Қазақстан суқоймаларындағы (Балқаш көлі, Арал (Кіші Арал) теңізі, Жайық өзені) кәсіптік маңызы бар тұқы балықтардың қазіргі жағдайдағы гельминтофаунасы



Қазақстан ішкі су көздеріне өте бай. Атап айтсақ Каспий, Арал теңіздері, Балқаш және Зайсан көлдері мен Алакөл көлдер жүйесі, Орал, Іле, Ертіс, Сырдария, Тобыл өзендері, Бұқтырма, Шардара, Қапшағай су қоймалары және т.б. Сонымен қатар балық шаруашылығына арналған көптеген тоғандар мен уылдырық алу шабақ өсіру шаруашылықтары құрылған.
Балық адам үшін ең маңызды белоктық тағамның бірі болып табылады. Жер шарында адамдардың санының артуына байланысты балықты пайдалану да соғұрлым артып, елімізде балық қоры азаюда. Осыған байланысты адамдар рационалды балық шаруашылығын ұйымдастырып, олардан максимальды, жоғары сапалы өнім алуды көздейді.
Ғылыми негізге сүйеніп құрылған, әрі балықтардың тіршілік жағдайын жете біліп, ұйымдастырылған балық шаруашылығы, аулаудың жоғары мүмкіншілігіне ие болады. Түрлі зиянкес факторлардың әсерінен балықтардың саны азайып отырады. Осыған басты себеп балықтар түрлі аурулардан өлім-жітімге ұшырауы.
Ауру организмнің әртүрлі зиянды факторлардың әсерінен физиологиялық функцияларының өзгеруіне қорғаныш күштерінің әлсіреуіне реакциясы. Ауру организмінде үлкен өзгерістер болады: зат алмасуы бұзылады, өсу қабілеті төмендейді, балықтардың қозғалысы өзгереді. Балықтар қоректенбейді, бұл организмнің тозуы мен балықтың өлуіне әкеліп соғады.
Балықтардың ауруларының классификациясы этиологиялық негізіне яғни аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың аурулары екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және жұқпалы емес.
Жұқпалы ауруларды инфекциялық және инвазиялық деп екіге бөліп қарастырады, оларды вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және паразиттік тіршілік ететін жануарлар (қарапайымдылар, гельминттер, паразиттік тіршілік ететін шаяндар және сүліктер) қоздырады.
Жұқпалы емес аурулардың қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт өзгеруі нәтижесінде (судың температурасының өзгеруі, оттегінің аз немесе көп мөлшері, токсикалық (улы) заттарымен судың ластануы және т.б., дұрыс емес қоректенудегі зат алмасудың бұзылуы, авитаминоз, жарақаттардың және т.б. әсерінен болады [1].
Табиғи, жасанды сондай-ақ тоған шаруашылықтарында балықтарда диплостомоз, постдиплостомоз, тетракотилез, клиностомоз, лигулез, диграммоз сияқты қауіпті аурулар кездеседі. Мұндай ауруларды таратушы балықжегіш құстар (шағала, қасқалдақ, құтан) болып табылады. Мұндай ауруға шалдыққан балықтардың, өсу қабілеті баяулайды, қондылығы, тауарлық сапасы төмендейді, балықтың өлуіне әкеліп соғады. Кейбір әдебиет көздерінде осындай аурулардың алдын алу үшін балықжегіш құстардың санын реттеп отыру қажеттілігін айтады. Алайда, қазіргі кезде құстардың кейбір түрлерінің жойылу қаупі төнуіне байланысты, бұл мәселенің шешімін басқалай жолмен іздестіру, мысалы жасанды суқоймаларда аурудың алдын алу, ауру туғызатын қоздырғыштармен күресу оң нәтиже береді. Сонымен қатар сол суқойманың гидробиологиялық жағдайын өзгерту, барлық санитарлық алдын-алу ережелерді қадағалау және қоздырғыштың биологиялық тізбегін үзу немесе улы химикаттар арқылы да күресуге болады.
1 Головина Н. А., Стрелков Ю. А., Воронин В. Н., Головин П. П., Евдокимова Е. Б., Юхименко Л. Н. Ихтиопатология. - М.: Мир, 2003. – С. 3-180.
2 Решетникова А.В. Паразиты заболевания сазана в прудах Цимлянского нересто-выростного хозяйства и мероприятия по борьбе с ними./ гр. Волгоградск отд. Гос.н.-и. Ин-та оз. и речн. рыбн. х-ва, 1965. №1. – С. 191-200.
3 Комарова Т.И. Гельминты промысловых рыб дельты Днепра. / Тр. Укр. респ. научн. о-ва паразитологов. 1964, № 3, - С. 77-89.
4 Османов С.О. Новые данные о гельминтах рыб Узбекистана. / ӨзССР Илимлер Акад. Қарақалп. фил. хабаршысы, Вестн. Каракалп. фил. АН УЗССР. 1964. №2 (16), - С. 38-42.
5 Османов С.О. О некоторых заболеваниях рыб Узбекистана. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 106-107.
6 Убайдуллаев К. Паразиты молоди основных промысловых рыб Аральского моря. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 134-137.
7 Бричук П.Ф. Ботриоцефалез карпов и сазанов в водоемах Киргизии. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 41- 42.
8 Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.К., Омарова Ж.С. Паразитология. - Алматы, 2011. - Б.7-11.
9 Смирнова К.В. Паразиты рыб водоемов Балхаш-Илийского бассейна // Болезни рыб и меры борьбы с ними. - Алма – Ата: Наука, 1966. - С. 125-130.
10 Бутенко Ю.В. Значение пресноводных моллюсков в распространении трематодозов рыб в Южном и Юго-Восточном Казахстане. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 46.
11 Диарова Г.С. Основные болезни прудовых рыб и борьба с ними в условиях юга Казахстана. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 81.
12 Енгашев В.Г. Сезонная и возрастная динамика инвазирования лещей личинками контрацекум. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 88.
13 Тленбекова Н. Паразиты рыб бассейнов оз. Балхаш и Алакольской группы озер в связи с реконструкцией ихтиофауны: автореф. … канд. биол. наук:. 03.00.19. – Алма-Ата, 1980. 27 с.
14 Жатканбаева Д. Роль рыбоядных птиц в распространении гельминтозных заболеваний среди рыб. //Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С. 91.
15 Ахметова Б. К эпизоотологии кавиоза карпов в Алма-атинском прудхозе. / /Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма-Ата: Наука, 1966. – С.15.
16 Смирнова К.В. Паразитофауна судака озера Балхаш // Биологические основы рыбного хозяйства на водоемах Средней Азии и Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1966. - С. 136-138.
17 Каирова Н.К. Паразитические инфузории у некоторых рыб Балхаш-Алакольского бассейна // Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. - Алма-Ата: Кайнар, 1974. - Вып. 8. - С. 188-190.
18 Смирнова К.В. Материалы по паразитофауне рыб – случайных вселенцев в Балхаш-Илийский бассейн // Рыбные ресурсы водоемов Казахстана и их использование. - Алма-Ата: Кайнар, 1974. - вып. 8. - С. 192-193.
19 Катышева С. К вопросу о паразитофауне сома озера Балхаш // Биологические основы рыбного хозяйства республик средней Азии и Казахстана. - Балхаш, 1967. - С. 160-161.
20 Сапарова Г.А. Паразиты рыб низовьев р. Урал: автореф. … канд. биол. наук:. 03.00.19. – Алматы, 2004. 28 с.
21 Жумабекова Б.К. Паразиты рыб Казахстанского Прииртышья: автореф. … докт. биол. наук:. 03.00.19. – Алматы, 2009. 35 с.
22 Васильков Г.В. Гельминтозы рыб. –М.: Колос, 1983. – С.19-29.
23 Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, №1, 2004. –Б.[7-100]
24 Головина Н. А., Стрелков Ю. А., Воронин В. Н., Головин П. П., Евдокимова Е. Б., Юхименко Л. Н. Ихтиопатология. - М.: Мир, 2003. – С. 3-180.
25 Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002. Б. 299-300.
26 stud.kz/sms/satipalur/792
27 Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А., Есжанов Б.Е. Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері. - Алматы, Қазақ университеті, 2009. Б. 234.
28 Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. / Под. ред. Т.К. Кудекова. – Алматы: Каганат, 2002. – С. 21-22.
29 Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. / Под ред. А.Б. Самаковой. – Алматы: Каганат, 2003. - С. 257-266.
30 Пономарева Л.П., Шаухарбаев Д.С., Лопарева Т.Я. Гидрохимические показатели и фитопланктон как индикатор трофности оз. Балхаш и водоемов нижней дельты р. Или // Рыбохозяйственные исследования в Республике Казахстан: история и современное состояние. Сб. науч. Тр. КазНИИРХ. – Алматы: Бастау, 2005. – С. 367-370.
31 Шарапова Л.И., Горюнова А.И., Воробьева Н.Б., Киселева В.А., Куликов Е.В. К истории гидробиологических исследований в Казахстане (1959-2004 г.г.). // Рыбохозяйственные исследования в Республике Казахстан: история и современное состояние. – Алматы: Бастау, 2005. – С. 380-381.
32 Садуакасова Р.Е. К характеристике зоопланктона оз. Балхаш. В Кн. Тез. докл. конф. - Фрунзе: Илим, 1968. - С. 126.
33 Воробьева Н.Б., Лопарева Т.Я., Асылбекова С.Ж., Сироткин М.Н., Исбеков К.Б. Шаухарбаев Д.С., Пономарева Л.П. Современное состояние и перспективы экосистемы оз. Балхаш в связи с предполагаемыми водохозяйственными проетами КНР. // Рыбохозяйственные исследования в Республике Казахстан: история и современное состояние. Сб. науч. тр. КазНИИРХ. – Алматы: Бастау, 2005. – С. 338-342.
34 kk.wikipedia.org/wiki/
35 Дельта реки Урал и прилегающее побережье Каспийского моря / Под ред. М.Ж. Бурлибаева, Л.Я. Курочкиной, В.А. Кащеева, С.Н. Ерохова, А.А. Иващенко. – Астана, 2007. – С. 19-195.
36 1referat.kz/biologiya-valeologiya.../aral-tenizinin-zerttelui.html
37 Хорикова М., Димеева Л.А., Оябу Т., Цуяма И., Моримото Ю., Ишида Н. Оценка изменений водно-болотных угодий низовий Сырдарьи и возможность их реабилитации. //Тр. Барсакельмесского Запаведника. – Алматы, 2007. – Б. 95-99.
38 ru.wikipedia.org/wiki/Аральское_море
39 Жадин В.И., Герд С.В. Реки, озера и водохранилища СССР их фауна и флора. – М., 1961. – С.
40 Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб. –Л.:ЛГУ, 1939. – С. 64-73.
41 Воробьева Н.Б. Питание основных промысловых рыб оз. Балхаш. Тез. докл. конф. Фрунзе: Илим, 1968. - С. 37-38.
42 Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. / Под. ред. Т.К. Кудекова. – Алматы: Каганат, 2002. – С. 21-22.
43 Воробьева Н.Б., Лопарева Т.Я., Асылбекова С.Ж., Сироткин М.Н., Исбеков К.Б. Шаухарбаев Д.С., Пономарева Л.П. Современное состояние и перспективы экосистемы оз. Балхаш в связи с предполагаемыми водохозяйственными проетами КНР. // Рыбохозяйственные исследования в Республике Казахстан: история и современное состояние. Сб. науч. тр. КазНИИРХ. – Алматы: Бастау, 2005. – С. 338-342.
44 Цыба К.П. К биологии восточного леща из оз. Балхаш. Тез. докл. конф. - Фрунзе: Илим 1968. - С. 166-167.
45 Рыбы Казахстана. Том 2. – Алма – Ата: Наука, 1987. – Б. 50-69.
46 Серов Н.П., Анциферова Т.И. Обыкновенный жерех в Балхаш-Илийском бассейне. Тез. докл. конф. - Фрунзе: Илим, 1968. - С. 130-131.
47 Мусселиус В.А. Лаборатрный практикум по болезням рыб. М., 1983. – С.5-252.
48 Быховская-Павловская И. Е. Паразиты рыб // Руководства по изучению. - Л.: Наука, 1985. 120 c.
49 Определитель паразитов пресноводных рыб фауны СССР /Отв. ред. А.В. Гусев. Л.: Наука, 1985. - Т. II. - 424 с.
50 Определитель паразитов пресноводных рыб фауны СССР /Отв. ред. О.Н. Бауер. Т. Л.: Наука, 1987 - Т. III. - 582 с.
51 Ванятинский В.Ф., Мирзоева Л.М., Поддубная А.В. Болезни рыб. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – Б. 141-183.
52 Османов С.О. Паразиты рыб Узбекистана. – Ташкент.: Изд. ФАН Уз ССР, 1971. 580 с.
53 Тленбекова Н. Паразиты рыб бассейнов оз. Балхаш и Алакольской группы озер в связи с реконструкцией ихтиофауны: автореф. … канд. биол. наук:. 03.00.19. – Алма-Ата, 1980. 27 б.
54 Смирнова К.В., Каирова-Тленбекова Н. Паразитофауна леща в промысловых водоемах Казахстана. // В сб. Природно-очаговые болезни и вопросы паразитологии в республиках Средней Азии и Казахстана. – Душанбе, 1969. – Вып. Y. – С. 184-186.
55 Смирнова К.В. Паразиты рыб водоемов Балхаш-Илийского бассейна // Болезни рыб и меры борьбы с ними. – Алма –Ата.: Изд. Наука КазССР, 1966. – С. 125 - 130.
56 Көшкімбаев С.С., Сатыбалдиева А.С. Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі балық паразиттері туралы // Жаршы, - 2009. №8. – С. 53-55.
57 Агапова А.И. Паразиты рыб водоемов Казахстана. – Алма–Ата.: Наука, КазССР, 1966. – Б. 50 – 290.
58 Ванятинский В.Ф., Мирзоева Л.М., Поддубная А.В. Болезни рыб. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – Б. 141-183.
59 Смирнова К.В., Каирова-Тленбекова Н. Гвоздичник Khawia sinensis НSU у рыб Балхаш-Илийсского бассейна. //Сб. работ Казахстанского филиала ВТБО. – Алма-Ата, 1970. С.40-46.
60 Догель В.А. и Быховский Б.Е. Фауна паразитов рыб Аральского моря. // Паразитол. сб. ЗИН АНСССР. М. – Л, Изд. АН СССР, - 1934. – Т. IY. - С.163-275.
61 Вопросы паразитологии Аральского моря. /отв. ред.Османов С.О. – Ташкент, ФАН Узбекской ССР, 1976. –Б.43-50.
62 Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева А.С. Кіші Арал теңізі балықтарында кездесетін желбезек паразиттер // Хабаршы, - 2012. №1(33). – Б. 50-52.
63 Омарова Ж.С., Сатыбалдиева А.С. Орал өзенінің сағасында кездесетін балықтардың гельминтофаунасы // Хабаршы, - 2012. №1(33). – Б. 115-117.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан ішкі су көздеріне өте бай. Атап айтсақ Каспий, Арал теңіздері, Балқаш және Зайсан көлдері мен Алакөл көлдер жүйесі, Орал, Іле, Ертіс, Сырдария, Тобыл өзендері, Бұқтырма, Шардара, Қапшағай су қоймалары және т.б. Сонымен қатар балық шаруашылығына арналған көптеген тоғандар мен уылдырық алу шабақ өсіру шаруашылықтары құрылған.
Балық адам үшін ең маңызды белоктық тағамның бірі болып табылады. Жер шарында адамдардың санының артуына байланысты балықты пайдалану да соғұрлым артып, елімізде балық қоры азаюда. Осыған байланысты адамдар рационалды балық шаруашылығын ұйымдастырып, олардан максимальды, жоғары сапалы өнім алуды көздейді.
Ғылыми негізге сүйеніп құрылған, әрі балықтардың тіршілік жағдайын жете біліп, ұйымдастырылған балық шаруашылығы, аулаудың жоғары мүмкіншілігіне ие болады. Түрлі зиянкес факторлардың әсерінен балықтардың саны азайып отырады. Осыған басты себеп балықтар түрлі аурулардан өлім-жітімге ұшырауы.
Ауру организмнің әртүрлі зиянды факторлардың әсерінен физиологиялық функцияларының өзгеруіне қорғаныш күштерінің әлсіреуіне реакциясы. Ауру организмінде үлкен өзгерістер болады: зат алмасуы бұзылады, өсу қабілеті төмендейді, балықтардың қозғалысы өзгереді. Балықтар қоректенбейді, бұл организмнің тозуы мен балықтың өлуіне әкеліп соғады.
Балықтардың ауруларының классификациясы этиологиялық негізіне яғни аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың аурулары екі топқа бөлінеді. Жұқпалы және жұқпалы емес.
Жұқпалы ауруларды инфекциялық және инвазиялық деп екіге бөліп қарастырады, оларды вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар және паразиттік тіршілік ететін жануарлар (қарапайымдылар, гельминттер, паразиттік тіршілік ететін шаяндар және сүліктер) қоздырады.
Жұқпалы емес аурулардың қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт өзгеруі нәтижесінде (судың температурасының өзгеруі, оттегінің аз немесе көп мөлшері, токсикалық (улы) заттарымен судың ластануы және т.б., дұрыс емес қоректенудегі зат алмасудың бұзылуы, авитаминоз, жарақаттардың және т.б. әсерінен болады [1].
Табиғи, жасанды сондай-ақ тоған шаруашылықтарында балықтарда диплостомоз, постдиплостомоз, тетракотилез, клиностомоз, лигулез, диграммоз сияқты қауіпті аурулар кездеседі. Мұндай ауруларды таратушы балықжегіш құстар (шағала, қасқалдақ, құтан) болып табылады. Мұндай ауруға шалдыққан балықтардың, өсу қабілеті баяулайды, қондылығы, тауарлық сапасы төмендейді, балықтың өлуіне әкеліп соғады. Кейбір әдебиет көздерінде осындай аурулардың алдын алу үшін балықжегіш құстардың санын реттеп отыру қажеттілігін айтады. Алайда, қазіргі кезде құстардың кейбір түрлерінің жойылу қаупі төнуіне байланысты, бұл мәселенің шешімін басқалай жолмен іздестіру, мысалы жасанды суқоймаларда аурудың алдын алу, ауру туғызатын қоздырғыштармен күресу оң нәтиже береді. Сонымен қатар сол суқойманың гидробиологиялық жағдайын өзгерту, барлық санитарлық алдын-алу ережелерді қадағалау және қоздырғыштың биологиялық тізбегін үзу немесе улы химикаттар арқылы да күресуге болады.
Магистрлік диссертацияның мақсаты: Қазақстан суқоймаларындағы (Балқаш көлі, Арал (Кіші Арал) теңізі, Жайық өзені) кәсіптік маңызы бар тұқы балықтардың қазіргі жағдайдағы гельминтофаунасын анықтау.
Магистрлік диссертацияның негізгі міндеттері:
* Балықтардың морфо-биологиялық белгілерін зерттеу;
* Балқаш көлі, Кіші Арал теңізі, Жайық өзенінде мекендейтін тұқы балықтардың гельминтофаунасын анықтау;
* Патогенді паразиттердің сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау;

I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

0.1 Балықтардың гельминтофаунасына әдебиеттік шолу

1956-1962 жылдары А.В. Решетникова Цимлянкс суқоймасында 29 түрден тұратын 484 дана балықты толық паразитологиялық зерттеу әдісімен тексерген. Зерттеуге алынған балықтардан қарапайымдылардың -16, моногенеалардың -20, сорғыш құрттардың - 24, жұмыр құрттардың - 13, тікенбас құрттардың - 4, сүліктердің -10 түрі табылған [2].
1961-1963 жылдары Т.И. Комарова Днепр атырауындағы кәсіптік балықтардың 1045 данасының 25 түрінің гельминтофаунасын зерттеген. Зерттеуге алынған балықтардың 92,2% - ы гельминттермен зақымдалған. Балықтардан гельминттердің 104 түрі тіркелген, соның ішінде 38 түрі сорғыш құрттар, 36 түрі моногенеалық құрттар және сорғыш құрттардың метацеркарилерінен 4 түр, балықтарды қатты зақымдаған. Қызылқанат балығының желбезегінен моногенеалардан жаңа түрі Diplozoon scardinii және D. paradoxum ballerus - ті анықтаған [3].
С.О. Османов Зеравшан өзеніндегі сазан балығының тері жабынында паразиттік тіршілік ететін Gyrodactylus cyprini sp., және Чирчик өзенінің таулы аймағындағы көкбас балықтың тері жабынынан - G. chadzikenti, сонымен қатар Сырдария өзеніндегі тыран балықтың бүйрегінен Philometra abramidi - ті, алғаш рет тауып, анықтап жазған [4].
1960 - 1965 жылдары С.О. Османов зерттеулері бойынша, Ташкентте уылдырық алу шабақ өсіру шаруашылықтары мен тоғандарында қоздырғышы Dactylogyrus extensus гельминтінен дактилогироз ауруының эпизоотиясы туындап, тұқылардың өндірістік және бір жылдықтарын өлім - жітімге ұшыратқан. D. extensus тұқы балықтарының 9-10 күндік шабақтарынан бастап, барлық жастағы топтарын зақымдайды (Османов, 1965). С.О. Османов, табиғи және жасанды суқоймалардағы рафидаскариоз, краснуха және аргулез ауруларымен күресу шараларын ұйымдастырған [5].
К.Убайдуллаев 1962 - 1965 жылдары Арал теңізінің оңтүстік тұщыланған шығанағы мен Амудария атырауынан толық паразитологиялық зерттеу әдісімен қаракөз, тыран және көксеркенің 754 дана шабақтарын зерттеген. Тыран шабақтарынан паразиттің 19 түрін, сазан шабақтарынан 28 түрін және қаракөзден 21 түрін тапқан [6].
1961 жылы П.Ф. Бричук Ыстық көлде мекендейтін сазан мен тұқылардың ересек топтарынан және Қырғыстанның Фрунзенск тоғанындағы тұқы шабақтарынан алғаш рет ботрицефалез ауруының қоздырғышы Bothriocephalus gowkongensis - ті анықтаған. Әдебиеттік деректерге сүйенсек, бұл таспа құрт жарты және екі айлық тұқы балықтарын көптеп зақымдайды екен, ал күзге қарай сол жылғы шабақтардың зақымдалуы төмендейді, ересектер балықтарда таспа құрттар сирек, кейде тіпті кездеспейді. Ересек жастағы балықтарда таспа құрт - В. gowkongensis - тің сирек кездесуі, балықтардың бентостық немесе жасанды қорекпен қоректенуімен байланыстырады [7].
Паразитология ілімінің тарихында тұңғыш рет жаңа экологиялық паразитология бағытын қалыптастырған және оны дамытқан көрнекті ғалым - В.А. Догель (1882-1955). Ол бір-бірімен байланысты: экологиялық паразитология; протистология; салыстырмалы анатомия саласында жұмыс істеді. Оның көмегімен біздің елде балықтарды зерттеу жұмыстары іске асты. 1930 жылы В. А. Догель Арал теңізіне экспедициямен келіп, балықтарда кездесетін паразит құрттарды зерттеді. 1934 жылы Арал теңізі балықтарының паразиттері, 1938 жылы Каспий теңізі балықтарын зерттеп Каспий теңізінің балықтарының паразиттері атты монографиясын шығарды. Қазақстанда ихтиопаразитологияның дамуына көп үлес қосты.
Паразитология, әсіресе, гельминтологияның ғылыми ретінде дамуына К. И. Скрябин (1878-1972) үлкен үлес қосқан. Ол ғылымда гельминттердің (трематодалар, цестодалар, нематодалар) 200-ден астам жаңа түрін ашып, олардың морфологиясын, биологиясын, экологиясын, эпизоотологиясын, эпидемиологиясын зерттеп сипаттама берген [8].
Г.Г. Смирнов (1895-1973) гельминттер мен олардың иелерінің қарым-қатынастарын зерттеуде көп еңбек сіңірген.
К.И. Скрябиннің шәкірті және оның жолын қуушы көрнекті гельминтолог Р. С. Шульц (1896-1973) гельминтоз ауруларына қарсы организмнің қорғаныш қабілетін және одан пайда болатын иммунитетті, гельминтоз ауруларының эпидемиологиясын зерттеді.
Е.В. Гвоздевтің (1918) - басшылығымен Қазақстан жабайы жануарларының, балықтардың, құстардың, кеміргіштердің паразиттерінің фаунасы жоспарлы түрде зерттелінді. 18 жыл бойы Республиканың көптеген су қоймаларында (Іле, Сырдария, Сарысу, Жайық өзендері, Зайсан, Марқакөл, Қорғалжын көлдері, Қостанай облысындағы су қоймалар және т.б.) балықтар паразиттерінің фаунасы жан-жақты зерттелінді. Балқаш Іле бассейні мен Марқакөлдің балықтарынан моногенейлердің бірнеше жаңа түрлерін анықтап ашып, көптеген ғылыми еңбектер жазды [8].
1938 жылы А.Х. Ахмеров Балқаш көлінің әр түрлі аудандарынан балықтың 9 түрінен (234 дана), паразиттің 22 түрін анықтаған. Сазан және оның шабақтарынан моногенеялық сорғыш - Dactylogyrus vastator, қара балық, салпы ерінен белдік құрт - Ligula intestinalis, қара балық және алабұғадан сүлік - Piscicola geometra - ны тауып, оларды қауіпті аурулар туғызатын паразит ретінде атап көрсеткен [9].
1945 жылы Гвоздев Іле өзені мен оған құятын өзендерде мекендейтін балықтардың паразитофаунасын зерттеген.
1946 жылы Захаров Балқаш балықтарының ұзын белдік құрттың плероцеркоидымен зақымдалуына арнайы зерттеу жүргізіп, балықтар мұндай паразит түрімен зақымдалмаған деген қорытынды жасайды [9].
А.П. Максимова (1962), К.В. Смирнова (1964, 1966) Балқаш аудандарында әр түрлі гидрологиялық жағдайлары бойынша зерттеу жүргізіп, паразиттік шаянтәрізділер Ergasilus sieboldi - мен барлық балықтардың қатты зақымдалғанын анықтады. Бұл паразит түрімен балықтар өлім-жітімге ұшырамаған, алайда интенсивті инвазиясымен ол қара балыққа патогенді болып табылды. Арал теңізінен Балқаш көліне жерсіндірілген тыран балығына тән желбезек сорғыш Dactylogyrus wunderi Балқаш көлінде табылмаған. 1965 жылы бірнеше тыран балығынан бір-бірден Digramma interrupta табылған. Балқаш көлінде өндірістік аулауда алғашқы орында тұрған сазанда паразиттің 18 түрі кездескен, олардың ішінде ауру туғызатын түрлер болмаған, тек желбезек сорғыш Dactylogyrus extensus сазан балықта кең таралған паразит болып табылғанымен, оның сандық көрсеткіші аса үлкен емес [9].
1962 - 1965 жылдары Ю.В. Бутенко трематодоз ауруының таралуына тұщы су моллюскаларының рөлін анықтау мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарына қарасты суқоймалар: Балқаш, Алакөл, Билікөл, Көлсай, Іле, Шу, Талас өзендеріне зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында 36 түрден тұратын тұщы су моллюскаларының 5744 данасы сойылып, олардан трематод церкарилерінің 41 түрін тауып, солардың ішінді 7 түрі балықтарда паразиттік тіршілік ететін трематод церкарилері, ал қалған түрлері амфибия, сүтқоректілер мен құстардың денесінде паразиттік тіршілік ететіндігін анықтаған [10].
Г.С. Диарова 1963 - 1964 жылдары Қазақстандағы тоған шаруашылықтарының қарқынды дамуына байланысты Алматы, Шымкент және Шелек тоған шаруашылықтарының паразитарлық жағдайын тексерген. Тексеру барысында тоған шаруашылығында өсірілетін тұқы балықтарында ихтиофтириоз, триходиниоз, дактилогироз, гиродактилез, сангвиниколез, ботриоцефалез, кавиоз, аргулез, бранхиомикоз, дерматомикоз, краснуха ауруларын тіркеген [11].
1963 - 1964 жылдары В.Г. Енгашев жұмыр құрттар Сontracaecum туысы дернәсілдерімен зақымдалған тыран балықтардың мезгілдік және жастық динамикасы бойынша Амудария өзені атырауы, Марқакөл көлінің оңтүстігі және Көксу көлінде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мезгілдік динамиканы зерттеу үшін төрт, алты жастағы тыран балықтардың 234 данасы зерттелінген. Қыстың аяғымен көктемде зерттеуге алынған тырандардың барлығы да контрацекум дернәсілдерімен зақымдалған. Ал жаздың басында, тамыз айында зақымдалудың экстенсивтілігі 66,6% - ға төмендесе, күзде зақымдалудың деңгейі 92,8% - ға жеткенін анықтаған [12].
Н. Тленбекова 1964-1969 ж.ж., Іле өзенінің атырауындағы суқоймалар мен Балқаш көлінде, 1975-1976 жылы Қапшағай суқоймасында, 1969-1970 жылы Алакөл көлдерінде паразитологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Толық паразитологиялық зерттеу әдісімен 15 түрге жататын 1830 дана балық алынған. Зерттеуге алынған балықтардан паразиттердің 124 түрі анықталған. Олар: 7 тип, 11 класс, 28 отряд, 41 тұқымдас, 60 туысқа біріктірілген [13].
Балықтардың арасында гельминтозды, соның ішінде диплостомоз аурулардың таралуына балық жегіш құстардың рөлін Д. Жатканбаева зерттеген. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда, трематодтардың ішінде Diplostomum туысының 7 түрін, балық жегіш құстардан тапқан, соның ішінде екі түрі ғылым үшін жаңа түр болып саналады. Бұл гельминттердің метацеркарилері балықтарда паразиттік тіршілік етеді. Қазақстан суқоймаларындағы балықтарда Diplostomum туысының бір емес, бес немесе одан да көп түрлерінің кездесуі мүмкін деген болжам жасаған [14].
Б. Ахметова Алматы тоған шаруашылығындағы тұқы балықтарында кавиоз ауруының эпизоотологиясын зерттеген. 1958 жылы Алматы тоған шаруашылығына ҚХР - нан әкелінген өсімдік қоректі балықтармен қоса келген Khawia sinensis, 1962 жылы ғана тоған шаруашылықтарындағы тұқы балықтарынан табылған [15].
К.В. Смирнова Арал теңізі мен Орал өзені бассейіндерінен Балқаш көліне 1957-1958 жылдары жерсіндірілген көксерке балығының паразитофаунасын 1964 жылдың жаз айында көлдің бес ауданы бойынша зерттеу жүргізіп, паразиттің 9 түрін тапқан. Солардың ішінде ең көп тарағаны осы балық түріне ғана тән Ancyrocephalus paradoxus және Ergasilus sieboldi. Аталған екі түр де Балқаштың барлық бес ауданында таралған. Смирнова зерттеулерінен бұрын В.А. Догель және Б.Е. Быховский (1934) Арал теңізіндегі көксерке паразитофаунасын зерттеп, паразиттің 11 түрін, А.И. Агапова (1956), Орал өзеніндегі көксеркеден - 12 түрін тапқан [16].
Н.К. Каирова - Балқаш Алакөл бассейндерінде мекендейтін балықтарда паразиттік тіршілік ететін кірпікшелі урцеляридтің түрлерін зерттеген. 1967-1970 жылдары Балқаш көлі, Іле өзенінің сағасындағы суқоймалары мен Алакөл көлдер жүйесінен бес балықтың түрінен (сазан, қара балық, көксерке, алабұға және салпы ерін) паразитті инфузориялар: Trichodina nigra, T. mutabililis, Trichodinella epizootica тапқан. Осы жылдары алғаш рет Балқаш-Алакөл бассейні суқоймаларында T. nigra көксерке балығында кездескен [17].
К.В. Смирнова - Балқаш-Іле бассейндеріне ақ амур және дөнмаңдай балықтарын жерсіндіру барысында кездейсоқ жерсіндірілген ұсақ кәсіптік маңызы жоқ амур құмқазғышы, амур бұзаубасы, амур шабақтары инвазиялық ауруларды тасымалдаушы және көптеген паразиттердің резервенті болып табылатындығын зерттеген [18].
С. Катышева 1957 жылдың қазан қараша айларында Қамышлыбас көлі және Орал өзенінен Балқаш көліне көксерке балығын жерсіндіру барысында 23 жайын (Siluris glanis L.) кездейсоқ көлге түсіп, қоса жерсіндірілген. 1966 жылдың мамыр айында Іле өзені атырауының әр түрлі 4 аймағынан 18 жайын ұсталынып қаралды. Олардың ұзындығы 44 см-ден 116 см, салмағы 800 г - нан 15 кг, жастары 1+ - тан 6+ - ға дейін болды. Балқаш көліндегі жайын балығынан паразиттің 5 түрі ғана табылған, солардың ішінде бірде біреуі көп мөлшерде кездеспеген, тек жайын балығына тән Protocephalus osculatus таспа құрты табылған [19].
1997 - 2001 жылдары Г.А. Сапарова Жайық өзенінің төменгі ағысындағы балық паразиттерін зерттеген. Паразитологиялық зерттеуге 5 отряд 22 түрден тұратын 3202 дана балық алынған. Зерттелінген балықтардың паразиттермен жалпы зақымдалуы 47,7% құраған. Жайық өзенінің төменгі ағысындағы зерттеуге алынған балықтардан паразиттердің 135 түрі табылған. Олар 8 тип, 12 класс, 44 тұқымдас, 69 туысқа біріктіріледі [20].
2000 - 2008 жылдары Б.К. Жумабекова Ертіс өзені бассейндерінің әр түрлі суқоймаларынан толық паразитологиялық зерттеу әдісімен 3930 дана балықты тексерілген. Ертіс бассейндерінде мекендейтін балықтардан паразиттердің 142 түрі табылған, олар 8 тип, 11 класс, 25 отряд, 44 тұқымдас, 68 туысқа біріктірілген.
Қазақстандағы Ертіс маңы суқоймалардағы балық паразиттерінің фаунасында қарапайымдылар - 38, моногенейлер - 34, таспақұрттар - 15, сорғыш құрттар - 33, жұмыр құрттар - 10, тікенбас құрттар мен сүліктер - 3 түрден және шаянтәрізділер - 6 түрден тұрады [21].

0.2 Гельминттерге сипаттама

Гельминттер балықтардың әр түрлі мүшелерінде тіршілік етеді. Мысалы тері жабынында моногенеалық сорғыштардан - гиродактилюстар, қабыршақтарының астында, қабыршақ қалталарында - филометроидестер, желбезектерінде - дактилогирустар, жүзбе қанаттарында - трематодалар (метацеркарий) дернәсілдері - Metagonimus yokogawai паразиттік тіршілік етеді. Балықтың дене қуысында лигулидтердің дернәсілдік сатылары мен нематодтардың дернәсілдері қоныстанса, торсылдақтарының қабырғаларында нематодтар дернәсілдері - Philometroides, өт сұйықтығында - таспа құрттардың дернәсілдердің - Dilepis unilateralis, көз жанарларында - трематод дернәсілдері паразиттік тіршілік етеді. Балық бауырында таспа құрттардың дернәсілдері Triaenophorus nodulosus, мөңке балықтың арқа жүзбе қанатында және бұлшықеттері филометроидестер кездеседі. Сондай - ақ балықтардың асқорыту жолдарында да сан түрлі паразиттер табылады. Қан жүйелерінде трематодтардың ішінде - сангвиниколалар кездеседі. Осылайша балықтардың барлық мүшелері мен ұлпаларында паразиттер кездеседі [22].
Паразиттерді тіршілік жағдайына қарай екі топқа уақытша және стационарлы деп бөледі. Уақытша паразиттер тіршілігінің жарты бөлігінде иесінің денесінде немесе иесі ағзасының ішінде өткізеді. Мұндай паразиттер қоректену немесе көбею кезінде ғана иесіне шабуылдайды. Ал стационарлы (тұрақты) паразиттер өз иесінде ұзақ уақыт бойы мекендейді. Паразиттер даму процесінде иесінің ағзасында жүріп, бір жерден екінші жерге көшуі мүмкін, сондықтанда олар бастапқыда иесінің ішкі мүшелерінде, сосын сыртқы жағына көшеді [22].
Паразиттердің даму ерекшеліктеріне және олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты, паразит иелерінің келесідей типтері болады: 1) соңғы немесе дефинитивті иесінде - паразит жыныстық жетіледі; 2) аралық иесінде - паразиттің дернәсілдік сатысының дамуы өтеді; 3) қосымша иесінде - паразит дернәсілдері дамуының соңғы сатылары қалыптасады; 4) резервуарлық иесінде - гельминт ұрығы (дернәсіл немесе жұмыртқа) шоғырланады.
Академик К. И. Скрябин гельминтоздарды эпидемиология және эпизоотология принциптері бойынша екі үлкен категорияға - геогельминтоз және биогельминтоз деп жүйелендіріп бөлді.
Геогельминтоз қоздырғыштарының ұрықтары аралық иені қажет етпей, су және топырақта дамиды, зақымдану олармен тікелей түйіскенде су немесе қорек арқылы жүреді. Бұларға моногенеалық сорғыштар жатады.
Биогельминтоз қоздырғыштары аралық иенің қатысуымен дамиды. Дефинитивті иесі қоздырғыш дернәсілдерін, аралық иесімен қоса жұтып зақымданады.
Балықтардың гельминттермен зақымдалуы түрлі факторларға байланысты, сондықтан да оларды физиологиялық (балық ағзасының ерекшелігі мен өзгерісіне байланысты) және экологиялық (балық ағзасымен сыртқы ортаның өзара қатынасы және сыртқы ортаның әсері) деп бөліп қарастырады [22].
Физиологиялық факторлар. Балық түріне байланысты гельминттермен зақымдану. Мысалы, Philometroides lusiana - тек тұқы және сазан балықтарын зақымдаса, Philometroides sanguinea - мөңке балықты зақымдайды. Мұндай жағдайды балықтың кейбір түрлерінің биологиялық морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты гельминт қоздырғыштарын қабылдамайтындығымен түсіндіріледі. Бұл құбылыс түрлік иммунитет деген атау алған.
Балықтың жасына қарай гельминттермен зақымдануы. Балық шабақтарына ғана тән немесе ересектерінде ғана кездесетін гельминт түрлері болады. Мысалы моногенеалық сорғыш Dactylogyrus vastator - тұқы балықтардың шабақтарында кездеседі, ал ересектерінде сирек жағдайда ғана кездесуі мүмкін. Бұл құбылысты ағзаның иммунды биологиялық қайта құрылуларымен түсіндіріледі [22].
Әр жастағы балықтың паразиттермен зақымдалу деңгейі балықтың қоректенуіне де байланысты. Мысалы жыртқыш балықтар шабақ кезінде зоопланктонмен, сосын зообентоспен ары қарай ересек кезінде - балықтармен қоректенеді. Қоректің сипаты түрлі паразиттермен зақымдану мүмкіндігін ескертеді. Айта кететін болсақ протеоцефалюс таспа құртымен алабұға балық, шабақ кезінде көптеп зақымдалады. Оның себебі алабұғаның шабағы зоопланктонмен, яғни гельминттің аралық иесі циклоптарды тәулік бойы көптеп қорек етуімен түсіндіріледі. Ересек алабұғалар жыртқыштық қорекке ауысқанда протеоцефалюспен зақымдану деңгейлері сәл де болса азаяды.
Экологиялық факторлар. Балықтардың зақымдалуы жыл мезгілдеріне де байланысты болады. Жыл мезгілдері балық ағзасының физиологиялық күйіне әсер етеді. Суқоймадағы гельминттердің аралық иелерінің дамуы жыл мезгілдеріне тәуелді. Бұл жерде ең бастысы су температурасының режимі маңызды болып табылады. Көпшілік гельминттердің даму циклі аралық иенің - шаянтәрізділер, құрттар және моллюскалардың қатысуымен, көктем - жаз айларында жүреді. Дәл осы кезеңдерде ауру белең ала бастайды. Мысалы су температурасы көтерілгенде Dactylogyrus vastator қарқынды дами отырып, балықтарды жаппай зақымдайды. Алайды көктем және қыс мезгілдеріндегі су температурасының төмен болуы Gyrodactylus сияқты паразиттерге қолайлы, осы кезеңде олар тұқы балықтардың әсіресе шабақтарын жаппай зақымдауға бейім болып келеді [22].
Балықтардың зақымдануына жерсіндіру жұмыстарының әсері. Балықтарды бір суқоймадан басқаға немесе бір аймақтан басқа аймаққа қоныстандыру балық шаруашылықтық ұйымдардың ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Деседе, балықтарды жерсіндіру мақсатында бір суқоймадан басқасына отырғызу барысында, сол суқоймаға қауыпты ауру қоздырғыштарын қоса әкелуі мүмкін. Кей жағдайда, керісінше жерсіндіріліп отырғызылған балықтар сол суқоймадағы жергілікті балықтардан өздеріне паразиттердің жаңа түрлерін жұқтырып алады. Осыған мысал ретінде қиыршығыс суқоймаларынан өсімдікқоректі балықтар, ақ амуды орталық және оңтүстік суқоймаларға әкеліп отырғызу салдарынан ботриоцефалез және кавиоз ауруларының жаппай таралуына мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ Каспий теңізінен Арал теңізіне жерсіндірілген шоқыр балықтары (1937, 1941), жергілікті арал пілмайы балықтарының арасында нитцшиоз ауруын тудырған [22].
Жерсіндірілген балықтардың арасында гельминтоздардың таралуы немесе олардың бірден төмендеуі суқоймада аралық иелерінің құрамынада байланысты. В. А. Догель және Б. Е. Быховскийдің зерттеулері бойынша, Арал теңізі балықтарында акантоцефалюс - паразиттерінің табылмауын, олардың аралық иесі - амфиподалардың болмауымен байланыстырады.
Балық ағзасына паразиттердің әсері сан түрлі. Паразиттер балықтарға механикалық әсерде, өздерінің бекіну мүшелерімен балық ұлпаларын бүлтіреді немесе ұлпалар мен ағзаларға қысым келтіре отырып әсер етеді. Сонымен қатар паразиттер (сангвиникола) қан тамырларын тығындап зиян келтіреді. Таспа құрттар ішекте төселіп, қоректік массаның өтуіне кедергі келтіре отырып, ас қорыту процесін бұзады. Таспа құрттардың ішіндегі - лигулидтер балықтың дене қуысына орналасып, балықтың ішкі мүшелерін қысып, атрофияға, одан бедеулікке әкеледі. Трематод метацеркарилері (Diplostomum) балықтың көз жанарына әкті тұздарды салу арқылы соқырлыққа әкеп соғады. Нематодтардың ішінде филометроидестер тұқы шабақтарының ішкі мүшелеріне төселіп, торсылдақ қабырғаларын жарақаттайды, нәтижесінде торсылдақтың қызметі бұзылып, балықтар өле бастайды. Осының барлығы да балық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді [22].
Моногенеалық сорғыштар - ұзақ уақыт бойы трематода класына біріктірілген. Ең алғаш оларды жеке топ ретінде қарастырып, класқа бөлген Ван Бенеден (Van Beneden, 1858) болды, кейінен И. Карус (I. Carus, 1863) моногенеалық сорғыштарды класс тармағына бөлді: Polyonchoinea және Oligonchoinea. Моногенеалық сорғыштар - балықтардың терісі мен желбезегінде, амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың түр саны 2500 - ге жетеді [23].
Моногенеалық сорғыштардың денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі болады. Оның ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдері қысып алатын екі жақты қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің алдыңғы бөлімінде де болады. Олар паразиттің қоректену кезінде бас бөлімнің бекінуін қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін, бір клеткалы бездердің жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінділерден немесе кішкене сорғыштардан тұрады. Ішкі құрылысы дигенетикалық сорғыштарға өте ұқсас. Жамылғылары трематодтардікі сияқты - тегумент.
Ас қорыту жүйесі денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз қуысы көптеген бүйір өсінділерімен тарамдалатын қапшық тәрізді немесе қос тарамды ішекке жалғасқан [23].
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы, негізгі экскреторлы түтіктер денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен аяқталады.
Нерв жүйесі ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденең сақина өсінділерімен байланысқан, үш жұп ұзына бойы бағаналар басталады. Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвентирленген көздері болғанның өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Бір немесе көптеген аталық тұқым бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері жақсы дамыған. Сперматазоидтар шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың алдыңғы үштен бір бөлігінде жыныс тесігі орналасады, оған жатынның соңғы бөлімі мен хитинді ине - ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс мүшесінің шеткі бөлімі ашылады [23].
Моногенеалық сорғыштардың тіршілік циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да осыдан. Мысал ретінде, тұқы карп балықтардың паразиті - Dactylogyrus vastor - ды алайық. Бұл ұзындығы 1-3 мм, балықтардың желбезектерінде тіршілік етіп, сол жерде қысқа аяқшасы бар жұмыртқаларын салады. Жұмыртқада ұрық дамиды, дамыған соң жұмыртқаны тастап, еркін жүзетін личинкаға айналады. Личинканың алдыңғы бөлімінде екі жұп көзшелері болады, денесі кірпікшелердің бірнеше кең буында белдеуімен жабылған. Денесінің артқы жағында кейіннен гельминттердің бекіну мүшесіне айналатын эмбриональды ілмешектері болады. Осындай ілмешектері бар артқы бөлімді - церкомер деп атайды.
Моногенеалық сорғыштар - гермофродиттер. Қос жыныстылықтың нәтижесінде олар өзін-өзі ұрықтандырып тұрады. Кейбір түрлерінде гермафродитті жыныс жүйесі болса да, оларда өзін-өзі ұрықтандыруды болдырмайтын әдейі бейімділіктері қалыптасқан. Бұндай бейімділігі бар құрт - Diplozoon paradoxum тұқы балықтардың желбезектерінде тіршілік етеді.
Таспа құрттар - тұщы суда және теңізде мекендейтін балыктарда кең тараған. Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенеалық құрттарға қарағанда паразиттік тіршікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмip сүреді, жұмыртқалары өте аз уакыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әртүрлі омыртқалы жануарлардьң, адамның ішегінде тіршілік етсе, дернәсілдері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардьң ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-н астам. Таспа құрттар жұктыратын ауруларды цестодоз деп атайды [23].
Денесі барынша созылыңқы, арқа- құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 м-ге дейін. Көбінe денелері проглотидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал проглотидтердің тізбегі стробила делінеді. Keйбiр түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген. Денесінің алдьңғы ұшында сколекс (skolex), деп аталатын басы болады, одан белшектенбеген мойыны және бipқатар буындар (проглотидтер) тipкeciп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше мыңға жетеді. Басы немесе сколексі домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар сорғыштар. Ботридиялар ерекше ұзын қысқыш аппараты, ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмек қармақшалар; тістер т.б. [23].
Дамуы. Бунақты таспа құрттарда эмбрионы жатырда жүреді. Сыртқа шығатын жетілген жұмыртқада ілмешектермен қаруланған ұрық онкосфера қалыптасады. Пiciп-жетілген жұмыртқа артқы буындарымен жұмыртқаны қоршап алады. Артқы буындары бұзылған кезде жұмыртқа иесінің организімінен сыртқа шығады. Содан аралық иесінде дамиды. Лента тәрізділер отрядынын, жұмыртқасы сыртқы ортада дамиды. Суда олардан кірпікшелермен қоршалған дернәсіл (корацидий) шығады. Әpi қарай ол аралық иесінде дамиды. Көп жағдайда циклоптарда содан кейін балық организмінде. Дефинитивті иeci балық жегіш құс болып табылады. Буынды емес таспа құрттарда (қалампыршалар) - сыртқа түскен жұмыртқасы аралық иeci - су омыртқасыздарының организмінде дамиды. Әpi қарай таспа құрттардың дернәсілдері балықтардың opгaнизмiндe немесе өсімдік қоректі құстардың организмінде тіршілік eтeдi. Тұщы су балықтарында көбінесе 2 отрядқа жататын гельминттер паразитті тіршілік етеді. қалампырша (Caryophyllidea) және таспа құрттар (Pseudophyllidea) бұлар келесідей тұкымдастарға бірігеді: Caryophyllidea, Triaenophoridae, Cyathocephalidea, Botliriocephalidea, Ligulidea. Таспа құрттар балықтардың патогенді паразиттері және олар көптеген ауруларды тудырады, әсіресе балықтардың шабақтары көптеп қырылады.
Классификациясы. Таспа құрттар класы 9 отрядқа бөлінеді. Осылардың негізгі 2 отрядының өкілдері кең таралған және адам мен жануарлар тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттер. Тұқы балықтарда кездесетін негізгі өкілдері: Digramma interrupta, Neogryporhynchus cheilancristrotus, Paradilepis scolecina, Khawia sinensis, Bothriocephalus obsariichthydis, Caryophyllaeides fennica, Caryophylleus laticeps, C. fimbriceps [24].
Трематода (Trematoda) класының өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Сорғыштарға 4000 түр жатады [24]. Сорғыштардың көпшілігі бірнеше миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың ірілері де болады. Дене формасы көбінесе жапырақ тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан класс атауы да солай. Ол ойыстау болады, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімінде бір-бір сорғыштан бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштар арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады. Ас қорыту жүйесі денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальді ортаңғы жұтқыншаққа, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальді ортаңғы ішек өңештен басталып дененің бүйірімен артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан тұрады. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы, тыныс алу және қан айналу жүйелері жоқ. Нерв жүйесі жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғы жағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үш жұп бағаналар тарайды. Әсіресе ерекше қалыңдаған құрсақ бағаналары жақсы дамыған. Ұзына бойы бағаналар сақина тәрізді өсінділермен өзара байланысып ортогон типіндегі нерв жүйесін құрайды. Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған. Сорғыштардың дернәсілдерінде бір немесе екі жұп кішкене көзшелері болады [24].
Жыныс жүйесі гермафродитті. Трематодтардың тіршілік циклі иесін және ұрпақ алмастыруға байланысты өте күрделі. Гермафродитті жыныстық жүйесі жетілген сорғыш немесе марита балықтардың ішегінде және басқа мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Мысық немесе сібір қос езуі - Opisthorchis felineus. Иттің, мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Олардың ұрықтанған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түседі. Әрі қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі толқынды эпителимен жабылған дернәсіл-мирацидий шығады. Мирацидидің екі көзшесі, ми ганглиясы және жұп протонефридиялары болады. Мирацидий қоректенбейді, эмбриональды даму кезіндегі жиналған гликоген қоры арқасында өмір сүреді. Бірқатар уақыт мирацидий суда еркін жүзіп жүреді. Өзінің ары қарай дамуы үшін ол аралық иесінің денесіне түсу керек. Көп жағдайда аралық иесі ұлулар болып келеді. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі мүшесіне өтеді, де спороцистаға айналады. Бұл көбею қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі - редия деп аталатын ұрпаққа айналады. Редия, спороцистадан қозғалғыштығымен және денесіндегі саңылауымен ерекше. Ол саңылау, редия ішіндегі партеногенетикалық жұмыртқалардан түзілген ұрықтардың жаңа ұрпағын шығару қызметін атқарады. Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, редияның ішінде жаңа ұрпақ - церкариялар пайда болады. Церкария - гермафродитті особьтің дернәсілі, оған көптеген белгілері де ұқсас: сорғыштары, тарамдалған ішегі, миы және зәр шығару жүйесі болады. Оның негізгі ерекшелігі - денесінің артқы бөлігінде ұзын, бұлшықетті, қозғалғыш құйрықшасының болуы. Церкариялар редия денесіндегі саңылаудан шығып, одан ұлу денесінен шығып, құйрығының қозғалысы арқасында суға еркін жүзіп кетеді. Мирацидия секілді олар қоректенбейді, денесіндегі қорек қоры арқасында өмір сүреді. Церкария балықтардың денесіне жабысып, терісіне еніп, бұлшықеттеріне өтеді де, құйрығын тастап, циста түзеді [24].
Классификациясы. Сорғыш құрттар класы 5 отрядқа бөлінеді. Олар: Вucephalida, Sanguinicolida, Paramphistomatida, Hemiurida, Fasciolida. Тұқы балықтарда кездесетін негізгі өкілдері: Diplostomum mergi, D. commutatum, D. paraspathaceum, D.helveticum, D. spathaceum, Tylodelphys clavata, Phyllodistomum elongatum, Trematoda sp. larva [24].
Жұмыр құрттар - Nemathelminthes типіне нематодтар (Nematoda) класына жататын - жұмыр құрттардың өкілдері балықтарда нематодоз ауруларын тудырады.
Нематодтар түр саны жағынан (27000 - нан астам), кеңістікке таралу сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі [24].
Нематода грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып ұштарына қарай сүйірлене түседі. Денесінің ұзындығы бірнеше миллиметрден ондаған миллиметрге жетеді. Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. Кутикула ( латынша "cuticula" - қабықша ) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Ас қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер еріндер кейде сорғыштармен қоршалған. Нематодтар негізінен дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Нематодтардың ересек формалары балықтардың ішегінде, ал дернәсілдері балық қабыршағында, бұлшықеттерінде және әр түрлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді.
Нематодтардың кейбір өкілдері Raphidascaris acus, Philometroides lusiana, Cystidicola farionis және т.б. балықтарға қауіпті аурулар туғызып, олардың санын, тауарлық сапасын төмендетіп балық шаруашылықтарын үлкен шығындарға ұшыратады.
Классификациясы. Жұмыр құрттардың 4 отряды бар. Олар: Trichocephalida, Dioctophymida, Spirurida, Ascaridida. Балықтарда паразиттік тіршілік ететін негізгі өкілдері: Anisakis sp., Contracaecum microcephalum Nematoda sp. larva, Cucullanus cyprini, Eustrongylides mergorum, Rhabdochona hellichi және т.б. кездеседі [24].
Буынаяқтылар - Arthropoda типіне шаянтәрізділер Crustacea класына жататын өкілдерден туындайтын ауруды крустацеозды ауру деп атайды.
Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері әдетте үш бөлім немесе үш тагма құрайды - бас, кеуде және құрсақ (1-сурет). Көп жағдайда сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір-бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі баскеуде және құрсақ бөлімінен тұрады. Шаянтәрізділердің әр сегментінде, соңғысын қоспағанда аяқтарының екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базоподит (basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және эндоподиттен (endopodit) тұрады. Бас бөлімінде 2 жұп антенна және асты үгіту қызметін атқаратын 2 жұп мандибуламен 2 жұп астыңғы жақтары максиллалары орналасқан. Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қаңқа түзетін хитинді кутикуламен қапталынған. Хитин кутикуланың яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, дененің қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін атқарады. Барлық буынаяқтылардың денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді [24].

1- сурет. Балықтарда паразиттік тіршілік ететін төменгі сатыдағы шаян Argulus foliaceus

Ас қорыту жүйесі жақсы дамыған үш бөлімі бар: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің көпшілігінде тыныс алу мүшелері болмайды, газ алмасу қызметтері тек дене жабындысы арқылы жүреді, ал жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсағындағы желбезек аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері арқылы тыныс алады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің қан айналу жүйесі - ашық, төменгі сатыдағыларда болмайды. Нерв жүйесі - жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және ұзына бойлық ганглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде (рецепторлар) дененің белгілі бөліктерінде - антеннула, антенна, аяқтарының беткейіндегі талшықтармен түктерінде орналасқан, иіс дәм, химиялық сезу қызметін орындайды, бұлардың түбінде, гиподермальды эпителидің астында биполярлы нерв клеткалары бар. Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын. Жыныс жүйесі құрсақ бөлімінде орналасқан [24].
Copepoda - отрядының өкілдері жұмыртқаларын құрсақ сегментінде, аналь тесігіне жабыстырылған екі жұмыртқа қапшығында сақтайды. Ал тұқы балық биттер отряды жұмыртқаларын су түбіндегі заттарға жабыстырады, тең аяқтылар денесінің артқы жағына жабыстырып жүреді.
Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, ескекаяқтылармен тұқы балық биттер дернәсілдері - науплиус, теңаяқтыларда - зоеа (zoea) деп атайды. Науплиустарда біреу зоеаларда екі фасеттік көздері болады. Дернәсілдері бірнеше рет түлеп ересек түріне айналады.
Шаянтәрізділердің 3 отрядының өкілдері балықтарда паразиттік тіршілік етеді: ескекаяқты - Copepoda, тұқы балық биттер - Branchiura, теңаяқтылар - Isopoda. Балықтарда кездесетін негізгі түрлері: Ergasilus sieboldi, E. briani, Achtherеs percarum, Caligus lacustris, Argulus foliaceus және т.б. түрлері кездеседі [24].

2.1.1 Балқаш көлінің физико-географиялық жағдайы, гидрохимиялық және гидробиологиялық сипаттамасы

Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді [25].
Балқаш көлі - Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз үлкен ірі айдың болып табылады. Балқаш-Алакөл ойпатының терең шараларының бірінде. Теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте жатыр. Ұзындығы 614 километр, ең енді жері 74 километр, жағасының ұзындығы 2383 километр, орташа тереңдігі 6 метр. Ең терең жері 26 метр. Айна көлдің беті 18 мың шаршы километрді алып жатыр. Жиналған су көлемі 413 мың куб шаршы километр. Оңтүстік-батысында судың түсі сұрғылт-сарғыштау, шығысында - көгілдір. Барлық осында құятың өзендердің су көлемінің 70 пайызын Іле береді. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары: Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған; түбектері: Қоржынтүбек, Қараағаш, Байғабыл, Кеңтүбек. Көптеген шығанақ, қойнаулары болғанымен, аралдары аз (Басарал, Тасарал) [26].
Көл жіңішке бұғазбен шығыс және батыс бөлікке бөлінген, бұлар бір-бірінен гидрологиялық және биологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратылады.
Батыс Балқаштың ауданы 10805 шаршы км. Ол саяз, орташа тереңдігі 4,8 м-ден аспайды. Су жақсы жылынады және Іле өзенімен тұщыланады, соңғысы Балқашқа құйылғанда жағалауларында қамыс, қоға, хоралық балдырлар, шалаңдар, ақ лалагүл және басқа өсімдіктер өскен көптеген өзектер мен көлдер түзейді. Іле өзенінің кең сағасы - сазан, қарабалық, тыран үшін уылдырық шашатын орын болса, ал шабақтары үшін қоңданатын жер [27].
Шығыс Балқаш көлді екіге бөлетін шығанақтан бастап Бөрлітөбеге дейін созылып жатыр. Оның ауданы 6722 шаршы км. Бұл бөлім өте тереңділігімен (26,5м-ге дейін) ерекшеленеді. Тұздылығы жоғары - хлор 1 литрде 1300 мг-ға жетеді. Уылдырық шашуға жарамды болуға лайық өзектер жоқтың қасы. Жағалауларында қалың шөп өскен.
Жоғарыда аталғандай Балқаш ихтиофаунаға бай емес, қазір ірі құнсыз балықтардан (сазан, көксерке, беріш, жайын, ақмарқа) бар-жоғы 19206 ц ғана ауланады. Майда құнсыз балықтардан (тыран, қаракөз) жылына 76824 ц ауланады. Ескерте кететін жағдай, ертеректегі бекіре, қарабалық, балқаш алабұғасы сияқты кәсіптік балықтар көптен бері ауланудан қалды, өйткені олардың саны азайып кетті немесе бұл аймақта мүлдем жойылды. Басқа құнсыз балықтардан бұл жерде талма балық, салпыерін балық, тарақбалық кездеседі [27].
Балқашқа келіп құятын негізгі өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Тентек, Емел, Аягөз, Бақанас. Осы өзендердің ең ірісі - Іле және Емел өзені [27].
Іле өзені - Балқаш көлі бассейіннің негізгі су артериясы деп атауға болады. Ол - Текес өзенінің басталар жері орталық Тәңіртаудағы (Қазақстан) Мұзарт мұздығынан бастау алады. Сосын ҚХР - ң территориясымен ағып Күнес және Қаш өзендеріне қосылады, қосылған жерінен 250 км қашықтықта қайта Қазақстан территориясына енеді, 1001 км ағып өткен өзен Балқаш көліне құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, Қазақстандағы ұзындығы - 815 км. Іле өзені бассейндерінің жалпы ауданы - 140 мың км2.
Қаратал өзені - бассейннің ауданы 19100 км2, ұзындығы 390 км. Жонғар-Алатау жотасының солтүстік - батыс Орталық баурайларынан бастау алады, Қараой және Шіже ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Қазақстан суларынан кәсіптік мақсатта ауланатын балықтар және оларды қолдан өсіру
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Мөңкенің биологиялық сипаттамасы
Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Өзен абботинасы
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Бaлқaш көлiнiң бaтыс бөлiгiндeгi сaзaн бaлығының (Cyprinus Carpio) популяциясының жaстық-ұзындық құрылым eрeкшeлiктeрiн жәнe олaрдың aулaным динaмикaсының көрсeткiштeрiн зeрттeу
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Пәндер