«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...7
1.1 Шиға ағымының пайда болуындағы алғы шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Шиға ағымының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Шиғалар мен сүнниттердің басты айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ИМАМИЯ МАЗҺАБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Шиға ағымының басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Имамия мазһабының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3 Имамия мазһабының басты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.4 Имамия мазһабының қазіргі ислам елдеріндегі әлеуметтік мәні ... ... ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста шиға ағымдарының, оның ішінде зерттеу тақырыбымның негізі болып отырған Имамия мазһабының пайда болуының алғы шарттары, шығу тарихы, діни ұстанымдары, діни көзқарастары мен ғибадаттары және олардың әһлу сүннеттен басты айырмашылықтары нақты деректер арқылы берілді. Оған қосы аталмыш «шиға ағымының» дініміз Исламға қайшы іс-әрекеттері мен діни сенімдері баяндалды. Сондай-ақ жұмыста Ислам дінінің алғашқы жылдарында пайда болған шиға ағымының басты бағыттары болып табылатын Ғулат, Исмайлит, Зәйдия шиғалық мазһабтарының шығу төркіні, діни ұстанымдары, ғасырымызға дейін жеткен теріс ағымдардың сенімдері, шоғырланған мекендері жайлы арнайы еңбектерден мәліметтер келтірілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі емес көптеген діни ағымдар мен секталар қаптап кетті. Олардың ішінде басым көпшілігі ислами ағымдар мен христиандық ағымдар болып табылады. Осы ағымдар мен секталарды зерттеу, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау өте өзекті мәселелерден болып табылады. Осындай өзекті мәселердің бірі ислами ағымдардың бірі болып табылатын шиға ағымынан болған имамия мазһабын зерттеп, олардың діни ұстанымдары мен ғибадаттарын, діни көзқарастары мен әһлу сүннеттен айырмашылықтарын талдап, саралауды жөн көрдік. Себебі әлем діндерін зерттеп қарасақ, әрбір діннің ішінде түрлі ағымдар мен ұйымдардың барын көреміз. Сол секілді әлемдік діндердің бірі болған, 1,5 миллиард ұстанушысы ба Ислам дінінің ішінде де түрлі теріс ағымдардың бары шындық. Тарихта дәстүрлі Ислам аясынан шығып кетушы ағымдар аз болмаған және кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен олардың идеологиялары мен сенімдері толықтай сетінеп, ұмытыла қойған жоқ. Кейбірі теріс пиғылды ағымдар әлем жұртшылығымен қатар, қазақ елінің де назарын аудартып, «бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не?» деген сұрақтар еріксіз зерттеулер жүргізуге мәжбүрлеуде. Мұндай теріс сенімдегі ағымдардың еліміздің бірлігі мен ынтымағына, өсіп-өркендеуіне зияндарын тигізері сөзсіз. Мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың үгіт-насихат жүргізуіне тыйым салған және ресми тіркеуге де алмаған. Сондықтан дін атын жамылып, шынай Исламға залалын тигізуші адасқан ағымдарды жан-жақты тексеріп, ел болашағы мен ел мүддесі тұрғысынан тиісті шараларды қолға алу қажет-ақ. Осы аталған сипаттарға ие адасушы ағымдардан саналатын шиға ағымынан болған Имамия мазһабын зерттеу өзекті тақырыптардың бірі болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста шиға ағымынан болған имамия мазһабы қарастырылатындықтан, дипломдық жұмысты жазу барысында көбінде қазақ, шетел, әсіресе түрік халқының көрнекті ғалымдарының Әбу Мансур Абдулқаһир әл-Бағдидің, Мұхаммед Абдулкарим әш-Шаһристани, Мұхаммед Әбу Заһра, Етһем Рухи Фыглалы, сонымен қатар шиға ағымы жайлы
тереңірек қазақ тілді ғалымдарымыздың бірі Смайыл Сейтбеков сынды ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Қасабек А., Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Оқу құралы) Алматы.:
Қазақ университеті, 2001. – 302 Б.
2 С.Сейтбеков, С.Нысанбаев. Ислам тарихы. – Шымкент, 2002
3 Сейтбеков С. Мәзһабтар тарихы, - Алматы: Көкжиек, 2012. – 448 Б.
4 Сейтбеков С. Шииттердің тарих сахнасынан көрінуі // Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. – Шымкент, 2001. 2-том.
5 Ислам және өркениет. №8 (92) 16-30 сәуір, 2007. 8-9 б.б.
6 Bhattacharya N.N. History of the tantric religion. – Manohar publication. –Delhi,
1999. –176 P.
7 Muhammed Abdulkerim eş-Sehristani. El-Milel
8 Ebu Mansur Abdulkaahir El-Bagdadadi. Mezhepler arasındaki farklar. Türkiye Diyanet Vakfı баспасы – Ankara, 1991.ven-Nihal. аударған Mustafa Öz.İslam mezhepleri. – İstanbul, 2005.
9 Muhammed Ebu Zehra. Mezhepler tarihi.İstanbul, Şura yayınevi.
10 Muhammed Ebu Zehra.Ebu Hanife. – Ankara, 2005
11 Fığlalı Ethem Ruhi. Çağımızda itikadi İslam mezhepleri. – İstanbul, 1996.
12 Сабри Хизметли. Орта Азия Түрік Республикаларындағы зиянды ағымдар
және миссонерлік. – Алматы, 2006.
13 Algul Huseyn. Islam tarihi. 3-tom
14 İslam Ansiklopedisi. – İstanbul: Tükiye Dıyanet Vakfı, 1994. 10-том.
15 Исаұлы М. Құран кімнің сөзі? – Алматы, 2004.
16 Клюев Б.М. Цит. По индуизм: традиции и современность. – М., 1985. –С.
224.
17 Орынбеков М.С. Қазақ сенімдерінің сенімдерінің бастаулары. Алматы,
2002.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Дюсекеев Сагдат Серикович

Шиға ағымынан болған Имамия мазһабы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В021500 - Исламтану

Алматы 2013
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Қорғауға жіберілді
___________________
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі д. Ато ас-Сынбати
______________2013ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шиға ағымынан болған Имамия мазһабі

5B021500 - Исламтану

Стандартизация бойынша кеңесші,
магистр, оқытушы
______________С. Сайлаубайұлы
___ _______________2013 ж.
Диплом жұмысының жетекшісі

____________ Р. Әкімбеков
___ ______________2013 ж.

Мысырлық тарапынан
диплом жұмысының жетекшісі, доктор
_________Мустафа Абу әл-Хажжаж
___ ______________2013 ж.

Орындаған
_______________С.С.Дюсекеев

Алматы 2013
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ...7
1.1 Шиға ағымының пайда болуындағы алғы шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Шиға ағымының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Шиғалар мен сүнниттердің басты айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3

2 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ИМАМИЯ МАЗҺАБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Шиға ағымының басты бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Имамия мазһабының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.3 Имамия мазһабының басты ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.4 Имамия мазһабының қазіргі ислам елдеріндегі әлеуметтік мәні ... ... ... ... ..42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста шиға ағымдарының, оның ішінде зерттеу тақырыбымның негізі болып отырған Имамия мазһабының пайда болуының алғы шарттары, шығу тарихы, діни ұстанымдары, діни көзқарастары мен ғибадаттары және олардың әһлу сүннеттен басты айырмашылықтары нақты деректер арқылы берілді. Оған қосы аталмыш шиға ағымының дініміз Исламға қайшы іс-әрекеттері мен діни сенімдері баяндалды. Сондай-ақ жұмыста Ислам дінінің алғашқы жылдарында пайда болған шиға ағымының басты бағыттары болып табылатын Ғулат, Исмайлит, Зәйдия шиғалық мазһабтарының шығу төркіні, діни ұстанымдары, ғасырымызға дейін жеткен теріс ағымдардың сенімдері, шоғырланған мекендері жайлы арнайы еңбектерден мәліметтер келтірілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі емес көптеген діни ағымдар мен секталар қаптап кетті. Олардың ішінде басым көпшілігі ислами ағымдар мен христиандық ағымдар болып табылады. Осы ағымдар мен секталарды зерттеу, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау өте өзекті мәселелерден болып табылады. Осындай өзекті мәселердің бірі ислами ағымдардың бірі болып табылатын шиға ағымынан болған имамия мазһабын зерттеп, олардың діни ұстанымдары мен ғибадаттарын, діни көзқарастары мен әһлу сүннеттен айырмашылықтарын талдап, саралауды жөн көрдік. Себебі әлем діндерін зерттеп қарасақ, әрбір діннің ішінде түрлі ағымдар мен ұйымдардың барын көреміз. Сол секілді әлемдік діндердің бірі болған, 1,5 миллиард ұстанушысы ба Ислам дінінің ішінде де түрлі теріс ағымдардың бары шындық. Тарихта дәстүрлі Ислам аясынан шығып кетушы ағымдар аз болмаған және кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен олардың идеологиялары мен сенімдері толықтай сетінеп, ұмытыла қойған жоқ. Кейбірі теріс пиғылды ағымдар әлем жұртшылығымен қатар, қазақ елінің де назарын аудартып, бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не? деген сұрақтар еріксіз зерттеулер жүргізуге мәжбүрлеуде. Мұндай теріс сенімдегі ағымдардың еліміздің бірлігі мен ынтымағына, өсіп-өркендеуіне зияндарын тигізері сөзсіз. Мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың үгіт-насихат жүргізуіне тыйым салған және ресми тіркеуге де алмаған. Сондықтан дін атын жамылып, шынай Исламға залалын тигізуші адасқан ағымдарды жан-жақты тексеріп, ел болашағы мен ел мүддесі тұрғысынан тиісті шараларды қолға алу қажет-ақ. Осы аталған сипаттарға ие адасушы ағымдардан саналатын шиға ағымынан болған Имамия мазһабын зерттеу өзекті тақырыптардың бірі болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста шиға ағымынан болған имамия мазһабы қарастырылатындықтан, дипломдық жұмысты жазу барысында көбінде қазақ, шетел, әсіресе түрік халқының көрнекті ғалымдарының Әбу Мансур Абдулқаһир әл-Бағдидің, Мұхаммед Абдулкарим әш-Шаһристани, Мұхаммед Әбу Заһра, Етһем Рухи Фыглалы, сонымен қатар шиға ағымы жайлы
тереңірек қазақ тілді ғалымдарымыздың бірі Смайыл Сейтбеков сынды ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - шиға ағымдарының және осы ағымнан болған имамия мазһабінің ислам тарихындағы орны және діни іліміндегі ерекшіліктерін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін бір неше міндеттер қойылады.
1) Шиға ағымдарының пайда болуын тарихи тұрғыдан зерттеу.
2) Шиға ағымдарынан болған Имамия мазһабінің басты қағидаларын көрсету.
3) Имамия мазһабінің тармақтары және олардың ерекшеліктерін айқындау.
4) Имамия мазһабінің ислам әлеміндегі саяси- әлеуметтік мәнін көрсету.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Диплом жұмысымның негізгі нысаны - шиға ағымынан болған Имамия мазһабінің пайда болуының алғы шарттары, шығу тарихы, діни ұстанымдары, діни көзқарастары мен ғибадаттары және олардың әһлу сүннеттен басты айырмашылықтарын зерттеп, талдау.
Диплом жұмысымның пәні - шиға ағымынан болған имамия мазһабінің саяси-әлеуметік мәнін қарастыру.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 49 бет.

1 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ
КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 Шиға ағымының пайда болуындағы алғы шарттар

Алдымен шиға сөзінің ұғымына келетін болсақ. Шиа арабша ш-й-а етістігінің түбірінен шығып жақтау, қолдау деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы болса хазіреті Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болған соң хазіреті Али мен ұрпақтарын халифалыққа ең лайық кісі ретінде көріп және оны Құран мен хадис арқылы тағайындалған хақ халифа етіп қабылдаған, халифалықтың да сол әулетке тән екендігін қолдағандарға берілген есім, сонымен қатар Ислам дініндегі үлкен бір ағымның есімі[1, 56 б.].
Тарихқа үңілсек, Хазіреті Алидің халифалық (656-661 ж.ж.) кезінде оның жағында болып, сөзін, ісін мақұлдап, оны жақсы көріп, сол тұстағы жанжалдарда жалғыз тастамай, жанын пида етушілерге шиа-и Али (Алидың жақтаушылары) деп алғаш рет атала бастағанын көреміз. Олардың қатарында ұлы сахабалар да бар еді. Бұлар әуелде шын мәнінде шиға сөзіне лайық болатын. Шындығында, олар Хазіреті Алиді Хазіреті Пайғамбарға (с.а.с.) ең жақын туыс әрі хақ халифа ретінде қолдаған еді. Олар мұсылмандар арасында бүлік шығармады, дінге дінде болмаған нәрселерді енгізбеді, тек турашылдықты ұстанды. Алайда бертін келе, Ислам дінін әлсірету, мұсылмандар арасында бүлік шығару мақсатында осы атты жамылып, өз мүдделеріне пайдаланған саяси топ бой көрсете бастады.
Шын мәнісінде, мұсылман қауымы Хазіреті пайғамбарымыздың (с.а.с) ұрпақтарын шынайы жақсы көргендіктен, оларға деген құрметтері шексіз еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әулетін дінімізде Әһлу бәйт деп атайды. Саяси топтағы арандатушылар әһлу бәйттің өшін аламыз, оларға көмектесеміз деген жалған ұранмен халықты билікке айдап салып отырды. Кейбір саяси оқиғалардан кейін осы ұранды ұстанушылар саны артып, уақыт өте келе мұның ақыры үлкен күшке айналды. Бұл саясиланған діни топқа ұстанған бағыты мен ұраны үшін шиға деген ат берілді.
Алғашқы шиғалар тарих сахнасына қашан шықты деген сауалға тарихшылар тарапынан көптеген пікір айтылған. Тарихи деректерге сүйене отырып, осы мәслеге қысқаша шолу жасайын.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болған кезде халифа сайлау мәселесі көтерілді. Сонда кейбір сахабалар Хазіреті Алидің халифа болуын жақтап, пікір айтқан. Міне осы оқиғаны алғашқы қадам еді деп тұжырымдаған тарихшылар бар.
Шиғалардың шығуы үшінші халифа Османның (656 ж) шәһид етілуінен кейінгі ішкі жанжалдар кезінен бастау алады деген екінші бір тұжырым бар. Бұл тұжырым бойынша, Хазіреті Алиді жақтап, керек болса жанын пида етуге дайын болған Жәмәл (656 ж) соғысында Алиді қолдаушылар алғашқы шиға ағымын қалыптастырды деп түсіндіруде. Алайда, бұл айтылған пікірлер ақиқатқа үйлеспейді. Өйткені, Әл-жәмәл (Түйе) соғысы - бұл соғыс миләди санағы бойынша 656 жылдың қыс мерзімінің басында Басра қаласының маңында болып өткен. Ол шайқастың шығу себептері туралы Ислам тарихына қатысты кітаптарда мынадай мәліметтер айтылған. Негізінде оның шығу себебінің басы халифа (644-656ж) Осман бин Аффанның (р.а.) шәһид етілуі тарихына барып тақалады. Яғни оған қастандық жасалынып шәһид етілгеннен кейін Зүбайр бин Әл-Әуам (р.а.) және Талха бин Ұбайдұллаһ (р.а.) сияқты жақтастары жаңа сайланған халифа Әлиге (р.а.) байъат береді, бірақ көп өтпей олар өз ойларынан қайтып, берген байъаттарын бұзды.
Бұған, Османның (р.а.) өліміне себепші болған кейбір адамдардың жазаға тартылмай қалғандығы желеу болды. Содан, Зүбайр бин Әл-Әуам (р.а.) мен Талха бин Ұбайдұллаһ (р.а.) тұжырымдай отырып: Осман бин Аффанның (р.а.) өліміне Әли (р.а.) де кінәлі, ол халифаны қорғауға мүмкіндігі бола тұра оны қорғамады. Және халифа болғаннан кейін Османның (р.а.) өліміне себепші болғандарды жазалаудың орнына оларды өзіне жақтас қылып алды. Сондықтан, оның халифа болғаны дұрыс емес, оны халифалықтан шеттету керек- деген ижтиһадтық қателікке жол берді. Міне осы қателіктің соңы Әл-жәмәл (Түйе) деп аталған шайқасқа соқтырды.
Ескерту: Бірақ, олар дереу Әлиге (р.а.) қарсы соғыс бастау керек деп шешкен жоқ. Олардың ойы - алдымен Әлимен (р.а.) келіс сөз жүргізіп Османның (р.а.) өлімінде кінәлі болған адамдарды жазаға тарту болды. Сол мақсатта олар Әли (р.а.) мен екі арадағы келіс сөздерге дәнекер болуға хазреті Айша (р.а.) анамызды көндірді. Содан олар өздеріне қарасты әскермен алдын Куфаға, одан Басраға жол тартты. Бірақ, осы арада Османның (р.а.) өліміне кінәлі болған адамдар Әлидің (р.а.) Зу-Қар деген жерде қалдырған бір топ әскерін үгіттеп Зүбайр бин Әл-Әуам (р.а.) мен Талха бин Ұбайдұллаһтың (р.а.) әскеріне кенеттен шабуыл жасады.
Міне осы жағдай мұсылмандардың екі тобының арасындағы келіс сөздерді жоққа шығарып, соғыстың басталуына жол ашты. Бұл жағдайдан Халифаның хабары болмағанымен, қарсыластары шабуылды Әли (р.а.) өзі ұйымдастырды деп ойлап, Басраға әскер тартты.
Ислам тарихшыларының хабар беруіне қарағанда, бұл шайқаста екі жақтан да аса көп мұсылман шығынға ұшырады. Әсіресе, Айша (р.а.) анамыздың мінген түйесінің төңірегінде аса қатты шайқас болды. Содан, бұл шайқас
Әл-жәмәл (Түйе) деп атақ алды.
Шайқаста Халифа әскерінің қолы биік келіп, Зүбайр бин Әл-Әуам (р.а.) мен Талха бин Ұбайдұллаһтың (р.а.) әскері жеңілді, олардың өздері екеуі де шәһид болды. Айша (р.а.) анамыз болса Халифа әскерлері тарапынан тұтқынға алынды.
Хазреті Әли (р.а.) Айша (р.а.) анамыздың екі мұсылман тобының арасын жарастыру мақсатында дәнекерлікке келгендігін білгеннен соң, оған сый-құрмет көрсетіп Мәдинаға шығарып салды. Хазіреті Али ешқашан жамағаттан бөлініп шықпаған, шығуға да жол бермеген. Сондықтан шиғалық әрекеттер Хәзіреті Алидің кезінде емес, екінші ұлы Хазіреті Хусейннің шәһид етілуінен
(680) кейінгі заманда шыға бастаған.
661 жылы Хазіреті Али бір харижит тарапынан шәһид етілгеннен кейін халифалық билік Әбу Суфиянның ұлы Муғауаияға өтті.Ол 19 жыл Ислам әлемін басқарып, 680 жылы қайтыс болды. Муғауия қайтыс болған соң мұрагерлік жолмен ұлы Язид әкесінің орнынан таққа отырады. Язид таққа отырысымен өзінің халифалығын нықтау үшін жан-жаққа шабарман жолдады. Мақсаты - алдымен бетке ұстар кісілерден бірінші кезекте өзіне берілгендігі жайында уәде алу. Сол кездегі абыройлы кісілердің қатарында Хазіреті Хусейн де бар еді.
Бұл ресми байғатты (қол тапсыру) жер-жердегі әкімдер халифа атынан алатын еді. Сол кездегі Мәдина әкімі Уәлид ибн Утба Хазіреті Хусейн осы мақсатта шақыртқан кезде ол өзгелерден оқшауланып, жеке байғат бермейтінін, тек халықпен бірге ресми түрде байғат беретінін айтып келіспейді. Жеке өзін шақыртудың астарында саяси мін бар екенін түісніп, әкімнің құзырынан шығып кетеді. Халифа Муауияның өлгені туралы хабар елге таралғанда Ирак аймағындағы мұсылмандар арасында алыпқашпа әңгіме желдей есті.
Халифа билігін толыққанды қолдамайтын куфалық мұсылмандар Хазіреті Хусейнді Мәдинадан Куфа қаласына шақырады. Мақсаттары оны халифа етіп сайлау еді. Қайта-қайта шақыруын қоймаған соң Хазіреті Хусейн бала-шағасын алып, туыстарымен бірге жолға шығады. Олардың саны 80-ге де жетпейтін. Оның Куфаға баруы жаңа саяси оқиғалардың басталуына себеп болатынын сезген халифа, Куфаға жеткізбеуді ойлайды. Жолын кесу үшін жарты жолда халифаның бұйрығымен кері қайтуға да, Куфаға баруға да рұқсат етілмей, қоршауға алынады. Қоршау бірнеше күнге созылып, Хазіреті Хусейн және жанындағы туыстары су тапшылығынан қатты қиналады. Хазіреті Хусейн келісімге келу үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. Өкінішке орай, келісім нәтиже бермеген соң екі жақ шайқасады. Хазіреті Хусейннің жанында туыстарынан құрылған санаулы ғана жасағы болды. Соған қарамастан едәуір қарсылық көрсетті. Ақырында туыстарымен бірге 680 жылы 10-шы қазан күні Кербала деген жерде ол шәһидтіктің шәрбәтін ішті[2, 19-24бб.]. Хазіреті Хусейн шәһид етілген соң Ислам әлемінде халифаға деген наразылық күшейді. Хазіреті Хусейн және туыстарының кегін аламыз дегендердің қарасы көбейіп, шиғалық әрекеттер саяси бағытта өрбіді. Кербала оқиғасын пайдаланып шыққан саяси оқиғалар шиға ағымының етек алып таралуына ұйытқы болды.
Хазіреті Хусейннің шәһид етілу хабары Ислам әлеміне жайылған соң жан-жақтан халифа билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Осылардың алғашқысы Мәдина қаласындағы Абдуллаһ ибн Ханзаланың көтерілісі. Халық оның маңайына жиылып, Хазіреті Хусейннің өшін алу үшін халифа Язидқа қарсы шықты. Халифа Язид оларға алдымен ескерту берді. Ашынған халық ескертуге құлақ аспай, халифаға қарсы бас көтеріп, 682 жылы тамыз айында Мәдина маңында шайқасты. Шайқас халифа әскерлерінің пайдасына шешіліп, көтерісшілер аяусыз жазаланды. Осылайша алғашқы шиғалық көтеріліс талқандалды.
683 жылы Куфада халифа билігіне қарсы жасырын көтеріліс ұйымдастыру
әрекеті басталды. Бұл көтерілісті ұйымдастырушы - Сулейман ибн Сурад. Олар өздерін тәууәбун, яғни тәубе етушілер деп атады. Уақытында Хазіреті Хусейнді қоймай Куфаға шақырып, Кербалада қоршауға алынған кезінде оған ешқандай көмек бере алмай, оның аянышты өліміне себепші болғандықтан кінәларын мойындап, айыптарын өтеу үшін ұйымдасқан көтерісшілер еді. Сол себепті өздерін тәубе етушілер деп атады. Көтерісшілер 684 жылы ұйымдасқан түрде Кербалада халифа билігіне қарсы шығады. Хусейн ибн Нумайрдың қарамағындағы он екі мың іріктелген халифаның атты әскері Сулейман ибн Сурад бастаған көтерісшілермен шайқасып, тәууәбиншілерді түгел қырып, шиғаларға тағы да соққы береді.
Тәууәбин көтерілісінің ақырын күткен екінші бір көтерілісші Мухтар ибн Әби Убайд әс-Сақафи да халықты халифаға қарсы шығуға, Хазіреті Хусейн мен оның туыстарының өшін алуға үндеді. Атақ пен мансап құмар Мухтар алдымен Мәдинаға барып, Хазіреті Алидің ұлы Мұхаммед Ханафимен кездесіп, әһлу бәйттің өшін алу үшін көтеріліс жасайтынын айтады. Кездесудегі негізгі мақсаты - Мұхаммед Ханафидің көзқарасын білу әрі оның бір ауыз сөзін өз пайдасына қолданып, дегеніне жету. Бірақ ойындағысы болмай, Мұхаммед ибн Ханафиден қолдау таппай кері қайтады.
Куфада өзін күтіп отырған жақтастары алдында абыройын түсірмеу үшін жалған сөйлейді. Ол: Мұхаммед Ханафи мәһдилігін (құтқарушы) жариялады, мен де оның орынбасарымын. Келіңдер, әһлу бәйттің және Кербала оқиғасына қатысы барлардың өшін алайық! - деп жар салды. Бұл үндеу ашулы халыққа қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде көптеген қолдаушы тауып, 685 жылы Куфа әкімімен шайқасып, жеңіске жетеді. Артынша Ирак аймағын өз билігіне алады. Абыройын одан әрі көтеру әрі айтқан сөзін орындау мақсатында Кербала оқиғасына қатысы барларды анықтап, ұстап, өлтіреді. Расында да, оның осы әрекетіне халық ризалық танытты. Мухтарға да керегі сол еді. Ол көздеген мақсатына жеткен соң, өз саясатын жүргізуге тырысты. Кербала оқиғасын пайдаланып, шектен тыс шыққаны үшін Мекке әміршісі Абдуллаһ ибн Зубайрдың қаһарына ұшырап, 687 жылы сәуір айында ордасы талқыланып, шайқаста өлтіріледі.
Кейінірек Зәйд ибн Али ибн Хусейн Умея билігіне қарсы шығып, өзінің халифалығын жариялайды. Бұл Хазіреті Алидің ұрпағынан шыққан алғашқы көтерілісші болатын. Ол да аталары сияқты (аталарынан мақсат Хазіреті Али кезінде орталықты Мәдинадан Куфаға көшірген, ұлы Хусейн де куфалықтардың шықыруымен жолға шыққан) Куфаға барып, жақтаушыларын ұйымдастырды. Куфалықтар халифа әскерімен Майдан даласында бетпе-бет кездескен кезде атасы Хазіреті Хусейнге опасыздық жасағандай оған да опасыздық жасап, Майдан алаңын тастап қашты. Зәйд өзіне берік әскерімен соңғы демі қалғанша шайқасып, 740 жылы Майдан алаңында ерлікпен қаза тапты.
Осы шайқаста Зәйдтің баласы Яхия Майдан алаңынан қашып, Бәлх қаласын паналайды. Хорасан аймағында астыртын үгіт-насихат жүргізіп, қолдаушылар жинайды. Бұл әрекеттерден хабардар болған халифа оны қуғынға
ұшыратты. Яхия бар жиған әскерімен 742 жылы халифаға қарсы көтеріліс жасап, шайқас алаңында қаза тапты. Осылайша умеялықтар Зәйддтің жақтастарын біржолата талқандаған болды [3, 66-72 б.].

1.2 Шиға ағымының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер

Таһирлерден Ғәзнәуилерге дейін Һарун өлгеннен кейін (809 ж.) Әбу Жәғфар Мансур қызынан туған тұңғыш ұлы Мұхаммед Әмин Бағдадта халифа болды. Ирандықтар шиға болғандықтан, Һарунның тағы бір ұлы Абдұллаһқа (лақап аты Мәмүн) қолдау көрсеткен. Өйткені, Мәмүннің шешесі ирандық еді, ол Мервде халифа болып, Әминге қарсы тұрған болатын. Бұл екеуінің арасында жаңадан мұсылман болған Фазл бин Сәһл дәнекерлік жасап жүрді. Әмин Әли бин Исаның қолбасшылығымен Мәмүнді басып тастау үшін Хорасанға әскер жіберді.
Енді Ислам тарихы бойынша құрылған шиғалық сенімді ұстанушы мемлекеттерге тоқталып өтейік. Шиғалар Умея әулетінің билік (661-750 ж.) кезеңінде ешқандайда салтанатпен хандық құру мүмкіндігіне қол жеткізе алмады. Ал Аббас әулеті 750 жылы Умея билігіне қарсы төңкеріс ұйымдастырған кезде шиғаларды шебер пайдалана білді. Бірақ аббасилер билікке келген соң әуелде шиғаларға оң көзбен қарағанымен биліктің тұғырын нықтау үшін саяси қарсыластарын бақылауға алды. Ол тұста негізгі саяси қарсыластарының басым көпшілігін шиғалар құрайтын. Бақылаудың ақыры қуғындауға ұласады. Бұл әрекетке наразы болған шиғалар халифа билігіне қарсы ұйымдасады. Алайда Аббаси халифалары бұлардың алдын алу үшін әһлу бәйт өкілдерін қудалап, аяусыз жазалағандықтан орталықтан алыс өзге аймақтарға қашуға мәжбүр болады. Ол аймақтарда дербес хандықтар құруға қол жеткізеді. Бұл хандықтардың көпшілігі Иран аймағында құрылып, ақырында тәуелсіз шиға мемлекетіне қол жеткізеді. Бұл хандықтардың реті төмендегідей:
1. Идрисилер хандығы. Бұл хандық 788 жылы Хазіреті Хасанның ұрпағы
Идристің басшылығымен Фес қаласында құрылған. 974 жылы Андалусия умеяттары жағынан саяси меншігінен айырылды.
2. Табаристан зәйдия хандығы. 864 жылы Рейлік (қазіргі Тегеран) Хасан
ибн Зәйд Каспий теңізінің оңтүстігінде зәйдия хандығын құрды. Бұл хандықты 1041-1042 жылы Селжук сұлтаны Тұғрул басып алып, Селжук империясының қол астына өтеді. Бірақ саяси белсенділігін одан әрі жалғастыра берді.
3. Фатимит хандығы (халифаты). Исмайлия шиға ағымының Алжирдегі
өкілі Әбу Абдуллаһ Хасан ибн Ахмадтың жүргізген насихаты нәтижесінде қиналған халықты өз жағына тарту мүмкіндігі туды. Шиғалар сол аймақта үстемдікке қол жеткізген соң исмайлия шиға ағымының имамы әл-Мәһди Әбу Мұхаммад Убайдуллаһ Йеменнен Алжирге көшіп келіп, 909 жылы халифалығын жариялайды. Халифаттың атауын Хазіреті Фатима анамыздың құрметіне арнап фатимит деп атады. Олар орталық халифат билігінің әлсіздігін пайдаланып, Мысырды жаулап алды.
Крестшілермен болған шайқастарда батырлығымен аты шыққан әйгілі суннит қолбасшы Салахуддин әл-Әйюби 1171 жылы Мысырға жорық жасап, Фатимит халифатын құлатты.
4. Гилиян мен Дайламандағы шиға хандығы. 932 жылы Әбу Фадл Жағфар
ибн Мұхаммед осы аймақта шиға хандығын құрған. Бұл хандық 1041 жылы исмайлия шиға ағымының қол астына кіріп, саяси үстемдігінен біржолата айырылды.
5. Бууәйхидтер хандығы. Каспий теңізінің оңтүстік жағалай аймағында
ирандық Али ибн Бууәйхи Имамуддәулә 932 жылы Бууәйхид хандығын құрған. Хандықтың күшейгені соншалық Бағдаттағы Аббасид халифасына дегендерін істете алатын деңгейге жетеді. Шиға сенімінде болулары мен Аббасид халифасына өктемдік етулері сүннит сенімін ұстанушы Селжук түрік хандығының оларға қарсы соғыс ашуына ұйытқа болды. Нәтижеде 1062 жылы түріктер тарапынан құлатылып, тарихпен қош айтысты.
6. Бауанди Испахбадтар хандығы. 943 жылы Шәхрияр ибн Шаруин шығыс
Ирандағы Шахрияркух аймағының әміршісі болды. Бұл биліктің өмірі қысқа болып, 1000 жылы әміршілеріне у беріп өлтірілген соң хандық ыдырап кетті.
7. Мазядилер билігі.961-1150 жылдар аралығында Хилла мен Ирактың
оңтүстік батысында үстемдік құрған.
8. Сулейхиттер. 1047-1138 жылдар аралығында Йеменде билік құрған
хандық. Исмайлия шиға сенімін ұстанған бұл әулет билігі Мысырдағы фатимиттерге тәуелді еді.
9. Рассилер. Рассилер 1069 жылдан бастап Йеменде дербес билігін
жариялаған Зәйдия шиға сенімін ұстанушылардан еді. Олар Сана қаласын орталық етіп, сол аймақта билік жүргізді. Зәйдия шиғаларының ең көп шоғырланған мекені - Йемен. Зәйдия шиғалары әлі күнге дейін Йеменде өз сенімдерімен өмір сүруде.
10. Исмайлия сұлтандығы. Хасан Саббах Исмайлия шиғалары Иран өкілі
Ретінде халифаға бас көтеріп, 1090 жылы Казуиндегі Аламут қамалын басып алып, Иран Исмайлия сұлтандығын құрды. Мақсаты - мәңгүрт шиғаларды тәрбиелеп, Иран, Ирак, Сирия және Анадолы (қазіргі Түркия) жерлеріне тапсырмамен астыртын жіберіп, халық арасына бүлік шығару. Бұларды сол кезде батынилер депте атады. Халифа әскерлері қанша рет қамалды қоршауға те атады. Халифа әскерлері қанша рет қамалды қоршауға алғанымен нәтиже шығара алмады. Ақыры 1256 жылы моңғол қонтайшысы Құлағу алынбастай көрінген Аламут қамалын талқандады.
11. Сефевит хандығы. 1502 жылы Иранда имамия шиға сенімін ұстанушы
Исмайл Сефевидің көтеріліс жасауымен Сефевит хандығы құрылды. Ол өз тәжіне он екі қатардан тұратын ораулы қызыл жіп байлады. Бұл он екі қатар жіп имамия шиғаларының он екі имамын білдіреді. Сонымен қатар әскерлерінің бас киімдеріне де он екі қатар қызыл жіпті байлатады. Сол себепті оларды қызылбас деп атаған. Қазақ халқы арасында әлі күнге дейін парсыларды қызылбастар деп атау әдеті осыдан қалған. Шах Исмайл мемлекеттің ресми мәзхабы ретінде имамияны жариялады. Соның әмірімен азанға Әшһәду әннә Алиюн уәлиюллаһ (куәлік етемін Али Аллаһтың досы) сөзі қосылды. Шах бұл әміріне қарсы шыққандарды қатаң жазалап, тіпті өлім жазасына кескен. 1736 жылы Надир шах өз хандығын жариялап, Сефевит хандығын ресми түрде құлатты.
12. Зенд хандығы. 1750 жылы Зенд Керим хан билікке келді. Бұл
хандықтың өмірі қысқа болып, 1779 жылы Керим ханның өлімінен кейін ішкі тақ талас нәтижесінде ыдырады.
13. Кажар хандығы. 1779 жылы Керим хан өлген соң билікке келді. Ол
ХVІІІ ғасырдың аяғында феодалдық Иран еуропалық капиталист мемлекеттердің отаршылдық экспанциясының нысанына айналды. Кажар әулеті билік кезеңі барысында үстем таптарға қарсы күресті. Осы күресте Иран халқына кеңес үкіметі көп көмек берді. 1925 жылы отызыншы қазанда Реза хан көтеріліс жасап, билікке келіп, Кажар әулеті құлатылды.
14. Пехлеви әулеті. Реза хан 1925 жылы таққа келген соң шахтық режимді
орнатты. Реза хан монархиялық Иранды тоталитарлық жүйедегі осы заманғы диктатуралық мемлекетке айналдырып, халықты саясаттан, қоғамдық ұйымдардан, мәдени іс-шаралардан аулақ ұстауды басты бағыт етіп қояды. 1978 жылы желтоқсан айында саяси толқулар болып, шах өршіген көтерілісті баса алмаған соң 1979 жылы 16-шы қаңтарда Ираннан түпкілікті кетеді.
15. Иран Ислам Республткасы. Имам Аятолла Хомейни тарапынан 1979
жылы 12-ақпанда ескі жүйе (режим) құлатылып, Иран Ислам Республикасы дүниеге келді. 1979 жылдың 1-сәуірінде бүкілхалықтық референдум өткізіліп, Иран заңды түрде Иран Ислам республикасы ретінде жарияланды. Бұл республика шиғалардың үлкен ағымы болған имамия идеологиясымен және Аятолла Хомейнидің орнатқан заңдылықтарымен басқарылуда. Қазіргі таңда Иран халқының 95 пайызы шиға сенімінде, пайызы сүннит сенімінде[4, 305-307 бб.].
Міне осындай кезеңдерді өткерген шиғалар тарих бойынша орталық халифа билігіне бағынбай дербес хандықтар құрып, ақырында дегендеріне жетті. Шиғалар өз діни ұстанымдарын дұрыс деп есептеп, көп мәселеде сүнниттермен келісе бермейді. Исламда қайсы бір топ ақида мәселесінде басқаша пікір айтатын болса яки сенімдері өзгелерден бөлек болса, ондай топты фирқа, мәзһаб деп атаған. Сондықтан шиғалар осындай мәселелерді қозғағандықтан, олар да бір мәзһаб болып саналады.

15.3 Шиғалар мен сүнниттердің басты айырмашылықтары

Шиғалардың діни сеніммен құлшылықтарын сүнниттермен, яғни Әһлисунна уал жамағат сенімімен салыстырғанымызда шын мәнінде алшақтықтың бар екендігін көреміз. Ал кей мәселеде шиғалардың шектен тыс кеткендігін айта аламыз. Осындай шектен тыс кеткен мәселелері үшін шиғалар адасушы ағым болып саналады.
1. Шиғалардың сенімі бойынша Хазіреті Али (р.а.) Пайғамбарымыздан
(с.а.с) кейінгі адамдардың ең ұлысы.
Біз сүнниттер мұны қабыл етумен қатар өзге де ұлы сахабалардың бар екендігін, ұлылық тек қана Әлиге тән ерекшелік емес екендігін айтамыз. Хазіреті пайғамбарымыздан (с.а.с) кейін кезегімен Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.), Хазіреті Омар (р.а.), Хазіреті Осман (р.а.) және одан кейін Хазіреті Али (р.а.) адамдардың ең ұлығы деп қабыл етеміз.
2. Шиғалар бойынша халифалық немесе имамдық мәселесі халық
жағынан сайланып, шешілмейді. Халифалық, яки имамдық тағайындау мәселесі ораза, зекет сияқты діни шарттардан (парыздардан) болып саналады. Сондай-ақ, Хазіреті Пайғамбар (с.а.с.) өзінен кейін болатын имамның атын айтып, түсін түстеп білдірген. Бұл кісі де Хазіреті Али (р.а.), Әлиден кейін имамдық пен халифалық оның ұлдары мен ұрпақтарына өтеді.
Сүнниттердің көзқарасы бойынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.с.) көзі тірісінде өзінен кейін ешкімді халифа етіп сайлаған жоқ. Олардың айтқан Ғадири Хум оқиғасы жалған сөздерден тұрады. Халифа сайлау діни парыздардан емес. Кім халифалыққа лайық болса, халық жағынан сайланады. Егер де Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хазіреті Алиді (р.а.) сайлап кеткен болса, науқастанып жатқанда Хазіреті Әбу Бәкірді (р.а.) емес, оны имамдыққа өткізуі керек еді. Халифа немесе имамдық лауазым тек қана Хазіреті Алидің (р.а.) ұрпағына ғана тән, олардан өзге ешкім халифа болмайды деген қағида жоқ, халық кімді қаласа немесе халифалыққа лайық кісі болса сол имам әрі халифа болады.
3. Шиғалардың сенімі бойынша 12 ұлы имам кіші және үлкен күнә
істемейді. Оларды Аллаһ қорғайды және барлық күнәларын кешірген. Пайғамбарлар сияқты күнәдан пәк (мағсум, исмот) сипатқа ие.
Әһли сүннет бойынша пайғамбарлар ғана күнәсіз. Аллаһ тек пайғамбарларға ғана мұндай кеңшілікті нәсіп еткен. Бұл жайында мұсылман ғалымдарының көзқарасы бір болып, ижмамен бекітілген. Сондықтан мағсум (күнәсіз) сипаты тек пайғамбарларға тән сипат болғандықтан басқа барлық адамдап күнә істейді. Аллаһ пайғамбарлардан бөлек имамдар үшін мұндай ерекшелікті танымаған деп бұл пікірмен келіспейді.
4. Шиғалар үшін алғашқы үш халифамен қатар Хазіреті Али (р.а.)
ұрпақтарынан басқа халифалық билікке өткендер залым. Олардан және олардың халифалығымен имамдығын қабыл еткен адамдардан рухани байланысты үзу керек. Егер де осы әрекеттің нәтижесінде өміріне қауіп төнетін болса, биліктегі халифаны қолдап, іштей наразы болып жүре беру керек дейді. Бұл көзбояушы әрекетке тақия (жасыру) деп пәтуа береді. Әһли сүннет бойынша алғашқы үш халифаға тіл тигізу, оларды залым деу күпірлік болады. Өйткені Құранда Аллаһ Тағала олардан разы болғандығын баян етеді:
"إِلاَّ تَنْصُروهُ فَقَدْ نَصَرَهُ اللهُ إِذْ أَخْرَجَهُ الَّذِينَ كَفَرُو اثَانِيَ اثْنَيْنِ إِذْهُما فِي الْغَارِإِذْ يَقُولُ لِصَحِبِهِ لاَ تَحْزَنْ إِنَّ اللهَ مَعَنَا فَأَنْزَلَ اللهُ سَكِينَتَهُ عَلَيْهِ وَ أَيَّدَهُ,بِجُنودٍلَّم تَرَوْهَا وَجَعَلَ كَلِمَةَ الَّذِينَ كَفَرو السُّفلَى وَ كَلِمَةُ اللهِ هِيَ الْعُلْيَا وَ اللهُ عَزِيزٌ
حَكيمٌ " (سورة التوبة ٤۰)
(Тәуба, -40) 100-аят, Фатх -18, 19-аят).
Сонымен қатар Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) тарапынан көзі тірісінде жаннатпен сүйіншіленген және Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.), Хазіреті Омар (р.а.), Хазіреті Османның (р.а.) артықшылығы мен ұлылығы жайында Сахих Бухари мен Сахих Мүслимде көптеген хадис келтірілген. Бұл хадистердің бәрін тізбектеп жазу мүмкін емес. Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ең сүйікті сахабаларына мұндай сөз айту имансыздықтың белгісі. Тек осы үш сахаба емес, басқа сахабаларға да тіл тигізбеу керектігі жайында Әбу Сайд Әл Худриден мынандай риуаят бар: Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: Менің сахабаларымен тіл ұзартушы болмаңдар. Сендердің біреуің Ұһуд тауындай алтынды садақа етіп берсе, сахабаларымның екі уыс құрма садақасының сауабына жетпейді. Тіпті мұның жартысына да жете алмайды (Сахих Бухари 1491-хадис).
Шиғалардың ұлы сахабаларға тіл тигізуі сүнниттер тарапынан қатты сыналғанымен олардың қоятын түрі жоқ.
5. Зәйдия мен Имамия шиғаларының сенімі бойынша үлкен күнә істеген
кісі тәубе етпесе, мәңгілік жаһаннамда қалады.
Әһли сүннет сенімі бойынша мұсылман кісі үлкен күнә істесе, ол діннен шықпайды, тәубе етпесе мәңгілік жаһаннамда қалмайды. Тек қана істеген күнәсінің жазасын алған соң нәтижеде жаннатқа барады. Дәлелдері мына хадис: Жүрегінде бидай, арпа және титтей де иманы болып, Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген кісі жаһаннамнан шығады (Бухари Таухид 33, имам Мүслим 40, имам Тирмизи 18).
6. Шиғалар Мута уақытша некесін халал санауда. Яғни белгілі бір
мөлшерде ақы беріп, бір әйелмен уақытша неке қидырып үйлену немесе төсектес болу. (Өкінішке орай, елімізде соңғы уақыттарда уақытша неке жасаушы мұсылмандар да болып жатады).
Әһли сүннет бойынша мута некесінің жасау харам. Алғашқыда кейбір жорықтарда апталап жүріп қалған кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына уақытша ақы төлеу шартымен некелесуге рұқсат берген. Ал Һижраның 7 жылы (629ж.) мұхаррам айында Хайбар қамалы алынған соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) мута некесіне тыйым салды. Бұл жайында Хазіреті Али былай дейді: Хайбар күні әйелдерді мута әдісімен некелеуге және есек етін жеуге тыйым салды (Сахих Мүслим, 2510 хадис).
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисінде былай деген: Ей, адамдар! Мен сіздерге әйелдермен мута некесін істеулеріңіз жайында рұқсат берген едім. Күмәнсіз Аллаһ мұны қияметке дейін харам етті. Кімнің қасында мута некелі әйел болса, оны еркіне жіберсін. Оларға берген нәрселеріңізді қайтып алмаңдар (Муслим, Никах-22, Ибн Мажа, Никах-44, Дарими, Никах-6, Ахмед ибн Ханбал, ІІІ, 406).
Олай болса уақытша некеге отыру харам болып есептелгендіктен шииттердің бұл әрекетімен келісе алмаймыз.
7. Шиғалар Шах Исмайыл (1502-1524) дәуірінен бері азанға Әшһәду
әннә Мұхаммәдән Расулуллаһ сөзінен кейін Әшһәду әннә Алиян уалиюллаһ (куәлік етемін Әли Аллаһтың досы) сөзін қосып айтады.
Азан һижраның алғашқы жылында 623 жылы Мәсджидул
Нәбәуи - Пайғамбар мешіті салынып біткен соң намазға шақыру үшін айтыла бастады. Бірнеше сахабаның түсінде азан сөзі аян ретінде білдірілсе, Пайғамбарымызға (с.а.с.) уахи арқылы білдіріліп, бекітілді. Содан бері шиғалардан басқа барлық мұсылмандар азанды өзгертпестен сол қалпында айтып келеді. Азан - муәккад (бекітілген) сүннет. Азанға басқа сөз қосу шариғатқа қайшы болып саналады. Шариғатқа қайшы әрекет жасау күнә және адасушылық.
8. Шиғалар дәрет алғанда аяқты жумастан жалаң аяқ үстіне мәсих
тартады. Шиғалардың бұлай етуінің себебі Мәида сүресінің 6-аятындағы
يأَيُّها الَّذِينَ ءآمَنُوإِذا قُمْتُمْ إِلى الصَّلَوةِ فَاغْسِلُواْ وُجُوهَكُم وَ أَيْديَكُمْ إلَى الْمَرَافِقْ وَامسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلى الْكَعْبَيْن.. (سُورَةُ مَائِدَة٦(Ей, иман еткендер! Намазға тұратын кезде беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңда тобыққа дейін жуыңдар) аятындағы أَرْجُلَكُمْ(әржуләкум) сөзін أَرْجُلَكُمْ(әржуләкум) деп оқымастан أَرْجُلِكُمْ(әржуликум) деп оқиды. أَرْجُلَكُمْ (Әржуләкум) деп оқығанда аяқтарыңды жуыңдар мағынасы шықса, أَرْجُلِكُم(әржуликум) деп оқығанда аяқтарыңа мәсіх тартыңдар деген мағына шығады. Осылайша шиғалар дәрет алғанда бет пен қолды жуып, бас пен жалаң аяққа мәсіх тартады.
Әһли сүннет бойынша дәрет алғанда аяқты жуу парыз. Негізінде Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірінің соңына дейін дәрет алғанда аяқтарын жуып өткен және жуғандығы жайында көптеген хадистер бар. Сол хадистердің бірнешеуін келтірер болсақ: Абдуллаһ ибн Амрдан (р.а.) риуаят болды: Пайғамбарымыз (с.а.с) бір сапар кезінде біздің артқы жағымызда қалды. Аср намазын оқитын уақытта бізге жетіп алды. Біз дәрет алып жатқан едік. Біз суды ысырап етпеуді ойлап, аяғымызды дымқыл қолмен сипап мәсіх тартып жаттық. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дауысын қаттырақ шығарып: Тозақ отына азапталатын өкшелерге қасірет! - деп екі, не үш рет қайталап айтты, - деді (Бухари, Муслим, Нәсаи, Ахмад ибн Ханбал риуаяты).
Әбул Хайятәл Уадииден риуаят бойынша: Әли ибн Әбу Талибтің дәрет алғанын көрдім. Қолдарын 3 рет жуды, 3 рет аузы мен мұрнын шайды, қолдарын да үш рет жуды, басын мәсіх етті және аяқтарын 3 рет жуды да: Міне бұл Пайғамбарымыздың дәреті - деді.(Нәсаи, тахарат бөлімі, 114 хадис).
Хумран Маула Османнан (р.а.): Осман (р.а.) ыдыспен су әкеліңдер!
- деді. Содан соң ыдысты үш мәрте еңкейтіп, қолына су құйып, қолын жуды. Кейін оң қолымен ыдыстың ішінен су алып, үш рет аузын, кейін мұрнын шайды, кейін үш рет бетін жуды, кейін екі қолын шынтақтарына дейін үш рет жуды. Кейін басына мәсіх тартты. Одан соң аяқтарын тобыққа дейін үш рет жуды. Кейін: Пайғамбарымыз (с.а.с.): Кімде-кім мына менің алғанымдай етіп дәрет алып, содан соң басқа нәрселерді ойламай, екі рәкат намаз оқыса, оның
өткен күнәлары кешірілер, - деп айтқан, - деді (Сахих Әл-Бухари, 1-том, 113
хадис).
Міне, осыған ұқсас хадистер баршылық. Ал, шиғалар айтқандай Маида сүресінің 6-аяты әлемдегі Құранның бәрінде әрджуликум емес әрджуләкум деп жазылып, оқылуда.
9. Шиғалар үзірсіз бесін намазы мен асрды, шам мен құптан намазын жәм
етіп (біріктіріп) оқиды. Сонда күніне бес уақыт намаз үш уақытта оқылған болады. Әһли сүннет бойынша уақыттың кіруі намаздың парыздарының бірі. Аятта: Намаз мүминдерге белгілі бір уақытта парыз етілді (Ниса сүресі, 103-аят), - деп айтылғандықтан уақытында оқылмаған парыз намаз нәпіл намаз орнына жүреді. Жәбірейіл періште Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.с) бас уақыт намазды қай уақытта оқу керек екендігін үйреткен (Тирмизи, Салат 1149; Әбу Дауд, Салат 2393).
Ханафи мазхабы бойынша еш уақытта екі намаз бірге бір уақытта оқылмайды. Екі намазы біріктіріп оқу тек қана қажылықта болады. Түскі намаз бен асрды түскі намаз уақытында Арафатта, шам мен құптанды құптан намазының уақытында оқылуы керек. Мұның айғағы ретінде мына хадисті келтіреміз: Абдуллаһ ибн Мағсуд риуаяты бойынша: Мен Расулаллаһтың (с.а.с.) бір намазды өз уақытынан басқа бір уақытта оқығанын көрмедім. Тек қана екі намаздан басқа: Арафатта түскі намаз бен асрды, Муздалифада шам мен құптан намазын бірге оқыған еді (Бухари, Хаж 99; Муслим Хаж 288).
10. Шиғалар намаз оқыған кезде таза топыраққа сәжде ету уәжіб деп
санайды. Ал қазіргідей кілемге, жайнамазға, киізге сәжде етуді дұрыс көрмейді. Сондықтан шиғалар топыраққа сәжде ету үшін үш бұрышты немесе төрт бұрышты Кербаланың топырағынан тәбәрік ретінде жасалынған кішкентай қыштарға немесе кішігірім жалпақтау тасқа сәжде етеді. Олар мешітке барғанда қалталарына салған осы қыш немесе тасты сәжде ететін жерге қойып, намаз оқиды және сәжде кезінде маңдайын соған тигізеді.
Әһли сүннет бойынша сәжде тек қана топыраққа яғни жер жынысы болған нәрсеге ғана жасалуы керек деген шарт жоқ. Таза жердің барлығына сәжде жасалады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде былай дейді: Менің үмметіме жер бетінің барлығы мешіт етілді. Олай болса, таза болған барлық жерге сәжде етуге болады.
11. Шиғалар өз сенімдерін өзгелерден, яғни сүнниттерден жасыру үшін
тақия (сенімін жасыру, құпия сақтау) жасау уәжіп. Ал өз араларында тақия жасау күнә. Ақиқатында мұсылман мұсылманнан қала берсе мұсылман емес кісіден сенімін жасыруы екіжүзділікке жатады. Ислам діні тек қана өміріне қауіп төніп тұрғанда ғана сенімін жасыруға рұқсат етеді. Бұл рұқсатта кәпірлер тарапынан зорланған жағдайда ғана беріледі. Бұған байланысты алғашқы мұсылмандардан Аммар ибн Ясирдің өз сенімін жасырып, мүшриктердің зұлымдығынан құтылу оқиғасын айтуға болады. Демек мұсылмандарға қарсы тақия жасау дұрыс емес. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұсында жүрегіндегі сенімін мунафиқтар ғана жасырғандығын естен шығармайық. [5, 8-9 б.б.]
Қазіргі заманда әһлус-сүннә уәл жамағат мазһабына қайшы шиға мазһабы.
2 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ИМАМИЯ МАЗҺАБІ

2.1 Шиға ағымдарының басты бағыттары

Әз. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Әз.Али, оның екі ұлын және оның ұрпақтарын Алланың әмірі, Пайғамбардың өсиеті және тағайындаумен имам болды деп, осылайша он екі имамға сенуді діннің негізі санаған мәзхабты Имамия деп атаған. Бұларды 12 имамды қабыл еткендіктерінен Исна ашария, итиқадта және ғибадатта Жағфар Садықтың көзқарасын ұстанғандықтан Жағфариядеп те атаған[6,99б.].
Шиғалар халифалық пен имамдық мәселесінде ақидаға байланысты өзара түсінбеушілікке барып, түрлі ағым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Шиалық атаудың қалыптасуы
ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ
ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
Қазақстандағы бахаилік ағымы
Ислам құқықтық мәзһәбтары (мектептері) және методтары
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Пәндер