Басқару ұғымы мен құрылымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
І. Басқару ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Басқару тәсілдері мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Басқару құрылымдар және олардың сипаттамасы
1.3 Басшы іс . әрекетінің психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ Басқару құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Басқарушы және басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Басқару стилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы
ІІІ Қазіргі кездегі басқару құрылымдарының жаңа түрлері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
«Басқару» термині латынның сөзі organizo – сымбатты түр беремін, орналыстырамын дегеннен шыққан. Орыс тілінде бұл сөз екі мағынаға ие болады. Басқару функциясы ретінде ұйымдастыру басқарылатын жүйе қызметінің барлық иерархиялық деңгейлеріндегі техникалық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жақтарының реттелуін қамтамасыз етеді (Кнорринг, 1999). Ол ұйымдастырушылық құрылымға, ұйымдастырушылық үрдістерге, ұйымдастырушылық заңдарға және ұйымдастырушылық мәдениетке әсер ету арқылы айқындалады.
Басқару объектісі ретіндегі ұйым дегеніміз – қандай-да бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған белгілі бір құрылым. Ұйымдардың құрылу мақсаттарына және қызмет етуіне қарай олар өндірістік, көліктік, коммерциялық, қаржылық, жобалық, ғылыми, консалтингтік және т.с.с. болып бөлінеді. Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша ұйымдар мемлекеттік, жеке, бірлескен, қоғамдық және аралас болуы мүмкін. Өзінің ауқымы бойынша ұйымдар шағын, орташа және ірі болуы мүмкін.
1. Поршнева А.Г., Румянцева З. П., Саламатина Н.А. Управление организацией. – 2008 г.
2. Мамыров Н. К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010 ж.
3. Сергеев И. В. Экономика предриятия. – М.: Финансы и статистика, 2010 ж
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2009
5. Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики. – Алматы: Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2009 ж
6. Бердалиев К. Б. Основы управления экономикой Казахстана. – Алматы: Экономика, 2008 ж.
7. Веснин В. Р. Менеджмент для предпринимателей. – М.: Антиква, 2008 ж.
8. Виханский О. С., Наумов А. И. Менеджмент: человек, стратегия, организация, процес. – М.: Финансы и статистика, 2007 ж.
9. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И. Жалпы экономикалық теория. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2010 ж.
10. Қазақстан Республикасының 19.05.1995 №2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңы
11. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы «Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар іс-әрекетінің кейбір мәселелері туралы» өкімі
12. Кошанов А. К. Формирование системы акционерных отношений в Республике Казахстан. – Алматы: Гылым, 2010 г.
13. Янош Корнай. Путь к свободной экономике. – : Экономика, 2007 г.
14. ЧепуринаМ. Н., Киселева Е. А. Курс экономической теории. – Киров: АСА, 2008
15. Виханский О. С., Наумов А. И. Менеджмент. – М.: Гардарики, 2009 г
16. Дункан У. Ж. Основопологающие идеи в менеджменте. – : Дело, 2007 г.
17. Родионова Б. Н. Организация, планирование и управление. – М.: Машиностроение, 2009 ж.
18. Майталь Ш. Экономика для менеджеров. – М.: Дело, 2011 г.
19. Как делать бизнес в Казахстане: в помощ предпринимателю. – Алматы: Гылым, 2006 ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім
І. Басқару ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.1 Басқару тәсілдері мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2 Басқару құрылымдар және олардың сипаттамасы
0.3 Басшы іс - әрекетінің психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Басқару құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Басқарушы және басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Басқару стилі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы
ІІІ Қазіргі кездегі басқару құрылымдарының жаңа түрлері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Басқару термині латынның сөзі organizo - сымбатты түр беремін, орналыстырамын дегеннен шыққан. Орыс тілінде бұл сөз екі мағынаға ие болады. Басқару функциясы ретінде ұйымдастыру басқарылатын жүйе қызметінің барлық иерархиялық деңгейлеріндегі техникалық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жақтарының реттелуін қамтамасыз етеді (Кнорринг, 1999). Ол ұйымдастырушылық құрылымға, ұйымдастырушылық үрдістерге, ұйымдастырушылық заңдарға және ұйымдастырушылық мәдениетке әсер ету арқылы айқындалады.
Басқару объектісі ретіндегі ұйым дегеніміз - қандай-да бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған белгілі бір құрылым. Ұйымдардың құрылу мақсаттарына және қызмет етуіне қарай олар өндірістік, көліктік, коммерциялық, қаржылық, жобалық, ғылыми, консалтингтік және т.с.с. болып бөлінеді. Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша ұйымдар мемлекеттік, жеке, бірлескен, қоғамдық және аралас болуы мүмкін. Өзінің ауқымы бойынша ұйымдар шағын, орташа және ірі болуы мүмкін.
Нарыктық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға (коллективке) қазіргі талап деңгейінде Басқару етуді жүзеге асыра алады.
Күні бүгінге дейін осы курс бойынша бір жүйеге келтірілген оқу құралы болған емес. Осыған орай ұсынылып отырған бұл оқу құралында осы олқылықты азда болса толықтыру, сөйтіп басқаруды жаңаша ойластыру, әрі тың ілімді игеру мақсаты көзделеді.
Қызметкерлерді басқару атты еңбек әрекетіне байланысты дәлелдемелер (мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға Басқару ету, өзара қарым-қатынас пен дау-дамай проблемаларын, сондай-ақ Басқару стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелерді қамтиды.

І. Басқару ұғымының түсінігі
1.1 Басқару тәсілдері мен функциялары
Басқару пен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару функциясы - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл бас - қару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған функциясының бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын Басқару деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның кұрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл функция өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді.
Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипаттына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Басшының, қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.

1.2. Басқару тәсілдері
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.
Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін қанағаттандыратындығына сенеді. Сондықтанда көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік береді.
Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.
Бір басшысы бар, бірақ бағынышты қызметкерлері жоқ басқару қызметшілерінің тобы бастауыш ұйым болып саналады. Белгілі бір байланыста бағынатын, қатар бағынатын және үйлесетін дербес бастауыш ұйымы немесе олардың тобы басқару органы (аппараты) деп аталады.
Органдар жүйесі - бұл өндірісті басқарудың, барлық көлемін қамтитын бастауыш ұйым (ячейко) жиынтығы.
Басқару құрылымын қалыптастыруға мынадай факторлар ықпал етеді: басқару қызметшілерінің саны; қызметшілерді бас - қару функциясы бойынша орналастыру және қызметшілер тобын бірыңғай функциясы бойынша бөлектеу; басқару функциясын бөлектеу дәрежесі, бір адамның (басшының) мүмкіндігі және басқару шегі; ресми (ұйымдық) қатысы.
Басшыға бағыныштылар да нашар басшы мен жақсы басшының арасында едәуір айырмашылық бар екенін жете түсінеді. Басқару ойдағыдай болған жағдайда жұмыс та қыза түседі, ал істің нәтижелі болуы кәсіби мәртебесін арттыра түседі.
Басқаруты тиімді атқарудың айрықша маңызды алты түрлі элементі бар.
1. Kepi байланыс. Бағыныштылар, әдетте, атқарған ісінің бағасы туралы басшылар тарапынан тезірек білгісі келеді. Психологтардың пайымдауынша, мұндай кері байланыс еңбек процесінде аса қажетті мәселе болып саналады. Бағынышты өзіне көбінесе мынадан сұрақ қояды: Мен, осы қалай жұмыс істеп жүрмін?. Басшы осы сұрақка дер кезінде, әрі дәл жауап беруге міндетті.
2. Біршама еркіндік. Бағыныштылардың біреуіне көбірек еркіндік, екіншісіне - шамалы еркіндік қажет. Кейбір адамдарға мүмкіндік берсе дербес шешім қабылдауға құштар келеді. Ал, басқа біреулер мұндайда не істерін білмей сасқалақтайды. Басшы өзінің қарамағындағылардың мінез кұлқымен жете таныса отырып, бір шешімге келуі тиіс: қарамағындағыға біршама еркіндік беру қажет пе, әлде берген бұйрығының орындалғанын қадағалап отыру керек пе?
3. Жұмысқа көзқарас. Бұл аса қажетті, әрі маңызды мәселе, адам өмірінің бір бөлігі болғанмен, оның тұтастай тіршілігі емес. Міне, сондықтанда кейде адамдар былай дейді: Маған жұмыстан гөрі, жеке басымның тіршілігі анағұрлым маңызды. Басшылар ауық-ауық өз кызметкерлерінің жұмысқа көзқарасын біліп, Бірінші кезекте жұмыс істеу керектігін ескертіп отыруы тиіс. Адамдар өмірінде жұмыстың атқаратын рөлін дұрыс бағалаған басшы - жұмыс рөлін тым асыра көрсетпей-ақ, өзінің қарамағында істейтіндерге психологиялық дұрыс бағыт-бағдар беріп, жұмыс орнын айқын белгілейді.
4. Жұмыс нәтижесін бағдарлау. Жақсы басшы қарамағындағы қызметкерлердің еңбектегі жетістігін дұрыс көрсетіп, барлай біледі.
5. Жоғарылату. Көне ұрандарда көптеген дана сөздер бар:сондағы атап көрсетілетін жай, мансапқа жетудің, ең дұрыс жолы - өзінің күнделікті жұмысты тиянақты орындау. 6. Жеке басының мінез-құлқы.
Өндіріс ұйымдық формаларда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай кәсіпорын ұжымының ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады да, мұндағы барлық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және экономикалық қарым-қатынаста болады.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге правосы бар, ал бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін құрылым әлеуметтік психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми рөл термині белгілі бір әрекет етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай қасиеттердің болуын талап етеді.
Басшыда өз ісін жете білу ұйымдастырушылық және педагогикалық ерекшеліктері талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т. б. қасиеттерінің болуы ұжымды ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.
Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері:
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды, басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым - қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация -- Басқару етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

1.3. Басшы іс-әрекетінің психологиясы
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басқару тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым, қатынасы көбінесе оның жеке басына жәнеде сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей (білуіне байланысты. Осыған орай басшының, ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін. Екіншіден көпшілік ұжым үшін басшы -- бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, Басқару этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден , басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтық, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып са - налады. Басшьшың осындай қарым - қатынасқа ықпал етуі, оның, өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басқару психологиясы мынаған байланысты:
-- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40 %тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
-- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
-- мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
-- сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс.
-- сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
-- сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емес, ісін сынау қажет);
-- сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;
-- адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;
-- сынау орнын және тәсілін ойластыру;
-- сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Сынаудан қорқатын басшы -- басшы емес. Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында бәрібір басшының бабын таба алмайсың, деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ бо - луы, нақты кемшілікті дәп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту процесінде окушылардан тек қателік іздеуге болмайтындығын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашанда бұлай істеме деп айтпайды, былай істесек қайтеді дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.

ІІ Басқару құрылымын талдау
2.1 Басқарушы және басқару жүйесі
Белгілі бір ұйымдастыру шаруаның жеке еңбегі сатысында-ақ байқалған болған. Ол шаруа өз еңбегінің ақырғы мақсатына қол жеткізу үшін көптеген рет қайталанатын өндірістік функциялардың әсерінен пайда болды. Өндірістік функциялардың тұрақты жүзеге асырылуы өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының қарапайым нысанын, яғни оның жасырын күйде болатын бастапқы құрылымын құрайды. Бұндай құбылыстың негізі - бұл кооперацияланған өндіріс, оның дамуы ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыратын басқару функцияларының бөлінуіне әкелді.
Сөйтіп, өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы қалыптасуының негізгі факторлары ретінде еңбектің бөлініс және басқару функциясының пайда болуы саналды. Бірлескен еңбек, жұмыс күшінің кооперациясы қарым-қатынастардыңғ жаңа түрін қалыптастырды. Оны өндірістік үрдістің мүшелері арасындағы, басшылар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынастар түрінде қалыптасты деуге де болады.
Машиналық өндіріс сатысында басқару функцияларының ақырғы жекеленуі іске асты. Өндірістік функциялардан толығымен босатылған басшылар пайда болды. Ведомостер, есеп берулер, баяндамалр және т.с.с. арқылы бақылау пайда болды. Кері байланыс реттелді. Осының бәрі, әсіресе, өндіріс ауқымдарының өсуі, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының тез дамуына жәрдемдесті.
Өндірісті басқарудың құрылымы - бұл басқару жүйесінің басқарушы және басқарылатын жүйешелері арасындағы басқарушылық байланыстардың жиынтығы. Ол тізбекті бағыныштылықта орналасқан және белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар дербес бөлімшелердің немесе жеке атқарушылардың құрамы мен ақпараттық өзара байланыстарымен сипатталады.
Құрылымдағы буындардың саны оның деңгейлерін анықтайды. Құрылымдар бір деңгейлі және көп деңгейлі болуы мүмкін. Олардың байланыс сипатына қарай, құрылымдар сызықты, функционалдық және аралас болып бөлінеді. Әрбір құрылымдық бөлімше сандық және сапалық параметрлермен сипатталады.
Құрылымдық бөлімшелердің және атқарушылардың қызмет етуі арнайы ережелермен (нұсқамалармен) регламентталады, олар басқарудың әрбір органының функцияларын, олардың арасындағы құқықтар мен міндеттердің үлестірілуін, ал бөлімше ішінде - әрбір атқарушылар функцияларын, құқықтары мен міндеттерінің үлестірілуін анықтайды. Құрылымдық бөлімшелердің қалыптасуы кезінде басты көңіл оларға ішкі ортаның әрдайымғы өзгерістеріне бейімделуге рұқсат ететін динамикалылықты беруге аударылады.
Ғылым негізінде басқарудың бір субъектісіне бағынышты болатын құрылымдық бөлімшелер мен жұмыскерлер санының шегі бар екендігі дәлелденген. Тиімді басқарудың жолында ақпараттық кедергі қойылады. Ол берілген құрылым және басқарудың техникалық құралдары кезінде шешуге қол жетерлік экономикалық мәселелердің күрделілік шектерін орнатады.
Өндірісті басқару үшін құрамына қызметкерлердің алуан түрлі категориялары: басшылар, мамандар және техникалық атқарушылар кіретін аппарат құрылады. Басқару функцияларын және құрылымдық бөлімшелердің функцияларын айыруға болады. Басқару функциялары - бұл кәсіпорынның басқарылатын объект ретіндегі объективті қажеттілігі. Құрылымдық бөлімшелердің функциялары басқарушылық қызметтің нақты мазмұнын және өндірістегі ықпал ету саласын бейнелейді. Олар кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Басқару аппаратының құрылымдық бөлімшесі - бұл оның әкімшіліктік жекеленген бөлігі. Ол басқарудың бір, бірнеше немесе көптеген функцияларын атқарады. Санына қарай оларды функциялардың берілген түріне маманданған бір немесе бірнеше құрылымдық бөлімшелер орындауы мүмкін. Қызмет етуінің сипатына қарай сәйкес келмейтін функциялар жеке жұмыскерлерге жүктеледі.
Өндірісті басқару аппаратының құрылымы - бұл бірыңғай өзара байланысқан жүйедегі өндірісті басқару аппараты құрымдарының, басқару деңгейлерінің саны мен құрамы. Әдетте оны сұлба түрінде бейнелейді. Егер де сұлбада құрылымдық бөлімшелерден басқа өндірістік бөлімшелер және олардың өзара байланысы бейнеленсе, онда ол кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы болып табылады. Горизонталь бойынша бір деңгейдің буындар санын, ал вертикаль бойынша - деңгейлердің өзара бағыныштылығындағы санын анықтауға болады. Басқару буындарына бірнеше құрылымдық бөлімшелерді басқаратын басшылар, құрылымдық бөлімшелердің өздері және белгілі бір функцияларды немесе осындай функциялардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар жатады. Басқару аппаратының деңгейлері - бұл оның горизонталь бойынша олардың төменнен жоғары қарай тізбекті бағыныштылығындағы деңгейлері. Кәсіпорындағы бірінші (төменгі) деңгей - бұл өндірістік учаскі. Неғұрлым құрылым күрделі болса, соғұрлым басқару деңгейлері көп болады. Сонымен қатар, жұмыстардың көлеміне басқару жұмыскерлерінің білікті-лауазымдық құрамы және олардың саны тәуелді болады.
Басқару аппаратының рационалды құрылымдарын құруға қойылатын талаптар және оларды анықтайтын факторлар.
Басқару аппаратының құрылымы еңбек бөлінісінің нысанын көрсетеді. Ол қаншалықты дұрыс құрылғанына қарай, басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге ықпал ету тиімділігі тәуелді болады.
Басқару аппаратының құрылымына қойылатын бірінші талап - жеделдік (оперативность). Бұл басқарушылық шешім басқарылатын объектке өндіріс жағдайының кезекті өзгерісі пайда болғанына дейін жетуі керек деген сөз. Болмаса, шешім қажетсіз болып қалады.
Басқа талап - сенімділік, яғни басқару аппаратының құрылымы ақпаратты берудің абсолюттік ақиқаттылығын (достоверность) және тоқтаусыздылығын (бесперебойность) қамтамасыз етуі тиіс. Ол өндірістегі осындай өзгерістерге сәйкес тез қайта ауысатындай қозғалғыш болуы тиіс.
Әрбір басқарушы жүйеде горизонталь бойынша буындардың және вертикаль бойынша деңгейлердің кішігірім саны болуы керек. Дегенмен бұл минимум басқарудың ең жақсы тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс, яғни басқару жүйесі оңтайлылық (оптимальность) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқару құрылымы сапасының маңызды көрсеткіші - бұл оның үнемділігі, яғни ең үлкен эффект оның аппаратын ұстауға кететін шығындардың минимумы кезінде асырылуы тиіс.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына басқару мақсаттары, принциптері, әдістері және функциялары ықпал етеді. Оларды қарастырайық.
Мақсат оның орындалуына жауап беретін бөлімшелердің бөлінуін талап етеді.
Принциптер мен әдістер - құрылымдық бөлімшелердің құрылуы немесе кеңеюі. Мысалы, әріптестік (коллегиальность) принципі директордың қол астында әрекет ететін техникалық кеңес арқылы жүзеге асырылады. Оның міндеттеріне қиын мәселелерді талқылау, шешімдердің нұсқаларын жасап шығару кіреді. Нарықтық қарым-қатынастарға көшкен кезде кәсіпорындардың деңгейінде іске асырылатын нақты бағдарламаларды жасап шығарған жөн. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің күшеюі нәтижесінде арнайы қызметтер құрылады.
2.2 Басқару стилі.
Басқару құрылымына ең үлкен әсерін басқару функциялары, олардың құрамы, мазмұны және көлемі тигізеді. Сондықтан, олардың мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті болатын тізімі мен мазмұнын анықтау басқару аппаратының құрылуына алдын ала жүруі тиіс. Функцияның бірінші реттілігі және басқару органының екінші реттілігі принципін ұстанған жөн.
Құрылымды қалыптастыру деп басқару аппаратының бөлімшелеріне нақты бір функцияларды бекітуді айтады. Функциялардың дамуы басқару құрылымының дамуына әкеледі.
Ғылыми-техникалық прогресс жаңа функциялардың пайда болуына және қолданыстағы функциялардың жоқ болуына әкеледі. Осыған байланысты басқару аппараты құрылымының қалыптасуы функциялар жүйесінің терең талдануына негізделуі тиіс.
Басқарудың жетілген органдары құрылады, олардың арасында функциялар үлестіріледі: басқарудың жоғары деңгейлерінде - болашақ жоспарлау және болжау функциялары, ал төменгі буындарында - жедел және ағымдық жоспарлау функциялары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда басқару жүйелерінің төрт негізгі ұйымдастырушылық құрылымы қолданады: сызықты, функционалдық, сызықты-функционалдық (штабтық) және матрицалық.
Сызықты құрылым кезінде кезкелген деңгейдегі өндірістік буынының негізінде басшы - басқарудың барлық функцияларын жүзеге асыратын және барлық мәселелер бойынша жоғары тұрған бастыққа бағынатын бірыңғай бастық орналасқан.

Осылайша вертикаль (сызық) бойынша бір уақытта әкімшіліктік және функционалдық басқаруды жүзеге асыратын әр түрлі деңгейлердегі басшылардың бағыныштылығы қалыптасады (1 сурет).

Басшы
А сызықты басшысы (а, ә функциялары)
Ә сызықты басшысы (а, ә функциялары)

Атқарушылар Атқарушылар

1 сурет - Басқарудың сызықты құрылымы

Бұл құрылымның жедел және тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бірқатар артықшылықтары бар. Ол ең қарапайым: байланыстың бір ғана каналы бар (вертикаль бойынша), әрбір бағыныштының бір ғана бастығы бар. Бұл дәл және жедел басқаруға, басшының өзі басқаратын буын жұмысының тиімділігіне жауапкершілігінің жоғарылауына жәрдемдеседі.
Бірақ та бұл құрылым көбінесе шағын кәсіпорындарға тән болады. Онда шешілетін мәселелердің ауқымы үлкен емес және өндірістік байланыстар аз болады. Өндірістің ауқымдары үлкен болған жағдайда және шешілетін мәселелердің ауқымы өскен сайын техникалық және ұйымдастырушылық деңгейлер жоғарылай түседі, сызықты құрылым тиімсіз болып қалады, себебі басшы бәрін біле алмай қалады да, жақсы басқаруға мүмкіндігі болмайды. Күрделі байланыстары бар кең ауқымды өндірісті басқару функционалдық құрылымға ие болады (2 сурет).

Басшы
Функционалдық басшы
(а функциясы)
Функционалдық басшы
(ә функциясы)

Атқарушылар

2 сурет - Басқарудың функционалдық құрылымы

Оның мәні мынада: нақты мәселелер бойынша жеке функциялардың орындалуы мамандарға жүктеледі. Бір профильдің мамандары басқару жүйесінің құрылымдық бөлімшелеріне бірігеді және өндірістік бөлімшелер үшін міндетті болып табылатын шешімдерді қабылдайды.
Сөйтіп, сызықты ұйымдармен қатар функционалдық ұйымдар да әрекет етеді. Атқарушылар екі жақты бағынуда болады. Осылайша, жұмысшы өзінің сызықты бастығы мен функционалды маманның бұйрықтарын орындауы тиіс. Басқарудың функционалдық құрылымым кезінде сызықты басшының жедел басқару мәселелерімен айналасуға көбірек мүмкіндігі болады, себебі функционалдық мамандар оны арнайы, ерекше мәселелерді шешуден босатады. Дегенмен басқару әмірлері көптеген функционалдық қызметтерден бір өндірістік бөлімшеге немесе бір атқарушыға келіп түседі, сол себепті, осы әмірлерді өзара келістіру мәселесі пайда болады, бұл болса белгілі бір қиындықтарды тудыртады. Сонымен қатар, атқарушылардың өз міндеттерді орындағаны үшін жауапкершілігі төмендейді.

Сызықты, сонымен бірге, функционалдық құрылымның кемшіліктері сызықты-функционалдық (штабтық) құрылымда мүмкіндігінше жоққа шығарылады (3 сурет).

Басшы

А сызықты басшысы

Ә сызықты басшысы

Функционал-дық басшы
(а функциясы)
Функционал-дық басшы
(ә функциясы)

Атқарушылар Атқарушылар

3 сурет - Басқарудың сызықты-функционалдық құрылымы

Сызықты басшылық кезінде мамандар арнайы мәселелерді шешу үшін деректерді дайындайтын штаб құрайды. Бұл жағдайда функционалдық органдар сызықты басшының қарамағында болады. Олардың өкімдері, бұйрықтары штабпен келісілгеннен кейін ғана өндірістік бөлімшелерге беріледі. Бұл мәселелердің құзыретті (компетентное) шешілуіне жәрдемдеседі. Бірақ басқарудың сызықты-функциоанлдық құрылымы кезінде сызықты басшыға жүктелу арта түседі, себебі ол функционалдық қызметтер мен оған бағынышты өндірістік бөлімшелер арасындағы делдалдың рөлін атқаруы тиіс. Ол бағынышты бөлімшелерден ақпараттың ағымдарын қабылдайды да, шешімдерді жасап шығарады, жоғарыдан төменге әмірлерді береді.
Қазіргі кезде сызықты-функционалдық (штабтық) құрылымның өнеркәсіптегі рөлі айтарлықтай зор деуге болады. Бұл құрылымның негізін сызықты басқару құрайды. Функционалдық органдардың рөлі басқару деңгейіне тәуелді өзгеріп отырады. Неғұрлым деңгей жоғары болса, соғұрлым функционалдық органдардың рөлі үлкенірек болады. Учаскіні басқару деңгейінде функционалдық қызметтердің ықпалы шамалы ғана болады, бәрақ кәсіпорынды басқару деңгейінде олар өндірісті жоспарлау, техникалық дайындау, басқарушылық шешімдерді жасап шығару бойынша айтарлықтай жұмысты атқарады.
Өзінің барлық оң жақтарына қарамастан, басқарудың сызықты-функционалдық құрылымының бірқатар кемшіліктері де бар. Олар әсіресе өндірістің ірілендірілуімен және өндірістік байланыстардың күрделенуімен байланысты аса көзге түсетіндей бола бастайды. Неғұрлым өндіріс ірі және басқару аппараты тармақталған болса, соғұрлым сызықты басшыға жұмысты үйлестіру (координация) қиынға айналады. Сонымен қатар, құрылымда функционалдық қызметтер арасында берік қатынастар жоқ, осының нәтижесінде жұмыстағы жаман өзара әсерлесуді және параллельдікті байқауға болады.
Экономика дамуының қазіргі заманғы сатысы ауқымдардың ұлғаюымен, өндірісте болып жатқан күрделенген және тез өзгерістерімен сипатталады. Құрылымдар саласындағы басқарудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Мәліметтер базасының құрылымы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Қаржылық талдау
Пәндер