Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану



Жоспар

1. Кіріспе бөлім

2. Негізгі бөлім
2.1. Сумен қамтамасыз ету
2.2. Су қоры
2.3. Су ресурстарын пайдалану

3. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегңн пайдаланылып келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің беткі қабатының 30 пайызынан азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқа тиесілі.
Жердің су ресурстарының арақатынасы
Әлемдік мұхит, судың көлемі 97,2-97,5%
Мұздықтар (Антарктиданы қосқанда) 1,75-2,15%
Жерасты сулары 0,72%
Тұщы көлдер 0,009%
Ішкі теңіздер, ащы көлдер 0,008%
Өзендер 0,0001%

Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер бойынша біркелкі емес. Планетамыздағы жалпы су ресурстарының қатысы бойынша Арктиканың, Гренландияның және Антарктиданың мұздықтарын қоса алғанда тұщы судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігі бәрімізге белгілі. Шындығына келсек, ғалымдардың есептеуінше, планетадағы барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі ағынды су бүкіл адамзатқа кем дегенде жарты ғасырға жетеді екен.
Су тек шөл басу үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту үшін 250 м3 су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м3 су, 1 тонна капронға – 5600 м3 су кетеді екен. Егер Жердің 1 тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке тең болады екен.
Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың бұл түрі мыналарға арналған:
 Адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
 өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен құралдарды суыту, өсімдіктерді суару);
 гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
 өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге (электр энергиясын өндіру).
Су биосфераның барлық қабатында болады; дәлірек айтқанда, ол тек су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан да және бүкіл тірі жан йелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Адам тамақ ішпей 40 күн өмір сүре алады, ал шөлге бар-жоғы сегіз-ақ күн шыдайды екен. Оттегінсіз тіршілігін жалғастыратын бактериялар бар. Ал, сусыз өмір сүре алатын ешқандай тіршілік йесі жоқ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Үпішев М. «Табиғатты пайдалану экономикасы»
Алматы, 2005 ж.
Молдахметов «Экология»
Қарағанды, 2002ж
А.Ж. Ақбасова «Экология»
Алматы, 2002 ж.
А.Г. Оспанова «Экология»
Қарағанды, 2002 ж.
Қаженбаев С., Махмутов С. «Табиғат қорғау»
Алматы, 1992 ж.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану

Жоспар
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім

2.1. Сумен қамтамасыз ету

2.2. Су қоры
2.3. Су ресурстарын пайдалану
3. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні
қалмай барады. Күні кеше ғана таусылмайтындай көрінген, тегңн пайдаланылып
келген табиғат байлығы тапшылыққа айналды. Мұны әлемдегі тұщы судың азайып
бара жатқанынан байқауға болады. Су планетамыздағы табиғи ресурстардың
ішінде айрықша орын алады. Белгілі болғандай, жердің беткі қабатының 30
пайызынан азын құрлық алып жатыр, ал қалған бөлігі әлемдік мұхитқа тиесілі.

Жердің су ресурстарының арақатынасы

Әлемдік мұхит, судың көлемі 97,2-97,5%
Мұздықтар (Антарктиданы қосқанда) 1,75-2,15%
Жерасты сулары 0,72%
Тұщы көлдер 0,009%
Ішкі теңіздер, ащы көлдер 0,008%
Өзендер 0,0001%

Жер шарында су мол болғанымен, ол Жердің аудандары мен елдер бойынша
біркелкі емес. Планетамыздағы жалпы су ресурстарының қатысы бойынша
Арктиканың, Гренландияның және Антарктиданың мұздықтарын қоса алғанда тұщы
судың қоры өте аз – шамамен 3%. Тұщы сусыз өмір сүрудің мүмкін еместігі
бәрімізге белгілі. Шындығына келсек, ғалымдардың есептеуінше, планетадағы
барлық өзендерде ағатын бір тәулік ішіндегі ағынды су бүкіл адамзатқа кем
дегенде жарты ғасырға жетеді екен.

Су тек шөл басу үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет.
Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1 тонна құрышты қорыту
үшін 250 м3 су қажет, 1 тонна қағаз өндірісіне 900 м3 су, 1 тонна капронға
– 5600 м3 су кетеді екен. Егер Жердің 1 тұрғынына кететін барлық су шығынын
есептесек, ол жылына 1,2 тоннадан да көп көрсеткішке тең болады екен.

Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың
бұл түрі мыналарға арналған:

– Адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік
қажеттіліктерін өтеуге;

– өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар
мен құралдарды суыту, өсімдіктерді суару);

– гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;

– өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді
қамтамасыз етуге (электр энергиясын өндіру).

Су биосфераның барлық қабатында болады; дәлірек айтқанда, ол тек су
қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан да
және бүкіл тірі жан йелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Адам тамақ ішпей 40
күн өмір сүре алады, ал шөлге бар-жоғы сегіз-ақ күн шыдайды екен.
Оттегінсіз тіршілігін жалғастыратын бактериялар бар. Ал, сусыз өмір сүре
алатын ешқандай тіршілік йесі жоқ.

2.1. Сумен қамтамасыз ету

Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіздің деңгейі жыл сайын 1,2 мм-ге
көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км3-ге кемітеді. Бұл
көрсеткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де (оның ішінде Еділ мен
Жайық секілді аса ірі өзендерге) қатысты. Адамзат өз қажеттілігіне
пайдаланатын судың жыл сайынғы мөлшері теңізге тек гидрографикалық желі
бойынша құйылатын судың мөлшерін ескергенде 37,3 мың. км3-ді құрайды екен.
Бұдан басқа 13 мың км3-ге тең болатын жерасты суының бір бөлігін
пайдалануға болады.

Әлемдегі су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)

Көлемі, мың Жыл сайынғы Жаңғыртуды
км3-пен алғанда жаңаратын тудыратын
(жаңғыратын) процестер
бөлігі, мың
км3-пен алғанда
Жалпы көлемі 449 Булану
Әлемдік мұхит 1370000 37,3 Бет жағындағы ағын
5 км тереңдікке 60000 13 Жерасты ағыны
дейінгі жерасты суы
Көл 750 Булану
Мұздақ пен қар 29000 1,8 Ағын
Топырақтың және 65 7114 Жерасты ағынды
топырақ астындағы судың булануы
қабаттың ылғалдылығы
Атмосферадағы ылғал 14 520 Жауын-шашын
Өзендер 1,2 37,3 Ағын

Жер шарындағы халықтың (5 млрд адам) су ресурстарын тұтынуын былайша
бөлуге болады (км3-пен алғанда):

Ирригация - 7000

өнеркәсіп - 1700

тұрмыстық қажеттілік - 600

ластанған суды таза сумен араластыру - 9000

басқа қажеттіліктер - 400

Барлығы:
18700 .

Сумен қамтамасыз етілу дегенді өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының,
коммуналдық және басқа да халық шаруашылығы салаларының және олардың жыл
сайын жаңғыртылатын ресурстардың суға деген қажеттіліктерінің қанаттану
мүмкіндігін түсінеміз. Бұл арада судың статистикалық қоры ескерілмейді,
өйткені, оны халық шаруашылығы айналымына тартатын болса, қолайсыз
экологиялық салдарды тудырады. Бұл өз кезегінде шаруашылық жүргізудің
негізгі принципіне қайшы келеді. Мәселен, принцип бойынша еріту арқылы
таудағы мұздықтарда ғасырлар бойы жинақталған су қорын пайдалануға болады.
Сондай-ақ, терең жерасты суларын да пайдалануға болады. Оны көптеген
қалаларды сумен жабдықтау үшін жүзеге асыруға болады. Алайда мұздықтарды
және терең жерасты суларының қалпына келуі ұзақ жылдарға созылатындықтан,
экологиялық тұрғыдан алғанда бұл қауіпті болып саналады.

Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литрге
дейін су кетеді екен, алайда Жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны
күніне кем дегенде 2-3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр.

Әлем елдерінің сумен қамтамасыз етілуі

Мемлекеттер Ауданы Халықтың Су бойынша орташа есеппен алғанда су
мың км3саны, млнресурсы, жылына
алғандаадаммен
алғанда
Жиынтығы, Жылына 1 Жылына 1 әлемдік
км3-пен кв км адамға ресурстағы
алғанда ауданға шаққанда,құрайтын
мың текше м3-нен %-і
метрмен алғанда
алғанда
Бразилия 8512 107145 9230 1080 86000 20,8
Бұрынғы КСРО 22274 268844 4740 212 17500 10,6
ҚХР 9597 838800 2550 266 3050 5,8
Канада 9975 22831 2472 248 108000 5,6
Үндістан 3269 598097 1680 514 2800 3,8
АҚШ 9347 213611 1938 207 8700 4,4
Норвегия 324 4007 405 1248 108800 0,9
Югославия 256 21356 256 1000 9150 0,6
Франция 551 59913 183 332 3060 0,4
Финляндия 337 4707 110 326 23500 0,2
Бүкіл әлем 134800 3967000 44500 330 1120 100
(Антарктиданы
қоспағанда)

2.2. Су қоры

Су жер шары 70,8 %-ін алып жатыр. 510 млн км2 жердің жалпы ауданының
29,2%-і құрлыққа тиесілі Планетаның қалған бөлігі – мұхиттар мен теңіздер.
Әлемдік мұхиттың су қоры – 1370 млн км3 (93,96%). Өзендер мен көлдердің
тұщы суы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Сарысу өзені алабының көлдері
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанның табиғат ресурстары
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
Пәндер