Қазақ халқының ұлы ақыны



Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә койма!..*
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жаркын болашакка сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі сді.
Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырактай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.,.
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді өте ерте, он екі жа-сынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бірқатары үмытылған, болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сакталған... Казақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан, бізде Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сактаған, оның өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, жазбалар жок. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жок. Егер халык поэзияны терең қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары: «Қүдайға шүкір, біздің одан бір де акын, бір де бақсы шыккан көп» деп купінетін. Поэзияға осындай көзкастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлең¬дерін жас достарының атынан тараткан Ру таластарының қымкуат дау-жанжалына
амалсыз араластырылған абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ыркына көнбей,өзінше үкім шығарып отырды. Абайдың халык арасынан шыккан адал, акылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға үнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.
Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады. Ол енді тағдырын өзі белгілеп алатын болады. Абай, ең алдымен, ең жаңа достары - негізінен кедей рулардан шыккан талантты жастар. ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болады Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классик, әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оки бастайды.
Отыз бес жаска келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек, 1836 жылы, кырык жастан аскан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын койды.
Отыз жастарға келгенде Абай феод.-рулык ортадан біржола түңіледі Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың халык үшін өте ауырға соғатынын анык көреді Нағыз акын, әрі патриот Абай халыкка оның неге касірет шегетінін түсіндіруге тырысты.
Өзінің өлеңдерінде ол феод.- рулык билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және ха-лыкты өнер-білімге шақырады. Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар - революцияшыл интеллигенцияның өкілдері, Н. Г. Чернышевскийдің жолын куушылар еді. Солардың бірі - Е П Михаэлис - Шелгуновтың жақын досы, белсенді кызметтесі болған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә койма!..*
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жаркын болашакка сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі сді.
Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырактай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.,.
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді өте ерте, он екі жа-сынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бірқатары үмытылған, болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сакталған... Казақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан, бізде Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сактаған, оның өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, жазбалар жок. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жок. Егер халык поэзияны терең қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары: Қүдайға шүкір, біздің одан бір де акын, бір де бақсы шыккан көп деп купінетін. Поэзияға осындай көзкастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлең - дерін жас достарының атынан тараткан Ру таластарының қымкуат дау-жанжалына
амалсыз араластырылған абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ыркына көнбей,өзінше үкім шығарып отырды. Абайдың халык арасынан шыккан адал, акылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға үнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.
Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады. Ол енді тағдырын өзі белгілеп алатын болады. Абай, ең алдымен, ең жаңа достары - негізінен кедей рулардан шыккан талантты жастар. ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болады Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классик, әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оки бастайды.
Отыз бес жаска келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек, 1836 жылы, кырык жастан аскан соң Жаз деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын койды.
Отыз жастарға келгенде Абай феод.-рулык ортадан біржола түңіледі Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың халык үшін өте ауырға соғатынын анык көреді Нағыз акын, әрі патриот Абай халыкка оның неге касірет шегетінін түсіндіруге тырысты.
Өзінің өлеңдерінде ол феод.- рулык билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және ха-лыкты өнер-білімге шақырады. Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар - революцияшыл интеллигенцияның өкілдері, Н. Г. Чернышевскийдің жолын куушылар еді. Солардың бірі - Е П Михаэлис - Шелгуновтың жақын досы, белсенді кызметтесі болған.
Михаэлис те, сондай-ак Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыкка айналады Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді, Олар Абайдан казак халкының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-геогр., экономика, жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін түңғыш таратушылар да, халыктың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жактаушылары да солар болды... Орыстың демокр. интеллигенциясының бұл өкілдері халыкты ағартуды царизмге қарсы күрестің маңызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінің мұрасымен таныстыру олар үшін, әрине, маңызды міндет болды. Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеум. қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің қалың еңбекші бұқарасына жеткізуге тырысты. 19 ғ-дағы азаттық идеяларға толы орыс - тың классик, әдебиетінің асқан гуманизм мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес дауысы Сібірде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі.
Ал, Абай болса қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы - орыс жене қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді. Ұлы ақын-ағартушы халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды. Өзінің өлеңдерінде ол қазақ халқына орыс халқын патша отаршыларынан айыра білуді көрсетуге тырысты.
... Тура тілді кісіні дейміз орыс, Жиреніп, жылмаңдықты демес бурыс. Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай, Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс. Сенімі жоқ серменде сырды бұзды, Анық таза көрмейміз - досымызды. Қылт етпегөн көңілдін кешуі жоқ, Жүрегінде жатады өкпе сызы. Дос асықтың болмайды бөтендігі Қосылған босаспайды жүрек жігі...
Орыс халқының рухани мәдениетінің нағыз бағалылықтарын тауып, таныған шақта Абайдың ой-өрісі мейлінше кеңейді. Абай А. С. Пушкин мен М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың, М. Е. Салтыков-Щедрин мен Л. Н. Толстойдың құштар ардақтаушысы болады. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге му - зыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлеңдеріне (Сегіз аяқ, Алтыаяқ т. б.) арналған еді. Ол өзінің Ев - гений Онегиннен жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі жене оның геройлары - Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақ эпикалық поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті. 80-жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, му - зыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болады. Оған тіпті алыс жерден ақындар, музыканттар, жыршылар келеді. Даңқты Біржан, соқыр ақын Ажар, Қуандық, Сара жене басқалар оның өлеңдерінбүкіл кең далаға таратады.
Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия сияқты жас таланттар, ақындар, жыршылар Абайдың төңірөгіне топталады. Олардың кейбіреулері Абайдан үлгі алып, өздігінен білімін көтереді, орыс әдебиетін оқып үйренеді, тарихи, роман - тик, және салт поэмаларын жазады. Абайдың маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшыраған (көбіне татар жастары), озат ойлы адамдары да келеді. Сібірдегі сылкадан өз өліне қашып бара жатқан кавказдықтар Абай ау-лында айлап жатып қонақ болады. Абайдың аулы бірте-бірте Шығыстың прогресшіл ойдағы, алдыңғы қатарлы адамдары келетін орталыққа айналады.
Абайдың талантын бағалаушылардың саны жыл сайын молая береді. Тек Абайдың өз өлеңдерін ғана емес, сонымен бірге достарының да шығармаларын ел ішінде көшіріп алып, жаттап, әнге қосып айтады. Батыс және орыс жазушыларының Абай оқыған романдарының мазмұнын тыңдаушы ертекшілер ауызша түрде бүкіл далаға таратады... Абайдың және оның достарының ақындық, ағартушылық және әлеум. қызметі феод, ауылдың ескілігіне, рушыл даугерлерге, халықты қанаушыларға және соларға сүйенген царизмге қарсы бағытталады. Абайдың еңбектері, оның әлеум. қызметі және үстем тапқа өшпенділігі, царизмнің сенімді жалдаптары дала феодалдарының ызасын келтірді. Олар білімді, қайсар ақын ту еткен идеяларға жене ақынның өзіне қарсы лас, зұлымдық тартыс жүргізді. Абай - дың бұл жаулары чиновниктермен, билеуші таптың интеллигенциясымен бірлесе отырып қимылдады.
Абай царизм үшін қауіпті адам ретінде, Далалық өлкенің ген.-губернаторына дейін жетеді. Шындықтың батыл жаршысы, әлеум. тәртіптің әшкерелеушісі болған ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі аңдуға алады.
Бірақ ақынның жаулары халықтың Абайға деген сүйіспеншілігінен қаймықты, сондықтан олар ақынға қарсы ашық қимыл жасай алмады. Олар тартыстың не бір опасыз түрлерін пайдаланды. Ру басыларының бірі, Абайдың қас жауы - Оразбай өз маңына даланың Абайға қарсы азулылардың барлығын топтайды. Олар ақынның достарын қудалады, ал Абайдың үстінен губернаторға, уезд бастықтарына, патша соттарына айыптау арыздар, домалақ хаттар жолдады, ақынның өз басын ақ патшаның жауы, бүлікшіл, әкелер мен ата-бабалардың әдет-ғүрпын, салт-жоралғысын бұзушы деп кінәлады. Осындай арыздардың салдарынан бірде Абайдың аулына Семей қаласы полицмейстерінің өзі жанына жандармдар отрядын ертіп келіп, тінту жасайды. Ал, 1897 ж. билеушілердің көрінеу-көзге демеуімен феодалдар Абайға қарсы опасыз қастандық жасайды. Семейдің губернаторы да Абайға талай рет кәрін тікті. Бірақ ақынның өз халқы арасындағы беделінен қаймығып, ол Абайды жер ауып келген достарынан айырумен, олардың тығыз байланысын үзумен ғана шектелді. Бірақ Абайды халықтан бөліп алуға болмайтын еді. Тіпті алыстағы уездерден көптеген адамдар Абайды іздеп келіп, ақыл-кеңес сұрайтын. Ру арасындағы үлкен-үлкен дау-тартыстарда ел ең әділ би Абайдың үкіміне, соның төрелігіне қүлақ асатын... Абайдың әлеум. қызметі мен ақындық шығармалары дала жастарының арасында, әсіресе, белгілі болды. Көптеген жиындарда, ойын-тойда, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өлеңін айтатын. Абайдың өз аулының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абай - дың өлеңдері мен поэмаларының, нақыл сөздерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мыс, Әсия, Уәсила, Рахила сияқты және басқа да қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге дейін сақталған... Абайға орыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық, халықтық-демокр. ой-пікірінің таңдаулы дәстүрлеріне тәрбиеленген, өз ісінің болашақ мұрагері, талантты баласы Әбдірахманның өлімі аса ауыр қайғы болып тиеді... Оның өліміне арнап Абай көптеген әсерлі өлеңдер шығарады. Бұл өлеңдерде ол өзінің баласы-нан ғана емес, сонымен бірге үміткер досынан, мұрагерінен айырылған әкенің, халық бақыты үшін күрескердің қайғысын білдіреді. Топас, дөрекі жауларының қуғынына үшыраған, ауыр тартыс қалжыратқан Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ, тағдыр оны тағы да қатты соққылайды: Абай - дың екінші баласы, талантты ақын - Мағауия қайтыс болады. Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы-қасіретінен бой жаза алмайды. Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жасқа шыққанда, өзінің туған даласында ақын қайтыс болады.
Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген қыстағының жа-нына қойылады. Абайдың өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен екі том болып басылды. Ақынның көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектері енді, тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ ха - лқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқ - ты болып көрініп отыр. Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақ - талған ақындық мұрасына терең бойлаған Абай сол мөлдір бұлақтан құнарлы нәр алып, өз поэзиясын молықтыра білді. Қазақ халқына ол кезде жете таныс бола қоймаған тәжік, азербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классик, поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Бірақ қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі, оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл европалық мәдениетке), ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факті еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркөйе берді. Абай қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бой ұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчеств. байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын.
Абайдың 80-жылдардағы өлендерінің көпшілігі қазақ қоғамының тағдырына арналды. Соны - мен катар, ақын халқының бүкіл рухани қатынасын терең көркемдік-сыншылдықпен қайта қарап, өзінің ақындық жаңа программасын ұсынды.
Бұл шығармаларында Абай қалың бұқараға жақын келеді. Алайда оның поэзиясының халық творчествосынан зор айырмасы барын дәл осы туста айқын көреміз. Абай бірде-бір өлең жолында халык творчествосының қалыптасқан дәстүрлі сөз жүйесі мен ақын - дық ой бітімін қаз-қалпында ала салмайды. Абай ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Ең алдымен, бұл шығармалардан ақынның ескілік әдет, билеуші феодалдардың азғындық мінездері, қараңғылық, дау-жанжал жайлаған еңбекші бұқара мұқтаждық пен жоқшылықта өмір сүрген сол кездегі қазақ аулының қоғамдық қалпына бітіспес көзқарасы айқын көрінеді. Абайдың көптеген өлеңдерінде (Қартайдық, кайғы ойладық.., Қалың елім, қазағым, қайран жұртым..., Күлембайға, Көжекбайға т. б.) надандық, даукестік, парақорлық, арам-тамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бишаралығы өлтіре сыналады. Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
Абайтануға кіріспе
Қырғыз бенен қазақтар
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Ұлылардың рухани үндестігі: Абай, Пушкин, Гёте
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Пәндер