ЖШС «Компас Тревел» турфирмасы



КIРIСПЕ
1 ЖШС «Компас Тревел» ТУРФИРМАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Турфирма туралы мәлiметтер
1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
2 ФИРМАНЫҢ ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері
2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер
3 МАРКЕТИНГ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3.1 Маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру жүйесi
3.2 Фирманың этнографиялық туризм бағыты
3.3 Кәсiпорынның этномәдени туристік потенциалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Туристік бизнес қызметi тауарлар мен қызметтер және жаңа саудалық әрiптестердiң iздестiруiмен ғана шектелмейдi. Ол әлемнiң өркендеуi үшiн әртүрлi елдер азаматтарының арасындағы арақатынастардың орнауына бағытталған.
Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.
Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.
Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.
Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.
1 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13
маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ. 2008
2 Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма. М., 2004
3 Алексеев А.А. Маркетинговые исследования рынка туристических услуг.М., 2004
4 «Компас Тревел» фирмасының жылдық есебі мен
құжаттары 2008-2012 жылдар
5 «Компас Тревел» фирмасының жарғысы
6 Дурович А., Копанев А. Маркетинг в туризме. – Минск, 2004.
7 Попова Р.Ю. Маркетинг, реклама и информация в туризме. –М. 1997.
8 Туристический бизнес: Практическое пособие для турфирм и их клиентов–М. 1997
9 Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности.-М.:Нолидж,1996.
10 Вуколов, В.Н. Роль туризма в экономике и социальной сфере
современногоКазахстана. //Казахстанское общество сегодня: социально-институциональные сдвиги и экономическое развитие. Алматы: Университет "Туран" - 1998. – 216 б.
11 ttr@rozavetrov.kztez@rozavetrov.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КIрIспе
Туристік бизнес қызметi тауарлар мен қызметтер және жаңа саудалық әрiптестердiң iздестiруiмен ғана шектелмейдi. Ол әлемнiң өркендеуi үшiн әртүрлi елдер азаматтарының арасындағы арақатынастардың орнауына бағытталған.
Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.
Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.
Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.
Туризм - экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 - 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.
Туристтiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құрал жаңартылған технологияларымен дамытылған, арнайы түрлi туристiк ұсыныстарға толған жарнамалық даңғылары және турфирманың жетiстiкке жету жолында арнайы мәлiметтерді болашақ клиентке жеткізу, оның табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді. Нарықты саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру - қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Бұл жұмыс барысында қарастырылады.
Өндірістік практиканы мен ЖШС Розы Ветров туристік компаниясында 23.03-20.04.2015 аралығында өттім. Компанияныңнегізгі қызмет көрсету түрі туризмді дамыту, сонымен қатар менiң тәжiрибемнiң мақсаты мамандық бойынша теориялық білімімді және өзiндiк жұмыстан алған білімді бекiту болып табылады.
Практиканың мақсаты: - студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында, жүргізіледі.
Өндірістік практика міндеті:
ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;
кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;
кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын,капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;
келісімшарт, шарт ,әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;
Экономиканың жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан, аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

1 ЖШС Компас Тревел ТУРФИРМАСЫНЫҢ жалпы сипаттамасы

5.1 Турфирма туралы мәлiметтер

Атауы: ЖШС КОМПАС ТРАВЕЛ
Құрылған жылы: 2005 жыл
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Бұхар жырау к-сі 33, "Jenis" іскерлік орталығы , 507 офис.
Директоры : Загоруйко Анна Сергеевна
Ресми сайты: www.kompastour.kz
Байланыс телефондары: + 7 (727) 395 30 36, 391-02-68, 225-56-63,
376 -35-43.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 09:00-17:30.
Сенбі: 10:00-15:30
Жексенбі: демалыс.
ЖШС "КОМПАС травел" мекемесі Қазақстанның туризм нарығында 2005 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс атқаруда. Туроператорлық іс әрекет лицензиясының сериясы AA - 13 № 000086.
ЖШС "КОМПАС травел" қазіргі таңда көппрофильді бағытта жұмыс атқаратын туроператор, Қазақстан аумағынмен қоса шетедік бағытқа туристік өнімдерді құрастырып, ұсынатын мекеме. Тұтынушының сұранысы мен жеке қалауын ескере отырып стандартты немесе индивидуалды түрде тур ұйымдастырып береді. Дегенмен, көпшіліктің сүйікті басты бағыттары: Хорватия, Черногория, Қыргызстан, Греция, Индия, Малайзия, Индонезия, Түркия мемлекеттері.
Туристермен жасалған ұзақ мерзімдегі қарым қатынастар барысындағы жиналған тәжірибе көлемі , Қазақстан және шет елдердегі берік сенімді серіктестіктермен жұмыс жасауы арқасында осы күндері кез келген бағыттағы сапалы тур ұсыну мүмкіндігіне ие. Әр жылы өзінің кәсіби біліктілігін жоғарлатып отыратын мекеме менеджерлері сіздерге дұрыс бағыт ұсынып, барынша қол ұшын береді. Туристік нарықтағы қазіргі бәсекелестік деңгейін ескере отырып, кәсіпорын әрдайым жетілдіру жұмыстарын жасап отырады.
Сурет 1. Компас Тревел туристік фирманың лицензиясы

Осы уақыт аралығында өз дәрежесін республикалық деңгейде көтеріп, филлиалдарын ашуы жоспарланып отыр.
Фирманың негiзгi қызмет бағыттары:
Шығу туризмін жүзеге асыруы;
ұйым және визалы қолдауды қамтамасыз ету;
шетелдiктөлқұжаттардыңрәсiмделуi;
жекежәнетоптықтурлардыұйымдастыру;
белгілі елде туристтердің тұруын қамтамасыз ету, соның iшiнде мейманханалық нөмiрлердiң брондалуы;
экскурсияларды ұйымдастыру, көлік қызметімен қамтасыз ету.
Қазіргі кезде тур компанияның қызмет ету шеңбері біраз ұлғайған. Ұйым көлікпен қызмет етумен, шетел бойынша экскурсиялық бағдарламалармен, біздің аумақта туристерді қабылдап және қызмет көрсетумен, семинарларды, корпоративтік шараларды, балаларды сауықтыру және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен, шығу және VIP-туризммен айналысады.Бірақ бастапқыдай компания қызметінің негізгі және басты бағыты сапалы демалыс ұсыну болып саналады.
Алматы қаласында орналасқан бұл фирма бүгінгі күні туристтiк нарықта әлі қалыптасуда. Келесідей тенденциялары бар:
осы нарықта жұмыс iстейтiн турфирмалардың санының тұрақты өсуi;
белгілі бір салаға маманданған және әмбебаптық бағытта жұмыс жасайтын орындарға бөлінуі;
ұсынылатын қызметтер санының көбеюі. Мұндай жағдайда қосымша қызметтер сақтандыру, жеке гидтер және аудармашылардың беруi т.б. пайда болды.
бағалардың дұрыс және бір қалыпты орнауы;
турөнімнің сапасын жақсарту, оны өндіру барысындағы тәжірибені арттыру.

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

Қазір елімізде туризм саласы жақсы дамып келе жатқан салалалардың бірі саналады. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылы халыққа берген жолдауында елдің туристік инфақұрылымын дамыту, туристік имиджді қалыптастыру туралы айтылған болатын. Ал бұл мақсатқа жетудің бірден бір көзі туристік кәсіпорындардың қызметін жетілдіру болып табылады. Сондай нарыққа жаңа қосылып жатқан кәсіпорынның бірі - ЖК Компас Тревел турагенттігі.
Жеке кәсіпкер дегеніміз - заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі3-7 процентке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды[1.9].
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады[2].
Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:
1) белгіленген формадағы өтініш;
2) 2АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.
Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .
3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);
4) фотосурет (3,5 х 4,5);
5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат)[1].
Сонымен қатар, тіркеу кезінде жеке кәсіпкерліктің фирмалық атауын көрсетуге болады.
Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкер куәлігін береді.
Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
oo мөрдайындау;
oo банктеншоташу;
oo кассалықаппараттытіркеу.
Жеке кәсіпкерліктіңартықшылықтарытуралы:
- адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;
- қымбатемесәрі тез арада тіркеугеболады;
- мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;
- тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.
Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:
- мұраға қалмайды;
- алғашқы капитал жинау қиындығы;
- кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді.
Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болады
Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады[2].Туристiк компания қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың ұйымдық құрылымы 2 суретте көрсетілген.

Сурет 2. Басқарудың ұйымдық құрылымы

1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі

Мекеменің ішкі құрылымы
Кәсіпорынның құрылымдық сипаты: сату бөлімі, чартерлік бөлім, VIP турларды құрастыру отделы, визалық бөлім, басқа агенстволармен жұмыс бөлімі, қаржылық және баға қалыптастыру бөлімдерінен тұрады.
Бас директор Загоруйко Анна Сергеевна.
1. Турфирманың бүкіл жұмыстарына басшылық жасап, өз кеңесін береді.
2. Банктермен, тапсырыс берушілермен, серіктес компаниялармен тілдесіп, келісім шарттарды талқылап, қол қояды.
3. Қызметкерлердің жоғарғы деңгейде жұмыс атқарып, олардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға, еңбек шарттарын сақталуын қадағалайды.
4. Компания қызметкерлерінің атқарып жатқан қызметтері мен келісім шарттарын тексеріп, өз ұсыныстары мен өзгерістерін қосып, талқылайды.

Туризм менеджері

1. Келген тұтынушыға әр түрлі турлар мен демалыс орындарымен таныстырып, өз кеңесін береді. Таңдылынған демалыс орындардың жағдайымен қатар тибиғи жағдайларымен таныстырады.
2. Кішігірім жарнамалы роликтерді көрсетіп, демалу орындарымен таныстырады.
3. Демалатын орынның схемасын, картасын, маршрутын береді.
4. Тұтынушымен туристік қызмет көрсетілгені жайлы келісім шартқа қол қояды.

5. Барғалы жатқан мемлекетте қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніңде мағлұмат беру.
6. Керек туристік төл құжаттарды толтырады.

Авиа кассирі
Amadeus, Serena арқылы авиа билеттерді сату, брондау қызметтерін жүзеге асырады.

Виза жөніндегі менеджер
1. Нормативті-құқықты базаны тексеріп, әр тараптағы елдердің жағдайын қарастырап, өз каталогтарын құрастырады.
2. Қол астындағы менеджерлер мен агенттеріне үлкен көлемде жарнама буклеттерімен қағаздарды, брошюра, фото көшірмелер, каталогтар, ақпар-кітапшасымен қамтамасыз ету.
3. Төл-құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеріп, шет елдерге баруға визаны дұрыс ашылуларын тексереді.
4. Туроператорлардың дұрыс жұмыс атқарып тұтынушыға кең көлемде қызмет көрсеткенің тексереді. (Визаның ашылғандығын, тұтынушыны сақтандыру өызметі көрсетілгендігі)
5. Турфирманың көрсеткен қызметі жайлы туристердің шағымдары мен кеңестерін талқылайды. Кеткен кемшіліктердің себептері мен жағдайларын анықтап, келесіде сол жағдайларыд болдырмауға жағдай жасайды.
6. Атқарылған жұмыстарды басшылыққа көрсетіп, архивқа тапсырады.

Бас бухгалтер
Тұтынушылардың қанша көлемде қаражат төлейтінің анықтап, фирманың табысы мен шығының санап, басшылыққа баяндап отырады. Жұмыскерлер жалақысын уақытылы алуын қадағалайды.
Хатшы
Қоңырауға жауап беру арқылы, фирма жайлы тұтынушыларға мәлімет беріп, сұрақтарына жауап береді. Факс, хаттамаларға жауап береді.

Заңгер
Келген туристерді, тұтынушыларды сақтандырылу төл-құжаттарын жасап, заңға байланысты өз кеңесін береді. Фирманың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тасымалдау бөлімі
Келген қонақтарды аэрапорттан күтіп қонақ үйге, аралайтын жерлерге, демалу орындарына тасымалдау қызметіне жауапты. Ыңғайлы саяхаттауын қамтамасыз етеді.
Бұл фирмадағы әр қызметкер өз жұмысының маманы және берілген қызметті үлкен жауапкершіліктерімен атқарып, фирманың дамуына өз үлестерін қосып отыр. Басшыларын құрметтеп оның сенімін ақтауда. Басшылық тарапынан жұмыскерлер арасындағы татулық, достық қарым-қатынастарын орнатып, әр қызметкердің атқарылу қызметтері бөлініп берілген.

2 Фирманың жұмыс технологиясы
2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері

Шетелдік туризмнің және VIP - бөлімінің жұмысының технологиясының кезеңдерінің бірі - виза. Егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады. Клиент саяхатқа бару барысында фирманың қызметтерiн пайдаланса, онда осы жағдайларға орай құжаттар пакеті жиналады және тiркелген орынына жолданады. Фирма консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi. Сонымен қатар виза басқа елге шығатын негізгі құжат болып табылғанымен, шет елге шығу міндетті түрде емес. Виза тек қана турист құжатының мемлекеттік консулдық мекемеде тіркелетіндігін білдіреді. Виза төлқұжаттағы арнайы құжат, ол шет елге шығуға немесе сол елдің территориясы арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Визалық бөлім
Шетелдiк туризм бойынша бөлiмнiң бөлiмшесi болып табылады, егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады, Егер клиент саяхатқа жолданады осы фирманың қызметтерiмен пайдаланбаса, немесе ол шақырумен жүредi. Екi жағдайларға құжаттар пакет жиналады және тiркелген (бұрыштамалар пiсiп жететiн елдерi елшiлiк қайда барып тұр қала қайда барып тұр) қалаларда жолданады, бұл жауап фирманы турға жөнелтедi, консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi.
Бұрыштамалар екi түрлерде болады: бекiтiлген және бекiтілмеген. Егер бекiтілмелген бұрыштамалар пiсiп жетсе, егер бекiтiлген бұрыштамалар пiсiп жетсе, онда (ай ) коридормен анықталады, осы елдi қай уақытта адам iшiнде кiрiп-шыға алады, онда елдегi нақты сан бейнеленген болулары керек, мерзiмдердi бекiтедi. Пiсiп жететiн бұрыштамалары өзi елмен бекiтiледi. Бұрыштаманың елiнiң баруының мақсаттарына байланысты болады: (шақыру бойынша) қонақ, туристтiк және (жарыстарға, фестиваль және тағы басқалар, көрме) кәсiпкерлiк-бұрыштама
Сақтандыру. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңының 4-тарау, 27-ші бабында көрсетілген [1].
Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру :
1 Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
2 Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
3Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
4 Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
Бухгалтерлiк бөлiм. Фирмада үш бөлiмдердiң функциясын бірден орындайды: қаржы, экономикалық, бухгалтерлiк. Барлық кассалық операцияларды жасайды, есеп беру құжаттарын толтырылады, кiрiс пен шығыс есебін есептейді. Дәл осылай еңбек және еңбекақының есепке алуын қарастырады, салықтардың түрлерiн анықтап, олар салық салынатын базасының төлемдерін, салықты есептеудi орындайды[2].
Жоғарғы басқару. Жоғарғы басқару бас директорлардан тұрады. Оның мiндетiнде кiредi:
oo фирманың туристтiк қызметiмен басшылық ету;
oo ҚР нормативтiк, экономикалық заңдарын дұрыс орындауын тексеру;
oo қызметтер мен бағыттардың жаңа түрлерiн қарастыру;
oo еңбек тәртiбi және фирманың жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хикмет Тревел
Туризм индустриясы. Ren- tour
ШҚО туризмнің даму жағдайы және болашағы
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Солтүстік Қазақстан облысының демалыс орындары мен туризмнің біртұтас туристік қарқынын сипаттап, туристік қызметтің ролін анықтау
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
Туризм мамандығы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Туристік бизнес жайлы
Туризмдегі маркетингтік басқару
Пәндер