Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері



КІРІСПЕ 6

1 КОРПОРАЦИЯ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1.1 Капиталдың экономикалық мәні мен мазмұны 8
1.2 Корпорация капиталының сыныптамасы және капиталды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері 13
1.3 Корпорация капиталын басқарудағы қаржы менеджментінің ролі 21

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ЭЛ.БИ.КАЗАХСТАН» ЖШС МЫСАЛЫНДА КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ 34
2.1 «Эл.Би.Казахстан» ЖШС.нің қаржылық нәтижелерін талдау 34
2.2 «Эл.Би.Казахстан» ЖШС.нің негізгі және айналым капиталын 2012.2014 жж тиімді басқарылуын талдау 41
2.3 «Эл.Би.Казахстан» ЖШС.нде меншік және қарыз капиталын басқару ерекшеліктері 49

3 КОРПОРАЦИЯ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАҒАЛАУ 58

ҚОРЫТЫНДЫ 65

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық – шаруашылық қызметіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз мойындарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттарын тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында сырттан қаражат тартуларына тура келеді. Демек, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар – бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады. Ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы – капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың мақсаты
Ел басының жолдауына сәйкес, корпоративтік секторды дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы, соған байланысты капитал құрылымын оңтайландыру мәселелері маңызды болып танылады. Албұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігінде күмән жоқ деуге болады.
Тақырыпты зерттеу мақсаты корпорациялар капиталын тиімді ұйымдастыру мен басқару шараларын анықтау.
1. Басовский, Л.Е. Экономическая теория: Учебное пособие / Л.Е. Басовский, Е.Н. Басовская. - М.: ИНФРА-М, 2013. - 375 c.
2. Грязнова А.Г., Соколинский В.М. Экономическая теория: учебное пособие – М.: Кнорус, 2014. – 464 с.
3. Көпешова Б.Қ. Корпорациялар қаржысы. Қазақ Университеті. Алматы,2010
4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И.. «Бухгалтерский учет на предприятии». Алматы, 1998.
5. Жуйриков К.К.,Раимов С.Р. Корпоративные финансы; Алматинская академия экономики и статистики, 2004г.
6. Есенгельдин Б.С., Ақбаев Е.Т. Қаржылық менеджмент: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 298 бет
7. Өмірбаева З.М. Бухгалтерлік есепке әдістемелік жинағы. Оқу тәжірибелік құрал. Қарағанды қ. 2013 ж. 350 бет.
8. Көкебаева А.М., Оспанов Е.Ж., Мырзабекқызы Қ., Алиева Г.Д.. Қаржы.- Түркістан, Тұран 2012 ж. 197 бет.
9. Павлова Л.Н., «Финансы предприятий», М. Издательское объединение «ЮНИТИ», 2012г.
10. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. – Алматы 2010– 670 бет
11. Өсербайулы С., Қалымбекова Ж.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы – Алматы, ЭБФ, ОЛ 2007
12. Мендалиева, С.Е. Қаржы менеджменті [Электронный ресурс]: оқу құралы. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті.- Астана: ҚазЭҚХСУ БПО, 2011.- 272 б.
13. Тургулова, А. К. Финансовый менеджмент: учебное пособие. - Алматы: ТОО Издательство LЕМ, 2010. - 324 с
14. Волков А.А. Формирование приемлемой структуры капитала компании − условие роста ее инвестиционной привлекательности //Проблемы современной экономики, N 2 (22), 2013
15. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2009 г.
16. Джаксыбекова Г.Н. Ключевые факторы, определяющие стоимость компании // Экономика. Финансы. Исследования // Ежеквартальный экономический журнал АО «Институт экономических исследований» и Министерства экономики и бюджетного планирования РК, 2012. - №1 (9).
17. Мальцев А. С. Оптимизационные методы управления ликвидностью компании // Финансовый менеджмент. - 2013. - N 3. - С. 16-29.
18. Коптева Е.П. Теоретические и методологические основы формирования политики управления пассивами предприятия. // Российское предпринимательство. № 11 Вып. 1 (195) 2013 год,cтр. 86-90
19. Ермекбаева Б.Ж., Купешова Б.К. Корпоративные финансы: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 80 с.
20. Джаксыбекова Г.Н. Финансовый мониторинг. Оценка стоимости компании: Учеб.пособие.- Алматы: «Эрекет-Принт», 2009. - 339 с.
21. Евстафьева, Е.М. Зарубежная практика формирования учетно-аналитического обеспечения управления собственным капиталом коммерческих организаций / Евстафьева Е.М.// Международный бухгалтерский учет.- 2011.-№ 36
22. Өмірбаева З.М. Бухгалтерлік есепке әдістемелік жинағы. Оқу тәжірибелік құрал. Қарағанды қ. 2008 ж. 350 б.
23. Асқарова Ж.А. Бизнесті бағалау. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті – 2009.
24. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник / Под ред.Е. С. Стояновой. - 5-е изд., перераб. и доп. - М.: Изд-во «Перспектива» 2009. -656 с.
25. Павлова Л.Б. Финансовый менеджмент. Управление денежными оборотами предприятия. – М. -Банки и биржи, ЮНИТИ, 2013. – 140с.
26. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности . -М. : Финансы и статистика, 2012. - 512 с.
27. Кусаинов К.К. и др. Финансовый анализ состояния предприятий в условиях рыночных отношений: Учебное пособие: Кокшетау 2011 г.
28. Кандинская О.А. Управление финансовыми рисками: поиск оптимальной стратегии. – М.: Консалтбанкир, 2013
29. Кадерова Н.Н. Корпоративные финансы Издательство: Алматы: Экономика, 2008
30. Михель, Э. Э. Корпоративные финансы: учебное пособие / Э. Э. Михель и др. - Алматы : Азия-Принт, 2010. - 400 с
31. Сапарова, Б. С. Финансовый менеджмент : учебник; НИИ Финансово-банковского менеджмента при КазЭУ им. Т. Рыскулова. - Алматы : Экономика, 2010. - 462 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚСТAН РEСПYБЛИКAСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИСТIРЛIГI
ӘЛ-ФAРAБИ aтындaғы ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ YНИВEРСИТEТI
ЭКOНOМИКA ЖӘНE БИЗНEС ЖOҒAРЫ МEКТEБI
Қaржы кaфeдрaсы

Қoрғayғa жiбeрiлдi
______________ 2015ж
Хaттaмa № ___
Кaфeдрa мeңгeрyшiсi
________________ М.Ж.Aрзaeвa

Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері (Алматы қаласы ЖШС Эл-Би-Казахстан мысалында)
тақырыбындағы

ДИПЛOМ ЖҰМЫСЫ
5B050900 - Қаржы

Oрындaғaн:
Ф11К1 тобының стyдeнті

________________________
(қолы, күні )
Паргана С.П.

Ғылыми жeтeкшiсi:
аға оқытyшы

_______________________
(қолы, күні )
Купешова Б.Қ.
Нoрмaбaқылayшы:

________________________
(қолы, күні )
Кeрімбeкова Н.Н.

Алматы 2015
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ YНИВEРСИТEТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНE БИЗНEС ЖОҒАРЫ МEКТEБІ

В050900 Қаржы мамандығы

Қаржы кафeдрасы

Дипломдық жұмысты орындаyға бeрілгeн

ТАПСЫРМА

Ф11К2 тобының стyдeнті Паргана Сапармұрат Пахырұлы

Жұмыстың тақырыбы: Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері (Алматы қаласы ЖШС Эл-Би-Казахстан мысалында)

№ _________ _____ ________________________бұйрығымeн бeкітілгeн

Аяқталған жұмысты өткізy мeрзімі ______________________________

Жұмысты бастаyға дeгeн Қазақстан Рeспyбликасының нормативтік заңнамалық актілeрі мeн, отандық жәнe шeтeлдік ғалым-экономисттeрінің eңбeктeрі мeн интeрнeт ақпараттары жәнe ЖШС Эл-Би-Казахстан компаниясының ақпараттары қолданылады________________________ ______________________

Диплом жұмысында қаралатын сұрақтардың тізімі нeмeсe диплом жұмысының қысқа мазмұны:___________________________ ____________________________
а) Корпорация капиталынның экономикалық мәні мен мазмұны, сыныптамасы және корпорация капиталын басқарудағы қаржы менеджментінің ролі______

б) Алматы қаласы Эл-Би-Казахстан ЖШС мысалында капиталды басқару ерекшеліктері мен қаржылық нәтижелерін талдау__________________________

в) Корпорация капиталын басқаруды жетілдіру жолы ретінде корпорация капиталын бағалау ұсынылған
Диплом жұмысын дaйындay
КEСТEСІ

Тaрay aттaры, қaрaстырылғaн сұрaқтaр тiзiмi
Ғылыми жeтeкшiгe тaпсырy мeрзiмi

Eскeртy
1
Әдeбиeттeрдi iрiктey жәнe тaлдay. Нeгiзгi көздeр бойыншa библиогрaфия құрy.
15.01.2015
Заңдар мeн әдeбиeттeрді талдаy
2
Ғылыми жeтeкшiмeн кeлiсe отырып диплом жұмысының жоспaрын тұзy (құрaстырy)
22.01.2015
Дипломдық жұмыс бойынша жұмыс құрy

3
1- тaрayды тeксeрy.
30.01.2015
Дипломдық жұмыстың тeориялық нeгізін құрастырy
4
Тәжiрибeлiк мaтeриaлдaрды жинaқтay жәнe тaлдay.
18.01.2015
Статистикалық мәлімeттeргe талдаy
5
Ұсыныстaр мeн нәтижeлeр бойыншa ғылыми жeтeкшiмeн кeлiсy.
19.03.2015
Ұсыныстарды қайта құрy
6
Диплом жұмысынa қойылғaн eскeртпeлeр бойыншa толықтырyлaр жaсaлып, кaфeдрaғa соңғы нәтижeнi тaпсырy
05.04.2015
Қайта өңдeліп толыұтырылды
7
Пiкiр жәнe Сын-пiкiрмeн тaнысy
15.04.2015
Қол қойылды

Пiкiр жәнe Сын-пiкiрдi eсeпкe aлa отырып жұмысты қорғayғa дaйындықтың aяқтaлyы
09.05.2015
Жұмыс қорғаyіа дайын

Тапсырманы бeрy мeрзімі

Кафeдра мeңгeрyшісі
э.ғ.к., доцeнт

_____________________________

Арзаeва М.Ж.

Ғылыми жeтeкші
аға оқытyшы

_____________________________

Купешова Б.Қ.

Тапсырманы орындаyға қабылдаған стyдeнт

____________________________

Паргана С.П.

Реферат

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық - шаруашылық қызметіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз мойындарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттарын тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы - бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында сырттан қаражат тартуларына тура келеді. Демек, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың мақсаты
Ел басының жолдауына сәйкес, корпоративтік секторды дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы, соған байланысты капитал құрылымын оңтайландыру мәселелері маңызды болып танылады. Албұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігінде күмән жоқ деуге болады.
Тақырыпты зерттеу мақсаты корпорациялар капиталын тиімді ұйымдастыру мен басқару шараларын анықтау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында мынадай талаптар қойылды: Корпорациялар капиталының мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу; корпорациялар капиталының экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау; Корпорациялар капиталының ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу.
Қойылған талаптарға сай мынандай мәселелер туындады: корпрорациялар капиталының мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және шетелдік ғалымдардың оқулықтары және ғылыми жұмыстарымен танысып анықтау; корпрорациялардың ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу барысында заңнамалық нормативтік актілермен танысу; қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша талдау.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
6

1
КОРПОРАЦИЯ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
8
1.1
Капиталдың экономикалық мәні мен мазмұны
8
1.2
Корпорация капиталының сыныптамасы және капиталды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері
13
1.3
Корпорация капиталын басқарудағы қаржы менеджментінің ролі
21

2
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭЛ-БИ-КАЗАХСТАН ЖШС МЫСАЛЫНДА КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
34
2.1
Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің қаржылық нәтижелерін талдау
34
2.2
Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің негізгі және айналым капиталын 2012-2014 жж тиімді басқарылуын талдау
41
2.3
Эл-Би-Казахстан ЖШС-нде меншік және қарыз капиталын басқару ерекшеліктері
49

3
КОРПОРАЦИЯ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАҒАЛАУ
58

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
69

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындардың өзінің қаржылық - шаруашылық қызметіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында кәсіпорындар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені кәсіпорындардың өз мойындарына жүктеп отыр.
Кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттарын тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы - бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында сырттан қаражат тартуларына тура келеді. Демек, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.
Кәсіпорындар үшін оңтайлы капитал құрылымын қалыптастырудағы ең маңызды сұрақтар - бұл қажетті қаржы ресурстарын қандай бағамен тарту керек екендігі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы басты стратегиялық мақсаты өзінің ағымды және келешектегі нарықтық құнын арттыру және оны қолдау болып табылады. Ал бұл жетістікке жетудің бірден бір жолы - капиталдың құнын тиімді басқару. Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - кәсіпорындардың капитал құрылымын және оның құнын анықтаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың мақсаты
Ел басының жолдауына сәйкес, корпоративтік секторды дамытуды шешу мәселелерінің бірі олардың қаржылық жағдайының тұрақтандырылуы, соған байланысты капитал құрылымын оңтайландыру мәселелері маңызды болып танылады. Албұл мәселені шешу үшін қаржы менеджментін осы салаға енгізу қажетті болып табылады.
Сонымен, жоғарыда аталған себептерге байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігінде күмән жоқ деуге болады.
Тақырыпты зерттеу мақсаты корпорациялар капиталын тиімді ұйымдастыру мен басқару шараларын анықтау.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында мынадай талаптар қойылды:
Корпорациялар капиталының мазмұны және тұжырымдамаларын зерттеу;
корпорациялар капиталының экономикалық маңызы мен мазмұнын анықтау;
Корпорациялар капиталының ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу.
Қойылған талаптарға сай мынандай мәселелер туындады:
корпрорациялар капиталының мазмұнын және тұжырымдамаларын отандық және шетелдік ғалымдардың оқулықтары және ғылыми жұмыстарымен танысып анықтау;
корпрорациялардың ұйымдастырылу ерекшеліктерін зерттеу барысында заңнамалық нормативтік актілермен танысу;
қаржы менеджменті негізгі көрсеткіштерін зерттеу объектісі бойынша талдау.
Зерттеу объектісі: Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінде қолданылатын капиталы құрамы мен құрылымы.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, қорытынды, және үш тараудан тұрады.
Бірінші бөлімде, капиталдың экономикалық мәні мен мазмұны, корпорация капиталының сыныптамасы және капиталды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері, сонымен қатар корпорация капиталын басқарудағы қаржы менеджментінің ролі қарастырылған.
Екінші бөлімде, кәсіпорынның капитал құрылымын басқаруда Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің қаржылық нәтижелеріне талдау жасалынған. Осы бөлімде, Эл-Би-Казахстан ЖШС-нде негізгі және айналым капиталы мен меншік және қарыз капитадарын 2012-2014 жж тиімді басқарылуына талдау жасалған.
Үшінші бөлімде, корпорация капиталын басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылған. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның капитал құрылымын басқаруды жетілдіру жолдары ретінде кәсіпорында дағдарыстың алдын алу - капиталды оңтайлы басқару нәтижесін басқаруды Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің мысалында есептеулер жүргізіліп кәсіпорынның капитал құрылымын басқаруды оңтайландыру жолдары ұсынылған.
Методикалық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалым экономисттердің жұмыстары, оқулықтар және мерзімдік басылымдар, басқаруды Эл-Би-Казахстан ЖШС-нің 2012-2014 жж. қаржылық есебі қарастырылды.

1 КОРПОРАЦИЯ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Капиталдың экономикалық мәні мен мазмұны

Қазіргі кезең кәсіпкерлікті дамытуда өте қолайлы да ыңғайлы кезең болып тұр. Өйткені, бүгінде Елбасының тапсырмасы негізінде Үкіметпен бірлесе келе, бірқатар жұмыстары атқарылуда. Кәсіпкерлердің басын біріктіру. Кәсіпкерлердің басын біріктіре отырып, олармен кері байланыс тетігін күшейту кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.
Экономика негіздері бойынша капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал - ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі - пайызы деп аталады.[1]
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады. [2]
Капитал:
Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.
Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті - машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек. [1]
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
капитал - деген құрал - жабдықтар жиынтығы,
капитал деген ақша сомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:
А - Т ...Ө ... Т1 - А1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы -- үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр -- капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=А' - А (1)

Мұнда: А -- бастапқы жұмсалған капитал,
d -- үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.[2]
Корпорациялық қаржы позициясынан, капитал оны қалыптастыру мен қолдану бойынша корпорация мен басқа да шаруашылық субъектілер арасында қалыптасатын ақша (қаржы) қатынастарын көрсетеді. Капиталды қалыптастыру мен қолдану мәселелерін, оның құны мен құрылымын басқару мәселелерін келесідей ғалым-экономистер: И.А. Бланк, И.Т.Балабанов, В.В. Бочаров, В.Е. Леонтьев, В.В. Ковалев, В.В. Радостовец, Е.С. Стоянова, Т.В. Теплова, М.А. Федотова, О.И. Шмидт және басқа да авторлар зерттеген. Қазіргі шетел зерттеушілерінің ішінен Р. Брейли, Ю. Бригхэм, Ван Хорн, Р.К. Мертон, Г. Марковиц, С. Майерс, С. Росс, Р.Н. Холт, У.Ф. Шарп, Д.К. Шим және т.б. еңбектерін атап өту керек.
Капиталды салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталдары құрылады. Қызмет ету барысында негізгі капитал айналымнан тыс активтердің нысанына, ал айналым капиталы - айналым капиталдарының нысанына ие болады. Айналым активтеріне авансталған корпорациялардың ақша ресурстары айналым қаражаттарын білдіреді.[1]
Капиталдың келесідей сипатты қасиеттерін белгілейік:
Капитал - бұл өзінің жеке өсуі үшін қолданылатын байлық. Тек өндірістік-тауарлық процесске капиталды инвестициялау кәсіпкердің табысын қалыптастырады.[4]
Негізгі құралдың қосымша обьектісін еңгізу шикізатқа, жұмыс күшіне және т.б. шығындардың көбейуінде де ескеріледі. Оны қаржыландыру басқа құралдарының қажеттілігін ескереді.[5]
Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес. Капитал - танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болатын қалдық. Бухгалтерлік есепте Капитал бөлімі кіші санаттарға бөлінуі мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғамда кіші санаттар мынадай түрде болуы мүмкін: акционерлер енгізген қаражат, таратылмаған пайда және капиталдың шоттарына тікелей жатқызылатын пайда немесе залал.[6,7]
Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты. Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс жатады. Алғашқы шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрған кезде өндірістік капиталдары, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орталықтандырылған бюджеттен тыс қорлар, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады.
Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің заңды және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды. Қарыз қаражаттарына коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелері, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық салық несиесі жатады.[8]
Капитал субъектілердің меншік иелерінің салымдарынан плюс табысы бар қызмет есебінен алынатын және операциялық қызметтің барысында пайдалану үшін қалған минус шығынды қызметтің нәтижесінде меншік иелерінің салымдарын қысқартудан және меншік иелерінің төлемдерінен тұрады.
Капитал - қаржы менеджментінің негізгі ұғымдарының бірі. Бұл тұрғыдан ол корпорация активтеріне (мүлігіне) салынған ақшалай, материалдық және материалдық емес түрдегі қаражаттардың жалпы көлемін білдіреді.
Корпоративтік қаржы тұрғысынан ол корпорация мен басқа шаруашылық субъектілері арасында оны қалыптастыру және пайдалануға қатысты пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастарды білдіреді. Мұндай ақшалай қатынастар заңды тұлға ретіндегі корпорация мен оның акционер инвесторлары, несиелеушілері, жабдықтаушылары, өнімін (қызметін) сатып алушылары және мемлекет (салық пен алымдарды төлеу) арасында пайда болады.[3]
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталдары қалыптасады. Жұмыс жасау барысында негізгі капитал айналымнан тыс активтерге, ал айналымдағы капитал - айналымдағы активтер түріне айналады. Корпорацияның айналымды активтерге авансыланған ақшалай қорлары айналым қаражаты болып табылады.
Капитал - бұл өзінің жеке ұлғаюына (өзіндік өсуіне) пайдаланылатын байлық. Өндірістік-сауда үдерісінде капиталды инвестициялау ғана кәсіпкер табысын құрайды. Капитал құны белгілі капитал сомасын қатыстыру үшін қанша төлеу (ақшалай қаражат беру) қажеттігін білдіреді. Жеке капитал құны - акционерлік капиталға арналған акциялардан түсетін дивиденділердің сомасы немесе пайлық салымдар бойынша төленген пайданың және соған байланысты шығындардың сомасы. Заемдық капитал құны - несие немесе облигациялық заем үшін төленген пайыздардың және соған байланысты шығындардың сомасы.
Қатыстырылған капитал құны - бұл несиелік борыш бағасы. Ол пайда болған күнінен үш айдан астам мерзім ішінде немесе келісіммен (шартпен) белгіленген мерзімде төленбеген несиелік борыш үшін төленетін айыптық санкциялардың сомасы болып табылады. Сөйтіп, капитал корпорацияның табыс әкелетін қаражат көздерін (баланс пассивтерін) білдіреді.
Капитал өз иелерінің ағымдағы және келешек кезеңдердегі күйлілігінің негізгі көзі болып табылады. Ол, сондай-ақ, фирманың (корпорацияның) нарықтық бағасының басты өлшеуіші ретінде бола алады. Ең алдымен бұл оның таза активтерінің көлемін анықтайтын меншікті капитал. Сонымен қатар пайдаланатын меншікті капитал көлемі қосымша табыс әкелуге қабілетті заемдық капиталды қатыстыру шектерін де сипаттайды. [3]
Қаржы көздерінің құрылымын дұрыс қалыптастыруды үйрену және оны бағалау қажет, себебі ол олардың орынды, ұтымды орналасқандығын білдіреді. Сонымен бірге ол ақпараттарды іштей және сырттай пайдаланғандығын бағалайды. Ақпараттарды іштей пайдаланушылар - банк кредиторлары капиталдың жалпы жиынтығындағы меншікті капитал үлесінің өзгергенін бағалайды, әсіресе бұл жағдай келісім - шарт жасалғанда ғана қаржы нарығында байқалады. Меншікті капиталдың үлесі төмендегенде тәуекел толысады, қауіп күшейеді. Сонымен бірге капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруды үйрену шаруашылық қызметті кеңейту немесе тарылту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді несиенің кемуі мен меншікті капиталдың ұлғаюы субъект қызметінің тұрақты түрде сақталуына мүмкіндік жасайды. Бірақ бір жақты мұндай қорытынды жасауға да бола бермейді. Себебі мұнда қаржылар үлесінің көбеюі басқа факторлардың әсерінен де болуы мүмкін: кредит үшін пайыз ставкалары мен дивиденттерден де болуы мүмкін. Егер несие ставкасы девидендтен төмен болса ол жағдайда тартылған қаржыларды ұтымды түрде ұлғайтуға болады. Егер жағдай керісінше болса, онда меншікті капиталды мақсатты түрде пайдалануға болады. Капиталдың құрылымы әрқашан жоғарыда қаралған шарттарға тікелей байланысты тәуелді болады.
Кәсіпорын капиталының экономикалық мәнін қарастыра отырып, мынанадай мінездемелерге тоқталып кетейік:
1. Кәсіпорын капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістік кәсіпорында шаруашылық қызметті қамтамасыз ететін үш негізгі факторды бөліп көрсетеді. Яғни, капитал жер және басқа да табиғи ресурстарды; еңбек ресурстары. Осы өндіріс факторлары жүйесінде капиталға маңызды рөл атқарады. Демек, ол барлық факторларды бір өндірістік кешенге біріктіреді.
2. Капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурсын мінездейді. Капитал өзретінде ссудалық капитал формасында оқшауланған өндірістік фактордан бола алады. Яғни, кәсіпорынның қамтамасыз етілген кірістерін қалыптастыруының өндірістік емес (операциондық), оның қызметінің қаржылық (инвестициялық) сферасында болады.
3. Капитал меншік иесінің жағдайын қалыптастыруының негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол осы жағдайдың ағымдық және болашақ немесе перспективті кезеңдегі қажетті деңгейді қамтамасыз етеді. Ағымдық кезеңдегі тұтынылған капиталдың бөлігі оның құрамынан шығады. Яғни, иемденушінің ағымдық кезеңдегі қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Демек қалған бөлігі капитал функциясын атқарады. Жинақталған бөлігі болашақ немесе перспективті кезеңдегі меншік иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қамтамасыз етуге талап етілген. Яғни, жағдайын болашақ деңгейін қалыптастырады.
4. Кәсіпорын капиталы оның нарықтық құнының басты өлшеуіші болып табылады. Бұл жерде алдымен кәсіпорынның меншікті капиталы болады. Яғни, ол оның таза активтер көлемін анықтайды. Сонымен бірге кәсіпорынның меншікті капиталының қолданылған көлемі біруақытта және потенциалды заемды қаржы қаражат тарту, қосымша табыс алуын қамтамасыз ету ретінде мінезделеді. Басқа анағұрлым азырақ факторлар жиынтығында бұл кәсіпорынның нарықтық құнын бағалау бағасын қалыптастырады.
5. Кәсіпорынның капитал динамикасы шаруашылық қызметтің маңызды барометр деңгейінің тиімділігі болып табылады. Меншікті капитал қабілеттілігі жоғары қарқынды өзіндік өсуі, жоғары деңгейлі өалыптастыру және кәсіпорын кірісін тиімді тартумен, оның қаржылық оның тепе-теңдігін ішкі қайнар көздері есебінен қолдау қабілеттігімен мінезделеді. Сол уақытта меншікті капитал көлемінің төмендеуі ереже бойынша кәсіпорынның қызметінің тиімсіз шығынды салдары болып табылады.
Сонымен, капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Корпорация капиталының сыныптамасы және капиталды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері

Ресей ғалымы Павлова Л.Н. капиталды салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталдары құрылады деп сыныптама береді. Қызмет ету барысында негізгі капитал айналымнан тыс активтердің нысанына, ал айналым капиталы - айналым капиталдарының нысанына ие болады. Айналым активтеріне авансталған корпорациялардың ақша ресурстары айналым қаражаттарын білдіреді.[9]
Ал отандық авторлар Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады деп сыныптама береді. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты. [10]
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте манызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндсгі айналым саны арқылы есептеледі:
П = (2)

мұнда П - айналым саны,
О - капитал айналымының өлшем бірлігі ( 1 жыл),
Т - берілген капиталдық айналым мерзімі (ай).
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни активтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 =

Сатудың көлемі

Салынған капитал.
(3)

Осы түрлі көрсеткіштердің жабайысына айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті жатады, бул осы кезендегі айналмалы капиталдын орташа қалысының, осы кезенде өткізілген өнімнің құнының (сатудан ақшалай түсім) болінісіне тең болады.

Rоб=
Айналмалы капиталдың орташа қалдығы

Сатылған өнімнің құны
(4)

Мысалы, бір жылда сатылған өнімдерден ақшалай түсімі - 2000 млн. теңге болса, ал фирманың айналмалы капиталының орташа қалдығы -- 400 млн. теңге, онда айналмалы капиталдың айналуының коэффициенті:

R=
2000млн.теңге
=5

400 млн. теңге

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағаның көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа үзақтығының көрсеткішін есептей аламыз (От);

(5)
немесе біздің мысалда:

Айналыстың көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылык жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрадардын ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетне тікелей әсер етеді.
Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкерді төлем қабілетін байланыстырады.
Қазір әрекет ететін капитал - бұл айналмалы кордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артыктығы:

К2 =
Айналмалы капитал

Қысқа мерзімді міндеттемелер
(6)

Өтеу
=
Қажетті капиталдық салымдар

мерзімі

Жылдық амортизация + жылдық пайда
(7)

Негізгі және айналмалы қорлардын қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады.
Бұлардың екі түрі бар:
Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Ф0=
Өндірілген өнім көлемі

негізгі өндірістік қорлар көлемі
(8)

2) Сыйымдылық (қор сыйымдылыгы) көрсеткіштері:

Фе=
Негізгі өндірістік қорлар көлемі

=
1

(9)

Шығарылған өнімдер көлемі

Фо

Қор кайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіне
қанша өнім шығарылады деген сүрақка жауап береді.
Осы көрсеткіштерді пайдалану салалық құрылымдарға, өндіріс сипатына және т.б. байланысты болады.
Қандайда болмасын кәсіпорын үшін өз капиталдарының қорланып отыруы өте маңызды.Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді, яғни өндіріс құрал жабдығын (С) алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі. Ал, жұмыс күшін (V) сатып алуға жұмсалатын капитал үлесі азаяды, себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайда кәсіпорынды техникалық жарақтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі-бұл С мен V арасындағы өзгеру, яғни өндіріс құрал жабдығы санының жұмыскерлер санына қатынасы.
Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:
Капиталдың шоғырлануы;
Капиталдың орталықтануы.
Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы - дегеніміз бірнеше жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.
Меншiк капиталы. Жеке қызмет ететін, өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүргізетін кез келген шаруашылық субъект шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қажет құқықтар мен артықшылықтарды алу үшін шығындардың, қаржылық салымдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттардың жиынтығы болып табылатын белгілі бір капиталға ие болу қажет. [8]
Корпорацияның қаржылық негізін оның меншікті капиталы құрайды. Меншікті капитал мөлшері кәсіпорынның баланс пассивінде көрініс табады. Ол мына элементтерден қалыптасады:
Жарғылық капитал;
Акционерлік қоғам алып сату үшін немесе жою үшін иелерінен сатып алған меншік акциялары (пайлары);
Резервтік капитал;
Қосымша капитал;
Бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған залал);
Мақсатты қаржыландыру.
Кәсіпорында капитал қалыптасады: жарғылық капиталдан; қосымша төленбеген капиталдан; резервтік капиталдан (активтерді қайта бағалануы, бағам айырмашылық); бөлінбеген табыс (залал).
Жарғылық капитал құрылтайшылардың салымдар сомасына тең, құрылтайшылық құжаттар негізінде қалыптасады.
Меншікті капитал - ол, міндеттемелерді шегертткеннен кейінгі қалған активтер. Кәсіпорынның меншікті капитал құрылымы: жарғылық капитал, төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс, резервтер, бөлінбеген пайда (жабылмаған залал), қорытынды пайда (қорытынды залал). Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында қарастырылған.
Жарғылық капиталға салым:
- қорлар ретінде;
- ақшалай;
-негізгі құрал ретінде;
- МЕА;
-қаржылық инвестиция;
-жылжымайтын мүлікке инвестиция;
- биологиялық активтер;
Резервтік капиталдың пайдаланылуы:
-есептік жылдың шығындарын жабуға
- өткен жылдардың шығындарын жабуға
- құрылтайшылар ұлестері есептелуіне. [7]
Жарғылық капиталы - өз қызметін бастау үшін акционерлік қоғамдар және басқа да заңды тұлғалар бөліп шығаратын капитал мөлшері. Оның мөлшері шартпенен және жарғымен белгіленеді. Жарғылық қоры акцияларын сату, жеке салымдар, мемлекеттік қосылымдар және де басқа ноу-хау, патенттер, лицензиялар және басқа да жолмен құрылады. Жарғылық капитал негізгі және айналымдағы қаржы салымдар бағасынан тұрады. Жарғылық қордың құқықтық реттелуіне ерекше мән беріледі, яғни оның негізгі функцияларын ескере тұратын болсақ.
Меншік капиталының қалыптасу саясаты корпорацияның қаржылық стратегиясының бөлігін құрайды. Ол өндірістік - комерциялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталады. Меншік капиталының қалыптасу саясаты екі мақсатта көздейді.[3]
1. Меншік капиталының есебінен қажетті айналымнан тыс активтің көлемін құру (жеке меншік капиталы - СОосК) Оның мөлшері мына формуламен анықталады:
СОосК = ВОА - ДОос, (10)

мұнда, ВОА - айналымнан тыс активтер;
ДОос - айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін қолданылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Айналым активтерінің, меншік капиталы есебінен нақты үлесін қалыптастыру (меншік айналым капиталы - СобК):

СобК = ОобА - ДОоб - КОоб, (11)

мұнда,ОобА - айналым активтері;
ДОоб - айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған ұзақ мерзімді міндеттемелер.
КОоб - айналым активтерін жабуға бағытталған қысқа мерзімді міндеттемелер
Меншік капиталдың айналымынан тыс активтермен ұзақ мерзімді міндеттемелердің мөлшерінен асып кетуі таза айналым капиталын құрайды.(ЧОобК):

ЧОобК = СК - (ВОА - ДОос), (12)

мұнда, СК - меншік капитал.
Ол есептік кезеңде корпорацияның бос ақша қаражатының сомасын сипаттайды. Меншік капиталының айналым коэфиценті мына формуламен анықталады
КМск=ЧОобКСК (13)

КМск - 0,2-0,37 ұсынылған көрсеткіштің мәні. Бұл меншік капиталдың қай бөлігі ең жақсы өтетін формада тұрғанын анықтайды. Меншік капиталын басқару жинақталған бөлігін рационалды қолданумен байланысты ғана емес, корпорацияның болашақта дамуын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстың жеке көздерін қалыптастыру. Меншік капиталын басқару процесінде оны қалыптастыру көздері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздеріне мыналар жатады:
- бөлінбеген пайда;
- негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде меншік капиталына қосылатын қаражаттар;
- басқада ішкі көздер (резервтік қор).[3]
Амортизациялық аударымдар да меншік ақша ресурсын қалыптастырудағы ішкі көздері болып табылады, олар меншік капиталының мөлшерін өсірмейді, тек қана оны қайта инвестициялау әдісі болып табылады.
Меншік қаржы ресуртарын қалыптастыру саясаты (МҚР) корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруды қамтамас етуге бағытталған. Берілген саясат келесі кезеңдерден тұрады:
базалық кезеңде МҚР - ды қалыптастыру мен пайдалануды талдау;
алдағы кезеңде МҚР - ның жалпы қажеттілікті анықтау;
басқада көздерден меншік капиталын тарту құнын бағалау;
ішкі және сыртқы көздер есебінен МҚР-ның максималді көлемін қамтамасыз ету;
МҚР-ын қалыптастыруда ішкі және сыртқы көздердің ара қатынасын ұлғайту.
Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету оны дамытудың қажетті шарты болып табылады. Қаржылық ресурстардың болуы өндірістік кәсіпорындарда қарыз капиталының қалыптасу мүмкіндігін анықтайды. Осыған байланысты, қарыз капиталының қалыптасуын басқару жүйесі - капиталды басқару жүйесінің маңызды функционалдық бағыттарының бірі.[3]
Көптеген корпорациялар өз қызметін меншік қаражаттарымен қатар, қарыз құралдарымен де қаржыландырады.
Ең алдымен, қарыз қаражаттары меншік көздерінің өсу қарқыны корпорацияның өсу қарқынынан артта қалған жағдайда корпорацияның ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін, өндірісті жаңғырту, өнімнің жаңа түрлерін игеру, нарықтағы өз үлесін кеңейту, басқа бизнес түрлерін иелену және т.б. үшін қажет. Инфляция мен меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігі көптеген корпорацияларды айналым капиталын қаржыландыру үшін қарыз капиталдарын тартуға мәжбүрлейді.
Айналым капиталын борыштық көздерден қаржыландырудың артықшылығы - меншік иелерінің акционерлер санының өсуін қаламауында, сонымен қатар қаржылық тұтқа әсерінде көрініс табатын несиенің өзіндік құнының акционерлік капитал құнымен салыстырғанда төменірек болуында.
Қарыз капиталы - корпорацияға табыс әкелетін қарыз қаражаттарының жиынтығы. Қарыз капиталының мөлшері мен құрылымын анықтау қаржылық менеджменттің көптеген мәселелерін шешудегі қажетті кезең болып табылады, олардың ішіндегі кең таралғандары келесідей:
корпорацияның қаржылық тәуелсіздігі мен төлем қабілеттілігін бағалау;
мүмкін болатын банкроттықты және капитал құрылымын оптимизациялауды болжау;
қарыз капиталының бағасы мен корпорация капиталының орташа салмақталған құнын есептеу;
қаржылық тәуекелдің мүмкін болатын дәрежесін анықтау;
Меншік иелерінен бастап, мемлекеттік ұйымдарға дейінгі қызығушылық танытқан әр түрлі жақтар осы мәселелердің әр қайсысын қоюы мүмкін, сондықтан қарыздық қаржыландырудың түрлерін өздерінің қызығушылықтарына қарай есепке алады.
Қарыз капиталы түсінігінің неғұрлым жалпылама мағынасы корпорацияның қаржылық жағдайын бағалағанда және қаржылық тәуекелдің жалпы деңгейін сипаттағанда кездеседі. Бұл бағыт инвесторлардың корпорацияның барлық борыштарын өтеу мүмкіндігін тез әрі қарапайым бағалауға деген қызығушылықтарынан пайда болған. Қарыз құралдары үлесінің көбеюі корпорацияға салынған салымдардың тәуекелін ұлғайтады және алдағы уақытта осы үрдісті туғызатын себептерді толығырақ зерттеуді қажет етеді.
Қарыз капиталының мазмұнын, көлемі мен бөлек құраушы бөлшектерінің мөлшерін анықтаудан басқа маңызды сәт - қарыз капиталы құрылымын талдау болып табылады. Болашақта инвестор болуы мүмкін тұлғалардың көзқарастары бойынша, меншік капиталымен қатар тұрақты капиталды құрайтын ұзақ мерзімді несиелердің бар болуын жағымды құбылыс ретінде санау қалыптасқан.
Қарыз қаражаттын тарту формасын таңдау туралы шешім олардың бағасын салыстырмалы талдау негізінде, сондай-ақ жалпы корпорация қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне қарыз капиталын қолдану әсерін бағалау негізінде қабылданады. Қарыз капиталын тиімді басқару меншік қаражаттарының рентабельділігін ұлғайтады.

РСС*= (1 - салық салу мөлшерлемесі ) * ЭР+ЭФР, (14)

РСС* - қарыз қаражаттарын қолданатын кәсіпорынның меншік қаражаттарының рентабельділігі;
ЭР - экономикалық рентабельділік;
ЭРФ - қаржылық тұтқа әсері.

РСС = (1 - салық салу мөлшерлемесі ) * ЭР (15)

РСС - қарыз қаражаттарын қолданбайтын кәсіпорынның меншік қаражаттарының рентабельділігі.
Қаржылық тұтқа әсерінің бірінші құраушысын қарастырайық:
диференциал - активтердің экономикалық рентабельділігі мен қарыз қаражаттарының пайызының орташа есеп айырысу мөлшерлемесі арасындағы айырма. Салық салуға байланысты дифференциалдың, өкінішке орай, (1-табысқа салық салу мөлшері) ғана қалады, яғни:

ДИФФЕРЕНЦИАЛ=(1 - салық салу мөлшерлемесі ) * (ЭР-СРСП) (16)

Екінші құраушы - тұтқа иығы - қаржылық тұтқаның әсер ету күшін сипаттайды. Бұл - қарыз қаражаттары (ЗС) мен меншік қаражаттары (СС) арасындағы қатынас. Қаржылық тұтқа әсерінің екі құраушысын біріктіру арқылы мынаны аламыз:

ЭФР ДЕҢГЕЙІ = (1 - салық салу мөлшерлемесі ) * (ЭР-СРСП)*ЗССС (17)

Әсер экономикалық рентабельділік пен пайыздың орташа есеп айырысу мөлшерлемесі (СРПС) арасындағы алшақтаудан пайда болады. Басқаша айтқанда, кәсіпорын қаражаттары ең аз дегенде несие бойынша пайыз төлеуге жететіндей экономикалық рентабелділікті жинауы қажет.
Күрделі қателіктен сақтану керек: пайыздық орташа есеп айырысу мөлшерлемесі несиелік келісімшарттан алынған пайыз мөлшерлемесімен сәйкес келмейді.

ПАЙЫЗДЫҚ Талдау кезеңіндегі барлық несиелер бойынша
ОРТАША барлық деректі қаржылық шығындар 100%
ЕСЕП =
АЙЫРЫСУ Талдау кезеңінде пайдаланылатын қарыз
МӨЛШЕРЛЕМЕСІ қаражаттарының жалпы сомасы
(СРСП)
(18)

Кәсіпорынның қарыз капиталын қалыптастыруда тиімді басқарудың шарттары:
Кәсіпорынның қарыз құралдарын тарту бағдарламасын өткізуді бір стратегияға бағытталған бірыңғай кешен ретінде жүзеге асыру.
Қаржылық ағымдардың келуін ұйымдастыруды, басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін қаржылық (қор, несиелік-банктік) нарықты және оның инфрақұрылымын дамыту.
Несие нарығын, қоғамдық институттарды, акционерлік меншікті және ақша айналысының тұрақтылығын дамыту.

Корпорация капиталын басқарудағы қаржы менеджментінің ролі

Капитал кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Капиталды және ақшалай түсімдерді басқару қажеттілігі XX ғасырда қаржылық менеджменттің жеке дара қарастырылуы экономикалық ғылымдарда орын алды. Қаржылық менеджмент - ақшалай түсімдерде, қаржылық қатынастарда кездесетін қаржы ұйымдарының қаржы ресурстарын басқару ретінде қалыптасты. Қаржыны басқарудағы басты мақсат - бұл табыстарды және капиталды жобаларға салған кездегі тәуекелді басқару. Сондықтан қаржылық менеджмент теориясының дамуы 1958 жылдан басталады. Бұл жылы Ф. Модильяни және М. Миллер еңбектері жарық көрді. Олардың еңбектерінде капиталдың құны анықталды (дисконттау ставкасы). [11]
Қаржы менеджменті - көсіпорында инвестицияларды қоса барлық каржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, окімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадагы қаржылық жоспарлау үгымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын ұзақ мерзімді баскаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Акция және акционерлік қоғам
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Акционерлік қоғамның қаржысы
Басқарудың ұйымдық құқықтық формалары
Айналыс активтері
Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Бағалы қағаздардың пайда болуы
Пәндер