Стратегия және бәсекеге қабілеттілік



Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан 2030” Стратегиясында бір данагөйдің: “Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін” деген сөзін мысал етіп: “Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз” деп атап көрсеткен еді. Стратегияның 10 жылдығы қарсаңында бұл сөз өте өзекті күйінде қалып отыр. Себебі 33 жылға арналған бағдарламаның он жылында не атқарылып, алдағы кезде нендей істер жүзеге асуы керек екені айқындала түскендей.
Біз тұрақтану кезеңінен лайықты өттік. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде үлкен табыстарға қол жеткіздік. Енді болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы тереңірек ойлауға тиіспіз.
Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсіністікпен қарай білуі біздің болашаққа деген сенімімізді беріктей түседі. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мүмкіндігіне жету үшін күрес – осы сенімнің нәтижесі.
Президент өзінің Қазақстан халқына соңғы жылдардағы екі жолдауын Қазақстан мемлекеті бәсекеге қабілетті болып жетілуі тиіс деген тақырыпқа арнауы тегін емес. 2004 жылғы Жолдау “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!” деп аталса, 2006 жылғы Жолдау “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы” аталды. 2004 жылғы Жолдауда елдің бәсекелестік қабілетін арттыру траекториясының параметрлері белгіленіп, басым бағыттар әлеуметтік салаға арналатыны баса айтылды. 2006 жылғы Жолдау мәселені нақтырақ қойды: Қазақстан жақын он жылдықта әлемдегі ең дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді биліктің негізгі саяси бағыты деп санаймыз деді. Сонымен соңғы төрт жылдағы жолдаулар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен әлеуметтік шаралардың басым бағытын бағдарлауын әуелі ой сүзгісінен өткізіп, соңы жан-жақты ізденістерге ұласқанда мәселенің анық-қанығына көзіміз жете

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Стратегия және бәсекеге қабілеттілік

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан 2030” Стратегиясында
бір данагөйдің: “Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін
болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін” деген сөзін
мысал етіп: “Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде
және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп
ұстауға тиіспіз” деп атап көрсеткен еді. Стратегияның 10 жылдығы қарсаңында
бұл сөз өте өзекті күйінде қалып отыр. Себебі 33 жылға арналған
бағдарламаның он жылында не атқарылып, алдағы кезде нендей істер жүзеге
асуы керек екені айқындала түскендей.
Біз тұрақтану кезеңінен лайықты өттік. Ең өзекті және маңызды
міндеттерімізді шешуде үлкен табыстарға қол жеткіздік. Енді болашаққа
батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы тереңірек ойлауға тиіспіз.
Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және
экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы
білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсіністікпен қарай
білуі біздің болашаққа деген сенімімізді беріктей түседі. Қазақстанның
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мүмкіндігіне жету үшін күрес –
осы сенімнің нәтижесі.
Президент өзінің Қазақстан халқына соңғы жылдардағы екі жолдауын Қазақстан
мемлекеті бәсекеге қабілетті болып жетілуі тиіс деген тақырыпқа арнауы
тегін емес. 2004 жылғы Жолдау “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!” деп аталса, 2006
жылғы Жолдау “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына кіру стратегиясы” аталды. 2004 жылғы Жолдауда елдің бәсекелестік
қабілетін арттыру траекториясының параметрлері белгіленіп, басым бағыттар
әлеуметтік салаға арналатыны баса айтылды. 2006 жылғы Жолдау мәселені
нақтырақ қойды: Қазақстан жақын он жылдықта әлемдегі ең дамыған және
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді биліктің негізгі саяси бағыты
деп санаймыз деді. Сонымен соңғы төрт жылдағы жолдаулар елдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мен әлеуметтік шаралардың басым бағытын бағдарлауын
әуелі ой сүзгісінен өткізіп, соңы жан-жақты ізденістерге ұласқанда
мәселенің анық-қанығына көзіміз жете түсті.
Газет-журналдарда шығып жатқан шенеуніктердің, саясаттанушылардың,
жазушылардың мақала-сұхбаттарының бәрі “бізде экономикалық өрлеу өте жақсы,
сондықтан біз озық елуліктің ішіне кірудің аз-ақ алдындамыз” деген жеңіл
тұжырымға келіп тіреле береді. Шындығында бәсекеге қабілетті болудың қандай
компоненттері бар, озық елдердің қатарынан табылу үшін нендей шарттар
орындалуы тиіс деген сұрақтарға жауап іздесек бұл мәселе оп-оңай шағыла
салатын жаңғақ емес екеніне көзіміз жетеді.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап-ақ әлемдегі өзгерістер жедел қарқын алды.
Оған ғылым мен техниканың дамуы, жаңашылдық үрдісінің басталуы әсер етті.
90-жылдары микроэлектрониканың, есептеу техникасы мен ақпараттық
технологияның жетілуімен әлемдік даму тағы бір сатыға көтерілді. Ол кезде
оған ақпараттық қоғам деп айдар тағылды. Енді жоғары бәсекелестікке ие,
өнімділіктің биік деңгейіне жеткен елдер білім экономикасына негізделген
қоғамның құрылысы жайында сөз ете бастады.
Білім экономикасына негізделген қоғамның негізі қалануына әлемдегі
жаһандану үдерісінің аса тез жылдамдықпен дамуы себеп болуда. Елдер
арасындағы тауар мен қызмет алмасу өте интенсивті жүргізілуде. Капиталдың
экспансиясы кең көлемде үдеуде. Халықаралық экономикалық байланыстар кеңи
түсуде.
Жаһанданудың әлеуметтік аспектілерін зерттеушілер әлемдегі ең бай жиырма ел
мен ең кедей жиырма елдің ішкі жалпы өнім көрсеткіштері 1962 жылы 53:1
болса, одан 40 жыл кейін 121:1 болды дейді.
Осылайша біз жаһандану әлемінде өмір сүріп келеміз және бұл кеңістікте
барлық жағынан жеткілікті болып отырған ел жоқ, барлығында да алмасу
үдерістері жүруде, елдер бір-бірімен әртүрлі байланыстар жасайды, сондықтан
да әлемдік экономикада әрбір елдің орнын айқындап, кім алдыңғы сапта, кім
артта екенін біліп отыру қажеттілігі туындады. Осыны айқындау мақсатында
елдер арасында бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері есептеле бастады. Бұл
әрі талдамалық, әрі саяси құрал ретінде пайдаланылуда. Талдамалық болатыны,
бұл көрсеткіш арқылы әрбір елдің жағдайын білуге, өзінің болашақтағы орны
қалай болатынын түсінуге болады, ал саяси дейтініміз – бәсекеге
қабілеттіліктің өсуі бір мезгілде қоғамның демократиялық дамуын және
өмірдің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.
Елбасы өз Стратегиясында орталық және жергілікті билік экономикаға
араласуды тоқтатып, жеке сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды
шеңберлерін құруды, сөйтіп экономикада мемлекет маңызды, бірақ шектеулі рөл
атқаруға тиіс екенін айтты. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес
рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға,
фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін
дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды
қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған
құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтауды ұсынды. Қарап отырсақ,
бәсекеге қабілетті ел болып жетілудің барлық компоненттері осы ұсыныстың
тұла бойында тұнып тұр.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері бір ғана ішкі жалпы өнімнің жан басына
шаққандағы көлемі емес, бұл көптеген көрсеткіштердің қосындысынан құралған
мемлекеттің жоғары экономикалық өсуді қамтамасыз ету қабілетінің көрсеткіші
және жай ғана жоғары қарқын емес, экономикалық өрлеудің тұрақты жоғары
қарқыны. Бұрынғы Кеңес одағы бәсекеге қабілеттіліктің рейтингтік зерттеу
көрсеткіштеріне қатысқан жоқ. Қазақстан мемлекетінде бұл көрсеткіш 1997
жылдан бастап қана есептеле бастады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде бәсекеге қабілеттілік индексін есептейтін үш
орталық бар: Давостағы Бүкілдүниежүзілік экономикалық форум, Лозаннадағы
менеджментті дамыту институты және АҚШ-тағы Гарвард университеті.
Қазақстан Бүкілдүниежүзілік экономикалық форумның өлшеу көрсеткішіне 2005
жылдан бастап қана кірді және сол жылы 61-орынды иеленді. Бұл өте биік
көрсеткіш және біздің елді жоғары қарай сүйреп тұрған ішкі жалпы өнімнің
жоғарылығы. Бұл көрсеткіштерді қалыптастыратын институттарды алдау қиын,
өйткені ол ұжымдық еңбектің нәтижесі, онда 104 елдің 8700 маманы жұмыс
істейді.
Егер біз Елбасы айтқандай, 2012 жылға дейін ІЖӨ-ні жан басына шаққанда шын
мәнінде 9000 долларға жеткізе алар болсақ, онда біз Сан-Сальвадор,
Колумбия, Египет, Үндістан, Гана, Таиланд, Қытай, Болгария және Мексика
секілді елдерді басып озамыз. Зерттеулер көрсеткендей, әрбір елдің алға
сүйрейтін жетістіктері мен артқа тартатын әлсіз тұстары болады. Мәселен,
Финляндияның 2000 жылы 5-орынды иемденіп, 2001 жылдан бастап бірінші-екінші
орындарды иемденуі Нокия аталатын ұялы телефон өндірісі мен интернет
жүйесін дамытудан туған жетістіктер. Сондықтан Қазақстанға Билл Гейтс
келіпті, Орталық Азиядағы ақпараттық технология саласында біріккен қызмет
нәтижелері күтілуде деген хабарлар қуантады.
Сонымен елдің бәсекеге қабілеттілігі немен өлшенетін болмақ? Ең басты
өлшеуіш – жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім. Бұл көрсеткіш жоғары
болған сайын ел бай, ондағы адам сапасы жоғары санала береді. Бұл жөнінде
біздің көрсеткішіміз жаман емес, 2006 жылдың қорытындысымен 5600 доллар
көлемінде. Бұл көрсеткіш бойынша Чили, Мексика, Малайзия секілді елдермен
бір қатардамыз.
Бәсекеге қабілеттілік ғылым ретінде танылған, оның негізін қалаушы ғалым,
Қазақстанда болған Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер қазіргі
заманғы елдерді үш топқа бөліп қарайды. Бірінші топ өндірісте арзан жұмыс
қолын пайдаланатын, өз елінің қазба байлықтарын аяусыз пайдаланатын елдер.
Бұл топқа жан басына шаққандағы ІЖӨ 3000 долларға дейінгі елдер жатады.
Екінші топтағы елдерге экономиканы тиімді жүргізуді үйренген, тиімді
материал және энергия үнемділігі бар, жұмсалған қаржының қайтарымы жақсы
елдер кіреді. Бұл елдерге жан басына шаққандағы ІЖӨ 9000 долларға дейін
болатын елдер кіреді. Үшінші топ – инновациялық экономика елдері, оларда
бүкіл экономика білімге, жаңашылдыққа негізделген. Олардағы жан басына
шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллар немесе одан да көбірек. Майкл Портер біздің
елді алдыңғы екі топтың ортасында тұрған ел деп санайды. Бізде табиғи
ресурстар тез сатылып жатыр және жұмыс күші арзан, бірақ сонымен бірге
бізде тиімді экономика құруға ұмтылыс бар. Еңбек өнімділігіне,
энергосыйымдылықты азайту мен жаңа технологияларға көңіл бөліне бастады.
Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: бізге жетілу үшін әлі көп
еңбектену керек. Егер біз қазірден бастап алдыңғы қатарлы 50 елдің
қатарында жүрмесек, онда өмір сапасының жоғарғы стандарттарына ұмтыла
алмаймыз да артта қалып қоямыз.
Дегенмен, біздің еліміз бәсекеге қабілетті болып жетілу үшін жүйелі түрде
еңбектеніп келе жатқанын атап өтуге тиіспіз. Қазір біздің экономика тоқырау
мерзімінен өтті, тұрақтылық мерзімі жүріп жатыр. 1999 жылдан бастап ел
экономикасында тұрақты даму үрдістері орнығып келеді. Бізде білім беру,
денсаулық сақтау, ауылды қолдау, ауылдық аумақтарды абаттандыру,
индустриалдық-инновациялық бағдарламалар жасалды.
Дамыған елдерде инновациялық технологияның үлесіне ІЖӨ-нің 70 пайыздайы
келетін болса, бізде бұл көрсеткіш әлі 0,8 пайыз ғана. Сарапшылар бұл
көрсеткіш 2015 жылға қарай 1,7 пайызды құрайды деп болжайды. Бұл өте төмен
көрсеткіш. Өндіріске жаңа идеяларды енгізетін ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық істерге бірінші кезекте қолдау жасау керек. Бізде қазір
ғылымды дамытуға ішкі жалпы өнімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Менеджменттің мақсаты, принциптері және құрымы
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Фирма стратегиясы және оның бәсекеге қабілеттілігіннің теориялық негізінде
Менеджменттің стратегиясы мен талқыласы
Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығы
Фирманың бәсекелестік стратегиясын қалыптастыру
Фирма стратегиясы мен оның бәсекеге қабілеттілігін басқару
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Пәндер