«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы болашақ мұғалімдерді дайындаудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қашықтықтан оқыту жүйесі және цифрлы білім беру ... ... ... ..
1.3 «Информатиканың теориялық негіздері» пәнінің болашақ мұғалімдер дайындауда алатын орны және маңызы ... ... ... ... ... ... ...
II. «ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ.ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Электронды оқулықтың бағдарламалық құрал жабдықтары және оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Электронды оқу құралының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Электронды оқу құралын жасау және қолдану әдістемесі ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазіргі кезде XXI адамдарының тек білім, біліктерін анықтап қана қоймай, ең алдымен олардың жылдам өзгеріп отырған қоғамға бейімделуі, алдын ала белгісіз мәселелерді шешу және жаңа мүмкіндіктерді қолдану үшін олардың қандай қасиеттері болуы қажеттілігін анықтау маңызыды болып саналады. Білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияны белсендірек қолдануда. Ақпараттық технологияның дамуы сабақты өткізудің жаңа, бірегей мүмкіндігі – оқытудың қашықтықтан білім беру түрін енгізді. Ол, біріншіден, үйренушінің өзіне оқуға уақытты және орынды таңдауға ерік береді, екіншіден, әр түрлі себептермен дәстүрлі білім ала алмайтындарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі дәрежеде оқу шығынын кемітеді. Басқа жағынан, қашықтықтан білім беру оқытуды жекелеу мүмкіндігін күшейтеді.
Әдетте, қашықтықтан оқытуда электрондық оқулық қолданылады. Электрондық оқулық деп өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін бағдарламалық - әдістемелік кешенді айтады. Бұл оқулықтардың құндылығы болып табылады: біріншіден, олардың шапшаңдығы, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуына байланысты қол жетерлік болуы, үшіншіден, қазіргі заманғы ғылыми білімнің даму деңгейімен барабарлығы. Басқа жағынан алғанда, электрондық оқулық жасау ақпараттық материалдардың үнемі жаңарып отыру мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологиялардың дамуы нәтижесінде кітаптар жинақы немесе иілгіш дискілерде шыға бастады. Электрондық пішім мәтінмен бірге кітапта аудио және бейнежазбаны, дерекқорды, гиперсілтемелерді және арнайы іздеу бағдарламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Бірінші болып цифрлық пішімде энциклопедиялар, сөздіктер, альбомдар, географиялық карталар шыққан. Электрондық оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының 55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса бар нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндіріледі, сонымен қатар электрондық мәтінді талдаудың әдістері көрсетіледі. Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Ы.Бидайбековтың, И.С.Григорьевтің, В.В.Гриншкунның, Л.Х.Зайнутдинованың, Е.С.Полаттың, Л.А.Семеновтың және тағыда басқа зерттеушілердің еңбектерін айта кету қажет. Сондай-ақ, көптеген жоғарғы оқу орындары оларды оқу үрдісінде пайдаланады және өздерінің білім беруге арналған электрондық басылымдарын өз бетінше өңдейді. Осының бәрі, елімізде оқу үрдісінде білім беретін электрондық басылымдардың қолданылуының және өңделуінің теориясы мен практикасы қалыптасқандығын дәлелдейді. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді. Заманға сай білім жүйесінің әртүрлі салаларына ақпараттық технология (АТ) енгізу масштабты, әрі кешендік сипатқа ие болып келеді.
1. Стариченко Б.Е. Теоретические основы информатики. Учебное пособие для вузов. – М.: Горячая линия – Телеком, 2003. – 312 с.
2. Савельев А.Я. Основы информатики: Учеб. для вузов. – М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2001 – 328 с., ил. (Сер. Информатика в техническом университете)
3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. – 2-е изд., испр. – СПб.: Невский Диалект, 2001.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты. СТ РК 34.017-2005 «Ақпаратық технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылым», Астана, 2004ж. Государственный Стандарт Республики Казахстан СТ РК 34.017-2005 «Информационные технологии. Электронное издание. Электронное учебное издание», астана, 2004г
5. Беляев М. И., Григорьев С. Г., Гриншкун В. В., ДемкинB.П.,
Краснова Г. А., Макаров С. #., Роберт И. В., ЩенниковC.A. uдр. Теория и практика создания образовательныхэлектронных изданий. // М.: Изд-во РУДН, - 2003.
6. Нұғманова С.Ә., Киселева Е.А «Информатиканың теориялық негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешен. Алматы, 2011 ж
7. Информатика: Учебник. – 3-е перераб. изд. /Под. ред. проф. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 768 с.: ил.
8. Беляев М. И., Вымятнин В. М., Григорьев С. Г., Гриншкун, B.В.,
Демкин В. П., Краснова Г. А., Коршунов С. В., МакаровC.И., Можаева Г. В., Нежурина М. И., ПозднеевБ. М., Роберт И. В., Соловов А. В., Теслинов А. Г., ЩенниковС. А. Теоретические основы создания образовательных
электронных изданий. // Томск: Изд-во Томского
университета, — 2002.
9. Бауэр Ф.Л., Гооз Г. Информатика. Вводный курс: В 2-х ч. Пер. с нем. – М.: Мир, 1990.
10. Бурин Е.А. Введение в основы информатики и вычислительной техники: Курс лекций. – Алма-Ата: Мектеп, 1988.
11. О.В.Зимина, А.И.Кирилов «Рекомендации по созданию электронного учебника».
12. Бидайбеков Е.Ы. Развитие методической системы обучения информатике специалистов совмещенных с информатикой профилей в университетах республики Казахстан: автореф. … док. пед. наук:13.00.02. −М., 1998.
13. Могилев А.В. и др. Информатика: Учеб. пособие для студ. пед. вузов / А.В. Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; Под ред. Е.К. Хеннера. – 2-е изд., стер. – М.: Изд. центр «Академия», 2006.
14. Нурмухамедов Г.М. «О подходах к созданию электронного учебника»// Информатика и образование. 2006.
15. Гуров В., Гуськов А., Саргин В. Электр
16. Буслова Н.С. Системно-деятельностный подход как средство повышения качества обучения теоретическим основам информатики в условиях информационно-предметной среды педагогического вуза: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.02. − Омск, 2006. онный учебник «Основы теории компьютеров». – М : Ксит МИФИ, 2000.
17. УваровА. Ю. Электронный учебник: теория и практика. // М.: Изд-во УРАО, - 1999.
18. Вербицкий А.А. Теория контекстного обучения как основа педагогических // Сред. проф. образование. − 1998.
19. Бидайбеков Е.Ы., Киселева Е.А., Нугманова С.А. Типовая программа по курсу «Теоретические основы информатики» на русском языке для специальности 050111–«информатика». − Алматы, 2007.
20. Ракитина Е.А. Теоретические основы построения концепции непрерывного курса информатики. − М.: Информатика и образование, 2002.
21. Абдраимов Д.И., Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Камалова Г.Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2005.
22. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Бостанов Б.Ғ. «Электронды оқыту құралын жасау мен пайдалану» Оқу-әдістемелік құралы, Алматы, 2009.
23. Дородницын А.А. Информатика: предмет и задачи //В сб. Кибернетика. Становление информатики. − М.: Наука, 1986.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Анесқызы Айдана

Информатиканың теориялық негіздері пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050111 - Информатика

Алматы 2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді
Информатика және қолданбалы математика
кафедра меңгерушісі,
ф.-м.ғ.д.,профессор ___________ А.С. Бердышев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатиканың теориялық негіздері пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану

050111 - Информатика

Орындаған: Анесқызы А.

Ғылыми жетекшісі Байшемиров Ж. Д.
Нұғманова С

Алматы 2013
Дипломдық жұмысты орындаудың

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Іс-әрекет түрлері
Мерзімі
Орындалуы туралы белгі
1.
Зерттеу жұмысының өзектілігін негіздеу
Қыркүйек

2.
Диплом жұмысының тақырыбын бекіту
Қазан

3.
Дерек көздерін жинау және әдебиеттерді іріктеу, оқу, зерделеу өңдеу
Қазан

4.
Диплом жұмысының ғылыми аппараттарын анықтау
Қараша

5.
Диплом жұмысының теориялық бөлімін жазу
Желтоқсан

6.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау
а) Студенттердің ғылыми конференциясына қатысу
б) Зерттеу тақырыбы бойынша мақала жазу
Желтоқсан

7.
Тәжірибелік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру және өткізу
Қаңтар

8.
Диплом жұмысының тәжірибелік бөлімін жазу
Ақпан

9.
Диплом жұмысын алдын ала қорғау
Наурыз

10.
Баяндама, демонстрациялық материалдарды дайындау
Сәуір

11.
Диплом жұмысын қорғау
Сәуір

Тапсырма берілген күн ______ ________________ 2012 ж.
Ғылыми жетекші:
Студент: Анесқызы Айдана

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Физика-математика факультеті
Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Бекітемін
ИжәнеҚМ кафедра меңгерушісі

____________________________

______ _____________2012 ж.

Дипломдық жұмысқа
ТАПСЫРМА

Студент Анесқызы Айдана университет ректорының ___ __________ 2012 ж. № _______бұйрығы бойынша Информатиканың теориялық негіздері пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
тақырыбында дипломдық жұмысы бекітілді.
Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі ____ _________________2013 ж. Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1.1 Қазақстан Республикасындағы болашақ мұғалімдерді дайындаудың алғы шарттары
1.2 Қашықтықтан оқыту жүйесі және цифрлы білім беру
1.3 Информатиканың теориялық негіздері пәнінің болашақ мұғалімдер дайындауда алатын орны және маңызы
2.1 Электронды оқулықтың бағдарламалық құрал жабдықтары және оған қойылатын талаптар
2.2 Электронды оқу құралының құрылымы
2.3 Электронды оқу құралын жасау және қолдану әдістемесі

АЛМАТЫ 2013
АНДАТПА

Бұл дипломдық жұмыста Информатиканың теориялық негіздері пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану қарастырылады.

Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I. ТЕОРИЯЛЫҚ ИНФОРМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы болашақ мұғалімдерді дайындаудың алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2 Қашықтықтан оқыту жүйесі және цифрлы білім беру ... ... ... ..
1.3 Информатиканың теориялық негіздері пәнінің болашақ мұғалімдер дайындауда алатын орны және маңызы ... ... ... ... ... ... ...

II. ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Электронды оқулықтың бағдарламалық құрал жабдықтары және оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Электронды оқу құралының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Электронды оқу құралын жасау және қолдану әдістемесі ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .

Кіріспе

Қазіргі кезде XXI адамдарының тек білім, біліктерін анықтап қана қоймай, ең алдымен олардың жылдам өзгеріп отырған қоғамға бейімделуі, алдын ала белгісіз мәселелерді шешу және жаңа мүмкіндіктерді қолдану үшін олардың қандай қасиеттері болуы қажеттілігін анықтау маңызыды болып саналады. Білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияны белсендірек қолдануда. Ақпараттық технологияның дамуы сабақты өткізудің жаңа, бірегей мүмкіндігі - оқытудың қашықтықтан білім беру түрін енгізді. Ол, біріншіден, үйренушінің өзіне оқуға уақытты және орынды таңдауға ерік береді, екіншіден, әр түрлі себептермен дәстүрлі білім ала алмайтындарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі дәрежеде оқу шығынын кемітеді. Басқа жағынан, қашықтықтан білім беру оқытуды жекелеу мүмкіндігін күшейтеді.
Әдетте, қашықтықтан оқытуда электрондық оқулық қолданылады. Электрондық оқулық деп өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін бағдарламалық - әдістемелік кешенді айтады. Бұл оқулықтардың құндылығы болып табылады: біріншіден, олардың шапшаңдығы, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуына байланысты қол жетерлік болуы, үшіншіден, қазіргі заманғы ғылыми білімнің даму деңгейімен барабарлығы. Басқа жағынан алғанда, электрондық оқулық жасау ақпараттық материалдардың үнемі жаңарып отыру мәселесін шешуге мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологиялардың дамуы нәтижесінде кітаптар жинақы немесе иілгіш дискілерде шыға бастады. Электрондық пішім мәтінмен бірге кітапта аудио және бейнежазбаны, дерекқорды, гиперсілтемелерді және арнайы іздеу бағдарламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Бірінші болып цифрлық пішімде энциклопедиялар, сөздіктер, альбомдар, географиялық карталар шыққан. Электрондық оқулық мысалы ретінде, 1989 жылы шыққан Шекспирдің оксфордтық электронды басылымын келтіруге болады. Оның құрамына жазушының 55-томдық шығармалар жинағының электронды түрі кірді. Мәтінмен қоса бар нұсқауда арнайы символдардың қолданулары түсіндіріледі, сонымен қатар электрондық мәтінді талдаудың әдістері көрсетіледі. Соңғы кезде, ғылыми әдебиеттерде оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдалану және өңдеу проблемаларына арналған көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Ы.Бидайбековтың, И.С.Григорьевтің, В.В.Гриншкунның, Л.Х.Зайнутдинованың, Е.С.Полаттың, Л.А.Семеновтың және тағыда басқа зерттеушілердің еңбектерін айта кету қажет. Сондай-ақ, көптеген жоғарғы оқу орындары оларды оқу үрдісінде пайдаланады және өздерінің білім беруге арналған электрондық басылымдарын өз бетінше өңдейді. Осының бәрі, елімізде оқу үрдісінде білім беретін электрондық басылымдардың қолданылуының және өңделуінің теориясы мен практикасы қалыптасқандығын дәлелдейді. Электрондық оқулықтарды пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, студенттер баяндалған материалдарды сапалы меңгергенін тестілеу нәтижелері куәландырады. Сонымен ақпараттық технологиялардың дамуы білім беру әдістемесінде жаңа әдістер ойлап табуға және оның сапасын көтеруге кең мүмкіндік береді. Заманға сай білім жүйесінің әртүрлі салаларына ақпараттық технология (АТ) енгізу масштабты, әрі кешендік сипатқа ие болып келеді.
Білімді ақпараттандыру екі түрлі стратегиялық мақсатқа жетуді көздейтінін түсіну маңызды. Біріншісі - ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде оқу әрекетінің түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі - ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес жаңаша ойлайтын мамандар типін дайындаудың сапасын арттыру.
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі қоғамда информатика мұғалімдерін дайындау сапасын арттыру және осыған байланысты информатиканың теориялық негіздерін оқыту әдістемелік жүйесін жаңғырту, сонымен қатар ЖОО-ның студенттерінің дайындығын арттыру қажеттілігімен анықталады.
Зерттеудің мақсаты - Информатиканың теориялық негіздері пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын қолданудың тиімді жолын ұсыну. Информатика мамандығы студенттеріне информатиканың теориялық негіздерін және оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологияларын беру, компьютердің көмегімен есеп шығару барысында ойлаудың алгоритмдік стилін қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттер анықталды:
oo болашақ информатика мұғалімдерін дайындау мәселелері бойынша әдебиеттерге шолу жасау;
oo электрондық оқыту құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және құрылымын анықтау;
oo қашықтықтан оқыту жүйесіне арналған электронды оқу құралдарын жасау;
oo информатиканың теориялық негіздері пәні бойынша электрондық оқу-әдістемелік құралын қолдану;
Электрондық оқулықтың мазмұны студенттердің интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар студенттің өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол студенттің ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Берілген дипломдық жұмысым кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Теориялық информатика элементтерін оқытудың негіздері
1.1 Қазақстан Республикасындағы болашақ мұғалімдерді дайындаудың алғы шарттары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру-деп атап көрсетілген.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы мен ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп беріледі. Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
ЖОО-ғы педагогтің кәсіби даярлығы оқу жылдары кезінде кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке дайындаумен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), методологиялық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруін қамтамасыз етеді.
ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек деп атап көрсетілген.
Оқу үдерісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып қорытындылану қажет.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.
Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан нарықтық қатынастар, ғылым мен техниканың даму қарқыны, өндіріске шет елдік жаңа технологиялар мен әдістердің көптеп енгізілуі оқу-ағарту жұмыстарын ұйымдастырудың барлық сатысына жоғары талаптар қоюда.
Білім беруді ақпараттандыру үдерісі, компьютерді оқу үдерісінде пайдалануы - халыққа білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен формасын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуді компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.
Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Болашақ мұғалім даярлауда оқыту мазмұны мен формаларын, оқу құралдары мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын негізге алудың маңызы зор.
Оқу үдерісінде болашақ мұғалімнің теориялық даярлығын жетілдіруде кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім мазмұнын анықтауда, ақпараттық модельдеуге оқыту туралы ғылыми курстарды меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік-кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталып құралған жөн. Осы тұрғыда пәнаралық байланысты жүзеге асырып отырудың рөлі ерекше.
Сонымен, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің, ақпараттық технологиялардың жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.
Қоғамды, білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Ол тек өзіне арналған арнайы бағдарламалау тілдерінің алфавитінде жазылған алгоритм-бағдарламаны ғана орындайды. Сонымен бірге қолданушы бағдарламалардың көмегімен шектеулі амалдарды атқару мүмкіндігіне ие. Ал ақпараттық-компьютерлік технологиялар көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін объектінің, құбылыстың моделін дұрыс құра білу керек.
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.
Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, оқу үрдісіне енгізіліп қолдануда.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу- үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тимді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр.
Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін оқып-үйренеді, педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі және педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері студенттің іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.
Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек.
Ол үшін жаңа фармацияның педагогі қажет" деген болатын.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы студент тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Жаңа технологиялар студенттің шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең-оқып үйрену
II кезең- меңгеру
III кезең-өмірге ендіру
IV кезең-дамыту
Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; студенттердің сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының - болашақ мұғалімдері қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Осы қағидаларды әрбір болашақ мұғалім тұрақты ұсынып отырса, мұғалімнің күш - қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі кезде әдіскер ғалымдар түрлі эксперименттің негізінде шығармашылық ойлау үдерісінің кезеңдік дамуын айқындауда. Шығармашылық үдерістің әр кезеңінде оқушының бойында түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Демек, болашақ мұғалім оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, біріншіден, тұлғаның жеке қасиеттерін ескере отырып, оқушы тұлғасын сипаттай білуі қажет, екіншіден, өзі ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды факторларын білуі және ескеруі қажет:
шығармашылық белсенділік және шығармашылық іс-әрекетке сұраныс;
* оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту шарттары;
* оқушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру көздері;
* оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері;
* оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралдары;
* оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары.
Сонымен, осы жоғарыда айтылғанның бәрі, бізге болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау - білім беру үдерісінің аясында студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануына және педагогикалық шығармашылық тәсілдерді меңгеруіне, білім беру барысында ізденіс танытып, жаңа шығармашылық шешімдер қабылдауына, оқушылар тұлғасының өзіндік және шығармашылық дамуына қол жеткізуде ұйымдастырушылық формаларды құру дағдыларын меңгерулеріне жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзара ықпалдастық байланысын құруды көздейтін күрделі үдеріс деп анықтама беруімізге мүмкіндік береді.
Біз зерттеу барысында педагогикалық, дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ойлау қабілеттерін дамыта отырып оларды кәсіби даярлауда олардың теориядан практикалық әрекетке көшуін қамтамасыз ететін төмендегі ұстанымдарды негізге алдық:
oo жалпыдидактикалық - ғылымилық, жүйелілік, саналық, түсініктілік, теорияны тәжірибемен байланыстыру, ұжымдық біртұтастық, проблемалық, және т.б.;
oo ізгіліктік - іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
oo дамытушылық - педагогикалық үдерістегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
oo жеке тұлғалық - педагогикалық үдерістің жеке тұлғаға бағыттылығы мен құзіреттілікке бағдарланған түрде ұйымдастырылуы;
oo мәденилік - болашақ мұғалімнің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуы жалпы мәдениеттілік деңгей мен жеке тұлғалық сапаларына сай жүргізілуі; ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
oo халықтық - әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың талабын ескеру;
oo вариативтілік - шығармашылық қабілетті жетілдіруге бағытталған демократиялық сапалы білім алудың әрбір оқушы үшін қол жетерлік болуы;
oo жекедаралық - оқушы мен ұжымның дамуында жас және дара ерекшелікті, психологиялық, физиологиялық, ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
oo ынтымақтастық - оқу мен тәрбиенің бірлігі, оқу-тәрбие мекемелері мен отбасы, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдарының, балалар мен жастарды тәрбиелеудегі ынтымақтастығы;
oo үздіксіздік - білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық, үздіксіздік пен нақтылықтың ескерілуі, оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау;
oo сәйкестік - оқыту үдерісінде қолданылатын технологиялар мен мазмұнның сәйкестігі.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Кәсіби біліктілікті меңгерту жоғары оқу орнында студенттерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудағы басты міндеттердің бірі. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Мысалы, ЖОО-ғы болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке даярлау оның кәсіби даярлығымен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруімен қамтамасыз етіледі.
Заманауи ақпараттық қоғамға өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын адам қажет. Ол өздігінен белсенді әрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты - адамды интеллектуал-дық және адамгершілік тұрғыда дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімге, мектепте қызмет ететін маман ретінде, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу үдерісінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі және бүкіл оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жоспарлануы игі ықпал етеді.Сондай-ақ, болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделу аясын да анықтаған жөн.
Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби бейімделу аясы негізінен мына элементтерді құрайды: кәсіби бағдар, кәсіпке даярлық, кәсіби орнығу, мамандық бойынша студенттердің білім алу ерекшеліктері, еңбек жағдайлары. Демек, болашақ мұғалімді студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби бейімдеу аясының мазмұны мына бағыттарды қарастырады: өздерінің қызмет барысында кездесетін нақтылы, оқу-тәрбиелік жағдайларды түсініп, оларды талдай білуі; студенттердің шығармашылық қызығушылығын туындатуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді орындау керектігін түсініп, оларды әр сабақтың жоспарында назардан тыс қалдырмауы; педагогикалық ұжыммен, студенттер ұжымдарымен қарым-қатынас барысында орындайтын кәсіби іс-әрекеттерімен, міндеттерімен, басқа да туындайтын талаптармен танысуы. Бұл - өзін-өзі ұстауы мен қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын табу үшін олардың қажетті іс-әрекетінің танымдық жағы; өзі үшін маңызды өмірлік жағдаяттардың өзгеруіне байланысты тұлғаның эмоционалдық-жігерлілік ахуалы; қажеттіліктері, талап-тілектері және тұлғаның өзінің ынта-ықыласы арасындағы қайшылықтар, басқаша айтқанда, оған қойылатын талаптар мен оларды орындау мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар; білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру; қиындықтарды жеңе білуге жұмылдыру; дұрыс бағалауға және өзін-өзі бағалауға деген бейімділігі; жұмысына қанағаттану және т.б.
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәні мұғалімінің алатын орны ерекше. Мектептегі информатика пәндері студенттің ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты рөл атқарады. Аталған пәнді университетте оқыту студенттерге қоршаған ортаны танып білуде электронды ақпаратты жылдам іздеуді, сақтауды, өңдеуді, жіберуді және электронды ақпарат алмасуды үйретеді, логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ұйытқы болады, студенттің зейіні мен байқағыштығын, ұқыптылық пен дәйектілігін, дербестік пен жоспарлылығын және т.б. еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді, қоршаған ортаға танымдық жағдай туғызады.
Болашақ мұғалімдерді студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауда олардың әдістемелік біліктілікті қалыптастырумен қатар кәсіби мамандықтың құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты да қалыптастырудың мәні зор.
Информатика пәнінің бағдарламалау элементтерін оқытуда мұғалім бастапқы кезеңде тапсырмалар жинағын қарап, көптеген анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерді талдап, теориялық не эксперименттік тапсырмаларды іздеп, таңдау сияқты әртүрлі дайындық жұмыстарын атқарады. Содан кейін тапсырмаларды қалай, қандай тәсілдермен орындаудың әдістерін анықтап болған соң тапсырманың орындау алгоритмін жасап, оны пайдалана отырып бағдарлама құрады, оның дұрыстығын тексереді.
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, болашақ мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы- деп түсіндіреді В. Кларин.
Ал педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары деп аталады. Мақсаты - оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:
Болашақ мұғалім нені білу керек?
* Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
* Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
* Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
* Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
* Студенттерді жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
Не істей алу керек ?
* Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
* Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
* Әр сабақты жоспарлау.
* Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
* Оқу модулын құрастыру.
* Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
* Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?
* Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
* Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
* Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
* Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін студенттерге үйрету.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi - маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмipгe бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект - субъектілері педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. Жоғарғы мектептің алдына қойған ең бірінші мақсаты- қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды даярлау.
Жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі - мамандарды даярлаудағы фундаментальды орны мен ролін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру. Осындай даярлықпен шыққан жоғары мектеп түлегі ақпараттар ағымын жылдам игеріп, өз іс-әрекетін дұрыс жолға қояды, яғни дұрыс пайдалана алады.
Жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен міндеттері бар:
- ол адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дара дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс.
- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;
- өзі үшін жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды, азаматтарды даярлауды бір мезгілде жүзеге асыру;
- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде білім жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу.
Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби - педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
ҚР-ң жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасында Болашақ маман тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай педагогикалық процеске қатысушының әрқайсының орнын көре біліп, студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыра білуі, оның нәтижелеріне көз жеткізіп, ауытқушылықтарын реттей білуі тиіс. Мұндай нәтижеге жету үшін жоғары оқу орындарындағы мұғалім даярлау сатылы түрде жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында жүргізілуі керек деп атап көрсетілген.
Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды талап етеді.
Болашақ мұғалім даярлауда оқыту мазмұны мен формаларын, оқу құралдары мен әдістерін іріктеуде дидактикада кейінгі кезде айтылып жүрген кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын негізге алудың маңызы зор.
Оқу үдерісінде болашақ мұғалімнің теориялық даярлығын жетілдіруде кәсіби мақсатты көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім мазмұнын анықтауда, ақпараттық модельдеуге оқыту туралы ғылыми курстарды меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік-кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталып құралған жөн. Осы тұрғыда пәнаралық байланысты жүзеге асырып отырудың рөлі ерекше.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінде ақпараттық-компьютерлік құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады:
1) Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асырудың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы: ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен қолданушы арасындағы өзара кері байланыс; объектілер немесе құбылыстар мен заңдылықтардың моделдері туралы оқу ақпаратының компьютерлік кескінделуі; есептеу үдерістерінің, ақпаратты іздеу іс-әрекетінің және ақпараттарды жинау, өңдеу, беру көбейту операцияларының автоматтандырылуы, сонымен қатар өте үлкен көлемді ақпараттардың сақталуы, оған кез-келген уақытта ену мүмкіндігінің бар болуы; білім беру нәтижесін бақылау мен оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесінің автоматтандырылуы;
2) Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері, оның ішінде математикалық және ақпараттық моделдеу құралдарын қолданудың педагогикалық тәжірибесі, дербес жағдайда арнайы пәндерді оқыту үдерісіндегі ақпараттық жүйелер.
3) Білім беруге арналған электронды, мультимедиялы құралдарды жасау мен қолданудың негізгі ережелері;
4) Пәндерден білім мен біліктіліктерді бақылауға бағытталған компьютерлік бақылау, тестілеуді қолдану ерекшеліктері.
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік, яғни информатика сабағында қолдануға даярлығын қалыптастыру бойынша зерттеулер жүргізілді. Осы орайда біз болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік моделдеуді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық.
Модель болашақ мұғалімдердің сапасына қойылып, зерттеу идеясын болашақ маманды дайындауды оңтайландыру мәселесі бойынша, осы қарастырылып жатқан проблеманы студенттерге оқытудың тұтас бір әдістемелік жүйесін құруда негізгі роль атқарады. Техникалық, ақпараттық құралдар туралы мәселелер басым қарастырылатындықтан болашақ мұғалімдерде мотивациялық компонент, осы тұрғыда танымдық, бейімділікке арнайы талап болатындықтан мазмұндық компонент, ал ең бастысы практикалық қолдану болғандықтан болашақ мұғалімдерде іс-әрекеттік компоненттер болуы қажеттілігін модельде ескердік.
Мотивациялық компонентке танымдық қызығудың негізгі қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге қызығушылығы кіреді.
Мазмұндық компонентке болашақ мұғалімнің жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу туралы түсінігі, білімдер жүйесі кіреді.
Іс-әрекеттік компонент болашақ мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетін инновациялық тұрғыда меңгере алуы мен міндетін анықтай алуы және ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге негізделген педагогикалық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ мұғалімнің өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің психологиялық-педагогикалық жағдаятын жоспарлап, жүзеге асыра алуымен сипатталады.
Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтері және ауқымы да өте кең және оған мыналар жатады: аутоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.
Болашақ мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі - қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді дайындаудағы мемлекеттік стандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды. (Сурет-1)

Қоғамның әлеуметтік тапсырысы
Мұғалім дайындау мақсаттары

Оқу-тәрбие процесі

Педагогикалық шарттар
Тұлғалы іс-әрекеттік формалар

Оқытушылар

Педагогикалық практкиа
Практикалық сабақтар
Оқу-технол. практика
Теориялық оқыту

Студенттер
Ұстанымдар
Әдістер
Кәсібм білім беруде АКММ-ді қолдану
Базалық білім беруде АКММ-ді қолдану

Біліктілік жұмыстары

Студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекетті меңгеру деңгейлері

Оқу іс-әрекет әдіснамасы
Дерексіз қисынды

Материалдық базаны ұйымдастыру
Жалпы кәсіби
Жалпы кәсіби іс-әрекет әдіснамасы

Тереңдетілген кәсіби іс-әрекет әдіснамасы

Тереңдетілген кәсіби

Маманды АКММ негізінде дайындау нәтижесі

Ғылыми зерттеу жұмыстары

Іс-әрекет түрлері және орындалатын функциялар

Сурет1. Болашақ мұғалімді жалпы кәсіби дайындаудың моделі
Білім беруді ақпараттандыру үдерісі, компьютерді оқу үдерісінде пайдалануы - халыққа білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен формасын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуді компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.

1.2 Қашықтықтан оқыту жүйесі және цифрлы білім беру

Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғасырдың ортасынан басталады. Қашықтықтан оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр.
Қазірде қашықтықтан оқытудың әртүрлі білім беру сатылары үшін іске асырылып қана қоймай, тіпті докторлық бағдарламалар бойынша да аккредитацияланған қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.
Қазақстанда қашықтықтан оқыту, бүгінде, 20-дан астам оқу орындарында эксперименттік режимде жүргізілуде. Республикада қашықтықтан оқыту бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) және т.б.) тәжірибесі белгілі.
Қашықтықтан оқыту - жаңа оқыту формасы (Е.С.Полат), ал қашықтықтан оқыту формасын анықтайтын негізгі факторлар:
oo оқытушы мен студентті қашықтық бойынша, тым болмаса, оқу үдерісінің үлкен бөлігіне бөлу;
oo оқытушы мен студенттің мүмкіндіктерін біріктіретін және курстың мазмұнын меңгеруге мүмкіндік беретін оқу құралдарын қолдану;
oo оқытушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Желілі ақпараттық технология
Информатика пәнінен өздік жұмыстарды ұйымдастыру
Ақпараттық оқыту ортасы
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Интерактивті тапсырма және оны жасақтауға қолайлы бағдарламалық құралдары
Пәндер