннеттегі хиуардың әдептері
6 Ризабек Батталұлы, Ақида сабақтары-"Siyaush" баспасы, Алматы 2011 жыл
7 Сахих Бухари. Әбу Абдилла Мухаммед ибн Исмайыл. Әл-Жамиғ-сахих. Станбул, 1907.
8 Жолдыбайұлы.Қ, Дін мен діл, " Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры" Алматы,2010
9 Сахиху Муслим. Истанбул, 1413,1992
10 Әбсаттар қажы Дербісәлі,Ұлық Имам - Имам Ағзам Әбу Ханифа, "Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры",Алматы, 2011
11 Шейх Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф, Талас-тартыстар (Ихтиләфтар) Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, "Мұсылман" баспаүйі, 2011.
12 Абдул -Қаһир әл-Бағдади, "Әл-Фәрқ бәйнәл-фирақ","әл-Мактабатул асрия" баспасы, Сайда-Бейрут,2004 жыл
13 Мұхаммед инб Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 1-том,. "Мүуассатур-рисала" баспасы, Бәйрут, 1992 жыл
14 Ибн Жарир әт-Табари "Тафсир әт-Табәри", Каир " Дару Хажар", 1995.
15 Исмайыл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі,"Мұтлы иайынлары" баспасы, Станбұл,1999ж
16 Құрманбаев.Қ , Хадис ілімі "Нұр-Мүбарак " баспасы, Алматы,2010
17 Ибн Хажар әс-Әсқалани,Фатхул-Бари, " Дәрул фикр" баспасы, 2000
18 Сунан Әби Дауд, 4-том, " Дәрул-Фикр" баспасы, 1996
19 Мухиддин ән-Науауий, әл-Мажмуж,8-том,"Дәрул-фикр" баспасы,Бәйрут,1997
20 Мұхаммед ибн Әли ибн Мұхаммед әш-Шаукани, Тухфатуз-зәкәрин,1-том"Дәрил-калам" баспасы, Бәйрут, 1984
21 Ибн Касир "Тафсир Ибн Кәсир", Бәйрут:" Дару әл-кутуби әл-илмия",4-ші том, 1997

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.ИСЛАМДАҒЫ ӘДЕП ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Анықтамалары және талас-тартыстар жайлы Құранда келген аяттар мен хадистер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Әһли сунна уәл жамағаттың кейбір ақида мәселелерінде ақидалық талас-тартыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. АҚИДАЛЫҚ ТАЛАС-ТАРТЫСТАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Ақидалық талас-тартыстардың әдептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Ақидалық талас-тартыстар жайында ғалымдардың пікірі және талас-тартыстартың пайдалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
2.3 Бүгінгі ақидалық талас-тартыстың себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ даласына сонау VII-VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының, соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Егемендігімізді алғанға дейін ел ішінде ислам дініндегі ақидаға (сенім) саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбірі бой көрсетпеген еді. Сондықтан ақидаға саласына қатысты ақидалық талас-тартыстардың ешбіріне байланысты ғылыми еңбек жоқ. Тіпті орыс шығыстанушылары да бұл мәселеге қатысты ауқымды ешқандай еңбек жазбаған. Аса Жоғары Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: "Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін (сондай) бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар", -- деп мұсылмандарға дінде жікке бөлінуге, ақидалық талас-тартысқа түсуге тыйым салды. Өкінішке орай, осындай ашық аятқа қарамастан қазіргі таңда арамызда топ-топқа бөліну, айтыс-тартыстар орын алуда.
Қай кезде де қарама-қайшылықтар, ақидалық талас-тартыстар, бірін-бірі көре алмаушылықтар сияқты оқиғалар ешбір халықты аттап өтпегенін тарихтан білеміз. Сондай оқиғалар мезгілімен қайталанып тұратынындай, бүгінгі күні біздің елімізде де белең ала бастады. Соңғы кездерде шетелдіктер, шетелдерде оқып келген кейбір жастарымыз елге үгіт-насихаттарын жүргізіп, діннен толық хабары жоқ халықтың санасына ата-бабамыз ұстанып келген Ханафи фиқһ және Матуриди ақида мектептерін кемсітіп, Парсы шығанағы халықтары ұстанатын мазһабты биікке шығарып іріткі салуда.
Расында қазіргі күннің проблемасы : Біз білетін нәрселердегі түсінігіміздің таяздығы, сол сияқты бірлікке алып келетін дұрыс көз-қарасты жоғалтып алдық, біз тек қана танумен шектеліп қалдық ( мәтінмен ) және оның әдебін ұмыттық. Бізге қасиетті Құран-Кәрім мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері жеткенімен,олардың асыл мақсаттарын ұмыттық. Біздің ақидалық талас-тартыстарымыз негізінен мустахаб, мандуб амалдардың айналасында болғанымен біз оларды парыз,уәжіб амалдар секілді қылып алдық.
Мұсылман баласы қандай да бір түйткілді мәселені аттандап, құр айқаймен шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық, бұл - кез-келген дерттің емі. Бір жақты ойлау, астамшылдық жасап артық кету, бұл шынайы ғылымның жолы емес. Өзін ақтап, ұстанымын жақтау үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының мәселелерін араластыру мұсылманшылыққа жат. Ондай жолдың пайдасынан гөрі зияны басым. Ендеше, ең әуелі тақырыпты жан-жақты зерттеп, кең көз-қарасты ұстануы лазым.
Зерттеудің нысаны. Шариғаттағы ақида мәселелеріндегі ақидалық талас-тартыстардың әдептері.
Зерттеудің пәні. Исламдағы ақидалық талас-тартыстардың әдептері және олардың пайдалары.
Зерттеудің мақсаты. Ақидадағы ақидалық талас-тартыстардың мұсылман қоғамына берер залалдары.
Зерттеудің міндеттері. Исламдағы ақидалық талас-тартыстар туралы жалпы түсінік беріп, Құран-Кәрім мен хадистерден ақидалық талас-тартыстар жайындағы мәселелерді ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Исламдағы ақидалық талас-тартыстар мәселесін анықталып: қоғамда ақидалық талас-тартыстар жайлы дұрыс көзқарас қалыптасып, адамдар дұрыс іс-әрекет жасай бастайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Ақидалық талас-тартыстар жайлы жан-жақты қарастырып,әртүрлі еңбектерді зерттеп, тұжырымдама жасау.
Зерттеу көздері. Құран-Кәрім мен пайғамбарымыздың сахих хадистер жинағы, ақида саласына қатысты ғылыми еңбектер, ғылыми танымдық журналдар.
Зерттеу әдістері. Зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру, еңбектерге теориялық талдау жасау, нақтылау мен жинақтау, модельдеу,жобалау, диагностикалау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі. Ақидадағы ақидалық талас-тартыстарды ғылыми тұрғыдан қарастырып, мұсылман қоғамына қаншалықты зиян екенін ашып көрсету.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1.1 Әдеп, ақида, әһли сунна уәл жамағат, талас-тартыс анықтамалары
"Ақида" ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) "бір нәрсенің бөлек ұштарын бір жерге жинау", "топтау" мағынасын береді. Көпше түрі "ақаид". Терминдік мағынасы болса, дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді. Ақида ұғымы сенім жүйесі ретінде қолданылуымен бірге, белгілі бір мәзхабтың немесе бір мәзхабты құрған имамның иман негіздеріне қатысты айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады. Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерттейтін ғылымды "калам" десе, тікелей сенімге байланысты айтқанда "итиқад" термині қолданылады. Сол секілді ақиданы да, көп жағдайда иман негіздері деп айтуымызға әбден болады.
Бұл ілімнің бірнеше атаулары бар:
1)Таухид ілімі - - Аллаһ Тағаланың біреу ғана екенін білдіретін ілім. Оның негізгі мәселелерінің бірі Аллаһ Тағаланың біреу ғана екенін негіздейтін ілім болғандықтан, таухид ілімі деп аталған.
2)Ақида ілімі - сенім ілімі. Оның зерттейтін мәселелерінің барлығы тікелей сенімге қатысты болғандықтан, ақида ілімі деп аталған.
3)Усулуддин - дін негіздері ілімі, бұл ілім діннің негізі болып саналғандықтан " усулуддин " деп аталған.
4)Илмүл калам - сөз ілімі, "мына мәселе мынадай" деген сияқты әр түрлі көзқарасты алға тартатын ілім болуына байланысты, илмүм калам деп аталған.
5)Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған разы болсын) бұл ілімді "Әл-фиқһүл әкбар" (үлкен ұғым) деп атаған.[6,б.8]
2.Қазақ тіліне " әдеп " сөзі араб тілінен енген. Дәл сол "әдеп" ( أدب) сөзінің синонимы " مكارم الأخلاق " яғни " әдептілік, көркем мінезділік" деп айтылады. Тіл (лингвитика) саласында әдептілікті "табиғи қасиет, табиғи қалып, инабаттылық, дін" деп те айтады. Зерделей білген адам араб тіліндегі "әдептілік" сөзінің тілдік ұғымының өзі адамға жат емес екенін көрсетіп тұрғанын аңғартады.
Шариғат саласында да әдептілік дәл осы " مكارم الأخلاق " сөзімен белгіленеді. "Әдептілік" сөзінің шариғаттағы терминологиялық мағынасы: пенденің ойланбастан өз жаратылысана сай барлық жақсы және ізгі амалдарды жүзеге асыру ұғымын қамтиды. Мысалы: жақсы ойда болу, өтірік айтпау, біреуге көмектесу т.б. [ 3,б.24]
3.Алдымен Әһлу сунна ұғымының мәніне үңілсек. Құран-Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың сахих хадистерін ұстанып, жол бастар етуші, Аллаһтың елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер " Әһли суннат уәл-жамағат " деп аталады. Әһли суннат уәл-жамағаттың қазақша мағынасы - "сүннет халқы және жамағат". Яғни сүннет ұстану - Хазіреті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) жүрген жолын ұстануды білдіреді.
Ал мұның Әһли сүннет уәл-жамағат деп аталу себебі Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у) үмметі жайлы айтқан мына хадисінен бастау алады.
"Яһудилер 71 топқа, хрестиандар 72 топқа, үмметім де 73 топқа бөлінеді. Осы 73 топтың ішіндегі біреуі ғана жаннатқа барады, қалған 72-сі тозақтық болады", - дейді. Сонда қасында тұрған сахабалардың біреуі тұрып: " Я, Расулуллаһ! Жаннатқа баратын топ қайсысы ?", - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) : " Менің және асхабымның жүрген жолымен жүргендер ", - деп жауап береді.
Шындығында да әһли сүннет уәл-жамағаттың ақидада ұстанған жолы Пайғамбарымыздың бен сахабалардың ұстанған, жүрген, амал еткен жолымен бірдей екендігін кейінгі тақырыптардан байқауға болады.
" Әһли сүннет уәл-жамағат " терминін алғаш Әбу Ләйс ас-Самарқанди " Шәрхул фиқһил әкбар" атты еңбегінде қолданған.[2,б.22]
4.Талас-тартыcтың тілдік мағынасы - күш қуат, қаттылық, яғни дөрекілікпен жеңу дегенді білдіреді.
Терминдік мағынасы - белгілі құжат арқылы немесе қарсыласқа күмән салу арқылы жеңу дегенді білдіреді.
Шейх Мұхаммед Әмин Шанкити мужад кітабында бұл туралы:
"Ақидалық талас-тартыстың мақсаты ақиқатқа жету емес, керісінше күшпен жеңіп кету" [5.б6]
Талас тартыстар жайлы кейбір аяттар
Енді талас-тартыстар жайлы Құранда келген аяттармен танысалық:
Бірінші аятта Аллаһ Тағала:
وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا وَاذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ كُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا وَكُنْتُمْ عَلَى شَفَا حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ فَأَنْقَذَكُمْ مِنْهَا كَذَلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمْ آَيَاتِهِ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
"Түп түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ,
өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді" [1,3.103] Бұл аяттағы "Аллаһтың жібі" дегендегі мағына Құран Кәрім, Ислам діні. Оты лаулаған бір шұңқырға құлағалы тұрған адам арқанды мықты ұстап қалса құтылатынындай, тозақтың түбіне құлаудан құтылу үшін де Құран сөздерін, Исламды мықты ұстау қажет. Таласып-тартысып, жік-жікке бөлінудің қажеті жоқ. Бұл аят мұсылман әлемін біріктіру ұраны. Әр қандай бірігу бөлінуді жоқ қылумен пайда болады. Мұнан кейін бұлай істеудің қаншалықты дәрежеде адамдарға пайдалы екендігін ұғып білсе болады. Тәпсіршілеріміз жоғарыдағы аяттың түсу себебін төмендегінше түсіндіреді: "Шас ибн Қайс атты адам Аус және Хазраж рулары жиналып отырған жерден өтіп бара жатып, жәһилиет кезінде бір бірімен дұшпан болған екі топтың достық рәуіште бірігіп отырғанын көреді де оның қатты ашуы келіп: "Егер бұлар біріксе бізге күн бермес" деп ойлап, бір яһуди баланы шақырып алып : "Арабтардың ішіне барып отырып, оларға "Буас" атты күнді еске салып және сол туралы өлеңдерді оқып бер", деп жібереді. Ол бала барып екі рудың арасына от жағып, Буас күнін естеріне салады. Сонда отырғандар таласып тартысып қалады да: қару, қару деп дауыстап жібереді. Бұл жәйт Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құлағына жеткенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұһажірлер мен ансарларды ертіп алып Аус пен Хазраж руының алдына барып: "Мен араларыңда бола тұра, Аллаһ сендерді Исламмен құрметті етіп, надандықты жойғаннан кейін де, араларыңа достықты салғаннан кейін де бөлініп алып "Буас" күнінде Аус және Хазраж рулары қатты ұрысып қалып, ол ұрыста Аус руы Хазраж руын жеңген болатын. надандарша ұрыспақшысыңдар ма?" - дейді.
Адамдар дұшпанның сөзіне еріп ұрысып қалғандарын түсінеді де қолдарындағы қару- жарақтарды тастап, бір-бірінен кешірім сұрап, құшақтасып қол алысады. Жоғарыдағы аят осылайша түскен еді. Бұл аяттағы сөздер негізінен барша мұсылмандарға түскенімен сол кезде Аус және Хазраж руына тиісті түскен еді. Ендеше аяттың жалғасын талқылайық: "Сондай ақ, өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды". Ислам Аллаһтың адам баласына берген ұлы нығметі. Сол иләһи нығметпен дұшпандар дос-бауырға айналды. Бір біріне деген дұшпандықты тек Ислам ғана кетіре алады. Тек қана Аллаһтың арқаны болған Ислам дінін мықты ұстаған адам ғана бір-біріне діни бауыр бола алады. Өйткені, Аллаһ Тағала: "Оның игілігімен туысқа айналдыңдар", - деген. Аллаһ Тағаланың Ислам нығметі болмағанында адамдар бір-бірімен шынайы діни бауыр бола алмас еді. "Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді", - деген. Яғни адамдар Ислам дініне кірмес бұрын талас-тартыста, ұрыс-керісте, надандық үкімі астында едіңдер, сондай-ақ, қисық-қыңыр жолда едіңдер. Ол жол - Оттан бір шұңқырдың ернеуі еді. Аллаһ Өзінің ұлы нығметі болған бақыт жолы Исламға салып қойды да алаулы отқа құлаудан құтқарды.
Расында, Ислам діні таласып-тартысқандарды бірлестіру, ұрысып жатқандарды жарастыру мен дұшпандарды достастыруға қызмет ететін иләһи дәстүр. Аллаһтан келген бұл дін адам баласына тек жақсылық келтіретіндігі анық. Исламға өзін лайықтымын деп дағуат жасап жатқандар таласып-тартысса (ихтиләфтар тудырса), ұрысып, бір-бірлеріне дұшпандық қылса олардың өздері айыпты болады.
Екінші аятта: "Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке жолығасыңдар да күш-қуаттарың кетеді және сабырлы болыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сабырлылармен бірге" Мұсылмандар Аллаһқа және Оның Елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с) қаншалықты бой ұсынса, көптеген жетістіктерге қол жеткізе береді. Мұсылмандардың өзара таласып- тартысудан қашық болулары, Аллаһ Тағала мен Оның Елшісіне мойынсұнулары да көптеген жетістіктерге жету жолдарының бір амалы болып табылады. Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бой ұсынбай, өзара таласып-тартысудың соңы не іспен бітетіндігін Аллаһ Тағала жоғарыдағы аятта былайша баян етеді:"...өзара жанжалдаспаңдар, онда сәтсіздікке жолығасыңдар да күш-қуаттарың кетеді..." Аллаһтың сөзі - хақ. Ислам тарихында мұсылмандар қашан жеңілген болса, тек қана таласып-тартысу және өзара келіспеушілік салдарынан сол хәлге тап болған. Бұл мәселе төңірегінде имам Ғазалидің Жазайрдегі Ситиф қаласында болған жиналыста айтқан сөзін келтірмекшімін: "Аллаһ Тағала маған Ислам тарихын үйрену мүмкіншілігін берді. Бүгінгі күнде мен Ислам тарихын жетік үйрендім дей аламын. Аллаһтың атымен ант етейін мұсылмандар Ухуд күнінен бастап, бүгінгі күнге дейін сыртқы дұшпаннан жеңілген жоқ. Мұсылмандар қашан жеңіліске ұшыраған болса, тек қана таласып-тартысу және өзара ішкі келіспеушілік салдарынан ғана жеңіліске ұшыраған" Аят жалғасында Аллаһ Тағала былай дейді: "... және сабырлы болыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сабырлылармен бірге". Демек арада талас-тартыс туындамау үшін сабыр керек. Сабырсыздық мұсылмандар арасында түрлі талас-тартыстар мен ұрыс-керістердің шығуына себеп болады. Аллаһ сабыр етушілермен бірге, сабыр етушілерді түрлі жамандықтардан сақтайды. Сабыр етпей шыдамсыздық танытқандар талас-тартыстардың жамандығына жолығады.
Үшінші аятта:
فَأَقِمْ وَجْهَكَ لِلدِّينِ حَنِيفًا فِطْرَةَ اللَّهِ الَّتِي فَطَرَ النَّاسَ عَلَيْهَا لَا تَبْدِيلَ لِخَلْقِ اللَّهِ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ (30) مُنِيبِينَ إِلَيْهِ وَاتَّقُوهُ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُشْرِكِينَ
"...Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар. Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар"[1,30.30-31]. Демек, дінде бөлініп, таласып-тартысу мүшріктердің ісі болып саналады екен. Топ-топ болып бөлініп алып, талас-тартыс шығарып, өзара айтысу да мүшріктердің ісінен болып табылмақ. Әрбір топ өз алдындағы мәселелерден шаттыққа бөленіп, басқаларды өзінен төменсіту де ортақ қосушылардың амалын істеушілерден болып табылады екен.
Төртінші аятта:
إِنّ الَّذِينَ فَرَّقُوا دِينَهُمْ وَكَانُوا شِيَعًا لَسْتَ مِنْهُمْ فِي شَيْءٍ إِنَّمَا أَمْرُهُمْ إِلَى اللَّهِ ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا كَانُوا يَفْعَلُونَ
"Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ. Сөзсіз олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін оларға істеген істерін түсіндіреді".[1,6.159]. Бұл аятта Аллаһ Тағала бөлінуге және өз алдына топтасуға алып баратын істерді Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) жолынан бөлек екендігін айтып тұр. Және бұл аятта Аллаһ Тағала мұндай нәрселерді Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмметіне лайық емес іс екендігін ескертуде.
Бесінші аятта,
إِنَّ الدِّينَ عِنْدَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ وَمَنْ يَكْفُرْ بِآَيَاتِ اللَّهِ فَإِنَّ اللَّهَ سَرِيعُ الْحِسَابِ
Пәлекетке жолыққан әһли кітап иелерінің әрекетін бізге өнеге етіп: ".Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті". [1,3.19] .Бұл аяттың білдіруінше талас тартыстардың себебі өзара көре алмастық пен күншілдіктен екен. Сонда бізге таласып-тартысу өзге діндерден мұра болып қалғаны ма?
Алтыншы аятта:
وَلَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ تَفَرَّقُوا وَاخْتَلَفُوا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْبَيِّنَاتُ وَأُولَئِكَ لَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
"Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар" Иә, көзімізді ашып, өз-өзімізді түзетуіміз қажет. Ислам дініміз арқылы өзімізге ашық дәлелдер келгеннен соң да бөлініп, бір-бірімізбен тартысып, ұрыс-жанжалға бас қоя берсек қатты азапқа душар болып қаларымыз анық.
Таласып-тартысу жайлы кейбір хадистер
Енді таласып-тартысудың жамандығы жайлы Пайғамбарымыздан келген кейбір
хадистерді біліп алайық:
Бірінші хадис:
Имам Мүслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Таласып-тартыспаңдар, жүректерің қайшыласуға бейім болып қалмасын", - деген. Біз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қайтарған нәрселерден қайтуымыз шарт. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізді таласып-тартысудан қайтарып тұрған болса, ал біз оған қарамай өзара таласып-тартыса беретін болсақ не болады?! Бұл хадисте таласып-тартысудың кесір боп тиетіндігі білдіріліп тұр. Бұл - жүректердің қайшыласуға әдеттеніп қалуына әкеп соғады.Иә, бір-екі рет таласып- тартысқаннан кейін, оның әсерінен жүрек қайшыласуға бейім болып алса, Аллаһ бетін аулақ қылсын, ондай жүрек иелері күмәнсіз бастарын келіспеушілік пен ұрыс-жанжалдардан шығара алмай қалады.
Екінші хадис:
Абдуллаһ ибн Амр (р.а) риуаят еткен хадисте: "Бір күні Пайғамбардың (с.ғ.с) алдына күн қайнап тұрған кезде барған болатынмын, бір аят жайлы таласып-тартысып жатқан екі кісінің дауысын естіп қалдым. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) шықты, жүзінен ашулы екендігі байқалып тұрды Ол: - "Әлбетте сендерден бұрынғы өткендер Кітап жайлы таласып-тартысқандары үшін пәлекетке ұшыраған" - деді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өз сахабаларының екі кісі бір аят жайлы таласып- тартысқанда ашуланғаны жәйдан-жәй емес екен. Өйткені, ол екеуі өздері сезбеген халде тарихтағы ең үлкен қателердің бірін істеп жатқан еді. Ол болса, Аллаһтың кітабы жайлы таласып-тартысу еді. Бұрынғы өткен үмметтер Аллаһтың кітабы жайлы таласып-тартысқаны үшін пәлекетке жолыққан екен. Егер біз де сол істі жасайтын болсақ, сол қауымдардың қате істерін қайталаған болмаймыз ба?
Үшінші хадис:
Имам Бұхари риуаят еткен хадисте Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) мыналарды айтты: "Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) есіткен аяттарды бір кісінің мен естігеннен өзгеше қырағат етіп оқып жатқандығы есітіп қалдым да оның қолынан жетелеп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына алып бардым. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Екеуіңдікі де дұрыс" - деді. Шұғба, таласып-тартыспаңдар. Расында, сендерден бұрынғылар таласып-тартысты да пәлекетке жолықты, деп айтты". Демек, дінімізде бір нәрсені екі түрлі орындауға мүмкін болатын жайлар да бар екен. Белгілі бір аяттарды Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) бір түрде қырағат етсе, Шұғба есімді сахаба (р.а) басқа түрде қырағат етіп жатқандығы айтылған. Кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына барғанында: "екеуіңдікі де дұрыс" - деген. Бірақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұндай мәселе жайлы таласып-тартысудан қайтарып отырған. Міне, құрметті де ізетті мұсылман бауырлар, мұсылманның таласып-тартысуы харам екендігі жайлы және ешкім ешуақытта таласып-тартыспауы керектігі жөнінде дәлел болатын кейбір аяттар мен хадис шарифтерден хабардар болдық. Ендеше өз-өзімізге ынсап қылып бір сұрақ қойып көрейікші: Құран мен сүннетпен жүреміз дегеніміз қайда және амалымыз қайсы? Сол насихаттап жүрген нәрселеріміз, оны орындау да, орындамау да сүннет болған істе талас-тартысты қозғап, бірнеше аят-хадистерге қарсы шығып, харам істі қылғанымыз Құран мен сүннетке амал ету деп аталады ма? Сондықтан да ғұламалар бір сөзді айтудан немесе бір істі орындаудан бұрын оны жақсылап зерттеп, егер ол зиян алып келмейтін болса, сосын барып кірісуге болады деген. Істесе сауап, істемесе күнә болмайтын сүннет амалы жайлы таласып-тартысудың соңы харам іске алып барады. Бұл дініміздің үкімдерін толық білмегендіктен. Не үшін біз Құран және сүннетке амал ету істерінде кішкене ғана нәрседе таласып-тартысамыз да, ал Құран және сүннетте ең басты мәселелердің бірі боп табылатын мұсылмандардың бірлігі жайлы бұйрықтар мен тыйымдарға амал етпейміз?
Енді, талас-тартыcтардың шығуына себеп болған кейбір мәселелерді таразыға салып, талқылап көрсек. Оларды ғұламаларымыз қалай түсіндірген екен? Сол жайлы білгіңіз келсе құлақ түріп көріңіз.[17,б.29-39]
Төртінші хадис:
"Жақында бүліктер шығады , (сол кезде) отырған (кісі) түрегеп тұрғаннан, түрегеп тұрған, жүріп бара жатқаннан, жүріп бара жатқан жүгірушіден жақсырақ. Ол (бүліктер) өзіне ұмтылғанды опат етеді, сондықтан, кім олардан құтылар не паналар жер тапса, соны паналасын.", - деген хадисі бар[16,б.114].
Бесінші хадисте:
Аллаһ елшісі (с.ғ.с) айтады:
"Мен, ақиқат екендігіне сенімді бола тұра талас-тартыстан бас тартқан адамға жаннаттың маңайынан, әзілдеп болса да өтірік айтпаған адамға жұмақтың ортасынан және көркем мінез-құлық иесіне жаннаттың ең төрінен үй нәсіп болатындығына кепілдік беремін ".[9,б.23]

1.3 Әһли сунна уәл жамағаттың кейбір ақида мәселелеріндегі ақидалық талас-тартыстары.

Бірінші: мазһабтар қарама-қайшылығы жайында:
Мұсылман елдеріндегі фикһи мазһабтар арасында кездесетін қарама-қайшылықтар екі түрлі:
1.Ақида жайындағы ақидалық талас-тартыстар.
2.Фиқһтағы кейбір мәселелерге қатысты ақидалық талас-тартыстар.
Бірінші: Сенімге қатысты қарама-қайшылықтар:
Бұл іс бұрындары Ислам жұртына бәле-апаттар алып келген, мұсылмандардың қатарын бұзған және бөлінуге әкеп соқтырған ең үлкен қайғы. Бұл өте қатты өкінішке ұрындыратын және мұндай болмауы уәжіп болған іс. Ислам үмметі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с) дәуіріндегі және әділетті халифалар кезеңіндегі тура және таза Ислам діні болған "Аһли сүннә уәл жамаға" мазһабында бекем болуы шарт. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Сендерге менің сүннетімді және әділетті халифалардың сүннетін ұстану керек. Ендеше, оны мықтап ұстаңдар" деп бұйырған.
Екіншісі: Фиқһи мазһабтардың кейбір мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар:
Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік ғылыми себептері бар. Бұл нәрседе Аллаһ Тағаланың үлкен хикметі, пенделеріне деген мейірімі және шарғи дәлелдерден үкім шығаруға кең мүмкіншілік бар екенін түсінуге болады. Сондай-ақ, бұл нәрсе бір нығмет және фиқһи-заңды байлық болып, Ислам үмметін діни және шарғи істерде кеңшілікке жеткізеді. Сонда ғана шариғат бір жақты ғана болып, басқа мазһабқа өтуге болмайтындай бекітіліп, құрсауланып қалмайды. Қайта керісінше үмметке кей уақыттарда және кей істерде фақиһ имамдардың мазһабында таршылық болып жатса, басқа мазһабта кеңшілік, ыңғайлылық және жеңілдік табылады. Атал-мыш нәрсе ғибадатқа, қарым-қатынасқа (сау-да секілді) немесе отбасы, не болмаса қылмыс-тық істерге, сондай-ақ өмірдің басқа да жәйттеріне байланысты болуы мүмкін. Мазһабтардың осы екінші түрлі қарама-қайшылықтары - фиқһи таласып-тартысу болып саналады. Бұл дініміздің кемшілігі де, қарама-қайшылығы да емес. Мұндай қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Өзінің толық фиқһи, ижтихадты тырысушылық және заңды жүйеге ие болған әрбір мазһабтың фиқһи ижтихадында (тырысуларында) қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Егер біз өткен тарихымызға үңілер бол-сақ, мұндай қарама-қайшылықтардың туындауы заңдылық екенін түсінетін боларсыз. Себебі қолданыстағы негізгі дәлелдер көбіне бірнеше мағынаны қамтиды.
Адамдар арасындағы талас-тартыстардың пайда болу себептері:
1. Тақырыпқа кең көз-қараспен қарамау
Даналардан мынадай сөз қалған екен:"Адамдар хаққа бүкіл тарапынан жетпегені сияқты, бүкіл жағынанда қателеспеген". Тақырыпқа кең көз-қараспен қарамауға байланысты мысал келтіретін болсам:
Соқыр адамдардың пілді сипаттағаны сияқты. Соқыр адамдардың бір тобы пілдің аяғына қолдарын қойып былай дейді:"Расында бұл хайуан ұзын домалақ құрма ағашына ұқсайды", - деді. Ал оның арқасына қолын қойған тобы:"Расында бұл хайуан биік дөнпешік немесе биік жер секілді", - деді. Сол секілді соқыр адамдар пілдің әр жеріне қоюына байланысты әр түрлі етіп сипаттайды. Бұл талас-тартыстардың жеңіл түрінен саналады. Өйткені, талас-тартысқа толыққанды қараған кезде талас-тартыстың себебі жоғалады.
2. Біреуге дәлелсіз еруде қатып қалу.
Бұны Құран-Кәрімнің көптеген аяттарынан көре аламыз. Мысалы адасушылардың, надандардың ата-бабаларының дініне ешбір дәлелсіз ерулері сияқты.
3. Өз пікіріне қатып қалу
Бұны да Құран-Кәрімнің көптеген аяттарынан көре аламыз. Мысалы пайғамбарымыз бен меккелік мүшриктер арасындағы болған диалогтарынан көре аламыз.
قَدْ نَعْلَمُ إِنَّهُ لَيَحْزُنُكَ الَّذِي يَقُولُونَ فَإِنَّهُمْ لَا يُكَذِّبُونَكَ وَلَكِنَّ الظَّالِمِينَ بِآَيَاتِ اللَّهِ يَجْحَدُونَ
"Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Алланың аяттарына қарсы келеді"[1,6.33]
Имам ибн Кәсир осы аятқа байланысты былай деген екен:"Аллаһ Тағала пайғамбарымызға тигізіп айтты:"Біз сені қауымың жоққа шығара алмайтындай іліммен қоршаймыз. Негізінен олар сені жоққа шығармайды. Бірақ олар сен алып келген хақ дінді жоққа шығарады", - деді".
Сол секілді Ахнас Әбу Жаһилден сұраған екен:"Ей, Әбу Жаһил Мұхаммед шыншыл ма, өтірікші ме жайында хабар берші ", - деді. Әбу Жаһил сол кезде:"Ей, Ахнас саған бәле болсын! Аллаһқа қасам, расында Мұхаммед шыншыл. Біз оны жалғаншы демейміз. Бірақта Бану Хашимге пайғамбарлық, басшылық өтсе, қалған қурайштықтарға не қалады", - деді.
Негізінде әһли сунна уәл - - жамағаттың ақида мәселелерінде талас тартыстар бар, бірақ олар негізгі мәселелерде емес, тармақты мәселелерде орын алады. Мысал келтіретін болсақ, Пайғамбарымыздың (с.а.ғ) миғражға көтерілген кезде Аллаһ Тағаланы көрді ме, әлде көрмедіме дегендей. Ал ахиреттегі мұсылмандардың Аллаһ Тағаланың жүзін көруінде ешбір талас тартыс жоқ.
Әшғари мен Матуриди мектептерінің пікірталас майдандары бір болғандықтан, олардың ортақ ұстанымдары ғана емес, шариғатты түсіндіру тәсілдері де бір-біріне ұқсайтын. Десек те, екі мептептің пікірталастағы кейбір әдістемелік ерекшеліктері мен ұстанымдағы айырмашылықтары болды. Бірақ зерттеушілердің көпшілігі Матуриди мен Әшғари мектепртің пікірлерінде айта қаларлық өзгешелік болмағандығын білдіреді. Мысалы, Шейх Мұхаммед Абдуһ Әшғари мен Матуриди мектептері арасындағы ерекшеліктер үлкен қарама-қайшылық туғызбайтынын айтқан. Бірақ екі мектептің кәләм іліміне қатысты көзқарастарын талдар болсақ, олардың пікірлерінде азды-көпті айырмашылық барын байқаймыз. Екі имам да Құран Кәрімді зерттеу барысында ақыл мен қисынға мейлінше арқа сүйеген. Оларың бірі екіншісіне қарағанда ақылға көп арқа сүйеді. Әшғари мектебі Алла тағаланы Құран, хадис арқылы тануға көбірек мән берсе, Матуриди мектебі Имам Ағзамның жолын ұстанып, Алланы ақылмен тануға көберек бейімділік танытты. Әшғари мептебі ақыл-ой бір нәрсенің жаман-жақсысын шариғатсыз ажырата алмайды десе, Матуриди мектебі шынайы ақыл жақсы-жаманды өздігінен ажырата алатынын айтады. Имам Матуриди ақиқатқа жету үшін ақылды қолданғанда, әсіре сілтеп жібермей, ақыл мен қисынға орнымен жүгінеді. Ал Имам Әшғари мен оның ізбасарлары нақылға (Құран мен сүннетке) көп мән беруімен ерекшеленген. Осыларға орай, Матуридилікті мұғтазила мен әшғарилік арасындағы ақида мәзһабы деп түюге негіз бар. Ал әшғарилік - мұғтазила мен фиқһ, хадис ғалымдарының арасындағы мәзһаб. Имам Матуриди ақылға шариғаттың шеңберінде жүгінді. Нақылмен бірге ақылды да ақиқатты танудың қайнар-көзі деп білді. Әшғари мектебі де ақиқатқа дәлел келтіруде нақылға ақылды сүйеніш еткен. Бірақ ол ақылды ақиқатты танудағы нақылға көмекші құрал ғана деп түсінді. Ал Матуриди мектебі ақылды да сенім мәселелеріне қатысты дәлел келтірудің дербес қайнар-көзі деп білді, бірақ мұғтазилиттер секілді нақылсыз жалаң ақылмен ақиқатты табуға бас қойып қателікке ұрынбады.
Тағы да мысал келтіретін болсам
Имам Матуриди Алла пендесіне күші жетпейтін нәрсені жүктемейді және оны күші жетпейтін істен жауапты қылмайды. Себебі, Құранда былай дейді: "Алла кісіге шамасы келмейтінді жүктемейді"[1,2.286]. Ал Имам Әшғаридың пікірінше, Алла қаласа, пендеге күші жетпейтін нәрсені бұйырып, оған жауапты етуі мүмкін. Имам Матуриди адамның ақылымен Алланың бар және бір екенін білуі парыз десе, Имам Әшғари парыз емес деді. Матуриди бойынша діни үгіт-насихат болсын-болмасын адам Алланы ақылымен тауып, сенуі керек. Мысалы, тау басында өмір сүрген адам біздің сеніміміз бойынша Алланың бар екендігін ақылымен тауып, оған сенуі керек. Бірақ оған дінді ешкім үйретпегендіктен мұндай жағдайда ондай пенде діни міндеттерден жауапқа тартылмайды. Әшғарилер бойынша діни үгіт-насихат жасалмаған жердегі адамдар Алланы ақылымен тауып, оған иман келтіруге міндетті емес.
Кәсіп жайында:
Адамдар белгілі бір пайдалы немесе қандай да бір үлеске жеткізетін нәрсені-кәсіп деп атайды.
Ибн Кәмәл кәсіб туралы өз сөзінде:
"Кәсіб дегеніміз - бір пайдалы нәрсеге жеткізетін немесе зияндықты кетіретін іс."
Негізінде Матуриди мазһабының үлкен ғалымдары Әшғари мазһабының ғалымдарымен пенденің ісі Аллаһ Тағаланың құдіретімен (қалауымен) орын алатынына келісті. Бірақта кәсіптің мағынасында ихтилафқа түсті.
Матуридилықтардың пікірі:
Матуриди ғалымдары бекітті пенденің ісінде (жақсы немесе жаман болған) қалауы мен құдіреті барлығын, бірақта ісін жаратуда әсерінің жоқтығын. Бұл құдіреттің мақсаты мен қалауы істеген іске тиісті болады. Аллаһ Тағала пенденің іс-әрекеті үшін құдірет жаратып береді, ал оның (істің) нәтижесі пенденің өзіне тиісті болады.
Сонымен қатар матуриди ғалымдары пенденің (дүниеде мақталған немесе датталған, сол секілді ахиретте сауаб не жазаға лайық қылдыратын) ісінде қалауының барлығын бекітіп өтті. Және де олар пенденің ісі Аллаһ Тағаладан бөлек деп қарастырмады.
Әшғарилықтардың пікірі:
Әшғари ғалымдары пенденің құдіреті (іс-әрекет онымен жүзеге асатын) жаратылмағандығын келтіріп өтті. Және де пенделердің істерін өз қолдарымен жүзеге асыратынын әрі сол істеріне жауабты екенін айтып өтті. Әшғари ғалымдар сонымен бірге Аллаһтың құзырында кулли қалау барлығын, ал қалған нәрселерде тек жузи қалау барлығы жөнінде пікір білдірді.
Кәпір нығметтен ме әлде нығметтенбейді ме жайында:
Бұл мәселеде Матуриди және Әшғари ғалымдары өзара ақидалық талас-тартысқа түсті. Сол секілді бұл нығмет дүниелік не ахиреттік немесе нығмет хақиқи не мажази тұрғыда ма екендігінде де ихтилафқа түсті.
Матуриди ғалымдарының пікірі:
Матуриди ғалымдары кәпірдің тек дүниелік нығметпен нығметтенетінін айтып өтті. Мысалы Әбу Ханифа өз сөзінде :
"Расында кәпір бұл дүниеде нығметтенеді. Аллаһ Тағала оған ашық және жасырын қуат бергені сияқты, белгілі-бір дүние мүлікте береді ".
Әшғари ғалымдарының пікірі :
Әшғари ғалымдары кәпірдің дүниеде, дінде тіпті ахиреттеде нығметтенбейтінін айтып өтсе, имам Әшғари былай деп келтіреді:
"Расында Аллаһ Тағала кәпір адамды бұл дүниеде де ахиретте де нығметтендірмейді. Ал дүниенің нығметтері тек Аллаһ құлшылық етумен орын алады. Ал егер балиғатқа жеткен біреудің нығметтенгенін көрсең ол нығмет емес ол тек бос нәрсе болмақ."
Жоғарыдан байқағанымыздай бұл мазһабтар арасындағы келіспеушіліктер аса үлкен емес. Негізінде Әшғари ғалымдары кәпірдің нығметтенбейді деп айту себебі олар нығметке яки нәтижеде пайда беретін, пайдалы болатын нәрсе ретінде қарастырудан туындады. Ал Матуриди ғалымдары нығметтің затын түсіну үшін оны жалпы емес жеке дара бөліп қарастыру себебіне туындады. Қазіргі таңда лафзи талас-тартыстарды кездестіруге болады. Жоғарыдағы ақидалық талас-тартыстар осылардың қатарына жатады. Және жоғарыда айтылып өткен ақидалық талас-тартыстарда өзара келіскен әдіс тәсілдер бар.
Қорыта айтатын болсақ, негізінде Әһли сунна уал жамағат арасында талас-тартыстар бар. Бірақта олар тек тармақты мәселелерде. Яғни бұл таластар негізгі мәселелерді қуаттаушы болып келеді. Және де олар тармақты мәселелер болғандықтан айтарлықтай қиындықтар тудырмайды. Тіпті пайғамбарымыздың хадисінде ихтилафтарда рахмет бар екендігі айтылып өтеді. Және олар қолданылатын әдіс тәсілдерге қарама қайшы келмейді. Бұл мұсылман үмметі тән нәрсе, жаңадан қосылған бидғат нәрселер емес. [4.б.167-169 ]

2. АҚИДАЛЫҚ ТАЛАС-ТАРТЫСТАРДЫҢ ӘДЕПТЕРІ

2.1 Ақидалық талас-тартыстардың әдептері

Ақидалық талас-тартыс пен диалогтың арасындағы ұқсас жерлері екі тараптың бір-бірімен тілдесіп, пікір алмасуы. Ақидалық талас-тартыста да өзара пікір алмасқанымен, өзінің пікірін жақтап қарсыласты жеңуге тырысады. Яғни тартысушы өзінің бір беткейлігімен, қырсықтығымен, өз пікірімен шектеліп қалады.
Ақидалық талас-тартыс пен тартыстың айырмашылығын қасиетті Құран-Кәрімнен көре аламыз. Жалпы ақидалық талас-тартыс сөзі Құран-Кәрімде жиырма тоғыз жерде зікір етіледі. Оның жиырма алтысы жаман, жағымсыз көріністермен сипатталса, тек үш жерде ғана жақсы сипатпен келген.
ادْعُ إِلِي سَبِیلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُم بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ
"Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес".[1,16.125]
وَلا تُجَادِلُوا أَهْلَ الْكِتَابِ إِلا بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ
"Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.)" [1,29.46]
قَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّتِي تُجَادِلُكَ فِي زَوْجِها
"(Мұхаммед Ғ.С.) расында Алла, ері жайында Аллаға шағып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді"[1,58.1]
Қалғандары болса не наразылық кейпінде немесе ілім талаб ету, хаққа жету мақсат етілмейді. Мысалы Құрандағы кәпірлердің пайғамбарларды мойындамағаны секілді:
قَالُوا يَا نُوحُ قَدْ جَادَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَالَنَا
Олар: "Әй Нұх! Рас бізбен жанжалдастың, сондықтан тартысуды көбейтіп жібердің.
Негізінен таласу Құран-кәрімде жалпы бұйырылмаған, әрі мадақталмаған болып есептеледі. Ал егер талас басқарылмайтын болса ол жаман болып есептеледі. Бұл сөзімізді қуаттайтын пайғамбарымыздың (с.а.с) мына бір хадисін келтірсем
مَا ضَرَبُوهُ لَكَ إِلَّا جَدَلا بَلْهُمْ قَوْمٌ خَصِمُونَ
"Бір қауым тура жолға түскеннен кейін, одан тек қана ақидалық талас-тартысқа жолығумен адасады", кейін мына аятты оқыды":
"Олардың саған бұны айтулары жанжал үшін ғана.Өйткені олар құйқар ел"[1,43.58]
Бұл жерде диспут пен ақидалық талас-тартыс арасындағы сәйкестік. Яғни диспут дилог түрлерінің бірі болып есептеледі. Бірақ диспуттың анықтамасына қайтатын болсақ, оның ғылыми нақты дәлелдерге және логикалық шарттарға сүйенетінін ашып көрсетеді.
Диспут тілдік негізде - бақылау және қарсылас деген сөздерден тұрады.
Ал терминдік мағынасында өзара бір-бірімен таласу жағдайындағы адамдардың халін зерттейтін ілім, ол екеуінің ақидалық талас-тартыс пен диспут арасындағы зерттеу тәртібі хақты көрсету мақсатында, сауаб жолында болады. Жалпы ақидалық талас-тартысты диспуттан бөлек деп айтуға болады.
Сауабқа жету мақсатымен жауаб беру ретінде немесе жоққа шығару ретінде таласушы екі адамның бір істі бекіту үшін дәлел келтірулері екі диспутқа түсуші адамның арасындағы қарсыластықтың болуы орын алады.
Пікір - сөздік мағынада талас және ой деген мағыналарды береді. Пайғамбарымыздың хадисінде келгенде:.
"Яғни, тікен кірсе жұлынбайды" - деген мағынада.
Талас есеб беру және терең зерттеу - деген мағыналарда да келеді. Бұған сәйкес хадис келтіретін болсақ:
"Кім таласқа түссе соңы өлім болады."
Пікір талас ол - екі жақтың немесе екі тұлғаның арасындағы ақидалық талас-тартыстың бір түрі. Бірақ ол қорытындыны терең зерттеудің негіздеріне, және қателерді ашудың және оларды шығарып тастаудың негіздеріне құралады. Әдетте бұл терең зерттеу.Басқа тараптың барлық нәрсесін үйреніп алған және оған есеп беру жағынан терең зерттеген екі тараптың тек біреуінің ізгілігі үшін болады.
Ақидалық талас-тартыстың мақсаты сөз бен ойдан бұзықшылықты және күмәнді кетіру әрі дәлел келтіру болып табылады. Ол екі таласушы адамның ақиқатты тануға жәрдемдесуі. Және бір тараптың қарсыласынан жасырған нәрсесін ашу үшін ақиқатқа жету. Және хаққа жету үшін дұрыс дәлел келтіру жолын ұстану. Имам хафиз Заһаби айтады:
"Расында мен диспуттың негізін салдым хақты ашу үшін және зерек ғалымның өзінен басқаларға ілімнен пайда беру үшін және әлсіз мақұрым адамдарды ояту үшін". [5,б.6-8]
Ақидалық талас-тартыстартың мақсаты төмендегіше болу керек:
1) Құжат, дәлел келтіру: Ақидалық талас-тартыстағы дәлел келтірудің мақсаты - сөз бен ойдан күмән мен бұзықтықты кетіру, хаққа жету үшін дұрыс дәлелді жолмен жүру.
2) Дағуат қылу. Бұл жайында Аллаһ Тағала қасиетті Құран-Кәрімде былай дейді:
ادْعُ إِلَى سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ
"Адамдарды Раббыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес"[1,16.125]
3) Көз-қарастың сәйкес келуі: Ақидалық талас-тартыстың жемісінен саналады - таластың тұзағын тарылту. Көз-қарастың сәйкес келуі, әки жеккөрушілік көбейген заманда тараптарды разы қылатын ортақ мәселені шешудің болуы.
4) Хақты көрсету үшін және жалғанды жою үшін жалғаншыларға күмән мен қарсы шығушылықты ашып көрсету:
وَكَذَلِكَ نُفَصِّلُ الْآَيَاتِ وَلِتَسْتَبِينَ سَبِيلُ الْمُجْرِمِينَ
"Осылайша күнәкарлардың жолы анықталу үшін аяттарымызды ашалап баян етемі." [1,6.55]
Негіздер және ақидалық талас-тартыстың жолын анықтайтын басты қағидалар.
Негіздер:
1)Хаққа жету: хақты талап еткенде нәпсі құмарлық пен бір нәрсеге қатып қалудан сақтану керек. Басым ойды көрсетіп жалғанмен күресу қажет.
Имам Ғазали хақты талап етудің белгілерін айтқан кезде:
Хақты талап еткен кезде адасушылыққа шақыру ұқсау - өзіндегі адасушылық пен оған жәрдемдескен адамдағы адасушылықты көрсетудің арасын ажырата алмайды. Оның оған жеңіссіз Аллаһ разылығы үшін жолдасы көмектестім деп ойлайды. Егерде оған қатесін көрсетіп, хақты оған білдірсе оған рахмет айтады.
2)Ақидалық талас-тартыстың мақсаты мен үкімің шегі: Расында ақидалық талас-тартыстардың көбісі үзілмейтін шекті нүктесі жоқ, терең ақидалық талас-тартысқа жетелейді.
3)Қайтатын бір негізге келісу: Әр мұсылманның сүйенетін негізгі нәрселері кітап пен сүннет және оларды түсінудегі қолданатын тәсілдер болып табылады. Аллаһ тағала ол екеуіне жүгінуді Құран-Кәрімде әмір еткен.
فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآَخِرِ ذَلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا
"Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар. Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы".[1,4.59]
Ақидалық талас-тартыстың жолын нақтылайтын және оны жетістікке жетелейтін қандай да бір ғылыми таласқа кіріспестен бұрын көз-қарас пен дәлел келтірудің тәсіліне бір ауыздан келісу керек. Олай болмаған жағдайда ақидалық талас-тартыс шегі жоқ мағынасыз дауға ұласады.
4) Негізгі нәрсеге еліспестен бұрын тармақты нәрселерге таласудың болмауы: Негіздердің келісілген және нақтыларының маңыздыларынан бастау керек. Кейін одан тармақты мәселелерде таласуға және оның айналасында ақидалық талас-тартыс жүргізуге өтуге болады. Өздігімен ақидалық талас-тартыс жүргізудің әдебі бұл жерде ақидалық талас-тартыс жүргізушімен тұлғаның өзімен байланысатын әдептер бар. Ақидалық талас-тартысқа кенеттен келетін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Суфизм (сопылық)
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Ислами тәрбие беру
ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МІНДЕТТЕР
Тәрбие және оның даму тарихы
Қоғам және дін
Ислам дәуірінің жаңа кезеңі
Пәндер