Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру 5В061200 – «Метеорология» мамандығы бойынша



Кіріспе 3
1. Алматы аэропорты туралы жалпы мәлімет 4
1.1 Алматы аэропортының климаттық ерекшеліктері 4
1.2 Алматы аэропортының физико.географиялық сипаттамасы 5
2. Авиациядағы метеорологиялық қызмет 7
2.1 Əуе кемесінің экипажын метеорологиялық мəліметпен жабдықтау 7
2.2 Азаматтық авиациялық метеорологиялық станцияның
(ААМС) штормдық хабарлау мен ескертулерді ұйымдастыру
8
2.3 Авиацияда ауа.райын болжау. Оларды құрастыру реті жəне оларға
баға беру мен анықталушылығы
8
2.4 Ұшу құжаттары 11
2.5 Кезекші синоптиктердің атқаратын жұмыстары 13
3. Авиациядағы метео қызметте қолданылатын құралдар мен
Бағдарламалар
16
3.1 Метеорологиялық радиолокациялық бақылаулар 16
3.2 Кешенді радиотехникалық аэродромдық метеорологиялық
станция (КРАМС . 4)
17
3.3 METEOEXPERT SADIS жұмыс станциясы,
GISMETEO, METEODISPLАY, МЕTEOCONSULTANT,
МЕTEOSAT . 7 бағдарламалары

19
4. AIRMET, SIGMET және GAMET ақпарраттары 23
4.1 AIRMET және SIGMET ақпараттары 23
4.2 GAMET зоналды болжамы 24
5. Синоптикалық процеске сипаттама 26
Қосымша 27
Қорытынды 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі 40
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережесі – 2010 жылдың 15 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық сала» деген Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес қабылданған.
Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың мақсаты – ұшу экипаждарын тұрақты, қауіпсіз, тиімді түрде метеорологиялық ақпаратапен қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі эксплуатанттары ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалыстарын қамтамасыз ету органдары, іздеу – құтқару қызметінің органдары, аеропорт әкімшілігі және ұшу – қонуға қатысы бар басқа да органдар болып табылады. Осы метеорологиялық ақпаратты ұсынушылар мен қолданушылар арасында әрдайым үздіксіз байланыс болуы керек. Әуе кемелерін ұшыруға немесе қондыруға шешім қабылдауға негіз болатын аэродромдағы нақты және болжамдық ауа – райы туралы ресми мәліметтерді осы аэродромның метеорологиялық органы береді.
Авиациялық метеорология – авиация қызметтерінің метеорологиялық жағдайларын, олардың авиацияға әсерін, авиацияға метеорологиялық қызмет көрсетудің түрлерін және оны қолайсыз атмосфералық әсерлерден қорғаудың әдістерін зерттейтін қолданбалы пән.
Авиация – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады
Оқу – жаттығу тәжірибеден студент – метеорологтың өтуінің негізгі мақсаты: оқу барысында алған дағдылары мен білімдерін өндірісте пайдаланып көрсете білу және өндірісте теория жүзінде алған білімін тәжірибе жүзінде нығайту.
1990 – жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен әуе жолдары арқылы байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыдан 200 - ден аса әуе кемелері ұшады.
1) Синоптик – консультанттың жұмыс құжатнамасы. – Алматы: “Мемлекеттік баспасы.” - 2000. – 48 б.
2) Алматы аэродромында ұшуды метеорологиялық қаматамасыз ететін инструкция. – Алматы: “Мемлекеттік баспасы.” - 2000. – 101 б.
3) Алматы аэродромының климаттық сипаттамасы. – Алматы: “Мемлекеттік баспасы.” - 2000. – 58 б.
4) Қазақстан Республикасының Азаматтық Авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережесі. – Алматы: “Мемлекеттік баспасы.” - 2000. – 35 б.
5) Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. - Алматы: DPS. Энциклопедия, 2011. - 177 б.
6) Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. - 264 б.
7) “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия// - Алматы: “Қазақ энциклопедиясы.” - 1998. - 62 б.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді
_______________ Кафедра меңгерушісі _______________ Д.К.Джусупбеков

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ

5В061200 - Метеорология мамандығы бойынша

Орындаған
4 курс студенттері: Аймұхамет Ә.К.
Ғалымбекова Ж.Ғ.
Ракишева А.М.
Рысмаганбетова Н.



Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы: Оракова Г.О.

Нормабақылаушы : Утепова А.Д.

Алматы 2015
Мазмұны

б.
Кіріспе
3
1. Алматы аэропорты туралы жалпы мәлімет
4
0.1 Алматы аэропортының климаттық ерекшеліктері
4
0.2 Алматы аэропортының физико-географиялық сипаттамасы
5
2. Авиациядағы метеорологиялық қызмет
7
2.1 Əуе кемесінің экипажын метеорологиялық мəліметпен жабдықтау
7
2.2 Азаматтық авиациялық метеорологиялық станцияның
(ААМС) штормдық хабарлау мен ескертулерді ұйымдастыру

8
2.3 Авиацияда ауа-райын болжау. Оларды құрастыру реті жəне оларға
баға беру мен анықталушылығы

8
2.4 Ұшу құжаттары
11
2.5 Кезекші синоптиктердің атқаратын жұмыстары
13
3. Авиациядағы метео қызметте қолданылатын құралдар мен
Бағдарламалар

16
3.1 Метеорологиялық радиолокациялық бақылаулар
16
3.2 Кешенді радиотехникалық аэродромдық метеорологиялық
станция (КРАМС - 4)

17
3.3 METEOEXPERT SADIS жұмыс станциясы,
GISMETEO, METEODISPLАY, МЕTEOCONSULTANT,
МЕTEOSAT - 7 бағдарламалары

19
4. AIRMET, SIGMET және GAMET ақпарраттары
23
4.1 AIRMET және SIGMET ақпараттары
23
4.2 GAMET зоналды болжамы
24
5. Синоптикалық процеске сипаттама
26
Қосымша
27
Қорытынды
39
Қолданылған әдебиеттер тізімі
40

Кіріспе

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету ережесі - 2010 жылдың 15 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық сала деген Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес қабылданған.
Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың мақсаты - ұшу экипаждарын тұрақты, қауіпсіз, тиімді түрде метеорологиялық ақпаратапен қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі эксплуатанттары ұшу экипажының мүшелері, әуе қозғалыстарын қамтамасыз ету органдары, іздеу - құтқару қызметінің органдары, аеропорт әкімшілігі және ұшу - қонуға қатысы бар басқа да органдар болып табылады. Осы метеорологиялық ақпаратты ұсынушылар мен қолданушылар арасында әрдайым үздіксіз байланыс болуы керек. Әуе кемелерін ұшыруға немесе қондыруға шешім қабылдауға негіз болатын аэродромдағы нақты және болжамдық ауа - райы туралы ресми мәліметтерді осы аэродромның метеорологиялық органы береді.
Авиациялық метеорология - авиация қызметтерінің метеорологиялық жағдайларын, олардың авиацияға әсерін, авиацияға метеорологиялық қызмет көрсетудің түрлерін және оны қолайсыз атмосфералық әсерлерден қорғаудың әдістерін зерттейтін қолданбалы пән.
Авиация - Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады
Оқу - жаттығу тәжірибеден студент - метеорологтың өтуінің негізгі мақсаты: оқу барысында алған дағдылары мен білімдерін өндірісте пайдаланып көрсете білу және өндірісте теория жүзінде алған білімін тәжірибе жүзінде нығайту.
1990 - жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен әуе жолдары арқылы байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыдан 200 - ден аса әуе кемелері ұшады.

1. Алматы аэропорты туралы жалпы мәлімет

1.1 Алматы аэропортының климаттық ерекшеліктері


Алматы қаласы және аэропорты мұхиттардан алшақ, құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан. Климаттың құрылуына арктикалық ауа массалары, қоңыржай ендіктің тұрандық ауа массалары және тропикалық ирандық ауа массалары әсер етеді. Жылдың суық мезгілінде Сібір антициклонының батыс сілемінен келетін ауа массалары әсер етеді. Ал жылдың жылы мезгілінде Орталық Азияның оңтүстігінен келетін құрлықтық ирандық ауа массалары әсер етеді. Осы ауа массаларының әсерінен құрқақ жазды және өте суық қысты құрлықтық климат құрылады. Алматы аэродромының климаттық ерекшеліктерін талдау кезінде 2 климаттық маусым анықталды. Суық мезгіл қазаннан ақпанға дейін, ал жылы мезгіл наурыздан қыркүйек айына дейінгі аралықты қамтиды. Суық мезгілде Алматы аэропортының аумағы Сібір антициклонының күшті оңтүстік-батыс сілемінің әсерінде болады. Ол тұман құрылу процесімен байланысты болады. Радиациялық салқындау жер бетіндегі ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде радиациялық сипаттағы тұмандар пайда болады. Жоғарғы қысым сілеміне Орта азияның оңтүстігінен келетін жылы және ылғалды ауа массаларының шығуы әсерінен бұзылуы болады. Ол қарқынды көктайғақтың құрылуына және адвективті тұмандардың құрылуына әкеледі. Алматы аэродромында қысқы мезгілде шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы желдер басым болып келеді. Наурыздан қыркүйекке дейін жалғасатын жылы мезгіл қиын ауа райын тудыратын әртүрті синоптикалық процесстермен сипатты болып келеді: найзағай, шквал, қарқынды жауын-шашын, қатты желдер және шаңды дауылдар. Жазғы уақытта ішкімассалық найзағайлар бақыланады. Олар термикалық конвекцияның әсерінен тұрақсыз ауа массаларында құрылады. Ішкімассалық найзағайлар күннің екінші жартысында циклонның орталық бөлігінде және толып келе жатқан циклондарда құрылады. Ішкімассалық найзағайлардан басқа, фронталды найзағайлар да байқалады. Олар әдетте, жиі екінші негізді суық фронттарда пайда болады. Алматы аэродромында жылдың жылы мезгілінде оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттағы желдер басым болады. Ол оңтүстік циклондардың шығуына және Батыс Сібір үстіндегі аз жылжымалы антициклонның шеткі аймағына сипатты болып келеді. Орташа жылдық минималды ауа температурасы 3, 5 °С - ге тең. Орташа абсолютті ауа температурасының максимумы шілдеде плюс 29, 2 °С, ал орташа абсолютті ауа температурасының минимумы қаңтарда минус 11, 7 °С байқалады. Қаңтардың орташа ауа температурасы минус 11 °С - ге тең. Ең жылы ай болып шілде айы саналады, орташа айлық температурасы плюс 29, 8 °С-ге тең. Қарастырылған мерзімдегі абсолютті максимум плюс 38,2 °С-ге тең болса, ал минимум минус 26, 9 °С. Суық түсуідің орташа датасы 27 - қыркүйек, ал аяқталуы 22 - сәуірге сәйкес келеді. Аязсыз мерімнің ұзақтығы 230 күнді құрайды. Жылымықты күндер саны 5 күнді құрайды. Ашық аспанды күндер саны жылына шамамен 51, 2 күн, бұлтты күндер саны 28, 8 күн, ал жауын-шашынды күндер саны 107 күнге тең. Тұманды күндер саны жылына орташа алғанда 33, 3 күнді құрайды. Тұманды күндердің максимумы желтоқсанда, минимумы маусым мен шілдеде байқалады. Найзағайлы күндер саны жылына орташа алғанда 20, 2 күн. Максимум маусымда - 2,4 күн, ал минимум қазанда - 0,1 күн. Көктайғақ қазаннан наурызға дейін жылына орташа алғанда 9,6 күнге тең, максимум желтоқсанда - 2,8 күн, минимум сәуірде - 1, 3 күн. Дауылдар жиі байқалмайды.

1.2 Алматы аэропортының физико - географиялық сипаттамасы

Алматы аэропорты (таулы) Алматы қаласынан солтүстік - шығысқа қарай 14 километр қашықтықта және Тянь-Шань тауының солтүстік жағында орналасқан. Солтүстік жағы жүздеген километрге дейін ашық болып, жазықты болып келеді. Оңтүстік жағы Іле Алатауына жақын орналасқан. Оның шыңдары 5 километрге дейін жетеді. 20 - 25 километр қашықтықта ендіктік бағытта орналасқан Күнгей Алатау жотасы орналасқан, оның шығдары да 5 киломтерге дейін жетеді. Екі жоталардың арасында мұздықтар бар, олар жазықтыққа қарай төмендеп орналасқан. Қаланың шығыс жағынан 10 километр қашықтықтан бастап биіктігі 3500 - 3900 метрге дейін жететін шыңдар орналасқан. Жотаның етегі қалаға 5 - 7 километр (км) қашықтықта жақындай орналасқан. Алматы аэропорты қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 681, 12 метр биіктікте орналасқан. Аэропорт орналасқан жазықты жердің топырағы ашық қоңыр түсті болып келеді. Іле Алатау жоталары аэропорт аумағын оңтүстік-оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-оңтүстік-шығыс жағынан қоршай орналасқан. Ал оңтүстік-оңтүстік-шығыс жағынан таулы аймақ айтарлықтай жақында орналасқан. Аэродромның солтүстік жағы ашық болып келген. 15 - 20 километрден бастап солтүстік, солтүстік-солтүстік-шығыс және солтүстік-солтүстік-батыс бағытта жергілікті жер құмды жерге жалғасады. 50 километр қашықтықта солтүстіктен ендіктік бағытта Іле өзені ағып жатыр. Мәжбүрлі қону жағдайларында келесі аэродромдар қолданылуы мүмкін:
Первомайка - Алматы аэродромынан солтүстік-батыс бағытта 6 километр қашықтықта орналасқан. Аэродормның ұшу-қону жолағының көлемі 50x1 300. МКп - 010 °190 °. Наэр.= 665 метр (м). Аэродром екі жақты радиотехникалармен жабдықталған.
Байсерке - Алматы аэродромынан солтүстік бағытта 12 километр қашықтықта орналасқан. Аэродормның ұшу-қону жолағының көлемі 900x1 300. Аэродром радиотехникалармен жабдықталмаған.
Боралдай - Алматы аэродромынан батыс бағытта 11 километр қашықтықта орналасқан. Аэродормның жасанды ұшу-қону жолағының көлемі 35x1 410. МКп - 021 °201 °. Аэродром бір жақты радиотехникалармен жабдықталған.
Жетіген - Алматы аэродромынан солтүстік бағытта 45 километр қашықтықта орналасқан. Аэродормның жасанды ұшу-қону жолағының көлемі 40x2500. МКп - 010 °190 °. Аэродром екі жақты радиотехникалармен күндіз түні жабдықталған.

2. Авиациядағы метеорологиялық қызмет

2.1 Əуе кемесінің экипажын метеорологиялық мəліметпен жабдықтау

Əуе кемесінің экипажы метеорологиялық мəліметпен ұшар алдында жəне ұшу кезінде жабдықталады. Бұл мəлімет ұшудың уақытына, биіктігіне жəне маршруттың географикалық ұзындығына сəйкес болуы керек. Ұшуды қамтамассыз етуге арналған мəлімет маршрут бойынша бірінші аэродромға жетіп қонуға дейін жеткілікті болуы тиіс. Сол жерде экипажға жаңа мəлімет беріледі. Кейбір жағдайда бірінші қону аэродромы мəлімет бера алмауы мүмкін, онда əрі қарай ұшуды қамтамассыз ету үшін экипажға ұшқан аэродром мəлімет береді. Əуе кемелерінің экипажын метеомəліметпен жабдықтау тəуліктік жоспар негізінде жүргізіледі. Бұл мəлімет метео қызметке диспетчермен беріледі. Ал ұшу жоспарында көрсетілмеген кейбір рейстерге қосымша сұраныс негізінде, қолдан келгенше жоспарланған ұшу уақытынан 3 сағат бұрын беріледі. Олар келесі мəліметтерден тұруы керек:
1) жоспарланған ұшу уақыты;
2) жоспарланған белгіленген аэродромға келу уақыты;
3) ұшу маршруты жəне жоспарланған уақыт бойынша аралық аэродромға қонып, ұшуы;
4) қосалқы аэродромдар;
5) ұшу биіктігі жəне эшелоны;
6) ұшу типі.
Азаматтық авиациялық метеорологиялық станцияның (ААМС) синоптикалық бөлімсіз əуе кемесінің экипажын базалық немесе басқа аэродромдардың метеорологиялық органдарынан алынған мəліметтер мен қамтамссыз етілуі керек. Ұшу алдындағы əуе кемесінің экипажына арналған метеорологиялық мəлімет төмендегі бөліктерден құралуы тиіс:
1) биіктіктегі желдің жəне ауа температурасының болжамдық немесе нақты мəліметінен, ұшу маршруты бойынша ауа райының ерекше құбылысы, көріну қашықтығы мен бұлттылық жайында мəлімет болуы;
2) ұшу аэродромы бойынша, қонатын жəне қосымша аэродром бойынш метеорологиялық болжау мен мəліметтер;
3) ұшу маршруты бойынша ескерту жəне борттан мəлімет беру.
Ұшу ұзақтығы мен түріне байланысты метеорологиялық мəліметтер əуе кемесінің экипажына ұшу құжаттар түрінде немесе ауызша жеткізіледі, бұл мəліметтер сонымен қатар арнайы стендтарда, экипаждарды штормдық жəне метеорологиялық ұшу алдындағы дайындық өткізілетін жерде ілінеді.

2.2 ААМС-ның штормдық хабарлау мен ескертулерді ұйымдастыру

Штормдық хабарлау - авиация үшін қауіпті құбылыстың басталғаны жəне күшейгені жайында бірлік мəлімет. Бұл үшін əр аэродромның айналасында штормдық шеңбер салынады. Бұл хабарлаулар тəулік бойы белгіленген адрес бойынша беріледі. Штормдық мəліметі бар жедел хаттар "шторм" деген атпен жіберіледі. Штормдық ескерту ұғымы бар - бұл авиация үшін қауіпті құбылыстың пайда болуының немесе күшеюі жайында мəлімет. Əр штормдық ескертуде қауіпті құбылыстың орны, ұзақтығы, қарқындылығы мен қозғалу бағыты жайында жəне қашан, қайда құрастырылғаны, кімге жіберілгені жөнінде мəлімет болады. Штормдық ескерту аэродром бойынша, аэродром ауданы бойынша, трасса бойынша, əуе кемелерінің ұшу ауданы бойынша құрастырылады. Штормдық ескерту арнайы бланктерге жазылады, диспетчерге қолхат бойынша беріледі. Штормдық ескерту келесі құбыл Штормдық мəліметі бар жедел хаттар "шторм" деген атпен жіберіледі. Штормдық ескерту ұғымы бар - бұл авиация үшін қауіпті құбылыстың пайда болуының немесе күшеюі жайында мəлімет. ыстар пайда болғанда немесе күтілгенде жіберіледі:
1) суықтанған жауын-шашын немесе көктайғақ;
2) ұзақтығы 2 сағат немесе оданда көп болатын күшті қар;
3) жылдымдығы 15 мс жəне оданда жоғары болатын жел;
4) шквал, құйын;
5) минус 30 градус немесе оданда төмен температураның төмендеуі;
6) плюс 40 градус немесе оданда жоғары температураның жоғарлауы.
Сонымен қатар желдің ауытқуы туралы ескертулер құрастырылады. Ашық мəтін түрінде ескертулер құрастырылады жəне олар радиохабарлау түрінде беріледі. Маршрут бойынша ескерту үшін жекеленген хабар түрінде жəне оларға келесі қауіпті құбылыстар жатады:
1) фронталды найзағайлар;
2) дауылдар;
3) күшті мұздану жəне турбуленттілік;
4) шаңды дауылдар;
5) бұршақтар.
Бұл ескертулер құбылыс пайда болғанға дейін 4 сағат бұрын жіберіледі. SIGMET - шетел компанияларының бортына беріледі.
Штормдық мəліметтерге қойылатын талаптар
1) үздіксіз жұмыс істейтін болуы керек;
2) алдын-ала берілуі тиіс.

2.3 Авиацияда ауа-райын болжау. Оларды құрастыру реті жəне оларға баға беру мен анықталушылығы

Қолданылытын мəліметтер:
1) қонатын ААМС - ларының аэропорттарының жəне қосымша аэродромдарының мəліметтерін;
2) штормдық шеңбердің мəліметтерін;
3) борттық ауа-райын;
4) сұраныс жайындағы мəліметтер;
5) шетел аэропорттарынан алынатын болжам;
6) қосымша мəліметтер (серіктік суреттер, карталар).
Келесі болжамдар құрастырылады:
1) ұшуды қамтамассыз ететін қызметтерге жұмысты жоспарлау үшін арналған тəуліктік болжам;
2) аэродромға арналған оперативті болжам;
3) қонуға арналған болжам (трендтік);
4) ұшу маршруты жəне ұшу ауданы бойынша болжам;
5) штурмандық есептеу үшін биіктіктегі жел мен температураны болжау.
Аэродром бойынша болжамдар (АВ-2 бланкісіндегі ТАF коды). 6, 9, 12 сағатқа құрастырылатын болжам 00 сағаттан бастап əр 3 сағат сайын 1 сағат бұрын құрастырылады.
Түзетуге арналған критерилер:
1) жел бағыты 300 ° өзгереді, орташа жел жылдамдығы 6 мс жəне оданда жоғары болса;
2) орташа жел жылдамдығы 5 мс-қа немесе оданда жоғарыға өзгеретін болса;
3) қонуға арналған критикалық минимумға қарағанда көріну қашықтығы нашарлағанда, жақсырағанда;
4) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (егер 4 баллдан жоғары болса) қону минимумінің сəйкес мəніне өтсе;
5) қауіпті құбылыстың басталуы мен аяқталуы күтілген кезде.
Аэродромға дейін бір сағаттық ұшу аймағында болатын əуе кемесінің экипажына қону үшін арналған болжам 1 сағат сайын құрастырылады. Оларда желдің өзгерісі, көріну қашықтығы мен бұлттылық көрсетіледі. Əуе кемесінің экипажын ұшу алдындағы дайындық кезінде метеорологиялық мəліметпен жабдықтау Əуе кемесінің экипажын ұшу алдындағы метеорологиялық дайындық ұшуға берілген метеорологиялық шарттарды өз бетімен оқуын, керек кезде кезекші синоптиктің көмегімен қосымшалауды кіргізеді. Мұндай дайындықтық мақсаты болып ұшу маршруты жəне аэродром бойынша күтілетін жəне нақты метеорологиялық жағдайлар жайында керекті мəліметтер алу болып табылады. Экипаждың ұшу алдындағы өзіндік дайындалуы үшін арнайы витриналар мемстендтар қолданылады. Оларда метео қызметтің мүмкіндігіне байланысты келесі мəліметтер ілінеді:
1) аэродром бойынша арнайы жəне тұрақты ауа-райының болжамдары;
2) ұшу аэродромы бойынша, ұшу маршруты жəне ауданы бойынша ескертулер;
3) əуе кемесінің бортынан келген мəліметтер;
4) нақты жəне болжамдық ауа-райы картасы, ұшу маршруты немесе ауданы бойынша мəтіндік жəне кестелік болжамдар;
5) метеорологиялық радиолокация (МРЛ) мəліметтері;
6) метеорологиялық жер серіктерінен алынатын суреттер жəне нефанализ карталары.
əуе кемесінің экипажының талабы бойынша консультациялау аэродромның метеорологиялық қызметінің синоптика бөлімі қамтамассыз етеді. Консультациялау кезінде экипажға келесі мəліметтер хабарланады:
1) ұшу маршруты бойынша бірінші қону аэродромына немесе қолдан келгенше маршруттық соңғы аэродромына дейін синоптикалық жағдайдың сипаттар жайында
2) биіктіктегі жел мен ауа температурасының таралуы, ауа райының ерекше құбылыстары туралы жəне стандартты атмосфераға қатысты ауа температурасының ұшу эшелонында 50 °с немесе оданда жоғары ауытқуы жайында мəліметтер;
3) ұшу, қону жəне қосымша аэродромдардағы нақты немесе күтілетін ауа райының жағдайы туралы;
4) экипаждың сұранысы бойынша басқа да бар метеорологиялық мəліметтер хабарланады.
Ұшуды қамтамасыз ету үшін консультациялау кезінде көріп ұшу ережесін қолдана отырып қандайға бір деңгейге дейін мəлімет беріледі, жауын-шашынның, тұманың жəне басқа көріну қашықтығын 10 километрге дейін немесе одан да төмендетін құбылыстардың, бұлттардың пайда болуына немесе нақтылығына ерекше көңіл беріледі.
Жоғарыда айтылғанның барлығы ұшуды, орындауға сонымен қатар маршрут бойынша атмосфералық қысымның өзгеру тенденциясы жəне оның минималды мəніне əсерін тигізеді. Егер ұшудың ұзақтығы 2 сағат немесе одан төмен болса əуе кемесінің экипажына ұшу құжаттары берілмейді. Бұл жағдайда кезекші метеоролог экипаждың ұшу алдындағы метеорологиялық дайындықтан өткенін, метеорологиялық қызмет аты мен күнді жəне уақытты ұшу тапсырмасына жазады.
Экипаждың сұрауы бойынша оларға қону жəне қосымша аэродром бойынша ауа райының болжамдық бланкісі беріледі. Егер ұшу уақытының ұзақтығы 2 сағаттан көп болатын болса əуе кемесінің экипажына метеорологиялық құжаттар беріледі, оларға төмендегі мəліметтер кіреді:
1) ұзақтығы 2 сағаттан 5 сағатқа дейінгі ұшуға арналған: - ұшу, қону жəне қосымша аэродромдар бойынша ауа райының болжамдары. - "борттық ауа райы" бланкісі (ұшу кезінде экипаж толтыру үшін);
2) ұзақтығы 5 сағаттан артық ұшуға арналған: - ұшу, қону жəне қосымша аэродромдар бойынша ауа райының болжамдары; - "борттық ауа райы" бланкісі; - ауа райының ерекше құбылыстарының болжамы, егер ұшу жағдайы көріп ұшу ережесі бойынша өтетін болса бұлттылықпен көріну қашықтығының болжамы қосымшаланады.
Ұшу алдындағы метеорологиялық дайындықтан өткеннен кейін əуе кемесінің командирі ауа райы бланкісімен тонысқаны жайында əуе кемесі борттық нөмірін жəне уақытын, көрсетіп қол қояды (немесе оған ұшу құжаттары түрінде беріледі). Егер ұшу жоспарланған уақыттан 20 минут немесе одан да көп уақытқа кешіксе экипажға ұшу маршруты жəне қону, қосымша аэродром бойынша метеорологиялық жағдайды анықтап білу керек.

2.4 Ұшу құжаттары

Ұшу құжатына кіретін мəліметтер карта, кесте немесе қысқартылған ашық мəтін түрінде болуы керек. Аэродром бойынша болжамдар құжатқа кодталған түрінде кіреді (немесе шетелдік ұшуды қамтамассыз ету үшін ТАF түрінде). Маршрут ұзақтығы мен ұшу түріне байланысты құжаттарда болжамдық карталарды қолданған жағдайда масштабы 1:30 000 000, 1:15 000 000 немесе 1:7 500 000 карталар енгізіледі, бұлар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) картаның негізі топографиялық мəліметтер өзгерісімен көп жабдықтанбауы керек, бұл құрлық сызығының көрсеткішін төмендетеді, үлкен көлдер мен өзендер қысқартылған схемалық түрде жасалуы керек.
2) картадағы негізгі аэродромдар нүктемен жəне қола атының бірінші əріпімен белгіленуі керек, сол аэродром қызмет көрсетуі тиіс;
3) координатаның географикалық сеткасы меридиан жəне паралель бойымен үзік сызық бойынша əр 100 сайын ендікте жəне белдікте салынады нүктелерді 10 интервал бойынша орналастыру керек;
3) ендік пен белдік мəндері картаның барлық нүктелерінде көрсетілуі керек (поле бойында ғана емес);
4) картадағы түсініктелер анық жəне жай жазылуы тиіс, ол жерде картаны шығарған метеорологиялық орталық аты, карта түрі, күн, қашанға дейін жарамды екенін өлшеу бірлігін қолдана отырып жазады.
Ұшар алдында əуе кемесінің экипажына берілетін карта комплексіне келесі карталарды қосып беру керек: белгілі деңгей үшін ауа райының ерекше құбылыстар картасын, ұшу эшелонына жақын изобарлық бет үшін биіктіктегі жел жəне ауа температурасының болжамдық картасын.
Ұшу құжаттарын экипажға берер алдында, егер керек болса оларға түзетулер енгізіледі. Егер ұшу маршруты берілген аудан бойынша болжамдық картаға толығымен түспейтін болса, онда экипажға қалған тиісті ауданға қосымша болжамдық карта немесе маршрут бойынша кесте немесе ашық мəтін түрінде болжам шарттары беріледі.
Ауа райының ерекше құбылыс зонасы туралы, бұлттылықтық төменгі жəне жоғарғы шекарасының, тропопауза, жылғалы ағыс осьі, 0 °С деңгейінің биіктері туралы мəлімет көрсетіледі:
1) болжамдық карталардағы ауа райының ерекше құбылыстары орташа жəне жоғарғы деңгейлер үшін сонымен қатар басқада ұшу құжаттар түрлері, олар құралмен ұшу ережесін ескере отырып маршрутпен ұшуда метеожағдайларды 1013, 2 гПа (760 сынап бағанасының биіктігі) изобарлық беткейге қатысты болжанады;
2) төменгі деңгей үшін болжамдық картадағы ауа райының ерекше құбылыстары мен ұшу құжатының басқа түрлері көріп ұшу ережесін ескере отырып маршрутпен ұшуда метеожағдайлардың болжамы абсолюттік биіктік мəнімен беріледі.
Əуе кемесінің экипажына берілетін ұшу құжатының комплектісінің көшірмелері жəне олармен ұшар алдындағы дайындықта қолданылған құжаттар ұщқан күнінен бастап 30 күн сақталады. Бұл мəлімет авиацияда төтенше жағдай жəне тергеу жүргізілген кезде беріледі, құжаттар жоғарыда айтылған жағдайлар аяқталғанша сақталады.
Халықаралық ұшуды орындайтын əуе кемесінің экипажын метеорологиялық мəліметпен жабдықтау Бүкіл əлемдік метеорологиялық ұйымның техникалық регламентіне сəйкес іске асырылады.
Шетел əуе кемесінің экипажын, егер бұл мақсат үшін алдын-ала орыс тілін қолдануға келісім болмаса, онда ағылшын тілінде жүргізіледі. Əуе кемесінің экипажына ұшу ұзақтығына қарамастан ұшу құжаттары беріледі.
Ұшу құжатына кіретін карталар мен оның түрлері, шетел авиакомпаниясының экипажына арналған, ағылшын тілінде дайындалуы тиіс. Аэродром бойынша ауа райы мен метеорологиялық мəліметтер кодттың METAR, SPEСI жəне TAF түрлерінде берілуі керек.
Госкомгидромет СОАС жəне MOTNE каналдары бойынша шетел аэродромдарының метеорологиялық мəліметтері мен болжамдарын алуды қамтамассыз етеді.
Бұл мəліметтер халықаралық аэродромдарына метеорологиялық қызметтерімен канал бойынша таратылады.
Егер ICAO - ның басқа аудандарына кіретін аэродромдардан мəлімет алу керек болса, онда метеорологиялық мəлімет банкісі арқылы (Вена, Брюсель), сұраныс жібере отырып керекті мəліметтерді алады немесе шетел аэродромдарының метеорологиялық қызметтері бойынша.
VOLMET жəне тағы басқа радиобергіштер көмегімен беріледі.
1) ұшып жүрген əуе кемесінің экипажына берілетін мəлімет төменгі бөлшектерден құралуы тиіс:
2) аэродром бойынша болжамдар мен қону үшін арналған тұрақты жəне арнайы мəліметтерде;
3) ұшу маршруты бойынша ескертулер сонымен қатар борттан келген мəліметтер, маршрутта қатты турбулентілік байқалғаны немесе байқалмағаны жайлы бақылаулардан мұздану жəне басқа да ұшудың қауіпсіздігіне əсерін тигізетін құбылыстар туралы, егер бұл ескертулер ұшар алдында берілген мəлімет ұшу маршруты бойынша қолданылмаған болса;
4) биіктіктегі жел жəне ауа температурасы туралы мəліметтер.

2.5 Кезекші синоптиктердің атқаратын жұмыстары

Бір кезекшілік ауысымда 3 синоптик жұмыс жасайды:
1) синоптик - консультант;
2) кіші әуе жолдарының синоптигі (КӘЖ - МВЛ) және аэролог;
3) болжам жасаушы синоптик.
Кезекші синоптик - консультант кезекшілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорологиялық станцияның Техникалық жұмысын құрастыру
Қазақстандағы бұлттылық сипаттамасы
Метеорологиялық оқу орталығы
Ауа температурасының аномалияларының уақыттық жүрісі
Радиациялық тұмандардың болжамы
«Алматы қаласындағы жер беті озонының статистикалық сипаттамалары»
Динамика ғылымына қысқаша сипаттама
Элементар бөлшектер физикасы
Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы.
Метеорологияның даму тарихымен, Қазақстандағы метеорологияның дамуымен танысу. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым туралы түсінік алу
Пәндер