Тәңіршілдік діні мен Ислам діні



КІРІСПЕ
1 ТӘҢІРШІЛДІК ДІНІ МЕН ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУТАРИХЫ 1.1 Тәңіршілдік дінінің қалыптасу тарихы
1.2 Ислам дінінің пайда болуымен қалыптасуы және таралуы
2 Тәңіршілдік пен Исламның діни дүниетанымдық құндылықтары мен құлшылықтары
2.1 Тәңіршілдіктің тарихи болмысындағы нанымдар
2.2 Ислам дінінің сенімдерімен құлшылықтары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысымда Ислам мен Тәңіршілдік діндерінің пайда болуы мен қалыптасуын, аталған діндердің діни наным-сенімдері мен культтерін, дүниетанымдық көзқарастары мен өзіндік құлшылықтарын салыстыра отырып талданды. Тәңіршілдік діні өкілдерінің ислам дінін қабылдауы және ондағы бастысы сенімі (Алла мен Тәңір) синоним болғандығы жан-жақты дінтанулық тұрғыдан сарапталды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толды. Өкеткен жиырма бір жылдық мерзімде қыруар шаруалар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата-заңымыз қабылданды т.б. Қазақстан қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Егеменді еліміздің азаматтарында дінге, рухани құндылықтарға деген үлкен бетбұрысы көрініс алды. Қазақ халқының дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздің автохтонды халықтарының діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы, тіпті апологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер мен монографиялар да жарыққа шыға бастады. Елімізде тоталитарлық билік өктемдік еткен қиын кезеңнен жойқын ауыртпашылығын тартпаған рухани саламыз жоқтың қасы десек қателеспейміз. Міне, осындай кесірлі заманада дініміз де ұмыт бола жаздады. Соңғы жылдарда ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, тарихымызды, тіліміз бен рухани мәдениетімізді жан-жақты зерттеуге ұмтылудамыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» деп аталатын жолдауын; «Біз елзіміздің тәуелсіз егемен мемлекетіміздің негізін қалайық» [1] деп бастаған. Ал, мемлекеттің негізін қалауға атсалысқан әрбір азамат білімді де өнерлі, іскер, болашағын пайымдайтын дәрежеде саналы ілім иманды болуы абзал. Әрбір адам тез тарихын, тілін, дінін, ұлттық ділін танып-білу арқылы күллі адамзатқа ортақ рухани мәдениетке қол жеткізе алады. Әлбетте, терең рухани байлық қана үлкен мақсатты істеріге үлес қосуға мүмкіндік береді, деп айтуға толық негіз бар.
1.Егемен Қазақстан газеті, 1997ж., 11 қазан
2. Абай. Қалың елім қазағым. - Алматы: Жалын, 1995. - 384 б.
3. Назарбаев Н. В потоке истории. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б. /114/.
4. Акатаев С. Мировоззренческий синкретизм казахов. - Алматы: 1993.-265б.
5. Акатаев С. Культ предков у казахов и его этногенетические и историко- культурные истоки. - Алма-Ата: 1973. - 191 б.
6. Ю.Акатаев С. К пережиткам культа Тенгри у казахов. // Изв. АН Каз ССР. Серия общественных наук, 1984, №2, /40/.
7. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. - Алматы: Қазақстан, 1996. - 256 б. /116-117 және 250-251/.
8. Есім F. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). - Алматы: Ғылым, 1997. 3-том. - 232 б. /66-138/; Есім Ғ. Фалсафа тарихы. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы қазактың білім Академиясы, 2000. - 278 б.
9. Қасабеков. А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы: Ер-Дәулет, 1994. - 172 б. /14/ ; Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли. Философия тарихы. - Алматы: Жеті жарғы, 1999. - 288 б. /201/.
10. Марғұлан Ә. Тамғалы тас жазуы // Қазақ тарихынан. - Алматы: Жалын, 1997. - 544 б. /204-239/.
11. Орынбеков M. Предфилософия протоказахов. - Алматы: Өлке, 1994. - 208 б.
12. Орынбеков М.С. Верования древного Казахстана. - Алматы: РИЦ "ІРК- ТІРО", 1997.- 154 6. /137/.
13. 3иманов С.З. Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. - Алматы: Жетш жарғы, 1998. - 128 б.
14. Әмірғазин С. Діни келешегіміздің келбеті. - Алматы: Аян-Әдет, 2001. -72 б.
15. Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко- культурологическое исследование). - Алматы: Фараб, 2000. - 312 б.
16. Есім Ғ. Сана болмысы. - Алматы: Ғылым, 1997. 3-том. - 232 б. /178-179/.
17. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы, 1985. – 295б.
18. Досанов Т. Төрүк-қазақ рунасының графикалық философиясы // Тіл және қоғам: альманах. – 2004, №2, 76-94 бб.
19. Жұртбай Т. Өлімші халықты тірілткен. Мәңгілік ел нысанасы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер.- Алматы: Ғылым, 2001. – 584 б.
20.Ақмолдаева Ш.Б. древнекиргизская модель мира (на материалах эпоса «Манаса») Бишкек: «шим», 1996.- 220б.
21. Жұртбай Т. Өлімші халықты тірілткен. Мәңгілік ел нысанасы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер.- Алматы: Ғылым, 2001. – 584 б.
22. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. – Астана: Арыс, 2007. – 304 б.
23. Базылхан Н. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ-том. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б.
24. Әбжанов Х.М. Күлтегін жазуы: тарихи сана мен таным //Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. − Алматы: Ғылым, 2001. − 584 б.
25. Карл Ясперс. Смысл и назначение истории.-Москва, 1991. 658с.
26. Байымбетова Р.Қ. Түркілер дүниетанымының тілдік репрезентациясы (ҮIІ-ІХ ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің тілі негізінде) / Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. Алматы, 2008. 15б.
27. Күлтегін / Ғ. Айдаровтың нұсқасы. – Астана. Аударма., 2002 . – 66 б.
28. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М., 1964. С.103-114.
29. Ғабитов Т., Әлімжанова Ә. Исламға дейінгі түрік халықтарының мифологиясы мен діни сенім-нанымдары // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 1-том Астана: Аударма, 2005. – 439-482 бб.
30. Аюпов Н.Г. Метафизические основания тенгрианства // Саясат. № 4. –2005.
31. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Человек.Общество /Львова Э.Л.,Октябрьская И.В., Сагалаев А.М., Усманова М.С. − Новосибирск: Наука. Сиб.отд-ние, 1989. – 243 с.
32. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. – Астана: Арыс, 2007. – 304 б.
33. Симокатта Фиофилакт. История. М., 1957. С. 161.
34. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-207
35. Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках // Памятники древнетюркской письменности и этнокультурная история Центральной Азии. М., 2006. С. 402.
36. Қондыбай С. Қазақ мифологиясына кіріспе. Алматы.: Арыс., 2008.-31
37. Потапов Л.П. «Йер суб» в орхонских надписях // СТ. 1979. №6. С.71-77
38. Исаева М.Ү. Қазақ философиясындағы кеңістік пен уақыт мәселесі. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009, 61 б.
39. Қазақстан тарихы төрт томдық. I-том. – Алматы, 1996. – 544 б.
40. Еремеев Д.Е. Возникновение ислама.- С. 18
41. Климович Л.И. Ислам. -М.: Наука, 1965. - 343 с. (32)
42. Бартольд В.В. Ислам. Петроград. Огни.1918 92с. С. 87
43. Бартольд В.В. Сонда.-С. 87
44. Еремеев Д.Е. Возникновение ислама.- С. 47.
45. Мавлютов Г.Р. Ислам. - М.: Политиздат, 1974. -68 с.(3)
46. Бартольд В.В. Ислам Петроград. Огни.1918.. -98с. С. 81.
47. Н.Ж. Байтенова, Ш.С. Рысбекова, А.Д. Құрманалиева және т.б. құраст. және жауапты ред. Н.Ж. Байтенова: Қазақстандағы діндер; Алматы «Қазақ университеті» 2011ж. – 244б.
48. Д.Ө. Ибрагим, Адам заттың асыл тәжі, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың өмірі, Алматы; 2003; 226 жалпы беті.
49. Грюнебаум Г.Е. Класический ислам. Очерк истории. Москва: Наука1986.-216 с. -С. 44.
50. Массэ А. Ислам. Очерк истории. - С. 36.
51. Климович Л.И. Ислам, его происхождение и сущностьУфа. Башкирское.изд. 1956. 63с. - С. 11.
52. Бартольд В.В. Сочинения. (В 9-ти томах). Т.2. Ч.1. –М., 1963. – С. 3
53. Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды. – Алматы, 2000. 77 б.
54. Грюнебаум Г. Класический ислам. Очерк истории. - С. 51.
55. Кұран Кәрім: Қазақша мағына және түсінігі. -194 б. (9-41)
56. Грюнебаум Г. Класический ислам. Очерк истории. Москва: Наука1988. 215с. - С. 51.
57. Молдабаева М. Қазақ халқының рухани мұрасы. - Алматы: Қазақстан/Шапғгат, 1997. - 104 б.
58. Лувсанданзан. Алтын Шежіре. / Монғол тілінеи ауд. А. Мауқараұлы. - Алматы: Өнер, 1998. - 224 б.
59. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. - Москва: Товарищество «Клышников - Комаров и К», 1993. - 526 б.
60. Фрейд С. Тотем и табу. Психология первобытной культуры и религии. - Санкт-Петербург: «Алетейя», 1997. -221 б.
61. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Оқу құралы. - Алматы: «Ер-Дәулет», 1994. - 172 б.
62. Фрейд С. Тотем и табу. Психология первобытной культуры и религии. - Санкт-Петербург: «Алетейя», 1997. -221 б.
63. Бұл да сонда.
64 Бұл да сонда.
65. Іnаn A. Eski Turk Dini Tarihi. - Istanbul: 1976. - 357 б.
66. Агаджанов С. Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XII вв. - Ашхабад: 1969. - 295 б.
67. Демидов С.М. К вопросу о некоторых пережитках домусульманских обрядов и верований у юго-западных туркмен // ТИИАЭ АН ТССР. - М: 1962.
68. Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. / Отв. Редактор Акишев К. А. - Алматы: «Наука» КазССР, 1980. - 203 б.
69. Кривец Е.А. Ислам в Центральной Азии. - Москва: Леном, 1999. - 159 б.
70. Мұқанов С. Қазақ қауымы. / Тарихтық және этнографиялық шолу. - Алматы: Ана тілі, 1995. - 304 б.
71. GökaIp Z. Türk Medeniyet Tarihi / Hazirlayan: Fikret Şahoğlu. - Istanbul: Inklap Kitapevi, 1991. 1-том, - 326 6.
72. Қазақ Тарихынан. / қарастырған: Е. Аққошқаров. - Алматы: Жалын, 1997. - 544 6.
73. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. - Москва: Товарищество «Клышников - Комаров и К», 1993. - 526 б.
74. Tanyu Н. Türklerin Dini Tarihçesi. - Istanbul: Burak, 1998. - 126 б.
75. Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. - Алматы: Жалын, 1993. - 192 б. /10/
76. Şеnег С. Şamanizm. - Istanbul: AD Yayıncılık, 1997. - 114 б.
77. Gabain A.V. Eski Türkçenin Grameri. Çeviren: M. Akalin - Ankara: Türk Tarih Kurumu, 1988. - 380 6.
78. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. - Москва: Товарищество «Клышников - Комаров и К», 1993. - 526 б.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысымда Ислам мен Тәңіршілдік діндерінің пайда болуы мен қалыптасуын, аталған діндердің діни наным-сенімдері мен культтерін, дүниетанымдық көзқарастары мен өзіндік құлшылықтарын салыстыра отырып талданды. Тәңіршілдік діні өкілдерінің ислам дінін қабылдауы және ондағы бастысы сенімі (Алла мен Тәңір) синоним болғандығы жан-жақты дінтанулық тұрғыдан сарапталды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толды. Өкеткен жиырма бір жылдық мерзімде қыруар шаруалар жүзеге асырылды; еліміздің шекарасы, төлқұжатымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді, ата-заңымыз қабылданды т.б. Қазақстан қоғамы бұрын-соңды болмаған елеулі өзгерістерді, әлеуметтік трансформациялануды бастан кешті. Егеменді еліміздің азаматтарында дінге, рухани құндылықтарға деген үлкен бетбұрысы көрініс алды. Қазақ халқының дүниетанымы мен діни нанымдары, еліміздің автохтонды халықтарының діни сенімдері туралы жаңаша көзқарастағы, тіпті апологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер мен монографиялар да жарыққа шыға бастады. Елімізде тоталитарлық билік өктемдік еткен қиын кезеңнен жойқын ауыртпашылығын тартпаған рухани саламыз жоқтың қасы десек қателеспейміз. Міне, осындай кесірлі заманада дініміз де ұмыт бола жаздады. Соңғы жылдарда ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткізіп, тарихымызды, тіліміз бен рухани мәдениетімізді жан-жақты зерттеуге ұмтылудамыз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-2030 деп аталатын жолдауын; Біз елзіміздің тәуелсіз егемен мемлекетіміздің негізін қалайық [1] деп бастаған. Ал, мемлекеттің негізін қалауға атсалысқан әрбір азамат білімді де өнерлі, іскер, болашағын пайымдайтын дәрежеде саналы ілім иманды болуы абзал. Әрбір адам тез тарихын, тілін, дінін, ұлттық ділін танып-білу арқылы күллі адамзатқа ортақ рухани мәдениетке қол жеткізе алады. Әлбетте, терең рухани байлық қана үлкен мақсатты істеріге үлес қосуға мүмкіндік береді, деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі замандағы Исламға дейінгі Тәңіршілдіктің пайда болуымен қалыптасуын және өзінен кейін пайда болған әлемдік Ислам дінімен салытыру. Бұларды түсіндіруде қазақ халқының арғы тегі түркілердің қай заманда, қандай жағдайда Ислам дінін қабылдап, оның бірте-бірте жалпы ойлаудың бір желісіне айналып, діл мен руханияттың қалыптасуына игі әсер етуі мәселесі маңызды орын алуда. Осы тұрғыдан алғанда түркілердің діни тарихының философиялық негіздемелерін анықтау аса қажетті мәселе ретінде қаралуда. Қайта өрлеу дәуірін басымыздан кешіріп отырған тарихи кезеңде материалдық мәдениетімізбен қоса рухани мәдениетімізді де жаңғыртсақ, имандылық адами қасиеттердің біріне айналса, бұл біздің болашаққа басқан қадамымыздың нық болуына септігін тигізетіні ақиқат. Адам бойында адамгершілік, ізгі ниеттілік, ар-ождан, имандылық сияқты адамгершілік- моральдық қасиеттер болған жағдайда ғана терең руханилық қалыптасып, болашаққа бағыт сілтей алады. Өткен дәуірдегі исламофобиялық саясат салдарынан дін деген ұғым лексикологиямыздан шығуға жақындады. Алайда, адамзат тарихында діни сенімі жоқ қауымдар болмаған. Барлық мәдениеттерде діни нанымның ерекше маңызды орын алғаны байқалады.
Қазақ халқының хакім біртуар перзенті Ибраһим (Абай) Құнанбайұлы Ғақылия деп аталған философиялық тезистерінде: ...білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза, екіншісі - мұлхафаза. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды [2] деген өсиетін қалдырған болашақ ұрпаққа. Ал, Президент Н.Ә. Назарбаев В потоке истории атты еңбегінде былай деген: Түркі әлемі әрқашанда халықтар мен мәдениеттерді байланыстырушы дәнекер болған. Бәлкім, уақыт өте келе зерттеушілер өзінің мәдени потенциалын біріктіретін және дамытатын бүгінгі түркі әлемін түркі-ислам өркениеті деп атайтын шығар. Осы түркі-ислам әлемі мына мәдениет-өркениет кешендеріндегі халықтардың арасындағы мәдениетті байытатын көпір болмақ: а) Батыс б) Араб-Иран әлемі в) Ресей г) Қытай [3]. Демек, түркі- ислам әлемі деп аталатын өркениет кешенінің маңыздылығы келешекте одан да артпақ. Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетіміздің негізгі компоненттерінің бірі саналатын діннің болмысын зерттеу, түркілердің діни эволюциясын эпистемологиялық тұрғыдан анықтау Абай айтқан білім-ғылымды көбейтуге және халқымыздың рухани болмысын терең түсінуге жағдай жасамақ. Жоғарыда айтылған фактілердің барлығы дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Түркі халықтарының діни болмысының философиялық негіздері мен тарихи дамуы жөнінде еңбектер жазған авторлар көп. Әсіресе, XVIII-XIX ғғ. бастап, Орталық Азияға келген саяхаткерлер мен зерттеушілер көптеген тарихи-этнографиялық, әдеби, мәдени ілім діни мәселелерді зерттеп, өз ойларын қорытқан. Олардың құрамынан Н. Аристов, В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Н.Я. Бичурин, Л.С. JI.H. Гумилев, А.И. Левшин, С.Г. Кляшторный, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, У. Томсен және т.б. қатарлы түркологтар мен тарихшыларды, әдебиеттанушылар мен философтарды атауға болады.
Орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдары мен саяхаткерлер де түркілердің діни нанымдары, әдет-салттары, ырымдары мен иланымдары хақында көптеген мағлұмат қалдырған. Олардан әл-Жаһиз, әт-Табари, Ата Мәлік Жуайни, Ибни Касир, Йақит әл-Руми, әл-Мусиди, Рашидеддин, әл-Хамауи, Ибн Фадлан, Ибн Халдун, Ибн Хардадбих, Ибн әл-Басир атауға тұрарлық ғалымдар. Мұсылман ғалымдар жазған еңбектердің арқасында ежелгі түркі халықтарының діни сенімдері, антропологиялық қасиеттері мен мәдениеттері туралы көп мәлімет табамыз.
Еліміздің ғалымдарынан С. Ақатай, А.И. Артемьев, Қ.А. Әбішев, Н.Ж. Бейтенова, Р. Бердібай, Ә.Б. Дербісәлі, Ғ. Есім, Т.Х. Ғабитов, М.З. Изотов, А.Қ. Қасабек, Б.К. Құдайбергенов, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, Ғ.Қ. Шалабаева, Қ.Ш. Шүлембаев, Н. Аюпов қазақ халқының дәстүрлі философиясының қалыптасуында діни сенімдердің, атап айтқанда тәңіршілдік зороастризм, тотемизм, тіршілік, шаманизм, христиандық және Ислам діндерінің ықпалын зерттеген.
С. Ақатай ғылыми зерттеулерінде мәдениеттер арасындағы ортақ мифтік және сенімдік ұқсастықтарға, қазақтың дүниетанымындағы синкретизм [4] және ата-баба культінінің орны мен [5] көне тәңір культінің сарқыншақтарына тоқталған [6].
Түркітанушы Р. Бердібай көптеген ғылыми еңбектерінде түркі жұрттарының діни наным-сенімдеріне жан-жақты тоқталып келіп, Ислам дінінің түркі жұрттарының басын біріктірудегі ең үлкен күш болғанын, сонымен қатар тәуелсіздікті сақтаудың басты кепілі екенін айтады [7].
F. Есім түркі халықтарының дүниетанымы мен діни философиясы хақында келелі еңбектер жазған ғалым. Әсіресе, 6 томнан кұралған Сана болмысы атты философиялық ойлар жинағы мен Фалсафа тарихы атты еңбектерінде Исламның алғашқы ғасырларында пайда болған діни- философиялық ағымдар туралы гносеологиялық және онтологиялық мәліметтер келтірген. Суфизмге кіріспе жазған ғалым оның қазақ халқының дүниетанымы мен лексикалық-семантикасына жасаған әсерлерін зерттей келе, суфизмді Ислам философиясының жеке бір саласы деп қарастыруға әбден болады деп тұжырымдайды [8].
А. Қасабек тәңіршілік және шамандық нанымдардың қазақ халқының дүниетанымына жасаған әсерлері туралы дәйекті дәлелдер келтіре отырып, Исламнан бұрынғы дәуірді предфилософия (алғы философия) деп атайды [9].
Ә. Марғұлан еңбектерінде көне түркі тайпаларының діни сенімдері мен әдет-ұрыптары, жазу мәдениеті туралы келелі мәліметтер келтірген. Оның еңбектерінде шамандық, мани және несториан діндерінің түркі жұрттарына таралуы хақында тың деректер келтірілген. Дегенмен, ғалым, әсіресе XI ғасырдан бастап, Бетпақдала сахарасында араб әрпімен тасқа жазылған таңбалардың жиі кездесетінін алға тартады [10].
М. Орынбеков сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік тайпаларындағы анимизм, тотемизм, зороастризм, тәңір-жер-су-ұмай нанымдарын гносеологиялық және ретроспективтік түрде зерттеп, алғашқы синкреттіліктің Иран-Тегеран мәдениеттерінен пайда болғанын дәлелдеген [11]. Ол, Ислам мәдениетінің Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің дамуына айтарлықтай күшті серпін бергенін айтады [12].
Заңгер ғалымдар С.З. Зиманов және И. Эсеров шариғаттың казақ халқының әдет-ғұрып заңдарына жасаған әсерлерін зерттегенімен, мұнда Ислам дінінің таралуының себептері туралы мәліметтер келтірілмеген [13].
С.Т. Әмірғазин Діни келешегіміздің келбеті атты еңбегінде тіршірлік нанымының генотиптік дүниетаным негізінде қалыптаса отырып, оның монотеистік дін деңгейіне көтерілгенін тұжырымдайды. Ол, Ислам дінінің қазақ жерінде таралуының басты себептері ретінде Исламның рулық- тайпалық-патриархалдық тәртіптерге сәйкестігі, қазақтардың әдет заңдарының шариғатқа қайшы келмеуі, Ислам уағыздарының қарапайым және түсінікті болуы секілді факторларды ұсынады, бірақ оларға философиялық талдау жасамайды [14].
Тарихшы Н.Д. Нуртазина Ислам в истории средневекового Казахстана атты монографиясында Ислам дінінің қазақ жерінде таралуы барысындағы тарихи уақиғалар жөнінде сүбелі мәліметтер келтіре отырып, оның басты себептері ретінде Орталык Азиядағы Исламга дейінгі діндер мен мифологиялық жүйелердің қоғамдық дамудың талаптарына сәйкес келе алмағандықтарын білдіреді. Н. Нұртазинаның пікірше Исламның түркілер арасында таралуы бейбіт жолдармен болған [15].
Соңғы жылдары осы мәселе бойынша қазақ тіліндегі ғылыми еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Алайда, жоғарыдағы еңбектерде көбінесе көшпенділердің белгілі бір кезеңдегі наным-сенімдері туралы айтылғанмен, олардың Ислам дінін қабылдау себептеріне аса тоқталмаған. Бұл дипломда тәңіршілдік пен исламды салыстыра отырып, тұтастай діни болмысын арнайы жүйелеп, олардың мұсылмандықты қабылдауы мәселесіне дінтанулық тұрғыдан мән бермекшіміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеудің басты мақсаты түркілердің тәңіршлдік діни тарихының даму жолын (эволюциясын) егжей-тегжейлі зерттеп, түркі халықтарының Ислам дінін қабылдауындағы екі діннің ұқсас жақтары мен кереғар келетін жақтары туралы ғылыми дәйекті қорытындылар жасап, философиялық-дінтанушылық, тарихи тұжырымдарды ұсыну. Дипломдық зерттеуде қойылған мақсатқа жету үшін, төмендегідей негізгі міндеттерді шешу ұсынылады:
- діндерді компаративті түрде онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан зерттеп, діннің қоғамдық санадағы мәнін ашу, оның этномәдениетің қалыптасуындағы қызметін көрсету арқылы діннің коғамдық сананың компоненті ретінде болмысын анықтау;
діни сенімге деген адами қажеттіліктің негізгі аксиологиялық- психологиялық мотиваларын анықтап, дін деген ұғымның адамдарды байланыстырып, өзара жақындатудағы катализаторлық мәнін көрсету;
дін мен философияның тұтастығын және оның нақтылы тарихи- әлеуметтік жағдайларда бірін-бірі қажет етуін көрсету (мұндай пікірді М.О. Әуезов және А. Швейцер айтқан [16].);
көптүрлі (политеистік) сенімдердің басты ерекшеліктері (политеистік зоолатрия, антропоморфизм, дуализм, т.т.) мен эволюциясын, олардың әлеуметтік-тарихи болмысын дүниетанымдық синкретизм жағынан зерттеп, түркілердің діни тарихындағы орнын көрсету;
монотеистік (біртәңірлі) діндердің, атап айтқанда иудаизм, христиандық және Исламның пайда болуының философиялық және тарихи негіздемелерін, олардың басты қасиеттері (иудаизмдегі этноцентризм, христиандықтағы тритеизм, патрипассианизм, Исламдағы таухид т.т.) және түркілердің тәңіршілдіктен дінінен исламдық бір тәңірлі дінге өту процессін талдау;
көптеген көптәңірлі һәм біртәңірлі діндер мен наным-сенімдерді қабылдап, оларды ғасырлар бойы ұстанған түркілердің мұсылман болуындағы рухани, мәдени, әлеуметтік, теологиялық ілім экономикалық факторларды философиялық және тарихи дінтанулық тұрғыдан айқындау;
ислам дінінің VII ғасырда араб территориясына келуінің тарихына тоқталу және ислам дінінің негізгі сенімдері мен құндылықтарын, адамгершілік қағидаларын пайымдау;
Дипломдық зерттеудің жаңалығы. Зерттеу жұмысында ғылыми жаңалық деп тануға тұрарлық нәтижелер төмендегідей:
Тәңіршілдік дінінің діни дүниетанымдық болмысында бір Құдайға табыну идеясы орын алды;
діннің эволюциясына қарағанымызда ежелгі политеистік діндердің соңғы фазаларында монотеизмге қарай бет бұрғаны байқалады. Бұған қоса политеистік нанымдардың көпшілігінде монотеистік элементтер жиі кезігеді. Діндердің танымдық сипаттары (аскетизмнің формалары, эзотерикалық сенімдер, т.б.) және ғибадат формаларындағы (ораза ұстау, сумен тазалану, құрбандық беру, зікір салу т.б.) параллелдіктерге қарағанда барлық діндердің ең ежелгі монотеистік бір діннен таралғаны туралы тұжырымдауға болады;
түркі жұрттарының VIII-XII ғғ. аралығында Исламды жаппай қабылдау себептері және аталмыш діндердің бір-біріне ұқсастығы, Исламның түркілердің дүниетанымдық синтезіндегі елеулі рөлі мен философиялық концепциялардың қалыптасуындағы мәні айқындалды.
Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні. Диплом жұмысының негізгі нысаны Ислам және Тәңіршілдік: салыстырмалы талдау
Зерттеу жұмысының сыннан өзгертуі және мақұлдануы. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Тарих және Дінтану факультетінің Дінтану кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, екі параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысымның жалпы көлемі ...-бет.

1 ТӘҢІРШІЛДІК ДІНІ МЕН ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Тәңіршілдік дінінің қалыптасу тарихы
Әлемдегі діни құбылыстардың пайда болуы, қайырымды құдыретті күштерге табынуға негізделген, ал осыған байланысты өмірдің мәнге ие болып, тіршілік ету амалдары қалыптасады. Осы қайырымдылық әрі оның соңындағы табиғи күштерге табыну ең алғашқы болып саналады. Мәдениетті адамның дүниедегі болмыс тәсіліне сенім мағыналық пен тұрақтылық беретін күшке жатады. Адамзат баласын бәрін өз қолымен жасайтын құдыретті деп көтерсек те, оның болмысы қайшылыққа толы, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, байлық пен кедейлік, әділеттілік пен зұлымдық және т.б. айтуға болады. Мынау өмірдегі қайшылыққа толы күресте желеп-жебеуші тылсым күш иесіне адамзаттың сенімдері арта түсті. Сенімсіз адамзат өмір сүруі қиынға соғады. Әрбір адам баласына сенім берілген. Ол діни әдет-ғұрыптар мен салт-жораларды жасау барысында жер мен ғарыштық күштермен байланысқа түседі. Сенім бізге әлемді тұтас қабылдау үшін қажет. Сенім арқылы рухани әлем мен аспан рухы физикалық әлем мен адам жаратушысы танылады. Ғылым мен сенім бірін-бірі толықтыруы тиіс: ғылым өзінің ғылыми біліктілігімен толықтырылса, ал сенім адам болмысының идеясында болуы қажет. Дүниеде әлем діндері қабылданғанға дейін ежелгі түркілердің өзіндік діні Тәңірге табыну дүниеге келді. Ол ғарыштық Тәңірі құдайының культіне негізделді. Тәңірге ежелгі түркі халқының сенуінің алғышарттары қалай пайда болды, не болмаса не себептен көк Тәңірі деп атаймыз, Тәңірі дегеніміз кім, түркі мәдениетінің ұлы рухы ма деген сияқты сан-қилы сұрақтар қойсақ, қытай жылнамаларымен, Орхон-Енисей жазба-ескерткіштерінен, Маньчжур діни кітабтарынан, араб, парсы нұсқаларынан және жалпы ойшылдар, философтар, түркітанушылар еңбектерінен жауабын кездестіруге болады. Әлемдік мәдениет пен өркениетте өзіндік орны бар, түркі тілдес ұлттардың ертедегі тарихи дінінің бірі болған, Тәңіршдік дінінің қалыптасуына тоқталайық. Жер жүзінде қандай дін болмасын оның өзіндік дүниетанымдық көзқарасы мен тарихтың түрлі кезеңдерінен өткен өзіндік мол мұрасы бар. Исламға дейінгі қазақ қоғамының ертедегі діни наным сенімдері мен дәстүріне қарастырайық.
Түркі халқының салт - дәстүрі мен ереже-тәртіптерінің негізі түркілік дүниетанымдағы адам мен әлем қатынасының мәселесі Тәңіршілдік идеясымен тығыз байланысты. Тәңіршілдік терең күрделі құбылыс ретінде түркі халқының рухани өмірі мен қоса әлемдік мәдениетте де айрықша із қалдырған. Түркі халқының дәстүрлі мәдени дүниетанымдық қайнарларын зерттеудің қазіргі таңда ғылыми мән-мағынасы зор. Сондықтанда Тәңіршілдікке қатысты мәселелерді жан-жақты зерттеу бүгінгі күннің талабы. Бұл дүниетаным бізге ата-бабаларымыздың рухани болмысын зерделеуге, ұлттық ойлау дәстүріміздің тереңде жатқан қабаттарын тануға әкелетіні хақ. Өткенімізді өй елегінен өткізу, бүгінгі тірлік харекетімізді сараптауға жол ашады.
Тәңірі ұлы түркі даласының басты жаратушы құдайы ретінде шамамен біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдықтың соңы мен I мыңжылдықтың басында пайда болды, оның өрістеген кезі алғаш біздің дәуіріміздегі V-VI ғасырларда түрік және моңғол тайпаларының елдік принципі бойынша қалыптасып, далалық империяларды құрған уақытына сәйкес келеді. Оны ғұнардың ченли (аспан), қытайлардың Тянь, шумерліктердің дингир (аспан) деп аталатын аспан құдайларына ұқсастырылады. Кейін мұны француз дінтанушысы Жан Поль Ру жалпы терминімен тәңіршілік деп атады. Тәңір термині аспан, құдай, дүниені жартушы, басқарушы деген мағынаны білдіреді.
Бұл сөздің шығуына қатысты көптегнен болжамдар бар, оның бірі Тәңірі Таң-Ра деген екі сөзден құралған, мұндағы таң шығыс дегенді білдірсе, Ра - күннің ежелгі діни атауы. Осыған орай белгілі ғалым Ә. Марғұлан: Қытай жазбаларына ол кездері ғұн, үйсін, қаңлылар өздерін қоғам қорғайтын батыр, ерлерін көбінесе Тәңірі, Күн деп атайтын болған. Тәңір ескі үйсіндердің тілінде мықты, ер, құдіретті деген мағынада жұмсалып, кейін табынатын нәрсеге (көбінесе) аспанға айналды, - деп ой қозғайды. [17, 71 б.]
Күлтегіннің кіші жазбасының бірінші жолында былай деген: Теңірі тег теңірде болмыш Төрүк Білге Қаған − Аспанға тең, аспанда пайда болған Төрдегі Білгір Қаған. Бұл сөздердің мағынасы бойынша Білгір Қаған, Яки Теңірі Хан жерде емес, аспанда өзінен өзі пайда болған. Бұл дүние жаратылысының басы екені хақ дейді − Т. Досанов [18, 83 б.].
Әрине көптеген халықтар мен діндерде осыған ұқсас мұндай мифтер баршылық. Түркілердің Елбасы мен оның тағын киелі санау негізінде Ел мен жер, Отан киелілігі, Елдік философиясы көрініс береді. Кейін бұл дүниетанымы түркілердің исламды қабылдағаннан кейін де жалғасып, бергі заманға дейін жетті. билік киелілігі Ел киелігі, жер киелілігімен түсіндірілді. Ханның мақсат-мұраты осы киеліліктің, елдің, жердің тұтастығын сақтауға бар күш-жігерін жұмсауда. Бұл киелілік Ханның өктемдік пен зорлыққа, астамшылыққа түсуін, өзім білемділікке салуына апармайды. Ханның билігін бүкіл ел, халық болып қадағалап отырған. Хан өз мақсатынан тайқыса Елдің қасиетін бұзды деп халық ондай ханнан теріс айналған. Оған тарихымыздың беттеріндегі оқиғалар куә. Елдік пен биліктің бір-бірімен ұштасқан мұндай дүниетанымдық болмыс қазақ тарихында көрініс тапты.
Түркілер ұғымында Мәңгілік мақсатты көздемеген іс оңбайды, оны Тәңірі жарылқамайды [19, 382 б.].
Еліміздің тарихын терең зерттеген ғалымдарымыздың еңбектеріндегі Тәңір сөзінің мағынасын осылай ашып кеткен. Ендігі кезекті жоғарыда аталған дәуірдің өкілі болып табылатын, түркілік руникалық жазбаларды зерттеген отандық және алыс-жақын шетелдік зерттеушілернің зерттеген еңбектеріне тоқталамыз. Осы деректерде сүйенер болсақ, өз уақытында қуатты мемлекеттің құрылғаны және оның діни түсініктеріне жан-жақты тоқталған.
Руникалық жазбалардан Тәңірдің қалауымен Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей руникасында Құдай қалауындағы ел деп аталады. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. [20, 220 б.].
Байырғы түркілер өздерінің мемлекетінің құрылуы мен пайда болуына келгенде нақты және әпсаналық көзқарастарда болды. Олардың түсініктері бойынша түркі елі әлемнен кейін жаралған ең ежелгі, көне мемлекет. Бұл елді түркілердің ұлы құдайы Көк Тәңірі жаратқан деп сенді. Сондықтан, оны Тәңір елі, мәңгі ел деп атады. Түркі дінінің өзегі болып табылатын Ил (ел) сөз бейбітшілік, илхан (елхан) Бейбітшілік қағаны деген болатын. Байырғы түркілер өздерінің қайталанбас ерекше саясатын осындай жолмен жүргізді. Көне түркі мемлекеті қасиетті культтің біріне айналды. Оған қарсы шығу ауыр күнә болып саналды. Әрине, олардың көзқарастары бойынша мемлекет халықтан (түрк будуннан) бірінші емес. Мемлекет этностың өмір сүріп тіршілік етуі үшін қажетті құралы болып табылады. Оны болашақ ұрпақ үшін мәңгілік сақтау керек болды. Оның жойылуы жалпы түркі этносының жойылу қасыретімен тең болды.
Түркі халқының түсінігі бойынша байырғы түркі елі, әлемнен кейінгі Көк Тәңірі жаратқан ең ежелгі, көне мемлекет. Сол себептен оны Тәңір елі, Мәңгілік ел деп атады. Түрік дүниетанымының өзегі болып табылатын Ил (ел) сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдірсе, илхан (елхан) Бейбітшілік қағаны деп аталатын. Түркілердің бас бостандығы мен еркіндігі, өмір сүру қағидалары, жалпы ел, жер, елдік, бірлік мәселелері Мәңгілік ел нысанасымен байланыстырылады. Осы Тәңірі жаратқан Мәңгілік елдің біртұтастығын сақтау жолында білікті данышпан қағандардың ұлағатты қасиеттерді бойына сіңіру қажеттігін айта отырып, тасқа қашап, оны келешек ұрпаққа мирас етіп қалдырды. Байырғы түркілер барлық ішкі-сыртқы саясаты мен арнайы идеологиясын осындай жолмен, яғни, Мәңгілік ел саясатымен жүргізді.
Түркілер халықты билеудің әлемдік үлгісін жасаған. Ол - Мәңгілік ел үлгісі. Мәңгілік ел нысанасы - Тәңір тауының сағасын мекендеп келе жатқан, көшпелі түркі жұртының ұлы арманы, түркі әлемі мен руханиятының ұйытқысы. Өйткені ел мен елдік ұғымын ұйытқан мәйектің ата тегі-Тәңір, ана тегі - Ұмай ана, заттық негізі - жер мен су. Мәңгілік ел нысанасы-мәңгілік рухани аңсар, ол түркі тегінің тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған - тектік, тазалық пен еркіндік. Ал ұлттық тәуелсіздік исі түркі әлемінің рухани еркіндік нысанасы [21, 381 б.]. Тіпті, түрік атауының өзі мемлекет, билік ұғымдарымен байланыстырылған. Бұл туралы белгілі зерттеуші, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы былай деп жазады. ...Тürüк атауы tör-билік, өкімет, öк-өктем, күшті, қайратты, жүректі деген мағына беретін екі түбір сөзден құралғанын дәлелдейді. Тürüк − өктем билік, өктем үкімет, өктем төр деген мағына береді [22, 59 б.].
Бұл бір билікке бағынып, тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы бірдей тайпалар орнатқан қағанатын түрүк деп атаған түркі қағанаты болды.
Түрүк елі [Тürük Eli] - V-ХІІ ғасырлардағы Еуразиядағы ең құдыретті империяның (этносаяси іргелі бірлестіктің) ресми атауы. Түрік қағандығы дегеніміз - шартты ғылыми атау. Түрік бітік тілінде Түрүк Елі делінген.
Түрік сөзі көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінде түрік, төрүк деп жазылған. Бұл сөздің мағынасы сол дәуірлердегі қолданыстық мәні төре заңы бар ел, төрелік, билікті ел деген рәміздік-нышандық негізде қалыптасқан атау болса керек. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш түрік атауы - этнополитоним, яғни этносаяси атау. Зерттеушілер түрік сөінің шығу тегін берік, мықты, күшті, семіз, туу, төркін, дулыға, төр, төр жақ, бастапқы және т.б. мағыналы сөздерден туындаған деп жорамалдайды [23, 11 б.]. Күлтегін ескерткішінде тасқа басылған VІ-VІІІ ғасырлардағы Түркі қағанатының жүріп өткен белестерін белгілі ғалым Х.М.Әбжанов үш кезеңге бөліп көрсетеді:
Бірінші дәуір түркі қағанатының пайда болғанын табғаштарға тәуелдікке түскенге дейінгі кезеңді қамтып жатыр.
Екінші дәуір-түркілердің табғаш билігінде жүрген жылдар.
Үшінші дәуір - табғаш бұғауынан шығып, түркі мемлекеттігін қайта қалпына келтірген және этникалық территориясын ұлғайтқан заман.
Үш дәуірдің де басты өлшемі ретінде азаттық идеясы алынған. Азаттықтан айрылған мемлекетке келетін болсақ, ең басты апат - халқының қырылуы мен ар-намысының тапталуы, әдет-ғұрпының бұзылуы екені айдай анық айтылады. Азаттықты ұстап тұрудың кепілі ретінде үш күштің бірлігі алға тартылған. Бірі - ел басқарған қағанның білімді де білікті болуы, оның бұйрығы мен заңдарының түзулігі: екіншісі - халықтың ауыз бірлігі, таққұмарлық, аштықта тоқтықты түсінбейтін, тоқтықта аштықты ойламайтын жаман пиғыл-қылықтардан ада жүру; үшіншісі - елін, жерін қорғай алатын батырларға сүйену. Мұның сыртында халықаралық ахуалды жіті қадағалап отырудың, көрші елдердің пиғыл, ой-жоспарын қапысыз танып-білудің мемлекет қауіпсіздігіне тікелей қатысты екендігі де назардан тыс қалмаған [24, 140 б.]
Мәселен, немістің белгілі философы Альфред Вебер орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын-қыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді, үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос ретінде жария етті - деп тұжырымдайды [25, 46 б.] Ерте орта ғасырдағы түркілердің мифологиясының мәдени антропологиялық, философиялық, гнесиологиялық және теологиялық тұрғыдан зерттеліп жатқандығын негізге ала отырып, көне түркілердің исламға дейінгі дүниетанымындағы негізгі ұстыны саналатын Тәңірлік діни ұстанымына және оған қатысты зерттеушілер пікіріне тоқталу қажет. Зерттеуші Р.Байымбетованың ойынша: ҮІІ-ІХ ғасырларда жазылған ескерткіштер тілі көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымын көрсететін Тәңірлік идеясы негізгі төрт бағытты қамтыды. Бірінші - Жалғыз жаратқан Ие - Тәңірге тағзым ету; екінші - мәңгі өзгермейтін әлем, Тәңір мекені - Көкті киелі санау; үшінші - тіршіліктің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп отырған, адам мекені - Жер-суды киелі санау; төртінші ата-баба рухын қадірлеу" [ 26, 15 б.]. енді аталған бағыттардың кезіндегі қасиетті саналғанына мынадай жазбалардан көрініс тапқан.
Жер-су ұғымы ландшафтты сипаттама жағынан әлем бейнесінің этносаяси немесе антропологиялық тұрғыдан жеке жерге ие болу деген мағынаға сай келеді. Көне түркілердің этносаяси кеңістігі жер-су ұғымына эмоцианалды тұрғыдан белсенділік қасиеті берілген. Егер ол өзіңдікі болса - қорғаушы, бөтен болса - дұшпандық. Сондықтан жер-су ұғымы түркілер дүниетанымында тек қасиетті ғана емес, тайпалық құдырет ретінде көрініс тапқан. Сол арқылы түркі мифологиясына енген. Оны Күлтегіннің жазуындағы Көкте түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы [27, 66 б.] мәтін мазмұнынан байқауға болады. Көне түркілер дүниетанымындағы Орта әлемінің қасиеттісі де Жер-су болып саналған. Ол Орхон жазбаларының мәтін мазмұны бойынша Тәңір және Ұмаймен бірлікте түркі халқына қамқорлық танытады. Көне түркілердің діни-мифологиялық тағылымдарына тоқталар болсақ, Орхон руникалық жазбаларының мәтінінде Тәңір, Ұмай және Жер-Су наным-сенім ұғымдары берілген. Академик С.Г. Кляшторный Сібір-Орталық Азия мифологиясының негізінде сол кезеңдегі халықтық дүниетанымда өзіндік құдайлардың классификациялау жүйесі орын алғандығын алға тартады. Атап айтқанда, макрокосм ежелгі түркілерді Жоғары, Орта және Төменгі трихотомды әлемдерге бөлген, олардың арасында жанды заттар, құдайлар және перілер болған. Бұл трихотомды концепция әлемнің көлденең моделін тігінен суреттейтін моделімен толықтырды. Оның ойынша, Көк Тәңірі Жоғары әлемнің билеушісі және көне түркі пантеонының құдайы болды. Көк Тәңірі басқа құдайлармен бірлесе отырып, адамдардың тағдырын билеген. Тәңір қағандарға билік пен даналықты сыйлады. Жоғары әлемнің тағы бір құдайы Ұмай ана адамзат баласына өмір сыйлаған. Өлім көне түркі мифологиясы бойынша Эрклигтің қолында. Түркі мифологиясы Орта әлемде Жер-Суды киелі санады. Бұлардан басқа, С.Г. Кляшторный Х ғ. Ырқ бітіг деп аталатын Дуньхуан үңгірінен табылған руникалық жазбадан Жол Тәңірі деген атқа ие бірі ала, бірі қара аттағы жолдың құдайын айқындайды. Жол Тәңірі бейнесі түркілердің мемлекеттік культімен тікелей байланысты деп дәлелдейді. Орталық әлем мен Жоғары әлемнің арасы ардайым байланыста болған. Аталған байланыс халықтың сыйыну тілегімен көрініс тапқан [28, 103-114 бб.].
Осы жерде түріктердің тасқа қашап жазған жазуларындағы және ғалымдардың еңбектеріндегі Ұма-ананың қасиеттерімен өзіндің қызметтерін жан-жақты аша кеткенді жөн көрдік.
Орхон-Енисей жазуларында құт концептісі жиі кездеседі, оның анықтамасына мән берер болсақ, байырғы түркі тілі мен қазіргі түркі диалектісіндегі құт сөзі бірқатар мағыналардан тұрады. Құт - бұл рух, рухани күш, сәттілік, бақыт, игілік ұғымдарымен қатар басқарудың күші деген мағынаны да білдірді. Байырғы түркілер құт ұғымын рухани бастау ретінде қабылдады. Біз бұл жерде құт сөзінің саяси биліктің күш-қуаты болып табылатын мағынасын ашып көрмекпіз. Дәлел ретінде Ж. Баласағұнның Құтты білік еңбегін алып қарасақ, ондағы құт концептісінің мағынасы жоғары биліктің ұлылығын білдірді. Онда құт елді әділетті, біліктілікпен басқару білімімен айшықталды. Түркілердің дүниетанымы бойынша құт категориясы қандай да бір нақты саяси билік құқымен ғана емес, сонымен қатар рухани күш-қуатпен, қасиетті мәнмен байланысты болды. Махмұд Қашқари еңбегінде құт бақыт, байлық, ырыс, дәулет, жан саулығымен анықталады. Ол құтты адамға Тәңірі сыйлайды дейді Тәңірім берсе ұлына бақ, құт-дәулет, Ісі оңалып, көтерілер күнде өрлеп. Ислам діні қабылданғанға дейінгі кезеңде Орталық Азияда түркі мемлекетінінің көпшілігі құт сөзін ел басқарушының титулы мен атымен байланыстырды. Түркі жұртында құт сөзін ел басқарушының титулы мен атымен байланыстырды. Мысалы, шығыс ғұн мемлекетінде жоғары билеушінің мәртебелі титулы Тәңірқұт деп аталғаны белгілі. Сол сияқты түркі мемлекетіндегі шад титулы (бақыт, қуаныш), құтлұқ титулдары құт сөзімен астарласып жатқанын байқауға болады.
Жан Поль Рудың зерттеулері бойынша, рух - көктің сыйы, несібесі ретінде ұлұғ, құт тарапынан берілген. Құт - рух, өмірлік қуат, азық, бақыт, несібе және т.б мағыналарды білдіреді. Құт Көктегі сүт көлінен келгендіктен де, ол сүттей таза. Әлемдегі барлық болмыста құт бар. Құт - бақыт [29, 92 б.]. Құт ұғымын түркі дүниетанымындағы тәңіршілдіктің метафизикалық ұғымының бір концепциясы ретінде қарастырған зерттеуші философ Н. Аюпов құт ұғымы табиғи және рухани бастамадан тұратын өмірлік күш-қуатты білдіреді, онда тәңірдің бастама болып табылатын бірлігі көрініс табады. Бірақ құт кез келгенге берілмейді. Өз халқына қызмет еткен адал адамдар ғана құтқа ие болады - деп жазады [30, 42 б.].
Оңтүстік Сібір түркілерінің дүниетанымы бойынша құт болмыс аясында жалпы мағынаға ие болған ұғым. Құт - жалпы түркі сөзі. Ежелгі түркі тілінде оның мынандай мағыналары болды: 1) жан, өмірлік күш-қуат, рух; 2) бақыт, игілік, береке, амандық-саулық, сәттілік, табыс; 3) адамгершілік, ұлылық. Қазақ қарақалпақ тілдерінде құт ұғымы: 1) өмірлік күш-қуат, рух; 2) мал-жанды сақтайтын, тұмар; 3) бақыт. Қырғыз тілінде бұл сөз: 1) қара- қызыл түсті қоймалжың зат бөлігі, немесе түтін шығатын саңылаудан түсетін, адал жақсы адамға бақыт әкелетін ұғым (дүниеге келгенде қолына ұйыған қанмен туылатын кейіпкер туралы сюжет болуы мүмкін); 2) мал мен жанды қорғаушы; 3) кішкентай идол, пұт; 4) өмірлік күш, рух, жан; 5) бақыт, сәттілік, береке. Хақас және алтай тілдеріндегі құт - жан, рух, өмірлік күш-қуат (моңғ. хutag − бақыт, ырыс-береке; тунгус. Gutu − бақыт, корей. Құт-шамандық әдет-ғұрыпжәне т.б) [31, 72 б.].
Сондай-ақ, құт категориясын дәстүрлі қазақ дүниетанымындағы семантикалық негіздің бірі ретінде қарастырған Н. Шаханова құт ұғымының дамуын тағдыр, несібе, бақыт секілді абстрактілі мағынамен байланыстырады.
М. Макао құт сөзінің бастапқы мағынасы қаған тағдыры, бақыт, сәттілік емес, Тәңірі қағанға аса ықылас салатын харизмалық қасиет дейді. Ғалымның пікірі бойынша харизмаға ие болған адам, Аспан тарту еткен билікпен, айрықша рухани күшпен ерекшеленіп, білікті, дана, ержүрек қасиетімен көріну керек. Әйтпесе қаған мен оның кеңесшілерінің басынан құт кетеді.
Сонымен қатар, түркілер хан тағына да ерекше мән берген. Тас мәтінде el esir ilgeri gondi - ел хан тағы ілгері қонды деп жазып қалдырған. Көшпелі түрік қоғамы жаз уақытында ең бір шұрайлы нулы сулы жерлерге барып жайлайтын болған. Сол кезде хан Ордасымен бірге есірді (хан тағын) алып жүреді. Сонда Орда ілгері көшкенін ел ілгері қонды деген сөйлеммен тас бетінде жазып қалдырған. Түріктер Хан Ордасы деген атаудың орнына есір (хан тағы) атауын синоним ретінде қолданған. Ескерткіштердегі мәтіннен кейін 450 жылдан кейін де көк түркілердің биліктің іс қызметіне байланысты саяси атауларды Шыңғыс өкіметінің іс қызметіне қолданып қалыптастырған. Олардың қатарына түріктердің ел (мемлекет), ulus (ұлыс), tör (өкімет, билік), бөгу (дін), qayan (қаған), gan (хан), qatun (қатын), tamya (таңба), esir (хан тағы), elči (елші), orun (орын), qoruq (қорғаныс, қоршау), turyaq (түнгі қарауыл) т.с. саяси атауларды Шыңғыс империясы байырғы түркі тілінен өзгертпестен алып пайдаланған [32, 74 б.].
Ал ҮІІ ғасырда өмір сүрген Феофилакт Симокатта Күлтегін ескерткішінде көрініс тапқан Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған деген сөз тіркесі бойынша мүлдем керісінше ой айтады. Ол өз заманында түркілер жер мен аспанды жаратқан бір Құдайға табынады [33, 161 б.] деп, мәлімдейтін дерек қалдырған. Ғалымдар пікірінің тоғысқан жері Орта әлемде көне түркілер Жер-Суды киелі санағандығында. Ата-бабасынан мирасқа қалған жерді киелі санау, Жерұйығын қасиет тұту көне түркі мифологиясында нақты көрініс тапқан. Себебі, Жерұйық - ежелгі түркілік ыдық йер-суб мифтік кеңістігінің қыпшақ тілді ортадағы кейінгі өзгерген атауы. Көне түркілік ыдуқ - қасиетті сөзі үйекке айналып кеткен, яғни Жер-Ыдуқтың көктүркілік отты кеңістік - Отұқ Кеңг - Ыдуқ Кеңг - Өтүкеннің соңғы өзгерісі, қазақ ұғымындағы сарқыншағы болып табылады. Дж. Клоссонның пікірінше, Жер-Су ұғымы Құдай емес, тәңірідей құрметтелген киелі ел, өлке, жер тараптың тұлғасы болған, яғни ол да Өтүкен, Ергенеқон образдарының синонимі болған деп шамалауға болады [34, 207 б.]. Бұл турасында Ахмет Ташағыл: Отанға деген сүйіспеншілік Орхон жазба ескерткіштерінде анық сипатталған. Сонымен қатар орталық Отүкен түріктер ұғымында қасиетті деп саналған. Себебі, көк түркілердің астанасы - Отүкен,- деп атап көрсеткен. Түркілер мифологиясындағы Жер-су Орхон-Енисей ескерткіштерінде Көк аспанға оппозиция ретінде орын алған, жалпы, киелі деген мағынаны білдіретін терминологиялық ұғым болып табылады. Жер-су ұғымы ландшафты схема бойынша киелі тау шыңына пара-пар тігінен сипатталатын жазықтық емес кеңістік болып табылады. Оны С.Г. Кляшторный священная Отюкенская чернь [35, 402 б.], деп сипаттайды, бізше айтқанда Жерұйығы және көне түркі мифологиясы бойынша әлемнің кіндігін білдіреді, қағандар ордасын тіккен, түркі халқы мекен еткен, төрт тарапқа - алға, артқа, оңға, солға жорыққа шыққан. Көне түркі түсінігінен қалған мифтік абыз-ақынның образы Асан қайғы турасында ой қозғауға алып келеді. Атап айтқанда, Асан - аспан адамы, қайғы - ақын, жырау, сазгер деген туынды мағынаға ие екендігін, Асан қайғы - аспан жыршысы екендігін ғана айта аламыз, - деген С. Қондыбайдың зерттеушілік пікірі, Асан қайғының киелі жерді іздеген Асан және көктүркілік халқын киелі жерден, атамекеннен шығарған Асянь-шадты бір трафаретке еңгізілген образ деп көрсетеді [36, 31 б.]. Л.П. Потапов та Тәңір, Ұмай, Жер-Су үш құдайына сену - көне түркі қоғамында барлық топтарға таралды [37, 71-77 бб.] деген пікір білдіреді. Осы негізде үш мифтік шығармашылық цикліне арналған алты мифологиялық сюжет ғылыми айналымға енді. Атап айтқанда, 1. Космогония және космология: әлемнің пайда болуы, оның құрылымы туралы және ғарыштық апат туралы мифтер; 2. Пантеон және социум: құдайлар туралы, құдай қалауындағы мемлекеттің және Тәңірі дүниеге алып келген қағандар туралы мифтер; 3. Этнология және генеология: түркі тайпасының шығу тегі туралы және түркі халқының қаһармандары туралы мифтер. Осы алты мифологиялық сюжеттің әр қайсысында Жерұйық концепциясының негізі жатқандығына көз жеткізуге болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы көпірдің орналасқан жері - жердің кіндігі - Жерұйықта дүниеге келген. Осы символдық бейнелеулер түркілік космологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі космологиясы Жерұйық концепциясы негізінде қалыптасқан. Түркі мемлекеті, түркі ордасы дүниенің төрт бұрышының түйіскен жерінде, яғни дәл орталығында, әлемнің кіндігінде орналасқан. Әлемнің кіндігі - Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның жаратылыс негізі болғандықтан да киелі. Көктеу, жайлау, қыстау, күзеу - бұлар көшпелі қоғамның мемлекеттік шекарасы қызметін атқарады. Бұл кеңістіктер Тәңір тарапынан аталарына берілген мирас болғандықтан да қасиетті, киелі отан болып табылады. Өйткені, бұл кеңістіктер түп аталарының сүйегі жерленген - Жерұйық [38, 61 б.]. Бұл туралы Орхон стеллалары, Енисей қырғыздарының жазбалары, көне ұйғыр руникалық және курсивті мәтіндері, қимақ, қыпшақ, ғұз, қарлұқтар туралы мұсылман авторларының және Ұлы қорғанның солтүстігінде тұратын тайпалар туралы қытай деректеріндегі хабарламалардан да білуге болады. Дүниетанымды табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастық көзқарас тұрғысынан әлемді рухани түсіну, тану деп білсек, әр алуан маңызы бар адам бойындағы наным-сенім, сезім, көңіл-күй, талап дүниетанымға бірігіп, адамдардың әлемді түсіну, сол арқылы өзін түсіну, өзін қоршаған әлемде жайлы сезінудің біртұтас түсінігін қалыптастырады.
Жалпы ағанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен қарым-қатынасындағы аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың -- шамандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік текстерінде кам деп аталған. Шамандар сәуегейлер, емшілер, құдайдың қалауын жариялаушылар болған. Ертедегі Көкке (Тәңір) және Жер -Суға (Йер- Суб) сыйыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар Көк тектестер және Көкте туғандар деп аталды. Көк өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халыктан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Көк деп ойлау керек. Көктің еркімен түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды. Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.
Бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай -- от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге, Ұмай түріктер сыйынған кұдіретті үш күштің бірі бо - лған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Тоныкөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!
Барлық түркі тілдес тайпалардың наным- сенімінде қасиетті тауларға (ыдұқ баш) табынушылықтың маңызды мәні болды, бұл сенім Оңтүстік Сібірде өткен ғасырдың өзінде сақталып келді. Ертедегі түріктер қасиетті Отүкен қара күшін (Хантай таулары) ерекше қастерлеген, олардың рухы каған тегінің қамқоршысы деп есептелген. Онда бабалардың үңгірі болған, түрік аңыздары бойынша, осы үңгірде касқырдан түріктердің бабалары туған. Түріктердің пікірінше, бүкіл төңірек рухтарға толы, оларға тасаттық беріп, рақымын алып отыру керек. Адамдар өлген соң жаны орналасатын жер асты патшалығын жер асты дүниесінің билеушісі Ерікліг басқарады".
Осы сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде оғыздарға, қарлұқтарға, кимектерге, қыпшақтарға ортақ болған. Бұған, атап айтқанда, орта ғасырлардағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түріктердің наным-сенімдерін сипаттайтын қысқа және үздік-создық сипаттамалар айқын дәлел бола алады. Араб географы әл-Макдиси (X ғ.) Орта Азиядағы түріктердің діні туралы былай деп жазады: Түріктер бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу
Жарық өмір Тәңірінің сыйы
Тәңіршілдік және ислам: қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі синкретизм мәселесі
Ертедегі түркілердің діні
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Дін этнологиясы
Көне түріктердің діні
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Пәндер