Кинотеатрлар мен прокат салалары



Кіріспе
1.1 Кинотеатрлар мен прокат салаларына сипаттама
1.2 Қайта құру кезеңіндегі киножелінің жағдайы
1.3 Мултиплекстер . жаңа буын кинотеарлары
II тарау. Қазақстан киножүйесі мен прокатының дамуы
2.1 Киножелінің үрдістері мен мүмкіндіктері
2.2Қазақстан кинопрокатының даму бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген елдің өркениеті мен мәдениеті ең алдыменен сол елдің өнерімен өлшенетіні белгілі. Сол сан қырлы өнер салаларының даму деңгейіне, шыққан биігі мен жетістіктеріне қарап, әлем жұртшылығы ол елге баға береді, танып, біледі, құрметтейді. Уақыт керуені өзгеріссіз тұра алмайды. Жылдар тізбегі алмасқан сайын, бір қоғамдық құрылыс келмеске кетіп, орнына екінші бір жаңасы орнығып жатуы заңды құбылыс. Алайда, киноөнерінің, соның ішінде салалары - киножүйе мен прокаттың маңызы зор. Ол уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, өз шырқау биігіне көтеріле береді, өркендеп, қанат жаяды. Мәселенің осындай өзектілігін ескере отырып, диплом жазуда бұл тақырыпты қолға алдым.
Қазақстан егемендігін алып, өзінің көк туын желбіреткеннен бері ұлттық киноөнеріміз бен мәдениетіміз де жаңа бір қарқынмен қарыштай дамып, өркендей түсуде. Осындай бір ұлттық нақыш пен мазмұнға толы ерекше өнер түрі -бүгінгі менің еңбегімнің арқау еткелі отырған кинематография.
ҚРПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында болғанда, шығармашылық ұжымымен кездесіп, жаңа жобалармен, кино өндірісінің үдерісімен танысты. Мәдениет және ақпарат министрлігіне отандық кинематографияның дамуына баса көңіл бөлу тапсырылды, өйткені бұдан 30 жыл бұрын салынған, жабдықтары да әбден ескірген болатын. Ең алдымен техникалық жаңарту талап етілді.
Бүгін де киностудия қазіргі заманғы кинокартиналар өндірісіне кең мүмкіндіктер беретін ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. «Қазақфильм» бүгін де Орталық Азиядағы ең жақсы жабдықталған киноиндустрия орталығына айналды. Киностудия ұжымымен кездесу барысында ел Президенті Қазақстан кинематографтарының алдына жаңа міндеттер қойды.
Кездесуде: «Біз әлемге тек саяси, экономикалық, әлеуметтік салада ғана емес, мәдени, рухани дамуда да зор табыстарға жеткенімізді көрсетуіміз керек , - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.
Біздің мемлекетімізде аудиовизуалды саланың белсенді көтерілуі байқалып отыр. Соңғы бес жыл ішінде кино көрсету желісі дамып, сапалы кинозалдардың саны күрт көбейді.
1. Эпштейн Э. Экономика Голливуда.-М.: Альпина-паблишерз, 2011.
2. Современные проблемы кинобизнеса//Материалы МНПК от 11.04.2012
3. Кокарев И. Е. Российский кинематограф: между прошлым и будущим.- М.: 2000 г.
4. Нөгербек Б. Р., Наурызбекова Г.Қ., Мұқышева Н.Р. Қазақ киносының тарихы. Оқулық. Алматы : «Издат Маркет» 2005ж.
5. ҚР Статистика агенттігі (2006-2011жж.)
6. Нөгербек Б. Р. Біз көріп жүрген фильмдер.// парасат. 2007ж. № 2.
7. Нұржамал Байсақал. Алматыды неге балалар кинотеатры жоқ ? // Алматы ақшамы. № 37. 31.03.2007 ж.
8. Кокарев И. Е. Кино как бизнес и политика.- М.: 2009 г.
9. «DAMU Research Group» Агенттігі, 2012ж.
10. А. Кукаева. Мимо кассы. // Литер. 2007г. 11 январь, 3 (702).
11. Сыбанбай С. Мен қазақ киносына қайран қалам. // Жас қазақ.06.10.06ж.
12. Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуы. Қысқа статистикалық анықтама // ҚР-ның статистика агентігі. Алматы.2006ж.
13. А. Ерланов. Кинорынок и кубок инвестора. // Каз. Правда. 2006г. 19 январь, № 2 (123).
14. Жалладо Э. О французкой системе поддержки кино // Киноман. 2005г. №05.
15. Парфентьева И. Партизанский маркетинг // Мененджер кино. 2006г. №03.
16. Кудряцев С. Кинопрокат за рубежом // Киномеханик. 2002г. №03.
17. О государственной поддержке кинемотографии Российской Федерации. 17 июля 1996 года.
18. Қазақстан Республикасының « Мәдениет турулы» заңы. 15 желтоқсан 2006 жыл, №207.
19. Горюнова Г.Н. Экономика кинематографии. М.: Искусство, 1975г.
20. Булатов И. Е. , Лазерев Ю.А. Организация проката фильмов за границей и технология кинопроизводства. М. : Юнити, 2006г.
21. Иванов О. Кто пойдет в кино: прогназирование поведения зрительской аудитории // Менеджер кино. 2006г. №2.
22. Дондурей Д. Кинотеатры возродят наша кино // Искусство кино. 2003г. №8.
23. Огурчиков П.К.и др. Мастерство продюсера кино и телевидения. ЮНИТИ-ДАНА, М.:2008.
24. К.Келлисон. Продюсирование на телевидении. Минск, Гревцов Паблишер, 2008.
25. Барнуэл Д. Фундаментальные основы кинопроизводства. –М.: AVAbooks 3DCooking, 2010.
26. Сидоренко В.И.Профессия-продюсер кино и ТВ.-М.:ЮНИТИ, 2010.
27. Дэвид К. Ирвинг. Продюсирование и режиссура короткометражных кино- и видеофильмов.-М.:ГИТР, 2008.
28. Косинова М.И.Дистрибуция и кинопоказ в России: история и современность. –Рязань, Ряз.обл.типогр.,2008.
29. Положение о планировании производства художественных фильмов по республиканской бюджетной программе «Производство национальных фильмов» АО «Казахфильм» им.Ш.Айманова. от 12.02.2009г.
30. Макки Р. История на миллион долларов. Мастер–класс для сценаристов. М.:Альпина нон-фикшн, 2010.
31. Криштул Б. Кинопродюсер.-М.: Росийский фонд культуры, 2000.
32. Раззаков Ф. Гибель советского кино (1,2тома). М: Эксмо, 2008.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген елдің өркениеті мен мәдениеті ең алдыменен сол елдің өнерімен өлшенетіні белгілі. Сол сан қырлы өнер салаларының даму деңгейіне, шыққан биігі мен жетістіктеріне қарап, әлем жұртшылығы ол елге баға береді, танып, біледі, құрметтейді. Уақыт керуені өзгеріссіз тұра алмайды. Жылдар тізбегі алмасқан сайын, бір қоғамдық құрылыс келмеске кетіп, орнына екінші бір жаңасы орнығып жатуы заңды құбылыс. Алайда, киноөнерінің, соның ішінде салалары - киножүйе мен прокаттың маңызы зор. Ол уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, өз шырқау биігіне көтеріле береді, өркендеп, қанат жаяды. Мәселенің осындай өзектілігін ескере отырып, диплом жазуда бұл тақырыпты қолға алдым.
Қазақстан егемендігін алып, өзінің көк туын желбіреткеннен бері ұлттық киноөнеріміз бен мәдениетіміз де жаңа бір қарқынмен қарыштай дамып, өркендей түсуде. Осындай бір ұлттық нақыш пен мазмұнға толы ерекше өнер түрі - бүгінгі менің еңбегімнің арқау еткелі отырған кинематография.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы Ш.Айманов атындағы Қазақфильм ұлттық киностудиясында болғанда, шығармашылық ұжымымен кездесіп, жаңа жобалармен, кино өндірісінің үдерісімен танысты. Мәдениет және ақпарат министрлігіне отандық кинематографияның дамуына баса көңіл бөлу тапсырылды, өйткені бұдан 30 жыл бұрын салынған, жабдықтары да әбден ескірген болатын. Ең алдымен техникалық жаңарту талап етілді.
Бүгін де киностудия қазіргі заманғы кинокартиналар өндірісіне кең мүмкіндіктер беретін ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Қазақфильм бүгін де Орталық Азиядағы ең жақсы жабдықталған киноиндустрия орталығына айналды. Киностудия ұжымымен кездесу барысында ел Президенті Қазақстан кинематографтарының алдына жаңа міндеттер қойды.
Кездесуде: Біз әлемге тек саяси, экономикалық, әлеуметтік салада ғана емес, мәдени, рухани дамуда да зор табыстарға жеткенімізді көрсетуіміз керек, - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.
Біздің мемлекетімізде аудиовизуалды саланың белсенді көтерілуі байқалып отыр. Соңғы бес жыл ішінде кино көрсету желісі дамып, сапалы кинозалдардың саны күрт көбейді. Сонымен қатар спутник, кабельді арналардың экономикалық және шығармашылық күші тұрақталу арқасында эфир кеңістігі де ұлғайды. Қазіргі көрермендер мәтіннен гөрі көзбен қабылданатын образдарды таңдайды. Сондықтан да сапалы, драматургиясы мен визуалды қатары бойынша бағалы, толымды экран өнімдерін жасау қазіргі қоғам үшін маңызды іс.
Қазіргі көрермендер аудиториясында жүргізілген социологиялық зерттеулер бойынша кинематограф өнердің басқа бағыттарымен салыстырғанда басым екені анықталды. Аудиовизуалды өнімдердің шығару көлемі өсіп жатыр. Жаңа студиялар, продюсерлік орталықтар, жаңа сериал бірлестіктері пайда болуда.
Продюсерлік салаға тек қана интуиция сезіміне жүгінбей, негізгі кәсіби біліміне білімі бар, отан және шетел нарығында бәсекеге қабілетті жанры бойынша түрлі аудиовизуалды өнім шығара алатын мамандарды дайындау - маңызды жұмыс.
Диплом жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеудің пәні - республикадағы киножүйе мен прокатының қалыптасуы мен дамуы. Нысаны - еліміздегі кинотеатрлар мен прокат ұйымдарының жұмыс істеу жағдайы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты-кино көрсететін және оны прокаттайтын ұйымдардың нарық жағдайындағы рөлін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыс жазу барысында мынандай міндеттер қойылды:
-кинотеатрлардың пайда болу тарихын сипаттау;
-киножүйе мен прокаттың жұмысын талдау;
-шет ел нарығымен салыстыру;
-көрермендерді фильм көруге тарту бойынша жасалатын іс шаралар;
-кинонарық жағдайын зерттеу.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс: аңдатпадан, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, 35-әдебиет тізімінен, 7-кестеден, 2-диаграммадан, 4-қосымшадан, 80-бет компьютерлік мәтіннен құралған.

1.1 Кинотеатрлар мен прокат салаларына сипаттама

Әлемде ең бірінші кинотеатрды ағайынды Люмьерлер ашқан. Бұл тарихи оқиға 1895 жылы Париж қаласында болды. Сол кезде көрсетілген тұңғыш фильм Пойыздың келуі деп аталатын. Көңіл көтерудің мұндай қызықты түрінің төрткүл дүниеге тез тарағаны соншалық, келесі жылы-ақ АҚШ пен Еуропаның ірі қалаларының тұрғындары кино көре бастады.
Кинотеатр - көпшілікке кинофильмдер көрсетуге арналған ғимарат, не ғимараттың бір бөлігі. Ол экран тұрпаты бойынша кең пішімді, кең экранды, әдеттегі, стереоскопиялы дөңгелек панорамалы болып келеді. Кинотеатр залдарының құрамына қарай: бір, екі, 8-10 залдық кинотеатр; арналуы мен қызметіне қарай: балалар, ересектер кинотеатры, деректі фильмдік, қайта көрсетілімдік кинотеатр болып бөлінеді. Кинотеатр ғимараты көрермендер залы, аппараттық, әкімшілік бөлімдерден тұрады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда небәрі 13 жеке меншік кинозал (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола, Қостанай және Ақтөбеде) болды. Верныйда тұңғыш кино 1910 ж. "Марс" кинотеатрында көрсетілді. Кинотехниканың өте төмен дәрежеде болуы, өлкенің экономикалық жағынан артта қалуы, әрі халықтың сирек орналасуы себепті фильмдер ара-кідік көрсетілді. Кино өндірісі болмаса да оның белсенді насихатшылары болды. Солардың бірі - Әліби Жангелдин еді.
Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, сол сапарынан Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиалық, тұрмыстық мәні бар 40 шақты таспа мен жылжымалы кинопроектор алып келіп, халыққа көрсетті. Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы кинотеатрлары 20 ғ-дың 30-жылдары салына бастады. Бұл кезеңде Алматыда "Алматы" (қазіргі 28-гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта), Қарағандыда "Қазақстан" (қазіргі Қазақ драма театрының ғимараты), "Шахтер", Қызылордада "Амангелді" секілді кинотеатр ғимараттары бой көтерді. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап кинотеатрлар, негізінен, бір тұрпатты жобамен салынды. Алматыдағы "Алатау" (1960), "Арман" (1968), Кино үйі (1971), "Байқоңыр" (1980), т.б. Кинотеатрлар, Астанада 1990 ж. аяғы мен 2000 ж. басында бой көтерген жаңа кинотеатрлар осы заманғы ең озық кинотехникамен жабдықталған әсем ғимараттар қатарына жатады
Кинотеатр жұмысының негізі болып техникалық жоғары сапалы, оңтайлы ұйымдастырылған мәдени дейгейде фильм көрсету. Көрермен мен фильм кинотеатр жұмысшыларының әрқашанда назарында болуы тиіс. Фильмді дұрыс таңдау, пайдалы жарнама, фойеде көрермендерге қосымша мәдени шаралар ұйымдастыру, жүйелі тәртіп, тазалық - кинотеатр жұмыстарының сапалық және экономикалық нәтижесінің шешімі болып табылады.
Өз уақытында мазмұнды және пайдалы жарнама көрермендердің фильмге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, кинотеатрға бару санын жоғарылатуға септігін тигізеді. Экранға алғашқы рет шығайын деп отырған фильмнің жарнамасымен сол студия айналысады да, кейіннен кинотеатрлар оны толықтырып, соңғы нұсқасын жасайды.
Жарнаманың ең көп тараған түрі болып фасадтық жарнама саналады. Ол көбінесе жарық техникасы мен көрермендерге көркем өрнектер арқылы жүзеге асырылады.
Көрерменді фильмге дайындаудағы ең бір маңызды шаралардың бірі болып кинотеатрдың мәдени - ағарту жұмысы болып саналады. Бұл жұмыстардың нышаны мен мазмұны әртүрлі болады: фойеде фильм тақырыбына байланысты көрмелер ұйымдастыру; көрермендерге фильмнің шығармашылық тобымен немесе сыйлы, атақты өнер адамдарымен кездесулер өткізу; көрермендерді фильмге байланысты жазылған рецензиялармен таныстыру және т.с.с.
Қазіргі уақытта кинотеатрлардың ең қолданысқа ие және көп тараған жұмыстарының бірі болып сол алғашқы құттықтау сөздер мен көрмелер болып табылады. Егер де фильм біздің елдің тарихы немесе халқы жайлы болатын болса, онда әрқашанда көрермендерді бұл фильммен таныстырып өтуі тиіс. Таныстыру сөзі 10 - 15 минуттан аспауы керек.
Көрмеге материалдар ретінде мыналарды пайдалануы мүмкін: фильмнің фотокадрлары; актерлер мен фильм қоюшыларының портреттерінен бөлек олардың биографиялық мәліметтері; сахналы-сәндеменің нобайлары; костюмтердің үлгілері; сахна мүлкінің заттары; музыкалық партитуралар және тағы басқалар. Болашақта жергілікті мәдени орталық болып саналатындықтан, кинотеатрлар әрдайым сол жергілікті компаниялардың саяси және шаруашылық жұмыстарынан хабардар болуы тиіс. Кинотеатрлар көрермендермен кейбір тарихи күндерге байланысты мәдени шаралар өткізгенде олардың мәні мен мағынасын өз кинорепертуарларында көрсете алу керек. Осыған көмек ретінде кинофестивальдарды ұйымдастыру да қарастырылады.
Кинофестивальдардың негізгі мақсаты - аз уақыттың ішінде белгілі бір тақырыптық мазмұны бар деген ең күшті фильмдерді көрсету. Кинокөрсетілім фестивальда оқылған лекция немесе баяндамалармен үйлесімді болғаны жөн. Кинофестивальдар көпшілік қауымға арналумен қатар көрермендердің кейбір жеке топтарына, мысалға: өндірістің жеке салаларының жұмысшыларына, жастарға арналуы мүмкін.
Кинотеатрдың экономикалық өмірі оның бюджеті есебінен реттеліп отырады. Бюджеттің кіріс бөлігі билетті сатудан түсетін ішкі өнім алымы есебінен жиналады. Жалпы жиналған өнімнен мемлекеттік салық пен прокаттық төлемді алғаннан кейінгі қалған бөлігі жоспар бойынша кинотеатрдың пайдалану мұқтаждықтарына жұмсалады. Егер бюджеттің кіріс бөлігі оның шығын бөлігінен асып түссе, онда кинотеатрға пайда да түскені. Ал егер де эксплуатациялық сметаға байланысты үнемділік жасалса, онда жоспардан да тыс пайда түседі деген сөз.
Жекелеп алғанда кез - келген кинотеатрлардың эксплуатациялық шығындары бір - бірінен атаулық (номенклатура) бабы мен ақша айналымы бойынша ажыратылып отырады. Есептеу жүйесінің негізінде эксплуатациялық шығындарды 4 бөлімге бөлінеді. Олар:
-негізгі кино көрсету шығындары;
-көрермендерге мәдени қызмет көрсету шығындары;
-әкімшілік - басқару шығындары.
Кез - келген шығынның құрамы, көлемі ең біріншіден, сол кинотеатрдың өз ерекшелігіне байланысты. Ерекшелік деп отырғанымыз олардың орналасуы, көрермендер орнының саны, разряды мен жұмыс тәртібі.
Киножүйе - кинематографияның ең негізгі салаларының бірі. Ол кинотеатрлардан, кино көрсететін клубтардан, сонымен қатар басқа да мәдени - көпшілік және жылжымалы киноқондырғылардан тұрады. Киножүйенің негізгі міндеті - репертуарлық талаптары негізінде құрылатын жоспарға сәйкес жоғарғы техникалық деңгейде фильмдерді көрсету. Киножүйе мамандары көрермендермен үлкен мәдени - саяси жұмыстар жүргізеді, кинофестивальдар ұйымдастырады, техника мамандарымен әртүрлі кездесулер өткізеді. Мұндай іс - шаралар киноның идеологиялық рөлі мен тиімділігін көтеруіне өз ықпалын тигізеді.
Киножүйе - кинематографияның капиталды көп қажет ететін саласы. Осыдан басқа, жыл сайын киножүйенің қажеттіліктері кинематографияның жалпы шығындарының 70 % құрайды. Біздің елдегі киножүйенің капиталистік елдердегіден айырмашылығы, оның дамуы табыс табумен байланысты емес, керісінше халықтың рухани қажеттіліктерін қағаттандырумен байланысты.
КСРО - да жүзеге асырылған кинофикация процесінің негізгі мақсаты - барлық қала және ауыл аймақтарына кино көрсету қызметімен қамтамасыз ету болатын. Осы процестің негізінде ауылдық киножүйе құрылды. Ол жалпы елдегі кинотеатрлар мен киноқондырғылардың 85 % құрайды.
Киножүйе материалдық өндіріс саласы емес, себебі онда табиғи формада материалдық құндылықтар өндірілмейді. Киножүйе белгілі бір төлемге байланысты тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кинофильмді көрсету - бір уақытта техникалық және өндірістік процесс болып саналады. Осы процесстің нәтижесінде белгілі бір құнға ие қызмет (киносеанс) құрылады, себебі оның өндірісіне таза шығын көлемі мен еңбек жұмсалады, сонымен қатар бұл қызмет түрі тұтыну құнына да ие.
Осыған байланысты киножүйе мамандарының еңбегі өндірістік еңбек болып саналады, ал киножүйенің өзі өндірістік сипатқа сай келетін қызмет сферасы болғаны. Жоғарыда айтылғандай, кинематографияда шығармашылық және өндірістік - техникалық процестер мен мәселелер бір - бірімен тығыз байланысты. Шығармашылық пен өндіріс, өнер, техника мен экономика бір - бірімен байланысты болуы, кинематография мәдениеттің бір саласы ретінде ерекшеленеді. Бұл ерекшелік киностудия жұмыстарында байқалады.
Кинематографияның тағы бір ерекшеліктерінің бірі - фильмді өткізу нышанында. Бұл ерекшелік мынада: фильм көрермендерге сатылмайды. Кинотеатрларға билет ала отырып көрермен тек осы мекеме көрсететін қызметке құқығы бар. Ол қызмет түрі - фильм көрсету. Осы қызмет түрі мен фильмге барушылардың саны фильмнің белгілі бір өнер туындысы ретіндегі сапасына тікелей байланысты. Осы көз - қарастан шығатыны - фильмнің пайдалану мүмкіншілігі шектеулі емес. Оларды кез - келген көлемде тиражын дайындауға және сеанстарға беруге болады. Сеанстар көлемі мен көрермендер саны фильмнің өнер туындысы ретінде оның сапасы мен құндылығына байланысты болады.
Киножүйе кәсіпорындары орналасқан жеріне қарай дифференциалданады: қалалық және ауыл - аймақтық кинотеатрлар; жүргізетін шаруашылығына қарай; киноаппараттардың түрлері мен фильм көшірмелерін көрсету форматына қарай; эксплуатацияның талаптарына қарай; стационарлық және қозғалмалы; жұмыс тәртібіне қарай; әрдайым жұмыс істейтіндер және белгілі бір жыл мезгіліне байланысты істейтіндер.
Кинофикация деңгейі мына төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
а) 1 мың тұрғынның үлесіне тиетін көрермендер орны;
ә) кинотеатрлардағы көрермендер орнының орташа көрсеткіші.
Өз кезегінде КСРО қалалық киножүйе күніне орташа 6,2 сеанс берген. Осыған қарап қалалық кинотеатрлардың жұмыстары жоғарғы қарқында жүргізілгенін көрсек болады. Ауылдық жерде қалай ? Күніне орташа 1,6 сеанс, ауданда - 2 - 3.
Киножүйенің экономикалық функциясы мынада: ол киноға деген билеттерден түсетін ішкі өнімді өндірістің шығындарын жабуға, фильм көшірмелерін көбейтуге, кинопрокат пен киносетті қаржыландыруға жұмсайды және кинодан салық жинау арқылы қор құрады.
Киножүйе дамуының бастапқы белгілері:
1) тұрғындар саны (ересектер мен балаларды бөлек - бөлек есептегенде);
2) бір жылдағы бір көрерменнің киноға бару деңгейіне құрылған есеп;
3) кинотеатрлар мен киноқондырғылардағы көрермендер санының мөлшері;
Бұл жоспарда (2-қосымша) мына мәселелерде талқыланады:
-жұмыс күнінің мөлшері, ересектер мен балаларға арналған фильмдердің мөлшері, кинотеатр жағдайы, көрермендер саны;
-экономикалық көрсеткіштер - фильмдердің орташа бағасы, билеттерді сатудан түсетін орташа түсім, кино көрсетуден түсетін салық, шығындар.
Көрермендер санын неғұрлым көтерсе, соғұрлым сол кинодан түсетін пайданың мөлшері де көп болады. Әрқашанда билеттердің орташа бағасы мен көрерменедерден түсетін орташа бағаны ажырата білу керек. Билеттердің орташа бағасы негізінен түсетін жалпы соманы (билеттерді сатудан) көрермендердің санымен анықталады.
Кино көрсетуден түсетін салық жалпы соманың көлеміне байланысты ставкаларға негізделеді. Билеттерді сатудан түсетін ішкі өнім келесі жолдармен бөлінеді (жұмсалады): қаражаттың бір бөлігі кинодан жиналған салық ретінде мемлекеттік бюджетке бағытталады. Келесі бір бөлігінен прокат қоры толықтырылып отырады. Қалған қаражат пайдалану шығындарын жабуға және пайда көздерін табуға жұмсалады.
Дайын фильм - фильм өндірісі саласының көлемі немесе өнімі - кинокөшірме фабрикаларының негізгі жұмыс көзі болады. Кинопрокаттың бекітуі бойынша олар (фабрикалар) фильм көшірмелерін дайындайды. (сапасына қарай 300 - ден 2000 - ға дейін барады). Фильм көшірмелері кинематографияның келесі саласы - кинопрокатқа түседі.
Кинопрокаттың конторлары мен бөлімдерінде кинобағдарламалар болады. Олар: көркемсуретті, деректі, ғылыми - көпшілік кинокөшірмелерінен тұрады. Бұл бағдарламалар жоспарға сәйкес кинотеатрларға, клубтарға, яғни киножүйенің алғашқы жұмыстары жүргізіле бастайды. Ал кинотеатрлар немесе бекітілген тариф бойынша сеансқа билет сатып алатын көрермендерді таныстырады.
Билеттерді сатудан түсетін қаражат кинемотографияның жалпы өнімін құрайды. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік бюджетке, прокат төлем қорына және эксплуатациялық шығындарды өтеуге, киножүйенің пайда көзін құруға жұмсалады.
Кинопрокат киностудияларға фильмдерді өткізілетін баға бойынша төлеп, смета құнын, жоспарлы пайда мен сапасы үшін қосымша төлемді де ескереді. Осындай есеп - шот жүйесі киностудияларға шығындарды жабуға және пайда табуға мүмкіншілік береді. Жергілікті конторлар мен бөлімшелер кинокөшірме фабрикаларына кинокөшірмелерді өндірістің ортақ бағасы бойынша төлейді, бұл баға көшірме фабрикаларына кинокөшірмесін дамытуға септігін тигізеді.
Кинемотография салаларының бір - бірімен осылай экономикалық жағынан байланысуы болашақта фильмдердің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрермендерге қызмет көрсетуге, шаруашылыққа байланысты есептерді дұрыс жүргізуге және жұмыстардың экономикалық тиімділігін көтеруге де септігін тигізеді.
Кинотеатрлардың экономикасына келетін болсақ, көпшілік ойын кинематография саласына жатпайтын қосымша пайда көзіне бұру керек. Оған мысал: буфет. Егер Ұлттық Ассоциацияның мәліметіне жүгінетін болсақ, кинотеатрлардың салық төлеуге дейінгі таза табысы жалпы кассадан түсетін табыстың 15 % - ке дейінгі мөлшерін құраса, осы көлемнің ішіндегі буфеттерден түсетін пайданың мөлшері 10 - 20 % құрайды және де буфеттегі товарлардың өзіндік сатылу бағасының (розничная цена) 20 - 30 % ғана тең болады.
Осы себепке байланысты буфеттен түсетін таза пайданың көлемі шексіз болады немесе бұл табыс көзінің үлесі өте үлкен. Кинотеатрлардың дамуы және киноға барушылар санының өсуі КСРО - да үлкен дәрежеге жетті. Соңғы жылдары кинотеатрлар тек саны жағына ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан да дамып келеді.
Қалалық киножүйені дамыту жоспары, ең біріншіден, қалалардағы кинофикация деңгейін көтерумен тікелей байланысты. Барлық қалаларда кинотеатрлар мен клубтар бар, соған байланысты киноқызметін көрсету жағдайыда жасалынған. Бірақ, соған қарамастан дамып келе жатқан қалаларды, өндірістік оталықтарды кинофикацияның объектілері ретінде қарауға болмайды.
Қазіргі уақытта қалалардың өзіндегі кинотеатрлардың жағдайы мәз емес. Сондықтан да әрбір салынып жатқан кинотеатрларды қалалық аймақтың киноқызметінің дамуы ретінде қарастыруымыз керек. Қалалық киножүйенің даму жоспарын қарастыра отырып (2-қосымша), оның жұмыс істеу мерзімінің әртүрлі екенін ұмытпауымыз керек.
Мысалы, жыл бойы істейтін кинотеатрлар болады және ең көп сеанстар солардың үлесіне тиеді, ал енді демалыс үйлеріндегі және клубтардағы киноқондырғылар белгілі бір күндерде ғана және істейтін, көрсетілетін фильмдердің саны шамалы ғана болады. Сондықтан халықты көрермендер орнымен қамтамасыз етілуін анықтау үшін белгілі бір көрсеткіштер керек: бұл көрсеткішті анықтау үшін қолда бары әр түрлі аудару коэффициенттермен көбейтіледі.
Ал, бұл коэффициенттер болса мынадай тәсілдермен анықталады: жоғарыда көрсетілген кино көрсету орындардағы көрермендер орнын жыл бойы істейтін кинотеатрлардағы орындарға бөлу. Орта есеппен бұрынғы Кеңес Одағындағы киножүйеде мынадай аудару коэффициенттері пайдаланылған: жаздық кинотеатрлар мен кино алаңдарында - 0,14, жыл бойы істейтін кәсіподақ клубтарында - 0,28, кәсіподақтарға қарасты жаздық кино алаңдары мен киноқондырғылары - 0,15.
Кинотеатрлар мен киноқондырғылардың жұмысын жоспарлау - бұл облыстық, қалалық жерлердегі кинофикацияның басқарылуын жоспарлау. Киножүйенің жұмысын жоспарлау бір айға, бір тоқсанға және бір жылға есептелінген кесте бойынша құрылады .
Өте мықты және кең түрде дамыған клубтық кино құрылымдардың жүйесі - киножүйенің ең бір ғажайып ерекшеліктерінің бірі. 1941 жылы 20 мың стационарлық киноқондырғылардың 23 бөлігі клубтардың еншісіне тиді. Клубтық киножүйе бірнеше кинотеарлар жүйесін толықтырады, ал кейбір шалғайдағы ауылдарда фильмді тек клубтардан ғана көруге болады. Ұлы Отан соғысына дейін әрбір 5 қалаға орташа 2 кинотеатр мен 8,3 клубтық киноқондырғыдан келіп отырады. Егер де қала маңындағы ауылдар мен қала тектес поселкелерді алып тастасақ, онда бір қалаға орташа Кеңес Одағы бойынша 1,7 кинотеатр мен 6,9 клубтан келіп отырды.
Осыған орай қаладағы кинотеатрларды ыңғайлы, жан - жанжақты етіп және жаңа аппараттармен жабдықтау - ең негізгі мәселелердің бірі. Ол үшін мәдениет басқармасының жұмыстарын жақсарту керек. Негізгі назарымызды ауылдағы кино жағдайына және жалпы театрлардың республика, облыс, аудан көлемінде бір деңгейде, бір дәрежеде дамуына көңіл аударуымыз керек. Ауыл аймағындағы киножүйенің даму жоспарын құрастырғанда ол жайлы жан - жақты хабардар болу керек. Мысалы: мекен - жайлардың саны, олардағы тұрғындар саны, ауылдар арасындағы қашықтық, аудан ішіндегі көлік жағдайы, өндіріс орындарының орналасуы және жалпы ауданның экономикалық дамуы.
Ауыл жерлеріндегі кинофикацияның деңгейі тұрғындар санымен, яғни бір фильмге баратын адам санымен анықталады. Жылжымайтын (стационарлық) киноқондырғы дегеніміз - бұл киноқондырғылардың негізгі түрі. Нақты уақытта олар ауылдағы кинофикацияға пайдаланады. Жылжымайтын киноқондырғылардың жұмысы негізінен сол аймақтың мәдени және рухани сұранысына байланысты жұмыс істейді.
Маршрут - қозғалмалы киноқондырғылардың оперативті жоспары.
Киноқондырғылардың эксплуатациялық шарттарының ең негізгісі болып дұрыс жол бағытын құрастыра білу, яғни өз жұмыс тәртібін құрастыру. Бұдан басқа, жол бағыты қозғалтқышқа жергілікті пунктердің белгілі бір санына байланысты бірнеше тапсырмаларда береді - сеанстар бойынша, көрермендер және жалпы түскен өнім бойынша.
Басқаша айтқанда, жол бағыты - киноқозғалтқыштардың белгіленген жоспарлы уақытына байланысты өндірістік тапсырмасын анықтайды. Сол себепті бұл құралдардың жұмысын жол бағытынсыз жоспарлау мүмкін емес.
Киноқозғалтқыштардың жол бағыты әртүрлі болады (кольцевой, линейный, узловой) және сонымен бірге уақыт ұзақтығы бойынша бір - бірінен ерекшелінеді.
Сонымен қатар киноөндірісі - кинопрокат - кинокөрсету тізбегіндегі соңғысы, әсіресе экономика тұрғысынан алғанда, шешуші рөл атқарады, яғни осы жерде фильмнің баға нарығы қалыптасады. Бұл аталған тізбек арасындағы нарықтық қарым - қатынастың қалыптасуына қандай жағдай кедергі болды ?
Сөзсіз, кино көрсетуден кейін (олардың қатарына кинотеатрларды, бейне - салондарды, клубтарды жатқызуға болады) кинобейнеөнімдердің қозғалысы тоқтамайды, себебі тізбекті жалғастырушылардың бірі көрермендер. Көрермен ақша арқылы дауыс бере отырып, фильмнің тұтыну құнын анықтайды. Басқаша айтқанда, кинотеатр кассасы барлық кинопроцеске қатысушылардың өз үлесін анықтайды. Бірақ та 1992 жылға дейін билеттердің бағасы орталықтан бекітіліп отырды, ал бұл өз кезегінде кинематографияда қалыптасып келе жатқан нарықтық механизмнің тиімділігін төмендетті.
Осы процестердің негізінде тұтыну секторындағы бағаны босату мәселесі қарастырыла бастады. Еркін бағаның қалыптасуына фильм көрсету шығындары да себеп болды. Қазіргі уақытта біз киноөнімдеріне деп қалыптасқан баға нарығы ешкімді де таңқалдырмайды. Сонда жоғарыда айтылған құрылымда кинотеатрдың алатын орны қаншалықты ?
Киножүйе көп уақытқа дейін прокаттың құрама бөлігі болып есептелді. Оның экономикалық, қаржылық мүнкіншіліктері жайлы сөз де болған жоқ. Әрине, бұл жағдай сол кездегі орталықтандырылған әкімшілік жүйемен түсіндіріледі. Киноөнімдердің тізбегі бойынша фильм қозғалысы жоғарғы органдардың жоспары бойынша іске асырылды, сол себепті осы көзқарас тұрғысынан кинопрокат пен киножүйенің біріктірілуі жаңалық емес.
Соған қарамастан кинематографияда жаңа экономикалық қарым - қатынастар пайда бола бастады. Қазіргі уақытта бұл процесс өз соңына жетті десек де болады және жеке меншікке байланысты көптеген сұрақтар шешілгеннен кейін прокаттың өз экономикалық деңгейі нақты анықталады. Бүгін де қарастырылатын екі мәселе бар.
Біріншіден, кинотеатр өз ғимаратын жалға кинопрокатқа бере отырып, фильмді көрсету қызметін атқарады. Соған байланысты жоғарыда аталған екі субъектінің арасында өзара келісім болады. Бірақ та кинотеатр прокаттың саясатына тәуелді болғандықтан, бұл жерде ол пассивті қызметті танытады.
Екінші жағынан, өз репертуарын құрастыруда кинотеатр прокаттан тәуелсіз болуы керек деп ұсынады. Киножүйе енді тек қана жақсы фильмдерді таңдай білуі тиіс, яғни үлкен пайда алып келетін фильмдерді. Сондықтан да келісім - шартта негізгі орынды фильм көшірмесі алады. Фильмді көрсеткені үшін кинотеатр түскен пайданың белгілі бір пайызын прокатқа төлеп отырады. Бұл жағдай бірнеше залдары бар қалалық кинотеатрларға лайық, себебі олар кино нарығында өздерін жеке субъект ретінде көрсете алады.
Жалпы қазіргі жағдай Америка құрама штаттарының кинематографиясында болған процестерге өте ұқсас, бірақ та Америкада кинематографияның экономикалық құрылымы бірнеше жылдар бойы құрылса, біз бұл этаптардың барлығын санаулы жылдар ішінде өтуіміз керек.
Фильмді өткізуден түскен пайдаға үш қарсылас таласуы мүмкін олар: продюсер, прокатчик және кинотеатр иесі. Жалпы алғанда бұл үштіктің қарым - қатынасы экономикалық жағынан: өндіруші, көтерме саудагері. Бұл үштіктің әр қайсысы өз мүдделерін қорғағанымен, олар бір - бірінсіз жұмыс жасай алмайды. Барлығы да маңызды функцияларды орындайды. Көп өндіру мен өткізуде кинематография пайда табуға және біріккен ірі бірлестікті құруға ықпал етеді, трест құрылады тігінен (по вертикали) осы үш саланы да қамтиды.
Ең бірінші продюсер пайда болды. Алғашқыда кинематографияның арнайы кинотеатрлары болған жоқ. Эдисонның ойынша, киноны жәрмеңкеде көрсету, кез келген біреу киноаппаратты сатып алып, көргісі келген адам ақшасын төлеп, көре береді. Алғашқы кезде кино үшін арнайы көрсету орны болмады. Ең бірінші кинотеатр Калифорнияда 1902 жылы ашылды. Бұған дейін арнайы залда киноны үзбей көрсетуге кинофильмдер жетпейтін.
Киноны жалға алып, кез келген орындарда немесе спектакль біткеннен кейін көрсете беретін. Арнайы кинофильмді көрсетуге арналған ғимараттардың тез салынуының себебі өрттің жиі болғанынан. Өрттің ең шу көтергені - 1897 жылы Париждегі базарда 1800 адамның қаза тапқаны. Бұдан кейін кинотеатрларды саларда қатаң өрт сөндіру ережесі енгізілді.
Фильмді сату орнына прокат жүйесі енгізіліп, бәрі ретке келтірілген соң делдал пайда болды, яғни прокатшы. Енді продюсер фильмдерін прокатшыға жалға бірнеше жылдарға беретін болды. Ал, прокатшы оны көрсетушіге береді. Прокатшы өзіне барлық міндетті мойнына алады және авторлық құқықты қорғауды да. Продюсер негатив пен бірінші позитивке жауап береді. Қалған барлық жұмысты прокатшы істейді, ол фильм көшірмесін жасау үшін жарнамаға, афишаға арнап қаржы табады және ақпарат құралдарымен келіссөздер жүргізеді.
Прокатшы көшірменің көрсетушіде болатын мерзімін қадағалап отырады, алған күні мен қайтаратын күніне дейін. Бұл жұмыстардың бәрі де керек, кейде өз қаржыңды да жоғалтуға тура келтіреді. Продюсердің атқаратын міндеті белгілі, ол қаржыландырады, сценарийді таңдайды, картинаны түсіруді ұйымдастырады және жоспарлайды, қызметкерлерді ынталандырады, өндірісті басқарады, яғни театрда импресарио не істесе, ол да сол жұмыстарды атқарады.
Фильмді көптеп өткізу процесінде өндірісті, прокатты және көрсетуді бір - бірімен байланыстырып қана қойған жоқ, сонымен бірге дамытты. Өндіру мен прокаттың қосылуы пайдаға байланысты болды, фильмнің үздіксіз өндірілуінен біздің көзіміздің жеткені, бір фильмді өндіру және түсіру бір графикпен жүру, үнемдеу мүмкін емес екенін көрсетті. Бірақта үнемдеу үшін фильм топ-тобымен өндірілуі тиіс еді.
Өндіруші мен прокатшының одағы әр түрлі жағдайда пайда болады. Кейде прокатшы кинорыноктан өзін қанағаттандыратын баға бойынша фильмді, өндірушіні іздейді және осы киноның арқасында ақша табуды көздейді. Ал кейбір жағдайда өндіруші прокатшының іздейді. Бұл өзара байланысты тізбек, яғни тізбектің буындары өндіруші - прокатшы бір-бірін әрқашан іздейді, алайда егер өндірушінің фильмі мықты әрі беделді фильм болса, онда оны прокатшылар іздейді, ал өндіруші өзінің фильмін барынша табысты көрсететін прокатшыны табуды ойластырады. Сонымен бірге прокатшы да бір жағынан, жақсы фильм шығаратын, ал екінші жағынан - оны қанағаттандыратын баға бойынша прокатшыға беретін өндірушіні тапқысы келеді. Бұл адамдар әрқашан бір-біріне қажет адамдар. Демек, егер өндірушінің қолында блокбастер болса, ол прокатшыны іздемейді десе де болады, ол прокатшы келіп жақсы шартты ұсынатынын күтеді. Ол қай прокатшыны таңдайтынын да біледі, сөйте тұра егер сол прокатшының шарты өзіне ұнамаса, онда ол фильмді басқа прокатшыға беруі мүмкін. Рынокта өзін-өзіне әбден сенімді және өзі фильмсіз қалмайтынына сенімді прокатшы, өндірушілердің соңынан жүгірмей, өзіне келетін өндірушіні күтуі мүмкін. Барлығы өндіруші мен прокатшының деңгейіне байланысты.
Өндіруші сценарий сатысында да өзіне прокатшыны іздеуі мүмкін, мұндай жағдай идея туындаған кезеңде де кездеседі. Бұл үшін идея бүкіл әлемде көптеп таралған идеяның кезекті көрінісі емес, ол бірегей идея болуы тиіс. Ал үлкен тарихи және мәдени құндылығы бар картина белгілі тақырып, кітап, жоба бойынша түсірілетін болса, бұл жағдайда прокатшымен идея деңгейінде ынтымақтастық жасасуға болады. Сонымен бірге, прокатшы идеяны дамытуға, сценарийді жазуға ақша салып, қаржылай қатыса алады. Ресейлік прокатшылар мұндай іске әлі араласып көрген жоқ, ал әлемдік практикада мұндай жағдай таралған.
Әлемдік практикада фильмді алдын-ала сату presale - фильмді алдын-ала сату сияқты практика қолданылады. Алдын-ала сату идея, сценарий деңгейінде, сондай-ақ өндіріс сатысының басында, ортасы мен соңында жасалуы мүмкін. Алайда, әдетте, неғұрлым фильм үздік болса, ол аяқталатын сәтке қарай сатылады, прокатшы да соғұрлым көп ақша төлейді.
Мұны үйдің құрылысымен салыстыруға болады: үйдің құрылысы әлі басталмаса - ол бір бағамен, құрылыстың аяқталуы жақындаса - метрдің бағасы да жоғарылайды, ал үйдің құрылысы аяқталып, үй пайдалануға берілгенде, бірнеше пәтер қалса, онда пәтердің бағасы одан да жоғары болады. Өндіруші мен прокатшынының арасында да дәл осындай жағдай қалыптасады.
Аз уақыт ішінде фильмнің прокаттын қайталап отыру көп пайда әкелетінін көрсетті. Кеңес Одағы кезінде кино көрсетуді тек прокат ретінде түсіндік, әуелі көрерменге кинокөрсету, киноны ұсыну деген ұғым да болмады. Киноны көрерменге ұсынудың мәні - оның ар жағында экономикалық есептің жатқанын түсінбедік.
Жалпы киноөндірісі - кинопрокат - кинокөрсету, яғни көрерменнің талқысына салу - осы үш бөлікті бір - бірінен бөлу мүмкін емес, әсіресе соңғы 3 - ші циклі біз ойлағандай қарапайым, еш талас - пікір тұдырмайтындай көрінгенімен, негізінде осы цикл соңына дейін белгісіз, аяқ - асты жағдайға көнбіс, бүкіл кеткен шығынның қайту - қайтпауы өте күмәнді, яғни, экономикалық тұрғыдан беймәлім еді.
Сондықтан киноөнерінің бұл соңғы фазасы алдыңғы екеуінің туындысы яғни, бұл кезеңде көрген киноның эстетикалық - әлеуметтік талғамына орай рынок заңына байланысты көрерменнің ойынан шықса ол деген қаржы яғни, көрермен шығынданады, ойынанан шықпаса көрермен ақша төлеп кино көрмейді, ол деген осы кинотуындыны түсіруге жұмсалған қаржының қайтпауы. Ол үшін алдын - ала көрерменге деген ұсыныс болуы керек және ол әртүрлі болғаны жақсы соңғы таңдауды ол өзі шешеді.
Бұл үшін әртүрлі департамент құрылып - олардың мақсатымен ойы бір жерде тоғысуы керек. Мысалы: Голливудтағы маркетинг бөлімі үшін, жарнама бөлімдері ең маңыздысы, әр кино прокаттың консепсия бөлімі міне, осы бөлімдерсіз ешқандай кинокомпанияның күні жоқ болашағы бұлыңғыр шынын айтқанда, ар - намысы.
Қысқасы, жоғары да аталған бөлімдерсіз кинотуынды миллиондаған көрермен жүрегіне жол тауып әртүрлі сезімге бөлей алмайды. Негізінде кинотеатр иелеріде кинокомпанияларда өздерінің жекеше кинотеатрлары бола тұрып шыққан фильмдерге қожалық ете алмайды.
Кинофильм көрерменге дейін дайын дүниені кинотеатр иелері әуелі лицензиясын сатып алады, яғни өз кинотеатрда көрсету үшін кинопрокат бөлімінен олар өз кезегінде оны киноны түсірген подюсерден мерзімді уақытқа және келісілген -шарт бойынша сатып алады. Осы жолдардан өткеннен соң ғана, ол дүкендегі нан тәрізді көрерменге сатылады. Сондықтанда Кеңес заманында рынок болмаған соң, тек орталықтандырылған бір ғана кинопрокат болды. Бәрін орталық өзі билеп, өзі шешетін осы жағдайда кез келген кинофильмнің пайда, шығынын есептеп көрермен бас қатырмайтын, ол мүмкін де емес еді.
Прокатшы мен көрсетушінің арасындағы қатынастар.
Егер прокатшының жалғыз ғана бір фильмі немесе белгілі бір фильмдер пакеті болып, өндіруші осы картинаның прокатқа қоюға мүдделі болса, онда прокатшы кинотеатрға барады. Жылына төрт рет өткізілетін кинорынок болады, мұнда кинокөрсетілім қызметкерлері кино прокатшылардың жақын арадағы жылдарға арналған бағдарламаларымен танысып, өздерінің кинотеатрларда қандай фильмдерін қоятыны жөнінде шешім қабылдайды. Егер көрсететін нәрсе болса, фильмді кинотеатрда оның өндірісінің аяқталуына бір жыл қалғанда да көрсетуге болады. Кино көрсетушілерге сізде бір жылдан кейін картинаның болатынын түсіндіріп, оны фильмнің идеясымен, осы жобаға қатысатын жұлдыздармен қызықтыру қиын. Осының нәтижесінде кинотеатр сіздің картинаңызды кинотеатрларда межеленген мерзім бойы көрсететін болады. Ұзақ мерзімді ескере отырып, прокатшы меморандум ретінде қол қоятын айырбастау хатына қол қояды. Келісімнің мәтінінде сіз картинаны Х кинотеатрына прокатқа беруге, ал кинотеатр осы мүмкіндікті қарастырып, n айдың ішінде шығарылым жөніндегі шарттарды талқылауға міндеттенеді.
Сіз картинаның алты айдан кейін шығатынын білсеңіз, прокатшы кинотеатрмен келісім жасасады. Егер сіздің кинотеатрлармен барлық жалпы негізгі шарттар айтылған келісіміңіз болса, онда сіз шығарылымның мерзімі мен шарттары туралы қосымша келісімге қол қоясыз. Прокатшы тарапынан да, сондай-ақ көрсетуші тарапынан да бас тартылған жағдайда келісімдегі айыппұл санкциялары қарастырылғандықтан, келісімді өзгертуге болмайды.
Дегенмен, әдетте шарттың ережелерінде кинопрокатшы мен киноны көрсетушіге де картина шыққанға дейін бір ай қалған шектерде сол немесе басқа фильмнің прокатынан бас тартуға мүмкіндік беріледі. Көрсетушінің пікіріне сәйкес фильмнің жарнамасы нашар болса, ол фильмді қоя алмайды, алайда осы тармақты келісімде айтып өтіп, осыған жол бермеуге болады. Барлық кинопрокатшылардың шарттары әр түрлі жасалады. Алайда Тәуелсіз кинопрокат ұйымдары альянсы ауқымында (ТКҰА) кинотеатрлармен келіссөз жүргізуге оңай болу үшін шарттарды біршама сәйкестендіру қажет екені талқылануда. АҚШ-та осындай ұйымдар өздері жұмыс істеген алғашқы жылдары фильм сатудың осындай нормаларын (жалпы ережелер) әзірледі. Рынокқа қатысушылардың барлығына түсінікті пысықталған келісім бойынша анағұрлым оңай болды. Кейін осы келісімге сол немесе басқа фильмнің ерекшеліктерімен байланысты шамалы нақтылау енгізілуі мүмкін.
Студиядағы өтіп жатқан түсірулерде түсіру тобы қызметкерлерінің өз кезегін күтіп бір орнында тұрғандары. Ең бірінші: тақырыпты таңдау оны сценариге айналдыру, қаржыны ойластыру, өткізу, актерлерді таңдау, студия жалдау, смета жасау, түсіру графигін құру және техникалық қызметкерлерді жұмысқа алу. Одан кейін түсіру, монтаж және дубляждау, содан соң бірінші позитивті жасау керек.
Мұның бәрі әр маман иелерінің атқаратын жұмыстары, кейбіреулері бір уақытта жұмыс істеуі мүмкін, бірақ көбінесе бір - бірін күтумен болады. Байқайтынымыз кинематографияда тұрақты жұмыстың жоқтығы фильмнің өндірісіне байланысты, бұл үнемдеу көп зиян әкелді. КСРО-да кинопрокат жүйесін қайта құру кезеңі күйретіп кетті деп пайымдау ол мүлдем қате пікір. Өзі де 80-жылдары адам саны азайып - біржақты қатып қалған идеологияның шоқпарына айналып, экранда зор адамгершілікпен, гуманизмнен туындаған парасат, пайым өлшемі көрермен көңілінен шықпай - шықпа жаным шықпамен күн кешкенін бәріміз білеміз.
Екіншіден, жариялық кезінде шекара ашылып елге келген бейнефильм тасқыны Кеңес киносын мүлдем таптап тастады. Біздің экран бәсекелестіктің шаңына ілесе алмай қалды. Үшіншіден, әсіресе СОКП ОК тараған соң - телеэкран ешкімнің көңіліне, қас-қабағына қарамай-ақ шетелдің киноларын бірінен соң - бірін көрсете берді. Міне, осылай кинопрокаттың қадірі жоғалып - кейінгі ұрпаққа тарих болып қалды.

1.2 Қайта құру кезеңіндегі киножелінің жағдайы

Көркем өнердің кез-келген түрі үгіт-насихат құралына айналып, қырағы цензурасы бар социалистік реализмнің тар шеңберінде болса да пәрменді жұмыс істеп жатты. Елдегі көп жылғы қалыптасқан экономикалық қатынастың өзгеруіне орай рухани байлығымыз да жұтай бастады. Марксизм-ленинизм қалқа болудан қалған соң, ақпарат құралдарын, шығармашылық одақтарды, баспасөзді мемлекет есебінен қаржыландыру тоқтаған соң, олар да осылардың кебін киді. Осыдан келіп экранды арзан қолды детективтер, кісі өлтіру, тонау мен зорлаудың әліппесін үйрететін бейнефильмдер легі басып кетті.
Осы кезде Кеңестік киноның батыстағы көштен 40-50 жылға артта қалғаны белгілі болды. Киномотография Одағы ештеңеге жарамсыз, қабілетсіз және киноөнеріне, өндірісіне, прокатына ықпалы жүрмейтін бейберекет құрылым екені белгілі болды. Тар шеңберге симай жүрген талай талант иелері мұхит асып кете барды. Оның үстіне Кеңестік қоғам өнердің кез келген түріне саясаттың ноқтасын салып шектеп ұстады. Киноөндіріс пен кинорынок бір-біріне байланысқан құрылым болмады, екеуінің ара қатынасын тек басқару жүйесі биледі. КСРО-дағы кинопрокатта 250000 адам істесе, ал киноөндірісінде 33000 адам еңбек етті.
Кинематография Одағы прокаттың маңызын бағаламады. Ақшаның көрерменнен түсетінін, ол үшін оны қызықтыру керек екендігі, жарнамалау үлкен шығынды керек ететінін, киноөндірістің тұтынушысы халық екенін ұсыныс пен сұраныстың қажет ететінін пайымдай алмады. Қайта құру кезеңінде Кинематография Одағының талай хатшылары ауысқанмен, бірден істің оңға басуы қиын болды. Кино өнері үшін сырттан инвестиция тарту, жеңілдетілген салық белгілеу, түскен пайданы өзінің дамуына қалдыру, оның үстіне Голливуд өнімдерінен қорғану, осы сияқты бас қатырар жұмыстар көбейді. Осы жерде Ресей үшін ең алдымен Европалық Одақпен бірігу, содан үйрену өте маңызды еді. Голливуд Англия, Германия тәрізді өркениетті елдердің 70-80 % экранын иелік еткен олар, Ресей рыногын бәйгеге түспей-ақ алатын.
Америкадағы 60 жылдардағы кинотеатр мен прокат иелерінің бөлінуі кинобизнеске жаңа көзқарас әкелді, ол жандана түсті. Өмірге мултиплекстер келді, бұл әлі Ресей үшін таң еді, киноөнеріне бизнес көзі ретінде қарау сұраныс пен ұсынысты кинонарығында осыларды түсініп, анықтап алу жағы ақсап тұрды. Әртүрлі ұсыныс, пікірталас кезінде киноөндірісін Госкиноның қанатының астынан шығарып, жергілікті басқару органдарына берейік - деген де сөздер болды. Салықты алып тастау ұсынысы үлкен талас тудырды, кейбіреулері киноөнеріне қатысы бар дегендердің бәрін бір шатырдың астына жинайық десе, енді біреулері ауылдық жерде тек бейнефильм жүрсін деген ойларды айтып жатты.
Дегенмен айтылған ой-пікір таластан ештеңе шықпай, сол айтылған жерде қалды. Әлі де болса кинонарығы көп адамға таныс емес еді. Кинотеатрды жекеменшікке беруді айтуға ешкімнің дәті жетпеді, ол емес - ау жалға беру туралы сөз қозғау қылмыс істеумен бірдей еді. Ол ұлттық өнерді силамау, ұлттық мәдениетті қорлау деп бағаланды. Одан да есік, терезесі бітеліп, аузына құлып салынсын, бізге енді капитализмді көрсетпесін деген ұрандар да айтылмай қалған жоқ.
Ал 1990 жылдары шет елде мултиплекстер пайда болып дыбыс, стерео жаңа технологияға негізделгенде Ресей киносы әлі бесіктен щықпаған бала күйінді еді. Киноөндірісі - мемлекеттің ұлттық деңгейдегі құрамы дегенінен ештеңе өнбеді, себебі прокат орталықтан басқарылып мемлекеттің қолында қалсын деген шешім өзгермеді. Дегенмен продюсерлерге кино түсіруге шектеу болмады.
Студия мен прокаттың ара жігі ашылмады, егер кино көрерменге ұнамай, қоймада жатып қалса, кеткен шығынның орны толтырылсын деген нұсқауларда болды.
Госкиноның бір саласы Совэкспортфильм шетелдегі елшіліктердің қоластында күн кешіп ол Кеңес фильмдерін шетке шығарудан не пайда тауып елге қандай қызмет атқаруда - бұл бір жарияланбайтын жабық тақырып болды. Қайта құру кезінде перде аздап ашылып, Советтік фильмдер шетелдің экранында көрсетіліп елге біраз валюта әкелді. Студиялар Совэкспортфильмге серіктес болуға ұсыныс жасады, сонымен бірге Совет фильмдерінің экспортынан түскен пайданың 30 % -ын бюджет, 20 %-ын Совэкспортфильм, 50 %-ын студиялар алсын, деген ұсыныстарын Совэкспортфильмнің басшысы Олег Руднев қабылдамады. Делдалдықты мойындамаған Мосфильм шетел рыногына өз бетінше шықпақшы болғанымен, ол тек ниет ретінде қалды.
Совэкспертфильмде қарап қалмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Технологиялық карта туралы ақпарат
Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
ТУРИЗМ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АЛЫП ШЫҒАР ЖОЛДАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау
Видео прокат жүйесінің автоматтандырылған моделін құру
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Өндірістік емес сала
Сервистегі анимациялық қызметтер
Пәндер