Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері туралы



Мемлекет әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты (1-кесте). Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн.жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжанатын «ақылды адам» (хама сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде мемлекет әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырды.
Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекеттің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады. Адамдар арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп, оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, қоғамық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар.жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен сана, дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы бірнеше жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш жолы қалыптасты: 1) шығыстық жол; 2) батыстық жол және 3) аралас жол.
1. Мемлекеттік басқарудың теорилық негіздері//Ихданов, Мемлекеттік басқару теориясы, Алматы,-2009.
2. Мемлекет: мәні, белгілері, негіздері // Баққұлов., Құқық негіздері Оқулық,-Алматы,2004.-248 бет;
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру// Оспанов., Құқық негіздері.2бас.,-Алматы: Жеті Жарғы,2007.-304 бет;
4. Қазіргі мемлекеттік басқарудың адам дамуындағы ролі// Адам дамуы,-Алматы,2003;

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері
Мемлекет әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты (1-кесте). Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4-5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн.жыл бұрын қоныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжанатын ақылды адам (хама сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандық туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізінде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде мемлекет әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкендердің, туысқандардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырды.
Мемлекеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс-әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Еңбекті не іс-әрекеттің осындай сан-салаға таралуы қоғамдағы адамдар арасындағы еңбек бөлінісіне, кәсіптің қалыптасуына, мамандықтың тууына, біліктіліктің, дағдының, әдеттің нәтижесінде еңбектің белгілі бір түрімен айналысатын адамдардың үлкен топтары қалыптаса бастады. Адамдар арасында әлеуметтік теңсіздік біртіндеп ұлғая түсіп, қоғам барынша күрделеніп, оны басқаруды қалыптастырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, қоғамық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік факторлармен қоса мемлекеттің пайда болуының демографиялық, психологиялық, геосаяси, жағрапиялық, этникалық т.б. сияқты факторлары бар.жер шарындағы елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни, салт пен сана, дәстүрлерінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттің қалыптасуы бірнеше жолдармен жүзеге асырылды. Осындай мемлекеттің қалыптасуының үш жолы қалыптасты: 1) шығыстық жол; 2) батыстық жол және 3) аралас жол.
Ежелгі Шығыста мемлекеттің пайда болуы қауымдастық мүшелерін, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге арналған жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қажеттіліктен туындады. Шығыс елдерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде ірі су каналдарын қазу, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу, дамбалар салу, суармалы егістікті жетілдіру сияқты ірі де күрделі ирригациялық жұмыстар жүргізу керек болды. Бұндай аса ауыр жұмысты іске асыру жекелеген отбасы немесе бір қауымдастықтың қолынан келмейтін еді. Міне осы күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
oo ірі ирригациялық жүйелерді салу;
oo оны іске асыру үшін құралдаржы, жұмысшыларды жүйелі топтастыру, ұйымдастыру;
oo атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Батыс елдерінде мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды.
Мемлекеттің пайда болуының аралас жолы рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән. [1,4]
Мемлекеттің пайда болу жайындағы теориялар. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық (құдайтанушылық) теория. Теология дегеніміз құдайды, Алланы танитын ғылым, лім. Аталған теорияның негізін қалаушылардың бірі ортағасырлық Тертулиан, Аврелий Августин, Фома Аквинский сияқты құдайтанушыларды жатқызуға болады.
Теологиялық теория мемлекетті мақсаты мен мәні жер бетінде құдай патшалығындағы сияқты тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілк, татулық, бірлік орнату болып табылатын құдайлық кәсіп танылды. Биліктің барлығы құдайдан тарайды. Құдай барлық жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы. Ал құдай жаратқан жаратылыстың сыры секілді мемлекеттің де мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтан құдай жаратқан дүниеге, мемлекетке және билікке шүбә келтірмей, күмәнданбай, оларға мойынсұнып қараған дұрыс. Теократиялық теория өзінен-өзі қялдың барысында пайда бола қойған жоқ. Оның қалыптасуының өзіндік алғышарттары бар. Адамзат тарихында пайда болған ең алғашқы мемлекеттер діни сипатта болып оны басқаруға діни қызметкерлер - абыздар тікелей араласқан. Мемлекеттің құдайлық негізі оның беделін нығайтып, шешіміне міндеттілік берді. Мысалы ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдарында патшаның билігін құдай жаратқан, патша билігі құдайдан деп көрсетілген. Жалпы, биліктің құдайдан таралғаны жайындағы пікірлер барлық діндерге тән.
Мемлекеттің пайда болу жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына , ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Сондықтан мемлекет үлкен отбасы сияқты. Мемлекет басшысы монархтың өзінің қол астындағы тұрғындарына қатынасын, отағасының отбасы мүшелерімен қатынасына ұқсас деп дәлелдейді. Патриархалдық теорияның негізін қалаушыларға Аристотельді, Конфуцийді және ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Р.Фильмерді жатқызуға болады.
ХІІ-ХVІІІ ғасырларда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Теорияның негізін қалаушылар Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж. Руссо, Д.Дидро болды. Аталған теорияның жақтаушылары пікірінше, мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісім жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір-біріне қарама-қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді. Маркстік теория негізін қалаған неміс ойшылдары К.Маркстің, Ф. Энгельстің, жұмысшы табы диктатурасының идеологтары В.И. Лениннің, И.В. Сталиннің есімдерімен байланысты.
Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың нәтижесінде мемлекет қалыптасады. Бұнымен қоса мемлекеттің сыртқы жаулап алушылығының барысында, яғни күшті бір тайпалардың, ұйымның еіші бір тайпалық одақты немесе ұйымды өзіне күштеп бағындырудың барысында мемлекет пайда болды деген пікірде осы күштеу теориясының бір құрамдас бөлігі. Аталған теорияның көрнекті өкілдері Е. Дюринг, К. Каутский, Л. Гумплович. [5,9]
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына республика, корольдік, қалалық қауым, патшалық, ел, басқару, ат төбеліндей билік сияқты әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет пен құқық теория негізі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Пәндер