Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары



Кіріспе: Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары.

1. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы.
2. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары.
3. Статистикалық бақылаудың түрлері.
4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
5. Статистикалық бақылау кезіндегі жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе:
Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары.
Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге бөлінеді:
- статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
- статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау;
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар ( объектілер ) жайында жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі фактілерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми ұйымдастырылған жүйеде жүргізілуі тиіс.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады.
Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез – келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынады.
Жалпы алғанда, статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі мақсаты – зерттеліп отырған зерзаттар ( объектілер ) туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:
1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен прцестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы тиіс;
2. Жалпы жиынтыққа әсер тигізетін себептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылған, толық қамтылмаған және жан – жақты қарастырылмаған бақылау процесіне талдау жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік – экономикалық маңызы мен мәнін жоғалтады.
3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан – жақты, ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негіздегі қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.
4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын – ала жасалынған бағдарлама - әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мүның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Ы. Әміреұлы. «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы, 1998 жыл.
2. Ө. Кесікбайұлы, М. Өскенбайұлы. «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы, 1998 жыл.
3. Қ.Қ. Белгібаева, С.М. Мұханбетова. «Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы». Алматы, «Экономика»,1999 жыл.
4. Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі. Сатистикалық жинақ 1991 - 2005ж
5. //Труд в Казахстане, №8, 2006 ж. 11 бет

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе: Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары.
1. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы.
2. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары.
3. Статистикалық бақылаудың түрлері.
4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
5. Статистикалық бақылау кезіндегі жіберілетін қате және оны тексеру
тәсілі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Андатпа
Бұл реферат жұмысы барысында қажетті мәліметтер республикалық маңызы
бар газет – журналдар, статистиканың жалпы теориясы, статистикалық
зерттеулерде қолданылатын статистикалық әдістер, әлеуметтік - экономикалық
статистикада қолданылатын негізгі категориялар, түсініктер, топтаулар,
олардың түрлері, статистика пәнінің кітаптары пайдаланылады.
Тақырыпты зерттеу процесі барысында әлеуметтік салаларда қызмет ететін
халық қалаулылары, мемлекеттік қызметтегі министрлер мен депуптаттардың
идеялары мен қағидаларының соңғы мәліметтері де қолданыс тапты.
Реферат жұмысы кіріспеден, тақырыпқа байланысты бес негізгі мәселелерді
қарастыратын негізгі бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Жалпы рефератым жиырма тоғыз беттен тұрады.

Кіріспе:
Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары.
Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары
өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге
бөлінеді:
- статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
- статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді
өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау
және оларды өңдеу, топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу
нәтижелерін тұжырымдау;
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы
кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың
нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар ( объектілер )
жайында жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және
үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан,
статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты
шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі
фактілерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми
ұйымдастырылған жүйеде жүргізілуі тиіс.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен
процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама
бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.
Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні,
айы, жылы, ұлты, ата – анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа
фактілер жазылады.
Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс
ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми
мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез – келген
статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары
болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынады.
Жалпы алғанда, статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі
мақсаты – зерттеліп отырған зерзаттар ( объектілер ) туралы шындықты нақты
дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген
мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі
талаптар толық орындалуы тиіс:
1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар
мен прцестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік
бағалылығы жоғары болуы тиіс;
2. Жалпы жиынтыққа әсер тигізетін себептерді анықтауы қажет
және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы
өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі
тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылған, толық қамтылмаған және
жан – жақты қарастырылмаған бақылау процесіне талдау
жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда
статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік – экономикалық
маңызы мен мәнін жоғалтады.
3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты,
дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан – жақты, ұқыпты
түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау
көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер,
ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға
мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негіздегі
қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа
әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.
4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын – ала жасалынған
бағдарлама - әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде
жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім
қабылдау үшін қолданылуы керек.
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған
көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау
жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына
жете алмайды. Мүның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру
жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.

1. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның
бағдарламасы.
Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні. Статистикалық бақылауды
жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалады. Мұндағы негізгі
қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына
қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын,
түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды
нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. Бірақ алдымен
статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндеті анықталады да, соңынан оның
бағдарламасы жасалынады.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі – статистикалық
бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін
зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін
және қайда жүргізітінетімізді, қандай мәліметтердің жиналатындығын, қалай
өңдеу керек екендігін, қолданатын кестенің пішінін және есептеу тәсілдерін
анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық бақылауды ұйымдастыру
және оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып
есептелінеді.
Статистикалық бақылаудың зерзаты ( объектісі ). Статистикалық
бақылаудың бағдарламасында зерзаты дегеніміз – зерттеуге жататын әлеуметтік
құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса,
онда бақылау зерзатына Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал
ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кеңшарлар
жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау
зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық
жатады.
Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде
ең бастысы – бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау
зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің
зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың
кіріп кетуі де мүмкін. Сондықтан бақылау зерзатының шегін дұрыс анықтап алу
зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық болып шығуына әсері өте зор.
Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау үшін оның құрамына жататын
өнерәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын,
өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай білуге болады.
Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және
оны нышандарына қарай бір – бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол
статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны
статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын
зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау
бірлігін анықтау – зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған
мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын
зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде әрбір ұжымдар мен кеңшар
немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер еңбек өнімділігін зерттеу керек
болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын
зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардың тізімдік саны
алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оқу орны
немесе әрбір жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшесі, оқушы жатады, яғни ол
қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.
Кейбір жағдайларда бақылау бірліктері біреу немесе бірнешеу болуы
мүмкін. Мысалы, халық санағын жүргізген кезде бақылау бірлігі ретінде не
отбасы, не әрбір тұратын немесе екеуі де бірге алынады. Егер адамның өзін,
олардың жастық, жыныстық құрамын, білімін, мамандығын және т.б. зерттейтін
болсақ, онда бақылау бірлігі ретінде адам алынады. Ал егер зерттеуге отбасы
мүшесі, ондағы баланың саны, жұмыспен қамтылған отбасы мүшесі, отбасының
табысы, тұрағы туралы деректер қажет болса, онда бақылау бірлігі ретінде
отбасы алынады. Егер республикамызда халықтың құрамын зерттеу керек болса,
онда бақылау бірлігі болып отбасы саны мен жеке тұрғындар алынады.
Статистикалық бақылау кезінде бақылау бірліктерімен бірге жиынтық
бірліктері де қолданылады. Бірақ, оларды бір – бірінен ажырата білуіміз
керек.
Статистикалық жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгісі.
Мысалы, республикадағы ұжымшарлардың, өнеркәсіп орындарының, халықтың
жиынтық бірліктері болып ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі. Яғни
статистикалық жиынтық бірлігі зерттеуге ненің жататындығын көрсетсе, ал
бақылау бірлігі бастапқы деректердің қайдан алынатындығын анықтайды. Демек,
статистикалық бақылаудың бағдарламасын жасайтын болсақ, ол – жиынтық
бірлігі, ал бастапқы деректерді жинау туралы ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізетін болсақ, ол – бақылау бірлігі болып саналады. Мысалы, 2006 жылғы
еңбек нарығының негізгі индикаторларын келтіруге болады.[1]

2006 жылғы еңбек нарығының негізгі индикаторлары

15 және одан үлкен жастағы тұрғындар
2006 Анықтамалық
2005 жылдың ІІ
тоқсаны
І тоқсан ІІ тоқсан
Экономикалық белсенді халық, мың7763,2 7919,3 7892,9
адам
Экономикалық белсенділіктің 68,4 69,7 70,5
деңгейі, (
Жұмыспен қамтылған халық, мың 7102,1 7285,2 7239,2
адам
Жұмыспен қамтылу деңгейі, % 91,5 92,0 91,7
Жалшы жұмысшылар, мың адам 4563,0 4630,0 4468,5
Өзіндік жұмыспен қамтылған 2539,1 2655,2 2770,7
жұмысшылар, мың адам
Жұмыссыз халық, мың адам 661,1 634,1 653,7
Жұмыссыздық деңгейі, % 8,5 8,0 8,3
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, 14,7 13,4 14,2
%
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық 4,8 4,3 4,9
деңгейі, %
Экономикалық белсенді емес 3587,1 3435,4 3304,5
халық, мың адам
Экономикалық белсенді емес 31,6 30,3 29,5
халықтың деңгейі, %

Статистикалық бақылаудың бағдарламасы. Статистикалық зерттеуді
жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін
анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыру жоспарына жататыны бақылау
бағдарламасына жете дайындала білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп
зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға
қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасына кіргізілетін сұрақтардың тізімін жасау – аса
күрделі жұмыс. Оны өңдеу және құрау көптеген білікті мамандардың, ғылыми
қызметкерлердің немесе сол зерттеу жұмысына нақты қатысы бар мекемелер мен
ұйымдардың қатысуы арқылы жасалынады. Дұрыс жасалынған бақылау бағдарламасы
ертеңгі күнгі зерттеудің негізгі тірегі болып саналады. Сондықтан, бақылау
бағдарламасын жасаған кезде оның зерттеу зерзатына және алдына қойған
мақсатына көп көңіл аударылуы тиіс. Өйткені, одан жиналған бастапқы
мәліметтер мемлекетті басқаруға, шаруашылықтарға жетекшілік етуге немесе
ғылыми – зерттеу жұмыстарында қолданылады. Әрі ол алдын – ала ескертіледі.
Статистикалық бақылау бағдарламасына енгізілген сұрақтардың мөлшері
статистика органдарындағы есеп беру формалары арқылы жиналатын
көрсеткіштерге байланысты болуы тиіс. Себебі, әрбір өнеркәсіп орнының,
мекеменің, ұжымның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсетілген
көрсеткіштердің өзі бақылау бағдарламасы болып саналады
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде бельгия ғалымы А. Кетленің
ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз керек:
1. бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы
көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған
мақсатын анықтауы тиіс;
2. бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын
сұрақтардың кіргізілгені жөн;
3. бақылау бағдарламасына кіргізген сұрақтар жауап берушге кері
әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз
жүргізілген сияқты күдік туғызбауы керек;[2]
Жоғарыдағы келтірілген нұсқауды орындағанда ғана статистикалық
бақылау бағдарламасы дұрыс болып шығады.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелерін
қарастырған кезде ең үлкен жұмыстың бірі ретінде оған кіргізілген
сұрақтардың редакциясы болып есептеледі. Атап айтқанда, зерттеу кезінде
жиналатын, өңделетін мәліметтердің жоғары сапалылығы, дұрыстығы, толықтығы
және оның нәтижелілігі сол берілген сұрақтарға сай түсінікті, ұғымды және
тұжырымды түрде құрастырылуына тікелей байланысты. Сондықтан көп
жағдайларда берілген сұрақтардың түсінікті болуы үшін сол сұрақтан кейін
түрлі қолайлы жауаптары қосымша ретінде беріледі. Мұнда сұралушы, яғни
жауап беруші, өзінің таңдауы бойынша, берілген сұрақтың дұрыс жауабын сызу
арқылы көрсетеді. Мысалы, 1989 жылғы халық санағында халықтың білімі
туралы сұраққа төмендегідей қосымша жауаптар берілген: жоғары, аяқталмаған
жоғары, арнаулы орта, орталау, бастауыш және сауатсыздық. Мұндай жауаптар
өте дұрыс болып шығады және басқа жауаптардың қосымша кіріп кетуіне
тосқауыл болады. Себебі, берілетін жауаптардың барлығы толығымен
көрсетілген. Осыған орай сұралушы сұрақтың ретіне қарай, өз қалауы бойынша
бір – ақ жауапты көрсетуі қажет. Кейбір сұрақтарға берілетін жауаптар бар
немесе жоқ деген сөздер арқылы көрсетілуі мүмкін. Сонымен, жоғарыда
көрсетілген жауаптар мәліметтерді өңдеу, топтау және электронды есептеу
машинасына даярлау жұмыстарын жеңілдетеді.
Статистикалық бланк (формуляр) дегеніміз – бақылау кезінде берілген
сұраққа жауап жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір бет
қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін). Бір мезгілде, бір тақырыпта
жүргізілетін зерттеу бланктерінің бірдей үлгіде болғаны да жөн. Демек,
статистикалық бланк (формуляр) – бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы,
таратушы юолып табылады. Бірақ, статистикалық бақылау формуляры әр түрлі
атпен аталуы (батапқы есеп беру формасы, карточка, бланк, акт, табель,
санақ қағазы, сұрақ қағазы және т.с.с.) әбден мүмкін. Әрбір формулярда
титулдық және мекен – жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде көрсетіледі.
Титулдық бөлімінде статистикалық бақылаудың түрі, аты, бекітілген
мерзімі және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі. Ал мекен – жайлық
бөлімінде жердің, адамның аты – жөні және толық тұрағы жазылады. Мекен –
жайдың көрсетілуі сол бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын
тексеру үшін қолданылады.
Статистикалық тәжірибеде формулярдың жеке – дара, яғни карточкалы
және тізімдік екі түрі қолданылады. Жеке – дара немесе карточкалық
формулярда әрбір бақылау бөліктерінің мәліметтері жеке бланкіге
толтырылады. Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе одан да көп
бақылау бірліктерінің мәліметтері көрсетіледі. Мысалы, жеке немесе
карточкалық формулярға әрбір мекеменің, кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп
беру формасы, ал тізімдікке 1989 жылғы халық санағында қолданылған жаппай
санақ қағазы жатады.
Жоғарыда көрсетілген екі формулярдың да өздеріне тән құндылығы мен
кемшіліктері бар. Карточкалы формулярдың тізімдікпен салыстырғанда
артықшылығы сол, мұнда берілетін сұрақтар көп болып келеді. Сонымен бірге,
бұл формулярдың жалпы көрсеткіштерін қолмен есептеу. Топтау жұмыстары жеңіл
атқарылады.
Бұл түрдің кемшілігі, мұнда әрбір бланкі сайын мекен – жайы туралы
деректер толтырылып отырылатындығында. Ал, бұл басы артық жұмыс пен орынсыз
қаржы шығындарын көбейтеді. Тізімдік формулярды қолдану өте үнемді,
мәліметтерді тексеру жеңіл және машинамен өңдеуге өте қолайлы.
Статистикалық бақылау бағдарламасы туралы дұрыс түсінік беру және
бланкілерді толтырудың біркелкілігін қамтамасыз ету үшін оның түсініктемесі
мен нұсқауы жазбаша түрінде бірге жіберіледі.
Нұсқау, кітапша ретінде көрсетіледі. Нұсқауда, негізінен, мыналар
көрсетіледі: бақылаудың мәні мен мақсаты, оның зерзаты мен бақылау
бірліктерін анықтау, бақылаудың уақыт мерзімі мен жүргізілу ұзақтығын
көрсету, құжаттарды толтыру тәртібін үйрету, қорытындысын тапсыру уақыты.
Ең негізгісі болып әрбір сұраққа қалай дұрыс жауап беру туралы түсінік
берілуі және бланкілерді толтырудың түсіндірмесі саналады. Статистикалық
бақылау кезінде қолданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар, және т.б.)
жұмыс жабдықтары деп атайды.
Статистикалық бақылау бағдарламасында жоғарыда көрсетілгендерден
бөлек басқа да мәселелер қарастырылады. Оған мәліметтерді жинаудың түрлері
мен тәсілдерін анықтау, зерттеу жұмыстарына қатысатын мамандарды даярлау
және көпшілік қауым арасында үгіт – насихат жүргізу сияқты көптеген
ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Мұның барлығына статистика органдары
басшылық етіп отырады.

2. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары.
Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың
негізгі екі жолын (формасын) қолданады. Оның біріншісі – есеп беру,
екіншісі – арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Статистикалық есеп беру. Біздің қоғамымызда статистикалық есеп беру
статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы
мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады.
Демек, есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен
кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген
құжаттар үлгүісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті
мәліметтерді статистика органдарына тапсырып отыруды айтамыз.
Халық шаруашылығы салаларының барлығы бекітілген үлгіде және
көрсетілген уақытта міндетті түрде есеп беруге тиіс. Және ондағы
көрсетілген барынша айғақ та, дұрыс болғаны жөн. Оның дұрыстығына мекемелер
мен кәсіпорындардың және шаруашылықтардың басшылары мен бас бухгалтерлері
немесе бас экономистері жауап береді.
Бухгалтерлік есеп беру формалары статистикалық мәліметтерді жинаудың
негізгі көзі болып саналады. Мұндағы көрсетілген сандық көрсеткіштер
бастапқы ресми құжаттар негізінде, бекітілген үлгі түрінде әрбір халық
шаруашылық салалары бойынша аудан, қала, облыс, республика көлемнде
жинақталады және қорытындыланады. Жалпы алғанда, есеп беру формаларының
көпшілігі бір не екі мекен – жайға, статистика органдарына және сол мекеме,
кәсіпорындар бағынатын жоғары органдарға жіберіледі. Кейбір жағдайларда
басқа органдарға да тапсырылады. Мысалы, Қаржы министрлігіне тапсырылатын
бухгалтерлік жылдық есеп беру формалары. Сонымен, әрбір мекеме, кәсіпорын,
ұжым және шаруашылық өздерінің экономикалық өзгерістері туралы, яғни
жетістіктері мен кемшіліктерін есеп беру формалары арқылы жан – жақты
қарастырады. Ал оған бақылау жасау, басшылық ету, ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізу, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен оған
тікелей бағынышты статистика органдарына жүктелген.
Біздің қоғамымыздағы құбылыстар мен процестерге халық шаруашылық
салалары бойынша зерттеу жүргізу есеп беру жұмыстарымен тығыз байланысты.
Бірақ, әрбір сала өздері өндіретін өнімдердің түрлеріне, атқаратын істеріне
қарай есеп беру жұмыстарын әр түрлі формада жүргізеді. Осыған орай
статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. оның біріншісі – жалпы
мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және
шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде
тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар
және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейін
мемлекетімізді басқару үшін қолданылады. Екіншісі – ішкі ведомстволық есеп
беру, яғни ведомстваның, министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін
қолданылатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік – жедел деп те
атайды.
Мемлекеттік және ведомстволық есеп беру формалары қолданылуына қарай
бір үлгідегі (бір типтегі) және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.
Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі (типтегі) есеп беру
формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады. Мысалы,
еңбекақы қоры мен жұмысшылардың тізімдік санын пайдалану туралы
көрсеткіштер барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұжымдар және шаруашылықтар
үшін бірдей формада (үлгіде) беріледі.
Мамандандырылған есеп беру формасында (үлгісінде) әрбір кәсіпорын,
мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне
байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы,
Алматы тоқыма және темекі фабрикасының өндіретін өнімдерінің түрлеріне
қарай олардың есеп беру формаларында (үлгісінде) көрсетілетін
көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық
арасындағы есеп беру формаларында (үлгілерінде) өзгерістердің бар екендігі
анық көрсетіледі.
Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей
түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес
күндік), айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Жылдық есептен
басқасының барлығы ағымдағы есеп беру түріне жатады. Есеп беру мерзімінің
аралығы неғұрлым алшақ болатын болса, соғұрлым ондағы көрсетілген
көрсеткіштер көбірек болады немесе керісінше болып келеді. Сонымен бірге
әрбір есеп беру формасының тапсырылатын келісімді мезгілдері дәл
көрсетіледі және дер кезінде орындау әр кәсіпорынның негізгі міндеті болып
табылады.
Есеп беру формасындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай
почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат
түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек
шұғыл көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәләндырылады.
Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей реквизиттер міндетті түрде
көрсетілуі қажет.
1. есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;
2. статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;
3. мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;
4. есеп берудің кесімді уақыты;
5. есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен – жайы;
6. есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен – жайы;
7. мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;
8. есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығына,
нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты – жөні
толық көрсетілуі керек;
Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Статистикалық ақпараттарды топтарға жіктеу
Оқыту процесінің мотивациясы
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Пәндер