Кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту нысаны ретінде лизингті дамыту



Кіріспе 3
1 Лизинг қатынастарының экономикалық мазмұны
1.1 Лизинг түсінігі және оның ұйымдастырушылық. құқықтық
аспектілері 5
1.2 Лизингтік операциялардың жіктемесі 8
1.3 Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері 14

2 Лизинг операцияларын пайдалану тиімділігін талдау
2.1 Қазақстанда лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау 18
2.1 «Алекс» ЖШС.ң мәліметтері негізінде лизингті пайдалану тиімділігін талдау 22

3 Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лизингті дамыту жолдары
3.1 ҚР.дағы лизингтік операцияларға қатысты туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары 33

Қорытынды 38

Қолданылған әдебиеттер 42
Тақырып өзектілігі. Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселелердің бірі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал-жабдықтар мен сапалы, бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруда лизинг маңызды орын алады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты нысаны болуы мүмкін.
Бұрынғы постсоциалистік елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Курстық жұмыстың мақсаты – лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті, банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция болғандықтан кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту өте маңызды шарт болып келеді, сол себепті бұл операцияны дамыту өте қажет.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- экономикамыздың барлық салаларында физикалық-моральдік тозған
негізгі құралдарды тез арада жаңарту
- жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтану
- өндірісте жоғары ғылыми-техникалық құрал-жабдықтарды енгізе отырып, шығаратын өнім сапасын, оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз.
1. А.Қ Мейірбеков., Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика», 2003 жыл.- 320 б.
2. К.Ж. Оразалин. «Кәсіпорын экономикасы» Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы 2009. – 320б.
3. Қ.Ж. Оразалин., Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздік. Алматы 2003.- 450б.
4. Под.ред. В.Я. Горфинкеля, Экономика предприятия. «ЮНИТИ»М:2001.- 285б.
5. Под. Ред. О.И.Волкова. Экономика предприятия. М-.: «ИНФРА-М», 2000. – 243б.
6. Тулегенов Б.Т., Бельгибаева Ж.Ж., Акимбай А., Асанов Б. Экономика предприятия. Методическое указание. Алматы 2004. – 280б.
7. Калдыбаев О. «Экономика предприятий», Алматы 2001. – 153б.
8. Зайцев Н.Л.,Экономика промышленного предприятия:Оқулық; 2-ші шығ.,қайта өңделген. және толықтырылған.-М.:ИНФРА-М,2002.-336б.
9. В.В.Ковалев. О.Н.Волкова. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Проспект. Москва 2000. – 298б.
10. Г.В.Савицкая. Анализ хозяйственной деятельности предприятия АПК. Минск ООО «Новое знание» 2002. – 485б.
11. Прикын Б.В. Экономический анализ предприятия.– М: «ЮНИТИ» 2000. – 235б.
12. Бунин П.Г. «Актуальные вопросы эффективного использования производственной мощности», Москва 2003. – 475б.
13. Бердалиев К. Менеджмент: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2007. - 405 б.
14. ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңы, 2004 ж. 10- наурыз
15. ҚР азаматтық кодексі және салық кодексі
16. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2004 ж., №9
17. ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2002 ж.,№26
18. Егеменді Қазақстан 2009ж. 16 наурыз
19. Аграрлық нарық проблемалары 2008 ж. апрель-июнь
20. Ресми газет, 2009 ж. Наурыз
21. Газман В.Д. Финансовый лизинг: Учеб. пособ. М.: ГУВШЭ; 2003г
22. Промышленность Казахстана, 2004 ж.,№12
23. Лизинг как механизм развития инвестиций и предпринимательства Василев Н.М, М: Дека, 1999 г
24. Лешенко М.Н. Основы лизинга: Учеб. пособ. – М.: 2001г.
25. Лизинг: Экономические правовые и организационные основы под редакции Тавасиева
26. Горемыкин В.А. Лизинг: Учеб. – М.: Дашков и К, 2003 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Алматы экономика және статистика академиясы

Экономика және менеджмент кафедрасы

Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту нысаны ретінде
лизингті дамыту.

Алматы, 2009

Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3
Лизинг қатынастарының экономикалық мазмұны
1.1Лизинг түсінігі және оның ұйымдастырушылық- құқықтық 5
аспектілері
1.2 Лизингтік операциялардың жіктемесі 8
1.3Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері 14

Лизинг операцияларын пайдалану тиімділігін талдау
2.1Қазақстанда лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау 18
2.1Алекс ЖШС-ң мәліметтері негізінде лизингті пайдалану 22
тиімділігін талдау

Кәсіпкерлік қызметті жандандырудағы лизингті дамыту жолдары
3.1 ҚР-дағы лизингтік операцияларға қатысты туындаған 33
проблемалар және оларды шешу жолдары

Қорытынды 38

Қолданылған әдебиеттер 42

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Қазіргі Қазақстан жағдайында кәсіпкерлік
қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселелердің бірі қаржы
ресурстарының жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті
несиелендіруде қаржы институттары негізгі құралдарды уақытша
пайдалануға белгілі бір төлеммен ұсынуда.
Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі
қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар
аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің
басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі
құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді.
Моральдік, физикалық тозған құрал-жабдықтар мен сапалы, бәсекелі өнім
өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан
шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруда лизинг маңызды орын
алады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті
техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта
құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты нысаны болуы мүмкін.

Бұрынғы постсоциалистік елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда
кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту
мәселесі курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.
Курстық жұмыстың мақсаты – лизингтік операция бүгінгі күні
қазақстандық экономикаға өте қажетті, банктік құрылымның өндірісті
қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін
операция болғандықтан кәсіпорынның негізгі құралдарын жаңарту өте маңызды
шарт болып келеді, сол себепті бұл операцияны дамыту өте қажет.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- экономикамыздың барлық салаларында физикалық-моральдік тозған
негізгі құралдарды тез арада жаңарту
- жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтану
- өндірісте жоғары ғылыми-техникалық құрал-жабдықтарды енгізе отырып,
шығаратын өнім сапасын, оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз.

1. Лизинг қатынастарының экономикалық мазмұны
1.1 Лизинг түсінігі және ұйымдастырушылық- құқықтық
аспектілері

Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын
заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін
қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық
операциялардың үш түрі бар:
- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше
анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease –
уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және
оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандандырылған (лизингтік)
компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды
қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни,
лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан
лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан
сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде,
мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының
мерзімі аяқталған соң, жалданушының лизингтік жабдықты келісілген бағада
сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты
қайтару мүмкіндігі болады.
Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып
саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Келісім
шартта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып
алып, оны лизинг алушыға құнын айлап өтеу негізінде пайдалану
құқығы мен кәсіпкерлік мақсатына қолдануға беріледі. Лизинг беруші
негізгі құралдарды сатып ала отырып, сол құралдардың болашақта
лизинг алушымен пайдалануын қаржыландырады, ал сосын өз шығындарын
лизингтік төлемдер арқылы толтырып отырады. Нәтижесінде лизинг
берушінің инвестициялық қызметі негізінде лизинг алушының негізгі
құралдар құрамы толығады .
Лизинг механизмінің мәнін түсінуде әр елде түрліше өзгешеліктер бар.
Көп жағдайда лизингті аренда түрінде түсінеді немесе құрал-жабдықтың, көлік
құралдарының, өндіріс обьектілерінің ұзақ мерзімді арендасы ретінде
түсінеді. Бұлай лизингке анықтама беру оның мән мағынасын толық ашпайды.
Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан ерекшелінеді. Лизинг алушы – бұл
құрал-жабдықты тек ұзақ мерзім пайдаланушы ғана емес, сонымен бірге оған
меншік құқығымен байланысты міндеттер жүктеледі: мүлікке төлем, мүліктің
кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер, оларды сақтандыру мен техникалық
қызмет көрсетуге төлемдер. Лизинг затына меншік құқығы лизинг берушіде
қалады. Лизинг алушы арендатор сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес,
оның толық құнын өтеу үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі
немесе жойылуы лизинг алушыны міндеттерінен босатпайды. Сонымен бірге
арендаға алғанда екі жақты келісім-шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі
немесе одан да көп жақты келісім-шарт жасалады. (1,2-сурет)
Экономикалық қарым-қатынаста лизинг көп жағдайда қаржылық операция
түрінде қарастырылып, қор салымының бір түрі деп түсіндіріледі. Кез келген
лизинг келісімінің негізгі өзегі – қаржылық, несиелік операциялар болып
табылады.

Аренда беруші аренда келісімі
Аренда алушы

Сурет 1 – Аренда келісім–шарты.

Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы

Сурет 2 – Лизинг келісімі.

Лизинг қаржы-коммерциялық , құқықтық, техникалық аспкетілерге ие.
Әртүрлі саладағы мамандар (юристтер, коммерсанттар мен кәсіпкерлер,
маркетолог, банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері) лизингті
инвестициялық-банктік немесе арендалық, кейде іскерлік қызметке жатқызады .

Лизинг – іскерлік қарым-қатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық
тәжірибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы.
Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің Европадағы бизнесті қалай
жасау керек деген кітабында мынадай сұрақ қойған: Лизинг – аренда келісім-
шарты ма, әлде несие келісімі ме? - жауап: Жалпы лизинг ерекше келісім,
жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.
Е. Кабатов, Е. Чекмаров, В. Перов сияқты Лизинг түсінігін кеңінен
талқылаушыларының көзқарасы бойынша, лизинг – бұл күрделі, кешенді
келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе одан да көп келісімдер
қамтылады ( сату-сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері).
Е.Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің
өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату – сатып алу
қатынастарын атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық
операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір
уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі
құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық ресурстарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы
ретінде лизинг – капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы
болып табылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға көп қаржылық
шығындалмай-ақ қажетті мүлікті сатып алуға және негізгі құралдарды үздіксіз
жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

1.2 Лизингтік операциялардың жіктемесі

Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шет елдік тәжірибе мен
теорияда айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде
оның жіктелу белгілеріне сүйенеміз:
- келісімге қатысушылардың құрамы
- лизингке берілетін мүлік түрі
- оның өтімділік деңгейі
- амортизация жағдайы
- қызмет көрсету көлемі
- операция өтететін нарық секторы
- салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы
- лизингтік төлемдер сипаты
Қазақстан заңдық актілеріне сәйкес лизингтің негізгі екі түрі
көрсетілген: ішкі және халықаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші және алушы, сатушы
(жабдықтаушы) ҚР резиденттері болуы керек. Лизинг заты ҚР резидентінің
меншігі болып саналып, ҚР заңымен реттеледі. Халықаралық лизингті жүзеге
асырғанда лизинг беруші немесе алушы ҚР бейрезиденті болуы мүмкін. Ондай
келісім-шарт сыртқы экономикалық қызмет аясында реттеледі.
Қазіргі ауқытта дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің
көптеген түрлері қолданылады. Кеңінен тарағандары:
- оперативті (қызметтік) лизинг
- қаржылық (капиталды) лизинг
- қайтарымды лизинг
- іскерлік лизинг (үшінші жақтың қатысуымен)
- тікелей лизинг
- сублизинг
Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.
I. Оперативті лизинг – бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай
келісім мерзімі алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді.
Оперативті лизингттің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатуға және тозған негізгі құралдарын жаңа
технологиялық құралдармен ауыстыруға құқығы бар. Сонымен бірге мұндай
келісіммен алынған мүліктің ағымдағы жұмыстарын жөндеу және орнату, тағы да
басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде
қызметтік деп атайды.

5
Жалға беруші
Өндіруші
(Лизингтік компания) 2
4
1 3

Арендатор
(Жалдаушы)

Сурет 3 – Оперативті лизинг.

1) құрал-жабдықтарды алуға өтініш
2) алынған құрал-жабдыққа төлем
3) құрал-жабдық
4) жалгерлік төлемдер
5) келісім мерзімінің аяқталуымен құрал-жабдықты қайтару

Оперативті лизинг обьектілері болып тез ескіретін құрал-жабдықтар
(компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) табылады.
Кемшіліктері: басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары
арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы, арендалық келісім-шартта
келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айыппұл төлеу туралы
тармақтың болуы.
II. Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің
есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды. Лизингтің бұл түрінде орнату,
техникалық қызмет көсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде мерзімі
біткенде мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу
қарастырылған.
Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін
төмендетеді. Мәні бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына
ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі
және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай
жатса жалдаушыны банкрот деп жариялау құқығының болуы және т.б.

Жалға беруші
Өндіруші
(лизингтік компания) (Жалдаудаушы)

Жалдаушы

Сурет 4 – Қаржы лизинг механизмі.

Қаржылық лизинг обьектісіне тұрғын үй (жер, ғимарат, құрылғылар),
өндірістің ұзақ мерзімді құралдары.
1) құрал-жабдықты алуға өтініш
2) құрал-жабдыққа төлем
3) құрал-жабдық
4) жалгерлік төлем
III. Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады.
Мұнда құрал-жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір
мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім-шартын жасайды.
Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру,
лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал-
жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді,
тек қосымша қаржыландыруға ие болады. Инвестор, шын мәнінде, оның бұрынғы
иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай
операциялар көбінесе іскерлік құлдырау жағдайында кәсіпорынның қаржылық
жағдайын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.

1
Лизингтік компания
Кәсіпорын
2

Сурет 5 – Қайтарымды лизинг процесі.

1) Құрал-жабдық құны
2) Арендалық төлем
IV. Іскерлік лизинг – лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың)
қатысуын қарастырады. Әдетте, үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық
компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал-жабдықтарды жалға
алу туралы келісім-шартқа алдын ала отырып, қарыздың бір бөлігін төлеп, оны
өз меншігіне алады. Алынған мүлік алынған қарызды қамтамасыз етуші болып
жүреді (ереже бойынша оған кепіл зат рәсімделеді) және болашақта жалгерлік
төлемдер, сәйкесінше бір бөлігі жалгер мен тікелей инвестицияға төленіп
отырады. Сөйтіп лизингтік фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни
құрал-жабдықтардың амортизациялық және міндеттемелерін өтеу процесінде
туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі обьектілері – жоғары
бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары, өңдіруші салалардың құрал-
жабдықтарды және т.б.
2
Жалға беруші Қосымша
қаражат көздері
1
3
6 4 Өндіруші
5

Жалға алушы

Сурет 6 – Іскерлік лизинг процесі.

V. Тікелей лизинг – мұнда жалгер, арендаға беру шартымен лизингтік
фирма мен сатып алу жөнінде келісімге отырады. Мұндай жалгерлік келісім-
шарт көбінесе өндіруші фирмамен тікелей жасалады. Өз өнімдерін лизинг
арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай-ақ
авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады.
Мысалға автокөлік нарығының лидері Драймлер-Крайслер концерні және BMW
концерні бірнеше жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы болып
табылады. Сол компаниялар арқылы дүние жүзінің көптеген елдерінде өз
өнімдерін өткізеді.
VI. Сублизинг – бұл лизингтің түрі алынған құрал-жабдықты лизинг алушы
( сублизинг беруші) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға, яғни
сублизинг келісім-шартымен әр айда төлеу міндетімен үшінші жаққа (сублизинг
алушыға) береді.

1
Өндіруші Жалға
алушы
(Лизингтік бөлімше) 2

Сурет 7 – Тікелей лизинг процесі үшін.

1) құрал жабдық
2) арендалық төлемдер
ҚР Қаржы лизингі туралы заңына сәйкес, құрал-жабдықты сублизингке
беру үшін жазбаша түрде лизинг берушінің келісімі болуы қажет.

1 1
Жалға беруші Делдал
Тұтынушы
2 2

Сурет 8 – Сублизингтік процесс.

1) құрал жабдық
2) арендалық төлемдер

Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болып табылады.
Ол да ҚР Қаржы лизингі туралы заңымен реттеледі. Лизинг затының ҚР
шекарасынан ары-бері лизинг келісім-шарты мерзімінде өтіп жүруі халықаралық
сублизингтің айрықша ерекшелігі болып табылады.
Б
а
н
к

Л и з
и н г
б е р
у ш і

Л и з
и н г
а л у
ш ы

Сақтанд
ыру
компани
ясы

Сурет 9 – үш жақты лизингтік келісімде лизингтік процесті жалпылама
ұйымдастыру.

Сублизингтің негізгі артықшылығы – жалға беруші жалгерлік төлемдерді
талап ету құқығына ие. Әдетте, келісім-шартта ескертілгендей, үшінші жақтың
банкроттық жағдайында жалгерлік төлемдер негізгі жалға берушіге жүктеледі.

1.3 Лизингтің субьектілер үшін артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизинг артықшылықтары негізінен қазіргі елімізде қалыптасқан жағдайға
байланысты келесі мәселелерде айқындалады:
а) мемлекет үшін:
- бұл қаржы құралы, инвестициялық қызмет үшін барлық қаржы қаражатын
жұмылдыруға мүмкіндік береді.
- өз механизмі арқылы инвестициялық ресурстардың өндірісті қайта
жабдықтауға жұмсалуына кепілдік береді.
- мемлекет лизингтік қызметті қолдау арқылы, мысалға салық жеңілдіктері,
инвестициялауды қаржыландыруға бюджеттік шығындарды айтарлықтай
азайтады. Әсіресе шағын кәсіпорын лизингті пайдалану арқылы өз
кәсіпкерлік қызметінің дамуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуына және
тағы сол сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне
ықпалын тигізеді.
б) лизинг алушы үшін:
- тиімді, рентабельді жобасы бар кәсіпкер бірден көп көлемді қаржы
шығындамай құрал-жабдық алып, өз өндірісін бастауға мүмкіндік береді.
- кәсіпорын мүлкіне салынатын салықты азайтады, яғни алынған мүлік
жалгерлік мерзімі бітпегенше көп жағдайда жалға берушінің балансында
тіркеледі.
- ҚР Қаржы лизингі туралы заңына сәйкес барлық жылжымалы мүлік құралына
жататын, лизинг обьектісі болып табылатын (негізгі құралдардар активті
бөліміне қатысты) 3 коэфицент бойынша негізгі құралдарға жеделдетілген
амортизациялық әдіс қолдануға рұқсат етілген.
- лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі. Өйткені негізгі
құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды
басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі.
- келісім шартта қарызды өтеудің ыңғайлы және икемді схемасын қарастыруға
болады.
- жоғарыда аталғандарға қоса банктегі лизинг алушының жағдайын
қарастырайық. Бұл банк үшін тиімді, өйткені банк балансы жеңілдетіледі,
ал ол өз кезегінде банктің экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерісті
көрсетеді. Мысалға, аяқталмаған өндіріс құны лизингке алғанда бірте-
бірте өз құны құрамына енгізіледі де, ал ол капитал категориясына
кері әсер етпейді.
в) лизинг беруші үшін:
- лизингтік компания инвестор сияқты капиталға салған салымы үшін
лизингтік кіріс алады. Мұнда тәуекелдік әдеттегі несие беруге қарағанда
төменірек болады.
- төлемдер толық өтеліп біткенше лизинг беруші заңды иесі болып табылады.
Төлемді төлеу тәртібі бұзылған жағдайда құрал-жабдықты қайтарып алуға
құқығы бар.
- лизинг алушының банкроттық жағдайында да лизинг берушіге құрал-жабдықты
қайтарып алып, өз міндеттемелерін өтеуге болады.
- лизинг беруші лизинг алушыға ақшалай қаражат бермейді, оған бақылау
жасау мүмкіндігі төмен. Керісінше оған тікелей өндіріс құралдарын
береді.
- қаржылық лизинг (3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық
төленбейді.
- лизинг беруші кеден баждарын төлеуден босатылады, ҚР территориясына алып
келінетін лизингке беру мақсатындағы құрал-жабдықтар салықтан
босатылады.
г) лизингтік мүлікті сатушы үшін:
- лизингтің дамуына тек лизинг алушылар ғана емес, сонымен бірге ірі
өндірушілер де мүдделі. Лизингке берілген құрал-жабдықтың бөлшек
құралдарын сату, оларды жөндеу, модернизациялау жұмыстары арқылы кіріс
көбейеді.
Сонымен қатар лизингтің обьективті кемшіліктері бар:
- инфляцияның елеулі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал-жабдықты
қалдық құн бойынша сатып алу тиімсіз болуы мүмкін.
- қаржылық лизинг алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ
лизингтік төлемдер келісім-шарт мерзімі біткенше төленеді.
- лизингтік келісімге қатысушылар санының көп болуы лизингтік операцияны
ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік
келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны.
- лизинг берушіге құрал-жабдықтың моральді тозу тәуекелі жүктеледі
(әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық мерзімінен аз
болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып
алған кездегі құнынан жоғары болады.
- лизингке алынған құрал-жабдық жұмыстан шығып қалса (бұзылу, сыну) да
лизингтік төлемдер толығымен төленеді.
- банк кредитімен салыстырғанда лизингтің қымбаттылығы. Бұл жағдайды былай
түсіндіруге болады, яғни лизинг беруші жоғары комиссиондық төлем алады,
өйткені оған берілген негізгі құралдың тозу тәуекелі жүктеледі. Сонымен
бірге лизинг алушы келісімді бұзған жағдайда ескірген құрал-жабдықпен
қалу тәуекелі де бар. Ал ескірген құрал-жабдықты екінші рет лизингке
беру мүмкіндігі төмен.
2 Лизинг операцияларын пайдалану тиімділігін талдау
1. Қазақстанда лизингтің дамуының қазіргі жағдайын талдау

Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау
жасауда. Лизингке әр түрлі салықтық жеңілдіктер жасалған. Лизинг беруші мен
импортталған негізгі құрал-мүліктері қаржы лизингі үшін және оны лизинг
алушыға жалға беру қосымша құн салығынан босатылады. Лизинг алушы өзіне
қажетті құрал-жабдықтарды біршама арзан бағамен импорттауға мүмкіндік алды.
Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт
кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша
сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.
Лизингтік қатынастың дамыған және дамушы елдерде қолдану аясы кеңеюде.
АҚШ және Европа елдеріндегі лизинг ең тиімді, жоғары, икемді қаржы
механизмі ретінде қарастырылады. Лизинг механизмінде өзіндік артықшылықтар
бар. Лизингтік қатынастың дамуы жалпы экономиканың дамуына бірнеше бағытта
әсер етеді:
- лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына әсер етеді, яғни
өзінің негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда;
- лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болғандықтан, капиталға
салымдар көлемін көбейтеді;
- лизинг негізгі құралдарды тез арада жаңартудың бір түрі (қосымша
қаражаттар тарту мүмкіндігі арқасында);
- лизинг қаржылық қызмет көрсету нарығында қосымша бәсекелестік туғызады.
Лизингтің пайда болуы мен қаржыландыру бағасы төмендейді, қаржылық
қызмет нарығы кеңейеді. Лизинг көбінесе банк несиесінің баламасы болып
табылады. Кәсіпорындардың банк алдындағы міндеттемесінің көбеймеуіне жол
береді;
- сондай-ақ лизинг өндірушілер үшін өндірген өнімдерін өткізудің бір жолы
болып табылады.
Қазақстан нарықтық экономикаға дағдарысты жағдайда өтті. Яғни олар
инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, бағаның өсуі және инфляцияның
жоғары қарқыны, өндіріс көлемінің төлемдері, сондай-ақ экономикалық сауда
байланысының үзілуі.
Ең басты мәселелердің бірі, негізгі құралдардың физикалық, моральдік
тұрғыдан тозуы, оның ішінде Қазақстанның басты салаларындағы негізгі
құралдардың тозуы. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс
шет елдің жаңа техникасымен жарақтануға мүдделі болып отыр. Жоғары сапалы,
бәсеке қабілетті өнім шығаруға техникалық құрал-жабдықтары ескірген.
Кәсіпорындар да оны жаңартуға қаржы тапшылығын сезінуде.
Бұл мәселердің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады.
Халықаралық Қаржы корпорациясының қабылдаған Лизингті дамыту
бағдарламасының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін
шешуде лизинг маңызды роль атқарады.
Жаңа қабылданған заң еліміздің алдынғы қатарлы коммерциялық банктері
мен лизингтік компанияларының құрылуына ықпал жасады. 2000-2008 жылдары 9
лизингтік компания құрылды. Бұл этаптағы негізгі оқиға – 2008 жылы қаңтарда
құрылған АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) мен Халықаралық қаржы
корпорациясының бірлескен Қазақстандағы лизингті дамыту бағдарламасы.
Аталған бағдарламаның мақсаты еліміздегі шағын және орта бизнеске лизинг
арқылы инвестиция алуына мүмкіндік жасау және олардың қатысуымен жасалатын
лизингтік келісімдер көлемін арттыру.
Халқаралық қаржы корпорациясы лизингтік қатынастарды дамытуда дамушы
және дамыған елдерде көшбасшы болып табылады. Ол 35 елде лизингтік
қатынастардың дамуына көмек көрсетіп, 30 жылда 50 елдің лизингтік секторына
1млрд. АҚШ доллар қаражат жұмсаған.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның лизингтік даму
бағдарламасы келесілерді қамтиды:
- лизингтің құқықтық – нормативтік базасын талдау, жетілдіру.
- лизингтік қызмет нарығы қатысушыларын, банк мамандарын, лизингтік
компания мамандарын оқыту және лизинг алушы кәсіпорындарға кеңес беру.
- шет елдік те, жергілікті де инвесторлармен байланыс орнату.
- лизингтің артықшылықтарын түсіндіре отырып, БАҚ арқылы жариялау,
түсіндіру.
Бағдарламаға қолайлы құқықтық жағдай туғызу үшін мемлекеттік
органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек. Шет елдік инвесторлар мен
жергілікті кәсіпорындарға түсіндіру, кеңестік жұмыстар, қаржылық
институттар мен жеке компанияларды оқыту үшін кең көлемді білімдік
компаниялар жүргізу керек. Мамандардың бағалауы бойынша Халқаралық қаржылық
корпорациясы 2008 жылы Қазақстанның лизингтік компаниясы мен бірге 440
лизингтік келісімді қаржыландырған, ол 2007 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Келісімдердің жалпы құны 84 млн. $ құрап, оның 70 % шағын және орта
бизнеске жұмсалған.
Еліміздегі лизингтік компанияларының басым бөлігі Алматы қаласында
орналасқан: Альфа Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ лизинг, БТА лизинг ,
Казтранслизинг, Медикал лизинг Груп, Нуринвест.
Агромашлизинг, Астана – финанс, Зерновая, КазАгроФинанс лизингтік
компанияларының басты офистері Астанада орналасқан.
Еліміздегі лизинг компанияның көбеюі лизингтік индустрияның нақты
дамуына және ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуына мол жағдай
жасайды.
Заңға сәйкес қаржылық лизинг (бұдан бұлай лизинг) – инвестициялық
қызметтің бір түрі, лизинг беруші сатушыдан жабдықты лизинг алушыға
кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға 3 жылдан кем емес және белгілі
бір төлем негізінде жалға береді. Лизинг затын келісім бойынша лизингке
беру келесі талаптардың біреуіне болса да жауап беруі керек:
- лизинг затын лизинг алушының меншігіне беру немесе келесім-шартта
белгіленген баға бойынша лизинг алу құқығын беру.
- лизинг мерзімі лизингке алынған заттың пайдалану мерзімінің 75%-нан асуы
қажет.
- жалпы лизинг мерзімі үшін төлемдердің ағымдағы құнының 90%-нан асуы
қажет.
Халықаралық лизинг – лизинг беруші немесе лизинг алушы тұлғаның біреуі
ҚР резиденті болмаған жағдай. Халықаралық лизингті валюталық реттеу
заңнамаға сәйкес, лизинг затын еліміз территориясына лизинг алушымен – ҚР
резидентімен кіргізген жағдайда 100 мың $ эквиваленттен асса және 180
күннен асатын келісім жасаса, онда ҚР Ұлттық банкінде тіркеуге тұруы тиіс.
Лизинг келісімі бұзылған немесе мерзімі біткен жағдайында лизинг
затын қайтара лизингке беру мүмкіндігі бар. Қайтара лизингке берген
жағдайында, лизинг беруші сатушыны жазбаша ескертуі керек. Онда лизинг заты
жаңа лизинг алушыға берілгені жөнінде және берілген уақыт мерзімі
көрсетілуі тиіс. Қайтара лизингте сатушымен мен лизинг заты, лизингке
берушімен таңдалған болып есептелінеді.
Лизингтік төлемдер кезеңдік төлемдер ретінде, лизингтік келісім-шарт
мерзіміндегі жалпы лизингтік төлемдер жиынтығын көрсетеді. Бұл төлемде
лизинг затының келісім шарт жасау кезіндегі құны мен лизингтік келісім-шарт
2008 жылдан бастап ҚР барлық банктері қаржылық есептің халықаралық
стандарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ҚР Қаржылық жүйесі
дамыған, ашық және мемлекеттің араласуынан қорғалған.

2.2. Алекс ЖШС –ның шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін
талдау

Алекс ЖШС негізінен минералды табиғи экологиялық таза су шығарумен
айналысады. Шығарған өнімдері көптеген халықаралық сертификаттарға ие.

Кесте 1 - Алекс ЖШС-ң 2007-2008 жж. негізгі техника экономикалық
көрсеткіштері
№ Негізгі өлшем 2007 ж. 2008 ж. ауытқулар
көрсеткіштері бірлігі
(+,-) %
1 Өткізілген өнімнен мың тг. 6020639 6103870 +83231 101
түскен табыс
2 Өткізілген өнімнің мың тг. 5114009 4983124 -130885 97
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың тг. 906630 913453 +6823 101
4 Кезең шығындары мың тг. 443919 421312 -22607 95
5 Негізгі қызметтен мың тг. 462711 524744 +62033 113
түскен табыс
6 Таза пайда мың тг. 291787 296563 +4776 102
7 Негізгі қорлардың мың тг. 793210 1847632 +1054422 233
орташа құны
8 Қор қайтарымдылығы % 759 330 -429 43
9 Қор сыйымдылығы % 13 30 +17 231
10 Персоналдың орташа адам 1013 1048 +35 103
тізімдік саны
11 Еңбек ақы қоры мың тг. 162355,5 182955,6 +20600,1 113

Кесте 1 жалғасы
12 Орташа айлық еңбек мың тг. 13,356 14,548 +1,192 109
ақы мөлшері
13 Еңбек өнімділігі мың тг 5943,3 5824,3 -119 98
14 Сату рентабельділігі% 4,5 4,7 +0,2 104
15 Өнімнің % 5,7 5,9 +0,2 103
рентабельділігі
16 Қормен қорлану мың тг. 783 1763 +980 225

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан
жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз
болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз
қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды
жою. 2-кестеде көрсетілген ең негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен
төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.
1-ші көрсеткіш – өткізілген өнімнен түскен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге құқығы мүлікті қайтару
Лизинг операциясы техникасы
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесінің даму күйі мен перспективалары
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Қазақстан Республикасындағы лизинг шарттары, оның ерекшеліктері мен дамуының қазіргі жағдайы
Банктік лизинг кезеңі
Лизингтік келісімдегі операциялар
Пәндер