Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері



Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой.пікірлер
Ежелгі Қытайдың саяси ой.пікірлері
Ежелгі Грекияның саяси ой.пікірлері
Ежелгі Римнің саяси ой.пікірлері
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 жылы ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. 8 ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады.
Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілер болып келеді.
Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ШЫҒЫС ЖӘНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРЛЕРІ
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия, Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл елдерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүниедегі алатын орны да осы қиял- аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифологиялық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.
Италияның алғаш орталығы болған Турин қаласында 1824 жылы ашылған атақты Египет мұражайы бар. Онда Египет жерінен қазылып әкелген көптеген тарихи заттар қойылған. Мұражайда үш адамның бальзамдалған мумиясы бүтіндей сақталған. Оларды б.э.д. 8 ғасырға жатқызады. Одан басқа біздің заманға дейін 4 мың жылдыққа жататын мүрделерден бидай, нан, жұмыртқа (түйе құстың), қару-жарақ, ыдыс-аяқ алынғанын көрсетіп қойған. Бұл келтірілген фактілер сол замандарда дін болғанын байқатады.
Әлеуметтік және саяси құқықтық тәртіптердің баршасының негізгі құдайдан негіз алады деген түсінік қалыптасады. Мысалы, қытайдың ежелгі аңыздарында дүниенің барлық тұтқасы аспан астындағы құдайдың қолында деп дәріптелген (немесе Қытайдың императоры). Қалғандары оның еркін жүргізушілер болып келеді.
Египет, Вавилон, Индия сияқты елдерде басқадай аңыздар бар. Оларда құдай биліктің негізгі қайнар көзі бола тұра, жердегі істерді, адамдардың тағдырын жасаушылар болып қала береді. Египет пен гректердің аңыздары бойынша құдайлар қоғамның, мемлекеттің басқарушысы және заң шығарушысы болып табылады. Мысалы, еврей халқының заңдарын құдайдан тікелей Моисей қабылдап алған деген наным бар. Билікті құдай атынан адамдар жүргізеді. Айрықша жағдайларда құддай өзі араласады. Ежелгі Египет нанымы бойынша ақиқатты, әділдікті және заңдылықты әйел құдайы Маат жүргізеді-міс. Бұл түсінік басқа елдерге де тән. Осы аталған идеялар ежелгі египеттің деректік негізі Птахотеп оқуларында (б.ж.д. 28 ғасыр), Өлілер кітабында (б.з.д. ХХY-ХХIY ғасырлар) бар. Аталған оқуларда басқарушы адамдар кейпінде суреттеледі. Билеушілерді қастерлеу идеясы басым жатады. Дегенмен, қара халықтың бас көтерулері болып тұрған. Мысалы, Ипусердің сөзінде (б.з.д. 1750 жыл) қоғамның төменгі топтары мен құлдардың қозғалысы айтылады.
Шумер, вавилон билеушілерінің өз жағдайларын құдыретті етіп көрсетуі байқалады. Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи заңдары (б.з.д. ХYII ғасыр) қоғамның әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді.
Ежелгі Персияда аңыздық ой-пікірден рационалдық көзқарасқа ауысу байқалады. Б.з.д. YII ғасырда зороастризм ілім және ағым ретінде қалыптасып та үлгерді. Кейінірек зороастризм шығыстың басқа елдеріне тарап кетті де христиан доктринасының қалыптасуына себепкер болды. Сонымен жер бетіндегі игілік пен зұлымдықтың арасындағы күрес Заратустра ілімінің негізгі қағидасына айналды. Негізінде Заратустра адалдықты жақтаған, зұлымдықты жеңуге болатынын айтқан. Сөйтіп біртіндеп мифологиядан рационалдыққа ауыса бастаған. Қоғамдағы таптардың жіктелуіне сәйкес саяси ой-пікірлер қалыптаса бастаған.
Ежелгі Индиядағы саяси-ой-пікірлер. Алғашында мифтер мен діннің ықпалымен дамыған. Билікті абыздар - бархмандар жүргізген. Брахманизмнің көрінісі б.з.д. 2 - мыңыншы жылдардың ескерткіштерінде көрініс таба бастады. Ол бойынша заңдарды Веды деп атаған. Заң бойынша қоғамды 4 варнаға (жікке) бөлген: (оларды құдай жасаған):
1) брахмандар.
2) кшатрий-жауынгерлер
3) вайшийлер (шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер)
4) құлдар, варнадан тысқары тұрғандар.
Брахманизм идеологиясы көптеген заң жинақтары: дхармасутр мен дхармашастарлардан тұрады. Мысалы, б.з.д. II ғасырда Ману заңдары жазылған. Онда варнаның талаптары тұжырымдалған. Варнаның бастапқы екеуі билеуші болады. Ману заңы бойынша патша брахмандарды мойындауы керек. Ману заңында жазалауға ерекше мән берілген. Таяқтауға дейін жаза қолдану бар.
Брахманизм идеологиясын сынаушы буддының негізін қалаушы Сиддхартха болды. (б.з.д. YI ғасыр). Ол құдай барлық билікті жүргізуші, заң шығарушы деген ұғымды теріске шығарады. Будды теңдікті жақтады. Буддизм идеологиясы гуманизмге, адамгершілікке, өзге адамды сыйлауға, зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеуге уағыздайды. Буддизмде жазалаудың ролі мен көлеміне шек қою, азайту көзделген. Заңдылықты бағалау көзделген. Буддизмнің кемшілігі - жоғарғы дәрежеге жетілудің жеке адамдардың алдында тұрған міндет деп қоюында (нирвана). Нақты саяси-құқықтық құбылыстарға жеткілікті мән бермеуінде жатыр. Соған қарамастан, буддизм актуалды ағым. Ашокидің билік құрған кезінен бастап (б.з.д. 268-232 жылдар) Индия бірікті де буддизм мемлекеттік дінге айналды. Буддизм Оңтүстік - шығыс Азияның басқа елдеріне тарады.
Брахманизм идеологиясынан ауытқу Артхашастра (б.з.д. 4-3 ғасырлар) трактатында байқалады. Артхашастрада саяси-құқықтық және әкімшілік-билік нұсқауларға көбірек назар аударылып, оның пайдалы жақтары көрсетіледі.
Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551-479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі - елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс-жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады.
Конфуцианшылдық доктринасы мынау - бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті - қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс. Заманында идеологиялық және моралдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшылдықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес.
Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) - жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1-мыңыншы жылдары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-YI ғасырлар). Бұл Гомердің, Гесиодтың және атақты 7 данышпанның шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифогор мен пифогорлықтар, Гераклит енеді. 2-дәуір б.з.д. Y-IY ғасырдың бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия ойшылдарының экономикалық ойлары
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Алғашқы қауымдағы тәрбие
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Ежелгі грециядағы тәрбие және мақсаты
Қоғамтану
Ежелгі мектеп пен тәрбие
Пәндер