Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері



Кіріспе

1 Тарау. ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың әлеуметтік.экономикалық мәні.
1.2 ҚР инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі
1.3 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс . тәжірибесі

2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерге экономикалық баға беру
2.1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі
2.2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау

3 Тарау. Жаһандану кезіндегі Қазақстандағы инвестициялық ресурстарды жетілдіру проблемалары мен даму болашағы.
3.1 Инвестициялық институттарын жетілдіре отырып
ұлттық экономиканы дамыту
3.2Қазақстанда шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу
3.3Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді. Қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама берген Пол Хейн, оның жазуы бойынша: “Инвестициялау – болашақта табыс алу үшін алдын-ала белгілі-бір затты сатып алу керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл осылай сізде акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз”.
Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай салымдарға теңестіреді. Мұндай түсінікпен менімше келісуге болмайды. Себебі, капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарда қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түрінде, әр түрлі қаржы құралдары түрінде (бағалы қағаздар түрінде бірінші кезекте), материалды емес активтер түрінде, лицензия түрінде, ноу-хау және т.б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

1 Тарау. ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні.
1.2 ҚР инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі
1.3 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс - тәжірибесі

2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерге экономикалық баға беру
2.1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі
2.2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау

3 Тарау. Жаһандану кезіндегі Қазақстандағы инвестициялық ресурстарды жетілдіру проблемалары мен даму болашағы.
3.1 Инвестициялық институттарын жетілдіре отырып
ұлттық экономиканы дамыту
3.2Қазақстанда шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу
3.3Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік.

1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді. Қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама берген Пол Хейн, оның жазуы бойынша: "Инвестициялау - болашақта табыс алу үшін алдын-ала белгілі-бір затты сатып алу керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл осылай сізде акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз".
Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай салымдарға теңестіреді. Мұндай түсінікпен менімше келісуге болмайды. Себебі, капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарда қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түрінде, әр түрлі қаржы құралдары түрінде (бағалы қағаздар түрінде бірінші кезекте), материалды емес активтер түрінде, лицензия түрінде, ноу-хау және т.б.
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән "күрделі қаржы" ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар "инвестиция" ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының "Шетел инвестициясы туралы" заңында "инвестиция" ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда : "Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы". Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар (мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары). Осыдан Қазақстан Республикасы "Шетел инвестициясы туралы" заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.
Менің ойымша, күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).
Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, "инвестиция" түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.
Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:
* нақты инвестициялар, яғни тікелей салынатын;
* портфельді инвестициялар, яғни қаржы құралдары арқылы салынатын.
Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау.
Инвестициялардың типтері
Материалды активтерге инвестиция
Қаржылық активтерге инвестиция
Материалды емес активтерге инвестиция
Инвестициялау объектілері
Негізгі өндірістік, өндірістік емес және материалды қорлар
Акциялар, мемелекеттік және корпоративтік облигациялар, басқа да бағалы қағаздар
Патенттер, лицензиялар, сауда белгілері, ғылыми техникалық өнім және т.б.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б.
Пайдалану салалары
Экономиканың нақты секторы
Қаржы-банк секторы
Инновациялық сектор
Әлеуметтік сфера
Пайдалану мақсаты
Жаңа материалды активтерді құру
Шығып қалып отырған материалды активтердің орнын толтыру
Материалды активтерді модернизациялау және тиімділігін арттыру
Бос ақша қаражаттары-
ның инвестицияға трансформациялануы
Материалды активтердің ғылыми техникалық, сапалық және бәсекелестік деңгейлерін көтеру
өмір сүру, жалпы білімділік, ұлттық денсаулық, қоршаған ортаның сапалық және т.б. деңгейлерін көтеру
Инвестициялаудың негізгі мақсаты
Материалдық байлықты және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарды көбейте түсу

Кесте 1. Инвестициялаудың сызбанұсқасы
*ШереметВ.В.Управлениеинвестициям и.М.1998
Енді портфельді және тікелей (нақты) инвестицияларды салыстырып көрсек:
1. Нақты инвестициялар экономикаға капитал салымының тікелей және ұзақ мерзімді болуына әсер етеді (құрылыста және шаруашылық обьектілерді ұйымдастыру кезіндегі жарналық қатысулары, оларды тиімді пайдалану мақсатымен біртіндеп немесе толығымен сатып алу және т.б.). Ал портфельдік инвестициялар тек уақытша және спекулятивті мінезде болады;
2. Нақты инвестициялар тек салынған капиталдан табыс таппай және де сол фирманы дұрыс басқарудан келетін табысқа тырысады. Портфельді инвестициялар салынған капиталдан тұрақты табыс тауып отырса, және мүмкіндігінше акциялар бағамының өсуіне үміт етеді;
3. Нақты инвестициялар жоғары рентабельді болып саналады, себебі уақыт өткен сайын алынған пайданы кәсіпорынға қайтадан инвестициялауға немесе шетелге шығаруға мүмкіндік береді;
4. Нақты инвестициялар портфельдікке қарағанда жұмыспен қамтылуға, ішкі нарыққа көп мөлшерде әсер етеді;
5. Нақты инвестициялар мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына және ұлттық бәсекелестікке әсер етеді;
6. Шетелдік фирмалардың мемлекеттегі позициясын бекітуге әсерін тигізеді.
Инвестициялардың мақсатты бағытына және пайдалану сферасына
байланысты 3 типін бөліп көрсетуге болады:
* Материалды активтерге инвестициялар, яғни капиталдың ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын кез-келген машиналар мен құрылғыларға және материалды запастарға салынуы;
* Қаржылық активтерге инвестициялар, яғни қаражаттың бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалынуы;
* Материалды емес активтерге инвестиция, яғни қаражаттың патенттер, лицензиялар сатып алуға, ғылыми-техникалық жаңалықтар жасауға, персоналдың біліктілігін арттыруға, денсаулық сақтауды жақсартуға және т.б. салынуы.
Инвестиция типтерінің барлығы дерлік мемлекеттің шаруашылығының дамуына өз үлестерін тигізеді,оларды атқаратын рөльдеріне қарай:
* Жиынтық инвестициялар;
* Таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың өсуіне бағытталған;
* Шығындарды жабатын инвестициялар деп бөлуге болады.
Жиынтық инвестициялар жаңа құрылысқа, өндіріске қажетті құралдарды алуға және тауарлы-материалды қордың өсуіне бағытталады.
Ал, таза инвестициялар, белгілі-бір мерзімдегі жиынтық инвестициялардан амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы соммаға тең. Таза инвестициялар көрсеткішінің динамикасы мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Егер де таза инвестициялар соммасы теріс мәнге ие болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдардан аз болса), онда ол өндіріс потенциалының төмендегенін көрсетеді, соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі азаяды. Мұндай жағдайдағы мемлекетті "өз капиталын азайтушы" деп атауға болады. Егер, таза инвестициялар соммасы нольге тең болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдарға тең болса), онда ол экономикалық өсудің жоқ екндігін көрсетеді.
Ал егер таза инвестициялар соммасы оң мәнге ие болса, онда ол экономиканың даму сатысында екенін көрсетеді. Таза инвестициялар көлемінің өсуі табыстардың өсуіне әкеледі. Және де бұл жағдайда табыстардың соммасының көлемінің өсу қарқыны таза инвестициялар соммасы көлемінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болып келеді.
Барлық қарастырылған типтерді топтастырып келесідей жіктелінім түрінде көрсетуге болады (сурет 2). Жоғарыда келтірілген түсініктер теориядағы келесідей тәуелділікке әкеледі: инвестициялар - жиынтық ішкі өнім - ұлттық табыс. Егер де таза инвестицияларды өндірістің ұлғаюына бағытталады десек, онда олар ЖІӨ-нің өсуіне әкеледі, яғни оның мультипликативті өсуіне серпіліс береді. Экономикалық теорияда мұндай құбылыс мультипликатор деген атпен белгілі.
Инвестициялар типі
Инвестициялау обьектісіне әсер ету дәрежесі бойынша
Мақсатты бағытталуы және пайдалану сферасы бойынша
Негізгі капиталды қайта құру бойынша
Пайда болу көздері
Нақты инвестиция
Портфельді инвестиция
Материалды активтерге инвестиция
Қаржылық активтерге инвестиция
Материалды емес активтерге инвестиция
Жиынтық инвестиция
Таза инвестиция
Шығындарды жабуға арналған инвестиция
Мемлекеттік инвестиция
Меншікті инвестиция
Қарыздық инвестиция
Шетелдік инвестиция

пппп

Сызба 1.Ивестициялардың жіктелінімі
*Фишер С.,Дорнбуш Р.,Шмалензи Р.Инвестиции
Мультипликативті нәтиженің мәні инвестициялық шығындардың өндіріс көлеміне әсерін ұлғайту болып табылады. Қосымша инвестициялау өндірістің және табыстың өсуін көтере келе жинақ ақшаның өсуіне алып келеді. Осылайша, мультипликатордың концепциясы, тек инвестиция қозғалысы мен өндіріс көлемінің өсуі арасындағы байланыстылықты білдіріп қоймай, сонымен қатар олардың экономикалық өсудің деңгейін білдіретін факторлар екендігін, ол өз алдына ЖІӨ-нің деңгейін білдіретіндігін айтуға болады.
Инвестициялық қызметті активтендіруде тікелей шетел инвестициясы үлкен рөл атқаруы мүмкін. Оларды әлемдік практикада сырттан капитал салымы деп түсінеді, және де инвестордың кәсіпорынды толық бақылауда ұстау мүмкіндігі туады.
Әлемдік тәжірибеде қабылданған анықтамаларға сәйкес, компаниямен басқа мемлекеттегі компанияның 10 немесе одан да көп дауыс беруге ие акцияларды сатып алуына кеткен қаражатты тікелей шетел инвестициясы деп айтуға болады. "Нақты шетел инвестициясы инвестордың бөгде экономикада жұмыс істейтін кәсіпорынға капитал салымы және оны басқарудағы шешуші дауысқа ие болуы".
Нақты шетел инвестициясы жаңа құбылыс болмағандықтан (АҚШ-да олардың тарихы 19 ғасырдан басталады), көңіл бөлетін жайт, олардың қозғалысындағы өзгерістер. Бұл ретте көзге бірден түсетіні соңғы он жылдардағы мұндай өзгерістердің бүкіл дүниежүзіндегі абсолютті өсуі. Егер де 80-ші жылдарға дейін нақты шетел инвестициясының жылдық өсімі 1,3-1,6 % құраса, одан кейінгі жылдары ол 20 % өсіп, дүниежүзілік сауданың даму ырғағынан 5 есеге асып түсті. Нақты шетел инвестициясының 2004-2009 ж.ж. динамикасы 1 кестеде көрсетілген
Дүниежүзілік шетел инвестициясының 2005-ші жылғы ағымы, олардың кейінгі дамуымен сипатталады. Шетел инвестициясының негізгі ағымы дамыған елдерге тиесілі. 2005-ші жылы олармен әлемдік ағымның 58 % тартылған немесе 233,1 млрд. $. Олардың ішіндегі көп бөлігі АҚШ-қа (90,8 млрд.долл.), Ұлыбританияға (36,9 млрд. долл.), Францияға (18,3 млрд.долл.), Бельгия және Люксембургқа (12,5 млрд,долл.) тартылған.

Кесте 2
Нақты шетел инвестициясының қозғалысы (млрд.долл.)*

2004
2005
200
2007
2008
2009
НШИ-ның жалпы экспорттық көлемі
53,7
86,0
131,0
154,0
189,3
202,8
АҚШ
13,2
18,7
31,0
16,2
31,7
36,4
Жапония
6,5
14,5
19,5
34,2
44,1
48,0
ЕЭО
23,1
40,6
62,4
76,0
89,1
96,0
Франция
2,3
5,3
8,8
12,7
18,1
26,6
Германия
4,9
10,0
9,1
11,4
14,2
22,5
Ұлыбритания
10,7
17,2
31,4
37,3
35,6
17,5
НШИ-ның жалпы импорттық көлемі
33,4
58,7
92,0
120,5
155,0
114,0
АҚШ
19,0
34,1
46,9
58,4
72,2
25,9
Жапония
0,6
0,2
1,2
0,5
1,1
1,8
ЕЭО
12,2
17,1
34,0
49,5
69,8
72,2
Франция
2,2
2,8
4,7
7,2
9,7
8,1
Германия
0,5
1,1
1,9
1,0
6,8
1,5
Ұлыбритания
4,7
7,3
14,1
18,3
28,8
31,6
*Bank for international settlements мәліметтері бойынша құрастырылған.
Инвесторлардың дамушы елдерге деген сенімсіздігінің өсуіне қарамастан, ондай елдерге Қазақстанда кіреді, олар дүниежүзілік шетел инвестициясы ағымында өз орындарын ешкімге бермейді. Мысалға, дамушы елдердің шетел инвестициясын қабылдауы 1993 ж. 17 % болса, 2008 ж. 62 % дейін өсті.Азиялық мемлекеттер арасында Қазақстан оныншы орынды иеленген. Мұндай шетел инвестициясы ағымының өсуін капиталды экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттер санының өсуімен түсіндіруге болады. Яғни, тұрақты инвесторлар қатарына (АҚШ, Жапония,Германия ) жаңадан қосылған мемлекеттер бар, Азияда: Оңт.Корея, Қытай, Тайван. Мысалға, кореялық фирмалардың инвестициясы 1988 ж. 75 млн.долл. болса, бұл көрсеткіш 2003ж. 412 млн.долл.,2005ж. 610 млн.долл. дейін өскен.
Қазақстанның шетел инвестицияларына мойын бұруы, оның стратегиялық және өтпелі кезеңдегі ағымдағы міндеттерді шешуі үшін қажет. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:
* Ұлттық экономиканы қайта құрылымдау;
* Аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуындағы диспропорцияларды жою;
* Мемлекеттің экспорттық потенциялын нығайту;
* Импорт алмастыру өндірісін дамыту;
* Экономикадағы бәсекелестікті дамыту;
* Нарықтық инфрақұрылымды дамыту;
* Шетелдік технологияларды, ноу-хау және басқарудағы іс-тәжірибені тарту және т. б.
Қазіргі таңда шетел инвестициясын тарту процесін, Қазақстан Республикасындағы және басқа да мемлекеттердегі экономисттер зерттеумен айналысуда. Осы уақытқа дейін жинақталған мәліметтерден шетел инвестициясының басқадай қаржылық келісімдерден келесідей артықшылықтарының бар екенін көруге болады. Біріншіден, олар жергілікті халыққа қажетті тауарлар мен қызметтер өндірісін қаржыландыруға қосымша капитал көзі болып келеді. Және де білімнің, іс-тәжірибенің, технологияның, ноу-хаудың, басқару және маркетингтің алмасуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, шетелдік қарыздар мен несиелерден айырмашылығы, олар сыртқы қарызға ауыр ауыртпашылық болып жатпайды, тіпті керісінше оны жабуда өз септігін тигізеді. Үшіншіден, олар жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне, жұмыс күшінің, инженерлік және басқарушылық кадрлерінің біліктілігінің артуына әсер етеді. Төртіншіден, экспортты өнімнің сапасының жақсаруына және оның әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі. Елге валюталық кірістің деңгейі өседі. Бесіншіден, отандық экономика мен әлемдік шаруашылықтың арасы өндірістің және ғылыми-техникалық интеграцияның арқасында нығая түседі. Алтыншыдан, бәсекелі нарықтық ортаның пайда болуына және монополизммен күресте өз әсерін тигізеді. Менің ойымша, нақты шетел инвестициялары сыртқы қарызды көбейтетін шетелдік несиелерді болашақта нарықтық қатынастардан ығыстырады.
Нақты шетел инвестициясы халықаралық инвестициялық қызметте инвесторды қабылдаушы мемлекет экономикасына сыртқы қарыздарға қарағанда көп пайдасы бар. Қазақстан экономикасының нарықтық және құрылымдық қайта құрулары кезінде нақты шетел инвестициясы қажетті шетел капиталының ең тиімді формасы болып табылады. Себебі олар тек өндіріске салынатын капитал көзі ғана емес, сонымен қатар технологиялардың, ноу-хау, басқару әдістерінің алмасуына және де отандық экономиканың әлемдік шаруашылыққа енуіне әсер етеді.
Нақты шетел инвестициясының шетелдік несиелермен салыстырғандағы тағы да біраз артықшылықтары бар. Шетел инвестициясын тарту ішкі нарықтағы монополиямен күресте және бәсекелестіктің дамуына септігін тигізеді. Олардың көмегімен мемлекеттегі өндіргіш күштердің қуаттылығын және тиімділігін көтеруге болады. Нақты шетел инвестициясын дұрыс пайдаланған жағдайда, ол экспорттың диверсификациялануына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шетелдік несиемен салыстырғанда сыртқы қарызды көбейтпейді, валютаның сыртқа кетуіне кері әсер етеді.
Нақты шетел инвестициясының өсімі бір-бірімен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, нарықтардың қызмет етуі, бәсекелестік және монополияға қарсы саясатты атқарғанда. Ол үшін мемлекеттік реттеуді дұрыс сараптап, оны жүзеге асыру қажет. Мұнда трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) әлемдік, мемлекеттік және аймақтық экономикадағы рөлі өте зор. Эксперттердің бағалауы бойынша, 2005 ж. нақты шетел инвестициясының көлемі 3,7 трлн. долл. құраса, ТҰК - дың қаржылық жағдайы 9,3 трлн. долл. болған. Осыдан инвестицияны қабылдаушы мемлекет отандық экономикаға тиімді болатындай етіп инвестициялық режимнің стандарттарын жасап және оларды жүзеге асыру қажет.
Нақты шетел инвестициясының негізгі мақсаты - экономикалық өсудің жоғарылауы және халықтың әл-ауқатының көтерілуі болып табылады. Табыс тек қана келген капиталдан, жаңа технологиялардан, ноу-хау және т.б. емес, сонымен қатар ұлттық нарықтар мен салалардың қызмет ету орталарына немесе жағдайларына да байланысты, әсіресе ТҰК-лар қызмет атқаратын жерлерде. Олардың қызмет ету тиімділігі нарықтарға шығу және одан кету, бәсекелестік дәрежесінің мүмкіндіктерімен байланысты. Кедергі келтіретін бағаналарды жою ТҰК-дың ұлттық нарықтарға енуіне және ондағы бәсекелестікті көтере түсуге жол береді. ТҰК-лардың филиалдарының өндірістік тиімділігі жоғары екенін білеміз, алайда оның қабылдаушы мемлекет экономикасына қаншалықты әсер ететіндігі ондағы нарықтардың тиімді жұмыс істеуімен және бәсекелестіктің болуымен де байланысты. Егер де шетелдік филиалдар арасында, және де отандық компаниялар арасында бәсекелестік жеткілікті түрде болмаса, онда тұтынушылар алатын артықшылықтарынан айырылып қалулары мүмкін, яғни төмен бағадан, өнім сапасының жақсаруынан және ассортиментінің өсуінен, нарықта жаңа тауарлардың пайда болуынан.
Шетел инвестициясының рөлі өндірістің материалдық және материалдық емес факторларымен шектелмейді. Халықаралық инвестициялаудың төрт функциясын бөліп көрсетуге болады: өндірістің материалды факторларына ену мүмкіншілігін қамтамасыз ету; өткізу нарығына енуді қамтамасыз ету; халықаралық өндірісті ұйымдастыру; макро және микро деңгейде ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық жүйелерге адаптациялануы. Тек осындай шетел инвестициясының көп функционалдығын пайдалана отырып, оны экономиканың құрылымдық қайта құруының негізгі факторларына айналдыруға болады.
Қытайдың іс-тәжірибесін мысалға келтірсек. Шетел инвестициясын тарту көлемі бойынша Қытайдың тек АҚШ-қа ғана жол беретіндігі мәлім. Мұнда шетел инвестициясының көп бөлігі еңбекті қажет ететін шаруашылықтарға келеді (электроника, тігін заттары, аяқ киім және т. б.). Қытай саудасының мәні, қайта өңдеуге қажетті тауарларды импорттау және дайын болған өнімді экспорттау. Осындай атқарылатын операциялардың тең жарымы ТҰҚ-ға тиесілі, яғни Қытай импортының 55 %-і. Осылайша, бір жағынан, шетелдік филиалдар және біріккен кәсіпорындар сыртқы саудадағы негізгі күш, және ҚХР-нің экспортынан валюталық түсімдердің негізгі көзі болып отырса,екінші жағынан, Қытай экономикасының модернизациялануында елеулі рөлдерге ие болып отыр.
Нақты шетел инвестициясын талдау объектісі ретінде пайдалануым келесідей жағдайлармен байланысты:
* Нақты шетел инвестициясы инвестициялық ағымның үлкен бөлігін алып жатыр. Ол шетелдік капитал салымының 13 бөлігін қамтып отыр.
* Нақты шетел инвестициясының кешенділігі. Расында да ол тек қаржы ағымы ғана емес, сонымен қатар басқадай ресурстардың, технологиялардың, менеджмент және маркетингтің келуіне септігін тигізеді. Мұндай жағдайдағы экономикалық қатынастар жүйесі көп аспектілі және ұзақ мерзімді сипатта болады.
Жүргізілген талдаудан байқағанымыздай, Қазақстан экономикасында нақты шетел инвестицияларына басымдықты берген дұрыс. Нарықтық экономиканы жұмыс істеткізе алатындай кәсіпорындар құру қажет.
1993 ж. бастап Қазақстанға қарыз, несиелер түрінде және де біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына ұзақ мерзімді салымдар ретінде капитал ағымы келе бастады. Сонымен бірге тартылған шетел инвестициясының көлемі ғана өспей, олардың құрылымы да сапалы түрде жақсарды. Егер де 1999-2004 ж.ж. аралығында келген инвестицияның жарымынан астамын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары құраса, 2005 ж. нақты шетел инвестициясының жалпы келген инвестициялар көлеміндегі үлесі 85,8 % құрады (кесте 4).

Кесте 3
Қазақстандағы шетел инвестициясының көлемі және құрылымы (млн.долл.)*
Годы

Қарыздар
Несиелер
Тікелей инвестициялар
Барлығы
2000-2005
Абсолютті
1890,1
1250,1
2633,4
5775,6

%
32,7
21,6
45,7
100
2006- 2007
Абсолютті
303,4
528,1
1417,3
2248,8

%
13,5
23,8
63,0
100
2008-2009
Абсолютті
850,2
279,2
3182,5
4312,6

%
19,7
6,5
73,8
100
*Қазақстанның инвестициялық мүмкіншілігі. Алматы 2009
Сонымен шетел инвестициясын тартудың жағымды жақтарымен қатар, жағымсыз жақтары да кездеседі. Үкімет инвесторларды тарту мақсатымен, ТҰК-ларға нарықта жұмыс істеуі үшін жеңілдіктер қарастырады. Оларға өнімді өндіруге және сатуға эксклюзивті құқықтар береді. Шетелдік фирмалардың өндіріс қуаттылығы және де үлкен мүмкіншіліктері отандық кәсіпорындарды нарықтан ығыстырады немесе шетелдік компанияларға тәуелді болуына әсер етеді. Сондықтан нарықта шетелдік фирмалардың пайда болуымен пайда болатын бәсекелестікті де бағалау қажет. Отандық тауар өндірушілерді қолдайтын бағдарламалар міндетті түрде болуы керек.
Өнімді немесе пайданы бөлу шартындағы қатысушылық (ӨБШҚ), мүмкінді тәуекелдің инвесторға жүктелуі бойынша қатысушылық (МТИЖ) және концессиялар нақты шетел инвестицияларына тиесілі. Алғашқы екеуі ортақ кәсіпорын түрінде келсе, соңғысы шетелдік кәсіпорын түрінде болады (кесте 4).

Кесте 4
Нақты шетел инвестициясын тартудың параметрлері*
Қатысушылықтың түрі
Капитал тарту түрі
Негізгі өндіріс қорларына әсері
Қабылдаушы жақтың табысының түрі
Инвестордың үкімет стратегиясына әсер етуі
Концессия
НШИ
Тікелей
Р+Нп
100%
ӨБШҚ
НШИ
Тікелей
ДпрДп:Р+Пн
*
МТИЖ
НШИ
Тікелей
П-Пу
*
*Қазақстанның инвестициялық мүмкіншілігі
Шартты белгілері:
Р-роялти; Нп- пайдаға салынатын салық;
П-пайда; Дпр- өнімдегі үлесі;
Дп- пайдадағы үлесі; Пн- табыс салығы;
*- қатысушылық түріне байланысты;
Пу- қызмет үшін төлемдер.
Концессия
Концессия - ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі, яғни мемлекеттің өз территориясындағы белгілі-бір экономикалық қызмет түрін (мысалға, жер қойнауын пайдалану) атқаруға өз құқығын толығымен немесе біртіндеп жергілікті немесе шетелдік заңды тұлғаға беруі. Әдетте концессиялық келісімдер, көп жағдайда, ірі шикізат корпорацияларымен жасалған, бұл бір жағынан. Екінші жағынан, бір-біріне тәуелді мемлекеттер арасында жасалады. Бұл келісімдер қабылдаушы тарапқа тиімсіз шарттармен бекітілетін. Қазіргі таңда концессиялық келісімдер кейбір елдерде әлі де болса бар, бірақ өзгертілген түрде, яғни капитал тарту моделіне тең.
Табу құқығы қабылдаушы мемлекетке, ал өндіріс құралдары және өндірілген шикізат шетелдік компанияға тиесілі. Концессионер - компания мемлекетке роялти (өнім құнынан 12,5 % кем емес мөлшерде) және табыс салығын төлейді.
Концессиялық келісімдер жер қойнауы толық зерттелмеген, болжамданған ресурстар аумағы қиын жерде орналасқан және экономикалық артта қалған мемлекеттерде қолданылады. Мысалға, мұнай өндіру сферасында 70-80 ж.ж. концессиялық типтегі келісімдер Тропикалық Африкадағы мемлекеттермен көп қолданылған.
Сондықтан концессиялық типтегі келісімдерді, тек зерттеу мекені қиын жердегі және табиғи-климаттық жағдайы ауыр жерлерге қолдану қажет.
Өнімді немесе пайданы өзара бөлу шартындағы келісім (ӨБШҚ)
Бұл қатысушылықтың түрі, келісімдегі жобаны толығымен немесе біртіндеп қаржыландыру және де ағымдағы шығындарды шетелдік инвестордың жабуымен сипатталады. Өнімді немесе пайданы бөлу пропорциясы тараптардың келісілген қатынасында болуы мүмкін. Ол бір жаққа 10%-тен 90%-ке дейін де болуы мүмкін.
Алғашқы кездері қабылданып жүрген келісім шарттарда, шетелдік тараптың роялти және табыс салығын төлеуі қарастырылмаған, себебі мемлекетке тиесілі немесе алынатын пайда өздеріне тиесілі үлесті сату есебінен жабылады деп есептеген. Қазір ол төлемдердің екеуі де алынады.
ӨБШҚ ресурстық жағдайы жақсы, бірақ қаржылық жағдайы нашар мемлекеттер үшін өте тиімді. Бұл келісімде қабылдаушы мемлекет ешқандай тәуекелге бармайды, керісінше дұрыс қойылған салық режимі есебінен түскен пайданың біраз бөлігін алуға мүмкіншілігі бар. Қазақстанның экономикасына шетел инвестициясын тартуға осындай келісім түрі басымырақ.
Мүмкінді тәуекелдің инвесторға жүктелуі бойынша келісім (МТИЖ)
Мұндай келісім пайдалы қазбалар жерін зерттеген кезде кең қолданылады. Басқа түрлерден айырмашылығы сол, инвестор зерттеуге және мекенді құруға кететін шығындарды және осыған байланысты тәуекелді өз мойнына алады. Егер зерттеу соңында қазба байлықтар табылмаса онда келісім тоқтатылады және де кеткен шығындар қайтарылмайды.
Ортақ кәсіпорын (ОК)
Сыртқы экономикалық байланыстың перспективті түрі болып ортақ кәсіпорындар есептеледі. Мұнда міндетті түрде шетелдік фирма және қабылдаушы тараптың болуы шарт.
Ортақ кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формасы әдетте жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде болады. Тараптардың қосқан жарналары болып ақшалай капитал, ғимараттар, құрылғылар, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы, мүліктік құқықтар (патент, ноу-хау және т.б. интелектуалды құндылықтар) болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметіне бақылау, пайданы және шығындарды бөлу ортақ бекітіледі.
Аталған барлық шетел инвестициясын тартудың түрлері өмір сүру құқығына ие. Сондықтан кең ауқымды территориялы Қазақстан сияқты мемлекетте аталған нысандар паралелльді түрде қызмет ете алады және ол солай болуға тиіс.

1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі
Инвестициялық қызмет шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы практикалық түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық сферада іс-әрекет жасайды. Инвестициялық сфера құрамына біріктіріледі:
капиталды құрылыс сферасы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;
қаржылық капиталды айналдыру сферасы.
Инвестициялық қызмет Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заң, ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы Заң күшіне ие, Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы, Шетел инвестициялары туралы Заң және Банкроттық туралы, Концессия туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, ҚР - ның инвестициялық қорлары туралы және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары экономиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету, өзінің ішкі ресурстарының жеткіліксіздігінен, үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, ноу-хау, Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру, серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету. Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет. Экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына жәрдемдесу, өндірісте бәсекелік сфераны дамыту, экспорттық потенциялдың өсуі мен дамуы, шикізат бағытын жеңу, экспорттық экспасияны күшейту, өз позициясын ішкі нарықта нығайту, ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту, өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы, депрессивті, алыстағы, экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарын жасау. Қойылған мәселелерді шешу келесі шарттарды қажет етеді:
алдағы 10 жылдағы Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының қажеттілігінің болжамын жасау және нақты құйылуын жүзеге асыру;
шетел инвесторлары үшін инвестициялық тәуеклдің минимизациясына бағытталған тұрақты режимді құру және заң арқылы бекіту;
тікелей және қоржындық инвестициялардың құйылуына тиімді стимул жасау;
шетел инвестицияларын реттеуге бағытталған қажетті және тұрақты құқық негіздерін жасау;
жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизімін жасау, бағдарламалық іс-шараларды іздеу және жетілдіру.
Осы мәселелерді шешу, менің ойымша, елімізде тартымды инвестициялық климатты жасауға және шетел инвесторларының инвестициялық қызметін күтуге мүмкіндік береді. Егер де инфляцияның төмендеуі, макроэкономикалық тұрақтылық жүзеге асырылса ғана бұл нақты факт болады. 2009 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі қаржы емес активтерге жұмсалған 101.2 млрд.теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 10,6% 2008 жылы 44,7%, 2007 жылы 48,5% 2006 ж 33% өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі 47,0% құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 9,6 проценттік пунктке артық. Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік пунктке өсіп, 408% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 проценттік пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд теңгені құрады, оның 89,7 проценті геологиялық барлауға жұмсалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған 54,2%. Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың үлесінің 0,6 проценттік пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік коммуналдық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық өнеркәсіптік кешенді қолдау және инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар.

1.2 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс- тәжірибесі
Кейбір дамыған мемлекеттерде шетелдік инвестициялардың қызметін реттейтін арнайы заңдар және органдар бар. Мысалға, Португалияда "шетелдік инвестициялар кодексі" және арнайы мемлекеттік ұйым - "Португалиялық сауда, туризм және инвестициялар жөніндегі институты" жұмыс істейді.
Көптеген дамыған мемлекеттерде шетелдік компаниялардың қызметін реттейтін арнайы мемлекеттік органдар жоқ. Осылайша, АҚШ-ғы шетел инвестициялары жөніндегі комитеттің ірі шетелдік капитал салымын тексеруге, тіпті оларға рұқсат бермеуге құқығы бар. Алайда осы уақытқа дейін рұқсат берілмеген жағдайлар тіркелмеді. Ал қалған федералды органдар шетел инвестициясына тек статистикалық талдау жасаумен шұғылданады. АҚШ-та волюталық шектеулер де жоқ. Сол себепті АҚШ-ғы шетел компанияларының қызметі ұлттық компанияларды реттейтін заңдармен және органдармен реттеледі.
Құрама Штаттарындағы шетел инвестициясы жөніндегі комитет (Comitte on Foreign Investment in the US) - АҚШ-тың ұлттық қызығушылықтарына әсерін тигізетін ірі көлемді шетелдік капитал салымын қарастыруға құқылы. Қажет болған жағдайда оларға рұқсат бермейді, бірақ осы уақытқа дейін ондай әрекет тіркелмеді.
Ал, шетелден басқарылатын компаниялар үшін келесідей шектеулер бар: мұндай компаниялар мұнай құбырларын және көмір шахталарын сатып алуға құқықтары жоқ; ұқсас шектеулер, яғни басқа мемлекетте қандай шектеулер болса, американдық компанияларға, сол елдің компанияларына да сондай шектеулер; қазба байлықтар өндіруге және қозғалмайтын мүлікті, әсіресе жерді сатып алуға; ондай компанияларға авиациалық және су көлігі қызметтерінде, атомды және электро энергетикада, байланыста, банктік және сақтандыру саласында қызмет атқаруға шектеулер қарастылған.Шетелдік инвестициялар үшін шетелдік кәсіпорынның бөлімшесі ретінде тіркелгені оңай. Ол заңды тұлға емес, оған жарғылық қордың көлемі бойынша шектеулер жоқ, салықты бас компания төлейді, және әрдайымғы міндетті ревизиялар қажет емес.Алайда шетелдік инвестициялар үшін еншілес компания түрінде тіркелгені тиімді болып отыр. Ол заңды тұлға болып табылады, сондықтан корпорациялар туралы заңдағы барлық шарттар ескеріле отырып тіркеледі.1993 жылдан бастап корпорациялар мен басқадай ұйымдардың жақсы жақтарымен құрылған жауапкершілігі шектеулі корпорациялар пайда болды: оларда шектеулі жауапкершілік және де оларға корпорациялық табыс салығы салынбайды (салық қатысушылардың қосқан жарналары бойынша жеке табыс салығы ретінде төленеді).
Сауда министрлігі "Invest in the USA" атты бағдарламасы арқылы шетел инвестцияларына нарықтар жайлы, қаржы жайлы және т.б. мағлұматтар беріп отырады, жергілікті кәсіпкерлермен және жергілікті әкімшілікпен қатынас орнатуға көмек көрсетеді.Басқадай инвестициялық жеңілдіктер штаттық деңгейде беріледі. Олар - салық салу ставкасын төмендету, өндіріс инфрақұрылымына қажетті ғимараттарды тегін салу, амортизациялық ставканы жеңілдету, ғылыми эерттеулерге және жұмыспен қамтуға қарыздар беру. Сонымен бірге, экспорттық бағытта жұмыс істейтін корпорацияларға салық салынатын табыстың 15% шегеруге рұқсат етіледі.АҚШ-та халықаралық аймақтар жұмыс істейді, оларға тіптен шетелдік банктердің бөлімшелері де мүше бола алады. Ол аймақ резидент еместермен операциялар жасауға бағытталған. Шағын бизнестер жөніндегі әкімшілік, орташа шетел фирмаларына үлкен көмек көрсетеді. Яғни тегін мәліметтерден, консультациялардан бөлек жеңілдетілген қарыздар ( 150 мың $ дейін ) және банктен несие алуларына кепілдік береді ( 350 мың $ дейін ).
Шетел инвестицияларына мәліметтік және кеңестік көмек көрсететін бірнеше ұйымдар бар. Оларға: АҚШ сауда Министрлігінің экономикалық талдау бюросы; Шағын бизнес жөніндегі әкімшілік; Штаттар дамуының ұлттық ассоциациялар агенттігі.Шетел инвестициясын реттеуде жапониялық іс-тәжірибе де қызығушылық тудырады. Жапонияда шетел инвестициясын реттейтін арнайы заңдар және органдар жоқ. Жапонияның үкіметтік ұйымдары Жапония экономикасына немесе қандайда бір салаға келтіретін шетел инвестицияларына мүлдем шек қоюларына құқықтары бар. Бірақ рұқсат берілмеген жағдайлар әлі тіркелмеген, тек кеңес берген жағдайлар бар. Жапонияда кейбір өндіріс салаларына инвестицияға тиым салынған: ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау, мұнай өндіру индустриясы. Елде мемлекетке тиесілі салалар жоқ, барлығы жекешелендіруді өткерген. Қозғалмайтын мүлікті шетелдік азаматтың сатып алуына тиым салынбайды, бірақ шетелдік азамат сауда қоғамының президенті бола алмайды.
Шетел инвестициясын ынталандару мақсатымен Жапонияның даму банкісі шетелдік кәсіпкерлерге құрылыстық және басқа шығындардың 40% жуығын жабатын жеңілдетілген қарыздар береді. Қарыз 15-25 жылға беріледі.
1993 жылдан бастап жартылай мемлекеттік шетел инвестициясын дамыту корпорациясы жұмыс істейді. Сонымен қатар шетелдік инвесторларға кеңестік және ақпараттық көмек көрсететін Жапонияның сыртқы сауда ұйымы қызмет етеді (ДЖЕТРО).
Европалық одаққа мүше елдердің іс-тәжірибесіне назар аударсақ.Францияда шетел инвестициясына қатысты арнайы заң жоқ. Шетел инвестициясын реттеумен Франция Банкі және экономика, қаржы және бюджет министрлігі айналысады.
Егер компанияда шетелдік капитал 20% астамын құраса, онда ол шетелдік компания болып саналады. Еуропалық одақтың президенттері капитал салымын ешбір шектеусіз жүзеге асыра алады.Францияға келетін барлық шетел инвестициялары алғашында шетел валютасын әкелу есебінен немесе Франциядан қарыз алу есебінен қаржыландырылуы шарт. Компанияны құрып және оны тіркегеннен кейін, шетел инвесторы қаржы саласындағы ұлттық компаниялар пайдаланылатын құқықтарға ие болады.Алынған пайданы басқа жаққа аударған кезде және сырттан қарыз алу кезінде ешқандай шектеулер болмайды. Жалғыз ғана шарт, шетелдік компания жойылған кездегі қалған 10млн франктен астам сомманы басқа жаққа аудару үшін арнайы органдардан рұқсат алу. Мұнда да артта қалған аудандарда қызмет атқаратын компанияларға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Бұл аудандарға Францияның батыс және оңүстік-батыс, сонымен қатар солтүстік-шығыс территорияларында орналасқан көмір, тігін және металлургия салалары кіреді.Жергілікті әкімшіліктерден тыс, жеңілдіктер берумен елдің экономикалық даму Агенттігі, жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі Ұлттық агенттік және де ғылыми зерттеуге көмектесетін Ұлттық агенттік атсалысады.Шетелдік инвестор субсидияларды сол кезде ала-алады, егер инвестициялық жобаға құйылған капитал көлемі 20 млн. франктен асса немесе, егер де Францияда өндірілген тауарларды экспорттаудан түскен пайда 300 млн. франктен асса.Мемлекеттің экономикалық даму Агенттігі шетел инвесторларына көмек ретінде Invest in France Network (IFN) атты кеңестік және ақпараттық кеңселер жүйесін құрды. IFN-ның орталық кеңсесіне экономика, қаржы және бюджет министрлігі; жергілікті сауда-өнеркәсіптік палаталар; жаңа кәсіпорындар құру жөніндегі Ұлттық агенттік кірді. Ұлыбританияда да шетел инвестициясын реттейтін арнайы заң және орган жоқ. Елде тек компаниялар жайлы заң бар, ол қазірдің өзінде даму үстінде. Ұыбританияда валюталық шектеулер жоқ. Инвестициялық жеңілдіктер келесі бағыт бойынша беріледі:
* Капитал салымын құптау, оның ішінде: жалпы ұлттық мағынаға ие жобалар (500 мың.фт. стерлингтен кем емес); ерікті аймақтағы көмек, субсидия түрінде (80 %-ке дейінгі шығындар) және персоналды оқыту; кәсіпкерлерге қаланың ешкімге қажет емес жер учаскелерін және ғимараттарды тегін беру, және ұзақ мерзімді қарыз бен субсидиялар беру. Европалық инвестиция банкінен жеңілдетілген шарттағы қарызды ала-алады (негізгі қорға салынған салымның 50 % дейін);
* Экспортты құптау, яғни Британиялық сыртқы сауда кеңесі мен экспорттық несиелер департаментінің кеңестік және ақпараттық көмегі;
* Жұмыспен қамту және қызметтер жөніндегі комиссияның персоналды оқытуға субсидиялар алуына болады;
* Солтүстік Ирландияның дамуын құптау, онда кәсіпкерлер үшін өте тиімді жеңілдіктер қарастырылған.
Ақпараттық және кеңестік көмекті шетел инвесторларына Invest in Britain Bureau атты ұйым көрсетеді.Шотландияда ол ұйымға ұқсас Scottish Enterprise, ал Солтүстік Ирландияда Northern Ireland Development Board атты ұйымдар жұмыс істейді.
Қытайдың шетел инвестицияларын тартудағы іс-тәжірибесі назар аударарлық. Шетел инвестициясын реттейтін негізгі органдар болып: сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы сауда министрлігі; өнеркәсіп және сауда бойынша мемлекеттік әкімшілік табылады. ҚХР-ның конституциясында шетелдік инвесторлардың құқығын сақтайтын баптар қарастырылған. Шетел инвестициясын реттеумен орталық органдармен бірге аймақтық органдар да айналысады.Шетел компанияларына келесі салаларда қызмет атқаруларына жол берілмейді: газеттік және баспа ісінде, радио таратуда, кино саласында, сыртқы және ішкі саудада, байланыс және почталық қызметте, сақтандыруда. Ал келесі салалар тек мемлекетке тиесілі: коммуналды қызмет, көлік, жылжымайтын мүлік саудасы, лизингтік қызмет көрсетулер.Сонымен бірге ортақ кәсіпорындарды шетел инвесторының үлесі жарғылық капиталдың 25 % аса бөлігін қамтуы тиіс. Шетел капиталы бар компанияларға жерді және басқа да қозғалмайтын мүлікті сатып алуға рұқсат берілмейді. Олар тек оны пайдалану құқығына ғана ие бола алады.Қытайда валюталық қадағалау өте қатаң түрде жүргізіледі. Шетелдік капиталы бар жергілікті компаниялар Қытай банктерінен несие алуға мүмкіндіктері бар, алайда оның ұзақ мерзімді түрін алу өте қиын. Шетелдік инвесторлар үшін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген қарыз және жеңілдетілген экспорт-импорттық режим қарастырылған, әсіресе алдыңғы қатарлы технологиясы бар және экспортқа көзделген кәсіпорындар үшін. Шетел инвестициясының қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қытай заңдылықтарына сәйкес энергетика, химия, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында қызмет істеулері қажет. Кез-келген шетелдік инвестициямен құрылған кәсіпорын Қытайда 10 жылдан артық жұмыс істеу ниеті болса, онда ол алғашқы 2 жылда барлық салықтардан босатылады және де кейінгі 3 жылда салықтың тек жартысын төлейді.Қытайда 30 сауда аймағы және 52 салық салу деңгейі төмен технологиялық парктері бар.Алайда негізгі жеңілдіктер болып, арнайы экономикалық зоналардағы кәсіпорындардың пайдаға салынатын салықты төменгі ставкамен, ал қосылған құн салығын мүлде төлемейтіндігі саналады. Ондай жерлерде жұмыс істейтін кәсіпорын экспортқа тауар шығаратын болса (70 % өнімнің ), онда онсыз да төмен салықтар екі есе азайтылады. Осындай жердегі кәсіпорындар тауарға салынатын экспорт және импорт баж салығынан босатылады.
БҰҰ-ның зерттеулері бойынша шетел инвестициясын реттеу келесі бағыттарда жүргізіледі:
* Жұмыспен қамтудың кеңеюіне және жергілікті персоналды дайындықпен қамтамасыз етуге;
* Жергілікті ресурстардың пайдалану дәрежесін көтеруге;
* Жергілікті инфрақұрылым деңгейін көтеруге;
* Қабылдаушы экономикалардың технологиялық потенциялының дамуына;
* Төлем балансының жағдайын жақсарту.
Мемлекеттік реттеу шетел инвестициясы ағымының көлемін анықтаған кезде, оның сапалық құрылымына және территорияларда бөлінуіне, және инвестициясының келуімен байланысты пайда болған сыртқы сауда ағымына және технологияларды беру процесіне әсер етуде үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістер және құралдарды пайдалану арқылы араласуды меңзейді:
* әкімшілік-тіркеулік шаралар, яғни шетел инвестициясын құюға рұқсат алу, оларды тиісті органдарда тіркеу, жарғылық қордың минималды деңгейін белгілеу және т.б;
* шетел инвестициясын бақылау және олардың салалық құрылымын қадағалау шаралары;
* валюталық қадағалау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Қаржы нарығы туралы
Қ.Р. қаржы нарығы
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық құрылымы
Трансұлттық корпорациялардың халыкаралык
Қаржы нарығындағы нақты сектор
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
Пәндер