Тау туризмі



Кіріспе
1. Қазақстанның таулы аймақтары
1.1 Қазақстан аумағындағы тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктері
1.2 Еліміздің ірі таулы аймақтарына
физикалық.географиялық сипаттама
2. Республикадағы таулы аймақтардың туристік бағыттары
2.1 Еліміздегі туристік табиғи нысандар
2.2 Жетісу Алатауы туристік.рекреациялық ауданы
2.3 Тянь.Шань таулы аймағы туристік.рекреациялық ауданы
3. Туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың практикалық маңызы
3.1 Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың ерекшеліктері
3.2 Тау туризмін ұйымдастырудағы қауіпсіздік шаралары
3.3 Таулы аймақтарда туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, рекреациялық, спорттық, әлеуметтік, діни туризм, тау туризмі, т.б. түрлерге бөлінеді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға, елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар туғызуға ықпал жасайды.
Тау туризмі ертеден қалыптасып, өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады. Тау туризмі арқылы танымдық, спорттық және мәдени-тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.
Алматы қаласының жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм 1950-60 жылдары дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г.Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді, соның ішінде тау дамытуға үлкен үлес қосты [2].
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін тау туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар, өйткені оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне айналып отыр. Еліміздің бірегей табиғи жағдайлары жайлылық пен қызмет керсетудің жоғары деңгейі тау туризмі, соның ішінде тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
«Туризмді дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға мемлекеттік бағдарламада» тау туризмі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып және оны дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатты әзірлеу көзделген болатын [3]. Алайда, бүгінгі күні тау туризмін бірыңғай ұйымдастыру тәсілдерін әлі де болса жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Себебі тау туризмі табиғи таулы аймақтарға туристік ағындарды көбейтуге бағдарланбаған. Осыған орай таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдарын зерделеу мақсатында зерттеу тақырыбымызды «Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдары» деп таңдап алуымызға негіз болды.
1 Алшымбеков С.К. «Туризм мамандарын даярлаудағы география пәндерінің маңызы» - Проблемы подготовки специалистов в системе туризма.АГУ им.Абая 1997.ж.
2 Мазбаев О.Б., Асубаев Б.К., Атейбеков Б.Н. «Туризм және өлкетану негіздері».Оқу құралы. 2006 ж.
3 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4 Жер жаннаты. Жетысу: Фотокнига. - Алматы: Тау Қайнар, 2003. - 304 б.: ил. Ж 50.
5 Физическая география Республики Казахстан /Под. общей ред. К.М.Джаналиевой. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. - С. 189-191.
6 Мазбаев О.Б.,Токпанов Е.А. Жетісу Алатауында туризмді дамытудың табиғи және әлеуметтік –экономикалық алғышарттары // Шежірелі Жетісу: матер. Респ. науч.-практ. конф., посв .100 летию Г Орманова. – Талдыкорған, 2007. - С. 44-49.
7 Благовещенский В.П., Гуляева Т.С. Оценка пригодности территорий Жетысуского Алатау для рекреационного природопользования// Актуальные проблемы экологии и природопользования в Казахстане и сопредельных территориях: матер. Междунар. науч.-практ. конф.–Алматы, 2006. –Т.1. - С. 76-78.
8 Сборник нормативных правовых актов / Методическое пособие по вопросам туризма / Составители Алчимбаева Ж., Ежикова В. - Талдыкурган. -129 с.
9 Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы.
10 Алматы облысының 1:1 000 000 масштабты әкімшілік-аумақтық картасы. - Алматы: Картография РМҚК, 2001.
9 Қазақстан Республикасының "Туризм инфрақұрылымын жасау туралы" мемлекеттік бағдарламасы
10 Қазақстан Республикасының "Туризм туралы" Заңы
11 Ердавлетов С.Р. «География туризма Казахстана». - Алматы, 2000 жыл.
12 Молдагулов Н. Ландшафтану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. – Алматы: Рауан, 1994. – С. 128.
13 Вуколов В.Н. «По северному Тянь-Шанью». - Алматы, 2006 жыл.
14 Бринк И.Ю. «Тактика горовосхождений и качество снаряжения» - Москва, 1990 жыл.
15 Северский И.В. Лавины - грозная стихия гор. - Алма-Ата: Наука, 1980.
http://www.skitalets.ru/books/northtanshan/ Вуколов В.Н. По Северному Тянь-Шаню
16 Вуколов В.Н. «Основы техники и тактики активных видов туризма». - Алматы, 2005 жыл.
17 Бринк И.Ю. Тактика и техника горовосхождений - Москва, 1990 жыл.

18 Куприн А.М. «Ориентирование и движение на местности». Воениздат, 1990 жыл.
19 Алдашев А.А. «Питание и высокогорье» - Алматы, 1993 жыл.
20 Штюрмер Ю.А., Зенина Л.И., Меркурьева Т.Д. «Основные положения по организации туристской работы на туристских базах» (методические рекомендации). - Москва, 1998 жыл.
21 Волков Н.Н. «Спортивные походы в горах». - Москва, 1994 жыл.
Туристские маршруты г.Алматы-оз.Иссык-Куль. РГКП «КАРТОГРАФИЯ» 2000г.
22 Штюрмер Ю.А., Зенина Л.И., Меркурьева Т.Д. Организация туристской работы на туристских базах (методические рекомендации). - Москва, 1994 жыл.
23 Қазақстан Республикасының "Туризм инфрақұрылымын жасау туралы" мемлекеттік бағдарламасы.
24 Қазақстан Республикасының 2007-2024жж. арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы.
25Волков Н.Н. «Спортивные походы в горах». - Москва, 1974 жыл.
26 Алшымбеков С.К. Түркіменбаева Қ.Т. «Экскурсиятану негіздері» оқулық - Алматы, 2009 ж. 94-102 б.
27 Жиздыбаев Т.К. «Жас туристерге кеңес». - Алматы, 2005 жыл.
28 Штюрмер Ю.А. «Карманный справочник туриста». - Москва, 1995 жыл.
29 Терещук В.А. «Спутник туриста». - Алматы, 1987 жыл.
30 Черновол В. «Справочник туриста». - Москва, 2001 жыл.
31 Макогонов А.Н., Плахута Г.А., Қалдыбаев М. «Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері». - Алматы, 1996 жыл.
32 Черныш И.В. «Походная энциклопедия путешественника». - Москва, 2006 жыл.
33 Коволев Ю.П. «Где провести выходной день». - Алматы, 1966 жыл.
34 Ер Әбішов «Туризм мамандығы бойынша оқитын студенттердің өзіндік жұмысы» (әдістемелік құрал). - Алматы, 2003 жыл.
35 Вуколов В.Н. «Основы техники и тактики активных видов туризма». - Алматы, 2005 жыл.
36 Вуколов В.Н. «По северному Тянь-Шанью». - Алматы, 2006 жыл.
37 Орынтаев С. «Путешествие на лошади».- Алматы, 2006 жыл.
38 Куприн А.М. «Ориентирование и движение на местности». - Воениздат, 1962 жыл.
39 Бринк И.Ю. «Тактика горовосхождений и качество снаряжения» - Москва, 1990 жыл.
40 Власов А.А. «Велосипедный туризм». - Москва, 1954 жыл.
41 Григорьев Н.В. «Водный туризм». - Москва, 1991 жыл.
42 Волков Н.Н. «Спортивные походы в горах». - Москва, 1999 жыл.
43 Туристские маршруты г.Алматы, оз.Иссык-Куль. РГКП «КАРТОГРАФИЯ» 2000г.
44 Кодыш Э.Н. «Соревнования туристов. Пешеходный туризм». - Москва, 1990 жыл.
45 Котов Г.Г. «Автомобильный туризм». - Москва, 1998 жыл.
46 Аркин Я., Вариксо А., Захаров П., Тяте Я. «Горный туризм. Снаряжение. Техника и тактика». - Москва, 1980 жыл.
47 Бардин К.В. «Азбука туризма. Пособие для руководителей туристских походов в школе». - Москва, 2001 жыл.
48 Лукоянов П.И. «Зимние спортивные походы». - Москва, 1988 жыл.
49 Ганопольский В.И. «Туризм и спортивное ориентирование». - Москва, 1987 жыл.
50 Кораблев В.А. «Спорттық туризм: қазіргі кезеңдегі дамыту проблемалары м ен ерекшеліктері». «Тұран» университетінің хабаршысы, №1-2 (18). - Алматы, 2003 жыл.
51 Кетпенов Ж.М., Омаров Қ.М., Оразбаев Е.Д. «Туристік жорықтарда ұлттық ойын түрлерін қолдану». Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. Гуманитарлық ғылымдар сериясы, №1 (41), 2005 жыл.
52 Махамбеталиева З. «Спорттық туризмнен үйірме жұмыстарын жүргізудегі жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары». «Мектеп» журналы, №7 (10). - Шымкент, 2004 жыл.
53 Кораблев В.А. «Қазақстандағы тау туризмі: тарих беттері». «Тұран» университетінің хабаршысы, №2 (38). - Алматы, 2008 жыл.
54 Кораблев В.А. «Қазақстандағы тау туризмі: тарих беттері». «Тұран» университетінің хабаршысы, №3 (39). - Алматы, 2008 жыл.
55 Кораблев В.А., Иванов И.С. «Жетісудағы су туризмі». «Тұран» университеті. - Алматы, 2004 жыл.
56 Власов А.А., Нагорный А.Г. «Туризм». - Москва, 1977 жыл.
57. Кусков А.С., Голубева В.Л., Одинцова Т.Н. Рекреационная география. - М.: Филита, 2005. - С. 10-15.
58 Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности. - М.: НОЛИДЖ, 1996. - 312с.
59 Организация туризма / под ред. Кабушкина Н.И., Дуровича А.П. Новое издание, Минск, 2003 г. – 632 с.
60 Физическая карта Джунгарского Алатау. М 1:500 000.- М.: ГУГК, 1985.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, рекреациялық, спорттық, әлеуметтік, діни туризм, тау туризмі, т.б. түрлерге бөлінеді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға, елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар туғызуға ықпал жасайды.
Тау туризмі ертеден қалыптасып, өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады. Тау туризмі арқылы танымдық, спорттық және мәдени-тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.
Алматы қаласының жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм 1950-60 жылдары дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г.Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді, соның ішінде тау дамытуға үлкен үлес қосты [2].
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін тау туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар, өйткені оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне айналып отыр. Еліміздің бірегей табиғи жағдайлары жайлылық пен қызмет керсетудің жоғары деңгейі тау туризмі, соның ішінде тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
Туризмді дамыту жөніндегі 2007-2011 жылдарға мемлекеттік бағдарламада тау туризмі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып және оны дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатты әзірлеу көзделген болатын [3]. Алайда, бүгінгі күні тау туризмін бірыңғай ұйымдастыру тәсілдерін әлі де болса жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Себебі тау туризмі табиғи таулы аймақтарға туристік ағындарды көбейтуге бағдарланбаған. Осыған орай таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдарын зерделеу мақсатында зерттеу тақырыбымызды Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыру жолдары деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастыруды теориялық негіздеу және практикалық маңыздылығын анықтау.
Зерттеу нысаны - жоғары оқу орындарында туризм пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақстанның таулы аймақтарына сипаттама беру;
- еліміздің таулы аймақтарының туристік бағыттарына талдау жасау;
- таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдiстерi:
- зерттеу мәселелерi бойынша әдебиеттер мен ақпараттық деректерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде және қосымша білім беру ұйымдарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, зерттеу нысаны, пәні, зерттеудің міндеттері, зерттеу әдістері сипатталған.
Қазақстанның таулы аймақтары атты 1-бөлімде зерттеу мәселелеріне қатысты әдебиеттерге талдау жасай келе, Қазақстан аумағындағы тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктеріне, еліміздің ірі таулы аймақтарына физикалық-географиялық сипаттама берілді.
Республикадағы таулы аймақтардың туристік бағыттары атты 2-бөлімде Еліміздегі туристік табиғи нысандарға талдау жасалып, таулы аймақтарда туризмді дамыту жолдары мен туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастырудың маңызы қарастырылды.
Туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың практикалық маңызы атты 3-бөлімде Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, тау туризмін ұйымдастырудағы қауіпсіздік шараларына және таулы аймақтарда туристік маршруттар мен турларды ұйымдастырудың болашағына сипаттама берілді.
Қорытындыда зерттеу мәселелерi бойынша әдебиеттер мен ақпараттық деректерге негiзделген тұжырымдар мен ұсыныстар берiлдi.
Қосымшада Қазақстанның ірі таулы аймақтарының түрлі-түсті суреттері және т.б. келтiрiлдi.

1. Қазақстанның таулы аймақтары
1.1 Қазақстан аумағындағы тау жүйелерінің орналасу ерекшеліктері

Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғарғы палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солтүстік-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңтүстік-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды .
Республиканың шығысында Алтай тау жүйесі (Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтай ғана Қазақстан жерінде) созылған. Алтай жер бедерінің құрылысы сатылы келеді, жұмыр жоталары мен тау массивтерінен сеңгір жалдары және тік шыңдары оқшаулана жеке-дара тұрады. Жүйенің орташа биіктігі 2500-3500 м, биік жері Мұзтау - 4506 м. Одан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай Алтайдың ірі жоталары тарайды. Алтайдың жағасы - Қалба жотасы Ертістің сол жағалауында жатыр. Алтайдан Зайсан ойысымен бөлінген Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай аумағында. Бұл жотаның ұзындығы 300 км, орташа биіктігі 2000-2200 м, ең биік жері 2992 м.
Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр жотасы (3816м). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ірі тау жүйелерінің бірі - Жетісу (Жоңғар) Алатауына ұласады. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Көксу аңғары тау жүйесін 2 жотаға (Солтүстік және Оңтүстік Жетісу жоталары) бөледі. Солтүстік Жетісу жотасының орталық бөлігінде бүкіл тау жүйесінің ең биік жері - Бесбақан шыңы (4464 м) бар. Тау батысқа қарай біртіндеп аласарып, Баянжүрек, Қойтас, т.б. жоталарға тарамдалып кетеді. Оңт. Жетісу жотасы негізінен ірі Тоқсанбай, Мұзтау, Бежінтау, Тышқантау жоталарынан құралады. Жетісу Алатауының басты ерекшеліктері - мұнда терең аңғарлар мен шатқалдар көп, шыңдары үшкір, сеңгір келеді, көпшілік бөлігін мұз басқан. Жетісу Алатауы оңтүстігінде Іле ойысымен шектеседі. Ойыстың батыс бөлігі Қараой үстіртін қамтиды [4].
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань жүйесіне жататын көп жылдық қар мен мұздықтар басқан аса ірі тау жоталары жатыр. Осындағы Хантәңірі шыңынан батысқа және солтүстікке қарай Солтүстік және Орталық Тянь-Шаньнның жоталары тарайды. Хантәңірі шыңы - бүкіл Тянь-Шаньдағы мұзданудың негізгі торабы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне сонымен қатар Теріскей Алатау жотасының шығыс сілемдері, Күнгей Алатаудың шығыс бөлігінің солтүстік беткейі және Кетпен (Ұзынқара) жотасы кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньнның ірі әрі биік тау жотасы - Іле Алатауы, оның ұзындығы 350 км, ең биік жері - Талғар шыңы 4951 м. Жотаның солт. беткейі тік сатылы, жалдары үшкір келеді. Беткейлері терең шатқалдармен және аңғарлармен тілімделген. Іле Алатауы - сейсмикалық өңір және мұнда ірі мұздану ошақтары (393 мұздық) көп. Шығысында Шарын шатқалымен шектеліп, батысында Кіндіктас тауына ұласады да, одан солтүстік-батыста аласа таулы, төбешікті Шу-Іле таулары жалғасады. Қазақстанның оңтүстігіне Қырғыз Алатауының солтүстік беткейі, ішінара Талас Алатауы, сонымен қатар Қаратау жотасы кіреді. Алдыңғы екеуінің дені Қырғызстанда орналасқан.
Ұсақ шоқылы Сарыарқа өз алдына жеке геоморфологилық облыс. Ең биік жері - Қызыларай тауындағы Ақсораң шыңы (1565 м). Таулық жер бедеріне осындағы Көкшетау, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы таулары және Шыңғыстау жотасы жатады. Сарыарқаның оңтүстік-батысы оқшауланған аласа таулы, қырқалы келген кең аумақты шөлді Бетпақдала үстірті орналасқан. Батыс Қазақстандағы Мұғалжар тауы Орал тау жүйесінің тікелей жалғасы саналады және оңтүстігінде біртіндеп жекелеген қырқалар мен шоқыларға бөлініп кетеді. Маңғыстау таулары аралары ойыстармен бөліне қатар жатқан 3 жотадан тұрады. Ең биік жері Қаратау жотасында - 556 м. Көршілес Үстірт өңірі Маңғыстаудан Қарынжарық ойысымен бөлінген, шығысында Арал теңізіне дейінгі өңірді қамтиды. Ендік және бойлық бағытта 800 км кең аймақтағы Маңғыстау түбегі мен жазық Үстірт ағын судың тым тапшылығына байланысты нағыз шөлге айналған. Каспий маңы ойпаты теңіздің солтүстігіндегі Жалпы Сыртқа дейінгі ені 500 км астам кең өңірді алып жатыр. Ойпат жер бедеріне құм төбелер, шағын көл қазаншұңқырлары, саздақты тегіс шағын жазықтар және бор шөгінділері толған күмбез тәрізді қыраттар бір-бірімен алмасып отырады. Негізінен жазық келген Тұран ойпатының тек солтүстік бөлігі ғана Қазақстанға енген. Балқаш - Алакөл ойысы құмды (Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, т.б.) шөл боп келеді. Сонымен қатар, бұл өңірде саздақты жазықтар да кеңінен таралған. Шу өзінінен оңтүстік жақтағы өңірді Мойынқұм алып жатыр. Батыс Сібір жазығының оңтүстік етегі Қазақстанның солтүстігінде Сарыарқаға ұштасады (Солтүстік Қазақстан жазығы). Жазықтың Қазақстан жеріндегі орташа биіктігі 150-200 м және Ертіс жазығы мен Есіл жазығынан тұрады.
Орал тауы мен Сарыарқаның аралығында ені 300 км-дей қырқалы Торғай үстірті жатыр. Орта бөлігін ұзына бойы құрғақ арналы шағын өзен және ұсақ қалдық көлдерге бай Торғай қолаты алады. Қолат беті негізінен тегіс, төрткілді келеді [5].
Қазақстанның таулы аймақтары өсімдігі жағынан бай өлке болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Мұндай аймақтар қатарына Алтай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань және Сарыарқаның аласа таулары жатады. Оларды мекендейтін жануарлар типі де біркелкі емес. Негізінен, оларда солтүстіктен және оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауып келген аңдар көбірек кездеседі. Таулы аудандардың жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ағаштарынан қорек алатын, грек жаңғағын шағатын, пісте, бадам жемістерін жейтін аңдар (тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтыңкей түрлері, т.б.) мол. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай (Барқытбел) шекарасынан өтпей қалған құстар қатарына гималай ұларын, байғызды атауға болады. Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы бойын бұғы, сілеусін, шиқылдақ торғай, шақылдақ тышқан, шымшық, Батыс Тянь-Шаньдыұзын құйрық тышқан, жайра, көк қарға, суықторғай, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Бұлардан басқа Орталық Тянь-Шаньда алтай суыры, имектұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Іле Алатауының төменгі шөлмен ұласып жатқан зонасынан бастап, суармалы егістігі бойында, одан жоғарғы альпі шалғынында, мәңгі қар жататын тау басында өсіп-өнген жануарлар түрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алма, өрік, долана, шетен және т.б. бұталы жемістер алқабында кеміргіштер мен кұстардың ірі түрлері қоныстанған. Шыршалы ормандабұғы, сілеусін, елік, альпі шалғынында таутеке, барыс, арқар кездеседі. Құстардың да әр түрі ұшырасады.

1.2 Еліміздің ірі таулы аймақтарына
физикалық-географиялық сипаттама

Қазақстанның биік таулы өлкелеріне еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және
Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық козғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.
Алтай Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.
Алтай тау жүйесі - Азия құлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтайдың климаты өте континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралық ойыстарда 27-30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14-16°С аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300 мм (Шу даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Алтай өзен мен көлге бай. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі т.б. өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның биік шыңы Мұзтау (4506 м). Осы жерден оңтүстік-батысқа қарай оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары (Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Нарын, Күршім) тарайды. Олардың биіктіктері шығыста 3500 м-ден батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000 м-ге дейін аласарады. Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді. Қалба жотасы - Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай 400 км-ге созылған жалғасы. Ең биік жері Сарышоқы шыңы (1606 м). Батысында жота бірте-бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетеді.
Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қатайдан Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.
Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды Қытай еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді.
Сауыр-Тарбағатай қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.
Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м). Төбелерінде мұздықтар жоқ
Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.
Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа қарай қуаңдау.
Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.
Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.
Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.
Жетісу (Жоңғар) Алатауы - Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа карай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауының басталар жерінен шығысқа карай солтүстік және оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Боротола өзенінің аңғарларымен шектелген. оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналаскан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылыскан жерінде Жетісу ауылының ең биік шыңы -- Бесбақан (4464 м) орналасқан. солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі -- тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Тау беткейлері бірінен-бірі жоғары орналасқан үш деңтейлі (1500-1900 м, 20003400 м, 3500-4300 м) баспалдақ құрайды. Төменгі сатыдағы таулар (Дауылбай, Алатай, Кеттібай, Бөрілі, т.б.) экзогендік проңестер әсерінен көп мүжілген қалдық таулар. Олар өзара кең өзен аңғарларымен бөлінген. Мұнан жоғары екінші деңгейде Қайранкөл, Желдіқарағай, Бұлантау, Жабықтау, Күнгейжота, т.б. жатыр. Ал жоғары баспалдаққа Тастау, Басқантау, Сарқантау, Көкжотатау, т.б. жатады. Соңғы екі баспалдақ таулар бедерінің қалынтасуьщда эрозиялық әрекеттердің басымдыг байқалады. Сондықтан, өзе аңғарлары тар, кей жерлері шат қалды келген. Жетісу ауылының баспалдақты құрылымы тау төбесінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп тегістеліп тау үсті жазықтарға айналуы нәтижесінде пайда болған. Оңтүстік Жетісу Алатауы Тоқсанба Бежінтау, Тышқантау, Мұзта жоталарынан тұрады. Қоты қайың жотасы негізгі жотань батыс жалғасы болын есептеле Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жаты Қатынтау мен Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жетісу ауылы жер бедері күрделі. Оның жазыққа айналған тау етегі аридтік климаттық жағдай қалыптасқан адырлы-төбе пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы аймақ айқындала түседі. Беткей шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. Ал 3500 м жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120,3 км3, ірілері: Берг мұздығы (ұзындығы 8 км), Жамбыл мұздығы (5,5 км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, оқтас, мөрмөр жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлеріңде палеозой граниттері кездеседі. Орта палеозойда пайда болған теңіз шөгінділері, таскөмір мен пермеде түзілген жанартаулық эффузивтер бар. Тау етегінде тауаралық жазықтарда кайнозой шөгінділері кең тараған. Олар палеоген мен неогеннің құмтасынан, саздақтарынан және қойтас, малтастардан түзілген. Төменгі палеозой шөгінділерінде полиметалл (Текелі, Көксу кеніштері), жанартаулық эффузивтерінде мыс және сирек металдар бар.
Жетісу (Жоңғар) Алатауының тектоникалық құрылымы да күрделі. Қатпарлы тау болып герцин орогенезінде көтерілген, мезозой мен кайнозойда әсіресе, палеогенде Бұл өңір тегістеліп, гогатформалық жазыққа айналған. Альпілік тау құрылуында Жетісу Алатауының өзегі қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы блоктарға бөлшектеніп, опырықты (грабен) және горстық құрылымдар пайда болып, жаңғырған биік тау жоталары түзіледі. Мұнда неотектоникалық процестер өлі жалғасуда, 4-5 баллдық жер сілкінулері жиі болып тұрады. Тектоникалық жарықшақтар бойымен терең жер асты қойнауынан емдік қасиеттері бар ыстық бұлақтар - арасан сулары (Қорғас, Жаркент Арасан, Қапал, Керімағаш, т.б.) шығады.
Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда қаңтар айының орташа жұмсақсы 1214°С) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарыңда климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа жұмсақ -19°С). Жауын-шашынның жылдық түсімі де тау етегінен (400 мм) жоғары карай артады (800 мм). Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі мен Сайқын желдері 60-70мс жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, өте қолайсыз ауа райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр [6].
Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Өзендерінің жоғарғы және орта ағысы қатты. ірі өзендері солтүстік-батысы мен солтүстігінде (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б.). Оңтүстігінде өзен атырабы сирек. Мұндағы басты өзен - Үсек (Өсек). 500-600 мден 1200-1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 м-ге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер және дәнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. солтүстік Жетісу ауылының орта биіктік белдеуі (2400 м-ге дейін) шалғынды орман, оңтүстік Жетісу ауылының орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Орманда Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. Мұнан жоғары (3200-3500 м) биік таулы белдеу орналасқан. солтүстік биік таулы белдеуі шалғынды-субальпілік ландшафтармен сипатталады. Жетісу (Жоңғар) Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.
Жоңғар Алатауы деген геог - рафиялық атаудың Жетісу Алатауы деп өзгергендігі Казақстан Ұлттық энциклопедиясының 2001 жылы жарық көрген 3-томының 681-682 беттерінде және Жетісу энциклопедиясында (2004 ж.) көрсетілген.
Жетісу Алатауының ау - мағында Қазақстан Республикасы Үкі - метінің №370 арнайы қаулысы бойынша 2010 жылы 30-сәуірде Жеті - су Алатауы атты мемлекеттік ұлт - тық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Бұл табиғи саябақты ұйымдастыру - дағы басты мақсат осы өңірдің аса бай табиғатын қорғау, сақтап қалу және қалпына келтіру, сонымен қатар қазіргі кездегі дүние жүзіне таралған 15 000-дай мәдени алма іріктемелерінің (сорттарының) арғы тегі болып саналатын, әрі осы өңірде өсетін жабайы сиверс алмасының генетикалық қорын сақтап қалуды көздейді.

2. Республикадағы таулы аймақтардың туристік бағыттары
2.1 Еліміздегі туристік табиғи нысандар

Туристік нысан - аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи-мемориалдық, мәдени-эстетикалық және танымдық мәнге, қасиетке ие,осыған байланысты туристердің көңілін аудартып, олардың өзінде болуына жағдай жасайтын жерлер. Туристік нысандарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Табиғи туристік нысандар - оларға табиғаттың көрікті жерлері, рекреациялық орындар, физикалық-географиялық объектілер: көлдер - (Балқаш, Зайсан, Алакөл, Көлсай, Жасыбай, т.б.); өзендер - (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, т.б.); табиғат ескерткіштері - сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер (Шетен орманы, Таутүрген шыршалары т.б.) әр түрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты мүсіндер (Оқжетпес, Шайтан тас т.б.), өзен каньондары (Шарын), сарқырамалар (суқұламалар), үңгірлер және т,б, жатады.
2. Тарихи туристік нысандар - қалалардың көне кварталдары, археологиялық орындар, көне мешіттер, мазарлар, шіркеулер, монастырлар, мемориалдық-тарихи ескерткіштер, костелдер, тастағы таңбалар мен жазулар, қалашықтар, қамалдар, сарайлар т.б.
3. Әлеуметтік-экономикалық туристік нысандар. Оларға адам қолымен жасалған көрікті орындардың барлығы жатады. Мысалы: ірі кешендер, ботаникалық бақтар, мұражайлар және т.б жатады.
Еліміздегі туристік табиғи нысандардың туризмді дамытуға мүмкін - дігі зор. Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынған [7].
Дамудың басым бағыттарының бірі - бәсекелестікке қабілетті туристік индус - трияны қалыптастыру мақсатында елімізде 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірленсе, Алматы облысы көлемінде осыған орай атқарылатын іс-шара жоспары жасалған. Облыс экономикасына тигізер мүм - кіндігі мол туризм саласын дамыту мақсатында атқарылатын игі істер қата - рына - ақпараттық-жарнамалық өнім шығару, халықаралық, республикалық туристік шараларға қатысу арқылы облыстың туристік имиджін қалыптасты - ру бағытындағы ұйымдастыру жұмыста - рын жатқызуға болады. Мәселен, 2001 жылдан бастап Қазақстан қатысқан халықаралық туристік шаралардың бәрінде, яғни Берлин (Германия), Утрехт (Нидерланд), Мадрид (Испания), Мәскеу (Ресей), Лондон (Ұлыбритания), Шанхай (Қытай) және Сеул (Корея) қалаларында облыстың туристік әлеуеті көрсетілсе, Берлин, Шанхай қала - ларында өткен биржаларда Қазақстанның стенді арнайы номинациялар бойынша бірінші жүлдеге ие болған. Онда Алматы облысының сапалы туристік өнімдерінің маңызы зор болды [8].
Туған өлкенің таңғажайып тамаша - сын алыс-жақынға жеткізу, жарнамалау бағытында Алматы және Астана қалала - рында өтетін халықаралық, респуб - ликалық туристік көрмелер саланың - дамуына берік негіз қалауда.
Отандық және әлемдік туристік қызмет көрсету рыноктарында облыстың туристік мүмкіндіктерімен таныстыратын жолсілтеме, облыстың туристік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы буклеттер, плакаттар, өзгеше табиғат ны - сандары мен көруге тұратын орындар - дың көріністері бар ашық хаттар және тағы басқа жарнамалық-ақпараттық өнімдер жарнамалануда және арнайы туристік карта жарық көрді.
Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи ашық аспан астындағы "Тамғалы" қорық мұражайы, бір спорт-көңіл көтеру кешені, үш мавзолей, екі аквапарк та туристік әлеуеттің бағалы нысаны. Эко - логиялық туризмнің негізін "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі", "Алты - немел", "Шарын", "Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары" сияқты экологиялық жүйелерді сақтаудың аса маңызды дәрежесіне ие ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрайды. Сонымен бірге облыстағы туристік саяхаттардың мақсат - тарына қарай туристерге курорттық-емдеу, соның ішінде климаттық ем, бальнео - логиялық ем, балшықпен емдеу, экология - лық туризм, соның ішінде оның маман - дандырылған флора мен фауна өкілдерін бақылауға негізделген түрлері, спорт-сауықтыру туризмінің (жаяу жүру, тауға шығу, шаңғы тебу, жағажайда суға шомы - лу, судағы спорт, мотоциклмен жарысу, желкенесу, альпинизм түрлері, мәдени-танымдық), соның ішінде табиғи, мәдени-тарихи көрікті жерлермен танысу, діни, этникалық мамандандырылған туризм, сонымен қатар аңшылық-кәсіпқойлық, белгілі жағдайларға байланысты экскурсия - лар уақытын мәнді өткізем деген демалу - шының талап-талғамына жол ашады.
Сонымен қатар жаз-күз, қыс айларында "Алтынемел", "Іле-Алатау", "Шарын", "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи парктеріне экскурсиялық турлар, Тамғалы тасқа, Аңырақай шатқалына, Іле өзеніндегі Тамғалыға, Жаркент мешітіне және басқа жерлерге экскурсия, Іле және Жоңғар Алатауының таулы өзендері бойынша рафтинг, тауға жаяу шығу турлары; облыс аумағында орналасқан курорттарда ("Алатау", "Қапал-Арасан", "Аққайың", "Жаркент-Арасан", "Керімағаш") тынығу және емделу, Алакөл көліне ұйымдас - тырылған сауықтыру турлары, Қапшағай су қоймасында тынығу туристердің денсаулығын түзеп, күш береді.
Жоғарыда аталған туристік нысандардың өзіндік орны, саяхатшыға сыйлар қызығы болатыны түсінікті. Соның бірі - "Алакөл" мемлекеттік табиғат қорығы - Жетісудағы ғана емес, еліміздегі ең жас қорықтардың бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік табиғат қөорығында үлкен ғылыми жұмыстар атқарылып, экотуризм саласы бойынша бірқатар бағдарламалар батыл іске асырылуда. Сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз іскерлік байланыстар орнап, өзара түсіністіктегі қарым-қатынас қалыптасқан. Болашаққа болжанған жұмыс - тардың барлығы қайталанбас сұлулығымен және аса бай флора және фауна әлемімен ерекшеленетін Алакөл аймағындағы кереметтерді келер ұрпақ үшін сақтау және тиімді түрде пайдалану мақсатында қолға алынып жатыр [9].
Алакөл қорығының жалпы аумағы 20743 гектар болса, оның кейбір аймағын пайдалануға қатаң тыйым салынған. Қорық қызметкерлері өздерінің күнделікті жұмыстарын Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бекітілген айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды басқару жоспарына сәйкес жүзеге асыруда. Қорықтағы күзет қызметінің техникалық жағынан жабдықталуы едәуір жақсарған. Сонымен бірге күзет қызметіне екі автокөлік, бес моторлы қайық пен осыншама мотоциклдер және қысқы мерзімге арналған қармен жүретін арнайы көлік бекітілген.
Қорықтың барлық аймағы әрқайсысы 1360 гектардан 3854 гектарға дейінгі алқаптарды құрайтын жеті телімге бөлінген. Биылғы жылы жүзеге асырылатын жұмыс - тар қатарында Тоғызтүбек және Қара - мойын шатқалдарында күзет бекеттерінің құрылысын қолға алу жоспарланған. Қорықтық аймақта заң ережелерін бұзушылардың кездесетінін де жоққа шығаруға болмайды.
Ғылыми-зерттеу жұ - мыстары бойынша қорық қызметкерлері жыл сайынғы "Табиғат жылнамасы" ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зоология институымен тығыз қарым-қатынас орнатудың арқасында 2006 жылы қорық аумағында екі бірдей ғылыми-зерттеу ұйымдары өздерінің реликтік шағаланың нақты санын анықтау мақсатында ғылыми жұмыстарын жүзеге асырған, Сонымен бірге осынау іскерлік байланыс барысында болашақ табиғат қорғаушылар мен зерттеушілер бүгінгі студенттер аталмыш қорық базасында өндірістік тәжірибеден өтіп, алып жатқан білімдерін іс жүзінде сынақтан өткізуге мүмкіндік алған.
Халықты экологиялық тұрғыда сауаттандыру бағытындағы жұмыстардың да маңыздылығы ескерілген. 2000 жылдан бері "Табиғат мұражайы" халыққа қызмет көрсетеді. Оған келіп, туған өлкенің табиғат ерекшеліктерімен, онда мекендейтін жан-жануарлармен танысқысы, тереңірек білгісі келетіндердің саны да артып отыр. Демалу - шылар Алакөлдің оңтүстік жағалауында орналасқан Ақши және Көктұма ауылда - рының маңайындағы сауықтыру орында - рында уақыттарын мәнді өткізуде. Биыл - дың өзінде осында 1000-нан астам адам демалып үлгерген. Болашақта қорықтың орталық кеңсесі жанынан қонақтарға арналған орталық салу көзделуде. Жыл сайын "Бақтар шеруі" халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында күзет бекеттері мен аудандағы саябақтарды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жойылып бара жатқан ағаштар мен талдардың, бұталардың түрлері де көбейе түсуде. Сонымен бірге алдағы уақытта қорық аумағын ұлғайту жоспарлануда.
Жетісу Алатауындағы туризмді да - мытуға аса қолайлы маңызды аймақтардың қатарына Қапал-Құрымбел ойысы мен Бүркітті Бүйен өзені бастау алатын Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталарының солтүстік беткейін жатқызуға толық негіз бар. Мұздыбұлақ таулы алқабы мен Құрымбел ойысында қазіргі кезде қазба жұмыстары жұргізіліп жатқан қола, сақ-ғұн, түркі кезеңдеріне жататындығымен ерек - шеленетін тарихи-экологиялық ескерт - кіштер, Қапал ойысында шипажайлық-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік беретін тектоникалық жарықшақты минералды су көздерінің қоры кездеседі. Қаратау, Қора, Жаманкөл жотала - рының солтүстік беткейлерінің абсолютті биіктігі мен жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфо - метриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм, спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және тау шаңғысы туризмдерін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.
Тау беткейлері микроклиматының адам - ның мінезі мен сезіміне, денсаулығына тигізетін әсері мол. Сонымен бірге тау беткейінің теңіз деңгейінен біртіндеп биік - теуіне байланысты Бүркітті Бүйен өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға болатындығы да туристік инфрақұрылым - дарды дамытуға аса қолайлы екенін дәлелдейді.
Табиғи алғышарттар бірнеше күндік туристік саяхаттар ұйымдастырып, Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында альпинистік лагерьлер құруға таптырмайтын орын.
Қора, Жаманкөл, Қаратау жоталары - ның солтүстік беткейінің, Қапал, Құрымбел ойыстарының гисометриялық, гидрокли - маттық ландшафтық-эстетикалық жағдай - лары мен тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын ескеріп, ғылыми-танымдық, бұқаралық сипаттағы серуендік-сауықтыру, шипажайлық-емдік және тау туризмін дамытуға болады.
Бүйен өзені бастау алатын субендік және ендік бағытқа созылып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орталық бөлігін қамтитын, батыстан шы - ғысқа бағытталып созылып жатқан абса - люттік биіктігі 3878 метрге жететін Қора, Қаратау (3289м) жоталары солтүстігінде теңіз деңгейінен биіктіктері 1200-2300 метраралығында ауытқитын үш деңгейлі Қапал, Құрымбел, Мұздыбұлақ тауаралық ойыс - тарына ұласады. Жоғарыда аталған жоталардың эстетикалық тартымдылы - ғымен ерекшеленетін табиғат көрсеткіш - теріне өте бай болуы туристерді ежелгі мұзбасулары мен сел әрекетінен түзілген жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныстыруға қолайлы.
Бүркітті Бүйен өзенінің аңғары мен теріскей беткейлердегі таулы орман топы - рағында талды-шетенді және шыршалы ормандар тараған. Қылқан жапырақты ормандардың жапырағынан бөлінетін эфир майларының хош иісі мен озонға бай салқын таза ауасы адамның физикалық күш қуатын қалпына келтіріп, мінез-құлыққа қолайлы әсер ететінін ерекше еске алуға болады.
Мұздықтардың бетінде ауа температу - расының төмендігіне байланысты орта биіктіктегі таулы белдеуге қарағанда, жел - дің жылдамдығы артады. Ауаның салыс - тырмалы ылғалдылығы, ашық күндердің саны, инсоляцияның мәнінің жоғарылығы сияқты рекреациялық ресурстардың жеткілікті болуы туризм мен демалысты дамытуға, келушілердің ынтызарлығын арттыруға ерекше мүмкіндік береді.
Күрделілігі төмен, орташа дәрежедегі альпинизм мен тау туризмін, тау шаңғы - сы хелликсиді, ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы ауданның бірі Бүркітті Бүйен, Орта Бүйен, Тасты Бүйен, Ақсу, Қора, Шыжы, Көксу өзен - дерінің суайрығы болып табылатын Қоржынтау, Қора, Жаманкөл жоталары - ның түйіскен жеріндегі Аболин, Безсо - нов, Тронов, Аюсай, Сапожников, Лагерьный, Алтынсарин мұздықтары болып табылады.
Жылы-ашық, жауын-шашынсыз күндердің көп болуына байланысты тау мұздақтарында альпинизм мен ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы кезең шілденің екінші жартысы мен тамыздың соңына дейінгі аралық болып табылады. Жылдың бұл мезгілінде 3000-3500 метр биіктіктегі нивиальды-гляциаль - ды белдеудің өзінде күндізгі температура +22 ...+24 градусқа жетсе, түнде +4 ...+6-дан төмен түспейді. Қаратау, Жа - манкөл, Арасан, Қора, Қоржынтау жота - ларының түйіскен жері жоғарғы пале - озойдың тілімделген гранитойдтарынан тұратын төбесі текшелі таулы алқап. Енді туристерді осынау керемет таулы аймақтарға апарудың, таныстырудың жол - дарына тоқталсам, бірінші күні ту - ристер Талдықорған қаласының солтүстік шығысында 75 шақырым қа - шықтықтағы Қапал ауылына жеткізіледі, жол бойында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Тау ауруы
Белсенді туризм тарихы
Тау туризмінің бағыттары
Тау жоталары
Экстремалды туризмнің мақсаты
Қазақстан да белсенді туризм түрлерінің аймақ бойынша таралуы
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Қазақстандағы шаңғы туризмі
Су туризімінің ерекшеліктері
Пәндер