Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИ.ТАРИХИ ӘЛЕУЕТІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ
1.1 Тарихи мұралардың туризмді дамытудағы рөлі және мәдени.тарихи туристік ресурстардың типтері
1.2 Экскурсия, оның сипаттық белгілері және класcификациясы
1.3 Экскурсияларды дайындаудың методикасы мен әдіс.тәсілдері және аңыз.әңгімелердің тарихи.мәдени мұраларды интерпретациялаудағы рөлі
2 ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ НАҚТЫ ТУРИСТІК НЫСАНДАРДАҒЫ АҢЫЗ.ӘҢГІМЕЛЕРДІҢ ЭКСКУРСИЯЛАРДА ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
2.1 Түркістан қаласының туристік инфрақұрылымы және туристік турларды дамытудағы діни.рухани бағыттағы аңыздардың пайдаланылуы мен рөлі
2.2 Маңғыстау облысы аумағындағы туризмді дамытудағы аңыз.әңгімелердің пайдаланылуы және рөлі
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстан аумағындағы ішкі туризмді дамытудағы аңыз әңгімелерді қолданудың проблемалары
3.2 Ішкі туримзді дамытудағы экурсиялық бағдарламаларда аңыз әңгімелерді пайдалануды шешу жолдары және ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі туризм саласы формалардың, түрлерінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, Қазақстан үшін ішкі туризмді дамыту күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. Ішкі туризмнің ішінде мәдени туризм ерекше орын алады. Ол тұлғаның саяхат немесе экурссия арқылы рухани байлықты игеруі. Туризмнің бұл түрін кез келген елдің тарихымен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен танысудың, оны игерудің тамаша жолы деп бағалауға болады. Мәдени туризмнің негізі елдің барлық дәстүрлері мен салттарын біріктіретін социомәдени ортасы мен тұрмыстық және шаруашылықтық қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін мәдени-тарихи әлеуеті болып табылады.
Мәселен, мәдени-тарихи мұрасы ұлан-ғайыр еліміздің бір ғана аймағы – Оңтүстік Қазақстан облысын алып қарағанда ғана, аталған аймақ мәдени туризмді дамытуға мол мүмкнідік беретін әлеуетке ие. Ежелегі кезеңдерден бастап отырықшы, қалалық мәдениет дамыған бұл аймақты ескі қалалар мен елді мекендердің, сәулет құрылыс өнері ескерткіштерінің орасан зор мұрасы сақталған. Әсіресе, Түркістан қаласы мен оның аймағы барша Орталық Азия мұсылмандары үшін киелі мекен саналады. Кезінде Қазақ хандығының рухани-діни астанасына айналған бұл қалада барша мұсылмадар қадір тұтатын Қожа Ахмет Яссауи кесененіңің орналасуы, оның ұстазы Арыстан баб және тағыда басқа мұсылмадар пір тұтатын әулиелердің жерленуіне байланысты мол этнографиялық мәліметтер, соның ішінде аңыз-әңгімелер сақталған.
Сондықтан, аталған өлкедегі туримзді дамытудың бірден бір көзі осы сақталған аңыз-әңгімелерді экскурссия барысында ғана емес, аймақты туристік жаранамасын жасауда да кеңінен пайдалануға болады. Дегенмен, осы күнге дейін аталған және тағы басқа да аймақтардағы тарихи-мәдени мұраларына қатысты аңыз-әңгімелердің туристік экскурсияларда пайлануының нақты қалыптасқан әдіснамасы немес нақты формалары мен түрлері бойынша мол тәжірбие бар деп айтуға болмайды.
Дипломдық жұмыс тақарыбының өзектілігі: Еліміздегі ішкі туризмді дамытуда нақты тарихи-мәдени нысандарға жасалатын экскурсиялар барысында аңыз-әңгілемелерді қолданудың жолдары, қазіргі таңда бұл бағыт бойынша тәжірбиеміз қандай деңгейде және аталған мәселені дамытуда қандай шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер бар деген сұрақтарды анықтап, нақты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмысының мақсаты – Қазақстан туризмін дамытуда экскурсияның бір элементі ретінде аңыз әңгімелерді қолданудың тәсілдерін, өзіндік ерекшеліктерін анықтау және тиімді пайдалану жолдарын талқылау.
1 Казахстан впервые избран членом комитета Всемирного наследия UNESCO [электронды сайт]. - Кіру тәртібі:http://inform.kz/rus/article/2607488
2 Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты». 2012 жылғы 27 қаңтар.[электронды сайт].]. - Кіру тәртібі: http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respulikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-27-01-2012zh_1341124121
3 Закон РК от 13 июня 2001 года №211 «О туристской деятельности в Республике Казахстан» // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001. - №13-14.
4 Smith V. Hosts and Guests - University of Pennsyvania Press: Philadelphia, 1977. – 280с.
5 Крачило Н.Г. География туризма. – Киев, 1987. – 208с.
6 Мироненко Н.С. Рекреационная география. – М.: изд. Московского университета, 1981. – 207с.
7 Квартальнов В.А. Туризм: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 320с.
8 Чумаков, К. Этно-экологический туризм в сохранении природного и культурного наследия / К. Чумаков // Новая жизнь. – 2006.- № 5. – С. 15-16.
9 Қазақстан Республикасының мәдени мұралары [электронды сайт]. – Кіру тәртібі: http://www.madenimura.kz/2011
10 Туризмдегі терминдер сөздігі[электронды сайт].http://info-tour.kz/glossariy.html/).
11 Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы5-бап.
12 В.А. Квартальнов «Теория и практика туризма» . – М. : Финансы и статистика, 2003.
13 Косолапов А.Б. География российского внутреннего туризма. – М., 2008. – 219 с.
14 Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. – Астана, 2004. – 560 б.
15 Томсон П. Устная история. –М., 2003. – 368 с.
16 Толстова Л.С. Исторические предания Южного Приаралья. –М.: «Наука», 1984. – 138 с.
17 Масанов Н. Э., Абылгожин Ж., Ерофеева И. Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. –Алматы: «Дайк -Пресс», 2007. –296 с.
18 Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведение их чиленности. – СПб. 1887. – 321 с.
19 Тынышпаев М. История казахского народа. Учебное пособие. -Алматы: «Санат»,1998.- 224 с.
20 Артықбаев Ж.О. Историческое наследие М.Ж.Копеева.- Павлодар, 2004. – 214 с.
21 Алпысбес М. Қазақ шежіресі тарихи дерек ретінде. Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты – Алматы,2007. – 31 б.
22 Мырзахметов М. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі туралы // Құдайбердіұлы Ш. Түрік-қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -Алматы: «Қазақстан» және «Сана». 1991. -3-5 бб.
23 Халид Қ. Тауарих хамса. –Алматы: Қазақстан, 1992. -304 б.
24 Нұрмағамбетов Сығымдап дәуір келбетін // «Білім және еңбек», №9. – 1998. - 23-26 бб.
25 Марғұлан Ә. Ғылымға жүгінген жөн / Білім және еңбек». - №10, 1969. – 31-45 бб.
26 «Түркістан». Халықаралық энциклопедиясы /Бас ред.Ә.Нысанбаев. – Алматы. 2000. – 655 б.
27 Андреев М.С. Чильтаны в среднеазиатских верованиях. Издание Общество Таджикистана и иранских народностей за его пределами. – Ташкент: 1927. – 17 с.
28 Толстов С.П. Древний Хорезм. Опыт историко-археологического исследования. – М.: Издание МГУ, 1948. – 351 с.
29 Қоңыратбаев Ә. Оғыз-қыпшақ ұлысы және шамандық культі // Қазақ эпосы және туркология. – Алматы. 1987. – 115-121 бб.
30 Картаева Т. Сыр өңірі қазақтары: тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ға¬сыр¬дың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). Екі томдық. 2-том. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. ‒ 325 б.
31 Программа действий Правительства Республики Казахстан на 1998-2000 годы. Примечание №3 к Указу Президента РК от 28 января 1998года №3834 // Казахстанская правда. – 15 апреля. – 1998.
32 Бейсенова А.С. Современное состояние развития туризма в Казахстане. - Алматы, 2000. – 201 с.
33 Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. – Алматы, 1999. 260 с.
34 Аджигалиев С.Е. Архитектура кочевников - феномен истории и культуры Евразии. - Алматы, 2002. – 348 с.
35 Аджигалиев С.И. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана. – Алматы, 1994. – 130 б.
36 Қазақ Ұлттық энциклопедиясы I-том. 2001 – 480 б.
37 Қоңдыбай С. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. – Алматы, 2007. – 100 б.
38 Әзірханов Б. Пір Ата. «Бекет Ата» кітабынан. – Алматы, 2008. – 100б. 4.
39 Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000. – 170 с.
40 [электронды сайт]. http://alashainasy.kz
41 [электронды сайт]. http://kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=143259.
42 Главинтурист, 2004. – 87 с.
43 Биржаков М.В. Введение в туризм. – СПб.: Издательский Торговый Дом «Герда», 2009. – 192 с.
44 Ананьев М.А. Экономика и география международного туризма. – М.: Изд-во МГУ, 2005. – 299 с.
45 Tourism: 2020 Vision. – Madrid: WTO, 1998. – 230 p.
46 Индустриально-инновационное развитие экономики Республики Казахстан // National Business. – 2012. – №9. – С. 30–67.
47 Осадин Б. Туризм и экономика // Туризм: практика, проблемы, перспективы. – 2009. – № 5. – С. 14–15.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі туризм саласы формалардың, түрлерінің көптүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, Қазақстан үшін ішкі туризмді дамыту күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі. Ішкі туризмнің ішінде мәдени туризм ерекше орын алады. Ол тұлғаның саяхат немесе экурссия арқылы рухани байлықты игеруі. Туризмнің бұл түрін кез келген елдің тарихымен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен танысудың, оны игерудің тамаша жолы деп бағалауға болады. Мәдени туризмнің негізі елдің барлық дәстүрлері мен салттарын біріктіретін социомәдени ортасы мен тұрмыстық және шаруашылықтық қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін мәдени-тарихи әлеуеті болып табылады.
Мәселен, мәдени-тарихи мұрасы ұлан-ғайыр еліміздің бір ғана аймағы - Оңтүстік Қазақстан облысын алып қарағанда ғана, аталған аймақ мәдени туризмді дамытуға мол мүмкнідік беретін әлеуетке ие. Ежелегі кезеңдерден бастап отырықшы, қалалық мәдениет дамыған бұл аймақты ескі қалалар мен елді мекендердің, сәулет құрылыс өнері ескерткіштерінің орасан зор мұрасы сақталған. Әсіресе, Түркістан қаласы мен оның аймағы барша Орталық Азия мұсылмандары үшін киелі мекен саналады. Кезінде Қазақ хандығының рухани-діни астанасына айналған бұл қалада барша мұсылмадар қадір тұтатын Қожа Ахмет Яссауи кесененіңің орналасуы, оның ұстазы Арыстан баб және тағыда басқа мұсылмадар пір тұтатын әулиелердің жерленуіне байланысты мол этнографиялық мәліметтер, соның ішінде аңыз-әңгімелер сақталған.
Сондықтан, аталған өлкедегі туримзді дамытудың бірден бір көзі осы сақталған аңыз-әңгімелерді экскурссия барысында ғана емес, аймақты туристік жаранамасын жасауда да кеңінен пайдалануға болады. Дегенмен, осы күнге дейін аталған және тағы басқа да аймақтардағы тарихи-мәдени мұраларына қатысты аңыз-әңгімелердің туристік экскурсияларда пайлануының нақты қалыптасқан әдіснамасы немес нақты формалары мен түрлері бойынша мол тәжірбие бар деп айтуға болмайды.
Дипломдық жұмыс тақарыбының өзектілігі: Еліміздегі ішкі туризмді дамытуда нақты тарихи-мәдени нысандарға жасалатын экскурсиялар барысында аңыз-әңгілемелерді қолданудың жолдары, қазіргі таңда бұл бағыт бойынша тәжірбиеміз қандай деңгейде және аталған мәселені дамытуда қандай шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер бар деген сұрақтарды анықтап, нақты ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмысының мақсаты - Қазақстан туризмін дамытуда экскурсияның бір элементі ретінде аңыз әңгімелерді қолданудың тәсілдерін, өзіндік ерекшеліктерін анықтау және тиімді пайдалану жолдарын талқылау.
Осыған байланысты әдеби көздерді өңдеу мен анализ жасау негізінде дипломдық жұмыста төмсендегідей міндеттер айқындалды:
oo тарихи мұралардың туризмді дамытудағы рөлін талдау және мәдени-тарихи туристік ресурстардың типтерін анықтау;
oo экскурсияларды дайындаудың методикасы мен әдіс-тәсілдері және аңыз-әңгімелердің тарихи-мәдени мұраларды интерпретациялаудағы рөлін талдау;
oo Қазастан Аумағындағы туристік нысандардағы эккурссияларда аңыз-әңгімелердің пайдаланылуын Түркістан қаласы мен Маңғыстау облысы аймақтары мысалында нақты талдау;
oo Қазақстан аумағындағы ішкі туризмді дамытудағы аңыз әңгімелерді қолданудың проблемаларын айқындау;
oo Ішкі туримзді дамытудағы экурсиялық бағдарламаларда аңыз әңгімелерді пайдалануды шешу жолдары және ұсыныстар дайындау.
Зерттеу пәні - Қазақстан туризмін дамытуда экскурсияның бір элементі ретінде аңыз әңгімелерді қолдануға негізделген.
Зерттеу объектісі - Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени нысандар байланысты экскурсиялар және оларды дайындау барысында аңыз-әңгімелердің пайдаланылуы болып табылады.
Жоғарыда анықталған мақсатқа жету үшін келесі зертету әдістері қолданылды. Олар салыстырмалы анализ, ғылыми әдебиеттерді өңдеу мен сараптау, туризм, экскурсиядарды ұйымдастыру мен қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілері, діни-рухани таным-түсінігің ерекшеліктері, пәнаралық байланыстар бойынша ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарды, оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды сараптау.
Зертету нәтижесінің қайнар көздері құрамы мен формасы жағынан әдеби көздер мен мерзімдік басылымдар, археолгиялық, тарихи және әдеби мәліметтер, жаһандық ғаоамьор жүйесінің ресурстары болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы - жалпы туристік маршруттардың барлық түрлері бойынша ұйымдастырылатын экскурсиялардың мамұнын ұйымдастыру барысында аңыз әңгімелерді пайдаланудың тиімділігін айқындау және жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын осы саладағы танымал мамандардың, сондай-ақ этнограф-тарихшылардың, жалпы туризмді, экскурсияларды ұйымдастыру бойынша беделді мамандардың ғылыми көзқарастары мен еңбектері құрады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - зерттелген теория мен пробелмаларды, шет елдік тәжірбиені салыстырмалы түрде қолдану арқылы аңыз-әңгімелердің экскурсияларда пайдалануы бойынша ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының туризм саласы бойынша заңдары, баспаларда жарық көрген және ел аузында сақталған, жарияланбаған фольклор үлгілері, ғаламтор сайттарының ақпараттары, зертетулердің логикалық, экономикалық-статистикалық талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс 66 беттен тұрады. 47-тен астам шетел және отандық әдебиеттер қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ӘЛЕУЕТІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ

0.1 Тарихи мұралардың туризмді дамытудағы рөлі және мәдени-тарихи туристік ресурстардың типтері

Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениеттің тарихи миссиясы қазақ халқының мемлекеттілігін қайта дамытуының негізін жетілдіруге бағытталса, қазір оның міндеттері Қазақстанның орнын қазіргі заманғы әлемдік мәдениет процестерінің жүйесінде айқындау болып табылады. Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан. Оның астында қазіргі таңда дамып жатқан өнердің түрлері мен жанрын қоса алғанда, өзгерістердің, инновациялардың, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің әртүрлі салалары мен аясын қамтитын түбегейлі қайта құрылудың кең көлемдегі спектрін түсінуге болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет етуі қарастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлініп, мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандырады. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса туризм өзін-өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде дамуына әкелетін жүйеге айналады [1].
Тарихи жағдайларды кешендендіру себебінде Қазақстан саяси этникалық қоғамы бар мемлекет болып табылады. Сондықтан бұл жердегі мәдени процесс өзіне ұлттық өзара іс-қимыл жасасумен және өзара ықпал етумен байланысты құбылыстарды таңдайды. Қазақстанда, оның аумағында орын алып жатқан алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық өзгерістердің арқасында адамзаттың рухани мұрасындағы ең жақсыларын сіңіріп алуға мүмкіндігі бар берекелі тетік әзірленді. Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың тепе-тең субъектісі ретінде өркениетті қалыптасуы, оған республика берген, халықтың мәдени байлығындағы орны мен рөлін терең ойлауды талап етеді. Мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы ұсынымға сәйкес, осы саладағы нормативтік жүйелердің реттелуін сақтауға және айрықша құзыретке жауап беру мемлекеттік құрылымның арқасына жүктелген. Алайда, кең жұртшылықты тарта отырып, жалпы ұлттық деңгейде куәландыруды жүргізу және тілді, материалдық, интеллектуалдық және рухани жетістіктерді сақтау мен дамыту тұрғысында тарихи-мәдени мұраларды анықтау қажеттілігі туды, оның негізінде қазақ халқының қазіргі заманғы этникалық бейнесі қалыптасады. Барша адамзаттың ізгілік құндылықтары контекстінде қазақстандық қоғамның тарихи-мәдени мұрасына салыстырма талдау жасау тек қана имманентті әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды байытуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанды қазіргі әлемде бірегей тарихы мен мәдениеті бар ел ретінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.
XXI ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық қарқында қол жеткізген жетістіктері мәдени процестерді дамытуға болмай қалмайтын оң ықпал көрсетті. Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттің және мәдениеттің жемісті диалогы ретінде Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. Осы Бағдарламаны әзiрлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсендi де сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық рухани тәжiрибесiн қорыту мақсатында мемлекеттік тiлде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелердi шығарудың мәселелерi ерекше өзектi болып отыр. Жоғарыда аталған проблемаларды осы Бағдарламаның шеңберінде кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және жария ету жүйесін одан әрі дамытуға мүмкін туғызады. Мәдени мұра - Культурное наследие Мемлекеттік бағдарламасы қысқа тарихи уақыт ішінде жалпы адамзаттың тарихи-мәдени және өркениетті процестерінің толыққанды құрамы ретінде, Қазақстанның аумағында мемлекеттіліктің ұрпағын және дәстүрін, уақыт байланысын, рухани мирасқорлықты кейіптейтін біздің елдің классикалық бренді ретінде сақталып қалды. Жалпы тарихи жоспарда - ол өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша барлық посткеңестік кеңістікте ұқсастығы жоқ, қазіргі заманның бірегей жоспары болып табылады. Елімізде Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі бұрынғы дәуірлердегі аға ұрпақтың материалдық және интеллектуалдық құндылықтарын сақтау мен оны одан әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқорлығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік пен этникалық шекаралардың жойылуы барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға барынша ұқыптылықпен қарау қазақ қоғамындағы моральдық-этникалық құндылықтардың басымдыққа ие екеніне және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат ұстап отырғанын, халықаралық аренада өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздейтінін аңғартады. Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы оның әлемдік тарихтың қазынасына қосқан үлесі бойынша ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар болашаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін айқындайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарих ұлттық руханияттың дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді деп атап көрсеткен еді. Мәдени мұра бағдарламасының келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, жинастыру және ғылыми шығармаларды қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді. Эвристикалық және эмпирикалық іс-әрекет ғылымның методологиялық және методикалық тұрғыдағы жаңалықтарымен толыға түсіп, қазақ халқының мәдени мұрасы бұрынғы идеологиялық бұрмалаушылықтан арылып, жалпы адамзаттық құндылық сапасында көрініс табуға тиіс. Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыру процесінің әрбір кезеңі жаңа коррективалар мен іске асыру тетіктерін көрсетуде. Бағдарламаны жүзеге асырудың 2004-2006 жж. бірінші және 2007-2009 жж. есептелген екінші кезеңінің бастапқы кезінің тәжірибесі бағдарламаның сапасы мен орындалу мерзіміне оның қандай ведомоствоға жататынының әсер ететінін көрсетті. Қазіргі күн нақтылығы негізгі орындаушы туралы мәселеге қайта қарау қажеттігін талап етуде. Бұған бірнеше мәнді негіз бар. Біріншісі Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының паспортының өзінен туындайды. Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасының жобаларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінің жетекші ғылыми-зертеу институттары, ғалым-зерттеушілері мен техникалық мамандары жұмылдырылған.Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құзырына беру қажеттілігі төмендегі ұсыныстар мен мәселелер кешенінен туындайды. Мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, баспалардың идеялық ұстанымы көрінетін жобалар тұжырымдамасын жасау қажет. Оның жоспарында тұжырымдамаларды қалыптастыру мен оны талқылау мерзімі ескерілуі керек. Әрбір бағыт бойынша жобаның бас қосымша орындаушысы мәртебесін анықтау керек. Ең алдымен, бұл жазба ескерткіштері мен елеулі деген шығармаларды таңдап алу және жүйелеу. Бұл жағдайда, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласына қатысы бар сарапшыларды, жоғарғы білікті аудармашыларды және ғылыми редакторларды, мамандарды іріктеу мәселесі алға шығады. Кейбір жағдайларда, жұмыс бірнеше рет тілдік өңдеуден өткізуді (шет ел тілінен орысшаға, ал одан соң орысшадан қазақшаға аудару), сонымен қатар көлемді ғылыми түсініктер мен түсіндірулерді қажет етті. Бұл үшін уақыт пен нарық талабына сәйкес келетіндей материалдық-техникалық база құрылуы қажет. Көрсетілетін қызметтің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілу мәселелері тиянақты шешілуі тиіс. Себебі кейде материалды өткізетін мерзімде, әсіресе көне тілдерден аударылғандарды теретін компьютерлік технология саласындағы мамандардың болмауы келеңсіз жағдайлар тудырады. Осы жерде айта кетер жайт, оларды пайдалану мен еңбегі үшін төлемақысы да жобада қарастырылмаған. Ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін жаңғыртуда, халқымыздың мәдени мұрасының өзіндік құндылықтарын қайта екшелеп, жүйелеуде Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының ерекше маңыздылық танытып отырғандығы баршамызға аян. Қазақ елінде, бүгінгі жаңарған Отанымыздың тағдыр шешті кезеңдерінен бірге қайнасып өткен, тарихы терең, халқының рухани байлығы әр заманда биіктен көрінген Қостанай мен Арқалық өлкелерінде Мәдени мұра Ұлттық стратегиялық жобаның өзекті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу біздің еліміздің экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени даму бағытына сай жауап беретіндей дер кезіндегі және нақты жасалынған іс-шара болып есептелінеді [2].
Әлемде өте маңызды тарихи мәні бар, әсемдігімен ерекшеленетін ескерткіштер, құрылысы мен тарихымен қызықтыратын ежелгі қалалар аз емес. Олар әр мемлекеттің өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ дәстүрін, өмір салтын, мәдениетін әлемге танытуда. Ол ескерткіштер жылдар өте келе табиғат құбылыстарының әсерінен, адам әрекеттерінен, тағы сол сияқты іс-әрекеттердің жиынтығынан құндылығын жоғалтуда. Оларды сақтаумен әр мемлекеттік және UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұра бағдарламасы айналысады, олар қайталанбас мәдени және табиғи мұраларды UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосып, оларды жойылып кетуден сақтап және бүкіл әлемге таныту бағытында иги іс-шаралар атқаруда, қазіргі таңда 160 мемлекеттен 981 объект енгізілген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарға 2012 жылғы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты жолдауында: Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндігіміз бар,- екендігін және елімізде туризмді дамытуға қажетті барлық туристік ресурстарымыз мол мөлшерде екендігін атап көрсетті.
Сол себепті, жыл сайын қарқынды дамып келе жатқан туризм саласына жоғарыда аталып отырған ескерткіштер мен ежелгі қалалардың тигізер әсері мол.
Туристік ресурс - туристерге көрсететін табиғи - климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтандыру объектілері және туристік рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға әсер ететін басқа да объектілер.
Туристік тартымдылық қалыптастыру үшін мәдени-тарихи туризм келесі аспектілерден құрылуы керек (кесте 1).

Кесте 1
Мәдени-тарихи туризмнің аспектілері [3]

Реті
Түрі
Мазмұны
Деңгейі
Саяхаттау мотивінің түрлері
1
Шығармашылық туризм
Өнер мен әдеби танымал, театр және кино жұлдыздары сияқты танымал тұлғалар туризмі, театрлар, студиялар
Арнайы

Жанмотиві және экономикалық мотив

2
Тарихи туризм
Адам өркениетінің ескерткіштері, ежелгі қалалар, әскери мәдениет ескерткіштері (қамалдар, жорықтар мен соғыс орындары)
Арнайы
Жан мотиві
3
Архитектуралық мәдениет туризмі
Архитектуралық ансамбль- дер, мәдени құрылыс пен храмдар, кішігірім архитектуралық формалар (ғимараттар, мұнаралар, аркалар, залдар, пантеондар, мұражайлар, арналар және т.б.)
Арнайы
Жан мотиві
4
Мәдениеттің тақырыптық саябақ туризмі
Жасанды ландшафт (рекреациялық,спорттық- сауықтыру, өндірістік, көліктік)
Жоғарылатылған арнайы
Дене мотиві
5
Қалалық орта мен мәдениет туризмі
Қалалық орта мен қала мәдениеті, қалалар панорамасы, қала құрылысы
Негізгі жоғарылатылған
Көңіл-күй мотиві

6
Мұражайлық туризм
Мұражайлар, көрмелер, мәдени-тарихи шаралар мен тұсаукесерлер
Арнайы
Жан мотиві

Жоғарыдағы топтастырулардың ішінен соңғы кездері туристерді адамзат тарихының ежелгі ескерткіштерін танып-білу қызықтырып, тартады. Қазба жұмыстары барысында табылған ескерткіштер жылжымайтын (алғашқы қоныстар, қорғандар, қабірлер және т.б.), жылжымалы (еңбек қаруы, тұрмыстық заттар, әшекейлер және т.б.) болып бөлінеді. Сәйкесінше, жылжымалы ескерткіштер мұражай жәдігерлері қатарын толықтырып, мұражайларға сақталған. Ескерткіштердің екі түрі де туризм нысаны болып табылады. Мәселе, оларды туризм қажеттілігіне жаратуда, осыған байланысты, АҚШ және Еуропа елдерде алғашқы қауым археологиясы мен тарихының көзтартар жерлері бойынша туристік-экскурсиялық бағыт пен мұражайларын ұйымдастыру бойынша тәжірибелеріне қызығушылық танытуда.
Осы кестеде берілген аспектілердің ішінен мәдени-тарихи аспектісіне тоқталып кетейік. Мәдени-тарихи туризм туристік қалалардың қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарады. Территориялық рекреациялық жүйелерде табиғи және мәдени кешендер туристік тартымдылықтың ядросы болып табылады. Табиғи факторларға қарағанда, мәдени-тарихи факторлар жылжымалы және жылжымайтын болуы мүмкін және өзіндік тарихи динамикасы болады. Туристердің мәдени деңгейі жоғарлаған сайын, туристік орталықтардың дамуында мәдени-тарихи туризм рөлі маңыздырақ болады.
Табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштер елдің ұлттық игілігі болып табылады, олар біздің еліміздеде өте көп, бірақ. UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстаннан үш объекті ғана енгізілген, олар: Тамғалы археологиялық ландшафтының петрогливтері, Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, Қожа Ахмет Йассауй мавзолейі. Алайда, Қазақстан территориясындағы басқа да ескерткіштерді, ерекше табиғи объектілерді және ежелгі қалаларды дамыту мақсатында Мәдени мұра бағдарламасы қызмет атқаруды, онда халықтың құнды мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, ежелгі мәдениет, тарихи ескерткіштер, ежелгі қалалар, тағы сол сияқты туробъектілер бар . Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда [4].
Бүгінгі таңда мәдени-тарихи туризмді дамыту үшін алдымен, инвесторларды тарту, тарихи ежелгі қалалары бар территориялардың инфрақұрылымын, олардың ескерткіштерін, ғимараттарды модернизациялау мен жөндеу мақсатында ішкі қорларды іздеу және туризм бойынша заңнаманы реттеу керек. Қалалық ортаны дамыту мақсатында тарихи аймақ шеңберінде мәдени-тарихи туризмнің арнайы қорын құра отырып, басқару жүйесін қалыптастырған да жөн.
Ежелгі қалаларды туристік орталыққа айналдыру ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту, болашақта туризмді экономиканың ең табысты салаларының бірі болуына ықпал етеді.
Ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштері бар жерлердің табиғи ортамен үйлесімі, тарих пен мәдениет ескерткіштерінің болуы аймақтық және халықаралық мәдени-тарихи туризмнің кең дамуына негіз бола алады. Осындай қалыпта туристердің әлеуметтік топтарының қызығушылықтарын шешуге және туристердің кәсіби, әрі күнделікті тәжірибесінің кеңеюіне, ежелгі қалалар маңында туризмнің дамуына әсер етеді, ал ол өз кезегінде бірқатар экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешеді.
Туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер жатады. Ал Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Туристік ресурстарының негізін туристік объектілері мен туристік қызығушылығын тудыратын объектілер жатады. Мәдени-тарихи ресурстарға қоғамның дамуының тарихи мұралары жатады. Мәдени - тарихи мұраларға қоғамның әлеуметтік және этникалық тұтастығын қамтамасыз ететін келесі ұрпаққа мұра ретінде қалдыруға бағытталған, қоғам мойындаған материалдық және рухани құндылықтар жатады.
Мәдени - тарихи объектілер материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалдық құндылықтарға өндіріс нысандары жиынтығы мен қоғамның басқа да даму жолындағы материалдық құндылықтары жатса, рухани құндылықтарға қоғамның білім, ғылым, өнер, әдебиеттегі, еңбектегі, тұрмыс тіршіліктегі жетістіктер жиынтығы болып табылады.
Мәдени-тарихи объектілер ішінде аса маңызды орын алатын тарихи және мәдениет ескерткіштері өзінің көркемдік танымдық әсері жағынан танымдық-мәдени туризмнің маңызды нысанасы болып ерекше атап айтуға болады [5].
Өзіндік негізгі қасиеттері мен белгілеріне қарай тарихи-мәдени ресурстар негізгі алты түрлерге бөлінеді:
oo Мәдени - сурет, қолөнер мен басқа да өнер түрлері мен фольклор, фестивальдермен танысу.
oo Тарихи - елдің тарихына деген қызығушылық, тарихи ескерткіштермен танысу, тарихи орындарды көру, тарих сабағының дәрістеріне қатысу.
oo Археологиялық - елдің археологиясына деген қызығушылдық, көне ескерткіштерге саяхат, қазбаларды көріп танысу.
oo Дінтанулық ресурстар, дінге деген қызығушылдық, әдеп-ғұрып, дәстүр, діни-наным құрылыстарына саяхат.
oo Этнографиялық - халықтың мәдениетіне, этникалық мәдениетінің көріністері мен заттарына, тілі, тұрмысы, киімі мен этникалық өнеріне деген қызығушылдығы.
oo Экологиялық - ландшафтік архитектура ескерткіштері.
Қарастырылған тарихи-мәдени туризм типтері туристтік орталықтарының мәдени негізін құрайды. Кез-келген саяхатшының белгілі нақты бағытын айқындайды, сонымен қатар қай типтік ерекшеліктін сұранысқа ие немесе кенже қалған тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мәдени-тарихи туризм аймақтық дамудың басты турресурсы бола алады, өйткені оның туристерды саяхаттауға шабыттандыратын өте маңызды сипаттамалары жеткілікті. Бүкіл әлем бойынша туристердың өзін-өзі дамытуға деген ынталары өсіп келе жатыр, басқа елдің мәдениетімен, тарихымен, ерекше ескерткіштерімен, бұрын сол елдің аумағында болған тарихи оқиғалармен танысып, жаңаны үйренуге деген қызығушылықтары артуда. Тек шетелдіктерге ғана емес, өз отандастарымызға да туристік мәні бар ескерткіштерімізді таныстыратын турлар құру арқылы ішкі туризмді де дамытуымызға болады және мәдени-тарихи туризмнің аймақтық және халықаралық деңгейде дамуындағы болашағы зор сеніммен айта аламыз.

0.2 Экскурсия, оның сипаттық белгілері және класcификациясы

Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды бөлігі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен, ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді.
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан, экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленгені бекер емес. Экскурсияның бір неше түрлері бар: тарихи, тарихи-әскери, кәсіптік, табиғаттық, архитектура-градоқұрылыстық, әдебиетік т.б.
Алғашы экскурсияларға себепші болған, өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасау мен байланысты болды. Жалпы айтқанда саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр келкі функцияларды атқарған, ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болды.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырлардың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар, оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашыда өте аз, серігу үшін жасалған, билеуші клас өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына (Бадан-Баден, Каловы-Вары) саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы проблемаларын ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен [6].
Экскурсияның мәнін түсіну, экскурсия жұмысының мазмұны мен ұйымдастыру ісіне қатысты негізгі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Жалпы мән деген түсініктің өзі қандай да бір заттың басқа жақтармен және байланыстармен табиғи тәуелділіктің бүтінділігін қарастырады. Экскурсия - бізді қоршаған ортаны таныстыратын көрнекті процесс. Бұл процестің ерекшелігі сол, ол тақырыпты ашуға негіз болған, алдын - ала таңдалып алынған объектімен байланысты екендігінде. Сондай-ақ, кез - келген шолушы немесе тақырыптық экскурсия - бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған және алдын ала бағдарламасы жасалынған процесс. Экскурсияның ұйымдастырушылары экскурсияны бастамастан көп бұрын экскурсияға қатысушы адамның нені көретіндігі, еститіндігі және сезетіндегі, сондай-ақ, бұл шараның нәтижесінде қатысушы қандай шешімге келетіндігі жөнінде анық білуі тиіс.
Экскурсия - екі негізгі элементтен тұрады. Яғни көрсету және айту. Әңгіме мен көрсетілімнің дұрыс мазмұнда құрылуы - экскурсия өткізілуінің қажетті деңгейіне қол жеткізеді. Және оның тиімділігі де осы мәселелерге тікелей байланысты. Экскурсиялықтың дамуы мынадай мазмұн түрлерімен өрбиді. Әңгіме көрсетіліммен тең және әңгіме көрсетілімнен аз [7].
Алғашқы түрі. Көрнектіліктің шектеулі элементтері бар лекция және доклад түріндегі ауызша сөйлеу. Мұндай жағдайда лектор сөйлеу кезінде оқу-көрнекілік құралдарын қатыстыру арқылы әрлейді. Яғни ол суреттер, чертеждер, карта және гербарийлерді т.б. қолданады. Топ басшысы туристерді басқа қалаларға алып шығу кезінде жол-жөнекей экскурсиялық ақпараттармен таныстырып отырады. Ондағы әңгіме жекеленген объектілерді, яғни мәдени және тарихи ескерткіштерді, тарихи оқиғалар өткен жерлерді көрсетумен толыға түседі.
Бұл кезеңде әңгіме өзіндік мәні мен тәрбиелік мәні жағынан аудитория үшін көрсетілімге қарағанда жақсы әсер ететіні сөзсіз. Ал көрсетілімге келер болсақ, ол қаншалықты жарқылдап тұрса да, әрі қызықты болған күннің өзінде мұнда ол әңгімеге бағынышты болады.
Екінші түрі. Экскурсияның бұл түрінде әңгіме мен көрсетілім бірдей деңгейде болады. Көрнекіліктің басым салмағы мен тыңдарманның өтінішімен болған әңгіме де тең түсіп отырады. Қатысушы бұрын тек тыңдаушы ғана болса, бұл кезеңде бір мезетте әрі тыңдаушы, әрі көруші бола алады. Сондай-ақ, бұл кезеңде объектілер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді, топтардың автобустардан шығып, объектілерге бақылау жасауы басталады. Сондай-ақ, экскурсоводтың объектіні көрсету мен таныстырудағы методикалық тәсілдері көрініс табады. Логикалық өзгерістер, яғни объектілер арасындағы сөздік көпірлер таңдалады.
Үшінші түрі. Бұл кезеңде әңгіме де, көрсетілім де экскурсиялық сипатқа ие болады. Көрсетілімнің көрермен қатары ұлғайып, негізгі экскурсины ұйымдастырушының ұсынған тәсілі дәлелденуі тиіс. Дәлелдің бір түрі сезу, қабылдауда болып табылады. Көз алдындағы объектілерді дәлелдеп түсіну емес, есту сезімі экскурсияның танымдылығын дамытады.
Эстетикалық қабылдауда үлкен рольді табиғат алады, экскурсияны ұйымдастырушы табиғатқа, экскурсияға шыққанда ағаштың симметриялық жағдайын айтуының өзі табиғаттың керемет екенін аңғартады.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы мәліметтер, көбінесе ғылыми технологиялық революция дәуірінде өте үлкен белең алды. Адам тек табиғи байлықтарды пайдаланып қана қоймай, туған жерін гүлдендіреді. Бұл орынды йемденеді әңгімедегі негізгі нәрсе - объектіні көрушілердің қабылдауын талдауы. Сөз болып жатқан шараның бұл кезеңінде негізгі рөлді экскурсиялық объектілерді өз мақсаты деңгейінде көрсететін көрсетілімдер атқарады. Бұл жағдайда әңгіме екінші орынға шығады. Ол енді толығымен көрсетілімге бағынады. Мұнда логикалық айқындалған методикалық тәсілдер қолданылады. Әңгіме арасында енді сөздік көрініс түріндегі логикалық өзгерістер таңдалып алынады. Айтылатын әңгіме және қорытынды экскурсияның өзіндік негізгі бөлімі ретінде дайындалынады. Аталған шара өзінің толық мағынасында экскурсияға айналады. Мұндай өзгеріс әңгіме мен көрсетілім бір-біріне белсенді түрде әсер еткенде ғана белгілі бір образда дами түспек. Тәжірибе жүзінде экскурсия кезіндегі айтылатын әңгіме мен көрсетілім біртұтас бүтін нәрсеге айналады. Яғни осы элеменнтің бірі екіншісінің орнын алмастыра алады деген сөз. Оның үстіне, бір құрушы эелемент - әңгіме екіншіснсіз өмір сүре алмайды. Яғни көрініссіз, көрсетілімсіз экскурсияға қатысушыға белгілі бір дәрежеде әсер ете алмайды. Өйткені, олар бір-біріне негізделген, бір-бірін толықтыра отырып олар бір бүтіндікті құрайды. Ол - экскурсия. Осы үлгідегі экскурсия - методистер мен экскурсоводтар үшін, көрсетілетін объектілер мен көрсетіліп жатқан жағдай жөніндегі әңгіме арасындағы тұрақты теңдікті сақтауға қол жеткізетін алтын көпір. Егер біз элементтер арасындағы теңдікті сақтамасақ, онда экскурсиясыз қала көшелері мен алаңдарында оқылған лекция сынды болып қалады. Әрбір экскурсия белгілі бір мақсатқа, танымдылық, тәрбиелік, сауықтыру және т.б. ие болуы керек. Объектілерді көрсету және қойылған мақсаттарға жету үшін әңгімелеу алдын ала таңдалған тақырыпқа сәйкес болуы шарт. Экскурсия маршруты объектіні көрсету жүйелігіне байланысты құралады.
Экскурсия - ағарту және тәрбие жұмыстарының басқа да формалары сияқты, экскурсияны ұйымдастыруда, жүргізу мен дайындау әдісінде өзіндік ерекшеліктері бар. Көбінесе белгілер бір-бірімен ұқсас немесе бір-бірімен ерекше заттармен түсіндіріледі және бұл оның негізгі мәнін ашатын сипаттама болып табылады. Онсыз болмыс, зат түсініктері өзінің мәнін жоғалтады.
Қазіргі кезде экскурсияның экскурсиялық істің ториктерінің тәжірибесінде анықталған 7 белгісі бар. Бұл белгілер төмендегідей болып жіктеледі [8]:
1 Жүргізудің уақыт бойынша ұзақтылығы- Бұл халықаралық стандарт бойынша жоғарғы шегі 24 астрономиялық сағат. Ең қысқа экскурсиялар өндірістік, мұражайлық және көрмелік болып есептелінеді. Оның ұзақтығы 45 минут немесе одан да ұзақтау болуы мүмкін. Ал қала маңында жүргізілген экскурсиялар 24 сағатты қамти алады. Әрине, бқл экскурсоводтар дамылсыз жұмыс істейді деген ұғым емес, мұндай экскурсияларда ұйымдастыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
2 Экскурсанттардың тобы. Экскурсияның негізгі белгілерінің бірі экскурсия тобы. Топ бірнеше адамдардан құралатындықтан олардың ортақ мақсаты танымдық қызығушылық. Танымдық қызығушылықты қанағаттандырудың ағартушылық формасы экскурсия. Сондықтан топ болмаса экскурсия болмайды, ал эксыкурсия болмаса топ құралмайды. Экскурсияға қатысушы топты экскурсанттар деп атайды. Экскурсанттар саны 1−50 адамға дейін бола алады.
3 Экскурсанттардың сандық құрамы көбінесе көліктегі орын санымен анықталады. Топтағы адамдарыдң жалпы саны белгілі бір орында экскурсия жүргізудің жағдайларымен қауіптілікпен және ғимараттың үлкенділігіне байланысты табиғи объектілерді, цехтарда, мұражайларда анықталады. Сондықтан да мұражайларда, жәрмеңкелерде топтағы адамдар саны алдын ала анықталған.
4 Жоғары маманданған жетекшінің болуы. Экскурсовод осындай жетекшілер қатарына жатады. Экскурсияның сапалы өтілуі экскурсия өтікізіп отырған мекеменің атағы тікелей оның білімділігіне байланысты. Ол мемлекеттік және жергілікті сатыда белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар экскурсиялықістегі басты тұлға. Туристерге қызмет көрсетуде өткізуге қажет тақырып бойынша экскурсовод 20 экскурсияны, ал алғашқы бастаушылар 1-2 тақырыптан меңгере алады. Экскурсовод міндеттері: экскурсины өткізу, экскурсия жұмыстарын жетілдіру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
5 Экскурсиялық объектілерді көрсету. Экскурсиядағы объектілерді көрсету мәселесінің бірі, бұл көрермендік әсер беретін белгі. Экскурсияның мақсаттық жетістіктері мен тақырыптың ашылуы және жоспарының сапалы болуы объектіні таңдауға байланысты. Экскурсиялық объектілердің тәрбиелік, танымалдық құндылықтары мен объектіні ашу ерекшеліктерінің өзінің түрлері, көрсету әдістері, классификациясы, тәсілдері бар. Бұл экскурсины ұмытылмайтындай етіп өткізуіне көмектеседі. Арнайы көрсету объектілерсіз экскурсия лекция сияқты болады, сондықтан да ол көрсетуге негізделеді.
6 Экскурсанттарды маршрут бойынша алып жүру. Маршрутты жаңа экскурсияға дайындау кезінде құрады, оның өзінің классификациясы болады. Маршрут ұзақтығы бірнеше ондаған метрден бірнеше жүз километрге жетеді. Маршрутқа құрылымы жағынан белгілі бір талаптар қойылады. Маршруттың арнайы карта схемалары жасалады. Ең бастысы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мен экскурсияның терең мазмұнының ашылуы.
7 Экскурсияның мақсаттық бағыты. Бұл белгі жүргізілген экскурсиның тақырыбының міндеттік түрін анықтайды. Мақсат экскурсияға мазмұн беріп, алдына қойған міндеттерді орындауға байланысты. Мақсаттық жүйесіз экскурсия тәрбиелік, насихаттық, жарнамалық т.б. қызметтерді жүзеге асыра алмайды. Сондықтан да экскурсияның басты құжатындағы лауазым парағынан кейін ең бірінші бөлімде экскурсияның мақсаты тұрады. Тақырып астына және экскурсияға баратын адамдарға байланысты экскурсияның мақсаты мен мәні өзгеріп отырады.
8 Тақырып бойынша міндетті құжаттар. Жаңа экскурсияның тақырыбын дайындау қиын және ұзақ үрдіс.Дайын болған кезде бұл жұмысты аяқталған деп есептеуге болады. Экскурсиялық құжат технологиялық картаны бекітетін экскурсиялық пакетпен, экскурсияның бақылау мәтінімен, маршрут схемасымен, экскурсиялық объектілермен, экскурсоводты қорғалынған тақырып экскурсияны өткізуге жіберетін кәсіпорындарды басқарушының бұйрығымен түсіндіріледі. Экскурсиялық құжаттардың бар болуы экскурсияны сапалы өткізуіне бағыт береді.
Экскурсовод қоғам мүшесіне сай, мемлекеттік талапқа сәйкес, ұлттық ерекшеліктерге сүйеніп, жаңа ғылыми технологияны пайдалана отырып, экскурсияны сапалы да қызықты өткізуге міндетті.
Экскурсовод - мәдениетте, ғылымда, экономикада және тағы басқа қоғамдық қызмет түрлеріне үлесін қосып, үлкен жетістікке жеткен маман, сонымен қатар ол мәдени-шаралық, тәрбие-танымдық жұыстың белсенді қатысушысы, рухани дүниетанымның қалыптасуына әсері зор. Бұл міндеттер экскурсоводтың басты мақсаты болып отыр және экскурсия мамандығының үлкен маңыздылығын көрсетеді.
Экскурсовод жұмысы тек өзіне ғана сай жұмыс ерекшеліктеріне толы, яғни ол бір еңбектің іс-әрекеті.
Өз мамандығының білігі ретінде экскурсоводқа тәжірибелік біліктілік пен көптеген жан-жақты білім қажет.
Экскурсовод - экскурсияға қатысушылардың экскурсанттардың сұраныстарын қанағаттандыруы қажет, сонымен қатар ол лектор және агигатор, сондықтан ол әрдайым аудиториямен жүздесуге дайын тұруы керек.
Экскурсовод әрқашан ересектер мен жастар арасында танымдық-тәрбиелік және мәдени-шаралық жұмысты жүргізуші, ұлттық көзқарастың қалыптасуына үлкен үлес қосушы.
Экскурсовод адамдармен саяси топтама шараларда және насихаттаушы жұмыста ынтасы болуы тиіс; өз жұмысының міндеттерін түсінуі, адамдар арасында өзінің беретін тәрбиелік рөлінің жоғары екенін түсіне білуі қажет; өзінің әлеуметтік міндетін түсінуі тиіс; жан-жақты жоғарғы білім дәрежесінің болуы керек, өйткені ол экскурсияның өте жоғары дәрежедегі маманы болуына үлкен әсерін тигізеді; тәрбиесіздікке, тәкаппарлыққа, мәдениетсіздікке жол бермеуі тиіс. Экскурсоводқа әрқашан өзінің саяси, арнайы білімін толықтырып және оны шыңдап отыру керек. Жаңашыл және жұмыста әрдайым ізденісте жүру, үлкен топтарды өзіне қарата білуі, дәрісхананың қызығушылығы мен сұранысын зерттеу және де өз жұмысында тәрбиелікті, жоғары мәдениеттілікті және тәртіпті қадағалауы тиіс; экскурсанттармен араласқанда сыпайы, шыдамды болуы, экскурсияның заңдылықтарын, оның өткізу методикасын терең білуі керек; өз жұмысын сүюі тиіс.
Жоғарыда аталып кеткендермен қатар экскурсовод өткізілетін экскурсия мазмұнын жақсы білуі шарт, сонымен қатар ол педагогоика негіздерін, психологияны және логиканың негізгі заңдылықтарын білуі керек. Бұның бәрі экскурсоводқа топтың ішінде жүргізуші рөлін алу үшін және адамдарды тәрбиелеуде өз жұмысын жақсы атқаруға көмектеседі [9].
Экскурсоводқа сай белгілі бір біліктілік пен тәжірибелік білімділіктің негіздері қалыптасуы қажет. Оларсыз бұл мамандық еңбек іс-әрекеті ретінде жүзеге аса алмайды, себебі ол экскурсоводтан белгілі бір білімділікті ғана емес, сонымен қатар ақпараттық білімін керемет қып жеткізуге көмектеседі.

Кесте 2
Экскурсоводқа сай белгілі бір біліктілік пен тәжірибелік білімділіктің негіздері [10]


Тәжірибелік біліктілік пен білімділікке жататындар:
1
Керекті деректі мәліметтерді дұрыс таба білу, оны жатқа біліп алу және экскурсияның мәтінін белгілі бір тақырыпқа дайындау;
2
Керекті деректі мәліметтерді дұрыс таба білу, оны жатқа біліп алу және экскурсияның мәтінін белгілі бір тақырыпқа дайындау;
3
Экскурсияны өткізу туралы әдістемелік жұмыс жобасын әзірлеп қою;
4
Маршрутта экскурсияларды тыңдап және басқа экскурсоводтарға өз көмегіңді көрсету;
5
Экскурсияны өткізу кезінде зерттелген және қолданған әдістемелік тәсілдері тәжірибеден өзгерту;
6
Экскурсияда Экскурсовод портфелін яғни, көрнекі материалдарды қолдану;
7
Экскурсияны уағыздайтын мекен-жайларда, кәсіпорындарында, оқу орындарында әңгімелер жүргізу;
8
Демалыс күндердегі саяхат кезіндегі маршрутқа және қала шетіндегі аудандарда экскурсияны өткізу туралы мәліметке мәтінін құрау немесе дайындау
9
Экскурсияны дайындау және өткізу экскурсоводтың, сол таңдап алынған материал жайлы жалпылама және нақты білімділігін көрсетеді.

Кесте-2 экскурсовод қаншалықты сол білім энциклопедиялы, нақты, жақты болса да, ол экскурсоводтың экскурсияны өткізу шеберлігіне жетпейді, яғни шеберлік материалды дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.
Өткізуге арқау болатын білімдерді экскурсовод маман ретінде жан-жақты меңгеруі тиіс. Сондықтан, мәселе жақсы экскурсоводқа сұраныстың көп болуында емес, өз мамандығының шеберлігі мен білім өрісінің кеңдігінде.
Жоғары оқу орнында алған білімі мен техникалық, методикалық біліктілікпен қатар үлкен топтарда, адамдармен жұмыс істеуде оларды өзіне қарата білуі және де тапсырылған жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарай білуі қажет. Экскурсоводтың іс-әрекетінде шығармашылық элементтері міндетті түрде болуы керек.
Сенімділік - бұл экскурсовдтың ең маңызды белгісі. Экскурсовод экскурсияны өткізерде, тақырыпты ашқанда өзіндік тенденцияны көрсетуі тиіс яғни: айтар ойын нақты және дұрыс құрау, белгілі бір істі, жаңалықты ғылыми тұрғысынан нақтылау.
Экскурсияға қатысушыларды жалықтырмай, қалжыратпай көңілдерін көтеріп отыру үшін экскурсоводттың жағымды әзілдері мен қалжыңдары болуы тиіс.
Экскурсияның басынан-ақ экскурсовод экскурсанттармен тығыз байланыс орната білуі қажет, олардың қызығушылығын, білім дәрежесін анықтап алған соң тақырып бойынша әңгімелеу мен көрсетуді бастайды.
Экскурсовод топпен қарым-қатынаста, өз әңгімесінде тыңдаушыға сай ақпаратшы, комментатор, әңгімелеуші, ақылшы және эмоционалды лидер позициясын иемденуі керек. Осы позициялардың әрқайсысы экскурсоводтың дайындығы мен практикалық біліктілігіне байланысты топтың құрамына сай пайдаланылады.
Топ арасында экскурсовод әрқашан өзінің тұратын орнына мұқият болуы керек, көзге, қолға және әңгімелеу кезінде қайда қарауды аңдауы тиіс.
Ешқашан экскурсовод автобустың жоғарғы жағына, сонау шексіздік және көкжиекке ұмтыла қарау немесе экскурсанттардың аяғына қарамауы тиіс. Экскурсоводттың артық қимылдары топтың кезексіз назарын аударады, олар: түймені салып ашу, шарфпен ойнау, көзәйнетің әйнегін қайта-қайта сүрту және тағы басқа.
Экскурсоводтың жеке басын сипаттайтын ерекшеліктер, киімінің, шашының қарапайымдылығы, бояну тәсілі, топқа сөйлеуі, темекі шегуі, тіпті жүріс-тұрысы, осының бәрі жетекшінің мәдениетін көрсетеді.
Экскурсовод белгілі бір ұлттың айнасы. Ол ұлтын сүюге, мәдени мұралары мен ұлттық ерекшеліктерін танытуға және ұлықтауға міндетті. Әр экскурсияның тақырыбына дайындаған методикалық дайындық, бақылау мәтіндері, бүкіл экскурсоводтарға бір стандартпен болмауы тиіс. Олар әрбір экскурсияның мақсатына, тақырыбына сай болады.
Әр экскурсовод өз экскурсиясына өзінің жеке үлесін қосуы тиіс.Оның
жеке өзіне тән әңгімелеу ерекшелігінде, өзіндік сілтемелер, топтың көңілін аударудың әр түрлі белгіліері және экскурсияны жақсы қабылдану үшін белсенділікті көтеру әдістері болуы керек. Сонымен қатар экскурсияның өзіндік жекешелігі, оның эмоционалды ерекшеліктеріне байланысты [11].
Экскурсияның эстетикалық мәні. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуына
жан-жақты тәрбие берудің негізгі құрамдас бөлігі эстетикалық тәрбие. Экускурсия жұмыстарында эстетикалық тәрбие беру экскурсанттарды әсемдікті сезініп, әсемпаз болуға баулиды. Эстетикалық тәрбие экскурсияның барлық тақырыптарында қамтылуы тиіс. Әсіресе табиғи экскурсиялар мен өнертану экскурсияларының эстетикалық тәрбие беруде алатын орны ерекше. Шет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Республиканың туристік потенциалын дамыту
Қазақстан туризмі
Түркістан аумағындағы туризм бизнесі және туризмнің экономикаға әсері
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Қызылорда облысында туризмді дамыту
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туризм инновациясы
Пәндер