Психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу



Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама – қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл- Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Психология
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды - сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - псюхе (жан), екіншісі - логос (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны жан туралы ілім демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал - жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне - бірі қарама - қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой - пікір, талас - тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл- Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой - өрісі, сана - сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сиптта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау - түйсіктегідей бір анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализаторлардың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Ес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы
Психология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері
Психология саласы
Психологияның шығу тарихы, қысқаша шолу
Психологияның ой пікірлері
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Психика мен сана мәселелері
Қазiргi заманның психология мiндеттерi
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психологияны оқыту әдістерінің типологиясы
Пәндер